Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет73/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   129
400-қосымшасында талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Өртке қауіпті булар пайда болуы мүмкін немесе осы бөлмелерден соратын ауа ағысы орналасқан бөлмелерде орнатылған датчиктерді қолдану осы Қағиданың 358, 441, 442-тараулармен анықталады.

4045. Жолаушылар тасымалдайтын кемелерде бу өрт хабарлағыштар барлық палуба аралық қатынастарда, коридорларда және тұрғын бөлмелер шенігде сыртқа шығу жолдарында орнатылуы тиіс.

4046. Өрт сигнал бергіштің қолмен хабарлағыштар ауданы 50 м2 аса машиналық бөлмелерде, кооридорларда, вестибюльдарда, салондарда және кемінде біреу әрбір палубада.

4047. Қолмен хабарлағыштар жеңіл кіруге болатын бөлмелерден шығыстарында және жақсы көрінетін орындарда орналасуы тиіс, сонымен бірге олардың арасындағы арақашықтық 20 м аспауы тиіс.

4048. Өрт сигнал бергіштің барлық қолмен хабарлағыштар қызыл түске боялуы тиіс. Датчик кнопкасы шыны астында орналасуы тиіс.

4049. Өрт анықтау сигнал бергіш және сигнал бергіш құрылғыны қосатын қабылдау құрылғылар орталық басқару постында немесе басты рубкада онатылуы тиіс.

4050. Өртті автоматты анықтау жүйесінде мынадай талаптарды қанағаттандыратын жылу немесе бу эффекттері әсерінен іске қосылатын датчиктер қолданылуы тиіс:

1) қалыпты температура 45 оС аспайтын бөлмелерде орнатылған температура жоғарылауын сезінетін датчиктер 57 ден 74 оС температура диапазонында, ал температурасы жоғары бөлмелерде орнатылған (камбуздар, құрғату бөлмелер және с.с) - 80-нен 100 оС температура диапазонында іске қосылуы тиіс;

2) бу тығыздығы жарық әлсіреуі 12,5% асатын мәнге жеткеннен, бірақ 2% ертерек емес іске қосылатын бу датчиктері.

4051. Кемелік электр желісінде кернеудің жойылуы кезінде өртті анықтаудың сигнал бергіш жүйесін қоректендірудің авариялық кезге ауысуы көзделуі тиіс.

4052. Өртке қауіпті булар пайда болуы мүмкін немесе осы бөлмелерден сорылатын ауа ағысы орналасқан бөлмелерде өртті анықтау сигнал бергіш жүйесінің датчигі орнатылатын бөлмелерде осы Қағиданың 4199-4203-тармақтарына сәйкес қолданылуы тиіс.

4053. Өртті анықтау сигнал бергішті қабылдау құрылғысы мынадай етіп құрастырылуы тиіс:



1) кез-келген сигнал немесе бір тізбектің зақымдануы басқа тізбектердің қалыпты жұмысына әсер тигізбейтіндей;

2) өртті анықтау сигналы қабылдау құрылғысына түсетін және ол түсетін бөлмелердің орналасуын анықтауға мүмкіндік беретін басқа сигналдардан басым, түсті және дыбысты болуы;

3) оның жұмысына басқару жүргізу мүмкіндігі болуы;

4) Өртті анықтау сигнал бергіштің датчиктер байланыстарының тізбектері ажырауына жұмыс істеді; егер оларда герметикалық байланыстары болса, ажырауға жұмыс істейтін байланыс датчиктерін қолдану рұқсат етіледі;

5) дыбысты сигналдар ажыратылатын болуы, сонымен бірге мынадай хабарлау түскен бойда алдын ала ажыратылған дыбыс көзі қайта жұмыс істеуі.

4054. Өрт сигнал бергіш жүйесіндегі зақымдануы түсті және дыбысты сигнал бергіштің іске қосылуына келтіруі тиіс.

4055. Орталық басқару орнында машиналық бөлмелерде өрт пайда болуы туралы және қорғалып жатқан бөлмеге өрт сөндіргіш сұйықтықты іске қосу туралы орындалатын сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.

4056. Өртті анықта сигналы түскен бөлмелер орналасуын қашықтан анықтайтын қасиеті бар өртті анықтау жүйелері мынадай болып орындалуы тиіс:



1) ілмек бір нүктеден аса өртпен зақымдалмайтындай болуы;

2) ілмекте кез-келген зақымдануы кезінде оның жұмыс қабілетін (үзілу, қысқа матасу, жерлендіру) сақтайтын құралдары қарастырылуы;

3) олардың электрлі, электронды элементтерінің істен шығу, сондай-ақ ақпарат бұрмалауы кезінде жүйенің дұрыс жұмысының тез қалыптасу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс;

4) өрт сигнал бергіштің хабарлауыштың іске қосылуы қандай-да бір басқа хабарлауыш пен келесі сигнал сигналын беруге кедергі болмайтындай болуы тиіс.

4057. Өртті автоматты анықтау сигнал бергіштің орнына осы Қағиданың 38-бөлімінде көрсетілген талаптар қойылатын ауаны байқап қоршау жолымен автоматты бу анықтау жүйесін қолдану рұқсат етіледі.



 

 

60-бөлім. Кабельді желі



 

415. Жалпы талаптар

 

4058. Кабельдер жануды таратпайтын мысты көп сымды жіптерден және Қағиданың осы бөлімінің талаптарын сәйкес немесе Кеме қатынасының тіркелмемен мақұлданған стандарттар бойынша жасалуы тиіс.

Басқа типті кабельдер мен сымдарды қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

4059. Сигнал бергіш пен байланыс тізбектерінде қолданылатын кабельдер мен сымдардың жіптерінің көлденең қималарының ауданы кемінде 0,5 мм2 болуы тиіс. Ауыспалы электр жабдық үшін қима ауданы кемінде 0,75 мм2 иілімді кабельдер мен сымдар қолдану қажет. Қалған жағдайларда кабельдер мен сымдар қима ауданы кемінде 1 мм2 болуы тиіс.

4060. Кемелерде қолданылатын кабельдер мен сымдар тізімі осы Қағиданың 401-қосымшасында көрсетілген.

4061. Орнатылып жатқан кабельдер немесе сымдар жіптерін оқшаулау үшін едәуір рұқсат етілген температурасы қарастырылған қоршаған орта температурасынан кемінде 10оС жоғары болуы тиіс.

4062. Мұнай өнімдер немесе басқа агрессивті ортада әрекетке шалдығатын орындарда осы ортаға төзімді қаптамасы бар кабельдер қолданылуы тиіс. Осы қасиеттері жоқ кабельдер түтіктерде салынуы немесе басқа тәсілмен қорғалуы тиіс.

4063. Кабельдер механикалық зақымдануы мүмкін орындарда тиісті қорғаушы қаптамасы бар кабельдер қолданылуы тиіс. Басқа типті кабельдер осындай орындарда кожухтармен қорғалуы немесе құбырларды салынуы тиіс.

4064. Телефон байланысының, көлемді жүйеде өрт сөндіруді іске қосылуы туралы сигнал бергіш желі, су өткізбейтін есіктер жабылуларының кабельдері, көрсетілген жүйелердің осы бөлмелерде орнатылған жағдайдан басқа, өрт қауіпі жоғары машиналық-қазанды үй-жайлар мен басқа жабулар арқылы өтетін трассаларда салынбауы тиіс. Егер кемелік бөлмелерді құрастыру шарттары бойынша осы талапты орындау мүмкін емес болса, өрт қауіпі жоғары бөлмелер арқылы өтетін кабель желілерді эффективті қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданылуы тиіс.

4065. Кабельдердің көп тізбекті жіптері бір-бірімен байланыспайтын жауапты құрылғыларды басқаруды қоректендіру үшін қолдану рұқсат етілмейді.



Көп жіпті кабельде бір уақытта аз кернеу мен аздан асатын жұмыс кернеуді қолдануға тыйым салынады.

4066. Электр құрылғылардың құрылысын монтаждау үшін оқшауланбаған сымдар мен шиналарды, электр энергия канал жүргізу үшін - оларды мықты қоршау шартымен шиносымдарды қолдану рұқсат етіледі.

4067. Егер электр энергия көзі және электр жетегі бар өрт сорғысы, соның ішінде авариялық өткізбейтін немесе өртке қарсы аралықтармен бөлінген түрлі бөлмелерде орналасса, онда электр жетекті қоректендіретін кабель жанбайтын немесе тиісті тәсілмен өрт әсерінен қорғалуы тиіс.

 

 

416. Жүктемелер бойынша кабельдер мен сымдарды таңдау



 

4068. Егер қолданылып жатқан кабельдер мен сымдар үшін тоқ бойынша кабельдер мен сымдардың рұқсат етілген жүктемелері анықталмаса, онда ұзақ уақыт рұқсат етілетін жүктемелер осы Қағиданың 402-405-қосымшалары бойынша көрсетілген.



Қосымшаның осы тармағында көрсетілген 2, 4 және 6-бағандарында айтылған жүктемелер мәндері кабельдерді салудың мынадай жағдайларына жатады:

номиналдыға жақын бір тізбекке жататын немесе тоқпен бірдей жүктелген және бір немесе екі қабаттарда қосылған кемінде 6 кабельдердің;

екі қабатта, бірақ номиналдыға жақын бір тізбекке жататын немесе тоқпен бірдей жүктелген 6 кабельдердің әрбір тобы арасында салқындатылған ауаның бос айналымын қамтамасыз етуге арналған аралық.

Қосымшаның осы тармағындағы 3, 5, және 7-бағандарында айтылған жүктеме мәндері номиналдыға жақын және жалпы байламда салқындатылған ауа айналымы кабельдер айналысындай болмайтындай етіп салынған бір тізбекке жататын немесе тоқпен бірдей жүктелген 6 аса кабельдер санына жатады.

4069. Қайта қысқа уақытты және қысқа уақытты жүктемемен қоса тізбектерде орнатылған кабельдер мен сымдардың рұқсат етілген жүктемелері осы кабельдерді осы Қағиданың 406-қосымшасында көрсетілген түзету коэффициенттеріне ұзақ уақыт бойы көбейту арқылы анықталуы тиіс.

4070. Қоршаған орта температурасы 40 оС аса орындарда салынатын кабельдер мен сымдардың рұқсат етілген жүктемелері осы Қағиданың 407-қосымшасында көрсетілген түзету коэффициенттерін ескере отырып кемуі тиіс.

4071. Қысқа матасы уақытымен жұмыс істейтін автоматты ажыратқыштармен қорғалған тізбектерде қолданылатын кабельдер қысқа матасы тоқ есебімен тексерілуі тиіс.

4072. Әрбір бөлек фаза немесе полюстарға паралель салынатын барлық кабельдер қималары мен ұзындықтары бірдей болуы тиіс.

4073. Соңғы жарықтандыру тізбектері мен қыздыру құралдар үшін кабельдерді таңдау кезінде бір уақыттылық коэффициенттері немесе жүктеменің түзету коэффициенттері қолданылмауы тиіс.



 

 

417. Кернеу түсі бойынша кабельдерді тексеру



 

4074. Генераторлардың басты таратқыш немесе авариялық таратқыш қалқандармен жалғанатын кабельдерді кернеу түсуі 1 % аспауы тиіс.

4075. Номиналды жүктеме кезінде басты таратқыш қалқандар мен тұтынушылар арасындағы кернеудің түсуі мынадан аспауы тиіс:



1) 5 % — 50 В аса кернеу кезінде жарықтандыру тұтынушылары мен сигнал бергіш үшін;

2) 10 % — кернеуі 50 В және одан кем жарықтандыру тұтынушылары мен сигнал бергіш үшін;

3) 7 % — күш тұтынушылары, қыздыру және жылыту құралдары, сондай-ақ кернеуге қарамастан сигналы ерекшеленетін фонарьлар үшін;

4) 10 % — кернеу мәніне қарамастан жұмыс режимі қысқа уақытты және қайта қысқа-уақытты күш тұтынушылары үшін.

Қысқа мезетті жүктеме кезінде, мысалы, электр қозғалтқыштарды қосу кезінде егер ол кемелік электр қондырғылар жұмыстарының бұзылуын келтірмейтін болса, кернеуді аса түсуі рұқсат етілуі мүмкін.

4076. Тура қосылатын ауыспалы тоқтың электр қозғалтқыштарды қоректендіретін кабельдер іске қосу сәтінде қозғалтқыш қысқыштарында кернеудің жойылуы номиналды кернеудің 25 % аспайтындай етіп есептелінуі тиіс.



Көрсетілген кернеу түсуді көбейту мүмкіндігі әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

4077. Радиостанция және радиоэлектронавигациялық құрылғыларды қоректендіретін кабельде, сондай-ақ аккумуляторлы батареяларды зарядтауға арналған кабельдерде кернеу түсуі 5 % аспауы тиіс.



 

 

418. Кабельдерді салу және бекіту



 

4078. Кабельдер мүмкіндігінше тура қол жетімді трассалар бойынша конденсат немесе ылғал әсерін тигізбейтін орындарда салынуы тиіс.

Кабель трассаларының жылу көзі арасындағы арақашықтық кемінде 100 мм болуы тиіс.

4079. Кабельдері бар түтіктерді салу екінші түп төсемінен, отынды және майлы цистерналардан кемінде 50 мм, сыртқы қаптаманың су өткізбейтін аралықтарынан, палубадан бұл арақашықтық кемінде 20 мм болуы тиіс.



Скоб-көпірлерде, панельдерде, кассеталарда салынатын кабельдер үшін бұл арақашықтық кемінде 75 мм деп қабылданады.

4080. Осы Қағиданың 4200-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, кабельдерді отынды және май цистерналар арқылы салу рұқсат етілмейді.

4081. Сыртқы металды қаптамасы бар кабельдер жеңіл ерітінділерден жасалған конструция бойынша немесе мықты антикоррозиялық қорғауды қолдану кезінде ғана осындай металдан жасалған скоба көмегімен бекіту рұқсат етіледі.

4082. Жүк трюмдар ішіндегі кабельдер олардың жоғарғы бөліктерін орналасуы және түтіктерде салынған немесе мықты кожухтармен жабылған болуы тиіс.

4083. Осы Қағиданың 3684-тармағында айтылған бөлмелерде кабельдерді салу желі оқшаулауы түсуі кезінде автоматты бақылау мен сигнал бергіш құрылғысы бар құбырларға герметикалық тек қажет болған жағдайда жүзеге асыру рұқсат етіледі.

4084. Кабельдерді машиналық бөлмелер төсемдер астында салу ұсынылмайды. Егер осындай төсем қажет болса, онда кабельдер металлды түтіктерді немесе жабық каналдарда салынуы тиіс (осы Қағиданың 420-тарауы).

4085. Қондырманың кеңейтетін жалғаулар арқылы салынатын кабельдерде осындай жалғауларға жеткілікті радиусы бар компенсацияялық ілмектер қарастырылуы тиіс. Ілмектің ішкі диаметрі кабельдің кемінде 12 диаметрі болуы тиіс.

4086. Түрлі термо тұрақты оқшауланған кабельдерді жалпы кабельді трассаларды салу трассадағы кез-келген кабель температурасы оның мәндері үшін рұқсат етілгеннен аспайтындай етіп жүргізілуі тиіс.

4087. Қасиеттері әр-түрлі қорғаушы қаптамалары бар кабельдар осы жағдайларда тұрақтылығы кем зақымдануы мүмкін болса, жалпы түтікте салуға болмайды. Жалпы науада салу жағдайында осы кабельдер бір-бірінен бөілінуі және бекітілуі тиіс.

4088. Еспелі электр қондырғылардың басты тоқ кабельдері аса төмен кернеулі кабельдерден және тағайымы басқа кабельдерден кемінде 0,5 м арақашықтықта салынуы тиіс.

4089. Жауапты тұтынушылардың кез-келген екі қоректендіру көзінің кабельдері, мысалы меңгерік құрылғысының және олардың әрқайсысымен жалғанған барлық басқару және сигнал бергіш кабельдері вертикал мен горизанталь бойынша мүмкіндігінше бір-бірінен алыс салынған трассалар бойынша салынуы тиіс.

4090. Жанатын материалдардан жасалған каналдар мен науа кабельдерін салу кезінде соңғылары жанудан өртке қарсы құралдар - қаптама, төсем немесе сіңдіру көмегімен қорғалуы тиіс.

4091. Кабельдер және сымдар жылу немесе дыбыс оқшаулауда салынбауы тиіс. Кабельдерді жанбайтын материалдармен қапталған арнайы каналдарды қолдану шартымен оқшаулау қабатында салу рұқсат етіледі. Сонымен бірге, кабельдер тиісті жүктеменің түсуін ескере отырып есептелінуі тиіс және қарауға қол жетімді болуы тиіс.

4092. Салқындатылатын бөлмелерде салынатын кабельдер мұздатқыш агент әрекетіне тұрақты материалдардан жасалған қорғайтын қаптамасы болуы тиіс. Егер кабельдерде бронь болса, онда ол коррозиядан тиісті қорғанған болуы қажет.

4093. Кабельді салқын бөлмелерге орналасытырғанда жылулықты сақтайтын жерге орналастыруға болмайды. Олар тесілген панельдерде (мысалы мырышталған болаттан жасалған) немесе панельдің артқы жағы мен салқындатылып жатқан қаптама арасында саңылау қалатындай етіп орнатылуы тиіс Сондай типті тіректерге бекітілуі тиіс. Термопластик немесе эластомерден жасалған қаптамалары бар кабельдерді тікелей салқындатылып жатқан бөлмелерге салу рұқсат етіледі. Кабельді күтпеген жерде қандай-да бір затты ілуге арналған құрал ретінде қолданудан сақтандыру мақсатында кабель айналасынан қоршау қарастырылуы тиіс. Бөлмені алюминиймен қаптау кезінде электролитикалық процесстерден қорғаныс қарастырылуы тиіс.

Кабельдерді бөлмеге жылу сақтандыру арқылы кіргізу кезінде олар қышқылдануға қарсы қорғалған материалдардан жасалған сальниктермен жабдықталған түтіктерде салынуы тиіс. Түтіктер аралыққа тік бұрышта орналасуы тиіс.

4094. Кабельдерді салу кезінде осы Қағиданың 408-қосымшасына сәйкес кабельдер иілімінің минималды ішкі радиустарына төзімді болуы тиіс.

4095. Басқа жанбайтын немесе жалын баяу тарайтын материалдардан, болаттан жасалған скоба, қысқыштар, оқсауыттар көмегімен бекітілуі тиіс. Бекіту қабаты кеңдігі жеткілікті және үшкір қырлары болмауы тиіс. Бекітулер кабельдер олардың қорғайтын қаптамаларының зақымданусыз бекітілетіндей етіп таңдалуы тиіс.

4096. Оларды горизантальды салу кезінде кабельдердің бекітулері арасындағы арақашықтық осы Қағиданың 409-қосымшасында көрсетілген мәннен аспауы тиіс. Кабельдерді тігінен салу кезінде осы арақашықтықтар 25 % ұлғайтылуы мүмкін.

4097. Кабельдердің бекітулері кабельдерде пайда болатын механикалық жүктеме олардың кірістері мен жалғауларына берілмейтіндей етіп орындалуы тиіс.

4098. Кеме корпусының қаптамасына паралель салынатын кабельді трассалар мен кабельдер кеме жинағына бекітілуі тиіс. Су өткізбейтін аралықтар мен діңгектерде кабельдер кассеталарда, көпірлерде және с.с. бекітілуі тиіс.

4099. Терлеуі мүмкін қалқаншаларға параллель жүретін кабельдер көпірлерде немесе тесілген панельдерде кабельдер мен аралықтар арасында бос аймақ сақталатындай етіп салынуы тиіс.

4100. Кабельді трассалар қималардың минималды саны салынуы тиіс. Кабельдердің қию орындарында көпірлер қолданылуы тиіс. Қиылысатын трассалар арасынан кемінде 5 мм саңылауы болуы тиіс.

4101. Сүйреп әкелгіш пен аралық қаптамасының астына салынатын кабельді трассалар және жауапты тұтынушылардың кабельдері барлық ұзындығы бойынша жеңіл алынып жабылатын немесе панельдері немесе қалқандары ашылатын болуы тиіс. Басқа және жергілікті кабельдер оларғы жолсыз қаптама астына салыну рұқсат етіледі.

 

 

419. Кабельдердің палубалар, аралықтар және олардың тығыздалуы арқылы өтетін жолдар



 

4102. Су өткізбейтін, газ өткізбейтін және өртке қарсы аралықтар мен палубалар арқылы өтетін кабельдер жолдары нығыздалуы тиіс. Көрсетілген аралықтар мен палубалардан өтетін кабельдер жолдары орындарындағы нығыздаулар оларды өткізбеушілігін түсірмеуі тиіс, сонымен бірге кабельдерге корпустың иілімді деформациясынан пайда болатын үлестер берілмеуі тиіс.

4103. Кабельді өткізетін аралықтар немесе кабельдер өткізуге арналған тесіктің қалыңдығы кемінде 6 мм жинақ элементтері арқылы салу кезінде кабельді зақымданудан сақтандыратын қаптама немесе төлкелер орнатылуы тиіс. Аралық немесе жинақ қалыңдығы 6 мм аса болса, қаптама немесе төлке орнату қажет етілмейді, бірақ кабельді өткізетін саңылаулар жиектері домалақтануы тиіс.

4104. Кабельдерді палуба арқылы жүргізу мынадай тәсілдердің бірімен орындалуы тиіс:

1) кабельдің механикалық зақымдануы мүмкін орындарда, кемінде 900 мм палуба үстіндегі биіктіктен және кабельдің механикалық зақымдану қауіпінің мүмкіндігі аз бөлмелердегі комингс есіктерінің биіктігінен кем емес биіктіктен шығатын болатты құбырларда;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген биіктікті кабельдердің қосымша қорғайтын қаптаулары бар металл стакандарда немесе қораптарда.

Стакандар және қораптар тиісті тығыздауыш салмақпен толтырылуы тиіс, ал құбырларда сальниктер болуы немесе кабельді салмақпен нығыздалуы тиіс.

4105. Өткізбейтін аралықтар мен палубалардағы кабельді қораптарды толтыру үшін қораптардың ішкі беттерімен жақсы тіркелген нығыздаушы салмақпен және отырғызбайтын және ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу кезінде герметикалығын бұзбайтын су және мұнай өнімдері әсеріне тұрақты кабель қабыршақтары қолданылуы тиіс.

4106. Кабель өткелдерін өртке қарсы аралық арқылы тығыздау осы типті аралық үшін қарастырылған өртке қарсы қарсы тұру сынағынан өтетіндей болуы тиіс.

 

 

420. Металды құбыр және каналдардағы кабель орнатулары



 

4107. Кабельдер орнатылатын кабельдер коррозиядан ішкі және сыртқы жақтан қорғануы тиіс. Түтіктер шеттері созу кезінде зақымданбайтындай етіп өңделуі және қорғануы тиіс.

Қосымша қорғайтын төсемдері жоқ қорғасыннан жасалған қаптамалары бар кабельдер түтіктерді салынуы тиіс.

4108. Құбырдың бұрылуы едәуір аса қиманың оған салынған кабель үшін рұқсат етілгеннен кем болмауы тиіс (осы Қағиданың 4094-тармағы).

4109. Олардың ішкі диаметрлері бойынша анықталған барлық кабельдердің көлденең қималарының соммалық ауданы түтіктің ішкі көлденең қимасының ауданының 40 % аспауы тиіс.

4110. Түтіктер, онда су жиналмайтындай етіп салынуы тиіс. Қажет болған жағдайда түтіктерде мүмкіндігінше ең жоғары және төменгі нүктелерінде ауа айналымы мен бу конденсациясын алдын алу қамтамасыз етілетіндей етіп желдеткіш саңылауларда көзделуі тиіс. Түтіктердегі саңылауларды жарылыс немесе өрт қаупі өспейтіндей және түтіктердің сумен толу мүмкіндігін болдырмайтын тек техникалық участкелерде орындалуы тиіс.

4111. Түтіктер үзіліссіз және мықты механикалық және электр жерленуі тиіс.

4112. Кеме корпусын деформациялау салдарынан зақымдануы мүмкін кеме корпусы бойынан салынған кабельдерді салу үшін түтіктерде тиісті компенсациялық құрылғылар болуы тиіс.



 

 

421. Кабельдерді қосу және жалғау



 

4113. Машиналарға, аппараттарға, таратқыш құрылғыларға және басқа жабдықтарға енгізілетін резиналық оқшаулары бар кабельдер шеттері кабель ішіне ылғал кіруі болдырмайтын және кабельдер жіптерін механикалық зақымданудан, ауа әрекеті мен май буларынан қорғайтын, мықты электр байланысын қамтамасыз ететін тиісті қорғаушы және нығыздауыш шеттеуіштері болуы тиіс.

Шамдар, қыздырғыш және жылытқыш құралдарға қосылатын кабельдер жіптерінде кабельдерді шамадан аса қызудан сақтайтын қорғаушы жылуға төзімді шеттеуіштері болуы тиіс.

4114. Олардың айырылатын немесе қосылатын орындарында кабельдерді жалғау қысқыштар көмегімен айыратын қораптарда жүргізілуі тиіс.

4115. Құрылғыға енгізілетін кабельдің қорғаушы қаптамасы кемінде 10 мм құрылғы ішіне кіруі тиіс.

 

 

422. Кабельдерді таңбалау



 

4116. Кабельдерді таңбалау жоба құжаттамаларына сәйкес кемеде орындалуы тиіс.

4117. Таңбалау тәсілі кабельдерді пайдаланудың барлық кезеңінде таңбалаудың сақтануын қамтамасыз етуі тиіс.

4118. Таңбалауға магистральды кабельдер жатады.

 

 

61-бөлім. Найзағайдан қорғайтын құрылғы



 

423. Жалпы талаптар

 

4119. Кемелерде қорғайтын зонаны жабатын (газ ауа қоспалары болуы мүмкін немесе жарылыс немесе өртке қарсы жүктердің, материалдардың, өртке қауіпті жабдықтардың және адамдар орналастырылуы мүмкін кеменің ашық аумақтары) найзағайға қарсы құрылғысы болуы тиіс, ал найзағайдың қайта болуы өрт пен жарылыстарға әкелетін кемелерде найзағайдан қорғайтын жерлендіргіш құрылғысы болуы тиіс.

Егер олар минералды жүктерді (тас, қиыршық тас және т.б.) тасымалдауға арналған болса, командасыз пайдаланылатын өздігінен жүрмейтін кемелерде жайтартқыш құрылғысы болмауы мүмкін.

Антенналарды жайтартқыш ретінде қолдану рұқсат етілмейді. Антенналық құрылғыларда төменгі жағында найзағай ұстағыш орнатылуы мүмкін.

4120. Жайтартқыш құрылғы сым мен жерлендіргіштен тартатын найзағай ұстағыштан тұруы тиіс.



Егер діңгекпен металды корпуспен немесе жерлендіру орнымен мықты электр байланысы қарастырылса, металды діңгектегі мұнай ұстағыш құрылғысын орнатпауға болады.

 

 

424. Найзағай ұстағыш



 

4121. Егер осындай конструкциялы металды корпустары бар мықты электр байланысы қарастырылса, мұнай ұстағыш ретінде металды корпустары бар кемелерде өзінің жоғары бағытталған конструкциясы: діңгек, жартылай діңгек, қондырма элементтері және с.с.қолданылуы тиіс.

Қосымша мұнай ұстағыштар тек конструкцияның өз элементтері найзағай қорғауды қамтамасыз етпейтін жағдайларда ғана қолданылуы тиіс.

4122. Егер металды діңгектің тобында мықты жерлендірілген жайтартқыш құрылғы орнатылуы тиіс.

4123. Жүргізбейтін материалдан жасалған әрбір діңгек немесе стеньгте мықты жерлендірілген жайтартқыш құрылғы орнатылуы тиіс.

4124. Жайтартқыш диаметрі кемінде 12 мм шыбықтан жасалуы тиіс. Шыбық материалы ретінде коррозиядан қорғалған мыс, мыс немесе болат ерітінділері қолданылуы мүмкін. Алюминийлі діңгектер үшін алюминийлі жайтартқыш қолданылуы тиіс. Жайтартқыштарда қандай-да бір антенналар немесе басқа құрылғыларды бекіту рұқсат етілмейді.

4125. Жайтартқыш діңгек, діңгек мачтасынан жоғары орналасқан діңгек топ немесе құрылғы үстінен кемінде 300 мм жоғары болатындай етіп бекітілуі тиіс.

 

 

425. Тартқыш өткізгіш



 

4126. Тартқыш өткізгіш қима ауданы мысты немесе оның ерітінділерін қолдану кезінде кемінде 70 мм2 және болатты қолдану кезінде кемінде 100 мм2 шыбықтан, алқаптан немесе көп сымды өткізгіштерден жасалуы тиіс, сонымен бірге болатты тартқыш өткізгіш коррозиядан қорғануы тиіс.

4127. Тартқыш өткізгіштер мүмкіндігінше тура немесе бір сарынды болуы тиіс минималды иілім саны болуы және мүмкіндігінше үлкен радиусты орындалуы тиіс діңгек пен қондырманың сыртқы жағынан салынуы тиіс.

4128. Тартқыш өткізгіштер өртке қауіпті аумақтар мен бөлмелерден өтпеуі тиіс.

4129. Металды емес корпустары бар кемелерде қорғаушы және жұмысшы жерлендіру шиналарына қосылмауы тиіс оның барлық бойына бөлек жайтартқыш құрылғының тартқыш өткізгіші (жерлендіру жалғауларын қоса) қарастырылуы тиіс.



 

 

426. Жерлендіру



 

4130. Тартқыш өткізгіш кеме корпусына мықты бекітілуі тиіс (осы Қағиданың 3631-тармақтың 6) тармақшасы).

4131. Кеменің жайтартқышын немесе болатты корпустың жерленуінің докта немесе стапельде орналасқан кезде жағалауда жерленуіне жалғауды қамтамасыз ететін құрылғы қарастырылуы тиіс.



 

 

427. Жайтартқыш құрылғыдағы жалғаулар



 

4132. Жайтартқыш, тартқышы өткізгіш пен жерлендіру арасындағы жалғанулар пісірумен немесе бұрандалық қысқыштармен орындалуы тиіс.

4133. Тартқыш өткізгішпен немесе жерлендіру арасындағы байланысы қабатының ауданы кемінде 1000 мм2 болуы тиіс. Жалғастырғыш қысқыштар немесе жалғанушы бұрандалар мыстан, мыс немесе болат ерітінділерінен жасалған коррозиядан қорғанысы бар болуы тиіс.

4134. Найзағай ұстағыш пен корпус арасындағы қарсыласу 0,13 Ом-нан аспауы тиіс.

 

 

428. Найзағай қорғайтын жерлендіргіш құрылғылар



 

4135. Найзағай қорғайтын жерлендіргішке оқшауланған металл конструкциялар, жылжымалы жалғаулар, құбырлар, электр желі экрандары және байланыс желілері, өртке қауіпті бөлмелерге кіргізу тораптары жатады.

4136. Мұнай өнімдеріне арналған барлық құбырлар, сондай-ақ өртке қауіпті бөлмелермен жалғанған және палуба немесе бөлменің ашық учаскелерінде орналасқан электр магнитті қалқалауы жоқ барлық қалған құбырлар кеме корпусына ұзындығы бойы кемінде әрбір 10 м жерленуі тиіс.



Өртке қауіпті бөлмелермен байланыспайтын өртке қауіпті газдар пайда болуы мүмкін палубаның жоғарғы жағында орналасқан барлық құбырлар кеме корпусына ұзындығы бойынша әрбір 30 м кем арқылы жерленуі тиіс.

4137. Тартқыш өткізгіштерге жақын орналасқан металды бөліктері, егер олар жерлендірілген конструкцияда орналаспай немесе басқа тәсілмен кеме корпусымен жалғанбаған болса жерленуі тиіс. Сонымен бірге, тартқыш өткізгіштерден 200 мм дейін қашықтықта орналасқан құрылғылар немесе металды бөліктер тартқыш өткізгіштермен ұшқындау мүмкіндігі болмайтындай етіп жалғануы тиіс.

4138. Элементтер жалғанулары бақылауға жетімді және мүмкіндігінше аяқ астынан механикалық әрекетке жатпайтын орындарда орналасқан болуы тиіс.

 

 

62-бөлім. Кернеуі 1000 В аса электр жабдығы



 

429. Жалпы талаптар

 

4139. Осы бөлім талаптары кернеуі 1000 В аса, бірақ кемінде 11000 В, ауыспалы тоқтың электр жабдығын қамтиды және Қағиданың осы бөлігінің басқа бөлімдерінде жазылған талаптар қосымшаланады.

4140. Электр жабдыққа қолданылатын оқшаулау материалдар кемені пайдалану кезінде 1 В номиналды кернеуге, бірақ кемінде 2 МОм 1500 Ом қарсыласу оқшаулауын қамтамасыз етуі тиіс.

4141. Арнайы электр бөлменің кірісінде кернеу мәнін көрсететін сақтандырғыш жазулары болуы тиіс. Арнайы электр бөлмелерден тыс орнатылған электр жабдық корпустары кернеу мәні көрсетілген сақтандыратын жазулармен жабдықталуы тиіс.

 

 

430. Электр энергияны тарату



 

4142. Орнатуларда электр энергияны таратудың мынадай жүйелері қолданылуы тиіс:

1) оқшауланған нөлдік нүктесі бар жүйелер;

2) кез-келген болуы мүмкін тоқты кез-келген өртке қауіпті бөлмелер мен аумақтардан тікелей өткізбеу шартымен жоғары омды резистор (реактор) арқылы кеме корпусымен жалғанған нөлдік нүктедегі жүйе.

4143. Нөлдік нүкте жерленуінің толық қарсыласуы кеме корпусына қысқа матасу тоғы осы жүйедегі едәуір аса генератордың номиналды тоғынан аспайтындай етіп, бірақ қолданылған кеме корпусына матасудан қорғаныштан іске қосылуы үшін қажет тоқтың 3 есе мәнінен кем болмауы тиіс.



Кемінде екі жерде кеме корпусымен жалғанған жалпы жерлендіргіш шиналарға барлық резисторлардың (реакторлар) жалғануы рұқсат етіледі.

4144. Егер электр энергияны тарату өзі жұмыс істей алатын бөлек секциялардан жүзеге асырылады, олардың әрқайсысында бөлек жерлендіргіш реакторы болуы тиіс.

4145. Паралель жұмысқа арналған генераторлардың нөлдік нүктелерін бірге жерлендіретін резистормен (реактормен) жалғау рұқсат етіледі.

4146. Генератордың нөлдік нүктесі таратқыш қалқанда немесе тікелей генератор алдында резистор (реактор) арқылы жерленуі тиіс.

4147. Әрбір генератордың нөлдік өткізгішінде генератордың нөлдік нүктесінің жерленуін өшіру көмегі арқылы айырғыш қарастырылуы тиіс.

4148. Электр энергияны тарату жүйесінің номиналды кернеуі осы Қағиданың 410-қосымшасында көрсетілгендерге сәйкес болуы тиіс.

4149. Кемелік желіні электр энергияның ішкі көзінен қоректендіру жүзбелі доктар және с.с. сияқты тұрақтау шартымен пайдаланылатын кемелер үшін ғана қарастырылуы тиіс.

 

 

431. Қорғау құрылғылары



 

4150. Жабдықта түрлі кернеуді қолдану кезінде аса жоғары кернеудің аса төмен кернеулі тізбектерге өтуін болдырмайтын шаралар қолданылуы тиіс.

4151. Шамадан артудан қорғау ауыспалы тоқ жүйелерінің барлық фазаларында орнатылуы тиіс.



Сақтандырғыштарды қолдану рұқсат етілмейді.

4152. Оқшауланған нөлдік нүктесі бар жүйелерінде корпусқа матасудың түсті және дыбысты сигнал бергіш орнатылуы тиіс.

4153. Орауыштардың температурасы нормамен белгіленгеннен жоғарылауы туралы сигнал бергіш үшін электр машиналардың статорлы орауыштарында термодатчиктер қарастырылуы тиіс.

4154. Генераторлар корпусқа матасудан қорғанысы болуы тиіс.

4155. Генераторлардың қозуы генератордың кез-келген қорғанысы іске қосылуы кезінде алынуы тиіс.

4156. Генераторлар ішкі зақымданудан және қалқаны бар жалғаушы кабельдерде қысқа матасу тоқтарынан қорғау құрылғымен жабдықталуы тиіс.

4157. Жоғары кернеу жағынан трансформаторлар автоматты ажыратқыштармен қысқа матасу тоғынан қорғануы тиіс.

4158. Төменгі кернеу жағындағы трансформаторлар шамадан артудан қорғануы тиіс.

4159. Кернеудің өлшеуіш трансформаторлары қысқа матасу тоқтарынан қорғануы тиіс.

 

 

432. Қорғаушы жерлендіру



 

4160. Электр жабдықтың металды корпустары бір фазалық, бірақ 16 мм2 кем емес қысқа матасу тоғына есептелінген қимамен сыртқы иілімді өткізгіштермен жерленуі тиіс. Жерлендіру өткізгіштері таңбалануы тиіс.

4161. Жерлендіргіш өткізгіштер пісірумен немесе диаметрі кемінде 10 мм бұрандалармен жалғануы тиіс.



 

 

433. Электр жабдықтың қорғанысының орналасуы және деңгейі



 

4162. Электр жабдық арнайы электр бөлмелерде орнатылуы тиіс және қорғаушы орындауы IP23 төмен болмауы тиіс (осы Қағиданың 434-тарауы).



Электр машиналардың клеммалық қораптарының қорғау деңгейі IP44 төмен болмауы тиіс.

Негізделген жағдайларда жабдықты қорғау орындауы IP44 төмен болмауы және тоқ жүргізгіш бөліктеріне тек босатылған кернеу кезінде немесе арнайы құралды қолдану кезінде ғана арнайы электр бөлмелерінен тыс орнату рұқсат етіледі.

4163. Арнайы электр бөлмеде электр жабдықты жалғау және орналастыру сызбасы болуы тиіс.



 

 

434. Құрылғыларды тарату



 

4164. Таратқыш қалқандар кернеуі төмен таратқыш қалқандар мен құрылғылар кілттерінен ерекшелінетін арнайы кілтпен жабылуы тиіс.

Есіктерді ашу немесе бөлек элементтерді жылжыту тек осы панельді немесе таратқыш қалқанды электр желіден ажыратудан кейін ғана мүмкін болуы тиіс.

4165. Таратқыш қалқандарда қолданылатын автоматты ажыратқыштар жылжымалы болуы тиіс.



Ажыратқыштар жылжыған күйінде белгіленген құрылғысы болуы тиіс.

Ажыратқыштың жылжыған күйінде оқшаулау қоршаулары көмегімен алмалы-салмалы байланыстардың жылжымайтын тоқ жүргізгішпен автоматты түрде жабылуы қарастырылуы тиіс.

4166. Қорғаушы жерлендіруді орындау Электр қондырғылар құрылғылары қағидасы мен стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

4167. Таратқыш қалқандар бойына ені қоршау мен қалқан арасындағы 800 мм және қалқанның паралельді орнатылған секциялары арасындағы 1000 мм қалқан мен электр аппаратураны қарауға арналған тораптар қамтамасыз етілуі тиіс.

Егер осындай тораптар қызмет ету үшін арналса, олардың ені тиісінше 1000 және 1200 мм дейін көбейтілуі тиіс.

Осы тораптардың ені мықты есіктер, торлар және оқшаулау тұтқа түрінде орнатылған жанасудан қолданылатын қорғау құрылғысының түріне қарамастан қажет етіледі.

Есіктер, тордан жасалған жалпы қоршаулар және қоршаулар биіктігі кемінде 1800 мм болуы тиіс.

Саңылау қоршаулар немесе тордан жасалған қоршаулар кемінде IP2X қорғау деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.

Қалқандар бірі қалқан бойында 600 мм биіктікте, басқасы 1200 мм биіктікте орнатылған екі оқшаулау тұтқаларымен жабдықталуы тиіс.

4168. Кернеу астында тұрған тоқ жүргізгіш бөліктер мен қорғаушы тосқауыл арасындағы арақашықтық осы Қағиданың 411-қосымшасында көрсетілгеннен кем болмауы тиіс.

4169. Потенциалдары түрлі кернеу астындағы бөліктер арасындағы немесе кернеу астындағы бөліктер және жерлендірілген металды бөліктер арасындағы немесе ауа бойынша сыртқы қаптамалары арасындағы арақашықтықтар осы Қағиданың 412-қосымшасында көрсетілгеннен кем болмауы тиіс.

4170. Басты таратқыш қалқанда жүйелік жинақ шиналарды кемінде екі бөлек секцияларға ажырату үшін айырғыш құрылғы орнатылуы тиіс.

4171. Егер автоматты механизмдер және басқа ажыратқыштарды жетегі үшін энергия көзі қажет болса, онда оның қоры барлық аппараттардың кемінде екі рет әрекеттенуі үшін жеткілікті болуы тиіс.

 

 

435. Клеммалық қораптар



 

4172. Генераторлар мен қозғалтқыштардағы статор орауыштарының барлық соңдары төменгі кернеу қораптарынан бөлек клеммалық қорап шығарылуы тиіс.

4173. Электр жабдықтың жәшіктерінде, ұяшықтарында және клеммалық қораптарында аса төмен кернеуге жалғаулар мен өткізгіштерді орнату рұқсат етілмейді.



 

 

436. Трансформаторлар



 

4174. Жоғарғы және төменгі кернеу орауыштары арасында жерленген аралықтары бар құрғақ трансформаторлар қолданылуы тиіс.

4175. Трансформаторды жоғарғы кернеу жағынан ажырату төмен кернеу жағындағы ажыратқыш өшірілуі тиіс.

4176. Егер трансформаторлардың төмен кернеу жағынан оқшауланған нөлдік нүкте болса, онда әрбір трансформатордың нөлдік нүктесі мен кем корпусы арасында ұшқын разрядты сақтандырғыш қарастырылуы тиіс. Сақтандырғыш осы трансформатордан қоректенетін құрылғылардың минималды сынау кернеулерінің 80 % аса есептелінуі тиіс.

4177. Электр тоғын ажыратқышқа аз вольтты қондырғы күйін бақылау үшін немесе осы оқшаулаудың зақымдану орнын анықтау үшін аппаратураны паралельді жалғау рұқсат етіледі. Осындай аппаратура электр тоғын мықты әрекеттенуіне кедергі болмауы тиіс.



 

 

437. Кабельді желі



 

4178. Үш фазалық тоқтың кабельді желісі үш жіпті кабельдермен орындалуы тиіс.

4179. Күш тізбектері үшін кабельдер жіптерінің қима ауданы кемінде 10 мм2 болуы тиіс.

4180. Қолданылып жатқан кабельдердің конструкциясы, типі және рұқсат етілген тоқ жүктемелері әрбір жағдайларда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

4181. Кабельдер кернеуі 1000 В төмен кабельдерден бөлек салынуы тиіс.

4182. Кабельдерді салу кезінде мынадай шарттар орындалуы тиіс:

1) барлық бірге салынған кабельдердің оқшаулауы осылардың едәуіріне есептеліну шартымен түрлі кернеу мәні бойынша электр энергияның канал жүргізуге арналған кабельдерді бірге салу рұқсат етіледі;

2) кабельдер тұрғын бөлмелерден өтпеуі тиіс;

3) түрлі номиналды кернеуге сыртқы қаптаулары арасындағы арақашықтық осы кабельдерінің аса жуанының кемінде еселенген ішкі, бірақ 50 мм кем емес диаметріне тең болуы тиіс;

4) арнайы электр бөлмелерден тыс өтетін кабельдер жерленген металды құбырларда немесе каналдарда салынуы немесе жерленген металды қаптаулармен қорғануы тиіс.

Мықты жерленуі тиіс тұрақты металды броньы бар осындай кабельдерді ашық түрде салу рұқсат етіледі.

4183. Жалғаушы қораптарды орнатуы немесе жалғауларды кабельдердің үзілуі немесе кабель ұзаруы мақсатында басқа тәсілмен жалғауды орнату рұқсат етілмейді.



 

 

63-бөлім. Мұздатқыш қондырғылардың электр жабдықтары



 

438. Электр энергияны тарату

 

4184. Тоңазытқыш кемелердің мұздатқыш қондырғыларының электр жетектері мұздатқыш қондырғының таратқыш қалқанынан бөлек сызықтар бойынша немесе басты таратқыш қалқаннан қоректенуі тиіс. Мұздатқыш желдеткіштер мұздатқыш қондырғының таратқыш қалқанынан немесе басты таратқыш қалқаннан қоректенетін басқа таратқыш қалқаннан қорек алуы тиіс. Қорек тәсіліне қарамастан генераторлардың шамадан арту кезінде мұздатқыш қондырғылар жетектері соңғы ретте өшірілуі тиіс.

Осы Қағиданың 2242-тармағында көрсетілген авариялық желдеткіштердің электр жетектері негізгі желдеткіштердің электр жетектерінен қоректенген таратқыш қалқаннан қоректенуі тиіс. Авариялық желдеткіштер жетектерінің қоректенуі басты таратқыш қалқаннан немесе тікелей басты таратқыш қалқаннан қоректенетін қалқаннан жүзеге асырылуы тиіс.

4185. Егер мұздатқыш агент ретінде аммиак қолданылса, мұздатқыш қондырғының таратқыш қалқанының қашықтан авариялық өшірілуі үшін құрылғы қарастырылуы тиіс:



1) мұздатқыш машина бөлмелеріндегі мұздатқыш қондырғыны басқару орнынан;

2) мұздатқыш машиналар үй-жайларының авария жағдайында аммиакпен толуы мүмкін бөлмелерден тыс орналасқан орыннан;

3) мұздатқыш машиналардың бөлмелерінен әрбір шығыстың сыртынан, ішінен.

Авариялық қашықтан өшіруге арналған аппаратура кездейсоқ әрекетте көрсетілмей алатындай етіп орнатылуы тиіс.

4186. Аммиакты мұздатқыш қондырғының таратқыш қалқанын қашықтан авариялық ажыратуға арналған құрылғылар егер олар басты таратқыш қалқаннан қоректенетін болса, мұздатқыш компрессорлардың электр жетектерін бір уақытта өшіру, мұздатқыш машиналар бөлмелеріндегі негізгі жарықтандыру желісі тоқтан ажыратылуы және авариялық желдеткіштер, суарылатын жүйені, су шымылдықтары және қосалқы жарықтандырудың электр жетектері қосылуы тиіс.



Қосымша аммиакты мұздатқыш қондырғының таратқыш қалқаны қашықтан авариялық ажыратуға арналған құрылғыға жақын мұздатқыш қондырғының таратқыш қалқанын ажыратусыз авариялық желдеткіштер, суарылатын жүйелер, су шымылдырықтары және қосалқы жарықтандыру кез-келген ретте қашықтан қосуға арналған құралғы орнатылуы тиіс.

 

 

439. Желдету және қосалқы жарықтандыру



 

4187. Егер мұздатқыш агент ретінде аммиак қолданылса, онда сорғыш каналдарда орнатылған мұздатқыш машиналар бөлмелерінде авариялық желдетудің сорғыш желдеткіштеріндегі электр қозғалтқыштар өрттен қорғануы орындалған болуы тиіс (осы Қағиданың 3683-тармағы).

4188. Салқындатылған кемелік бөлмелерден түсетін ауа ағынында орналасқан желдеткіштердің электр қозғалтқыштары IP55 орындалуы тиіс.

4189. Егер мұздатқыш агент ретінде аммиак қолданылса, онда мұздатқыш машиналар бөлмелерінде қалыпта жарықтандыру шамдарынан басқа, қосалқы қоректендірудің өртке қауіпті шамдар қарастырылуы тиіс (осы Қағиданың 3683-тармағы).



Қосалқы жарықтандыру қоректенуі электр жабдық пен қалыпты жарықтандыру шамдарынан қоректенуінен тәуелсіз болуы тиіс.

 

 

64-бөлім. Кемелердің бөлек типтеріне қойылатын қосымша талаптар



 

440. Жолаушылар тасымалдауға арналған кемелер

 

4190. Жауапты құрылғылардың қоректену жүйелері (осы Қағиданың 373-тарауы) бір тігінен өртке қарсы зонада өрт кез келген басқа тігінен өртке қарсы зонада орналасқан көрсетілген тұтынушылардың қоректену жүйесін зақымдамайтындай етіп орындалуы тиіс. Егер осындай кез-келген зонадан өтетін осы тұтынушылардың қоректендіретін басты және авариялық сызықтар тік және көлденең бойынша мүмкіндігінше бір-бірінен аса үлкен арақашықтықта салынса, көрсетілген талап орындалған деп есептелінеді.

4191. Авралды сигнал бергіш жүйесі екі: жолаушыларға және экипажға арналған дербес топтан тұруы тиіс.



Ұзындығы 25 м дейін жолаушылар тасымалдауға арналған кемелерде авралды сигнал бергіштің бір тобы болуы мүмкін.

4192. Осы Қағиданың 389, 392, 393-тарауларда көрсетілген қашықтан ажырату құрылғысы оған бөгде кісілердің қол жеткізуінен қорғалуы тиіс.

4193. Басты рубкада жабулардың қашықтан басқарылатын жетектері бар есіктері болса, есіктерді жабудың орындау сигнал бергіш қарастырылуы тиіс. Есіктердің орналасу орындарында толық жабылуына дейін жұмыс істеуі тиіс жабу жетектерінің жұмысы басталғанға дейін дыбысты және түсті сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.

 

 

441. Мұнай құйғыш кемелер



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет