Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі №1017 қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 6 қыркүйектегі №1017 қаулысымен бекітілген
Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалалық және қала маңындағы, сондай-ақ ауданішілік қатынастарда су көлігімен тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар деп халықтың тасымалдауларға қажеттілігін қанағаттандыратын және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдау танылады.
3. Субсидиялауға тарифтерін ішкі су көлігімен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейтін әлеуметтік мәні бар тұрақты маршруттар арқылы тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша қалыптасқан тасымалдаушы залалдары жатады.
Тасымалдауды орындаудан келетін залалдар тасымалдаулардан түсетін кірістер мен пайдалану шығыстары сомасының айырмасы ретінде анықталады.
4. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалалық және қала маңындағы, сондай-ақ ауданішілік қатынастарда әлеуметтік мәні бар маршруттар бойынша тасымалдауды орындайтын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау жергілікті бюджеттен жүргізіледі.
2. Субсидиялауға жататын ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар жолаушыларды тұрақты тасымалдауды және субсидиялар мөлшерін анықтау тәртібі
5. Залалды маршруттарды субсидиялауға бағытталған сомалар мөлшерін анықтау мынадай көрсеткіштер:
1) маршрут бойынша орындалған тасымалдау үшін кірістер;
2) маршрут бойынша тасымалдауды орындау үшін шығыстар негізінде жүргізіледі.
6. Залалды маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы ай сайынғы кірістер көлемін белгілейді және субсидияланатын маршруттар бойынша шығыстар көлемін анықтайды.
7. Маршруттар бойынша тасымалдауға арналған шығыстарға:
1) кеме экипажының, соның ішінде жолаушыларға қызмет көрсететін персоналдың жалақы қоры (жалақыға әлеуметтік есептеулермен бірге және қызметкерлерді сақтандыру);
2) отынға шығындар;
3) жағармай материалдарына шығындар;
4) кемеге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге шығындар;
5) амортизациялық аударымдар кіреді.
8. Тасымалдаушы бір жылға әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар бойынша жоспарланған кірістер мен шығыстар сомасын осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жібереді.
9. Тасымалдаушының кірістер мен шығыстар көлемдерін ұсынуының дұрыстығын талдауды уәкілетті орган маршрут бойынша жолаушылар ағынын зерттеу және тасымалдаушының шығыстарын растайтын құжаттарды талдау арқылы жүргізеді.
Залалды маршруттар бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға арналған шығыстарды анықтау бойынша тасымалдаушы мен уәкілетті орган арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда уәкілетті орган тасымалдаушының шығыстарын тасымалдаушының есебінен аудиторлық тексеруді белгілейді.
10. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар тізбесін әлеуметтік мәні бар залалды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдары негізінде бекітеді.
Комиссияны уәкілетті орган құрады және консультациялық-кеңесші орган болып табылады, оның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, аумақтық салық және монополияға қарсы органдардың өкілдері, сондай-ақ салалық қоғамдық және кәсіподақ бірлестіктерінің, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілдері кіреді.
11. Жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді ұйымдастыру үшін уәкілетті орган тиісті жергілікті бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік өтінімді әзірлейді және оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді. Бюджеттік өтінім үшін негіз субсидиялауға жоспарланып отырған маршруттар бойынша тасымалдаушының кірістері мен шығыстары бойынша деректер болып табылады.
Уәкілетті орган жергілікті бюджетті жергілікті өкілді орган бекіткеннен кейін бір ай мерзімде залалды маршруттар бойынша субсидиялаудың жылдық сомасын бекітеді.
12. Бюджетте көзделген қаражат шегінде уәкілетті орган өткізген конкурс нәтижелері бойынша тасымалдаушы мен уәкілетті органның арасында әлеуметтік мәні бар залалды маршруттарды субсидиялау туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.
3. Субсидияларды төлеу тәртібі мен шарттары
13. Тасымалдаушы есепті айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ай сайынғы Әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар бойынша нақты кірістер мен шығыстар туралы есепті жібереді.
Тасымалдаушы шығындардың әрбір бабы бойынша шығыстар туралы растау құжаттарын ұсынады.
14. Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша ішкі су көлігімен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар маршруттар бөлінісінде кірістердің, шығындардың және іске қосылған активтердің бөлек есебін жүргізеді.
15. Әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар бойынша жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына, уәкілетті орган мен тасымалдаушы арасындағы шарттарға сәйкес ай сайын уәкілетті орган жүргізеді.
16. Субсидияларды төлеу:
1) ұйымның басшысы, бас бухгалтері растаған және мөрі басылған ай сайынғы Әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар бойынша нақты кірістер мен шығыстар туралы есеп;
2) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орындалған жұмыстар актісі;
3) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі су көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру бойынша тасымалдаушының тікелей шығыстары тізілімі негізінде жүргізіледі.
Субсидияларды төлеу тиісті бюджетік бағдарламаларда көзделген сомалар шегінде жүргізіледі.
17. Маршрутты пайдалану процесінде шарттың талаптарын орындамаған тасымалдаушыларға, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияны кері қайтарып алу жағдайында және маршрутты пайдалануға құқық жойылған кезде субсидияларды төлеу жүргізілмейді.
Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасына
1-қосымша
Әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар бойынша жоспарланған кірістер мен шығыстардың сомасы
________________________________________________
(ұйымның атауы)
_______________________ обл. (қаласы, ауданы) бойынша
201__ жылға
мың теңге
Маршруттың атауы, № Еңбек- ақы Отын Жағармай материал-дары ТҚ және ТЖ Амортизация Барлық
шығыстар Барлық кірістер Залалдар
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Ұйымның басшысы
МО
Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар
жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын
бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасына
2-қосымша
Жолаушыларды тасымалдауды орындау туралы есеп
(ай сайын)
1 2 3 4 5 6 7 8 14
Кезең
(ай)
Қа-тынас
Арақа-шық- тық,
км.
Жолау-шылар айналымы
жолаушы,
км. Өзіндік құн 1 жолаушы
км.
Та сымал-данған жолаушы-лар Маршрут үшін кіріс
мың тг.
Тасымалдаушы-ның шығыстары
мың тг.
Шығыс-тар жиыны
мың тг.
Жолаушыларды тасымалдауды орындау туралы есеп
20 __ жылғы _______________
(жыл басынан бері)
1 2 3 4 10 11 12 14 15
Ке-
зең Қаты-нас Арақа-шықтық, км. Жолау-шылар айна-лымы
жолаушы.
км. Орташа өзіндік құн 1 жолау-шы
км. тг. Тасы-малдан-ған жо-лаушы-лар Маршрут үшін кіріс
мың тг. Шығыс-тар жиыны
мың тг. Кірістермен өтелмейтін шығыстар, мың тг.
Барлы-ғы
Жыл басы-нан тө-ленген субси-диялар Субси-диялауға жатады
Тасымалдаушы
Бас бухгалтер
М.О.
Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар
жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын
бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасына
3-қосымша
Орындалған жұмыстар актісі
«____»________20___ж.
Біз, төменде қол қойған ________________________________________________________________
(актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т.А.Ә.)
бір тараптан және ____________________________________________________________________ (басшының, бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан, 20___жылғы________________ айына осы орындалған жұмыстар актісін жасадық.
Кемелер
№
Рейстер саны
Жолаушылар айналымы Маршрутты субсидиялау сомасы
(мың тг.)
флот үлгісі
флот үлгісі
флот үлгісі
флот үлгісі
1 2 3 4 5 6 7
Субсидиялау сомасы 20 ___ жылғы_______________ айға
_________________________________________________________ құрады
(сома цифрмен және жазумен теңгеде)
Тараптардың заңды мекен-жайы:
Тасымалдаушы:
ЖСН/БСН
Банк деректемелері
______________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)
____________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)
М.О. Атқарушы орган:
БСН
Банк деректемелері
______________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) _______________
(актіні қабылдауға жауапты басшының қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар
жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын
бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасына
4-қосымша
Ішкі су көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша тасымалдаушының тікелей шығыстарының тізілімі
____________________________ _________ жылғы __________ ай
(тасымалдаушының атауы)
(мың теңге)
Кезең Шығыстар атауы Шығыс құжаты Шығыс құжаты бойынша сома Субсидияланатын тасымалдар бойынша шығыстар сомасы
Басшы ________________________
Т.А.Ә., қолы
Бас бухгалтер ___________________
Т.А.Ә., қолы
Достарыңызбен бөлісу: |