Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №1406 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңы 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Басқарушы компания мен арнайы экономикалық аймақ қатысушы арасындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарт;
2) Елорданың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі мен арнайы экономикалық аймаққа қатысушы арасындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарт бекітілсін.
2. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органдары шартты дайындау және жасасу кезінде осы қаулының 1-тармағымен бекітілетін арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттардың ережелерін басшылыққа алсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Басқарушы компания мен арнайы экономикалық аймаққа қатысушы арасындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы
үлгі шарт
Бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп аталатын, бұдан әрі «Басқарушы компания» деп аталатын _________________________________
(заңды тұлғаның атауы )
атынан __________________________________________________________
(жарғы, ереже, 20_ ж. «_»_____№ ____ сенімхат)
негізінде әрекет ететін ________________________________________________,
(шартқа қол қоятын тұлғаның т. а. ә. лауазымы)
бір тараптан және бұдан әрі «Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы» деп аталатын, _______________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы )
екінші тараптан Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1. Осы Шарттың мәні ____________________________________________
(АЭА атауы)
Арнайы экономикалық аймаққа қатысушының (бұдан әрі – АЭА қатысушы)
арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) аумағында_________________
(бұдан әрі-қызмет)
қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруы болып табылады.
2. Осы Шартта көзделген арнайы экономикалық аймақ аумағында өнімді шығаруды немесе жұмыстар мен қызметтерді өндіруді бастағанға дейін АЭА қатысушысы өз қаражаты есебінен _____________мерзімінен кешіктірмей объектіні жобалауды жүргізуге, бекітілген жобаға сәйкес құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыруға және 20___ жылғы ____________ қарай арнайы экономикалық аймақ аумағындағы объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттеме алады.
3. АЭА қатысушысы осы Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметтің басым түрлерін Басқарушы компанияға ұсынылатын және Қазақстан Республикасы заңнамаларын, жобалық құжаттар және осы Шарт талаптарын сақтай отырып, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын бизнес-
жоспарға сәйкес (техникалық-экономикалық негіздемелерімен қоса) жүзеге асырады.
2. Негізгі ұғымдар
4. Осы бөлімде түсінік берілмеген анықтамалар мен терминдердің «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) қамтылған анықтамалар мен терминдерге сәйкес мәні болады:
1) уәкілетті орган – арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы – басқарушы компания немесе астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі;
3) басқарушы компания – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға;
4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушы – арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
5) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізілімі –Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың тізілімі, оны жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады;
6) қызметтің басым түрлері – арнайы экономикалық аймақты құрудың мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері;
7) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер туралы заңнамаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттарының жиынтығы;
8) еркін кедендік аймақ – тауарлар арнайы экономикалық аймақ аумағының немесе оның бір бөлігінің шегінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей, сондай-ақ шетелдік тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кеден одағының тауарларына қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қолданбай орналастырылатын және пайдаланылатын кедендік рәсім;
9) арнайы экономикалық аймаққа қатысушының қызметі – арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында жұмыстарды орындау (өнім (алу) шығару);
10) «бір терезе» қағидаты – өтініш берушінің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды төмендетуді және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін арнайы экономикалық аймақтың аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны;
11) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлға – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылмайтын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;
12) инфрақұрылым объектілері – арнайы экономикалық аймақты құрудың техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес және бас жоспармен бекітілген жылу мен электр энергиясын өндіру мен беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациясы, байланыс қызметтері объектілері және өзге де объектілердің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері;
13) арнайы экономикалық аймақ – қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі.
3. Шарттың мерзімі
5. Осы Шарт ________ мерзімге жасалды.
6. Осы Шарттың мерзімі осы арнайы экономикалық аймақ жұмыс істей алатын мерзімнен аcпайды.
7. Егер бастапқыда Тараптар белгілеген мерзім Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті актілерінде айқындалған арнайы экономикалық аймақтың қолдану мерзімінен аспаса, осы Шарттың қолданылу мерзімі тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
8. Осы Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш басқарушы компанияға келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей қарастырылады.
9. Осы Шарт оны Тараптар жасасқан күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына арналған арнайы құқықтық режим АЭА Қатысушысы туралы мәліметті арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген күннен бастап қолданылады.
10. Қажетті рұқсат беру құжаттарын АЭА Қатысушысының уақтылы алмауы осы Шарт бойынша жұмыстарды орындаудың жалпы мерзімін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
4. Шарттың мақсаты
11. Осы Шарт арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес АЭА Қатысушысына АЭА аймағында өндірісті құру мен дамытуға және қызметтер көрсетуге инвестициялар салу кезінде мемлекет ұсынған, Заңдарда анықталған салықтық жеңілдіктер және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ұсыну шарттарында Басқарушы компания мен АЭА Қатысушысы арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастардың заңды шеңберлерін белгілейді.
5. Тараптардың жалпы құқығы мен міндеттері
12. Басқарушы компания:
1) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыруға;
2) Мониторингті жүзеге асыру шеңберінде осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелер бойынша Шартта көзделген, бірақ тоқсанына бір реттен жиі емес мерзімде жазбаша сұраулар негізінде АЭА Қатысушысынан қажетті ақпарат пен құжаттарды алуға;
3) осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамау, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтерді жүзеге асыруға байланысты бұзушылықтар анықталған жағдайда АЭА қатысушысына Басқарушы компанияның мекенжайына тиісті түсіндірмені ұсыну үшін, сондай-ақ жолсыздықтарды жою мерзімін көрсете отырып, осындай кемшіліктерді жою қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жіберуге;
4) АЭА Қатысушысының қолдаухаты және көрсетілген тұлғаның өтініші негізінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес АЭА Қатысушысы үшін қосалқы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін екінші рет пайдалануға (қосалқы жалға) беруге;
5) АЭА Қатысушысына Басқарушы компания ұсынатын қызметтер үшін Тараптар айқындаған сыйақылар алуға;
6) жер учаскелерін, АЭА инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ өзге де мүлікті жалға және (немесе) қосалқы үшін жалға төлем алуға;
7) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылармен жекелеген шарттар негізінде Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілерін құруға байланысты бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға берілмеген жер учаскелерінде жобаларды іске асыруға;
8) Арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың ұжымдық шешімінің негізінде шығып жатқан АЭА Қатысушысынан өз қаражаты есебінен сатылатын мүлік пен бизнесті және (немесе) ұжымдық жеке меншікке немесе Басқарушы компанияның жеке меншігіне нарықтық бағасы бойынша арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардан қалған қаражатты сатып алуға. Тиісті шешімді құқықты беру бойынша жоспарланған мәмілелер туралы хабарлама алынған күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде Басқарушы компания қабылдауы тиіс;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды іске асыруға құқылы.
13. АЭА Қатысушысы:
1) Арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген құқықтық қорғау кепілдігін, салықтық және өзге де жеңілдіктерді пайдалануға;
2) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңда және осы Шартта көзделген тәртіппен қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерін алуға және инфрақұрылым объектілерін салуға;
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамаларына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлегеннен кейін АЭА аумағында қызметті жүзеге асырудан түскен кірісті өз қалауы бойынша пайдалануға;
4) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларды тартуға және ол туралы Шарттың екінші тарапына хабардар етуге;
5) өз сипаты бойынша қызметтің басым түрлерімен сәйкес келмейтін өз өндірісі үшін қосалқы қызмет түрлерін анықтауға және ол туралы Шарттың екінші Тарапына хабарлауға;
6) уақытша қайтарымды пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі немесе екінші қайтара жерді пайдалану (қосалқы жалға беру) аумағына өз қаражаты есебінен өзіне қажетті өндіріс объектілері мен инфрақұрылымдардың құрылысын салуды жүзеге асыруға;
7) АЭА аумағында электр, жылу энергиясын, газ, су, кәріз, байланыс және телекоммуникация құралдарын, басқа да коммуналдық қызметтерді, қоғамдық көлікті және АЭА аумағында көрсетілетін өзге де қызметтерді пайдалануға;
8) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен егер Басқарушы компанияның акционері болып табылған жағдайда, Басқарушы компанияны басқаруға қатысуға;
9) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тыс мынадай қызмет түрлерін:
бағдарламалық қаматамасыз етуді; дереккор базасымен ақпараттық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалауды, әзірлеуді, енгізуді, тәжірибелік өндіруді және өндіруді сондай-ақ дата-орталықтар мен онлайн-қызметтерін;
ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды құру және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыруға;
Аталған тармақшалардың ережесі тек АЭА Қатысушысына ақпараттық және инновациялық технологиялар саласында 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін таратылады;
10) Басқарушы компания алдында қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыруға ниет білдіруші тұлғаларға жер телімдерін беру туралы және АЭА Қатысушысы белгілеген тәртіппен қосымша мердігерлік жұмыстар мен қызметтердің жеке түрлерін орындауға шарт жасағандарға өтінім білдіруге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.
14. Басқарушы компания:
1) АЭА аумағында қолданылатын арнайы экономикалық аймаққа қатысушылармен қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындау мониторингін тұрақты негізде жүзеге асыруға;
2) Осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді сапалы және тиісті түрде орындауға;
3) «бір терезе» қағидаты бойынша Арнайы экономикалық аймақ аумағында мемлекеттік қызметтерді ұсынуды ұйымдастыруға, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетуге;
4) АЭА аумағында орналасқан салық органдарының сұрауы негізінде арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетін қызметтерді жүзеге асыру кезінде енгізілген тауарлардың нақты тұтынылуының растамасын беруге;
5) АЭА Қатысушысына уәкілетті орган белгілеген үлгіде АЭА Қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік беруге міндетті.
15. АЭА Қатысушысы мыналарға міндетті:
1) өз қызметін арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес жүзеге асыру;
2) осы арнайы экономикалық аймақ үшін басым деп танылған қызмет түрін жүзеге асыру үшін ақшалай қаражатының айналымнан алынбаған, өзге де мүліктерге техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес көлемде иелік ету;
3) өз қызметі туралы жыл сайынғы есепті Басқарушы компанияға ұсыну;
4) Басқарушы компанияның қосымша сұрауы бойынша өз қызметі туралы қажетті ақпаратты ұсыну;
5) арнайы экономикалық аймақ аумағында осы шарттың 1-бөлімінде көрсетілген басым қызмет түрлерін жүзеге асыру;
6) _____________________________ ай (жыл) ішінде
______________________________________ теңге көлеміндегі инвестицияны бизнес-жоспарға және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес жүзеге асыру;
7) қабылдаған міндеттерді орындамағаны және (немесе) қызмет мониторингінің нәтижесі бойынша белгіленген анықталған жолсыздықтарды жою туралы жазбаша хабарлама алған жағдайда Басқарушы компанияның
келісімімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде жолсыздықтарды жою;
8) арнайы экономикалық аймақтан тыс жерлердегі өзінің оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қызметті жүзеге асыру туралы шарт негізінде тоқтату.
Ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА қатысушыларына арналған осы міндет арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызметті жүзеге асыруды талап ету бөлігінде қызметтің мынадай түрлері үшін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті шарт болып табылмайды:
жобалау, әзірлеу, енгізу, тәжірибелік өндіріс және бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісі, ақпараттық технологиялар деректер базалары және аппараттық құралдар, сондай-ақ онлайн-қызметтер мен дата-орталықтардың қызметтері;
ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды құру мен енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
9) осы Шарт бойынша қабылданған міндеттерге сәйкес уақытша қайтарымды пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесінің немесе кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалға) аумағына, өз қаражаты есебінен немесе ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері арқылы өздеріне қажетті өндіріс объектілері мен инфрақұрылымдардың құрылысын салуды жүзеге асыру;
10) уәкілетті орган тарапынан ұсыным және халық қажеттілігінің растамасы бар болған жағдайда жылдық көлемінен _________ пайыздан аспауы тиіс өздері өндіретін өнімдердің бөлігін ішкі нарыққа жеткізуді қамтамасыз ету;
11) Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарға, материалдарға дайын өнімдерге, егер олар экологиялық техникалық сапалары мен бағалары бойынша және бәсекеге қабілетті болған жағдайда артықшылық беруге;
12) арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде қызметтер мен жұмыстарды орындауды, бұл қызметтер бағасы, тиімділігі және сапасы бойынша бәсекеге қабілетті болса, қазақстандық ұйымдарға артықшылық беру;
13) осы Шартта көзделген қызметті жүргізу кезінде авария туындаған жағдайда бұл туралы Басқарушы компанияны шұғыл түрде хабардар етуге және жұмыскерлер мен халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қосымша шараларды қолдануды қамтамасыз ету, өндіріс пен қоршаған табиғи ортаны қалпына келтіруге бағытталған жою жұмыстарын тараптармен келісілген мерзімдерде орындау;
14) арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті және (немесе) жұмыстарды жүзеге асыру кезінде өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда Басқарушы компанияны шұғыл түрде хабардар ету және жұмысты дереу тоқтату;
15) осы Шартты үшінші тұлғалар алдында АЭА Қатысушының ақшалай және өзге міндеттерін қамтамасыз ету мақсатында кепілзатқа беруге жол бермеу;
16) АЭА Қатысушысының жарғылық капиталы үлесін сатып алу (иеліктен алу) жағдайында жаңа жеке меншік иесі Басқарушы компанияға жоспарланған мәміле туралы оны жасағанға дейін кемінде екі айдан кешіктірмей хабарлауы тиіс;
17) осы Шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттемелерді өзге заңды тұлғаға беруге ниет білдірген жағдайда онымен жасалатын шарттарда (мәміледе) АЭА Қатысушысының және осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерді қабылдайтын заңды тұлғаның ортақ жауапкершілігі туралы шартты қарастыру;
18) Басқарушы компанияны мүлікті және (немесе) бизнесті иеліктен алу жөнінде жоспарланған мәміленің болжанып отырған жасау күніне дейін кемінде 15 жұмыс күні қалғанда хабардар ету;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген міндеттерді сапалы және тиісті түрде орындау.
6. Салықтар, алымдар және міндетті төлемдер
16. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар, алымдар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер салынады.
7. Кедендік реттеу
17. АЭА Қатысушысы оларды төлеу жөнінде міндеттемелер туындаған сәтте қолданыстағы Кеден одағының және Қазақстан Республикасының Кедендік заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен баждарды төлеу бойынша міндеттерін орындайды.
18. Шартта оларға қатысты еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын АЭА қызметінің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті тауарлар тізбесі айқындалады. Осы тізбе осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
8. Сақтандыру
19. АЭА Қатысушысы Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асырады, оның ішінде:
1) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
2) Арнайы экономикалық аймақ аумағында шаруашылықтың және өзге қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде мынадай:
- қоршаған ортаға және (немесе) қоршаған ортаның жағдайын оның нашарлап кеткенге дейінгі жағдайына дейін қалпына келтіру;
- қоршаған ортаның апаттық ластануының нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын;
- қоршаған ортаның апаттық ластануы нәтижесінде меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, жедел басқару құқығы және басқа да заңдық негізде оларға тиесілі үшінші тұлғалардың мүлкіне келтірілген залалға байланысты міндетті экологиялық сақтандыру;
3) мынадай:
- еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан;
- асыраушысынан айырылған жағдайда;
- жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру;
4) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
5) тасымалдаушының тиісті қызмет түрін жүргізген кезде жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
6) қызметтері авария нәтижесінде үшінші тұлғаларға зиян келтіру тигізу қауіптілігімен байланысты болатын объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
20. АЭА Қатысушысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымдарын өз қалауына қарай таңдайды.
9. Шарт тұрақтылығының кепілдігі
21. АЭА Қатысушысына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Шартпен және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етілетін құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға кепілдік беріледі.
22. АЭА Қатысушысының мүлкін мемлекет мұқтаждығы үшін мәжбүрлі түрде алуға (мемлекет меншігіне алу, реквизиция) айрықша жағдайларда ғана және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жол беріледі.
23. Осы кепілдік:
1) акцизделген тауарлардың импорты, өндірісі, өткізу тәртібі мен шарттары өзгеретін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге және (немесе) күшіне енуіне және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарындағы өзгерістерге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс қабілеттілігі, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық саласы, кедендік реттеу өзгерістеріне қатысты болмайды.
24. Осы Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар тек олар жазбаша нысанда жасалғанда және Тараптардың оған уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда ғана жарамды.
10. Есеп және есептілік
25. АЭА Қатысушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есеп және есептік құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
26. АЭА Қатысушысы Басқарушы компанияға өз қызметі туралы өткен жыл бойынша толық ақпаратты заңнамаға сәйкес ұсынады, сондай-ақ Басқарушы компания мекенжайына әрбір күнтізбелік жылдың ___________ айында (жыл) өткен жыл бойынша осы Шарттың талаптарын орындау туралы есепті жібереді.
11. Құпиялылық
27. Осы Шарттың шарттарын орындау үдерісінде қандай да бір Тарап алған немесе ие болған ақпарат құпия болып табылады.
28. Тараптар басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз келесі жағдайларды қоспағанда құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес:
1) егер мұндай ақпарат сот қарауын жүргізу барысында пайдаланылатын болса;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті ақпаратты алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы сұратса;
3) қаржыландыруды ұйымдастыру кезінде мақсатқа сай болатын деңгейдегі қаржылық мекемелер сұратса, егер мұндай қаржылық мекемелер алынған ақпаратты құпия ретінде сақтап және қарапайым тыйымдарды қоса алғанда оны тек қана көрсетілген мақсаттарға пайдалануға жазбаша түрде келісім берген жағдайда.
29. Тараптар мұндай есеп шоттарға қатысты сұратылуы мүмкін ақпаратты Қазақстан Республикасының салық органдарына ұсыну қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы салықтық заңнамаларына сәйкес беруге келіседі.
Достарыңызбен бөлісу: |