Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 Қаулысы «Ішкі су көлігі туралы»



бет3/6
Дата09.06.2016
өлшемі386.5 Kb.
#125327
1   2   3   4   5   6
§ 13. Ауысым механигі

 

137. Жұмыстың бригадалық әдісі кезінде механик болмағанда ауысым механигі оның өкілеттіктерін пайдаланады және функцияларын орындайды.

138 Кемеде механик және ауысым механигі бір мезгілде болған кезде соңғысы өзі алмастыратын тұлғаның міндеттерін орындайды және оның құқықтарымен пайдаланады.



 

§ 14. Механиктің бірінші көмекшісі



 

139. Механиктің бірінші көмекшісі тікелей механикке бағынады. Кеме рейсте болған кезде механиктің өз міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оның функцияларын кеме иесі белгілейтін пунктке дейін көшу кезеңіне (10 тәуліктен артық емес) механиктің бірінші көмекшісі орындайды (бұл ретте кезекшіліктердің ұзақтығы осы Жарғыда белгіленген уақыттан аспауға тиіс).

140. Механиктің бірінші көмекшісінің қарамағында:



1) қызмет көрсететін барлық техникалық құралдармен басты қозғалтқыштар, білік құбырлары, дейдвудтық құрылғылар, қозғаушылар, рульдік құрылғының, табиғат қорғау жабдығының механикалық бөлігі;

2) кемедегі балластық, кептіргіш және өртке қарсы жүйелер; отын және май танктері мен цистерналары; отын және май жүйелері; авариялық жабдықтар және машина бөлмелерін жабдықтау;

3) жүк көтергіш механизмдер және машина бөлмелерінің құрылғылары;

4) өзінің меңгеруіндегі автоматтандыру құралдары және бақылау-өлшеу аспаптары болады.

141. Механиктің бірінші көмекшісі өзінің меңгеруі бойынша:



1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;

2) кеме техникасының істен шығуын өзі немесе өзіне бөлінген мамандарды тарта отырып жояды;

3) өзіне бөлінген мамандардың жұмысына басшылық жасайды, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді;

4) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалау қызметтері орындайтын, кеме техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылайды;

5) техникалық қызмет көрсетулерді орындаған кезде машина бөлімшесіндегі ауыр салмақты механизмдерді көтеруге экипаж мүшелерімен бірге өзі басшылық жасайды;

6) техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді орындағаннан кейін қозғалтқыштарды бұру және сынақ ретінде іске қосу кезінде қатысады;

7) тиеудің алдында капитанның екінші көмекшісімен бірлесіп, жүк бөлмелерінің жабдықтарын қарайды және олардың жарамдылығын тексереді;

8) материалдық-техникалық жабдықтаудың қолда барын тексереді және оған өтінімдер жасайды, оны алуды және сақтауды қамтамасыз етеді, оның есебін жүргізеді;

9) отын, май қабылдаған кезде мұнай өнімдерінің борттан тыс ағуын болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;

10) белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;

11) рейске дайындықты қамтамасыз етеді және меңгеруіндегінің дайындығы туралы белгіленген уақытта механикке хабарлайды.

 

§ 15. Механиктің екінші көмекшісі



 

142. Механиктің екінші көмекшісі тікелей механикке бағынады.

143. Механиктің екінші көмекшісінің қарамағында:



1) көмекші қозғалтқыштар, соның ішінде авариялық дизель генераторлар, ауа компрессорлары, оларға қызмет көрсететін техникалық құралдармен ауа сақтағыштар;

2) механиктің бірінші және үшінші көмекшілеріне бекітілген жүйелерден басқа, кемедегі барлық жүйелер (олардың электр бөлігін қоспағанда);

3) өзінің меңгеруіндегі автоматтандыру құралдары (олардың электр бөлігінен басқа) және бақылау-өлшеу аспаптары болады.

144. Механиктің екінші көмекшісі өзінің меңгеруіндегілер бойынша:



1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;

2) кеме техникасының істен шығуын өзі немесе өзіне бөлінген мамандарды тарта отырып жояды;

3) өзіне бөлінген мамандардың жұмысына басшылық жасайды, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді;

4) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, кеме техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылайды;

5) материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдер жасайды, оны алуды және сақтауды қамтамасыз етеді, оның есебін жүргізеді;

6) белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;

7) рейске дайындықты қамтамасыз етеді және меңгеруіндегінің дайындығы туралы белгіленген уақытта механикке хабарлайды.

 

§ 16. Механиктің үшінші көмекшісі



 

145. Механиктің үшінші көмекшісі тікелей аға механикке бағынады.

146. Механиктің үшінші көмекшісінің қарамағында:



оған қызмет көрсететін техникалық құралдарымен көмекші қазандық қондырғысы;

құтқару шлюпкаларының қозғалтқыштары;

трюмдік механикаландыру құралдарының механикалық бөлігі;

тұрмыстық техника, сумен жабдықтау жүйелері;

сарқынды фекалдық, жылыту және желдету (электр белігінен басқа).

Механиктің үшінші кемекшісінің штаттық лауазымы жоқ кемелерде оның функцияларын механиктің екінші көмекшісі орындайды.

147. Механиктің үшінші көмекшісі:



1) ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді, жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыруды, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелердің орындалуын қамтамасыз ете отырып, өзіне бөлінген мамандардың жұмысына басшылық жасайды;

2) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, кеме техникасын жөндеудің толықтығы мен сапасын бақылайды; материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдер жасайды, оны алуды, сақтауды және оның есебін қамтамасыз етеді.

 

§ 17. Электромеханик (механиктің электр жабдықтары жөніндегі көмекшісі)



 

148. Электромеханиктің қарамағында кеменің электр жабдықтары, автоматтандыру және бақылау құралдарының, кеме техникасының электр бөлігі, сым арқылы электр байланысы және сигнал беру жүйесі, дербес қоректендіру көздері және электр жабдықтарының іске қосу-реттеу аппаратурасы, алып жүретін электр жабдығы болады.

149. Электромеханик өзінің меңгеруіндегілер бойынша:



1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және баска да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;

2) кеме техникасының істен шығуын өзі немесе мамандарды тарта отырып жояды;

3) вахталықтарды тиісінше атқаруды, жұмыстарды орындауды, өзіне бағынышты экипаж мүшелерінің еңбек тәртібін сақтауын және олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді;

4) кеме экипажының Электр жабдықтарын пайдаланумен байланысты адамдарымен техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқама өткізеді;

5) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостерін жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылайды;

6) материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдер жасайды, қосалқы бөлшектерді, құрылғыларды және материалдық-техникалық жабдықтарды алуды және сақтауды қамтамасыз етеді, олардың есебін жүргізеді;

7) белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;.

8) жер керуенінің құрамына кіретін кемелердің электр жабдықтарының жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді;

9) кемедегі электр жабдықтарының қатардан шығу қаупі төнген кезде тиісті шаралар қабылдай отырып, кезекші механикке хабарлайды;

10) вахта бастығының шақыруы бойынша машина бөлімшесіне немесе басқа көрсетілген жерге дереу келеді;

11) күрделі жағдайларда жүзу кезінде вахта бастығының нұсқауы бойынша орталық басқару пунктінде (ОБП) немесе ОБП болмаған кезде басты үлестіргіш қалқанның жанында болады;

12) рейске дайындықты қамтамасыз етеді және меңгеруіндегінің дайындығы туралы белгіленген уақытта механикке хабарлайды.

150. Егер қауіпсіздікке қауіп төндірмесе және оның қалыпты пайдаланылуын бұзбаса, электромеханик өзінің меңгеруіндегі кеме техникасының жекелеген элементтерін қолданыстан дербес шығарады.

151. Электромеханик лауазымы штатта болмаған кезде оның функциялары механик пен механиктің көмекшісі арасында бөлінеді.

152. Командалық құрамның адамдары осы Жарғыда көзделген, көлік кемелеріндегі ұқсас лауазымға қарай атқаратын қызметіне сәйкес, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген, кемелердің конструкциясы мен мақсатының ерекшеліктерін ескеретін лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес функцияларын орындайды және өкілеттіктерін пайдаланады.



 

§ 18. Радиостанция бастығы



 

153. Кеме радиостанциясының бастығы тікелей капитанға бағынады,

кемедегі радио мамандарының бастығы болып табылады және

радиобайланысын қамтамасыз етеді.

154. Радиостанция бастығының қарамағында радио жабдық және олардың қуат көзінің түрлендіргіштерімен электрорадионавигациялық аспаптар (бағыт аспаптың және радиолокатордың қуат көзінің электромашиналық түрлендіргіштерінен басқа), аккумуляторлық батареялар, радиостанциялар, басқа радиотехникалық құралдар, сондай-ақ осы кеме техникасы орналасатын бөлмелер болады.

155. Радиостанция бастығы өзінің меңгеруіндегілер бойынша:

1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі немесе кеме иесі басып шығаратын басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;

2) кеме техникасының істен шығуын өзі немесе кеме мамандарын тарта отырып жояды;

3) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды;

4) материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдер жасайды, оны алуды және сақтауды қамтамасыз етеді, оның есебін жүргізеді, радиобөлігі және электрорадионавигациялық аспаптар бойынша түгендеу кітаптарын жүргізеді;

5) белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;

6) капитанның рұқсатымен кеме техникасын Кеме қатынасы тіркеліміне және басқа да техникалық қадағалау органдарына куәландыруға уақытында ұсынады;

7) рейске дайындықты қамтамасыз етеді және меңгеруіндегінің дайындығы туралы белгіленген уақытта капитанға хабарлайды.

 

§ 19. Кеме дәрігері (фельдшер)



 

156. Кеме дәрігері (фельдшер) экипаждың медициналық қамтамасыз етілуін және кеменің санитарлық жай-күйін қадағалайды. Оның қарамағында медициналық мақсаттағы бөлмелер мен жабдықтар, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектер болады. Кеме дәрігерінің емдік және санитарлық ережелерді сақтау саласындағы талаптары кемедегі барлық адамдар үшін міндетті.

157. Кеме дәрігері (фельдшер):



1) кемеде гигиеналық және санитарлық ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді;

2) санитарлық-гигиеналық лоне эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді, жұқпалы және жаппай аурулар жағдайлары туралы капитанға хабарлайды;

3) кемедегі адамдарға және қажет болған кезде басқа кемелер экипаждарының мүшелеріне де емдік-профилактикалық дәрігерлік көмек көрсетеді. Диагностиканың және емдеудің қиын жағдайларында радио бойынша мамандардың консультацияларын алады;

4) кеменің санитарлық жай-күйін, азық-түлік пен кемітілмейтін қордың сақталуын, ауыз судың сапасын, құтқару құралдарының медициналық толықтырылуын күнделікті бақылауды жүзеге асырады;

5) өзінің меңгеруіндегіні тәртіпте және дайындықта ұстайды;

6) Экипажға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін үйретуді жүзеге асырады;

7) экипаждың медициналық байқаулар мен талап етілетін егулерді уақытында өтуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

8) кемеде уақытында дератизация және дезинсекция жүргізуді қамтамасыз етеді;

9) халықаралық, ұлттық және жергілікті санитарлық ережелердің сақталуын қадағалайды;

10) дәрігерлік-санитарлық жабдықтауға тапсырыс береді, күшті әсер ететін дәрілер мен есірткі заттарын сақтауды және олардың берілуін бақылауды қоса алғанда, оны қабылдауды, оның есебін және жұмсалуын жүзеге асырады;

11) ас мәзірін жасауға қатысады, азық-түліктің сапасын, олардың құнарлылығын және тағам дайындауды бақылайды;

12) кеме портқа келген (кеткен) кезде санитарлық және карантиндік іс-шаралардың орындалуын жүзеге асырады;

13) капитанның аға көмекшісіне қызметтің рейске дайындығы туралы мәлімдейді.

158. Кеме дәрігері (фельдшер) жоқ кемелерде оның функциялары оның құзыреті мен құқықтары шегінде капитанның аға көмекшісіне жүктеледі.



 

§ 20. Боцман



 

159. Боцман капитанның аға көмекшісіне бағынады және палубалық команданың тікелей бастығы болып табылады.

Боцман корпусқа, палубаларға, қондырғыларға, жүк және кеме бөлмелеріне, тұщы су танкілеріне, өлшеу, қабылдау және ауа құбырларына, рангоутқа, такелажға, траптарға, рульдік, жүк, зәкірлік, шынжыр арқанды, тіркеп сүйреу құрылғыларына (осы құралдардың механикалық, электр және гидравликалық бөліктерінен басқа), құтқару құралдарына, өртке қарсы, авариялық-құтқару жабдықтары мен мүлікке, құрал-сайманға, жабдықтарға және өзінің меңгеруіндегі басқа да техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Боцман машина бөлімшесін қоса алғанда, кеме бойынша сырлау және такелаж жұмыстарына басшылық жасайды.

160. Боцман:



1) өзінің меңгеруіндегі техникалық құралдарды пайдалану және қызмет көрсету ережелерін сақтайды, кеме мамандарын тарта отырып, алдын алу шаралары мен жөндеуді жүзеге асырады;

2) капитанның аға көмекшісінің басшылығымен кеме жұмыстарының жоспарларын жасайды, оларды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, олардың орындалуын ұйымдастырады;

3) құтқарушы, авариялық-құтқару және өртке қарсы құралдардың, құтқарушы салдар мен шлюпкалардың іс-әрекетке даярлығын, олардың толымдылығын және түсіретін жабдықтың тиісті жай-күйін қамтамасыз етеді;

4) трюмдер мен жүк жабдықтарын жүкті ауыстырып тиеу операцияларына даярлауды қамтамасыз етеді, ауыр салмақты және ірі габаритті жүктерді бекіту, тиеу және түсіру бойынша жұмыстарға өзі қатысады;

5) кеме командасының адамдар тұратын және қызмет бөлмелерінде тазалық пен тәртіпті қадағалайды, кемені күн сайын аралап шығады;

6) кеменің рейске шығу даярлығын тексеріп, капитанның аға көмекшісіне хабарлайды;

7) ауыз су және балласт цистерналарындағы және ағынды құдықтардағы суды ұдайы өлшейді, ауыз су шығынының есебін жүргізеді.

161. Портқа (айлаққа), зәкірлік тұрақ орнына жақындаған кезде боцман арқандап байлау операцияларына немесе зәкірге қоюға басшылық жасау үшін капитанның кезекші көмекшісі көрсеткен орында тұрады.

162. Боцман вахтада тұрмайды, бірақ жүріс кезінде және тұрақта вахтада тұру үшін тартылуы мүмкін.

 

 

5. Қатардағы құрам



 

§ 1. Рульдеуді басқаратын адам

 

163. Рульдеуді басқаратын адам тікелей боцманға бағынады, ал вахта кезінде вахта бастығының қарауында болады.

164. Рульдеуді басқаратын адам:



1) арнайы лоцияны және оларда кеме рейстер жасайтын, ішкі кеме қатынасы жолдары ауданының жүзу жағдайларын зерттейді;

2) осы кеме жүзетін ауданға қатысты кемелердің жүзуін регламенттейтін ережелерді және олардың қосымшаларын біледі;

руль құрылымын, сондай-ақ таяз суда жүзу, толқын көтерілу, жел, арқандап байлау, зәкірде тұру кезінде қозғаушылардың алдыңғы және артқы жүріске жұмысы кезіндегі руль кешенінің іс-қимылын біледі;

3) руль құрылғысы түрлі жүйелерінің, авторульдік жұмыс қағидасыи біледі; қол, бу, электр, гидравлика руль жетектерін басқара алады, авторульді пайдалана, басқарудың бір түрінен екінші түріне ауысуды жүзеге асыра алады;

4) кемені тұрақты бағытта ұстай алады немесе көзбен өлшеп бағдарлау кезінде де, сол сияқты бағытты көрсетушілердің түрлі жүйелерінін; көмегімен де түрлі жүзу жағдайларында вахта бастығының нұсқауы бойынша бағытты өзгертуді біледі;

5) матростардың функциялары аясына кіретін барлық жұмыстарды орындай алады;

6) жүру мінбесінде, рульде, штурман бөлмелерінде және брезент жаппалы палубада тазалық пен тәртіпті қадағалайды.

 

§ 2. Матрос



 

165. Матрос тікелей боцманға бағынады, ал вахта уақытында вахта бастығының қарауында болады. Өздігінен жүрмейтін кемеде ол шкиперге бағынады.

166. Матрос:



1) палубалық бөлігі бойынша кеме жұмыстарына қатысады;

2) жүк бөлмелерін, жүк құралдарын және құрал-сайманды тиеуге, түсіруге және оларды жиыстыруға қатысады;

3) палубада, кеменің қызметтік және санитарлық-тұрмыстық бөлмелерінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді;

4) жүк операцияларымен байланысты жұмыстарды орындау кезінде:

трюмдердің люктерін ашуға және жабуға қатысады;

ыдыстың жарамдылығын бақылайды;

таңбалауды, салуды және қажет болған кезде жүк орындарының есебін жүргізеді;

жүктің, құрал-сайманның және такелаждың сақталуын және тұтастығын қадағалайды;

траптардың және басқа да трюм жабдықтарының жарамдылығын бақылайды;

трюмге бөтен адамдарды жібермейді;

трюмде шылым тартуға рұқсат етпейді;

трюмде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етеді;

барлық бұзушылықтар, кемшіліктер және істен шығу туралы вахта бастығына хабарлайды;

5) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі ережелері жөнінде нұсқама алғаннан кейін барлық такелаж, сырлау, арқандап байлау жұмыстарын және кемелерді тіркеп сүйреу жөніндегі жұмыстарды орындайды;

6) шлюпкада ескектермен есе алады және суағарларда су деңгейін өлшей біледі, рульді басқаратын адамның функцияларын орындайды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет