Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі №197 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет1/4
Дата27.06.2016
өлшемі236.5 Kb.
#161071
  1   2   3   4
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.07.2012 17:24:59
Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен - теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 197 Бұйрығы

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 19) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.



3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ә. Құсайын

 

Қазақстан Республикасы



Көлік және коммуникация

министрінің

2011 жылғы 6 сәуірдегі

197 бұйрығымен



бекітілген

 

 

Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі

қағидасы

 

 

1. Жалпы ереже



 

§ 1. Қолданылу саласы

 

1. Құжаттарды ресімдеу және өткізу рәсімдерін реттейтін ұйымдастырушылық және техникалық талаптар, кемелердің корпустарын, механизмдерін және электр жабдықтарын жаңарту кезіндегі жұмыстың көлемі ішкі суларда және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағиданың (бұдан әрі - Қағида) реттеу мәні болып табылады.

2. Осы Қағидада уәкілетті органмен бекітілген және Қазақстан Республикасы Көлік және қатынас жолдары комитетінің «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде пайдаланылатын қағидаларға (бұдан әрі - Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасы) сілтемелер бар.

3. Осы Қағидада қолданылатын Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасына мынадай нормативтік құжаттар кіреді:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 Ішкі суларда жүзетін кемелерді жасау қағидасы бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6871 тіркелген) (бұдан әрі - ІЖКҚ);

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 137 Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6883 тіркелген) (бұдан әрі - АЖКҚ).

4. Осы Қағида келесі объектілерге қолданылады:



1) «Л», «Р», және «О» сыныпты ішкі суларда жүзетін және «О-ПР», «М-ПР» және «М-СП» сыныпты аралас суларда жүзетін кемелердің болат корпустарына;

2) барлық үлгідегі және сыныптағы ішкі және аралас суларда жүзетін кемелердің механизмдері мен жабдықтарына (бұдан әрі - механизмдер);

3) жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең аз дегенде ішкі және аралас суларда жүзетін кемелердің барлық үлгілері мен сыныптарының электр жабдығына электростанция (бір немесе бірнеше дизельгенераторы және негізгі тарату қалқаны бар), кабельдік желі және кеменің техникалық құралдарының электрқозғалтқыштары көзделген.

5. Осы Қағиданың 1-тармағында айтылмаған кемелердің басқа түрлерінің жеке топтағы элементтерін, сыныбы, тағайындалуы, мөлшері мен қуаттылығын жаңартуға осы Қағиданы қолдану мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Кеме қатынасының тіркелімі) арнайы нысаны болып табылады.

6. Кемені немесе оның элементтерінің жеке топтарын жаңарту туралы шешім Кеме қатынасы тіркелімінің келісуі бойынша қабылданады.

 

 

§ 2. Жалпы нұсқаулар



 

7. Кемені жаңарту ұғымы деп таңдап алынған жаңарту деңгейіне байланысты, кеме корпусының, механизмдер мен электр жабдықтарының техникалық күйі белгіленген мерзім ішінде кемені сенімді пайдалануды қамтамасыз ететін Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген іс-шаралар кешенін айтады.

8. Қағидада мынадай жаңарту деңгейлері белгіленген (электр жабдықтары, механизмдер және корпус бойынша бөлек):



1) 1-ші деңгей (У1), жаңартылған кеменің кемінде 15 жылға дейін сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін кеменің техникалық күйін куәландыратын деңгей;

2) 2-ші деңгей (У2), жаңартылған кеменің кемінде 10 жылға дейін сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін кеменің техникалық күйін куәландыратын деңгей.

9. 1 немесе 2-деңгейге жаңартылған кеме корпусының механизмдерінің және электр жабдықтарының техникалық күйі, қызмет ету мерзімі 20 жылға жобаланған жаңа кеменің 5 жыл немесе 10 жыл пайдаланғаннан кейінгі тиісті элементтерінің техникалық күйіне сәйкес келеді деп танылады. Бұл ретте, жаңа кеменің барлық параметрлерінің (негізгі өлшемдері, жүк көтергіштігі, бағыты, кеменің сыныбы, жүзу ауданы) жаңартылған кеменің параметрлерінен айырмашылығы жоқ деп есептеледі.

10. Жаңартудың деңгейін таңдап алғанына байланысты, кемені жаңарту дәрежесі оның техникалық жағдайын бағалағаннан кейін және жаңартылған кемені пайдаланудың жоспары бойынша тағайындалады.

11. Кемені жаңарту жөніндегі іс-шаралар кешені (кеменің электр жабдығы, механизмдері және корпус бойынша жеке немесе бір мезгілде барлық элементтері бойынша) келесі кезеңдерді қамтиды:

1) осы Қағидаға 1-қосымшада келтірілген нысан бойынша кеме элементтерін жаңарту туралы өтінімді Кеме қатынасы тіркелімінің орталық аппаратына жіберу;

2) Кеме қатынасы тіркелімінің орталық аппаратының тапсырмасы бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне құжаттарды қарау үшін және өтінім берілген кемені жаңарту үшін осы Қағиданы қолдану мүмкіндігі туралы екі апталық мерзімде жазбаша қорытынды дайындау үшін өтінім көшірмесі жіберіледі.

3) Егер Кеме қатынасы тіркелімінің орталық аппараты өтінімде келтірілген ақаулық материалдарын толық емес деп санаса, Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерлерінің қатысуымен жаңартылатын объектілердің ақаулығына қосымша анықтау жүргізу.

4) осы Қағиданың 2, 3 және 4-тарауларында баяндалған нұсқауларды ескере отырып кемені немесе оның элементтерін (корпусы, механизмдері, электр жабдықтарын) жаңарту жобасын әзірлеу және Кеме қатынасы тіркелімімен келісу;



5) Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің техникалық бақылауымен жобада ұсынылған жаңарту жұмыстарын орындау;

6) осы қағиданың 5-тарауына сәйкес кемеге Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын ресімдеу және беру.

 

 

§ 3. Терминдер мен анықтамалар



 

12. Осы Қағидада жалпы қабылданған терминдерден басқа мынадай ұғымдар қолданылады:

1) ақауды анықтау және жөндеу - техникалық құралдар мен жабдықтың техникалық күйін немесе жиынтығын, Кеме қатынасы тіркелімінің Қағида талаптарына сәйкестендіру;

2) жабдықтар - әр түрлі сүзгілер, жылу алмасу аспабы, қысым астындағы ыдыстар, құбырлар, арматуралар, цистерналар және кеменің техникалық құралдарының және құрылғыларының қызметін қамтамасыз ету үшін қызмет ететін басқа бұйымдар жатады.

3) корпус - кеменің жалпы иілуіне қатысатын, қондырманы қоса алғандағы кеменің корпусы;

4) механизмдер - Кеме қатынасы тіркелімнің актілерін ресімдеу кезінде жеке топқа біріктірілген кеменің техникалық құралдары. Механизмдердің құрамына бас және көмекші қозғалтқыштар, редукторлар, реверсиялық-редукторлық беріліс, бытыраңқы және басқа муфтылар, білік сымдары, қозғаушылар, ауа сығымдағыш, сорғы, желдеткіш, сепаратор, палуба механизмдері кіреді;

5) электр жабдықтары - кемедегі электр қуатының көздері, электр таратқыш құрылғылар, кабельдік желі, трансформаторлар, өзгерткіштер және электр қозғалтқыштар, электр тізбегін басқаратын аппаратура, дабыл қағу және апатты ескерту қорғанысы.

13. Осы Қағидада мынадай белгілер мен қысқартулар қолданылады:



НТҚ - нормативті техникалық құжаттар;

ТШ - техникалық шарт.

 

 

§ 4. Кемені жаңарту жобасы



 

14. Кемені немесе оның элементтерін жаңарту жобасын, Кеме қатынасы тіркелімінің Тану туралы куәлігі бар мекемемен орындалады.

15. Кемені немесе оның элементтерін жаңарту жобасын қолданыстағы Кеме қатынасы тіркелімінің қағида талаптарын ескере отырып әзірлеу қажет. Сонымен қатар, бұл жоба мүмкіндігінше корпус конструкциясының элементтерін, техникалық құралдарды, құрылғыларды, электр жабдығын, мысалы конструктивті өртке қарсы құралдарды, құтқару құралдарын, рульдік құрылғыны, автоматтандыру жүйесінің элементтік базасын, авариялық-ескерту дабылы мен қорғауды жетілдіруге бағдарлануы тиіс.

16. Кемені жаңарту жобасының құжаттамасы Кеме қатынасы тіркелімінің қағида талаптарын ескеріп, радионавигациялық, экологиялық қауіпсіз жабдықтар және құтқару құралдарымен жабдықталуына байланысты болуы керек.

17. Кеме қатынасы тіркелімінің қағида талаптарынан мүмкін болатын ауытқулар бойынша жасалған кеме, Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасынан ауытқулары түріндегі Тізбе түрінде ресімделеді және Кеме қатынасы тіркелімінің келісуіне жаңарту жобасының құрамында ұсынылады.

18. Кемелерді жаңарту жобасын біркелкі пайдаланымдық шектеулермен және жол берілетін тиелімі (баластировкалар) болатын, Кеме қатынасы тіркелімінің тану туралы куәлігі бар кәсіпорын жасауы мүмкін. Осы жағдайда жобалаушы ұйым нақты кеменің ерекшеліктерін ескере отырып, топтық жаңарту жобасын сол кемеге қыстырады.

19. Жаңарту жобасында мыналарды Кеме қатынасы тіркелімінің қолданыстағы қағидасына сәйкестендіру көзделеді:



1) құтқару құралдары;

2) өртке қарсы жабдықтар, жабдықтаулар және өрт сөндіру жүйелері;

3) кемелерден ластануды болдырмау бойынша радио және навигациялық жабдықтар;

4) кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтар;

20. Корпусты жаңартуға қатысты, жоба материалдарына мыналар кіреді:



1) таңдап алынған жаңарту деңгейі үшін қажетті корпус элементін анықтау (8-тарауды қараңыз);

2) таңдап алынған жаңарту деңгейі үшін, жиынтық аралықтарына қажетті сипаттамасын анықтау (9-тарауды қараңыз);

3) жаңартылған кеме корпусының жалпы беріктілігін есептеп тексеру;

4) жағдайы осы Қағида талаптарын қанағаттандырмайтын, корпус конструкцияларын нығайту немесе элементтерін ауыстыруға техникалық құжаттама;

5) қалдық майысу/майыстыруды жою технологиясы.

 

 

§ 5. Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттамасы



 

21. Жаңартылғаннан кейін, кемеге Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттары мынадай ережелерді орындай отырып беріледі:

1) оның тағайындалымы сақтала отырып, кеме жаңартылған кезде, оған кезектен тыс куәландыру актісі жүргізіледі (алғашқы көлемінде) және Жүзуге жарамдылығы туралы куәлігіне қажетті өзгерістер енгізіледі, корпус, механизмдер мен электр жабдықтары бойынша бөлек жаңарту туралы куәліктер беріледі, жаңа Сыныптау куәліктері ресімделеді;

2) кеме жаңартылған кезде оның міндеті өзгерсе, оған алғашқы куәландыру актісі жүргізіледі, жаңа толық жинақталған кеме құжаттары, кемеге жаңа тіркелу нөмірі беріледі. Сонымен қатар, кемеге қосымша осы Қағиданың 2, 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес, кеменің корпусын, механизмдерін және жабдықтарын жаңарту туралы куәліктер беріледі.

22. Кеменің корпусын, механизмдерін және электр жабдықтарын және оның элементтеріне келесі сыныптық куәландырулер жүргізу мерзімдері, Жаңарту туралы куәлік берілген сәттен бастап жүргізіледі.

23. Кемені жаңарту туралы куәліктің қолданылу мерзімі У1 жаңарту деңгейі үшін 15 жыл және У2 жаңарту деңгейі үшін 10 жыл белгіленеді.



 

 

2. Корпусты жаңарту бойынша нұсқау



 

§ 1. Жалпы нұсқау

 

24. Қағидада корпустың жалпы беріктігін қалпына келтіру және жаңартудың өтінім берілген деңгейіне және жоспарланған пайдалану мерзіміне байланысты осы бөлімнің талаптарымен реттелген сыртқы қаптаманың беріктігі, төсеніштер мен арқалықтардың жергілікті беріктігін ауыстыру немесе байланыстарды ауыстыру немесе нығайту жолымен, сондай-ақ, қосымша байланыстарды және конструкцияларды орнату арқылы көзделеді (кеме корпусы жиынтығынан).

25. Корпусты жаңарту туралы куәлік корпустың тозған цилиндрлік қондырғысын ауыстырғанда, кеменің міндетін өзгерту үшін қайта жабдықтау, жетілдіру кезінде ресімделеді. Сол кезде кеменің корпусы негізгі Қағиданың талаптарына және жаңартудың У1 немесе У2 деңгейлеріне сәйкес келуі керек.

26. Корпусты жаңарту жобасының материалдары мыналарды қамтуы тиіс:

1) осы Қағиданың 8-тарауына сәйкес таңдап алынған жаңарту деңгейі үшін элементтердің ең аз қалыңдығын белгілеу.

2) осы Қағиданың 9-тарауына сәйкес таңдап алынған жаңарту деңгейі үшін жиынтық арқалықтарының ең аз қажетті сипаттамаларын анықтау;

3) осы Қағиданың 10-тарауына сәйкес жаңартылған кеме корпусының жалпы беріктігін есептік тексеру;

4) техникалық жағдайлары осы Қағиданың талаптарын қанағаттандырмайтын, корпус құрылымының элементтерін нығайтуға немесе ауыстыруға арналған техникалық құжаттама;

 

 

§ 2. Корпус ақаулығы



 

27. Корпустың ақаулығын анықтау кеме корпусының техникалық күйін анықтау мақсатында ақауларды анықтауды, параметрлерін өлшеуді, ақаулыққа жол бермеуін бағалауды, жөндеу көлемін анықтау мен әдісін негіздеуді қамтиды.

28. Корпус ақаулығын анықтау кемені жаңарту ниеті туралы өтінімді бергенге дейін кемінде 1 жыл бұрын Кеме қатынасы тіркеліміне ақпарат ұсына отырып жүргізіледі.

29. Ақаулықты анықтау көлемі жаңартылатын кеме корпусының техникалық күйіне байланысты белгіленеді, бірақ кезекті куәландырудың алдындағы ақаулықтың көлемі ПККҚ 2-қосымшасындағыдан кем емес болуы тиіс.

30. Жаңартуға жататын сериялық жасалған кемелер үшін, ақаулықтың бірыңғай сұлбасын әзірлеу ұсынылады. Осы сериядағы кеме корпусы элементтерінің тозу және құрастыру ерекшеліктерін ескеріп, Кеме қатынасы тіркелімінің Тануы бар мекеме әзірлеуі тиіс.



 

 

§ 3. Жаңартылған кеме корпусының табақ элементтерінің ең аз қажетті қалындықтары



 

31. Жаңартылған корпустың сыртқы қаптамасының, палуба және екінші түп төсемінің, ішкі борттар, бойлық және көлденең қалқалардың, флорлар мен кильсондардың түпаралық кеңістігіндегі ең аз қажетті қалыңдығы мынадай формуламен анықталады:

 

мұндағы tмн = [tocm]min +  (1 + 2V)(Ту1(у2)- 5),            (1)

 

[tocm]min - ең аз шекті қалындықтар құрастырылатын элементтер қарастырылады.

 - ұсынылған тозу жылдамдығы, Ішкі суларда жүзетін кемелерді жасау қағидасы (бұдан әрі - ІЖК, АЖКҚ), (Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемлерді жасау қағидасы) бойынша анықталады, мм/жыл.  орнына тозу жылдамдығын нақты мәнінде немесе тозу жылдамдығының орта статистикалық мәнін сериялы кемелерге қолдану, Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау тақырыбы болып табылады;

V - вариацияның коэффициенті: V=./ с; V мәні мыналарға тең болады:

 < 0.1 мм/жыл кезінде, V=0,4;

 > 0.1 мм/жыл кезінде, V=0,3;

с-тозудың жылдамдық стандарты, мм/жыл;

ТУ1(У2) - жаңарту жүргізілгеннен кейін жоспарланған қызмет мезгілі. Жаңарту дәрежесіне байланысты қолданылады (У1 - үшін ен аз дегенде 15 жыл, У2 - үшін ен аз дегенде 10 жыл).

32. (1) формула бойынша есептеу нәтижесіне байланыссыз tмн қалыңдығы, tмин-нің ең аз қалыңдығынан артық емес болып, ІЖКҚ немесе АЖКҚталаптарына сәйкес қабылдануы мүмкін.



 

 

§ 4. Жаңартылған кеме корпусының жиынтық арқалықтарының ең аз қажетті сипаттамалары



 

33. Қосылған белбеуі бар арқалықтардың жиынтығының ең аз қажетті кедергі моменті кемінде мынаған тең болуы тиіс, см3:

 

W = mу1(у2).Wnp мұндағы                            (2)

 

mу1(у2) - тозудың нормативтік коэффициенті (осы Қағиданың 33-тармақшасына сәйкес);



Wnp - арқалықтардың көлбеу қимасы кезіндегі кедергісі, ІЖКҚ және АЖКҚ талаптарында көрсетілген кеме сыныптарына байланысты, см.

34. Баулары қосылмаған бөлек арқалықтардың көлдеңен қимасының ауданы ең аз дегенде болу керек, см2:



 

мн = mу1(у2). стрпр,                                        (3)

 

 стрпр- арқалықтардың көлдеңен қимасының ауданы, ІЖКЕ және АЖКЕ талаптарында көрсетілген кеме сыныптарына байланысты, см2. Арқалықтардың көлбеу қимасының ауданы Қағидада көрсетілмеген жағдайда, стрпр ретінде арқалықтардың көлбеу қимасының жобалау ауданы қолданылады.

35. Арқалықтар элементтерінің ең аз қажетті қалындықтары кемінде болу керек, мм:



 

tмн = mу1(у2).tстрпр,                               ( 4 )

 

tстрпр- арқалықтар элементтерінің қалындығы, мм, сызба бойынша, осы Қағиданың 31-тармағында көрсетілгендей стрпрмынадай болып қабылданады.



36. mу1(у2) тозу коэффициентінің нормативтік мәні жаңарту дәрежесіне байланысты (У1 немесе У2) мынадай болып табылады:

1) комингстің бос бойлық арқалықтары, палубалар, түптер, екінші түптің төсеніштері, ширстректер және рама жиынтығының бойлық арқалықтары үшін:

кеменің орта бөлімінде

mу1 = 0,98; mу2 = 0,96 - ішкі жүзу кемелері үшін;

mу1 = 0,95; mу2 = 0,90 - аралас (өзен-теңіз) жүзетін кемелер үшін;

кеменің шеттерінде

mу1 = 0,96; mу2 = 0,91 - ішкі жүзу кемелері үшін;

mу1 = 0,9; mу2 = 0,85 - аралас (өзен-теңіз) жүзетін кемелер үшін;

2) көлбеу арқалықтар үшін (сыртқы және ішкі борттардың бос және рамалық шпангоуттар), бос және рамалық сұрыптаулар және т.б.:

кез келген кеме ұзындығында

mу1 = 0,98; mу2= 0,96 -ішкі жүзу кемелері үшін;

mу1 = 0,95; mу2 = 0,90 - аралас (өзен-теңіз) жүзетін кемелер үшін.

3) жиынтықтың қалған арқалықтары үшін:

кез келген кеме ұзындығында

mу1 = 0,98; mу2 = 0,92 - ішкі жүзу кемелері үшін;

mу1 = 0,9; mу1 = 0,8 - аралас (өзен-теңіз) жүзетін кемелер үшін.

37. Жиынтық арқалықтарын есептеулерге негізделген нығайту кезінде тозу коэффициентінің нормативтік мәні төмендеуі мүмкін. Бірақ екеуіндегі жаңарту дәрежелері, олардың арқалықтары үшін 0,60 (0,70) аз болу керек, 33-тармақтың 1) тармақшасында тізбектелген және 0,50 (0,60) арқалықтар үшін, 33-тармақтын 2), 3) тармақшасында тізбектелген (М-СП сыныптағы кемелер үшін).



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет