Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 жылғы 31 желтоқсан №1587 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық
жоспары туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С.АХМЕТОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1587 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссия және пайымы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге және басым міндеттерді іске асыруға бағытталған тұтас және тиімді мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ сауда қызметін дамыту.
Пайымы:
Қазақстан Республикасының тиімді әлеуметтік-экономикалық саясаты.
Қолайлы инвестициялық ахуал.
Теңгерімді бюджеттік саясат пен жоспарлау.
Әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне интеграцияланған ұлттық экономика.
Нәтижелі мемлекеттік сектор.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау
1-стратегиялық бағыт. Елдің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясаты
Макроэкономикалық саясат саласы
1. Негізгі даму параметрлері
2012 жылы Қазақстан экономикасы еуроаймақ елдерінің борыштық проблемаларының ушығуына АҚШ-та сақталып отырған жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейіне және Қытай экономикасының бәсеңдеуіне байланысты әлемдік экономикадағы өршіп келе жатқан дағдарыс құбылыстарының ықпалымен дамыды.
2013 жылғы 9 ай ішінде Қазақстан экономикасы ішкі факторлардың теріс ықпалына ұшырауды жалғастырды. Бір жағынан Қазақстанның негізгі әріптес елдері экономикасы өсуінің баяулауы нәтижесінде қазақстан экспортының өніміне сұраныс төмендеді, екінші жағынан әлемдік нарықта мұнай мен металдар бағалары конъюнктурасының нашарлауы байқалады.
Сыртқы экономикалық конъюнктураның қолайсыздығына қарамастан, отандық экономика жоғары нәтижелерге қол жеткізді, алдын ала бағалау бойынша 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) өсімі 5,7 % құрады. 2013 жылғы 1 жартыжылдықта басқа елдермен салыстырғанда ЖІӨ өсімі: АҚШ-та – 1,25 %, Ресейде – 1,4 % (9 айда – 1,3 %), Беларусьте – 1,4 % (1,1 %) құрады.
2 тоқсанда: АҚШ-та – 1,6 %, Қытайда – 7,5 %, Германияда – 0,5 %, Жапонияда – 1,3 %, Ұлыбританияда – 1,3 %, Ресейде – 1,2 %, Беларусьте – (-0,6 %) құрады.
Сыртқы факторлардың нашарлауы жағдайларында экономиканың өсуі бірінші кезекте ішкі өсу көздерінің есебінен қамтамасыз етілді.
2012 жылмен салыстырғанда елде инвестициялық белсенділіктің жандануы байқалады. 2013 жылғы 9 ай ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,9 %-ға өсті, бұл 2009 жылғы дағдарыстан кейінгі ең жоғары өсу.
Үй шаруашылықтары тарапынан тұтынудың өсуі және қызметтер көрсету саласының озық өсуі байқалады. 2013 жылғы 9 айда қызметтер көрсету саласындағы өсу 7,7 %-ды құрады, қызметтер көрсету өндірісінің ЖІӨ өсіміне үлесі 70 %-ды құрады.
Сондай-ақ, нақты секторда тұрақты өсу байқалады. 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2,1 %-ға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді өңдеудің 3,0 %-ға өсуі және өңдеу өнеркәсібінің 1,2 %-ға өсуі есебінен ұлғайды. 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығының көлемі 5,5 %-ға өсті. 18,5 миллион тонна мөлшерінде күтілетін жалпы астық жинау ауыл шаруашылығындағы өсуді ағымдағы жылы 2012 жылмен салыстырғанда кемінде 12 %-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тауар өндіру және қызметтер көрсету көлемінің ұлғаюымен сипатталатын экономика салаларының дамуы жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал етті.
Әлемдік экономиканың қалпына келуі және әлемдік тауар нарықтарындағы бағалар деңгейінің өсуі аясында отандық экономиканың өсуі ішкі бағалардың артуына ықпал етеді. 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте инфляция деңгейі 6,2 % құрады, ал 2012 жылғы ұқсас кезеңде аталған көрсеткіш 4,9 %-ды құраған. 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте инфляцияның өсуіне едәуір үлес ақылы қызметтерге бағалардың өсуін қамтамасыз етті, олар 11,4 %-ға артты. Азық-түлік тауарларына бағалардың өсуі 4,6 %-ды, азық-түлік емес тауарларға – 3,1 %-ды құрады.
Сыртқы экономикалық коньюнктураның тұрақсыздығы сыртқы сауда айналымы көлемдерін қысқартудың негізгі себебі болды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2013 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 85,9 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,5 %-ға аз, оның ішінде экспорт – 55,2 миллиард АҚШ долл. (5,1 %-ға төмендеді), импорт – 30,7 миллиард АҚШ долл. (5,7 %-ға артты) құрады. Есептік кезең үшін тауар айналымының төмендеуі бірінші кезекте негізгі экспорт тауарлары экспортының төмендеуіне байланысты.
Сауда теңгерімінің оң сальдосы 24,5 миллиард АҚШ долларын (2012 жылғы қаңтар-тамызда – 34,2 миллиард теңге АҚШ долларын) құрады.
2013 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан мен Кеден одағына мүше басқа елдер арасындағы тауар айналымы 15,6 миллиард АҚШ долларын құрады және 2012 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,2 %-ға өсті, оның ішінде экспорт 4,1 миллиард АҚШ долларын құрап, 3,7 %-ға қысқарды, импорт 11,5 миллиард АҚШ долларын құрап, 5 %-ға өсті.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Сонымен бірге, Қазақстан экономикасы әлемдік экономиканың әлсіз өсуі жағдайларында дамыды, 2013 жылғы 9 айда ЖІӨ өсу қарқыны жоспарланған параметрлерден біршама төмен қалыптасты. Оған сыртқы сұраныстың қысқаруы, өндiрiстік секторда өсу қарқынының төмендеуі негізгі себеп болды.
Өнеркәсіптегі өсу өңдеу өнеркәсібіндегі төмен көрсеткіштерге байланысты 2,1 % құрады (болжанған өсу 4,0 % болғанда, ауытқу 1,9 пайыздық тармақты құрады).
Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде қазақстандық экспорт өнімдеріне, оның ішінде металлургия өнімдеріне әлемдік сұраныстың қысқаруы нәтижесінде болжанатын көрсеткіш 5,0 % болған кезде өсу 1,2 % болды. Металлургия өнеркәсібіндегі өндірістің нақты көлемінің индексі (бұдан әрі – НКИ) 94,9 % құрады, бұл болжанатын деңгейден 7,6 п.т. төмен.
Тау-кен өнеркәсібінде өсу қарқыны 103,0 % құрады және болжанатын деңгейден темір кенін өндірудің 0,8 %-ға төмендеуі есебінен 0,4 п.т. төмен болды, бұл болжанатын деңгейден 0,8 п.т. төмен.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау НКИ-і 1,1 %-ға ұлғайды, бұл болжанатын көрсеткіштен 2,8 п.т. төмен. Қырғыз Республикасынан электр энергиясын қабылдауға байланысты өз электр станцияларымен электр энергиясын өндіру көлемі 353,6 миллион кВт-қа төмендеді, оны сатып алу вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстік өңірлері үшін суды жеткізумен өзара байланысты болып отыр.
3. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
Қазақстан экономикасы дамуының серпіні әлемдік экономикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде көбінесе әлемдік экономиканың серпініне байланысты. Осыған орай, АҚШ, Қытай, Жапония, Еуроаймақ елдері және Қазақстанның басқа негізгі сауда әріптес елдері экономикасы өсуінің бәсеңдеуі әлемдік нарықта ел экспортының 80 %-дан астамын құрайтын мұнай мен металл бағаларының төмендеуіне алып келді. 2013 жылдың басынан бастап әлемдік нарықта мұнай бағасының серпiнi төмендеу үрдісіне ие болды, сондай-ақ жыл басындағы олардың кейбір өсуіне қарамастан металдарға бағаның төмендеуі байқалады. 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша Brent сұрыпты мұнайдың орташа әлемдік бағасы барреліне 108,7 АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,4 %-ға төмен. 2013 жылғы 9 айда мыстың орташа әлемдік бағасы 7,4 %-ға, алюминий – 7,7 %-ға, мырыш – 2,0 %- ға төмендеді.
Бағалау бойынша 2013 жылы экономиканың өсуі әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың теріс әсеріне қарамастан тұрақты болуы тиіс. Сонымен қатар, қазанда Халықаралық валюта қоры өз болжамдарын тағы да төмендетті. 2013 жылы әлемдік ЖІӨ өсуі бұрын болжанған 5,2 % орнына 5,0 % құрады. Осылайша, бірқатар проблемаларды еңсерудегі прогреске қарамастан, позицияларды қалпына келтіру үрдістерін кез келген сәтте нашарлата алатын тәуекелдер сақталуда.
Алдын ала есептеулер бойынша 2013 жылы Қазақстан экономикасының өсуі 2012 жылға қарағанда 6 %-ға бағаланады.
ЖІӨ өсiмiнiң негізгі көзі ішкі сұраныс болады: түпкілікті тұтыну және жалпы жинақтау. 2013 жылы түпкілікті тұтыну 6,0 %- ға, жалпы жинақтау 7,0 %-ға өседі.
Сыртқы жағдайлардың салдарын нивелирлеу мақсатында ішкі көздер мен резервтер есебінен экономикалық өсуге ерекше назар аударылатын болады.
Бұдан басқа, экономиканың дамуына әсіресе экономиканың шикізат емес секторларына сыртқы және ішкі инвестициялардың өсуі ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалауы бойынша 2013 жылы тауарлардың құндық мәндегі экспорты 87,5 миллиард АҚШ долларын, импорт 53,8 миллиард АҚШ долларын құрады.
2013 жылдың қорытындылары бойынша инфляция 6,0-8,0 % дәлізі шеңберінде қалыптасты, осы мақсатта Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің инфляцияға қарсы іске асырылатын үйлестірілген саясаты жалғастырылатын болады.
Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалының саласы
1. Негізгі даму параметрлері
Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингісінде «Тікелей шетелдік инвестицияларға реттеу әсері» көрсеткіші бойынша 2012 жылдың қорытындыларына сәйкес 91-орын алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бизнесті жүргізу және инвестициялық қызметке қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ Қазақстанда тікелей шетелдік инвестицияларды орналастыру үшін инвестициялық бизнес-ахуалдың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Осылайша, Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама әзірленіп қолданылуда.
Сонымен қатар, қарыз қаражатты есебінен қаржыландыруды 2 есеге (123 337 миллион теңге) және шетел инвестициялары есебінен (31 019 миллион теңге) 3 есеге ұлғайтуға байланысты экономиканың шикізаттық емес секторларына отандық және шетелдік инвестициялар 2012 жылы 504 570 миллион теңгені құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 33,2 %-ға артық (359 774 миллион теңге).
Бұдан басқа, Үкімет Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру үшін бизнес-форумдар мен конференциялар өткізу, шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жасау, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жолымен отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде, бұл елдің экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағымының, оның ішінде шикізаттық емес секторға елеулі ұлғаюына ықпал ететін болады, бұл Қазақстанның әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Бүгінгі күні Қазақстан инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу туралы 48 халықаралық келісімге қол қойды.
1993 жылдан бастап 2012 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанға дейінгі кезеңде ел экономикасына 171,2 миллиард АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. 2012 жылы Қазақстан экономикасына шамамен 22,5 миллиард АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, бұл 2011 жылға (21 миллиард АҚШ доллары) қарағанда 7 %-ға көп.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Қазақстанның инвестициялық бизнес-ахуалының бәсекеге қабілеттілігіне және инвестициялық тартымдылығына теріс әсер ететін түйінді проблемалар: бүгінгі күні әлемдік нарықтардан алшақтауы мен географиялық жағдайы, ішкі нарық сыйымдылығының аздығы, ашықтығының жеткіліксіздігі және Қазақстанның реттеу жүйесінің болжамдалуы, шетелдік инвесторларға әкімшілік және сыбайлас жемқорлық жүктемесі, ұлттық нарыққа шетелдік инвесторлардың шығуын тиімді сүйемелдеудің жеткіліксіздігі, көлік-логистика инфрақұрылымының дамымауы, жалпы заңнамалық базаның тұрақсыздығы, іскерлік ақпарат нарығының дамымауы, қаржылық және іскерлік инфрақұрылымның шетелдік фирмалардың қажеттіліктеріне сәйкессіздігі.
3. Ішкі және сыртқы негізгі факторларды бағалау
Сыртқы факторларға әлемдік экономика коньюнктурасы мен интеграциялық және жаһандандыру процестері жатады. Мысалы, әлемдік қаржылық дағдарыстың салдары, еуропалық нарықтарға балама ретінде инвестициялар үшін жаңа дамушы нарықтарды қарайтын әлемдік нарықтарда капиталдың болуын және әлемдік экономикада өсу қарқынының баяулауын білдіреді. Кеден одағы жиынтық нарығының 170 миллион адамға дейін ұлғаюымен қатар, Кеден одағына мүше елдердің инвестицияларды тарту бәсекесін күшейтеді.
Оң ішкі факторларға: табиғи ресурстардың болуы, инвестицияларды қолдаудың мемлекеттік саясаты мен инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті ынталандырудың дәйектілігі жатады. Сонымен қатар, инфрақұрылымның дамымауы, білікті кадр ресурстарының жеткіліксіздігі, нашар қаржы нарығы сияқты теріс ішкі факторлар сақталады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту саласы
1. Дамудың негізгі параметрлері
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау арқылы концессия тетігін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторға қаржылық және технологиялық ресурстарды инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық негіз салынды.
Қазіргі уақытта 3 объект іске асырылу сатысында, олардың жалпы құрылыс құны – 45,6 миллиард теңге.
Үкімет Орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілер тізбесін қалыптастырды.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 21–жалпы отырысында атап өткендей, мемлекеттік қолдау шараларын жүйелендіру, жергілікті деңгейде жобаларды іске асыру кезінде, әсіресе әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық сала объектілерінің құрылысы кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралдарын ілгерілету маңызды болып табылады.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) дамыту саласындағы негізгі проблемалар концессиялық заңнаманың жетілдірілмегендігі, МЖӘ жобаларын дайындау рәсімдерінің ұзақтығы және күрделiлiгi, жобалардың төмен инвестициялық тартымдылығы, МЖӘ әртүрлі келісімшарттарын қолдану мүмкіндігінің болмауы, МЖӘ бойынша нашар салааралық үйлестiру және мемлекет пен инвесторлардың мүдделерін қорғау мәселелерінің пысықталмауы болып табылады.
Сондай-ақ, жобаларға бастамашы мемлекеттік органдардың төмен белсенділігі байқалуда. Мемлекеттік және жергілікті органдар кадрлар мен жергілікті бюджеттердің инвестициялық мүмкіндігінің болмауына байланысты (ұзақ мерзімді концессиялық міндеттемелерді қабылдау) инвестициялық жобаларды МЖӘ (концессия) тетігін пайдалану арқылы іске асыруға толықтай мүдделі емес.
3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Оң сыртқы факторларға мынадай мән-жайларды жатқызуға болады:
1) халықаралық инвесторлар ірі инвестициялық жобаларға қатысу үшін жаңа дамып келе жатқан нарықтарды іздейді, олар Қазақстандағы МЖӘ жобалары болуы мүмкін;
2) дамыған елдерде МЖӘ жобаларының көп болуы;
3) шетелдік ноу-хау және МЖӘ жобаларымен жұмыс істеудің үлкен тәжірибесінің болуы;
Сыртқы теріс факторлар 2007 – 2009 жылдары болған әлемдік дағдарыстың салдары, Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерді жеткілікті түсінбеу және білмеу болып табылады.
Ішкі оң факторларға: әлеуметтік инфрақұрылым және халық пен мемлекеттің тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін құру және реконструкциялаудағы мұқтаждығы және қазақстандық экономиканың тұрақты өсуі жатады.
Институционалды инвесторлар санының азаюы теріс ішкі фактор ретінде бағаланады.
Салық саясатының саласы
1. Дамудың негізгі параметрлері
Қалыптасу кезінде, сондай-ақ соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстан Республикасында салық саясатының негізгі бағыттары: салық жүктемесін азайту, әкімшілік кедергілерді жою, салық төлеушілер қызметінің барлық салаларында салықтық әкімшілендіруді жетілдіру болып табылды.
2001 жылдан бастап салық реформаларын Үкімет бірнеше бағыттарда жүзеге асырды. Шағын бизнеске, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу тетіктері, негізінен өндірістердің жаңасын құру және ескісін жаңарту үшін жағдайларды ынталандыру мақсатында амортизация және өзге де корпоративтік табыс салығының құрамдас бөлігі жаңғырту мен жетілдіруге жатты.
Қазақстан – бұл нарықтық экономикасы бар әлеуметтік-бағдарланған мемлекет. Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша міндеттемелер көлемін мемлекетке сақтай отырып, салық жүктемесінің деңгейі ЕО-ның жоғары дамыған елдерімен, Жапония, АҚШ және Канадамен салыстырғанда елеусіз болып қалады.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Қазіргі салық жүйесі озық әлемдік тәжірибені ескере отырып құрылған.
Бұл ретте әлемде қалыптасып отырған экономикалық жағдайды, яғни жаһандық экономикалық және қаржылық дағдарыстың әсерін ескере отырып, Қазақстан салық жүктемесін елеулі азайтуды көздей отырып, алға озды.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның салық заңнамасын жетілдіру бойынша тұрақты жүргізілетін жұмыс экономикалық белсенділікті ынталандыруға ықпал етеді және әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыс жағдайларында Қазақстан экономикасын тұрақтандыру бағдарламасында маңызды болып табылады.
3. Ішкі және сыртқы негізгі факторларды бағалау
Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмасын ескере отырып, салық заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оларда мыналар көзделеді:
1) сән-салтанат бұйымдарына салық салу бөлігінде мүлік салығының және көлік салығының фискалдық функциясын күшейту;
2) алкогольге, темекі бұйымдарына акциздерді және мұнай өнімдеріне акциздер ставкаларын арттыру;
3) игерілмейтін жерлерге салынатын салық ставкаларын арттыру.
Салық заңнамасын жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыс қорытындыларының бірі ретінде инвесторлар мен бизнес үшін салықтардың ауыртпалығын, сондай-ақ салық жүктемесінің деңгейін көрсететін Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерінің жақсаруы болып табылады.
Кеден саясаты саласы
1. Дамудың негізгі параметрлері
Кедендік реттеу саласындағы халықаралық келісімдерді Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісіммен байланыста кодификациялауды қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің жобасын әзірлеу байланысты жұмысы басталды. Осы жұмыс кеден заңнамасын жетілдіруді де қамтиды.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын жетілдіру бойынша жұмысты жүзеге асырудың негізгі себептері ретінде мыналарды атап өткен жөн:
1) кеден заңнамасының айқындылық, транспаренттілік, төрешілдік рәсімдерді азайту бақылаудың қазіргі заманғы автоматтандырылған нысаны мен әдістерін барынша қолдану қағидаттарына сәйкестігінің қажеттілігі;
2) кеден органдарының тәжірибелік қызметі және кеден заңнамасының қолданыстағы ережелерін талдау қолданыстағы Кеден одағының Кеден кодексінің бірқатар елеулі кемшіліктерін анықтады;
3) халықаралық келісімшарттарды имплементациялау қажеттілігі.
3. Ішкі және сыртқы негізгі факторларды бағалау
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу Кеден одағының кеден заңнамасына, ал мұндай заңнамамен реттелмеген бөлікте Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кеден одағының кеден заңнамасына өзгерістер енгізу кезінде Кеден одағына басқа қатысушы мемлекеттермен қандай да бір нормаларды келісу қажеттілігі туындайды.
Ішкі сауда саласы
1. Дамудың негізгі параметрлері
Сауда саласы отандық экономиканың негізгі секторларының бірі болып табылады. Осылайша, бүгінгі күні сауда саласында 1,2 миллион адам немесе экономикалық белсенді халықтың шамамен 13,4 %-ы жұмыспен қамтылған. Бұл ауыл шаруашылығынан (2,2 миллион адам) кейінгі екінші нәтиже.
ЖІӨ құрылымындағы ішкі сауда үлесі тұрақты деңгейде және 15,2 %-ды (немесе 4,6 трлн. теңгені) құрайды.
Ішкі сауда құрылымында базарлардағы (жеке кәсіпкерлердің саудасын қоса алғанда) сауда көлемінің жоғары үлесі сақталуда, ол барлық тауар айналымының 46,3 % құрайды. Бұл ретте сауданың қазіргі заманғы форматтарының үлесі 4 %-дан аспайды, ал дамыған елдерде ол 70-ға жетеді (ал сауда нарықтарының үлесі 15 %-дан аспайды).
Соңғы жылдары ішкі сауда саласында бірқатар заңдар қабылданды, олар сала дамуына қосымша серпін беруге мүмкіндік берді, оны статистиканың ресми деректері куәландырады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2012 жылы бөлшек сауда айналымы 4567,7 миллиард теңгені құрады немесе 2011 жылмен салыстырғанда 13,4%-ға ұлғайды. Республиканың көтерме сауда айналымы 11832,5 миллиард теңгені құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 13,6-ға көп.
2012 жылы республикада 13 тауар биржасы жұмыс істеді, оларда спот-тауар бойынша 179474 мәміле жасалды. 2012 жылы биржалық мәмілелердің жалпы көлемі 1 447,2 миллиард теңгені құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 3,1 есеге ұлғайды.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Ішкі сауда дамуының оң үрдістері бірқатар проблемалардың сақталуымен сүйемелденеді.
Бөлшек сауда саласы әлі ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың пәрменді институты бола алған жоқ.
Әлемнің экономикалық дамыған елдерімен салыстырғанда отандық сауда нарығы әлі де тиімсіз және бәсекеге қабілетсіз болып қала береді. Стихиялық нарықтардағы (базарлар, барахолка) сауда басым болады, олардың үлесіне бөлшек сауда айналымы көлемінің 51 %-ы және сауда алаңдарының 67 %-ы келеді.
Бөлшек сауданың қазіргі заманғы форматтарының нашар дамуы бөлшек сауда секторындағы елеулі операциялық шығыстарға әкеп соғады. Еуропа елдерінің тәжірибесін қарастыратын болсақ, мұнда ірі сауда форматтарының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде кіші сауда форматтарынан әлдеқайда көп. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде ірі сауда форматтарының ең көп шоғырлануы Австрияда байқалады, онда барлық сауда алаңдарының 75 %-ын сауда алаңы 3 000 шаршы метрден астам гипермаркеттер сияқты сауда форматтары, сондай-ақ супермаркеттер (сауда алаңы 400 – 2 500 шаршы метр) және дискаунттер (1 000 – 2 000 шаршы метр) алады.
Дәл осындай форматтар пайдасыз делдалдар қызметіне мықты тосқауыл қояды және қазіргі заманғы көтерме инфрақұрылымын қалыптастырады. Соңғы 4 жылда Қазақстанға бір де бір ірі шетелдік ритейл «келмегенін» атап өту керек.
3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Министрлік қызметінің басым бағыттарының бірі ішкі нарықты қорғау және отандық өнімді сыртқы нарықтарға, оның ішінде Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі шеңберінде ілгерілету болып табылады.
Қазіргі уақытта Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану саласындағы ұлттық өкілеттіктері Еуразиялық экономикалық комиссияға берілді.
Тергеу жүргізу жөніндегі өкілеттіктердің Еуразиялық экономикалық комиссияға берілгеніне қарамастан, Министрлік қорғаудың жаңа шараларына бастамашылық ету, сондай-ақ отандық бизнес-құрылымдар мен салалық қауымдастықтарға консультациялық қолдау көрсету мақсатында тауарлардың ішкі нарығына дербес талдау жүргізу жолымен қазақстандық бизнес мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастырып, жандандырды, бұл бизнес пен мемлекет арасында белсенді диалог құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта экономикасы дамыған мемлекеттерде жетекші биржа тұғырнамаларындағы қазіргі заманғы биржа саудасын дамытуда электрондық түрдегі биржалық сауда-саттық арта түсуде, себебі бұл бірқатар мүмкіндіктерді береді: іс-жүзінде жедел ден қою, клиенттерді жоғары деңгейде қолдау, мәмілелерді адал жасасу және тиімділіктің, сенімділік пен жұмыс істеу деңгейлерін үздіксіз арттыру.
Қазіргі заманғы заңнамада биржа саудасының дамуына, биржалық сауда-саттықты жүргізудің тиімділігі мен ашықтығына кері әсер ететін ақаулықтар бар.
Министрлік Қазақстан Республикасында бөлшек саудасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, отандық ауыл шаруашылығы құрылымдарын ынталандыруға, сауда жүйесіндегі пайдасыз делдалдарды азайтуға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыруды қамтамасыз етуге баса назар аударады. Заманауи талаптар мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, биржа саудасын, сондай-ақ сауда саласын заңнамалық жетілдіру іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |