Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 3. Механикалық және технологиялық қасиеттер



бет32/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   129
§ 3. Механикалық және технологиялық қасиеттер.

Термиялық өңдеу

 

1379. Бөлме және одан жоғары температурада құбырлар үшін болаттың механикалық және технологиялық қасиеттері стандарттармен белгіленеді.

1380. Дайындау кезінде құбырлар мынадай сынауларды өтуі қажет:



1) осы Қағиданың 1281-тармағына сәйкес (уақытша қарсыласу, ағымдылық және ұзарту шегін анықтаумен қоса) сәйкес созылу;

2) осы Қағиданың 1281-тармағына сәйкес жоғарыланған температура кезінде созылуына (шартты ағымдылық шегін анықтаумен қоса);

3) осы Қағиданың 1291-тармағына сәйкес қабыстырып тастау немесе 1293-тармаққа сәйкес сақиналар созулуына;

4) осы Қағиданың 1292-тармағына сәйкес таралуына.

Жоғарланған температурада созылу сынаулары қабыстырып тастауын, сақиналар созылуын немесе таралуын сынаулар нәтижелері бағаланатын стандарттармен немесе Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген техникалық құжаттама бойынша қажет болған жағдайда орындайды. Бұл Кеме қатынасының тіркелімінің талабы немесе стандарттармен алдын-ала қарастырылса, жоғарланған температурада беріктілік ұзақтығының шегін анықтау бойынша құбырлар үшін болаттарды сынаулар нәтижелері ұсынылуы қажет.

1381. Құбырлар стандарттармен немесе Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген жоба-техникалық құжаттамамен алдын-ала қарастырылған термоөңделуі қажет. Сонымен қатар, салқындай өзгертілген және электрлі дәнекерленген құбырларды әрбір жағдайда термиялық өңдеуге жатады: нормалау, нормалау және босату немесе шыңдау және босату. Термиялық өңдеудің түрі және режимін дайындаушы-мекеме белігейды, бұл туралы Кеме қатынасының тіркеліміне хабарлайды және куәлікте көрсетеді.



 

 

§ 4. Сынамаларды дайындау, сынақтар көлемі



 

1382. Егер басқасы айтылмаса, үлгілер дайындау үшін сынамаларды партиядан кемінде екі түтіктен бір шетінен бастап таңдайды.

1383. Түтіктер партиямен сынауларға жатады.



Партия бір ерітінді болаттан жасалған, және бірдей режим бойынша термиялық өңдеуден өткен өлшемдері бірдей түтіктерден тұруы қажет.

Партиядағы түтіктер көлемі мынадан аспауы тиіс, шт:

сыртқы диаметрі 76 мм кем түтіктер үшін 400;

сыртқы диаметрі 76 мм аса түтіктер үшін 200.

Көрсетілген қалған санының жартысынан кем түтіктер тиісті партияға қосылады, ал жартысы және одан аса бөлек партия деп саналады.

Сынаулар өткізу үшін әрбір сынамадан созылу, қабыстырып тастау немесе сақиналар созылу және таралу сынаулары үшін (дәнекерлеу түтіктерді сынау кезіндегі екі үлгі) бір үлгіден ойып кесіледі. Барлық түтіктер гидравликалық сынауларды өтуі қажет. Сынамалық қысым стандарттар немесе Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген құжаттамамен сәйкес белгіленеді, бірақ, әрбір жағдайда осы Қағиданың 2385-2390-тарауында көрсетілгеннен кем емес болмауы қажет.



Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша ультрадыбыстық немесе басқа эквиваленттің бақылауға жататын түтіктерге гидравликалық сынау жүргізілмеуі мүмкін.

Дәнекерлеу түтіктердің дәнекерлеу тігістері ультрадыбыстық бақылауға жатқызу қажет.

 

 

§ 5. Байқау және таңбалау



 

1384. Көзбен шолып бақылауға барлық түтіктер жатады.

Түтіктер бетінде сызат, шырмау, жырық, жаншылулары болуына рұқсат етілмейді.

Егер олар қабырға қалыңдығын минусты ауытқулар шегінен асырмаса, аз ғана жапырылу, жаншылу, тәуекел ету, қабыршақтың жұқа қабаты, ақауларды тазалау іздері және майда шырмаулар болуы мүмкін.

1385. Таңбалауды осы Қағиданың 91-тарауы талаптарына сәйкес орындалуы қажет.



 

 

100. Шынжырларға арналған болат



 

§ 1. Жалпы нұсқаулар

 

1386. Осы талаптар зәкірлі шынжырларды, сондай-ақ конструкцияға, кемелік зәкірлі шынжырларды дайындау және сынау және олардың бөліктерінің жинақтамаларын дайындауға арналған жайылған болаттарға қолданылады.

1387. Жайылған болат (болатты прокат) Кеме қатынасының тіркелімімен танылған мекемелермен дайындалуы қажет. Сонымен бірге, Кеме қатынасының тіркелімі осы Қағиданың 1400-1407-тармақтарына сәйкес дайын шынжырдың термиялық өңдеуіне ұқсас термиялық өңдеуден кейін осы мекемемен жасалатын материалға соңғы сынаулар жүргізуін талап етуі мүмкін.

1388. Прокатты дайындаушы Кеме қатынасының тіркеліміне материал ерекшелігін келісуге ұсынады.

Ерекшелікте болатты ерітіп шығару тәсілі және босаңсыту әдісті, қажетті химиялық құрам, жеткізу күйі және механикалық қасиеті көрсетілуі қажет.

Ерітіп шығару тәсілі, босаңсыту әдісі және химиялық құрамы, сондай-ақ осы Қағиданың 1388-1390-тармағы талаптарын толық қанағаттандырмайтын болатты жеткізу күйі ерекшелікті көздеу кезінде Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі қажет.

1389. Қолданылып жатқан тірегіштермен қоса шынжыр болатын созу кезіндегі уақытша қарсыласуына байланысты 1, 2 және 3 дәрежелерге, ал тірегіштерсіз 1 және 2 дәрежелеріне бөлінеді.

 

 

§ 2. Химиялық құрамы.



Механикалық қасиеті және жеткізу күйі

 

1390. Шөміш сынамасы бойынша болаттың химиялық құрамы  Қағиданың 206-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болуы қажет.



Сортты прокат болаттың тынық ерітіндісінен дайындалуы тиіс, сонымен бірге 2 және 3 дәрежелі шынжырлар үшін болат түйір ұсақтайтын элементтермен өңделуі қажет.

1391. Болатты прокаттың механикалық қасиеті дайын шынжырдың осы Қағиданың 207-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес қасиетін қамтамасыз етуі қажет.

1392. Сортты прокатты прокат жүргізілгеннен кейін жеткізіледі.

 

 

§ 3. Сынақтар көлемі



 

1393. Сортты илем партиямен сынауларға ұсынылады. Салмағы 50 т кем партия диаметрлер айырмашылығы 4 мм кем жеткізудің бір күйін бір ерітіндіні илемдеуден тұруы қажет.

1394. Созылу сынауларына бір үлгі дайындайтын сортты илемнің әрбір илемінен және егер соғудан майысу сынаулары үшін үлгілер қажет болғанда бір сынама таңдалады (KV).



 

 

§ 4. Үлгілерді дайындау, байқау



 

1395. Үлгілер сынамадан оның ось бойымен 1/6 диаметр арақашықтықта жоғарғы немесе осы Қағиданың 208-қосымшасына сәйкес осы қалыпқа мүмкіндігінше жақын ойылуы қажет.

1396. Сортты прокат диаметрінің рұқсат етілетін ауытқулары стандарттармен белгіленеді және ерекшелікте көрсетіледі.

1397. Сортты прокатта оның келесі өңдеуіне және қолданылуына кедергі болатын ішкі және сыртқы ақаулары болмауына рұқсат етілмейді.



Сыртқы ақаулар диаметрге рұқсат етілетін шектерінде тазаланып жойылуы мүмкін.

1398. Сортты прокатты таңбалау осы Қағиданың 91-тарауы талабына сәйкес әрбір өнімде орындалады.



 

 

§ 5. Шынжыр материалдары және олардың бөліктерінің жинақтамалары



 

1399. Шынжырлар дайындау үшін сортты прокат осы Қағиданың 1391- 1398-тармағы талаптарына сәйкес болуы қажет.

1400. Егер мынадан басқасы айтылмаса, тағаланған шынжыр материалдары және олардың бөліктерінің жинақтамалары осы Қағиданың 101-тарау талабына, ал құйылған - 102 тарау талаптарына сәйкес болуы тиіс.

1401. Тірегіштер үшін осы шынжыр үзбесіне ұқсас, жайылған, тағаланған немесе құйылған көміртекті болат қолданылуы қажет.



 

 

§ 6. Шынжырлар конструкциясы және дайындалуы және



олардың бөліктерінің жинақтамалары

 

1402. Шынжыр үзбелері түйістірілген жалғанған дәнекерлеуді ерітумен сортты прокаттан дайындалады, үзбелерді тағалау немесе құюмен дайындалуы мүмкін.

Калибрі 26 мм және одан кем тірегішсіз шынжыр үзбелері түйістірілген жалғану дәнекерлеуі қысыммен дайындалуы мүмкін.

1403. Шынжыр жинақтамасының бөліктері, үзбелері және тоғындары, вертлюгтер және вертлюгтер-тоғындар тағалау немесе құйылумен дайындалады және ең аз дегенде 2 дәрежелі шынжырлар үшін талаптарына сәйкес болу тиіс.



Көрсетілген бөліктер, сондай-ақ дәнекерді қолданумен жасалуы мүмкін.

1404. Шынжыр үзбелерінің конструкциясы және олардың бөліктерінің жинақтамалары Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген құжаттамаға сәйкес болуы қажет.

1405. Шынжырларды жеткізу күйі және дәрежеге байланысты олардың бөліктерінің жинақтамалары осы Қағиданың 209-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болуы қажет.

Шынжырлар және олардың жинақтама бөліктерінің термиялық өңдеуі жүктемемен ажырату және сынама сынауларына дейін жүргізілуі қажет.

1406. Дайын шынжыр және оның бөліктерінің жинақтамаларының механикалық қасиеттері осы Қағиданың 210-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болуы қажет.

1407. Дәрежеге байланысты шынжырлар және олардың бөліктерінің жинақтамалары осы Қағиданың 211, 212-қосымшасында көрсетілген сынама және ажырату жүктемеге төзетіндей етіп жасалуы қажет.

1408. Барлық шынжыр үзбелері және оларды жинақтайтын бөлшектерде жасау тәсілімен анықталатын бет қабаты таза болуы, өнімді тағайымы бойынша пайдалану мүмкіндігін жоятын сызаттар, тіліктер, бөгде қосылулар мен басқа ақаулары болмауы қажет. Тағалған бөлшектердегі ағып келулер немесе заусенецтер тиісті түрде тазалануы тиіс. Рұқсаттама шеттеріндегі кішкентай сыртқы қабаттағы ақаулар сыртқы қабаттың бір қалыпты өтуін қамтамасыз ететіндей етіп тазартылуы қажет. Тереңділіктің үзбе калибрінің немесе дене қалыңдығының шектерінен 5 % кем жергілікті тазалау жүргізілуі мүмкін.

1409. Шынжыр үзбелерінің өлшемдері стандарттар талаптарына сәйкес болуы қажет.

 

 

§ 7. Шынжыр үзбелерінің рұқсат етілетін ауытқулары



 

1410. Үзбелердің жалғанбаған, майысқан жеріндегі диамтер ауытқулары осы Қағиданың 213-қосымшасындағы талаптарын қанағаттандыратындай болуы қажет.

1411. Майысқан жердегі шынжыр үзбелерінің көлденең қимасының аумағында минусты ауытқулар болмауына рұқсат етілмейді.

Бұл аймақты бір және дәл сол көлденең қимадағы, бірақ сол қиманың ішкі контурының түрлі нүктелерінде диаметрдің орта арифметикалық төрт өлшемдерінде анықталған диаметр бойынша есептелінуі керек.

1412. Әрбір бес үзбелерде өлшенген шынжырлардың түйіскен жерлері ұзындығының мүмкін болатын ауытқулары номиналды ұзындықтың +2,5 % аспауы қажет. Өлшеулер шынжырларды сынама жүктемелермен созу кезінде орыныдалады.

1413. Кергілер оның бойлық осіне перпендикулярлы үзбелер ортасында орнатылуы қажет. Тұтасқан орындардың екі шеттері бойынша соңғы үзбелердің кергілері жалғаушы үзбелер немесе тоғындардың еркін өтуі үшін жылжытылуы мүмкін. Сонымен бірге, егер кергілер мықты бекітілсе және олардың шеттері саңылауларсыз үзбелердің ішкі бет қабаттарына жанасатын болса: эксцентриситет X— 0,1 d,  бұрышы 4о аспайтын болуы мүмкін.

Ауытқуларды осы Қағиданың 214-қосымшасына сәйкес орындалады.

1414. Шынжырларды жинақтайтын бөліктердегі рұқсат етілетін өлшемдер ауытқулары: диаметрі +5%, басқа өлшемдеі +2,5%.

1415. Пісірулер мынадай талаптарды ескере отырып, Кеме қатынасының тіркелімімен расталған технология бойынша орындалуы қажет:

1) кергілер осы Қағиданың 1401-тармағына сәйкес болаттан жасалған болуы қажет;

2) кергілерді үзбенің дәнекерлеу тігістеріне қарама-қарсы бір шетінен ғана пісіріледі. Кергі шеттері мен үзбе бет қабатының арасында мағыналы саңылаулар болмауы рұқсат етілмейді;

3) дәнекерлеу төменде тұрған күйде Кеме қатынасының тіркелімінің рұқсаттамасы бар дипломды дәнекерлеушімен технология бойынша талап етілетін дәнекерлеуіш материалдармен орындалады;

4) дәнекерлеу шынжырды соңғы термиялық өңдеуге дейін орындалуы қажет;

5) дәнекер тігістерінде шынжырды тағайымы бойынша пайдалануға кедергі болатын ақаулары болуына рұқсат етілмейді. Қажет болғанда тіліктер, шеттердегі кратерлер және сол сияқты ақауларды тазалау арқылы жойылуы қажет.

Кеме қатынасының тіркелімінің талаптары бойынша кергілерді пісіру үшін технологиялық дәнекерлеу сынаулары орындалуы қажет.

 

 

§ 8. Дайын шынжырларды сынау



 

1416. Дайын шынжырлар инспектордың қатысуымен мынадай көрсетілген сынауларға жатады. Сынауларға боялмаған антикоррозиялық жабуларсыз шынжырлар жатады.

1417. Шынжырдың әрбір тұтасқан жері (27,5 м) осы Қағиданың 211, 212-қосымшасында көрсетілген сынамалық жүктемемен сынауға жатады.

1418. осы Қағиданың 211, 212-қосымшасында көрсетілген жүктемемен шынжырды ажырату сынаулары үшін ең аз дегенде кергілері бар үш немесе кергісіз бес үзбеден тұратын осы Қағиданың 215-қосымшасына сәйкес үлгілерді таңдайды. Үлгілер дәл сол технологиямен жасалып және шынжырмен қоса (дәнекер және термиялық өңдеу) болу керек. Үлгілерді шынжырлардан инспектор қатысуымен таңдалады.

1419. Ажыратқыш машинаның және шынжырдың үлкен калибр қуаттылығы жеткіліксіз болып, ажырайтын жүктемеге жету мүмкін емес болған жағдайда Кеме қатынасының тіркелімімен басқа да сынаулар тәсілдері қаралуы мүмкін.

1420. Ажырату жүктемемен сынаулар нәтижелері қанағаттандырмайтын болса, дәл сол тұтасқан орыннан басқа үлгіні таңдайды және сынайды. Сынаулар нәтижелері қажетті жүктемеге сәйкес болған кезде қанағаттандырарлық деп саналады.

Егер қайтадан сынау нәтижелері қанағаттандырмайтын болса, тұтасқан орындар бракталады.

Дайындаушының қарауы бойынша осы партияның қалған әрбір үш тұтасқан орындарынан үлгілер таңдалып, жүктемемен сыналуы мүмкін. Егер бірден-бір тұтасқан орындардың сынаулар нәтижелері қанағаттандырарлықсыз болса, партия бракталады.

1421. Сынама жүктемемен сынау нәтижесі қанағаттандырмайтын болса, ақауланған үзбелер (үзбе) ауыстырылып, жаңа үзбенің (үзбе) жергілікті термиялық өңдеуін жүргізеді және сынама жүктемемен қайтадан сыналады. Сонымен бірге, үзбені (үзбе) жойылу себебі анықталуы қажет.

1422. 3 дәрежелі шынжырдың әрбір төртінші тұтасқан жерлерінің, сондай-ақ 2 дәрежелі термиялық өңдеусіз осы Қағиданың 215-қосымшасындағы сәйкес созылу мен соғудан майысу сынаулары үшін үлгілер таңдалады. Үлгілерді осы Қағиданың 103-суретіне сәйкес дәнекер тігісіне қарама-қарсы үзбе жағында ойып кесіледі.

Негізделген жағдайларда Кеме қатынасының тіркелімі дәнекер тігісінен ойып кесілген үлгілерді дәнекер тігісіне көлденең созылуына және дәнекер тігісі бойынша тілігі бар соғудан майысуына сынауды жүргізуін талап етуі мүмкін.

1423. Шынжырдың тұтасқан жерлерінде үлгілерді дайындау үшін қосымша үзбе (немесе шынжыр аз калибрлі болса, бірнеше үзбе) алдын-ала қарастырылуы керек. Қосымша үзбе ажырауын сынау үшін үлгілерге ұқсас дайындалуы қажет(осы Қағиданың 215-қосымшасы).

1424. Сынаулар нәтижелері осы Қағиданың 215-қосымша талаптарына сәйкес болуы және сертификатта көрсетілуі қажет.

1425. Шынжырды таңбалау әрбір тұтасқан орынның соңғы үзбелерінде орындалуы және сертификат нөмірі, шынжыр дәрежесі және таңбасы болуы қажет. Таңбалаудың таңбалары осы Қағиданың 216-қосымшасына сәйкес орналасуы қажет.



 

 

§ 9. Шынжырды жинақтайтын бөлшектерді сынау



 

1426. Шынжырды жинақтайтын бөлшектер Кеме қатынасының тіркелімі инспекторының қатысуымен сынауға жатады. Сынауларға боялмаған антикоррозиялық жабуларсыз бөлшектер жатады.

1427. Барлық бөлшектер осы Қағиданың 211-қосымшасында көрсетілген сынама жүктемемен сынауларға жатады.

1428. осы Қағиданың 211-қосымшасында көрсетілген жүктемемен ажырауын сынау үшін бөлшектер партиямен ұсынылады.

Көбейтілген тоғындар, вертлюгтер, вертлюгтер мен тоғындар және соңғы үзбелердің партиялары 25 бөлшектен кем, ал жалғанушы үзбелер - бір ерітінді материалдан жасалған және бір садкада термиялық өңдеуді өткен бір дәрежелі, бірдей өлшемді 50 бөлшектерден тұруы қажет.

Әрбір партиядан бір өнім жүктемемен ажырау сынауларына жатады, сонымен бірге сыналған өнімдерді тағайымы бойынша пайдалануға болмайды.

1429. Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша жүктемемен ажырау сынаулары жүргізілмеуі мүмкін, егер:



1) дайындаушыны Кеме қатынасының тіркелімімен тану кезінде өнімді алғашқы сынаулардың жағымды нәтижелерімен расталуы тиіс жүктемемен ажырау,

2) әрбір партияның механикалық сынау нәтижелері осы Қағиданың 1431-1433-тармағына сәйкес қанағаттандырарлық, және бөлшектер Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген тәсіл бойынша бұзылмайтын бақылауды өтті.

1430. Егер оларды дайындау кезінде осы шынжыр үшін қажет болғаннан шынжырдың аса жоғары дәрежесіне сәйкес материалдар қолданылса, осы Қағиданың 1428-тармағы талабына қарамастан алдын-ала жазылған жүктемемен ажырауға сыналған өнімдер тағайымы бойынша пайдаланылуы мүмкін.

1431. Бөлшектердің әрбір партиясынан осы Қағиданың 208-қосымшасына сәйкес арнайы таңдалған сынамадан немесе бөлшектен ойып кесілген бір үлгі созылуына және үш үлгілердің бір жинақтамасы соғудан майысу (KV) сынауларына жатады.

1432. Механикалық сынаулар нәтижелері осы Қағиданың 210-қосымша талаптарына сәйкес болуы және сертификатта көрсетілуі қажет.

1433. Шынжырды жинақтайтын бөлшектерді таңбалау әрбір өнімде орындалады және сертификат нөмірі, дәрежесін және Кеме қатынасының тіркелімінің таңбасы болуы тиіс.



 

 

101. Болатты шыңдау



 

§ 1. Жалпы нұсқаулар

 

1434. Болатты шыңдаулар мынадай айтылған талаптарға сәйкес орындалуы және сыналуы қажет.

1435. Осы талаптар кеме жасауға және кемелік машина жасауға арналған шыңдауларға және қоршаған ауа температурасында анықталған қасиеттеріне байланысты анықталған қолдану аймағына қолданылады (осы Қағиданың 1280-тармағы).

1436. Талаптар соғылма орнына қолданылатын прокаттан жасалған дайындама, және жай пішінді білік, бұрандама және басқа сол сияқты бөлшектер жасау үшін (тек қана механикалық өңделген) қолданылатын диаметрі 250 мм кем емес сортты прокаттарға қолданылады.

1437. Төмен немесе жоғары температурада жұмыс істеу үшін арналған бөлшектер үшін соғылмаларға, сондай-ақ арнайы қасиеті (коррозиялық тұрақтылық, ыстыққа төзімді, ыстыққа берік және т.б.) бар қоспалы болаттан жасалған соғылма әрбір жағдайларда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады. Сонымен бірге Кеме қатынасының тіркеліміне келісуге ұсынылатын құжаттамаларда соғылманың химиялық құрамы, механикалық және арнайы қасиеті, термиялық өңдеу, сынаулар тәсілдері мен көлемі бойынша мәліметтер көрсетілуі қажет.

1438. Орнатылған біртекті соғылмаларды өндіру кезінде Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша технологиялық процесстердің және соғылма сапаларының тұрақтылығын растау шартымен басқа да сынаулар тәсілдері мен көлемі рұқсат етілуі мүмкін.

1439. Күрделі пішінді тағалған бөлшектерді жасау кезінде екі немесе одан аса соғылмаларды дәнекерлеу қарастырылса, болаттың химиляқ құрамы жіәне дәнекерлеу технологиясы Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі тиіс, сонымен бірге, ол дәнекерленген жалғанулардың технологиялық сынауларын жүргізуді талап етуі мүмкін.

1440. Пластикалық деформацияның (уков) дәрежесі термиялық өңдеуден кейін ақаулары болмайтындай, конструкция біртектілігі мен қажетті механикалық қасиетін осы Қағиданың 217-қосымшасына сәйкес қамтамасыз етілетіндей болуы қажет.

Диск тәрізді соғылманың кез-келген жағының қалыңдығы (мысалы, тістектес доңғалақтың соғылымалары) уковтың алғашқы дайындамасы 1,5: 1 аса болатын шартымен соғылма шөгуімен орындалған дайындама ұзындығының жартысынан кем болмауы қажет.

Егер дайындама, тікелей кесектен ойып кесілген болса немесе оның алдын-ала уковы 1,5;1 кем, диск тәріздес соғылманың кез-келген бөлігінің қалыңдығы дайындама ұзындығының 1/3 артық болмауы қажет.

Доңғалақ соғылмалары немесе басқа типті қуыс соғылмаларды қуыс дайындамаларды таратумен немесе оправаларда жайылудан жасалады. Құйылған бос денелі дайындамаларды қолданылуы мүмкін. Соғылма қабырғаларының қалыңдығы қуыс дайындама қабырғасының жартысынан кем болуы қажет, қарама-қарсы жағдайда дайындама деформация дәрежесі 2:1 алдын-ала өңдеуге жатады.

1441. Егер нақты өнімдер үшін соғылманың бағыты жүктемені аса жағымды болатын қабылдауын қажет етсе, пластикалық өңдеудің технологиялық процессі Кеме қатынасының тіркелімімен келісуге жатады.



Соғылманы жасау процессінде ол конструктивті бақылауын және талшықтар бағытын тексеруді талап етуі мүмкін.

1442. Егер басқа тәсіл келісілмесе, газды кесу, отпен тазалау немесе доғалы бет қабатын сүргілеуді соңғы термиялық өңдеуге дейін орындау қажет. Осы операцияларды жасау кезінде болаттың химиялық құрамына және/немесе оның қалыңдығына қатысты алдын-ала жылыту қажет етуі мүмкін.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет