§ 1. Жалпы нұсқаулар
1538. Сұр шойынның құймасы мынадай айтылған талаптарға сәйкес жасалуы және сыналуы тиіс.
1539. Осы талаптар кеме жасауға және кемелік машина жасауға арналған сұр шойынның құймаларына қолданылады.
1540. Біртекті құймалардың бірізділік өндірісінде Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша технологиялық процесстер мен құйма сапасының тұрақтылығын растау шартымен басқа сынаулар тәсілдері және көлемдері рұқсат етілуі мүмкін.
§ 2. Химиялық құрамы және механикалық қасиеті
1541. Химиялық құрамды дайындаушы құймалардың қажетті механикалық қасиеттеріне байланысты белгілейді. Кеме қатынасының тіркелімінің талаптары бойынша құйманың техникалық құжаттамасында шөмішті сынаманың химиялық құрамы көрсетілуі қажет.
Сұр шойыннан жасалған құймалардың механикалық қасиеті твердомер мен және экспресс анализатормен анықталады.
1542. Созылуына қажетті ең аз уақытша қарсыласуы құйманың техникалық құжаттамасында белгіленеді, бірақ әрбір жағдайда кемінде 200 МПа болуы тиіс. Сонымен бірге, Қағиданың тиісті бөлімдерінің қосымша талаптары орындалуы тиіс.
§ 3. Техникалық өңдеу. Сынамаларды дайындау
1543. Құймалар термиялық өңделген немесе өңделмеген күйде жеткізіледі.
Термиялық өңдеудің қажеттілігін және оның режимін дайындаушы химиялық құрамы, тағайымы, құйма формасына байланысты белгілейді.
Кеме қатынасының тіркелімі конструктивті жетілдіру немесе кернеуді тоқтату үшін міндетті түрде термиялық өңдеуді талап етуі мүмкін. Кернеуді тоқтату үшін термиялық өңдеуді конструктивті жетілдіру үшін термиялық өңдеуден кейін механиккалық өңдеуге дейін орындалуы қажет.
1544. Сынамалар бөлек цилиндр күйінде құйылуы тиіс. Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша сынамалар басқа өлшемді, құймаларға қоса құйылған немесе тікелей құймалардан дайындалуы мүмкін.
Бөлек сынамаларды құймаларға арналған формаға ұқсас материалдарынан жасалған формаларға құйылуы қажет.
Сынамалардан бұл формалардан сынама металының 500оС жоғары температурада шығарылуы қажет.
1545. Сынаманың термиялық өңделген құймасын жеткізу кезінде осы партия құймасымен бірге термиялық өңдеуге алу қажет.
1546. Әрбір сынамадан созылуына сынау үшін үлгі жасалуы тиіс.
§ 4. Сынақтар көлемі
1547. Әрбір шөміштен кем дегенде бір сынама өңделуі тиіс. Егер бір құймаға бірнеше шөмішті металл қолданылатын болса, әрбір шөміштен бір сынамадан өңделуі тиіс.
1548. Тазартылған күйдегі салмағы 1 т және одан кем болатын құймалар партиямен сыналуы мүмкін. Партия бір шөміш металынан құйылған шамамен бірдей пішінде және көлемді құйма олардан тұруы тиіс. Әрбір 2 т тазартылған бір бөлек құйылған сынамалардан таңдалуы тиіс.
1549. Егер құймалар қысыммен тығыздылығын сынауға жататын болса, техникалық құжаттамада жұмыс және сынама қысымы көрсетілуі тиіс.
§ 5. Байқау және таңбалау
1550. Құймаларды байқауға және соңғы сынауларға тазартылған, жаншылулары және т.б. жойылған күйде ұсынылады. Құймаларда тағайымы бойынша қолдануға кері әсер ететін ақаулары болмауы тиіс.
Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен келісу бойынша бет қабатындағы ақаулар жергілікті тазалаумен жойылуы мүмкін. Құймалардың ішкі ақауларының болмауы бұзылмайтын бақылаумен расталуы тиіс.
1551. Сұр шойыннан жасалған құймаларды таңбалау осы Қағиданың 91-тарауы талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
108. Тағалған шойын
1552. Тағалған шойынды 300оС төмен температурада және 2 Мпа кем қысымда жұмыс істейтін кеме жасау және кемелік машина жасау өнімдерін дайындау үшін қолданылуы мүмкін.
1553. Тағалған шойыннан құйылған өнімдердің химиялық құрамы, механикалық қасиеті және сынаулар көлемі әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімімен келісіледі.
19-бөлім. Мыс және мыс ерітінділері
109. Мыстан жасалған жартылай өңделген өнімдер мен ерітінділер
§ 1. Жалпы нұсқаулар
1554. Мыстан жасалған жартылай өңделген өнім мен ерітінділерге (жайылған, тағалған, сым тартылған, сығымдалған және т.б.) және кеме жасау мен кемелік машина жасауда қолданылатын құймаларға қолданылады.
1555. Мыстан жасалған өнімдердің химиялық құрамы мен механикалық қасиеті және түтіктер, табақтар, шыбықтар, сортты қапталдар, соғылмалар және құймалар түріндегі мыс ерітінділері стандарттар немесе Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген техникалық шарттар талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Мыс ерітінділерін таңдау кезінде бөлме және жоғары температурадағы механикалық қасиетін, коррозиялық тұрақтылығын және басқа қасиеттерін осы ерітінділерді пайдалану шарттарымен сәйкестігін ескеріледі.
§ 2. Жеткізу күйі және сынамаларды таңдау
1556. Мыстан жасалған жартылай өңделген өнім мен мыс ертінділерін жасау процесі кезінде мыстар термиялық өңдеуге жатады, оның түрі Кеме қатынасының тіркелімі мен келісілуі және материал куәлігінде көрсетілуі қажет.
Ертініділерден жасалған жайылған өнімдер CuZn (латундар) кернеуін тоқтату үшін босаңдатылуы тиіс.
Қатты және жартылай қатты күйдегі өнімдер тек қана Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша қолданылуы мүмкін.
1557. Табақ материалдарынан жасалған созылу сынамалары прокат бағытына (тағалау) көлденең, ал түтіктер, шыбықтар, қапталдар және соғылмалардан жасалған - прокат бағыты бойынан ойып кесілуі тиіс.
Диаметрі (немесе қалыңдығы) 40 мм және одан кем түтіктер, шыбықтар және қапталдар өңделмеген күйде созылуға сыналуы мүмкін.
Соғылма сынамалары бөлек соғылуы немесе соғылмаларға бекітілуі мүмкін.
Сынамалар осы соғылманың аса жүктелген қимасының өзгеру дәрежесі сияқты болуы тиіс.
Құймалар сынамалары бөлек дайындалуы, құймаларға құйылған немесе құймадан ойып кесілуі мүмкін.
Кез-келген жағдайда сынамалар соңғы термиялық өңдеуден (жеткізу күйі) кейін ойып кесілуі қажет.
§ 3. Сынақтар көлемі. Байқау және таңбалау
1558. Егер басқасы келісілмесе, әрбір партиядан сынамалар таңдалуы қажет:
1) химиялық құрамын анықтау үшін (ерітінді талдауы);
2) механикалық қасиетін анықтау үшін (Rm, RеН, А5);
3) технологиялық сынаулар үшін.
Жартылай өңделген өнімдердің (прокат, соғылма, құйма) сынаулар көлемі Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттар бойынша белгіленеді.
Жылу алмастырғыш аппаратарға арналған ерітіндіден CuZn жасалған түтіктер мыналарға ұшырауы тиіс:
1) тиісті нормалар (өнім партиясына бір үлгі) талаптарына сәйкес азотты қышқылды сынаптан немесе аммиакта сыналады;
2) қабыстырып тастау сынауларына (екі түтіктерден ойып кесілген екі үлгі, қысқыш табақтар ара-қашықтығы Н түтік қабырға қалыңдығы t үш есе көбейтілген болуы тиіс);
3) таралу сынаулар (оправка екі түтіктен жасалған екі үлгі конусының бұрышы, α=45о, таралу дәрежесі — 30 %);
4) микроконструктивті зерттеу (өнім партиясына бір үлгі).
Түйірдің орташа өлшемі шамамен 0,001 ден 0,05 мм болуы тиіс.
Түтіктер гидравликалық сынаққа жатады, сынау кезіндегі қысым мстандарттар немесе техникалық құжаттамалар бойынша анықталады.
Жылу алмастырғыш аппараттардың түтіктерін сынау кезінде қысым 5 МПа, еспелі біліктің қаптауларындағы түтік - 2 МПа болуы тиіс.
Бұзылмайтын бақылаумен гидравликалық сынауды ауыстыру әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
1559. Кеме қатынасының тіркелімі бақылауына ұсынылатын өнімдер оларды қабылдауға негіздеме болатын тиісті стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс.
Өнімдерде тағайымына сәйкес олардың жұмыстарына кері әсер ететін ақаулары болмауы тиіс.
1560. Өнімдерді таңбалау осы Қағиданың 91-тарау талаптарына сәйкес болуы тиіс.
110. Еспелі бұрандалардың құймалары
§ 1. Жалпы нұсқаулар және химиялық құрамы
1561. Осы талаптар толық құйылған еспелі бұранда, еспелі бұрандалардың қалақтар мен күпшектер құймаларына қолданылады.
1562. Химиялық құрамы осы Қағиданың 239-қосымша талаптарына сәйкес болуы тиіс.
1563. Егер басқасы айтылмаса, мынадай формула бойынша есептелген %, 1 және 2 дәрежелі ерітінділердегі мырыш құрамы 45% кем болуы тиіс.
СZn = 100 - 100Сu/(100 + А) (577)
Осы Қағиданың 577-формуласында:
Cu - ерітіндідегі мыс құрамы, %;
А — ерітінді параметрі:
А = 1·Sn + 5 Al - 0,5 Mn - 2,3 Ni - 0,1 Fe;
Sn, Al, Mn, Ni, Fe — ерітіндідегі тиісінше қалайы, алюминий, мыс, никель және темір құрамы, %.
1 және 2 дәрежелі ерітінділердегі альфа-фаза құрамы 25 % кем емес болуы тиіс. Альфа-фаза құрамын анықтау дайындаушымен жүргізіледі.
Осы Қағиданың 239-қосымшасында көрсетілгеннен химиялық құрамы ерекшеленетін ерітінділер Кеме қатынасының тіркелімінің ерекше келісімен рұқсат етілуі мүмкін.
§ 2. Механикалық қасиеті.
Сынамаларды дайындау және сынау көлемі
1564. Бөлек құйылған сынамалардан жасалған үлгілерді сынау кезінде еспелі бұрандалар үшін ерітінділерді механикалық қасиеті осы Қағиданың 240-қосымшасына сәйкес болуы тиіс.
Қоса құйылған сынамалардан жасалған немесе тікелей құймадан таңдалған үлгілерді сынау кезінде механикалық қасиеті мынадай көрсетілген осы Қағиданың 240-қосымшасына сәйкес болуы мүмкін, бірақ 30 % аспайды.
1565. Еспелі бұрандаларға арналған ерітінділердің механикалық қасиеттерін анықтау үшін бөлек құйылған сынамалар әрбір шөміштен бөлек таңдалуы және өлшемдері осы Қағиданың 241-қосымшасына сәйкес болуы тиіс.
1566. Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша стандарттар бойынша жасалған сынамаларды қолдануға болады.
Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша сынауды соңғы сынау кезінде тікелей құймалардан немесе оларға құйылған құймалардан таңдалуы мүмкін.
1567. Әрбір сынамадан осы Қағиданың 172-қосымша талаптарына сәйкес бір цилиндрлі үлгі дайындалады және сыналады, ал сондай-ақ 1 және 2 дәрежелі құймаларда α- фаза құрамы анықталады.
§ 3. Байқау және таңбалау
1568. Құймалар тазалануы, ал олардың бет қабаты көзбен шолу байқау мен бұзылмайтын бақылауға дайындалуы тиіс. Кеме қатынасының тіркелімінің талаптары бойынша құймалардың бет қабаты каппилярлық бақылауға жатуы мүмкін. Ішкі ақауларды бұзылмайтын бақылаудың бірде-бір тәсілдерімен іздеу қажет.
Анықталған ақаулар механикалық қасиетпен жойылуы немесе пісірілуі мүмкін.
Түзетусіз рұқсат етілетін, механикалық қасиетпен жойылуға немесе пісірілуге жататын ақаулардың өлшемдері, саны және орналасуы Кеме қатынасының тіркелімі бойынша анықталады.
Ақауларды жою және/немесе пісіру орындары бұзылмайтын бақылауға жатады.
Пісіру нәтижесінде пайда болған кернеу ақаулары Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген тәсілмен алынып тасталуы қажет.
Ақауларды пісірумен түзетілер Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша Рұқсаттама куәлігі бар, мамандандырылған пісірушілермен жүргізілуі қажет.
Пісірілген ақаулардың өлшемдері мен күйлерін еспелі бұранданың құймасына берілетін куәлікке қоса берілетін сызбаларда көрсетіледі.
1569. Еспелі бұрандалардың құймаларын таңбалау осы Қағиданың 91-тарау талаптарына сәйкес болуы тиіс.
20-бөлім. Алюминий ерітінділері
111. Деформацияланатын алюминий ерітінділері
§ 1. Жалпы нұсқаулар.
Механикалық қасиеті және химиялық құрамы
1570. Осы тараудың талаптары кеме жасау мен кемелік машина жасауға арналған алюминий ерітінділерінен жасалған соғылма, қалыптама, кішкене шыбық, қаптал, сығымдалған панельдер мен қалыңдығы 1,5 мм аса табақтарға қолданылады.
Осы Қағиданың 242, 243-қосымшасында көрсетілген ерекшеленетін ерітінділердің химиялық құрамы мен механикалық қасиеттерін қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
Алюминий ерітінділерден жасалған жартылай өңделген өнімдер Кеме қатынасының тіркелімімен танылған кәсіпорынмен жасалуы қажет.
1571. Жартылай өңделген өнімдердің және алюминий өзгерген ертінділердің механикалық қасиеттері осы Қағиданың 242-қосымшасына сәйкес болуы тиіс.
1572. Алюминийі өзгерген ерітінділердің химиялық құрамы осы Қағиданың 243-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болуы тиіс.
Осы Қағиданың 243-қосымшасына көрсетілмеген қоспалар саны 0,1 % аспауы тиіс.
Кеме қатынасының тіркелімен келісілген титан және цирконий басқа түйір ұсақтайтын элементтермен бөлектеп немесе толық ауыстырылуы мүмкін.
§ 2. Термиялық өңдеу. Сынамаларды дайындау
1573. Алюминий ерітінділерінен жасалған жартылай өңделген өнімдердің қажетті механикалық қасиетіне байланысты ыстықтай жайылған, ыстықтай сығымдалған немесе сығылған күйінде жеткізілуі тиіс.
Жеткізу күйі жартылай өңделген өнім куәлігінде көрсетіледі.
Дәнекерлеу конструкциясында жартылай өңделген өнімдерді жартылай күйген және күйген күйде Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
Жергілікті қыздыру, қақтап бекіту және құрылыым өзгеруімен қоса жүретін технологиялық операцияларды орындау жартылай өңделген өнімдерді тағайымы бойынша пайдалануыға кедергі болатын қасиеттеріне өзгеруіне жол бермеуі тиіс.
1574. Механикалық қасиеттерін анықтау үшін сынамаларды бойлық осьтері мынадай бағытталған үлгілерді дайындау қамтамасыз ететіндей етіп таңдалуы қажет:
1) қалыңдығы 25 мм табақтар мен ұзынша қиықтан - талшықтар бағыты бойынан;
2) шыбықтар мен қапталдардан - талшықтар бағыты бойынан;
3) сығымдалған панельдерден - талшықтар бағыты бойынан.
Қалыңдығы 25 мм асатын соғылма, қалыптама, табақтар мен ұзынша қиықтар үшін сынамаларды таңдау орны, сынамалар өлшемдері мен үлгілер кесінділері Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша анықталады. Сонымен бірге, сынамалар соғылмаларға бекітілуі немесе сынама ретінде соғылманың бірден-бірі қолданылуы тиіс.
Үлгілер үшін дайындамаларды, сондай-ақ сынаулар үшін үлгілердің өздерінен дайындаулар қызу мен қақтап бекіту салдарынан ерітінді қасиетін өзгеру мүмкіндігін болдырмайтын тәсілдермен жүргізіледі.
Созылу сынауларын осы Қағиданың 1281 және 1282-тармаққа сәйкес үлгілерде жүргізіледі.
§ 3. Сынақтар көлемі. Байқау және таңбалау
1575. Алюминий ерітінділерден жасалған жартылай өңделген өнім партиямен сынауларға жатады. Әрбір партия бір таңбалы, бір өлшемді және жеткізу күйлері бірдей бір ерітіндіден жасалған жартылай өңделген өнімдерден тұруы тиіс. Партиядағы соғылма немесе қалыптамаларды бір тұнбада термиялық өңдеуге алу қажет.
Табақтар мен сығымдалған панельдер партия салмағы 2 т, қапталдар мен шыбықтар - 1 т жоғары болмауы тиіс.
Сынаулар жүргізу үшін әрбір партиядан кемінде үш жартылай өңделген өнімдер, соғылмалар мен қалыптама партиясынан кемінде бір жартылай өңделген өнімдер таңдалуы тиіс. Әрбір жартылай өңделген өнімдерден созылуға сынау үшін кемінде бір үлгіден жасалуы тиіс.
Сынаулардың қанағаттандырмайтын қорытындыларында қайта сынаулар жүргізіледі. Қайта сынаулар үшін үлгілерді сол партиядан басқа жартылай өңделген өнімдерден таңдалады. Қайта сынаулардың қанағаттандыратын нәтижелері үшін партия таңдалуы мүмкін.
1576. Табақтар, қапталдар, соғылмалар, қалыптамалар және панельдерде жартылай өңделген өнімдерді тағайымы бойынша пайдалануға кері әсер ететін ақаулары болмауы тиіс.
Партияның барлық жартылай өңделген өнімдері көзбен шолып бақылауға жатады. Дайындаушы-кәсіпорын бет қабатының тиісті сапасын кепілдеуі тиіс. Бет қабатының ақауларын Кеме қатынасының келісімен ғана жойылуы мүмкін.
Кеме қатынасының тіркелімі жартылай өңделген өнімдердің ішкі ақаулары болмауына металлографиялық сынаулар мен бұзылмайтын бақылауды талап етуі мүмкін.
1577. Өзгерген алюминий ерітінділерінен жасалған табақтар, қапталдар, соғылмалар, қалыптамалар мен панельдерді таңбалау осы Қағиданың 91-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Жартылай өңделген өнімде жасаушы инспекторға материалды толық жасау жолын таңбалар бойынша анықтау мен оның тиісті партиясының тән екенін белгілейтін мәндер жүйесін қолдануы тиіс.
114. Құймалы алюминий ерітінділері
§ 1. Химиялық құрамы және механикалық қасиеттері
1578. Осы тараудың талаптары кеме жасау мен кемелік машина жасауда қолданылатын құймалы алюминий ерітінділерінен жасалған бөліктер мен конструкцияларға қолданылады.
1579. Кеме жасауда және кемелік машина жасауда қолданылатын алюминий ерітінделерінен құйылған өнімдердің химиялық құрамы мен механикалық қасиеттері осы Қағиданың 244-қосымшасына сәйкес болуы тиіс.
Қысым немесе темірқорам астында құю кезінде Кеме қатынасының тіркелімі механикалық қасиеттерінің аса жоғары мәндерін талап етуі қажет. Бұл жағдайда механикалық қасиеттерінің мәндері мен сынамаларды таңдау тәртібі Кеме қатынасының тіркелімімен келісуге жатады.
Осы Қағиданың 244-қосымшасында көрсетілгеннен химиялық құрамы мен механикалық қасиеттері ерекшеленетін ерітінділерді қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
Химиялық құрамы бойынша ерекшеленетін жаңа ерітінділерді қолдану кезінде Кеме қатынасының тіркелімі олардың коррозиялық тұрақтылығын тексеруді талап етуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |