185
ует, кесе, қарындаш, дəптер, кітап, тоғай, шанышқы жəне т.б. Ол келісім
бойынша белгілі бір сөздерге қимылымен жауап беруі керек. Бала
мұқият тыңдайды да, мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде,
алақанын соғады. Егер бала шатасып кетсе тапсырманы қайталаңыз.
Екінші сериясында келіскендей өсімдіктерді білдіретін сөзді
естігенде, балаға орнынан тұруды ұсыныңыз.
Үшінші сериясында бірінші жəне екінші тапсырманы біріктіруге
болады, яғни бала жануарды білдіретін сөзді естігенде, алақанын
соғады да, қандай да бір өсімдікті білдіретін сөзді естігенде орны-
нан тұрады. Осындай жəне осыған
ұксас жаттығулар зейінділікті,
зейіннің бөлінгіштік жəне аударылу жылдамдығын дамытады, ал со-
нымен бірге баланың ой-өрісін кеңейтіп, танымдылық белсенділігін
арттырады. Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен
жүргізген қызықты.
7. Зейінді шоғырландыруды дамыту жаттығулары. Сабақты
жүргізу үшін 10-15 айырмашылықтары бар суреттердің 2 жұбын
бірнеше бітпеген суреттер немесс қисынсыз мазмұнды сурет-
тер, бірнеше жартылай боялған суреттер дайындау қажет.
Бірінші тапсырмада балаға берілген жұп суреттердің барлық
айырмашылықтарды атауы ұсынылады (сурет-6).
Екінші тапсырмада балаға кезектестіріп
бітпеген суреттерді
көрсетеді де, не салынбай калғанын сұрайды
(6-сурет) немесе
қисынсыз мазмұнды суреттерді таңдап алып, сəйкессіздікті табуды
сұрайды.
Үшінші тапсырмада бірінші
бөлігінің боялғанындай, суреттің
екінші бөлігін бояуы керек (сурет таңдап алыңыз). Барлық үш
тапсырма бойынша нəтижелілік бағаланады. Дұрыс аталған
айырмашылықтар саны, аталған жеткіліксіз бөлшектер жəне қисын
6-сурет. Суреттегі айырмашылықтарды тап.