Кіріспе.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әәдістемесімен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Қоғамда қаржылық талдау өмірлік ас қажеттілік салдарынан туындайды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субьектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Қай уақытта болмасын бұл маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезінде оның мәнділігі одан әрі арта түсуде. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқврушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділік пен алмастыру –нарықтың экономикасының өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңгеге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жопар үшін жұмыс істеу келмеске келеді.
Қазіргі кезде болып жатқан нарықтық қатынастарокәсіпорынның жағдайын жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайынан едәір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндікті ашады. Атап айтққанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілеуімен емес, контрагенттердің (жабдықтаушы, сатып алушы мердігер, банк және тағы басқа) қазіргі кездеөз қалауы бойынша алды. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл екеніне қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінш тез және дұрыс бағдарлар тауып, оны тануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектінің қызметінің жетістіктеріне басқару, деңгейіне қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нарықтағы шұғылдағы мен ғылыми негізделуде тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның өмірлігінің кепілімен жағдай күйінің орындылығының негізгі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін алмастырып отырып қолданып, тиімді пайдалану жолдарымен өнімді өндірумен сатудың үздіксіз процесін қамтамассыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау, обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді талдау үшін өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін оъективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Кәзіргі кезде қаржылық талдау мәселеіаз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде қолданыс таба алмай отыр. Аал бұл кәсіпорынның қызметінің қаржылықтұрақтылығының нәтижесі мен экономикалықдамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигзеді.
Ұсынлып отырған дипломдық жұмытың мақаты- кәсіпорынның қаржылық жағдайын , қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау зерттеуінде дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Бұл болашақ жас мамандарға яғни бізге талдау жұмысын біліктілікпен жүргізуге кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылық туралы дұрыс , ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамассыз ететін кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығынкөрсету еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін басшылыққа үстемді басқару шешімдерін дайындауға мүмкіндік береді.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау маңызы мен
мазмұны.
1.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық құрылысы.
“Жолаушыларды тасымалдау” Ашық акционерлік қоғамының Алматы региондық жолаушылар филиалы. Қоғамның орналасу орнынан тыс жерде орналасқан және оның қызметін жүзеге асырушы “Жолаушыларды тасымаодау Ашық акционерлік қоғамының негізделген құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Филиал Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес құрылған және директорлар кеңесінің шешімі негізінде тіркелген (2002жыл 17 шілдеде директорлар отырысының жиналысында).
Жолаушыларды тасымалдау Ашық акционерлік қоғамындағы Астана қаласы юстииясы басқармаында 2002 жылы 21 мамырда тіркелген.
Филиалдың жеке балансы бар. Оның мүлігі және құралы қоғамның жалпы балансында ескеріледі. Өз іс-әрекетін жүргізу және ұйымдастыру үщін филиал заңды тәртіпте құрылған бланкілерінде ағымдағы шоттарын ашады. Филиалдың қоғамдық ортамен және тасымалдаушылармен , тауар белгісімен, өз атымен алынған мөрі,штампісі және бланкісі болады.
Филиал өздігінен қалыптасқан поездарда және вокзалдарда және Қазақстан темір жолы РМК-сы қызмет ететін басқа да мемлекет шекараларындағы қалыптасқан теміржол әкімшілігінде жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтамассыз етеді.
Филиалдың кірісі орындаған жұмыс көмегінің ауқымынан және жолаушыларды тасымалдау қызметінен “Жолаушыларды тасымалдау” Ашық акционерлік қоғамының тағайындаған есеп айырысу құнының деңгейіне байланысты қалыптасады. Сондай-ақ Қазақстан республикасының заңдылығы тыйым салынбайтын басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырылуына байланысты эксплуатацалаушы жұмысының көрсеткендіктерін орындау үшін есеп айырысу бағалары “Жолаушыларды тасымалдау” Ашық акционерлік қоғамымен бекітіледі. “Жолаушыларды тасымалдау” Ашық акционерлік қоғамы және филиал арасында есептеулер жүргізу және шоттарды көрсету айсайын жүргізіледі. Есеп жағдайлары айсайынғы балансты құруда анықталады. “Жолаушыларды тасымалдау Ашық акционерлік қоғамындағы әр қаржылық жылы филиалға брілмейді.
Мемлекеттік тапсырыс: жолаушыларды жөнелту;
Есептік көрсеткіштер: жолаушылар саны, еңбек ақы қоры, қызмет және жұмыстың өзіндік құны, таза табыс және оның таратылуының бағыты.
Филиал өзінің құрамын тікелкй бағытын құрылымдық бөлімшелерге ие: вокзалдар, жолдық қауіпсіздікті ұйымдастырудың вокзалдық кешендері, сызықтық билетінің кассалары.
Филиалдың негізгі мақсаты болып:
-заңды және жеке тұлғалардың қажеттіліктерін жолаушылық теміржолтасымалдарымен, жүктерді тасымалдаумен уақытылы және сапалы қамтамассыз ету;
-құпия және қызметтік анықтамалар жайылудан сақтау бойынша шара кешендерін жүргізу;
жолаушылардың қауіпсіздігін және почтамен жіберілген жүктің сақтылығын қамтамассыз ету табылады;
Филиалдың негізгі есебі болып:
-халықаралық және ішкі қатынастарда почтаны және жүктерді жолаушы теміржол тасымалдауларымен қамтамассыз ету ету және ұйымдастыру;
-жолаушы шаруашылық объектілерін түзу жағдайда ұстау;
-жолаушыларға сапалы және мәдени қызмет көрсетумен қамтамассыз ету.
Филиал өзіне жүктелген есептеулеріне байланысты келесі қызметтерді орындайды:
-жолаушы станцияларын, вокзалдарын, вокзалды кемелдерін және сызықты кассаларын жұмысымен қамтамассыз етеді;
-филиал болашағындағы негізгі қорларды ағымдағы жөндеу мен қамтиды.
-теміржол билеттерін сатылуын қамтамасыз етеді;
-вокзалдың бос аудандары және жолаушы шаруашылығындағы басқа да объектілердің тиімді қолданылуын. Жолаушыларға қызметтнрді өткізумен және өңдеу бойынша коммерциялық қызметті жүзеге асырады.
-жолаушы поездарының қозғалысын, жолаушылардың немесе жіберілген почталардың, ауыр жүктердің сақтылығын қамтамассыз етеді;
-жолаушыларға қызмет мәдени көрсетуді жоғарлауын қамтамассыз етеді;
-вокзалдың вокзалдық кешендердің жол қауіпсіздігін ұйымдастырудың, сызықтық билет кассалардың жұмысына олардың ақша қаражаттарының сақтылығына бақылауды қамтамассыз етеді;
-жолаушы тасымалдарының рентабельдік және экономикалық жиелікті қамтамассыз етуге бағытталған бағдарламаларды өткізуді жүзеге асырады.
-жолаушыларды тасымалдаулардан олармен байланысты жұмыстардан түскен кірістердің уақтылығына және толықтығына бақылауды қамтамассыз етеді, қаржылық және жоспарлы –экономикалық жұмыстарды жетілдіреді.
-тарифтердің және бағалардың мемлекеттік тәртіпке сақталуын қамтамассыз етеді;
-зияндарды тоқтату бойыеша шараларды қабылдайды, олардың пайда болу шарттарын және себебтерін, құқық қорғау органдарымен өздерінің жұмысын үйлестіре отырып жабады;
-салық салу бойынша заңдылықтарға сәйкес бюджеттен тыс қорларға уақытылы құралдардың енгізілуін қамтамассыз етеді;
-маркетингтік қызметін дамытады;
-баланс жасайды, бекітілген тәртіпте бухгалтерлік, статистикалық есеп және қаржылық есептілік жүргізед, олардың дұрыстығын қамтамассыз етеді, “Қазақстан темір жолы” РМК-ның әдісі бойыеша оларды автоматтандыру бойынша шаралар өткізуді, қаржылық есептілікті дайындау және осы қолдану процесінде есептің жалпы тәтібіне және негізгі принциптерін белгілейді;
-жолаушыларды, жүктерді, ауыр жүктерді, табыстарды, шығстарды, қаржылық және экономикалық көрсеткіштердің жылдық және айлық тасымалдау көлемдерін белгілейді;
-жолаушы шаруашылық объектілерін қолдану арқылы жолаушылардыға қызмет өткізу және өңдеу бойыеша коммерциялық қызметті жүзеге асырады.
Филиал балансында 36 вокзал есептеледі, олардың ішінде:
Кластан тыс-2 вокзал (Алматы-1,Алматы-2)
2 класта-2 вокзал (Семей, Шу)
3 класта-10 вокзал
3-4 класта-22 вокзал.
Филиал жалпы басқаруды қоғам жүзеге асырады. Филиалды басқару бойынша Қоғам компетициясына кіреді:
-Ережеге бекітілулер, өзгертулер және қосымшалар енгізу;
-оның қызметіндегі негізгі бағыты анықтау, оларды орындауда есептеулерді немесе жоспарларды беіту;
-филиал директорын, оның орынбасарын, бас инженерін және бас бухгалтерінтағайындау және жұмыстан шғару;
-штат күнделігін бекіту және филиал құрылымын анықтау;
-филиал бюджетін бекіту;
-филиалды материалды құралдармен таратудың мөлшерін, нысанын және тәртібін белгілеу;
-аудитор қортындыны және есеп қызметінің нәтижесі бойынша жылдық есептерді бекіту, зиандарды жабу және табыстарды бөлу тәртібін анықтау;
-басқа да қызметтер Қазақстан Республикасының заңдылығында және жарлықта қарастырылған.
Филиал қызметі:
1.Қоғамның директорлар кеңесінің шешімі бойынша;
2.Басқа жағдайларда Қазақтан Республикасының заңдылығында бекітілгендермен тоқтатылады.
Филиалдың таратылуы белгіленген заңды тәртіппен жүргізіледі.
1-кесте
2003жылдың 12 ай ішіндегі “Жолушыларды тасымалдау” Алматы регионды жолаушы филиалы Ашық акционерлік қоғамы бойынша жолаушыларды жөнелту бойынша анықтама.
Көрсеткіштердің
Аты
|
өлшем
бірліктері
|
Іс-жүзінде
2003 жыл
|
2004 жыл
|
Ауытқ (+;-)
|
Орындауы %-да.
|
Жоспар
|
Іс-жүзінде
|
2003жыл
іс-жүзінде
|
Жоспар
|
2004жыл іс-жүзінде
|
Жоспар
|
Жолаушыларды жөнелту
|
мың.
Адам
|
3556.89
|
3423.3
|
3435.56
|
-121.32
|
12.267
|
96.6
|
100.4
|
Билеттер бойынща түсім.
|
мың.
теңге
|
5018
|
5639.3
|
5645
|
627
|
5.7
|
112.5
|
100.1
|
“Жолаушыларды тасымалдау” АРЖФ Ашық акципнерлік қоғамының өндірістік қызметін көрсететін негізгі көрсеткіш болып жолаушыларды жөнелту табылады.
2003 жылдың 12 айындағы жоспар 100.4%-ды орындалды, жоспарда 3423.3 мың жолаушы, іс-жүзінде 3435.56 мың жолаушы, бұл 2003 жылдың кезеңіне сәйкес қатысы бойынша 96.6%-ды , өткен жылда іс-жүзінде 3556.89 мың жолаушыны құрады. Өткен жылмен салыстырғандағы артта қалушылықтың негізгі себебі болып: Шығыс басқармалардан Неверовск, Массальск,Третвяков,Ремовский станцияларындағы Ресей Федерацияларының шекарашыларының шешілмеген сұрақтардан билеттерді сату бойынша операцияларының жабылуы табылады,. Бұл себеп бойынша біз 22000 жолаушыларымызды жоғалттық.
Билеттер бойынша түскен түсім 2004 жылы 5645 миллион теңгені , жоспар бойынша 5639.3 миллион теңгені құрд, 100.1%-ға орындалған 2002 жылдың кезеңіне сәйкес ауытқу бойынша 112.5 құрады. (Өткен жылдың іс-жүзі бойынша 5018 миллион теңге.
2-кесте
2004 жылдың 12 айындағы жолаушыларды жөнелту бойынша анықтама.
Көрсеткіштердің аты
|
Өлшем бірлік
|
2003 жылғы іс-жүзінде
|
2004 жыл
|
Ауытқу (+;-)
|
%-орындау
|
жоспар
|
Іс-жүзінде
|
Жоспар
|
Іс-жүзінде
|
2003 жоспарланған
|
жоспар
|
Жолаушыларды жөнелту.
|
мың адам
|
3435.65
|
3382.6
|
3413.17
|
22.48
|
30.57
|
99.3
|
100.9
|
Билеттер бойынша түсімдер
|
млн теңге
|
5644.81
|
5793.5
|
5832
|
187.182
|
35.5
|
103.3
|
100.7
|
2004 жылдың 12 айындағы жоспар 100.9%-да орындалған жоспар бойынша 3382.6 мың жолаушы, іс-жүзінде орындаушылар 3413,17 мың жолаушы құрады, бұл 2003 жылдың кезеңіне сәйкес қатынас бойынша 99.3 %құрады. Өйткені жылдың іс- жүзі 3435.6 мың жолаушы.
2004 жылдың 12 айындағы билетер бойынша түсімдер 100.7%-ға орындалғн, жоспар бойынша 5793.5 миллион теңге , іс-жүзінде орындаушылар 5832.6 миллион теңгені құрады, бұл 2003 жылға сәйкес қатынасы бойынша 103.3%-ды құрады. Өткен жылдың іс-жүзі 5644.81 миллион теңгені құрады.
Өткен жылғы орындаларға келесі объектілер әсер етеді:
1.Жазғы кезеңде толық схема бойынша 141 вагон қосылмаған , шілдеде 130 вагон және тамызда 61 вагон.
2. 2003 жылмен салыстырғанда жолаушы вагондарының парктерінің азаю есебінен 1382 вагон 2004 жылы 1173 вагон, поезд құрамдарының сызбасына 209 вагон аз енгізілді, бұл 3600 жолаушыны жоғалтты. Жоспарланудың орындлуы жаңа поездардың қосымша жүруі №112 бағытында Алматы-Астана №25/06 қабылдушы Алматы-Шымкент, қосымша жылдам жүретін поездар №29/30 қабылдау Алматы-Астана жаңа жылға дейінгі аралық..
1.2 “Қазақстан темір жолы ұлттық компанисы” ашық акционерлік
қоғамынқоғың есептік саясаты.
Жалпы ережелер.
-
”Қазакстан темір жолы” ұлттық компаниясы” жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі –“ҚТЖ”ҰҚ”ЖАҚ) есептік саясаты “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы”26.12.1995-тегі №2732 Қазақстан Республикасының Заңы, бухгалтерлік есепті реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекітілген бухгалтерлік стандарттары, оларға берілген әдістемелік ұсыныстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері негізінде әзірленді.
-
“ҚТЖ”ҰҚ”ЖАҚ-тың есептік саясаты біріктірілген қаржылық есеп дайындау кезінде олардың орналасқан жеріне қарамастан оның барлық құрылымдық бөлімшелеріне және акцияларының пакеттері “ҚТЖ”ҰҚ”ЖАҚ-тың жарғылық капиталына берілген акционерлік қоғамдарға бұдан әрі-Қоғамдар) таратылады.
-
“ҚТЖ”ҰҚ”ЖАҚ-тың бухгалтерлік есебі және қаржылық есепті жасау есептеу принципі негізінде жүргізіледі, оған сәкес кірістер мен шығыстар бухгалтерлік есепте танылады және олардың келіп түсуіне немесе пайда болуына қарай (ақша алу немесетөлеу негізінде емес) қаржылық есептерде көрсетіледі.
Бухгалтерлік есеп жүйесі және қаржылық есеп-қисап.
4. “Қазақстан темір жолы” РМҚ-да бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйелерін реттеу мына нормативтік құжвттарға.
-
“Бухгалтерлік есеп туралы” Қазакстан Республикасы Президентінің заң күші бар 1995жылғы 26 желтоқсандағы №2732 Жарлығына;
-
Бухгалтерлік есеп стандарттарына және оларға жасалған әдістемелік ұсыныстарына;
-
Қаржылық есептерді дайындауға және тапсыруға арналған тұжырымдамалық негізге;
-
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттыұ комиссиясы бекітілген 1996 жылғы 18 қарашасындағы №6 Субьектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шотының бас жоспарына;
-
Уәкілетті және құжыретті органдар қабылдаған нұсқаулықтарға;
-
Табиғи монополия субьектілері қызметтерді (тауарды,жұмыстарды)өндіру және көрсету бағаларын тарифтерін) тәртібі туралы нұсқаулыққа;
-
“Қазақстан темір жолы “ РМҚ-ның есептік саясаты;
-
Басқа құжаттар: Есептік саясатқа экономикалық тұрғыдан негізделген өзгерістер енгізетін және оның талаптарын жүзегеасыраты “Қазақстан темір жолы “РМҚ-ның бұйрықтарына ,өтімдеріне нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
-
Филиалдың бас бухгалтер басқаратын және өз қызметінде орталық бухгалтерия мен филиалдың басшысына бағынатын дербес бухгалтериясы болады.
-
Филиалдар бухгалтерлік есептің жүргізілуін жүзеге асырады, берілген көлемде Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі бекіткен нысандар бойынша қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат және Бухгалтерлік есеп стндарттарына сәйкес әзірленген әрі “Қазақстан темір жолы” РМК бекіткен нысандар бойынша өндірістік есеп-қисап жасайды және белгіленген мерзімде басқару органдарына (қаржы-экономикалық орталықтар мен бухгалтерлік есеп басқармасы)береді.
Қаржы-экрномикалық орталықтар жиыетық есеп-қисап жасайды және оны заңды тұоға ретінде негізгі ұйымның жиынтық есеп-қисабын жасау үшін “Қазақстан темір жрлы” РМК-ның Бухгалтерлік есеп басқармасына тапсырылады.
6.”Қазақстан темір жолы” РМК-ның біріктірілген қаржылық есеп-қисабының құрамына еншілес мкмлекеттік кәсіпорынның және “Қазақстан темір жолы” РМК-ның қаржылық есеп-қисабы енгізіледі.
7.”Қазақстан темір жолы” РМК тоқсандық және жылдық біріктірідген қаржлық есеп-қисабы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министірлігі (оны әрмен қарай белгіленген мерзімдеҚазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тапсыру үшін) мен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу,бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне (құзыретті орган )тапсырады.Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігібекіткен нысандар бойынша жылдық (аудиторлық ұйым растаған) және тоқсандық қаржылық есеп-қисапты қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды жүзеге асырады.
8.Қаржылық есеп-қисап ұлттық валюта-теңгемен жасалады.
9.Операциялық қызмет бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп тікелей әдісті қолдану арқылы жасалады.
10.Өткен кезеңдердің жасаған кезде жіберілген қабілеттерді түзету “”Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралыесеп”атты 3-бухгалтерлік есеп стандарттарын 6,7-баптарына сәйкес жүргізіледі.
Өткен кезеңдерге жататын елеулі қателіктерді түзету бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосын өзгерту есебінен жүзеге асырылады.
11.”Қазақстан темір жолы” РМҚ-да бухгалтерлік есепті жүргізу:
1)қалдық тәсілмен;
2)автоматтандырылған тәсілмен жүзеге асырылады.
12)Бухгалтерлік есеп автоматтандырылған кезде филиалдар “Қазақстан темір жолы” РМК-да қаралған біріңғай бағдарламалық қамтамассыз етуді пайдаланады. Рлар өз әзірлемелерін қолданылған жағдайда өңделетін мәліметтердің біріңғай кодтары және бхгалтерлік есептің әрбір тарауы бойынша біріңғай кодтары және бухгалтерлік есептің әрбір тарауы бойынша біріңғай шығу нысандары бар мінддеттің жалпы қойылымы қамтаммассыз етілуі тиіс.
13)”Қазақстан темір жолы” РМК-да типтік шаруашылық қызметінің операциларын атқару кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті бекіткен 1997 жылғы 18 қарашадағы №64 “Субьектілердің қаржы шарушылық қызметінің бухгаотерлік есебі шрттарының бас жоспары бойынша типтік шаруашылық операциялары шоттарынң корреспонденциялары” қолданылды.
Күрделі қаржы салымдары.
14) Күрделі қаржы салымдары,қайта жаңарту мен жетілдіру “Қазақстан тмір жолы” РМК-да инвестициалық бюджет шкгінде жүзеге асырылады. Күрделі қаржы салымдарының көлемі шаруашылық және мердігерлік тәсілмен орындалады.
15) Күрделі қаржы салымдарының себі аяқталмаған құрылыс” атты 126 шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізгі құралдардың дайын сатып алынған обьектілерін есепке алу, шаруашылық және мердігерлік тәсілмен орындалатын құрылыс монтаж жұыстарын есепке алу, негізгі құралдардың құнын ұлғайтпайтын шығындарды және обьектілердің құнын өсіретін шығындарды еепке алу үшін субшоттар ашылады.Күрделі қаржы салымдарынң таоламалық бухгалтерлі есебі әрбір объект бойынша шығын баптары мен элементі бойыеша жүргізілді.
16)Негізгі құралдар объектілерінің құнын ұлғайтатын шығындарға қолданылып жүрген объектілерінің жтілдіруіне, қайта жаңартылуынажұмсалатын шығындар және қызмет ету мерзімінін ұлғаайтатын күрделі жөндеу жатады. Мұның өздерінде кезектегі болатын күрделі қаржы салымдары нәтижесінденегізгіт құрал объектілері құнының ұлғаюы бастапқы бағаланған нромативтік көрсеткіштерін: қызмет ету мерзімін, өндірістік қаттылығын және т.б арттыратын болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Күрделі қаржы салымдарының шығындарына күрделі қапжы жөндеу жөніндегі мына жұмстар жатады:
1)Жол шаруашылығы бойынша:
а) жолдың жоғарғы қабат құрлысын ауыр үлгідегі рельістермен ауыстыру;
б) бір үлгідегі бұрмалы бағыттамаларды басқа үлгідегі бұрмалы бағыттамалардың көлбеу маркаларымен ауыстыру (бұрмалы бағыттамалардың темір бөліктрін түгел ауыстыру);
в)бұрмалы бағыттамаларды темір бетон біреулрге салу;
г) ағаш шпалдарды темір бетон шпалдарға ауыстыру:
д) жасалған құрылыстардың аралық құрылыстарын беріктеу әрі төзімдірек материалдардан жасалған үнемді құрылыстармен ауыстыру;
2) электірлендіру және энергетика, сгнализация және байланыс шаруашылықтары бойынша:
а) әуе желілерін кабельдік желілер мен ауыстыру;
б)ілмектерден траверлерге ауыстыру;
в) қолданыстағы травестерге немесе ілмектерге жаңа сымдарды алу немесе қолданыстағы сымдардың сапасы мен бағасы жоғары сымдармен ауыстыру;
г) қолданыстағы тіректерді темірбетон негіздеріне орнату;
д) әуе желілері таратқышының ағаш тіректеріне ауыстыру;
е) фарфор оқшаулытқыштарды шыны, жетілдірілген керамикалық және полимерлік оқшаулатқыштармен (түіспелі желіге, жоғары вольтті электір беріліс желілеріне арналған аспалы, консольдік фиксаторлық оқшаулытқыштар) ауыстыру;
ж) тіркелген (ауыспалы тоқтың түйіспелі желісі) оқшаулағыштар санын арттыру арқылы оқшаламаны нығайту;
з) тартымдылық қосалқы станциалардың стационарлық аккумуляторлық батареяларының ыдыстарын ауыстыру (ағаш ыдыстарын эбониттік ыдыстармен);
3) локомотив шаруашылығы бойынша.
а) агрегаттар мен тораптарды қуаттылығы жоғары агрегаттармен және тораптармен ауыстыру (дизельгенераторлық қондырғылар, тартым қозғалтқыштары, редукторлар, электр қозғотқыштары);
4)жолаушы (вагон) шруашылығы бойынша:
а) агрегаттармен топтарды қуаттылығы жоғары агрегаттармен және топтармен ауыстыру (редукторлар , климаттық қондырғылар, тежегіш жабдықтар);
б)сыртқы және ішкі интерьерін қайта жабдықта арқылы вагон үлгілерін өзгерту (жолаушы вагондарын багаж вагондары етіп, жолаушы платскарт вагондарын купелі вагондарға);
5) азаматтық құрылыс, сумен жабдықтау және синтехқұрылғылар шаруашылықтары бойынша:
а) агрегаттар мен тараптрды қуаттылығы жоғары агрегаттар мен тораптарды ауыстыру (құрылыстар, электр двмгательдері, жылыту қазандықтры, сорғылар, санткхникалық аспаптар).
Негізгі құралдардың құнын ұлғайатын күрделі жөндеу кезіндегі қайта жаңарту мен жетілдіру жолдары “Аяқталмаған құрылыс” 126 шотында есепке алынады. Жұмыстар аяқталған соң
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ.
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі артуы кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыртатын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияның есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 3-аналитикалық кесте құрылады.
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 5512371 мың теңгеге немесе 51,9-ға артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндігін, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильдәілігін іске тартылу деңгейін анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы малдар құндары қосылады 19.
Екінші әдістеме кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады 2. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. “Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни қалыпты болып есептеледі” – деп жазады А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.
Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда 2003 жылы – 627075 мың теңгені, 2004 жылы – 913416 мың теңгені құрайды, яғни 286341 мың теңгеге немесе 4,5%-ға өскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі есепті жылы ........пунктке кемігенмен 2004 жылы – 8,60%-ды құрайды, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.
1-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату 2004 жылдың пайдасына шешіледі. Егер ағымдағы активтердің үлесі 2004 жылда – 77,39 пунктке көп болса (88,69 – 11,30), 2003 жылы ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 84,75 пунктке кеміді (92,37 – 7,62) және 92,37%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтерден 28 есеге кем (111,66:40,3) болып отыр.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады, яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.
Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі 2003 жылы – 0,88 (4527269:5104322), ал 2004 жылы – 0,92 (9806651:10616693) құрады.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорында берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы керек.
Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі 2003 жылы –7,84 (4527269:577053), ал 2004 жылы – 11,44 (9806651:857130) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 2,1 есеге (9806651:4527269), ал екіншілері 1,9%-ға (810042:577053*100) ғана өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық соммасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.
Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі 2003 жылы – 11,35%-ды, ал 2004 жылы – 8,07% -ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне .......пункт сәйкес келмейді. Негізгі құралдардың жалпы құнындағы оның активті бөлігінің (жұмыс машиналарының құны, өндірістік жабдықтар мен тасымал құралдарының құны) үлесін анықтау өте маңызды және бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі. Алайда біздің кәсіпорында негізгі құралдардың активі бөлігінің үлес салмағы 2004 жылы 2003 жылдағы 0,33-ке қарағанда 0,29-ды құрады. Негізгі құралдардың акивті бөлігінің үлесінің 0,04 пунктке кемуі, олардың өсу қарқынының барлық негізі құралдарының өсу қарқынынан айтарлықтай дәрежеде артта қалуының нәтижесінде болып отыр. Барлық негізгі құралдардың құны ..... () () өскен кезде оның активті бөлігінің құны тек ......... ғана () өскен. Бұл әрине кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті. Біздің кәсіпорынымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті 2003 жылы (), ал 2004 жылы () құрайды, яғни 0,05 пунктке өскен. Бұл мәліметтер, негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуы айтпай-ақ, олардың 2/3-ден көбі табиғи (физикалық) тозғандығын және ескергендігін көрсетеді. Кейбір экономистердің бағалаулары бойынша 50%-дан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс болып табылады. Осы байланысты кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аударуы тиіс.
Әрі қарай, келесі 2-аналитикалық кестені қарастыра отырып, ағымдағы активтің құрамы мен құрылымын талдау қажет.
4-кесте.
Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы.
№
|
Көрсеткіштер
|
01.01.2003 ж.
|
01.01.2004ж.
|
2003ж.-2004 ж. өсуі (+), кемуі (-),%
|
сомасы, мың тг.
|
Үлес салма-ғы, %
|
сомасы, мың тг.
|
үлес салма-ғы, %
|
1.
|
Ағымдағы активтер, соның ішінде:
1.1.Тауарлы-матариалдық қорлар
1.2. Дебиторлық борыш
1.3. Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық инвестиция-лар
1.4. Басқа да ағымдағы активтер
|
4527269
47232
4452245
27792
152
|
100
1,04
98,34
0,61
0,003
|
9806651
56286
9723991
26687
13750
|
100
0,57
99,15
0,27
0,14
|
46,06
19,16
18,40
96,02
90,46
|
Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер, яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 1105 мың теңгеге немесе 2,6%-ға азайған.
Ағымдағы активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықтайтын айналым қаражатының мобильдік коэффициенті (ағымдағы активтердің) 0,6 есеге азайған және 0,27%-ды ғана құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың үлесін көрсетеді.
Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражатының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда нарық жағдайында айналым қаражатының төмен мобильдегі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетеді.
Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылдары .... өсті және ол 2004 жылы 56286 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,69 пунктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса өте төмен (0,57%) болып отыр. Бұл жағдайда, материалды айналым қаражатының құрамында сұранысы бар немесе шектеулі сұранысқа ие болатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді. Біздің кәсіпорындарымызда материалдық ағымдағы активтер негізінен дайын өнім есебінен, олардың көлемі (дайын өнімнің) 2004 жылы болмаған.
Есепті жылдары дебиторлық борыш та өскен. Егер оның көлемі 2003 жылы – 4452245 теңгені құраса, 2004 жылы – ол 9723991 теңгені құрайды немесе 45,78%-ға өскен, ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 0,81 пунктке көбейген (99,15 – 98,34).
Дебиторлық борыш неге мұнша көп өскендігін және бұл бапты не үшін түсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Алайда, айта кеткен жөн, ақша қаражатының бір бөлігі есепті жылдары ұзақ мерзімді инвестицияларға бағытталған, олардың көлемі бұл кәсіпорында жоқ.
Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалды құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борышты әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.
Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің мобильдігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізінен және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет.
Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді.Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуының нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттігіне ешбір ықпал етпейді.
Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым құжаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.
Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылуы ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.
Қарыздардың қайтарылмау пайызы бірнеше жылдардың орташа мәліметтері бойынша есептелінеді. Мысалы, есептеу үшін 3 жылдың мәліметтері алынған, олар: 1,9%; 3,3% және 6,8%-ды құрайды. Үш жыл үшін дебиторлық борыштың қайтарылмауының орташа пайызының 4,0%-ға тең. Алайда, оны зерттеліп отырған кезеңдерге ұғынбай таратуға болмайды. Нақты жағдайларды ескеру қажет, мысалы қайтарылмайтын пайызының байқалған өсу бағытын. Сондықтан келесілерді зерттеу керек:
-
бір немесе бірнеше негізгі қарыз тұлғаларды үлесіне қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша пайызы келеді (бұл пайыз қайтарылмайтын қарыздың шоғырлануын сипаттайды);
-
негізгі қарыз тұлғалардың ішінде біреуінің борышты төлемеуі, кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ете ме;
-
қалыптасу мерзімі бойынша дебиторлық борышты қалай бөледі;
-
ескі вексельдің ұзарту дебиторлық борыштағы вексельдердің қандай үлесін көрсетеді;
-
тұтынушының пайдасына жеңілдіктер (бағасын кеміту) мен басқа да жағдайлар есепке алынған ба, мысалы, оның өнімді қайтару құқығы;
Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады.
Сапа дегеніміз – бұл осы қарызды толығымен қайтарып алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзіміне байланысты болады. Тәжірибе көрсеткендей дебиторлық борыштың мерзімі қаншалықты ұзақ болса, оны қайтарып алу ықтималдылығы соншалықты төмен болады.
Дебиторлық борыштың мөлшері мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |