Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттік жағдайы. Арзикулова Рахат Калмахамбетова Тұжырым



Дата09.07.2016
өлшемі72.71 Kb.
#187804
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттік жағдайы.
Арзикулова Рахат Калмахамбетова
Тұжырым
Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстанның жағдайы соңғы жылдарда жылдан-жылға нашарлап келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жалпы өнеркәсіптің әр түрлі салаларына жататын отандық кәсіпорындарға байланысты. Соңғы жылдары елдің жалпы экономикалық көрсеткіштеріне тамақ өнеркәсібі қызметі көрсеткіштерінің ықпалының күшейгені байқалады. Қазақстанда кондитерлік өнім нарығының дамуын қысқаша сипаттайтын болсақ: нарықты отандық кондитерлердің күш-жігері сақтап отыр, алайда қазақстандық нарықты импорттық өнімнің басып алу үдерісі белең алып келеді. Экономиканың тұрақты дамуға көшу жағдайында кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқару қажет. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорындар ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықты қалыптастыруға және өздерінің ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуі тиіс.

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық -ірығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму деңгейі төмен, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі кеткіліксіз ел ретінде сипаттауга болады.

Біздің экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету миссиясын жаңадан құрылған Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік орындауға тиіс. Агенттіктің кең өкілеттіктері бағаны келісумен, адал емес бәсекелестігімен, нарық субъектілерінің үстемдігімен монополиялық жағдайда асыра пайдалануымен жүргізетін «күресте» табысқа жетуді, сондай-ақ қазақстандық бизнестің әлемдегі жайғасымын нығайтуды камтамасыз етуі тиіс. Елімізде кәсіпкерлік белсенділіктің өркендеуі үшін елеулі негіз болатын жаңа заң қажет [1].

2008-2009 жылдардағы ғаламдық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі есептің жарияланымында Қазақстанның 6 тармаққа төмендеуі республика басшылығы қойған 2006 жылы әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру мақсатын қайтадан бағалауға мәжбір етеді [2].

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстанның жағдайы соңғы жылдарда жылдан-жылға нашарлап келеді. Егер 2006-2007 жылдары республика 50-ші орында болса, 2007-2008 жылдары - 61-ші, ал 2008-2009 жылдары 66-шы орынға, 2010-2011 – 72-ші орынға төмендеп, 2011-2012-ші жылдары 72-ші орында қалды [3,4]. Рейтингіге барлығы 131 мемлекет, ал 2010-шы жылдан бастап 142 мемлекет қатысты. Мұның өзінде тізімнің жоғарғы жартысына кіретін Балтық мемлекеттері мен Қазақстан өздерінің жайғасымын айтарлықтай нашарлатты [5].

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік жеті балдық шкала бойынша бағаланады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттіліктің жалпы бағасы 2008 жылы 4,1 балды, ал 2012-ші жылы 4,18 құрады.

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жалпы өнеркәсіптің әр түрлі салаларына жататын отандық кәсіпорындарға байланысты. Соңғы жылдары елдің жалпы экономикалық көрсеткіштеріне тамақ өнеркәсібі қызметі көрсеткіштерінің ықпалының күшейгені байқалады.

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі өнеркәсіптің халықты саны мен сапасы бойынша қажетті тамақ өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуге тиіс стратегиялық маңызды саласының бірі. Тамақ өнеркәсібінің құрамына 30-дан астам арнайы мамандандырылган сала, шағын сала мен жекелеген өндіріс кіреді.

Қазақстанның осы саласында 4059-ға жуық онеркәсіптік кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейді, оның 80%-ын шағын және орта кәсіпорын құрайды. Тамақ өнеркәсібінде 67,0 мың адам немесе өнеркәсіпте барлық жұмыс істейтіндердің 10,5 %-ы жұмыс істейді.

Тамақ өнеркәсібінде өндіріс ауқымын өнемдеу тиімді, яғни шығарылатын өнімнің өндіріс ауқымы арттырылса, өнім өндіруші өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Сондықтан қазіргі уақытта әлемдегі тамақ өнеркәсібі саласында деңгейлес интеграция процестері орын алуда.

Қазақстанда кондитерлік өнімді тұтынудың деңгейі дәстүрлі түрде жоғары, сондықтан тамақ өнеркәсібінің кондитерлік саласы қазақстандықтар үшін де, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін де өте тартымды болып табылады.

Қазақстанда кондитерлік өнім нарығының дамуын қысқаша сипаттайтын болсақ: нарықты отандық кондитерлердің күш-жігері сақтап отыр, алайда қазақстандық нарықты импорттық өнімнің басып алу үдерісі белең алып келеді.

Экономиканың тұрақты дамуға көшу жағдайында кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқару қажет. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорындар ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықты қалыптастыруға және өздерінің ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуі тиіс.

Бүгінгі күні отандық өндірушілер мен олардың өнімінің бәсекеге кабілеттілігін арттыру міндетіне мемлекеттік деңгейде назар аударылады. Кейбір елдерде, АҚШ-тың үлгісімен экономиканың әр түрлі салаларының бәсекеге қабілеттілігін бағалаумен және осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеумен айналысатын арнайы комиссиялар мен комитеттер құрылған.

Күннен-күнге өршіп келе жатқан бәсекенің ықпалынан ұйымдардың коршаған ортасында орын алған күтпеген және жиі өзгерістер ұзақ мерзімді жоспарлау өдістерінен бастап бәсекелік артықшылық теориясын жасау және одан әрі бәсекелестерді қадағалаудың оралымды әрі жетілдірілген жүйесін құру, сондай-ақ осыған сай стратегия әзірлеу қамтылатын бәсекеге кабілеттілікті басқару өдістерінің даму өрдісі қалыптасты. Американдық ғалым Майкл Портердің пікірінше: «Бірде-бір ел немесе бірде-бір компания бәсекелестіктің шын мәнінде қажет екенін жоққа шығара алмайды. Олар бәсекелік күресті түсініп, осы өнерді игеруге тиіс» [6].

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің жайғасымын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор. Шетелдік компаниялар тарапынан үдеп келе жатқан бәсекеге төтеп беру үшін біздің өнім өндірушілер жаңа қалыптасқан бәсекелік ахуалга сәйкес жедел және стратегиялық басқарудың жаңа тәсілдерін енгізуге мәжбүр болып отыр.

Үкімет әлемдік дағдарыстың ауыр салдарына жол бермеумен қатар, жаңа өндіріс құру арқылы инфрақұрылымды жаңарту мен экономиканы әртараптандыру жобаларын іске асыруға арналған мемлекеттік шығынды арттыра отырып, сонымен бірге нарықты дамытуда бәсекелестік көрестің негізін қалау міндетін қойып отыр.

Қазіргі уақытта бәсекелестікті талдау мен бағалаудың өте көп әр түрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда отандық кәсіпорында осы әдістер өте төмен деңгейде қолданылады. Біздің ойымызша, бұған осы әдістерді пайдалануға қажетті ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан қажетті ақпараттық базаның, білікті мамандардың жоқтығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандарын тарту үшін қаражаттың болмауы қолбайлау болып отыр. Сонымен бірге Қазақстанда бәсекелестік артықшылықтарды талдау мен бағалау негізінде компаниялар қолайлы әдісті таңдайды. Соған қарамастан оны нақты шаруашылық жүргізу жағдайына бейімдеуге мүмкіндік беретін компанияны басқарудың экономикалық жағынан негізделген принциптерінің нақты жүйесі әзірленбеген.

Көп жағдайда кәсіпорында сыртқы және ішкі орта факторларының жиынтығының іс-әрекетін ескеретін бәсекеге қабілеттілік стратегиялары әзірленбейді. Қазақстанда қолданылатын нарықтық механизмдердің, мемлекеттік реттеу мен қоғамдық-саяси механизмдердің Қазақстанда дамымауы және олардың тиімсіздігі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал етпейді.

Қазіргі жағдайда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру теориясы мен практикасын дамытудың практикалық және теориялық маңызы зор. Нарықтағы бәсекелестік жағдайында қызмет тиімді жүзеге асырылса, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі өздері өндіретін өнімнің қажеттілігі мен ұдайы өндірісті кеңейтуге, инвестициялық қызметті, технологияларды жаңартуға мүмкіндік беретін төлемге қабілетті сұранысты қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Осыған байланысты фирманың бәсекеге қабілеттілігін басқару мақсаттарының сол немесе басқа әдісті қолдануға болатын экономикалық принциптерді қарастырып талдау қажет. Аталмыш әдістер фирманың бәсекелестік стратегиясы мен оның бәсекелестік артықшылықтары негізделетін ең шынайы әрі іс жүзінде құнды нәтиже алуға ықпал етеді.

жағдай кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың қолданылатын әдістемелерінің, сондай-ақ отандық кондитерлік кәсіпорындардың ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің тиімділігін едәуір дәрежеде төмендетеді.

Осыған байланысты кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлеудің ғылыми мәселесі туындап отыр. Осы әдістемеге сәйкес Қазақстан нарығындағы бәсекелік ортаны кешенді бағалау негізінде осы саладағы кәсіпорындардың ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықтарын қалыптастыруға және келешектегі экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған тиімді өсудің стратегиясын әзірлеуге болады.

Басқару саласы ғылымдарының өкілдері бәсекелестік жағдайды талдауда компанияларды стратегиялық басқару процесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Бәсекелестікті талдау (SСІР) мәселесімен кәсіби деңгейде айналысатын халықаралық талдаушылар қоғамы мүшелерініһ, атап айтқанда Дж.Е. Прескоттың, Д. Смиттің, Р. Фифердің және т.б. жұмыстарын ерекше атап өтуге болады. Осы ғалымдардың еңбектері негізінен компанияларда бәсекелестерді қадағалау жүйелерін енгізу және SWOT - талдау, бәсекелестік бейіндерді талдау, бенчмаркинг, сценарийлерді талдау, бәсекелестерді қадағалау жүйелерінің аудиті, имитациялық модельдеу және т. б. сияқты бәсекелестерді талдау мен бағалаудың техникалық тәсілдерін әзірлеудің күрделі мәселелеріне арналған.


Список литературы и ссылок:

  1. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан халқына Жолдау // Егемен Қазақстан, №64, - 2009 жылғы 6 наурыз.

  2. Қазақстан Республикасының Даму стратегиясы «Қазақстан – 2030».

  3. US Competitiveness Ranking Continues to Fall; Emerging Markets Are Closing the Gap | World Economic Forum-US Competitiveness Ranking Continues to Fall; Emerging Markets Are Cl …

  4. http://www3.weforum.org/docs/WEF_GCR_CompetitivenessIndexRanking_2011-12.pdf

  5. «Қазақстанның ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін рейтингін IMD әдістемесі бойынша зерттеу» тақырыбы бойынша есеп (сонғы есеп). – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігінің Экономикалық зерттеулер институты. – Астана, 2008. 138б.

  6. М.Портер. Конкуренция. Пер.с англ. – М.: Издательский дом «Вильямде», 2000. – С.15.495с.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет