Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


Генераторлардың паралельді жұмысы кезінде жүктемені тарату



бет68/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   129
365. Генераторлардың паралельді жұмысы кезінде жүктемені тарату

 

3722. Егер электр энергия көзі жалпы доңғалаққа ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуге жарамайтын болса, онда оларды паралельді жұмысқа жүктемені бір генератордан басқасына ауыстыру уақытына қосу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

3723. Егер ауыспалы тоқ генераторларының паралель жұмыстары қарастырылса, онда басты таратқыш қалқанда синхрондау құрылғысы орнатылуы тиіс. Автоматты синхрондау кезінде қосалқы қолмен синхрондау құрылғысы қарастырылуы тиіс.

3724. Тұрақты тоқты бірнеше генераторларды орнату кезінде басты таратқыш қалқанда магниттеуге арналған құрылғы белгіленуі тиіс.

Егер ол бастапқы қозғалуға қажет болғанда, осындай құрылғы және де ауыспалы тоқты генераторларын синхронды магниттеу үшін де пайдаланылуы мүмкін.

3725. Паралель жұмыс істеуге арналған ауыспалы тоқ генераторлардың жетекті қозғалтқыштарын реттеу сипаттамалары 20—100 % номиналды жүктеме шегінде генераторлардың белсенді жүктемелері бөлек генераторлардың пропорционалды қуатына паралель генератордың едәуір жұмыс істейтін белсенді номиналды қуаты 10 % аса пропорционалды қуат мәнінен айырмашылығы болмауы тиіс.

3726. Паралель жұмыстарына арналған ауыспалы тоқ агрегаттары агрегаттардың паралель жұмыс уақытында генераторлар арасындағы реактивті жүктемені бөлу олардың пропорционалды қуатынан едәуір аса генератордың номиналды реактивті жүктемесінен 10 % дан аса мәні ерекшеленбейтін кернеудің реактивті түсу компенсациясының жүйесімен жабдықталуы тиіс.

3727. Тұрақты тоқ генераторларының жетек қозғалтқыштарының айналу жиілігін реттеу сипаттамалары паралель жұмыстары кезінде бөлек генераторлардың жүктемесі мүмкіндігінше әрбір генератордың пропорционалды қуатына таралатындай болуы тиіс.



Номиналды жүктеменің 20 дан 100 % дейін жүктеме үшін бөлек генераторлардың жүктемесі осы генератордың пропорционалды қуатының мәнінен паралель жұмыс істейтін едәуірінің номиналды қуатынан 10 % аса немесе ең кіші генераторларының номиналды қуаты 20 % аса айырмашылығы болмауы керек.

Қуаты бірдей генераторлар үшін кез-келген генератор жүктемесі олардың қуатына пропорционалды номиналды қуатынан 10 % аса айырмашылығы болмауы тиіс.

 

 

 



366. Электростанцияны автоматтандыру

 

3728. Осы тарау талаптары сынып формуласында «А» таңбасы бар кемелерді қамтиды.

3729. Генератор агрегаттарымен басқару жүйелері мыналарды қамтамсыз етуі тиіс:



1) автоматты синхрондау, жүктемені қабылдау және бөлу;

2) генераторлардың шамадан артуы немесе басқасының авариялық түрде ажырауы кезінде паралель жұмыс істеп жатқан бірден бір генераторлардың шамадан артуы кезінде электроэнергияның жауапты емес тұтынушылары автоматты түрде ажырауы.

3730. Егер электроэнергия беру білік генератор арқылы жүзеге асатын болса, дизель генератордың қашықтан басқаруды қосқан кезде кернеуге (жиілікке) қарамастан автоматты түрде ажырауы қарастырылуы тиіс.

3731. Оның жойылуынан кейін электр желінің кемелік кернеуін қалыптастыру кезінде кемені басқару үшін және кернеу жойылуына дейін жұмыс істейтін жауапты тұтынушыларды автоматты түрде немесе қашықтан қосу қамтамасыз етілуі тиіс.Осы тұтынушылардың автоматты түрде қосылуы істегі генераторлардың шамадан артуын болдырмайтын белгіленген бағдарлама бойынша орындалуы тиіс.

3732. Жүктемені түсіру кезінде генератор агрегаттарын автоматты түрде ажырауы қарастырылса, онда жүктеменің қысқа уақытқа ауытқу кезінде болмайтын болуы тиіс.



Қажет жағдайларда жүктемені түсіру кезінде резервке шығарусыз генератор жұмысының ықтиярсыз режимін беру тапсырысы қарастырылуы тиіс.

3733. Істегі агрегаттардың шамадан артуы кезінде генератор агрегаттарының резервті автоматты түрде қосуы қарастырылса, олардың қосылуының алдын-ала таңдалған реті қарастырылуы тиіс.



 

 

52-бөлім. Авариялық электр қондырғылары



 

367. Электр энергияның авариялық көздері

 

3734. Әрбір кемеде электр қуатының авариялық көзі көзделуі тиіс.

Өздігінен жүзетін кемеде авариялық көзі осы Қағиданың 391-қосымшасында көрсетілген уақыт бойы 391-қосымшасы атап өткен авариялық тұтынушыларды электр қуатпен қамтамасыз етуі тиіс.

3735. Электр қуатының негізгі көзі жағалау көзі болып табылатын өздігінен жүзбейтін кемелерде, сондай-ақ тұрақтанатын кемелерде авариялық көз мынадай жағдайларда қоректендіруі тиіс:



1) экипаж бар кезде - авариялық жарықтандыру желісі (авариялық жарықтандыру желісінің орнына тасымалданатын электр фонарьларды қолдануға болады) және сигналы ерекшеленетін фонарьлар;

2) экипаж жоқ кезде - сигналы ерекшеленетін фонарьлар.

Авариялық көздің жұмыс істеу уақыты осы Қағиданың 391-қосымшасы бойынша қабылданады.

3736. Авариялық көздер тікелей немесе таратқыш қалқандар арқылы, немесе электр қуатты түрлендіргіш арқылы қоректендіретін жолақтар бойынша таратқыш қалқанның авариялық доңғалақтарынан қоректенуі тиіс.

3737. Авариялық дизель-генераторда басты таратқыш қалқан доңғалақтарында кернеу жойылу кезінде қозғалтқыштың автоматты түрде іске қосу және авариялық таратқыш қалқан доңғалақтарында кернеу жойылу кезінде автоматты түрде қосулы жүйесі болуы тиіс.

Қосу үшін сигнал беру сәтінен 100 % жүктемені қабылдау дайындығына дейінгі уақыт стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

3738. Басты таратқыш қалқанда және орталық басқару орнында авариялық дизель-генератор іске қосылуына, жұмысына және тоқтауына әсер ететін құрылғылары болмауы тиіс.

3739. Басты қозғалтқышқа ілінген генераторы және осы генератормен паралель жұмыс істейтін аккумулятор батареясы бар кемелерде электр энергия көзінің авариялық көзі ретінде көрсетілген аккумулятор батареясы болып келеді.

3740. Авариялық дизель-генератормен жабдықталған барлық сыныпты жолаушылар тасымалдайтын және жүк тасымалдауға арналған кемелерде электр энергияның авариялық қысқа уақыт істейтін көзі ретінде аккумуляторлы батарея қарастырылған.

3741. Электр энергияның авариялық көзі ретінде қабылдайтын аккумулятор батареясы 0,9 номиналынан зарядтаусыз және кернеуі түсусіз осы түр көзінің осы Қағиданың 391-қосымшасында көрсетілгеннен кем емес уақыт бойынша осы Қағиданың 391-қосымшасында көрсетілген барлық тұтынушыларды қоректенуін қамтамасыз етуі тиіс.

3742. Электр энергияның авариялық көзі ретінде қабылдайтын аккумулятор батареясы 0,9 номиналынан зарядтаусыз және кернеуі түсусіз осы Қағиданың 391-қосымшасында көрсетілген барлық тұтынушыларды қоректенуін осы түрі үшін кемінде 30 мин бойы қамтамасыз етуі тиіс.

3743. Авариялық немесе авариялық қысқа мерзімді электр энергиясы көзі ретінде қолданылатын аккумулятор батареялары басты авариялық көздер және авариялық таратқыш қалқандар шиналары үшін - авариялық қысқа мерзімді көзі үшін басты таратқыш қалқандары шиналарында кернеудің жойылуы кезінде, олардың электр энергиясын тұтынушылардың авариялық желісіне автоматты қосу құрылғысымен жабдықталуы қажет. Сонымен бірге аккумулятор батареясына желісіне қосуы, сондай-ақ батарея зарядта тұрған жағдайда да қамтамасыз етілуі тиіс.

3744. Электр энергияның авариялық немесе авариялық қысқа мерзімді көздері қысқа матасудан ғана қорғануы болуы тиіс.



Егер электр энергияның авариялық көзі дизель генератор болса, кемемен басқару орнында немесе ОБО сигнал беру аппаратын орнатумен генератордың шамадан артуы жайлы сигнал беру жүйесі қолданылу қажет.

 

 

368. Электр энергиясының авариялық көздерінің үй-жайлары



 

3745. Авариялық дизель-генератор, авариялық таратқыш қалқан, стартерді қоректендіруге арналған аккумулятор батареясы және авариялық агрегатты автоматтандыру жүйесі, сондай-ақ отын қорының авариялық цистерналары бір бөлмеде орнатылуы тиіс.

Егер электр энергияның авариялық көзі аккумулятор батареясы болып келсе, онда осы батарея және авариялық таратқыш қалқан бөлек бөлмелерде орнатылу қажет.

3746. «М» және «О» сыныпты кемелерде, және барлық сыныпты жолаушылар тасымалдайтын кемелердегі электр энергияның авариялық және авариялық қысқа мерзімді бөлмелер, авариялық таратқыш қалқан машиналық шахтадан және қазан үй-жайларынан тыс және таран аралығынан артқа қарай қарай су өткізбейтін аралықтар палубасынан жоғары орналасуы тиіс. Осы бөлмелерден шығатын жолдар тікелей ашық палубаға шығуы тиіс.



«Р» және «Л» сыныпты кемелерде электр энергияның авариялық көздері машиналық үй-жайда орналасуы тиіс.

3747. Авариялық дизель-генератор үй-жайларында авариялық агрегаттың тоқтаусыз іске қосылуына жеткілікті жылуы болуы тиіс.

Авариялық аккумуляторлы батарея бөлмесі осы Қағиданың 401-тарау талаптарына сәйкес келуі тиіс.

 

 

369. Электр энергияны авариялық көздерден бөлу



 

3748. Авариялық жағдайда (су басу, өрт және басқалары) электр энергияның бөлек авариялық тұтынушылардың істен шығуы қалған істеп тұрған басқа электр энергия жабдығына әсер етпеуі тиіс.

3749. Авариялық жарықтандырудың таратқыш қалқандарының фидерларында және бөлек авариялық шамдардың тізбектерінде авариялық қалқан және электр тізбегі негізгі жарықтандыру үшін қолданылған жағдайдан басқа, ажыратқыштар орнатылмауы тиіс.



Басқару рубкасындағы авариялық электр жарықтандыру ажыратқышпен жабдықталуы тиіс.

3750. Қалыпты пайдалану жағдайларында авариялық таратқыш қалқан қоректендіргіш тізбегі қысқа матасу тоғынан және шамадан артудан қорғайтын басты таратқыш қалқаннан қоректенуі тиіс.



Кеме жағалау қабырғасында тұрған кезде авариялық генератор авариялық емес тұтынушыларды қоректендіру үшін қолданылуы мүмкін, бұл жағдайда байланыстырғыш тізбек осындай тәсілмен авариялық таратқыш қалқанда да қорғануы тиіс.

 

 

370. Электр энергияны авариялық тұтынушылар



 

3751. Авариялық режимде электр энергияның авариялық немесе қысқа мерзімді авариялық көздерінен осы Қағиданың 392-қосымшасында көрсетілген авариялық тұтынушылар қорек алу қажет.

3752. Авариялық электр жарықтандыру үшін қажетті жарық алу үшін люминесцентті лампалармен құрамдастырылу мүмкін қыздыру лампалары бар кемелік шамдар қолданылуы мүмкін.

3753. Авариялық жарықтандыру шамының құрамдастырылған әрбір шам және патрон қызыл түспен белгіленуі тиіс.

3754. ОБО немесе басты рубкада авариялық көзі болып келетін аккмуляторлы батареялардың бәсеңдеуі кезінде әрекет ететін көрсеткіш орнатылуы тиіс.



 

 

53-бөлім. Электр энергияны бөлу



 

371. Бөлу жүйелері

 

3755. Кемелерде электр энергияның мынадай бөлу жүйелері рұқсат етіледі:

1) үш фазалы ауыспалы тоқ үшін: үш сымды оқшауланған жүйелермен; төрт сымды оқшауланған жүйелері.

Жерлендірілген нөлдік нүктесі бар электр энергияны үш фазалы төрт сымды жүйемен бөлінген электр энергияның негізгі көзі ретінде қолдану жағалау электр жүйесі болып табылатын кемелерде ғана рұқсат етіледі;

2) бір фазалы ауыспалы тоқ үшін:

екі өткізгіш оқшауланған жүйелер;

өткізгіші жерлендірілген екі өткізгішті жүйе - 30 В дейін кернеу үшін ғана;

3) тұрақты тоқ үшін:

екіөткізгішті оқшауланған жүйенің;

кеме корпусын қайта өткізгіш ретінде - тек қана 30 В дейінгі кернеу үшін қолдану арқылы бірөткізгішті жүйенің.

3756. Электр энергияны бөлудің үш сымды оқшауланған жүйелерінде генератордың нөлдік нүктесіне дейін жерлендірілу рұқсат етіледі.



Жерлендіру компенсациялау құрылғысы арқылы генераторға жақын немесе таратқыш қалқанда орындалуы тиіс.

3757. Электр энергияны бөлудің бір сымды жүйесін қолдану кезінде мынадай шарттар сақталуы тиіс:



1) аккумуляторлы, фонарлы, қоймалы бөлмелер және жүк трюмдары шегіндегі электр жабдық екі сымды жүйе бойынша қорек алу қажет. Минус сымды кеме корпусы бар жалғаулар мынадай бөлмелерден тыс жүргізілуі тиіс;

2) тұрғын бөлмелер шамдары (каюталар, салондар және басқа) және сигналы ерекшеленетін фонарьлар екі сымды жүйе бойынша қорек алуы тиіс. Осы тұтынушылардың минусты өткізгіштері кеме корпусымен қоректендіру қалқанындағы жерлендіру шинасы арқылы жалғануы тиіс;

3) оларға электр энергия тұтынушылар тобының минусты жалғайтын сымдарын қосуға арналған жалпы тұжырым немесе шинасы кеме корпусымен, қимасы электр энергия тұтынушылардың соммалық тоғы бойынша таңдалуы тиіс бөлек сымдармен мықты жалғануы тиіс;

4) сымдарды металды корпусқа қосу нүктелері жинақ бөліктерінде немесе корпустың массивті басқа бөліктерінде байланыстырушы жалғауларды бақылау мен қадағалау үшін бос жолды қамтамасыз ететін аудандар мен орындарда орналасуы тиіс.

Жалғау нүктелерін кеменің сыртқы қаптамасына қою рұқсат етілмейді.

3758. Үш фазалы ауыспалы тоқ тұтынушыларын қосу ерекшеленетіндей етіп бөлек фазалардың тогын қалыпты пайдалану жағдайы кезінде кемінде 15 % ерекшеленетін болуы тиіс.

3759. Кеме корпусын қайта өткізгіш ретінде сымдар қолданылатын тұрақты тоқ жүйелерінде магнитті компус зонасынан өтетін барлық кабельдер қосполярлы (екі полюс бойынша) орналасуы тиіс.

Келтіретін және қайта өтететін сымдар бір кабельде немесе бір-бірімен жақын салынуы тиіс.

 

 

372. Рұқсат етілген кернеу мен жиілігі



 

3760. Кемелік желіні қоректендіруге арналған электр энергия көздерінің байламдарында номиналды кернеулер мынадай мәндерден аспауы тиіс:

400 В ауыспалы үш фазалы тоқта;

230 В ауыспалы бір фазалы тоқта;

230 В тұрақты тоқта.

Техникалық флоттың доктарында, сондай-ақ жер снарядтарында және басқаларында арнайы едәуір аса қуатты электр жетектер үшін кернеуі 10 000 В қоса, дейін үш фазалы тоқты қолдану рұқсат етіледі. Сонымен бірге, электр қондырғы Электр қондырғы қондырғыларғы қойылатын ереже және осы Қағиданың 62 және 65-бөлім талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Ауыспалы тоқ жиілігінің номиналды мәні 50 Гц деп қабылдануы тиіс, негізделген басқа жиілікті қолдану рұқсат етіледі.

3761. Тұтынушылар байламдарындағы номиналды кернеу осы Қағиданың 393-қосымшасында көрсетілген мәндерден аспауы тиіс.



Жүйе ішіндегі кернеу мәндері регламенттелмейді. Шығыстардағы номиналды кернеуі 400 В асатын электр қуат көздерін қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

 

 

373. Жауапты құрылғылардың қоректенуі



 

3762. Басты таратқыш қалқан шиналарынан бөлек жолақтар бойынша мынадай тұтынушылар қорек алуы тиіс:

1) басқару құрылғысының электрлі жетектері;

2) зәкірлі құрылғылардың электрлі жетектері;

3) өрт сорғыларының электрлі жетектері;

4) құрғатқыш сорғылардың электрлі жетектері;

5) компрессорлардың электрлі жетектері;

6) гирокомпас;

7) жүк трюмдарының мұздатқыш қалқандарын орнату;

8) еспелі электр қондырғының қызу жүйесінің құрылғылары;

9) негізгі жарықтандыру қалқандары;

10) радиостанция қалқаны;

11) навигациялық құралдар қалқандары;

12) сигналы ерекшеленетін фонарьлар қалқандары;

13) секциялық қалқандар және олардың орындау жұмыстарының біртектілік принциптері бойынша бірлескен тағайымы жауапты басқа тұтынушылардың қоректендірудің тарату құрылғылары;

14) кемемен басқарылатын бірлескен пульт салынған таратқыш құрылғылар;

15) өртті анықтаудың автоматты сигнал беру станциясының қалқаны;

16) басты энергетикалық қондырғы жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдардың электр жетектері;

17) желдеткіш және қыздыру құралдарының жүкті, швартовты, қайықшалы және басқа құрылғылар электр жетектерінің қалқандары;

18) стартерлі және авариялық аккумуляторлы батареялар және жауапты құрылғыларды қоректендіретін батареяларды зарядтау құрылғылары.

3763. Егер кемеде осы Қағиданың 3762-тармағында көрсетілген электрлі жетектері бар тағайымы бір кемінде екі құралдар қарастырылса, онда кемінде осы электр жетектердің бірі басты таратқыш қалқаннан бөлек жолақ бойынша қорек алуы тиіс. Қалған осындай техникалық құралдардың электр жетектеріне жауапты тұтынушылардың қоректендіруге арналған секциялық қалқандардан немесе арнайы таратқыш құрылғылардан қоректендіруге рұқсат етіледі.



Егер басты таратқыш қалқандардағы жинақ шиналары секциялар арасында ажыратқыш құрылғылары бар секцияларға бөлінген болса, онда бір-бірін қайталайтын екі жолақтар бойынша қоректенетін бір атты арнайы таратқыш құрылғылармен, пулттар немесе дәл сол объектілер, техникалық құрылғылардың электр жетектерінде бір-бірінен жеткілікті арақашықтыққа таратылған басты ажыратқыш қалқанның түрлі секцияларына қосылуы тиіс.

3764. Тұтынушылардың аса ұсақ топтары үшін қоректендіру тізбектері және оларға орнатылатын сақтандырғыштар мен ажыратқыштар 16 А дан аспайтын номиналды тоқ қарастырылуы тиіс.



Осы тізбектер бір уақытта жарықтандырғыш және қыздыратын құралдарды қоректендірмеу қажет.

 

 

374. Итерілетін баржалардың электр тұтынушыларының қоректенуі



 

3765. Итерілетін баржалардың электр жабдықтарын қоректендіру итерілетін баржада стационарлы салынған итергіштен кабель бойынша, ал көршілес итерілетін баржалар мен итергіштерден - бос ілінетін және ашалы жеке бөлікке ажырату арқылы стационарлы желіге жалғанатын иілімді кабельді маңдайша бойынша.

Бірнеше тұтыншуларды қоректендіру үшін көп полюсті ашалы жалғаулар мен көп жіпті кабельдерді қолдану рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда бөлек тұтынушылар қоректі стационарлы ажыратқыш құрылғылардан алу қажет.

3766. Итерілетін баржада қоректі өшіру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

3767. Ашалы разъемдар және арнайы құрылғылар аудандарындағы итерілетін құрамдарда ағыту алдында қоректендіретін кабельдерді ажырату қажеттілігі жайлы ескертетін жазбалары бар тақта бекітілуі қажет.

 

 

375. Сыртқы көзден қоректендіру



 

3768. Егер кемелік желіні электр энергияның ішкі қорегінен қоректендіру қарастырылса, онда кемеде ішкі көзден қоректендіру қалқаны орнатылуы тиіс.

3769. Электр энергияның ішкі көзінен қоректендіру қалқанында қарастырылуы тиіс:



1) ішкі ауыстырылатын кабельді қосу үшін, соның ішінде нөлдік жіпті қосуға арналған қысқыштар клеммалары;

2) Кабельдің электр тізбегіндегі коммутациялық және қорғаушы құрылғылар басты таратқыш қалқанына (электр энергияның ішкі қоректену қалқаны мен басты таратқыш қалқан арасындағы арақашықтық 10 м кем қорғаушы құрылғы орнатпауға болады);

3) сигналды лампалар немесе вольтметр;

4) кереғарлық бақылау немесе фазаларды кезегін реттеуге арналған құрылғы немесе құрылғыны қосу мүмкіндігі;

5) кернеу, тоқ түрі мен жиілік мәні көрсетілген тақтайша.

3770. Электр энергияның ішкі көзінен қоректендіру қалқаны басты таратқыш қалқанмен стационарлы салынған кабельдермен жалғануы тиіс.

3771. Қоректендіру қалқанында ішкі көзден қалқанға келтірілетін иілмелі кабель мен кабельге арналған аспа соңына механикалық бекітуге арналған құрылғылар орнатылуы тиіс.

3772. Басты таратқыш қалқанда электр энергияның ішкі көзінен қоректендіру тізбегіне қарастырылуы тиіс:



1) коммутациялық және қорғаушы құрылғылар;

2) сигналды лампа және вольтметр.

3773. Ішкі көзден қоректенетін кемелер үшін тоқ күші 16А және одан кем электр қабылдағыштарға осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет