Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына салыстырма кесте



Дата08.07.2016
өлшемі77.62 Kb.
#184665


«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

салыстырма кесте


Р/с №


Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:

1) түзетудің мәнін;
2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет


1

2

3

4

5




Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 123 қаулысы

1.

3-тармақтың

3-тармақшасы



3) 022 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер».


алып тасталсын

«2014 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын ұлғайту және 2014 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын 2015 жылы пайдалану (толық пайдалану), «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы №139 қаулысына және Республикалық бюджет комиссиясының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 2 хаттамасына сәйкес 2015 жылға жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған шығыстар азайтылуда

2.

5-тармақтың

1-тармақшасы



5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:
1) скринингтік зерттеулер жүргізуге:

балалар мен ересектердің нысаналы топтары арасында «В» және «С» гепатиттерін анықтауға;

әйелдер арасында жатыр мойны обырын анықтауға;

ересек тұрғындар арасында колоректалдық обырды екі кезеңдік әдіспен анықтауға;
ерлер арасында қуықасты безі обырын анықтауға;

тұрғындар арасында өңеш обырын, асқазан және бауыр обырын анықтауға;

сүт безі обыры бойынша скринингтің екінші кезеңін жүргізуге;


5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:
«1) скринингтік зерттеулер жүргізуге:

әйелдер арасында жатыр мойны обырын анықтауға;

ересек тұрғындар арасында колоректалдық обырды екі кезеңдік әдіспен анықтауға;
Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы, Астана мен Алматы қалаларындағы ерлер арасында қуықасты безі обырын анықтауға;

Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары арасында өңеш обырын, асқазан және бауыр обырын анықтауға;

сүт безі обыры бойынша скринингтің екінші кезеңін жүргізуге;»;




«2014 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын ұлғайту және 2014 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын 2015 жылы пайдалану (толық пайдалану), «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы №139 қаулысына және Республикалық бюджет комиссиясының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 2 хаттамасына сәйкес Ақмола, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Онтүстік Қазақстан облыстары бойынша қуықасты безі, бауыр, өңеш және асқазан обырларын анықтауға және балалар мен ересектерде «В» және «С» гепатиттерін анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізу бойынша шығыстар азайтылуда

3.

6-тармақ

Осы Қағидалардың 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды қоспағанда, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары уәкілетті орган бекіткен ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына сәйкес ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асырады.


Осы Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда онкологиялық, маммологиялық кабинеттер, консультациялық-диагностикалық емханаларда (орталықтарда), көп бейінді ауруханалардың бөлімшеле-рінде проктологиялық кабинет ашуға және олардың жұмыс істеуіне арналған шығыстарды қоспағанда, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары уәкілетті орган бекіткен ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына сәйкес ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асырады

Осы тармақта онкологиялық диспансерлерде (бөлімшелерде) амбулаториялық химиотерапия кабинеттерін, онкологиялық диспансерлерде әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарды ұстауға арналған шығыстарды алып тастау қажет, өйткені олар «жаһандық бюджет» шеңберінде онкологиялық науқастың кешенді тарифін есептеу кезінде қаржыландыру көлеміне қосылған

4.

4-тарау

4. Жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

13. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға пайдаланылады.

14. Уәкілетті орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен келісу бойынша «Денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдарын медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың минимальды стандарттарын (нормативтерін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 27 қазандағы № 850 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарына (нормативтерге) сәйкес жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдары үшін сатып алынатын медициналық техниканың, медициналық емес жабдықтың, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажеттілігін әрбір өңір бойынша айқындайды.

Жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері үшін медициналық техникаға, медициналық емес жабдыққа, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттіліктің негізінде уәкілетті орган ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын пайдалану бағытын және медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің шеңберінде сатып алынатын медициналық техниканың, медициналық емес жабдықтың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін айқындайды.

15. Медициналық емес жабдықты, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыруды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес, медициналық техниканы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына сәйкес уәкілетті орган айқындаған сомаларды пайдалану бағыты мен сатып алынатын медициналық техниканың, медициналық емес жабдықтың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың

тізбесі шеңберінде жүзеге асырады.



алып тасталсын


«2014 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын ұлғайту және 2014 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын 2015 жылы пайдалану (толық пайдалану), «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын

іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 139 қаулысына және Республикалық бюджет комиссиясының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 2 хаттамасына сәйкес 2015 жылға жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған шығыстар азайтылуда






Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму вице-министрі А. Цой



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет