«Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1135 бұйрығына
қосымша
«Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 9желтоқсандағы
№ 256 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
2014 – 2018 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Ескерту. ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30.12. № 337; 2015 жылғы 27.02. № 204; 2015 жылғы 10.04. № 438; 2015 жылғы 30.11. № 1135 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
1. Миссиясы мен пайымы
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстi салаларынын (аяларының) даму үрдiстерiн талдау
3.Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар мен нәтижелер көрсеткiштерi
4. Функционалдық мүмкiндiктердi дамыту
5. Ведомствоаралық өзара iс-қимыл
6. Тәуекелдердi басқару
7. Бюджеттiк бағдарламалар
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы:
Жайлы инвестициялық климат, жаңа, жоғары технологиялық, бәсекеге қабiлеттi және қауіпсіз өндiрiстердi, көлік-коммуникация кешенін, ғарыш саласын және ақпараттық кеңістікті дамытуға ықпал ететiн, индустриялық-инновациялық даму үшін және туризмге жағдайлар жасау.
Пайымы:
-
бәсекеге қабiлеттi ғылымды көп қажет ететін өнiм әзiрлеудi және өндiрудi қамтамасыз етуге қабiлеттi тиiмдi ұлттық инновациялық жүйе;
-
әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ететiн техникалық реттеудiң ұлттық жүйесi;
-
отандық және шетелдiк капиталды тартуға ықпал ететiн қолайлы инвестициялық климат;
-
отандық және шетелдік тұтынушылардың өнеркәсіптің өңдеуші салаларының қазақстандық өнімдеріне сұранысының едәуір ұлғаюымен сипатталатын экономиканы тиімді әртараптандыру;
-
Қазақстанның Орталық Азия өңiрi туризмiнiң көшбасшысы ретiнде халықаралық туристiк қоғамдастыққа кiрiгуi;
-
жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану;
-
экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация кешені;
-
ғарыш саласы Қазақстаның әлемнің ең бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіруіне ықпал ететін экономиканың ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық секторы;
-
қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін және әлемдік ақпараттық кеңістікке толық ықпалдасуын қамтамасыз ететін дамыған, қолжетімді инфокоммуникациялық инфрақұрылым және қазіргі заманғы жалпы ұлттық ақпараттық орта;
-
қауіпті өндiрiстердiң өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтiң тиiстi салаларының (аяларының) даму үрдiстерi
1-стратегиялық бағыт.
Индустриялық-инновациялық даму үшiн жағдайлар жасау
Елдiң инновациялық және ғылыми-технологиялық дамуы
Қазақстан Республикасының стратегиялық басты бағыттарының дамуы ретінде мемлекеттің инновациялық даму тарапынан жүйелі күштің нәтижесінде анықталды.
Сол кездегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика бойынша Комитетінің мәліметтері бойынша 2014 жылы – 8,1% (1 940 кәсіпорын), 2013 жылы – 8% (1 774 кәсіпорын), 2012 жылы - 7,6% (1 622 кәсіпорындар) құрады.
Соның ішінде өнім және процесс инновациясы бойынша 2014 жылы 5,4% (1 303 кәсіпорын) дейін өсті, 2013 жылы белсенділік 4,8% (1 062 кәсіпорын) құрады, 2012 жылы – 5,7% (1 215). Өз кезегінде ұйымдастырушылық және маркетингтік инновациялар бойынша белсенділік 637 кәсіпорынға дейін төмендеді, 2013 жылы – 682 кәсіпорын, 2012 жылы – 407 кәсіпорынды құрады.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың ішкі шығындары 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 7,6% артты және
66 347,6 млн. теңгені құрады (2013 ж. – 61 672,7 млн. теңге, 2012 жылы – 51 253,1 млн. теңге). Сонымен бірге олардың ЖІӨ үлесі 2013 жылдың шеңберінде қалды - 0,18% (2012 жылы – 0,17%).
Өнім және процесс инновациясына (технологиялық инновацияға шығындар) 2014 жылы 0,6% артты және 434 602,6 млн. теңгені құрады (2013 ж. – 431 993,8 млн. теңге, 2012 жылы – 325 639,3 млн. теңге).
2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда инновациялық өнімнің көлемі 0,4% артты және 580 386,0 млн. теңгені құрады (2013 ж. – 578 263,1 млн. теңге, 2012 ж. – 379 005,6 млн. теңге).
Инновациялық өнімнің ЖІӨ-ге үлесі 2014 жылы 1,49% дейін құрады, 2013 жылы – 1,64%, ал 2012 жылы ол 1,25% теңелді.
Негізгі проблемаларды талдау
Тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі - ТШИ) ағынын артуы және өндірістің тез дамуы, елдің табиғи ресурстарын тиімді қолдануға ықпал еткен озық өнеркәсіптік саясат нәтижесінің негізінде соңғы 20 жыл ішінде Қазақстан қатты экономикалық өсімге өзгерді. Сонымен бірге:
- инновациялық шағын компанияларды қаржыландыру үшін венчурлік капитал нарығының жетілмегіндігі,
- инновацияда жеке секторлардың нашар қатысуы, инновациядағы сұранысты тиімді механизмдермен қаматамасыз етудің жоқтығы,
- инновациялық саясаттың аймақтық дамудан бөлектігі,
- инновация жолындағы әкімшілік кедергілері,
- экономиканың жоғары технологиялық секторлардың дамуы бойынша міндеттердің орындалуы және жеделдетілген индустрияландыруды шақыруда білімнің отандық жүйесінің қол жетімсіздігі,
- мемлекеттік сектор, университеттер мен өнеркәсіптегі инновацияны дамыту, сондай-ақ инновацияны жасаушы түсінігінің жеткіліксіздігі сияқты мәселелер бар.
Осының барлығы экономиканың дамуында инновацияның салымы жиынтығында елеулі түрде шектейді.
Инвестицияларды қолдау және арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі
Индустриялық дамытуды инвестициялық қамтамасыз ету де сондай-ақ елдің индустриялық-инновациялық дамуына елеулі әсер етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық деректеріне сәйкес 2005 жылдан бастап 2015 жылдың 1 жартыжылдығы дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 215 млрд. АҚШ доллары жалпы тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі - ТШИ) тартылды, оның ішінде, 62 % немесе 132,9 млрд. АҚШ доллары Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдарында тартылды. Бұл ретте, 2005 - 2014 жылдары жалпы ТШИ-дің жылдық орташа өсу қарқыны 15,3% құрады.
Анықтама:
2012 жылдан бастап 2015 жылдың 1 жартыжылдығы дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 84,2 млрд. АҚШ доллары жалпы тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Атап айтқанда алдыңғы жылға қарағанда ТШИ көлемі 2012 ж.9%-ға өсті, 2013 ж. 16,7%-ға азайды, 2014 ж. 1,6%-ға азайды, 2015 жылдың 1 жартыжылдығында алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,5 %-ға азайды.
Индустрияландыру бағдарламасын сәтті іске асыру арқасында тартылатын инвестициялардың құрылымы өзгеруде. Осылайша, 5 жыл Индустрияландыру бағдарламасыніске асыру кезеңінде 2005 жылдан бастап өңдеуші өнеркәсіпке тартылған (25 млрд. АҚШ доллары) барлық ТШИ-ң75 %-ын құрайтын 18,9 млрд. АҚШ доллары тартылған. Өңдеуші өнеркәсіпке жалпы ТШИ-дің жылдық орташа өсу қарқыны 2005 - 2014 жылдары 43,6%-ды құрады.
Анықтама:
2012 жылдан бастап 2015 жылдың 1 жартыжылдығы дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 11 млрд. АҚШ доллары өңдеуші өнеркәсіпкеТШИ тартылды. Атап айтқанда, алдыңғы жылға қарағанда өңдеуші өнеркәсіпке ТШИ көлемі 2012 ж. 38,8 % -ға азайды, 2013 ж. 26,5%-ға азайды, 2014 ж. 44,4 %-ға өсті, оған қоса 2015 жылдың 1 жартыжылдығында алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда10%-ға азайды.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығын қоса алғанда 2005 жылдан бастап негізгі инвесторлардың бестігіне Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Қытай және Франция кіреді.
Анықтама:
2015 жылдың бірінші жартыжылдығын қоса алғанда 2012 жылдан бастап негізгі инвесторлардың бестігіне Нидерланды – 24 млрд.долл., АҚШ -9,7 млрд.долл., Швейцария – 8,4 млрд.долл., Қытай – 6,8 млрд.долл., және Ресей – 4,5 млрд.долл. (2012 ж. Нидерланды – 8,7 млрд. долл., Швейцария – 3,3 млрд. долл., Қытай – 2,4 млрд.долл., АҚШ – 2,0 млрд.долл. және Ұлыбритания – 1,4 млрд. долл.; 2013 ж. Нидерланды – 6,5 млрд.долл., АҚШ – 2,4 млрд.долл., Қытай – 2,2 млрд. долл., Швейцария – 1,9 млрд. долл. Және Ресей – 1,3 млрд. долл.; 2014 ж. Нидерланды – 6,8 млрд.долл., АҚШ – 4,1 млрд.долл., Швейцария – 2,4 млрд.долл., Қытай – 1,9 млрд.долл. және Ресей – 1,6 млрд.долл.; 2015 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша. Нидерланды -2,1 млрд.долл., АҚШ – 1,1 млрд.долл., Швейцария – 848 млн.долл., Ресей– 576,1 млн.долл. және Франция – 382,3 млн.долл.) кіреді.
Негізгі проблемаларды талдау
Бірқатар мәселелер бар,олардың ішінде инвестициялардың біркелкі орналастырылмауы оның ішінде басым үлесі шикізаттық секторда, елдегі заңңаманың тұрақсыздығы, кедендік және визалық тәртіп, жақындағы серпінді дамитын нарықтармен бәсекелестік (Қытай, Ресей).
Аталған мәселелерді шешудің негізгі шаралары инвестиция саласында заңнаманы жетілдіру, елдің инвестициялық имиджін ілгерілету және басқалар болып табылады.
Сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Инвестицияға әсер ететін сыртқы факторлардың арасына келесіні жатқызуға болады:
-
Әлемдік қаржы дағдарысы
-
Көрші елдердің (Ресей, Қытай) және өркендеген елдерің (АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, Канада) экономика жағдайлары
-
Көмір, дәндер, түсті және асыл металдардың әлемдік жағдаяттың бағалары
-
әлемдік мұхиттен Қазақстанның қашықтығы
-
Орталық Азия, Ресей, Қытай т.б. өңірлік нарықтарына кірү
Инвестицияға әсер ететін ішкі факторлардың арасына келесіні жатқызуға болады:
-
табиғат және минерал қорлардың бар болуы
-
экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылық қолдаулымен елдің жайлы бизнес-ахуалы
-
Еуразиялық экономикалық одақтың есепке алумен елдің ішкі нарықтың сыйымдылығы
-
кадрлардың біліктік және дауйындау деңгейі және еңбекақы төлеуі
-
индустриялық инфрақұрылымының жағдайы
-
транзиттік әлеуеті және т.б.
Қазақстан Республикасы Индустрияландыру картасы
ҮИИДМБ іске асыру жылдарында Индустрияландыру картасы шеңберінде 3 трлн. теңге сомасына 770жоба еніп отыр,75 мың тұрақты жұмыс орын құрылды.
Бұл ретте, 2012-2014 жылдарда Индустрияландыру картасы шеңберінде 37,7 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 1,2 трлн. теңге сомасына 431жоба еніп отыр
Іске қосылған жобалармен 2012-2014 жылдарда және а.ж. қаңтар-қыркүейек айларында 4,6 триллион теңге сомада өнім өндірілген, оның ішінде а.ж. қаңтар-қыркүейек айларында– 1 трлн. теңге немесе өнеркәсіп өндірістің жалпы көлемнен 10,2%. Орташа, Картаның іске қосылған жобалармен айында 100 млрд. тенгеден астам сомасына өнім өндіріледі.
Сонымен қатар, Картаның іске қосылған жобалармен а.ж. қаңтар-қыркүейек айларында өндеуші өнеркәсіптің жалпы көлімінен 14,8% өндірілген.
2014 жылда ЖІА өсімінің бір бесінше бөлігі Индустрияландыру картасы жобалары бойынша алынды (4,3%-дан 0,88 пайыздық тармағы. Теңесу үшін: 2012 жылда 5%-дан 1,3 п.т., 2013 жылда - 6%-дан 0,8 п.т.).
2015-2018 жылдарға арналған ИИДМБ шеңберінде Индустрияландыру картасында 40 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 6 трлн. теңге сомасына 420жоба іске асыруда, оның ішінде:
2015 жылғы 1 –жарты жылдық қорытынды бойынша 60 млрд. теңге сомасына 20жоба еніп отыр,2 мың тұрақты жұмыс орын құрылды.
2015 жылғы 1 –жарты жылдығының қорытынды а.ж. 2 шілдеде Мемлекеттік Басшысы қатысумен Индустриялық күнінде қарастырылған.
Жылдың аяғына дейін 8 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 740 млрд. теңге сомасына тағы 100жоба пайдалануға беру жоспарланған.
Негізгі мәселелерді талдау
Жобалар бастамашыларының тиімсіз жоспарлауы салдарларынан, сонымен қатар әлемдік нарығында жағдайлар нашарланынан, Индустрияландыру картасы жобаларының уақтылы іске қосылмауы, сондай-ақ жобалық қуатқа қол жеткізілмеуі мүмкін.
Сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Жобалардың ағымдағы мәртебесін тұрақты мониторингілеу, ИИДМБ мақсатты көрсеткіштеріне индустрияландыру картасы жобалардың көрсеткіштерінің ықпалды талдау және проблемалық мәселелерді шешу бойынша қажетті шаралар қабылдау жобалар бастамашыларының тиімсіз жоспарлауына жақсы ықпал жасау негізгі факторға жатуына болады.
Арнайы экономикалық аймақтар
Арнайы экономикалық аймақтар экономикалық өсім нүктесі болып табылады және өздерінің орналасқан жерине ғана емес жалпы ел экономикасына жағымды әлеуметтік-экономикалық әсер береді.
2001 - 2013 жылдар аралығында Қазақстанда он арнайы экономикалық аймақ құрылды, олардың әрбірінің өз мамандануы бар.
2011 жылы «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгеннен кейін АЭА аумағындағы инвесторларға бірқатар қосымша жеңілдіктер ұсынылды.
Осылайша, АЭА қатысушысы корпоративтік табыс салығын, мүлік салығын, жер салығын және жер учаскесін пайдалануға төленетін төлемді төлеуден оны ұсынған күннен бастап 10 жылға дейін босатылады. Сонымен қатар, осындай АЭА құру мақсатына сай келетін, қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды АЭА аумағында жүзеге асыруға ҚҚС салу, нөлдік ставка бойынша жүзеге асады.
«ИТП» АЭА қатысушылары үшін қосымша жеңілдіктер қарастырылған: әлеуметтік салықты 100 % төмендету; бағдарламалық қамтамасыз етуге қатысты салық салу мақсатында қолданылатын амортизацияның шекті нормасын 15 %-дан 40 %-ға ұлғайту. Сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қатысушылары үшін 2015 жылға дейін экстерриториалдық қағидасы қарастырылған.
Кеденді жеңілдіктерге қатысты, АЭА қатысушысымен АЭА аумағына шетелдік тауарларды кіргізу кезінде, тауар аталған аумақ ішінде кедендік баж және салықтар төлеусіз орналасып, пайдаланылады.
Жалпы, 10 АЭА аумақтарында 435 қатысушы тіркелген.
АЭА қызмет ету кезеңінде 306,5 млрд. теңге сомаға инвестиция салынды, сондай-ақ, республикалық бюджеттен 264,7 млрд. теңге және жеке инвестиция 41,8 млрд. теңге. Осылайша, бюджеттен салынған қаржының
1 теңгесіне 1,4 теңге жеке инвестиция тартылды. 2012-2014 жылдары инвестиция көлемі 275,4 млрд. теңге. құрылды (2012 жылы – 61,1 млрд. теңге, 2013 жылы - 73 млрд. теңге, 2014 жылы – 141,3 млрд. теңге).
2012-2014 жылдары арасында республикалық бюджеттен АЭА инфраструктура құрылысына 66,8 млрд. теңге қаражат бөлінді (2012 жылы –
3 млрд. теңге, 2013 жылы – 5,6 млрд. теңге, 2014 жылы– 58 млрд. теңге). АЭА аумақтарында шамамен 9000 жұмыс орындары құрылған.
2012-2014 жылдары аралығында АЭА аумақтарында 4642 жұмыс орындары құрылды. (2012 жылы – 2 768 жұмыс орны, 2013 жылы – 476 жұмыс орны, 2013 жылы – 1398 жұмыс орны).
Қолданыстағы АЭА алаңдарында 261 жоба жүзеге асырылуда, олардың ішінде 160 қолданысқа енгізілді және 101 жоба жүзеге асырылуда. 2019 жылға дейін 20 мың жұмыс орындары және 2 306 млрд. теңгеге 50 инвестициялық жобалар құрылатын болады. (2015 жылы – 126 млрд. теңгеге 20 жоба, 2016 жылы – 137 млрд. теңгеге 10 жоба, 2017 жылы – 64 млрд. теңгеге 7 жоба, 2018 жылы –700 млрд. теңгеге 9 жоба, 2019 жылы – 1 279 млрд. тенгеге 4 жоба).
7 АЭА аумағындағы кәсіпорындармен (Астана – жаңа қала, (Индустриалды кіші аймақ), Ақтау теңіз порты, Оңтүстік, Павлодар, ИТП, Сарыарқа, Бурабай) жалпы құны 816,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді.
2012-2014 жылдары арасында өндіріс көлемі 474,1 млрд. тенге құрылды (2012 жылы – 116,4 млрд. теңге, 2013 жылы – 188,5 млрд. теңге, 2014 жылы – 169,2 млрд. теңге).
Жалпы кезеңдегі АЭА қатысушыларының салықтық төлемдері 39,1 млрд. теңгені құрады. 2012-2014 жылдары арасында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 21,8 млрд. теңгені құрды (2012 жылы – 5,7 млрд. теңге, 2013 жылы – 7,8 млрд. теңге, 2014 жылы – 8,3 млрд. теңге).
Негізгі мәселелерді талдау
Талдауға сәйкес,қазақстандық АЭА даму қарқынын баяулауы, сияқтыбірқатар факторлар анықталды:
- Салық салу, ынталандыру пайдалану және кедергілерді болуы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың жетілмегендігі:
- 10 жылдан аспайтын мерзімге жер жиынтығын пайдалану жеңілдікті кезең, АЭА өзі 25 жыл мерзімге белгіленеді;
- АЭА аумағында жоба іріктеу өлшемдерін болмауы;
- АЭА алудың жосықсыз қатысушыларының өзара іс-қимыл тетіктерін болмауы;
- квотадан тыс АЭА қатысушылары шетелдік жұмыс күшін тартуға құқығын болмауы;
- АЭА басқарушы компаниялар салықтық жүктемесін болуы;
- АЭА қатысушылары үшін тұрақтылық болмауы және кепілдік преференциялар мен салық ынталандыруАЭА барлық кезеңде.
Осыған байланысты, Ағымдағы жылғы 27 қазанда «Арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң мақұлдады.
Заң қолданыстағы жеңілдіктерді алудағы қолданыстағы құқықтық олқылықтарды жоюға және дамудың жаңа тәсілдерін енгізуге, әлеуетті инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасауға, АЭА институционалдық құралын жетілдіруге және АЭА қызметінде басқарушы компаниялардың рөлін күшейтуге бағытталған.
Атап айтқанда, заң мынадай тұжырымдамалық өзгерістер қамтамасыз етеді:
-
АЭА аумағында басым қызмет түрлерін анықтау процедурасын оңтайландыру;
-
«Казнекс Инвест» АҚ басасында Бірыңғай үйлестіру орталығын (бұдан әрі – БҮО) құру қазірдің өзінде қолда бар ұйымдардың негізінде оған активтерді басқару жөніндегі басқарушы компанияларды мемлекеттік меншіктегі акциялардың бір бөлігін беру;
-
Салықтық жеңілдіктердің тұрақтылығын ұсыну.
-
АЭА мерзімі тең мерзімге жер Ұзын жеңілдікті пайдалану, және басқа редакциялық түзетулер бірқатар.
2. Институционалдық даму. АЭА басқару бірде-бір тәсіл жоқ, атап айтқанда мүліктіАЭА басқару компанияларының түрлі нысандары – Республикалық(«ИТП» АЭА, «Бурабай» АЭА, «ҰИМТ» АЭА), коммуналдық(«Астана – жаңа қала» АЭА, «Павлодар» АЭА, «Ақтау теніз порты», «Оңтустік» АЭА, «Сарыарқа» АЭА) квазимемлекеттік ( «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА, «Тараз Химпарк» АЭА).
Осыған байланысты, жоғарыда проблемаларды жоюға, арнайы экономикалық аймақтар тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен әрбір АЭА бойынша мақсатты индикаторларға жетпеудің шекті деңгейі және қызмет етуінің мақсатты индикаторлары анықталған, олардың арасынданегізгі индикаторлар деп инвестицияның жалпы көлемін, АЭА аумағындағы тауарларды және қызметтер (жұмыс) өндірісінің көлемін, қатысушылар санын және жұмыс орындарының санын атауға болады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді есепке ала отырып, бұдан әрі АЭА аумағында тауар және қызмет (жұмыс) өндірісі көлемі және инвестицияның жалпы көлемі бойынша АЭА қызмет етуінің мақсатты индикаторларына жетпеу қаупі бар.
Сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Сыртқы факторлар:
1. Шетелдік инвесторлардын халықаралық нарықтағы тұрақсыздықпен және кризистік құбылыстармен шақырылған инвестициялық белсенділіктің төмендеуі.
Мәлім болғандай, АЭА құру мақсатының бірі бәсекеге қабілетті өндірістерге және жаңа технологияларға инвестицияларды тарту болып табылады. Шетелдік үлкен инвесторлардың инвестициялық белсенділігінің төмендеуі сяқты факторлар отандық АЭА дамуына кері әсер етеді.
2. Қазақстанның интеграциялық бірлестіктерге кіруі және қатысуы (ДСҰ, КО, БЭК және т.б.).
Қазақстан Республикасының интеграциялық бірлестіктерге қатысуы бірінші кезекте отандық өндірушілерге көптеген кедендік кедергілерді шешіп, шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Бұл отандық өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, оның ішінде АЭА қатысушыларына өндіретін тауарларын сату нарығын іздеу бойынша мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстан нарығының сондай-ақ шетелдік өндірушілерге ашылатынын ескере отырып ішкі нарықта бәсекелестікті артуы мүмкін, отандық өндірушілер үшін бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі тиісті жауап болуы тиіс.
Ішкі факторлар:
1. Қазақстан Республикасының аумағында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру («Батыс Еуропа- Батыс Қытай», «Жетіген - Қорғас» т.б.).
Темір жол, магистраль жүйелері саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нарықтарға өнімдерін тез жеткізуді мүмкіндік беретін, сондай-ақ қажетті шикізат алуға АЭА қатысушылары үшін қосымша преференцияларды береді.
2. Заңнамалық қолдау
Қазіргі уақытта, АЭА қатысушылары үшін жеңілдіктер мен преференциялард беріледі, АЭА дамуына оңтайлы әсер ететін заң нормалары бекітілген. Сонымен бірге, жоғарыда атап өткендей, заңнаманы одан әрі жетілдіруді талап ететін және отандық АЭА тартымдылығын арттыру мақсатында қосымша жеңілдіктер мен преференциялар керек.
3. АЭА инфрақұрылымын дамыту
АЭА құрылатын жер телімдері бюджет қаражаты және басқа да көздер есебінен инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі, яғни АЭА қатысушылар инфрақұрылым қамтамасыз етілген АЭА аумағына кіреді.
Жергілікті қамтуды дамыту
Салалық бағдарламаны орындау қорытындылары бойынша жергілікті қамтуды дамыту бойынша 2012-2014 жылдарда Қазақстан Республикасында барлық мониторинг субъектілерінде жергілікті қамту үлесінің ұлғаюы байқалады. Бұл қойылған міндеттерді және мақсаттарды орындаумен, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстармен, отандық кәсіпорындарға қарқынды қолдау көрсетумен, жергілікті қамтуда қойылған жүйелі мониторингпен, сондай-ақ отандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді иелену бойынша ұлттық компаниялармен және холдингтермен нүктелі жұмыстармен байланысты.
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерд ісатыпалулардың жалпы көлміндег іжергізікті қамтудың үлесі
|
57,6%
|
63,1%
|
63,8
|
- тауарлар
|
35%
|
44%
|
44,1%
|
- жұмыстар
|
61,2%
|
64%
|
68,1%
|
- көрсетілген қызметтер
|
81,8%
|
83,2%
|
79,8%
|
Мемлекеттік органдардың сатыпалуларындағы жергілікті қамтудың үлесі
|
72,3%
|
71,7%
|
72,5%
|
Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің және компаниялардың сатыпалуларындағы жергілікті қамтудың үлесі
|
62,2%
|
68,8%
|
73,3%
|
Жүйе құраушы кәсіпорындардың сатыпалуларындағы жергілікті қамтудың үлесі
|
47,2%
|
58,7%
|
52,9%
|
Жерқойнауын пайдалану саласында (Тау-кенкешені) жергілікті қамтудың үлесі
|
50,1%
|
54,3%
|
52%
|
Негізгі проблемаларды талдау
Бүгінгі күні «жергілікті қамту» саласында бірқатар проблемалық мәселелер бар, оларды шешу жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға ықпал етеді:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) отандық өнім өндірушілерге артықшылық берілуі үшін мониторинг субъектілерінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдеріне ықпал ету тетіктері жоқ.
2) өндірістік цикл процесінде ірі компаниялар арасында жекелеген тауарлық топтарды сатып алуға мәжбүр болатын жағдайлар жиі кездеседі, атап айтқанда жоғары технологиялық өнімдерді шетелдік өнім берушілерден сатып алуға мәжбүр болады, себебі тиісті ұқсастарды өндіру қазақстандық нарықта жоқ.
3) интеграциялық процестерді жандандыруға байланысты мемлекеттік қолдау шараларын ішінара немесе толықтай жоғалту (Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) және Бірыңғай экономикалық кеңістікке (бұдан әрі – БЭК) кіруі);
4) «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 қаулысында көзделген нормалардың жеткілікті түрде тиімді іске аспауы.
5) жекелеген тауарларды мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік мұқтаждық үшін тауарларды орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асыратын бірыңғай оператор көмегімен өткізу қажеттілігі.
6) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде жүзеге асырылатын жұмыстарды жобалау сатысында жергілікті қамту үлесін арттыру қажеттілігі.
7) Өнімді бөлшектеу келісімі (бұдан әрі - ӨБК) операторларының жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша міндеттемелерінің болмауы.
8) мониторинг субъектілері ұсынатын есептілік рәсімдері мен нысандарын жеңілдету мақсатында жергілікті қамту бойынша мониторинг субъектісін жетілдіру қажеттілігі.
Сұранысқа ие өнімге тапсырыс беру құрылымында ұзақ мерзімді шарттар жасаудың тұрақты тәжірибесінің жоқтығы.
Жергілікті қамтуды дамытуды қолдауға нақты коммуникациялық жоспардың және отандық өндірушілерді сервистік қолдау саясатының жоқтығы.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Жергілікті қамтуды дамыту бойынша жұмыстар шеңберінде сатып алу процесінің ашықтығын және жергілікті қамтуда шынайы мониторингті қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай тізілімі «Қазақстандық қамту» интернет-порталы ақпараттық жүйелері жасалды.
Мемлекеттік саясат ішкі нарықтың қолда бар әлеуетін пайдалану есебінен жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған. Осы мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қолдаудың преференциялық режимі көзделген, сондай-ақ отандық өндірісті мемлекеттік қолдаудың шаралары айқындалған.
Бәсекеге қабілеттілік деңгейіне қарамастан отандық тауар өндірушілердің барлығы мемлекеттік қолдауға жатады, бұл ретте бүгінгі күні мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде қолданыстағы преференциялар жүйесін халықаралық ұйымдармен интеграциялық процестер ықпалынан төтеп бере алатын кәсіпорындарға ғана бағыттау қажеттілігі бар, бұл қолайлы бәсекелес орта құруға ықпал етеді.
Алайда, 2012 – 2014 жылдары жасалған жұмыстардың нәтижесі қабылданған шаралардың жеткіліксіздігін көрсетеді және жинақталған тәжірибе негізінде жаңа тәсілдерді талап етеді. Жергілікті қамту саясатын жүзеге асырудың жаңа тәсілі Қазақстанның ДСҰ-ға және БЭК-ке интеграциялануын талап етеді. Олардың барлығы түпкілікті нәтижесінде Бағдарламаны уақыттың жаңа ағымына сәйкес өзектендіруді талап етеді, бұл ДСҰ және БЭК келісімдеріне қайшы келмейтін отандық өнеркәсіпті қолдаудың жаңа құралдарын әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында қосымша шараларды енгізу үшін қажет.
Қазақстан аумағында географиялық орналасуы және шикізаттық базасының болуы есебінен жүзеге асыруға болатын өндіріс түрлері бар, алайда ішкі нарықтың елеусіз көлемі осындай өндірістер құруға мүмкіндік бермейді. Осы уақытқа дейін біздің мемлекетіміз импортты алмастыру саясаты шеңберінде дамып келеді. Өзімізге белгілі, интеграциялану кезінде Қазақстан ішкі нарықта кейбір артықшылықтарын жоғалтады, бұл сыртқы нарықта тауашаларды іздеуге алып келеді, сондықтан қазірдің өзінде мемлекет пен бизнес алдында импортты алмастыру саясатынан экспортқа бағытталу жағына қарай кезең-кезеңмен ауысудың маңызды міндеті тұр.
Техникалық реттеу және метрология
2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында 67 500 стандарттау жөніндегі нормативтік құжат бар, олардың қатарына ұлттық, халықаралық және өңірлік стандарттар, сондай-ақ нұсқаулық құжаттар, сілтемелер, каталогтар және басқалары кіреді, ол 2014 жылға қарағанда – 67 353.
Экономиканың басым салаларын дамыту үшін Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын 500-ден кем емес, ал 2015 жылдан бастап 1000-нан кем емес стандарттау жөніндегі нормативтік құжатты әзірлеу көзделген.
2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының жалпы саны 5 716 бірлікті құрайды, олардың ішінде халықаралық талаптармен үйлестірілген стандарттар – 4 173 бірлік, бұл 73% үйлесімдендірудің жалпы пайызын құрайды, ал 2014 жылы 4 627 бірлікті құрады, олардың ішінде халықаралық талаптармен үйлестірілген стандарттар – 3 323 бірлік, бұл 72% үйлесімдендірудің жалпы пайызын құрады.
Бұл ретте халықаралық стандарттармен үйлестіру көрсеткіштері бойынша ең үлкен деңгей мынадай салаларға тиесілі: мұнай және газ - 491 (78,2% немесе 384 – абсолюттік мәнде) және тамақ өнеркәсібі 458 (62,4% немесе 286 – абсолюттік мәнде). Үйлестірілген стандарттардың ең азы мынадай салаларда: химиялық технология және лак-бояу өнеркәсібі – 173 (69,4% немесе 120 абсолюттік мәнде), жеңіл өнеркәсіп – 190 (64,2% немесе 122 абсолюттік мәнде).
Жыл сайын менеджмент жүйелерін сертификаттаған және енгізген, оның ішінде ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 22000 және SA 8000 халықаралық стандарттары негізінде экспортқа бағытталған кәсіпорындардың саны ұлғаюда. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша менеджмент жүйелерін енгізген кәсіпорындардың саны – 7 761, олардың ішінде экспортқа бағдарланғандары – 249, бұл менеджмент жүйелерін енгізген және сертификаттаған кәсіпорындардың жалпы санының (7 761) 3,2%-ын құрайды, 2014 жылы менеджмент жүйелерін енгізген кәсіпорындардың саны – 5 409, олардың ішінде экспортқа бағдарланғандары – 238, бұл менеджмент жүйелерін енгізген және сертификаттаған кәсіпорындардың жалпы санының (5409) 4,4%-ын құрады.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың эталон базасы эталондардың және эталон жабдықтарының 101 бірлігінен тұрады, оның ішінде 52 мемлекеттік эталон бірлігі, жұмыс эталонының 49 бірлігі бар.
Көпжақты келісіміне қол қоюшы, IAF-ке (Халықаралық аккредиттеу форумы) толық құқылы мүшелік үшін өтінім жіберілді.
Өнімге сәйкестік туралы бірыңғай сертификаттар мен декларациялар беруді Кеден одағының Сертификаттау органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау органдары жүзеге асырады.
Сертификаттау органдары (бұдан әрі – СО) және сынақ зертханалары (бұдан әрі – СЗ) Кеден одағының СО және СЗ бірыңғай тізіліміне енгізу тәртібі туралы қағидаға сәйкес Бірыңғай тізілімнің өзектілендірілген қазақстандық бөлігіне 105 СО және 637 СЗ енгізілді.
2015 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес СО және СЗ бірыңғай тізілімінің өзектендірілген қазақстандық бөлігіне КО ТР сәйкестігіне өзектендірілген 76 СО және 267 СЗ енгізілді, 2014 жылы Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес СО және СЗ бірыңғай тізілімінің өзектендірілген қазақстандық бөлігіне КО ТР сәйкестігіне өзектендірілген 51 СО және 103 СЗ енгізілді.
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган мемлекет мүддесін және тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғауды қамтамасыз етудегі өзінің негізгі міндетін орындай отырып, барлық меншік нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерде техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттарда белгіленген өнімді өткізу сатысында олардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Негізгі проблемаларды талдау
Нормативтік техникалық құжаттардың (бұдан әрі – НТҚ) Бірыңғай мемлекеттік қорында оң серпілістермен қатар, мынадай проблемалар бар:
-
мемлекеттік органдардың қағаз жеткізгіште сақталған НТҚ-ның бірыңғай форматының болмауы;
-
мемлекеттік органдарда барлық НТҚ-ны бірыңғай базасының болмауы.
Жыл сайын қор НТҚ-ның көп санымен толықтырылады, осыған байланысты қолданыстағы ақпараттық жүйелерді ақпараттық қорғауды, жаңартуды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету қажет.
Сонымен бірге кәсіпорындардың менеджмент жүйесін енгізуге қызығушылықтың төмендігі, менеджмент жүйелерінің жаңа бағыттары бойынша сарапшы-аудиторлардың жеткіліксіздігі және формальды қарау сияқты проблемалар бар.
Экономиканың, сонымен бірге ғылым мен техниканың дамуы өлшем құралдарының қолданылатын паркін үнемі жаңартуға байланысты болады. Бұл ретте жаңарту өлшеу ауқымдарын кеңейту және дәлдігін арттыру жағына қарай болады. Осыған байланысты заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне тиесілі бірқатар бастапқы эталондар, сондай-ақ жұмыс өлшем құралдары тиісті мемлекеттік эталондардың жоқтығы себебінен жыл сайын республикадан тыс тексеруге шығарылады. Осындай жағдай отандық өнімнің әлемдік нарыққа шығуын тежейді, республиканың өзінің бастапқы эталондары мен жұмыс өлшем құралдарын тексертуге мәжбүр болған басқа елдерге техникалық және экономикалық тәуелділігін қалыптастырады.
Бұдан басқа, нормативтік құқықтық құжаттаманы ұлттық заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Кеден одағының техникалық регламенттерін мемлекеттік тілге аудару проблемасы бар.
Саудадағы техникалық кедергілер/санитариялық фитосанитариялық (бұдан әрі – СТК/СФС) кедергілер жөніндегі ақпарат орталығының жұмыс істеуі шеңберінде мынадай проблемалар бар:
-
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының барлық ДСҰ-ға мүше елдер қабылдаған қағидалар мен техникалық нормаларды зерделеп оқуға мүдделі еместігі;
-
мүдделі мемлекеттік органдардан және кәсіпорындардан хабарламаларда көрсетілген толық мәтінді құжаттарды ұсыну туралы сұраулардың төмен деңгейде екені байқалады.
Кеден одағының бірыңғай нарығын құрудың және оның жұмыс істеуінің іргетасы тауарлардың еркін орын ауыстыруы болып табылатынын атап өту қажет. Халықаралық саудада техникалық кедергілердің болуы Кеден одағына қатысушы елдер өнімінің сыртқы нарықтарға шығуы үшін де, отандық тұтынушылардың шетел өнімдеріне қол жеткізуі үшін де кедергі жасайды. Саудада техникалық кедергілерді жою тетіктері сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануға негізделеді.
Бұдан басқа, техникалық реттеу саласында тәжірибелі мамандардың жетіспеуі, техникалық регламенттерді бейімдеу мен енгізудің тиісті деңгейде жүргізілмеуі, Стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын қалыптастыру кезінде нормативтік құжаттарды әзірлеуге ұсынылатын жинақтардың болмауы (жалпы техникалық талаптар, сынау әдістері), техникалық регламенттерді әзірлеу кезіндегі нәтижелерін пайдалану үшін ғылыми негізделген статистикалық деректер мен сынақтардың болмауы, халықаралық деңгейде аккредиттеу және сәйкестікті бағалау нәтижелерін танудың болмауы сияқты өткір мәселелер тұрғанын атап өту қажет.
«Оларды өткізу саласында сапасы мен қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды іске асыру үшін тауар үлгілерін сатып алу және сынау» іс-шарасын жүзеге асыру шеңберінде сынақ зертханаларында өнім үлгілерін сатып алумен және сынаумен байланысты техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптардың сақталуын тексеру іске асырылады.
Азаматтардың өтініштерін талдау көрсеткендей, көп жағдайларда тамақ өнімдерінің, ойыншықтардың және жеңіл өнеркәсіп тауарларының сапасы мен қауіпсіздігіне наразылықтар болады. Бұл ретте нарықта жұмыс істейтін сынақ зертханалары көбіне аталған ақауларды анықтауға жарамсыз.
Қазіргі уақытта олардың құрамын анықтауға аккредиттелген сынақ зертханаларының болмауы салдарынан тұтынушыларға арналған таңбалауда (ақпарат) көрсетілген құрам бойынша көптеген тамақ өнімдерінің (сүт өнімі, шырындар, шұжық өнімдері және т.с.с.) түпнұсқалығын анықтау проблемасы туындап отыр. Аталған проблема, әсіресе болып жатқан интеграциялау процестері (КО, ЕЭК, алдағы ДСҰ-ға ену) шеңберінде аса маңызды.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Жоспарланатын кезеңде қабылданған және әзірленетін техникалық регламенттер бойынша жеткіліксіз ақпараттық-насихаттау жұмысына; әзірленетін техникалық регламенттердің төмен деңгейіне; техникалық регламенттерді әзірлеушілердің төмен кәсіби деңгейіне; өнімді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және жоспарлау, аумақтардың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту кезінде мемлекеттік органдардың қолданыстағы стандарттарды қолдану деңгейінің төмендігіне; ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттауда өнеркәсіптің және қоғамдық орталардың белсенділігінің төмендігіне; аккредиттеу жүйелерінің баламалығы, сәйкестік сертификаттарын және сынақ хаттамаларын, оның ішінде интеграфиялық бірлестіктер шеңберінде тану жөніндегі көпжақты және екіжақты келісімдердің толығымен іске асырылмайтынына назар аудару керек.
2-стратегиялық бағыт.
Достарыңызбен бөлісу: |