Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы АҚТӨбе заң институты



бет4/78
Дата14.04.2023
өлшемі165.61 Kb.
#472245
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
kolik

Велосипед жүретін жолақ-жолдың жүру бөлігінің велосипедтер жүруге арналған жолағы. Велосипед жүретін жолақ жолдың қалған жүру бөлігінен ұзына бойғы жол таңбалары мен арнайы белгілердің көмегімен бөлінеді;
Елді мекен-оған кіретін және шығатын жерлері тиісті белгілермен белгіленген құрылыс салынған аумақ;
Жеке бөлінген жол-тек қана қоғамдық көліктің, оның ішінде жеңіл рельсті көліктің қозғалысына арналған жолақ. Бөлек бөлінген жол қалған жүру бөлігінен көлденең жол таңбалары мен жол белгілерінің көмегімен бөлінеді;
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) - жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелері;
Жол жүрісін ұйымдастыру-жол жүрісін басқару жөніндегі ұйымдық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешені;
Жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары-Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолдарда қолданылатын құрылғылар, құрылыстар мен бейнелер кешені;
Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесі-іріктеу, бақылау қызметінің неғұрлым басым бағыттарына ресурстарды оңтайлы бөлу қағидаттарына негізделген тиімді жоспарлау мен бақылау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін әкімшілендіру жүйесі;
Жолдың жүру бөлігі-көлік құралдарының жүруі үшін пайдаланылатын жолдың бөлігі;
Жол иелері-жолдардың меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен жолдарды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
Жүргізуші куәлігі - тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығын растайтын құжат. Жүргізуші куәлігі иесінің жеке басын куәландыратын құжат болған кезде, алып қойылған немесе жоғалған құжаттың орнына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімге берілетін құжат та жүргізуші куәлігі болып есептеледі;
Интеллектуалды көлік жүйесі-Жол қозғалысын басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешені;
Көлік құралын бастапқы тіркеу-Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет жүзеге асырылатын көлік құралын мемлекеттік тіркеу;
Көлік құралының иесі-көлік құралының меншік иесі, сондай-ақ көлік құралын шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен не өзге де заңды негізде иеленетін тұлға (жалға алу құқығы, тиісті органның көлік құралын осы адамға беру туралы өкімі). Өзінің қызметтік немесе Еңбек міндеттерін орындауына орай, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иесімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде немесе мәмілені жазбаша нысанда ресімдемей, олардың ерік білдіруі негізінде көлік құралын басқаратын адам көлік құралының иесі болып табылмайды;
Көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) - Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен жүруге арналған, жұмыс көлемі елу текше сантиметрден асатын Іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын және (немесе) ең жоғары конструкциялық жылдамдығы сағатына елу километрден асатын электр қозғалтқышы (электр қозғалтқыштары) бар автомотокөлік құралдарына және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт (шасси тұтынушыларға жеткізілген жағдайда, көлік құралының шассиіне берілетін паспорт);;
Көлік құралының электрондық паспорты – паспорт шасси транспортного средства) - көлік құралдарының электрондық паспорттары жүйесінде ресімделген көлік құралының паспорты (паспорт шасси транспортного средства);
Көлік құралын мемлекеттік тіркеу – құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексергеннен, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін көлік құралын тіркеу туралы куәлік берумен және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін берумен салыстырып тексергеннен кейін уәкілетті орган жүзеге асыратын көлік құралын жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру рәсімі;
Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – көлік құралының жол жүрісіне қатысуына рұқсат берілгенін растайтын құжат;
Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі-жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және көлік құралының конструктивтік ерекшеліктерімен байланысты олардың туындау алғышарттарын болдырмауға бағытталған көлік құралдарының конструктивтік және пайдалану қасиеттерінің жиынтығы;
Көлік құралдарының пассивті қауіпсіздігі-жол-көлік оқиғаларының ауырлығын төмендетуге бағытталған көлік құралдарының конструктивтік және пайдалану сипаттамаларының жиынтығы;
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі-мемлекеттің меншігі болып табылатын және механикалық көлік құралына берілетін және ұлттық стандарт талаптарына сәйкес дайындалған жеке әріптік-цифрлық белгісі бар бұйым. Бұл ұғым "Транзит"нөмірлік белгілеріне қолданылады;
Механикалық көлік құралы-мопедтер мен рельстік көлік құралдарын қоспағанда, қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін, өздігінен жүретін жол көлік құралы. Ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар жол жүрісіне қатысқан кезде де оларға қолданылады;
Механикалық көлік құралын пайдалану-механикалық көлік құралы мемлекеттік тіркелген кезден бастап кәдеге жаратылған кезге дейін оның мақсаты бойынша пайдаланылуын қамтитын өмірлік цикл сатысы;
Шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер-Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсететін қызметтер;
Шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысы-жұмыс істеп тұрған кемінде екі жаһандық навигациялық спутниктік жүйе сигналдарының көмегімен көлік құралының координаттарын, жылдамдығын және қозғалыс бағытын айқындауды, жол-көлік оқиғасы және өзге де төтенше жағдай кезінде көлік құралы туралы хабарлама беруді, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы шұғыл қимылдайтын жедел қызметтермен екіжақты дауыс байланысын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін құрылғы;
Шұғыл шақыру жүйесінің операторы-шұғыл шақыру жүйесін басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі-мемлекеттің меншігі болып табылатын және механикалық көлік құралына берілетін және ұлттық стандарт талаптарына сәйкес дайындалған жеке әріптік-цифрлық белгісі бар бұйым. Бұл ұғым "Транзит"нөмірлік белгілеріне қолданылады;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет