Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
Көкшетау техникалық институты
Күндізгі оқу факультеті
Өрттің алдын алу кафедрасы
5В 100100 « Өрт қауіпсіздігі » мамандығы бойынша дипломдық
жұмысты (жобаны) дайындау
Тапсырмасы
Жұмыс (жоба) тақырыбы: «Ақтөбе қаласындағы «Сити» сауда комплексінің өртке қарсы қорғаныс жүйесін жетілдіру бойынша шараларын өңдеу»
1. Институт бұйрығы бойынша бекітілгени № 157 «10 »09 2014 ж.
2. Аяқталған жұмысты (жобаны )тапсыру мерзімі «06» 06 2015 ж.
3. . Жұмыс (жоба) бойынша қолданылған мәліметтер «Сити» сауда комплексінің жобасы және жедел жоспары.
4. Бөлімдердің орындалу уақыты, сұрақтарды ашу, қысқаша мазмұны:
№
р/с
|
Бөлімнің атауы
|
Орындалу
уақыты
|
|
Кіріспе
|
10.09.14 ж.
|
1
|
Ғимараттың жалпы сипаттамасы.
|
13.10.14 ж.
|
1.1
|
Ғимараттың өрт қауіптілік сипаттамасы
|
27.10.14 ж.
|
1.2
|
Берілген ғимаратта пайда болған өрттерді талдау
|
10.11.14 ж.
|
2
|
Жобаның сараптамасы
|
24.11.14 ж.
|
2.1
|
Құрылыс конструкцияларды сараптау
|
10.12.14 ж.
|
2.2
|
Ішкі жоспарлаудың сараптамасы
|
17.01.15 ж.
|
2.3
|
Өртке қарсы тосқауылдарды сараптау
|
22.01.15 ж.
|
2.4
|
Эвакуациялық шығу және эвакуациялық жолдарын сараптау
|
03.02.15 ж.
|
2.5
|
Ғимараттың өрт қауіпсіздігінің жүйесін сараптау
|
19.02.15 ж.
|
2.6
|
Өрт сөндірушілердің табысты жұмыстарының табысты шешімдерінің техникалық сараптауы.
|
04.03.15 ж.
|
2.7
|
Жобаның бас жоспарының сараптауы
|
16.03.15 ж.
|
3
|
Өртке қарсы қорғау жобасы .
|
30.03.15 ж.
|
3.1
|
Сараптау нәтижесінде табылған кемшіліктерді жою техникалық шешімдерін жасау.
|
15.04.15ж.
|
3.2
|
Ғимараттың көлемді-жоспарлы шешімдерінің салыстырмалы нұсқамаларын жасау
|
18.04.15 ж.
|
3.3
|
Конструктивті шешімдер
|
21.04.15 ж.
|
4
|
Есептеу бөлімі
|
25.04.15 ж.
|
4.1
|
Эвакуациялық уақытын есептеу
|
27.04.15 ж.
|
4.2
|
Құрылыс конструкциялардың отқа төзімділік шегін есептеу
|
30.04.15 ж.
|
5
|
Ұсынылған жоба іс-шараның экономикалық тиімділігін бағалау.
|
02.05.15 ж.
|
6
|
Графикалық бөлімі
|
04.05.15 ж.
|
|
Дипломдық жобаның қорытындысы
|
06.05.15 ж.
|
|
Алдын ала қорғау
|
12.05.15 ж.
|
5. Тапсырма берілген уақыты
6. Бекітемін (каф.бастығы) Карменов Қ.К.
7.Дипломдық жұмыс жетекшісі Бейсенғазинов Р.А.
(лауазымы; аты жөні ; қолы ; күні)
8. Тапсырманы қабылдап орындаған Кубашов Т. (күні, курсанттың қолы)
9. Кеңесшілер:
Экономика бөлімі бойынша Бейсенгазинов Р.А.
Графика бөлімі бойынша Карденов С.А
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………….….…5
1. Ғимараттың жалпы сипаттамасы ....................................................................8
1.1 Табиғаттық-климаттық жағдайы...............................................................8
1.2 Геологиялық-литологиялық құрылымы....................................................8
1.3 Жоспарлы архитектуралық шешімдер......................................................9
1.4 Техникалық көрсеткіштер.........................................................................9
1.5 Ғимараттың сыртқы өңделуі....................................................................11
1.6 Өртке қарсы шаралар...............................................................................13
1.7 Құрылыс конструкцияларының коррозиядан қорғау шаралары..............13
1.8 Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар....................................13
1.9 Конструкциялық шешімдердің қысқаша сипаттамасы............................14
1.10 Технологиялық шешімдер......................................................................15
1.11 Шаруашылық-ішуге жарамды-өртке қарсы су құбыры.........................17
1.12 Ыстық сумен қамтамасыз ету және айналмалы су құбыры...................19
1.13 Тұрмыстық және өндірістік кәріз жүйесі...............................................20
1.14 Жылумен және салқындату жүйесімен қамту........................................20
1.15 Өрт дабылдағышы..................................................................................21
1.16 Өрт туралы жарияландыру.....................................................................26
2 тарау. Ғимараттың өрт қауіптілігінің сипаттамасы.......................................24
3 тарау. Жоба материалдарының сараптамасы.................................................26
3.1 Құрылыс конструкциялардың сараптамасы................................................26
3.2 Ғимараттың ішкі жоспарының сараптамасы...............................................30
3.3 Өртке қарсы бөгеттердің сараптамасы.........................................................32
3.4 Көшіру жолдары мен шығулардың сараптамасы........................................35
3.5 Жылыту жүйелерінің сараптамасы...............................................................40
3.6 Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сараптамасы.......................................43
3.7 Желдету жүйелерінің сараптамасы...............................................................44
3.8 Бас жоспарының сараптамасы.......................................................................45
3.9 Өрт сөндірушілердің сәтті жұмысын қамтамассыз ететін техникалық шешімдердің сараптамасы...................................................................................46
4 тарау. Жоба материалдар сараптама нәтижелерінің анализі.........................50
4.1 Өртке қарсы қорғанысының техникалық шешімдердің конструктивті құрастыру...............................................................................................................50
4.2 Есеп бөлімі.......................................................................................................53
5 тарау. Өртке қарсы қорғанысының экономикалық тиімділігіне баға беру...59
Қорытынды............................................................................................................62
Әдебиет тізімі........................................................................................................63
Кіріспе
Өрттердің статистикасы көрсеткендей, олардың негізгі бөлігі тұрғын үй секторында орын алатыны белгілі. Дегенмен кіші және орта кәсіпкерлік нысандарында да өрттер орын алады, және де аталған өрттер айтарлықтай материалдық шығынға ұшыратады.
Осылайша, соңғы үш жылда сауда орындарындағы өрттер жылына 400-500 тұтану оқиғаларының көрсеткішін көрсетті, бұл орташа есеппен алғанда Республика бойынша барлық өрттердің 4%-ын құрайды. 2012 жылы 497 өрт, 2013 жылы 475 өрт және 2014 жылы 468 өрт орын алған. Өрт шығу себептерін анықтау нәтижесі бойынша тек қана 2014 жыл ағымында 31 қылмыстық іс қозғалған.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің есебінде жоғары өрт қауіп деңгейіне жатқызылған 568 базар, сауда орталықтары (үйлері), ойын-сауық орталықтары тіркелген.
2014 жылдың 27 ақпанындағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметіне оңтайлы шарттарды жақсарту бойынша күрделі іс-шаралар туралы» Елбасының Үкіміне сәйкес кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салынды. Аталған мораторий кіші және орта кәсіпкерлікке көмек көрсетуге бағытталғанын атап өту қажет. Сондай-ақ, кейбір жауапсыз меншік иелері берілген жағдайды және мемлекеттік өртке қарсы қызметі қатарынан бақылау шараларын өткізе алмауын пайдаланып, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытып кетеді. Осыдан кейін бұл үлкен материалдық шығындарға әкеліп соғады.
Осылайша, мемлекеттік өртке қарсы қызметі қатарынан қолданылатын шараларға қарамастан, нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтары жүйелі түрде жойылмайды, өртке қарсы режим сақталмайды, қызметкерлер өрт болған жағдайда атқару қажет қарапайым іс-шараларды орындай алмайды, олармен өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулықтар өткізілмейді. Кәсіпорын басшылары нысанды өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіру үшін, ішкі және сыртқы сумен қамтамасыз ету құрылғыларын жұмыс қалпына келтіру және электржабдықтарын электрқондырғыларын қолдану ережелері талаптарын сәйкестендіру үшін қажетті іс-шаралар қолданбайды. Берілген жағдай жалпы айтқанда барлық нысандарда кездеседі. Мұның себебі – сауда саттық нысандарының басшылары жағынан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды тиісті түрде талап етпеу және оны сақтау бойынша тапсырмалар қоймау.
Сонымен қатар, өрттерді талдау нәтижелері көрсеткендей сауда орындары нысандары персоналының біліксіз қызмет атқаруы кесірінен, яғни қауіпсіздік қызметі мен күзетшілердің өртті қолда бар құралдармен өз күштерімен сөндіру талпыныстары, және де өрт үлкен ауданға таралғаннан кейін өрт сөндіру қызметіне хабарлауы, базарларда, сауда орындарында шыққан өрттердің тез таралуына және үлкен материалдық шығын әкелуіне себептеседі.
Соңғы ірі өрттердің бірі – «Адем» сауда үйінде орын алған өрт болып табылады. Өртті жою кезіндегі оның ауданы 25000 м2 құрады, өрт 1600-дан астам кәсіпкерлердің жұмыс орындарын және де тауарларын жойды. Жоғары температура ғимарат конструкциясы мүмкіндіктерінің жоғалуына әкеліп, өрт барысында ғимарат контрукциясы қирады. Өртке ең жоғарғы – үшінші өрт рангі тағайындалды, жалпы алғанда барлық гарнизон жұмылдырылды.
Берілген нысан бойынша 2012 жылы Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталғандықтан нысан қызметін уақытша тоқтату туралы сотқа шағым бергендігін атап өту қажет. Сонымен қатар, 2013 жылы анықталған аталған бұзушылықтар толық көлемде жойылды, бұл туралы 2013 жылдың ақпан айында жүргізілген тексеріс нәтижелерінен белгілі.
Жоғарыда аталып өткен мораторийге сәйкес 2014 жылы берілген нысанға өрт-техникалық тексеріс жүргізілмеді. Бұл екі жыл ағымында өрт қауіпсіздік талаптарының қалай сақталғандығы туралы анықтау жұмысынан ғана белгілі болады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адамдар жаппай жиналатын кәсіпкерлік нысандары меншік иелерінің тікелей міндеті. Бірақ, барлық меншік иелері қажетті іс-шараларды жүзеге асырмайды. Монтаж ережелерін және электр жабдықтарын қолданудың ережелерін сақтамау, отты абайсыз пайдалану сауда орындарындағы өрттердің негізгі себебі болуы бұл жайтқа растау болып табылады.
Өрт қауіпсіздігін, адамдардың өмірі мен денсаулығының қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті сауда орындары нысандарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі туралы ескертеді, өрт болған жағдайда атқару қажет іс-щаралар, пайда болған өрттерді сөндіру тактикасы мен қаабілеттері туралы, адамдарды эвакуациялау мен құтқару, оларды қауіпсіз орынға шығару туралы, өрт автокөліктерінің нысан жанына кедергісіз келуін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктер тұрағында өтетін жолдар қалдыру туралы нысан персоналымен оқу-жаттығу сабақтарын өткізу қажеттілігі туралы ескертеді.
Жұмыстың мақсаты нысанның өртке қарсы қорғауы мен тиімділігін арттыру. Жұмыстағы мақсат орындалуы үшін келесі төмендегідей тапсырмалар болды:
-
Құрылыс конструкцияларды сараптау;
-
Жоспарлы шешімдерді сараптау;
-
Өртке қарсы тосқауылдарды сараптау;
-
Эвакуациялық шығу және эвакуациялық жолдарын сараптау;
-
Өрт сөндірушілердің табысты жұмыстарын қамтамасыз ету техникалық шешімдерін сараптау;
-
Ғимараттың басты жоспарын сараптау;
Жұмыстың практикалық маңыздылығы объектілерді өртке қарсы қорғау жобалау нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі болып табылады.
Өртке қарсы қорғау дамуының басты бағыты өрт пайда болуын ескерту болып табылады. Бірақта келтірілмеген себептер шартында өрт пайда болмайды деп есептей алмаймыз. Өрт пайда болғанда өрт қауіпсіздігіне жету үшін белгілі функцияларды атқаратын әр түрлі техникалық жүйелерді қолданады: олар өз уақытында пайда болған өртті жояды, технологиялық жабдықтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ғимараттар мен имараттардың отқа төзімділігін арттырады, өрт бола қалған кезде адамдарды көшіру қауіпсіздігін тудырады.
Өрт қауіпсіздік бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыру үшін ең маңызды резерві, өртке қарсы жұмысты ұйымдастыруды жақсарту болып табылады.
Өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін өрт тез таралу шартын тудыратын жаңғыш заттар санын шектеу бойынша шаралар қарастырылады, өрт өлшемін қысқартуға және оны жоюға өрт сөндіру құралдарын қолдану, ғимараттар мен имараттарда отқа төзімді конструкцияларды қолдану, өрт бола қалған кезде адамдарды кедергісіз көшіру үшін көлемді-жоспарлы шешімдерді тудыруға қажет.
1. Ғимараттың жалпы сипаттамасы
1.1 Табиғаттық-климаттық жағдайы
Жоба келесі табиғаттық жағдайларға сәйкестендіріліп жасалған:
Ең салқын бес күндік ауа-райы температурасы (-31 ͦ С);
- III ауданның нормаларына сай жел қысымы - 38кг/м2;
- қар қалыңдығының салмағы – 180 кг/м2;
- жер категориясы -III
1.2 Геологиялық-литологиялық құрылымы
Іргетас құрамы:
- 10-25% дейін шағыл мен қиыршық тас, қуаттылығы 0,5м., кем емес қиыршық құм қосылған, жартылай қатты, қызыл саз балшық;
- ірі, қиыршық, сары-сұр түсті, тығыздылығы орташа, шала дымқылдықтан толық дымқылдыққа дейін және сумен қанықтырылғанған, дала кварц шпаттар, арасына жиі саз және саздақ қосылған қуаттылығы 4м құм;
- ақшыл қоңыр, жұмсақ созымды, уақ құм мен құмайт араластырылған, суглинкалы ашық-сұр, жұмсақ пластикалық, қабатталған ұсақ құм, қуаттылығы 3м саздақ;
- сұр, суланған, құм қосылған, арасында саз және саздағы бар қуаттылығы 3м ірі құм;
Жер асты сулар жердің күндізгі бетінен 3,7 м тереңдікте орналасқан.
Жер асты сулардың орнықты деңгейі 3,7 м.
Жер іргесіндегі жер асты сулар ортасы W 4 маркалы портландцементтегі бетондарға қатысты және углеродты құрышқа қатысты жоғары сатыдағы, деңгейдегі сульфатты күштілігімен сипатталады.
Құрылыс алаңының негізгі жоспары.
«Ақтөбе қаласының 12 ықшам ауданындағы сауда кешені» негізгі жоспары 1:500 масштабтағы топонегіздемеге сай 2013 жылдың қаңтар айында «ПроектСтройДиалог Актобе» ЖШС өндірістік бөлімінің учаске таңдау актісі негізінде даярланған.
Жобаланған ғимарат Ақтөбе қаласы Абылхайыр хан даңғылынан оңтүстік бағыттағы 0,5595 га жер телімінде орналасқан. (іргетасы темірбетоннан жасалған, жарлары мен колонналары сол жерде орналасқан № 21 үйдікі, «В» және «Г» корпустары нысанға тіркесуі бойынша сол жердегі тұрғын үйдің алдындағы «Қара Алтын» мейрамханасының аумағы жанында.
Нысан қызыл желі шеңберінде орналасқан.
Жобада 3 қабатты астыңғы қабаты бар, білік көлемі 60*40м, алдында арнайы және жеке транспортқа арналған тұрағы бар, ғимарат қарастырылған.
Жобаланған ғимараттың орналасуы қажетті жүріп бару жолдары қарастырыла отырып, солтүстік және оңтүстіктегі жолдар кешен алдында 119 автомашина орнына арналған, солтүстік және оңтүстік алаңдарынан құрылады.
Жолдар асфальтталған, жаяу жүретін жол тротуарларға арналған плиткдан жасалған.
Ғимараттың солтүстік аумағын көгалдандыру және сәндік бұрқақ құрылысы мен ықшам архитектуралық нысандар құрылысы қарастырылған.
Ғимарат қасынан Абылхайыр хан даңғылына кіріс және шығыс жолдары ұйымдастырылған.
Құрылыстан бос алаңдардың барлығы биіктігі 1 метрден аспайтын гүлзарлар мен тал шіліктермен көгалдандырылу жоспарланған.
Өздігінен жүре алмайтын тұрғындарға ғимаратқа кіретін алаңнан арнайы пандус арқылы өту жолдары қарастырылған.
Сатылар жоспарлау берілген жер телімі шеңберінде орындалған және рельефты ұйымдастыру арқылы Ақтөбе қаласының іргелес көшелерімен үйлестірілген.
Архитектуралық жоспарға сай жобаланудағы ғимараттың шығыс және батыс бетінен 0,000 до -0,900м ашық баурайлар қарастырылған.
Рельеф ұйымдастыру жобасында жер беті сулар мен қар, жаңбыр суларын ғимарат аумағынан су бұрғыш каналдарға бұру қамтамасыз етілген.
Ғимарат аумағын жергілікті тұқымды, ал қажетті жағдайда құнды тұқымдас сәндік ағаштар мен тал шіліктері, гүлзарлармен көгалдандыру қарастырылған.
Негізгі жоспар бойынша басты көрсеткіштер:
Аумақ көлемі:
|
5 595,0 м²
|
Құрылыс көлемі:
|
2 198,4 м²
|
Жабу көлемі:
|
3 582,2 м²
|
Көгалдандыру көлемі:
|
3 067,5 м²
|
1.3 Жоспарлы архитектуралық шешімдер
«Ақтөбе қаласының 12 ықшам ауданындағы сауда кешені» жұмыс жобасының түзетілуі құрылыс салынатын ауданның табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып жобалау туралы тапсырма негізінде дайындалған.
Құрылыс учаскесі Ақтөбе қаласының 12 ықшам ауданында Абылхайыр хан даңғылында орналасқан. Тоғыз қабатты тұрғын үйге іргелес, батыс жағынан «Қара алтын» мейрамханасы орналасқан. Солтүстік беті Абылхайыр хан даңғылы бағытында сауда кешенінің кіре беріс беті болып есептеледі. Шығыс жағынан жалға алынған «Казахоил-Актобе» офисымен іргелес.
1.4 Техникалық көрсеткіштер:
Қабаттылығы 3 қабат;
Ғимараттың құрылыс көлемі: 2 482,0 м²;
Ғимараттың құрылыс аумағы 40 400 м³;
Ғимараттың жалпы алаңы 6 046,5 м²;
Соның ішіндегісі:
Астынғы қабаттың жалпы көлемі 2 050,0 м²;
1-і қабаттың жалпы көлемі 1 758,5 м²;
2-і қабаттың жалпы көлемі 1 372,5 м²;
3-і қабаттың жалпы көлемі 865,5 м².
Жобада сауда кешені құрылысы қарастырыған. Кешеннің жалпы көлемі 6 046,5 ш.м. Сатып алушылардың ыңғайына арналған тегін 150 автомашинаға есептелінген тұрақ бар, сатып алуды жеңілдететін және сауда кешеніне баруды ыңғайлы ету мақсатында мүгедектер тұратын жер, жағдайлары шектеулі адамдарға арнайы лифт қарастырылған.
Кең сауда галереялар, өзіндік архитектуралық және дизайнерлік шешімдер тек сауда жасауға ғана емес, келушілерге дем алуға өз сұранысына сай зат табуға ыңғайлы орын етеді.
Бірінші қабатта орналасқан фонтан кешеннің ерекше зейнеті. Ол жер, келушілердің кездесіп демалуға арналған сүйікті орнына айналады. Одан басқа кешеннің үшінші қабатында тыныштық жағдайында демалуға арналған мейрамхана мен бар орналасқан.
12 ықшам ауданындағы сауда кешенінің ғимараты 3 қабатты. Биіктігі (еденнен төбесіне дейін)
Астыңғы қабат – 3.100 мм
1 қабат – 3.150 мм
2 қабат – 3.150 мм
3 қабат – 2.900 мм
Қажет болған жағдайда ішкі жоспар шешімдерін өзгертуге болады, алайда енгізілген өзгерістер ғимарат архитектурасына ықпал етпеуі керек, себебі эскиз жоспары: 12 ықшам ауданындағы Абылхайыр хан даңғылында орналасқан, № 21 тұрғын үймен іргелес «ДАСТАН» сауда кешені альбомды түрдегі эскиз жобасымен келісілген.
Астынғы қабат:
Астынғы қабатта, таң. -3.950 барлық техникалық және қызмет көрсететін кешенді жайлар орналасқан (қойма жайлар, электр қалқаны орнатылған орын, ауа алмастыру камералары, жылыту орны, асхана тағы басқа арнайы жайлар). Байланыс қызметтік баспалдақтар, лифттер және екі эскалатор арқылы жүзеге асырылады.
1 қабат:
1-қабатта: қыдыруға ыңғайланған және сәндік элементтері бар әкімшілік және сауда зонасы (бутиктер, холлдар, ресепшн, шылым шегуге арналған бөлме және офис қызметкерлеріне арналған бөлме). Нақты осы жерлер адамдар көп жиналатын орын.
2 қабат:
2- қабатта: қыдыруға ыңғайланған сауда орны.
3-қабатта: бар, үлкен асханасы бар мейрамхана, келушілерге арналған террасалар, бутиктер, холл,шылым шегуге арналған бөлмелер және дәліздер.
Ғимаратта 4 лифт, оның 2-630кг. және 2-1000кг., көтеріп тасымалдауға есептелген, екеуі жолаушыларға 1000кг. (13 адам.) арналған және 630 кг. (8 адамға). Жүк-жолаушы таситыны – жолаушыларға арналған 1000 кг., тауарлар мен ауыр жүктерге арналған. 630 кг., лифт мейрамхана мен асхананы байланыстырады. Бірінші және екінші деңгейлер эскалатор арқылы қатынасады.
Астынғы қабат жарлары темір бетоннан жасалған қалыңдығы 250мм, 1-ші қабат жарлары газ бетоннан, қалыңдығы 200мм, 2 – ші қабат жарлары 200мм. Жер деңгейіндегі белгіден төмен, қаланған төменгі кірпіш тұстары экструзиялық пенополистролмен қапталған. Ішкі бөлім аралық қалқалар кірпіштен, гипсокартоннан, бөлме аралық витраждардан жасалған.
Ғимарат шеттерінде эвакуациялау баспалдақтары мен дәретханалар орналасқан.Едендер–керамикалық плиталардан және табиғи тастан салынған.
Терезелер мен есіктер – ағаштан, әйнектен жасалған, арнайы алюминийден және әйнектен құрастырылған.
1.5 Ғимараттың сыртқы өңделуі
1. Астынғы қабат– ғимарат периметр бойына табиғи таспен қапталған.
2. Жарлары – ауа жіберетін қалыңдығы 30 мм., гранит құрылымынан, металлмен қатты плиткаға бекітілген, қабаттары техникалық талаптарға сәйкес. Сыртқы өңделуі: жоба бойынша түсі ақ және әшекеймен өңделген ақшыл сұр түс. Алдыңғы тұсында материалдың төрт түрі қолданылған: тас, әйнек, ағаш, хромдалған металл. Ғимарат алдын өңдеу барысында заман талаптарына сай технологиялар мен архитектурадағы көне дәстүрлер орнын тапқан. Әйнектің заманға сай түрлері, хромдалған металл, және уақыт сынауынан өткен құрылыста үнемі пайдаланылған тастар қолданылған.
3. Терезелер мен балкон есіктері – металл профильден 2-жаққа ашылатын етіп жасалған, Турция, Германияда өндірілген.
4. Кіре беріс тамбурлар мен есіктері – екі қабат тамбур, есіктер металл профильден, дизайндары жақсартылған, терезелері жылытылған.
Ішкі өңдеу:
-
Жобада жаңартылған левкас пайдаланылған сылау түрлерін жар, бөлме аралық қалқаларды сылауға қолданылған.
Дәретхана жарлары жарға арналған керамикалық плиткамен қапталған.
Н=2.1 м. Бөлме аралық ағаштан жасалған есіктер қарастырылған.
-
Қызметтен тыс жайлар:
(холл, коридор, тамбур-шлюз, баспалдақтар)
Типтік қабаттардағы:
едендер – табиғи тастан және керамогранит плиткадан; бутиктар едені тапсырыс беруші талабына сай.
жарлары – сырланған, төбесі – сырланған. Кейбір жайларда жоба дизайнына сай ілмелі төбе орнату қарастырылған. Кейбір жай жарлары тапсырыс беруші талабына сай өңделген.
Астыңғы қабат жарлары қалыңдығы 200мм, 1 қабат – қалыңдығы 380 мм құраған кірпіштен, 2 қабат – 250 мм. Пенополистиролмен тас қаланған тұстан жылытылған. Ішкі қалқалары кірпіштен, әйнектен, гипсокартоннан жасалған.
Ғимарат шеттерінде эвакуациялау баспалдақтары орналасқан.
Едендері керамикалық плита мен табиғи тастан салынған. Терезе есіктері– металлопластиктан жасалған.
2.1 Көлемді жоспарлау шешімдері.
Ғимарат формасы– үшбұрышты, білік габариттары 54.4х56.4х77.0м
Астынғы қабат биіктігі 3.95 м
1 қабат биіктігі 4.00 м
2 қабат биіктігі 4.18 м
3 қабат биіктігі 3.77 м
Ғимараттың алдыңғы тұсын гранит пен керамикалық гранитпен, ағашпен араластырылып әйнектелген өңдеуі «U-kon systems» фирмасының технологиясы бойынша жасалған. Ғимаратты заманға сай қаптау мен жылыту технологиясы ілмелі ауа ауыстыру жүйесінің алюминийден жасалған профильді қолданылған құрылғысымен кешенді түрде шешілген.
Шатыры рулон түрідегі гидроизоляциялық материалдан жасалған және құрыштан кесілген жаймалар пайдаланылған, жобалау түсіне сәйкес.
Шатыры – «Каменная вата, PAROS» қалыңдығы 150мм плиталарымен жылытылған.
Баспалдақтар – бүтін бетоннан, керамикалық гранит плиткаларымен қапталған.
Ішкі өңдеу барысында гипсокартоннан жасалған ілмелі төбелер, жоғары сапалы сылау, су эмульсиясы негізіндегі және әктаспен боялған, әртүрлі түсті керамикалық плиткалармен қапталған.
Еден жабу 2 түрге бөлінеді:
1. Керамограниттік, негіз ретінде бүтін жабын және құм қосылған цементпен жасалған тұтастығы.
2. Табиғи тас, негіз ретінде бүтін жабын, тегістеу тұтастығы.
2.3 Ішкі өңдеуге келесі материалдар пайдаланылған:
Астынғы қабат едені – жайда 2050 ш.кв. керамикалық плитка мен табиғи тас.
1 қабат едендері – жайда 1758 м.кв. керамикалық плитка мен табиғи тас.
2 қабат едендері – жайда 1372 м.кв. керамикалық плитка мен табиғи тас.
3 қабат едендері – жайда - 865 м.кв. керамикалық плитка мен табиғи тас.
Баспалдақтар – баспалдақ асты мен жаны керамограниттен, қоршауы мен тұтқалары –дайындаған фирма каталогы бойынша металлдан жасалған. Бөлме аралық қалқандар гипсокартоннан, су эмульсиясы бояуымен боялған. Санитарлық бөлмелердің жарлары керамикалық плиткалармен қапталған.
Достарыңызбен бөлісу: |