§ 1. Таралу аймағы, электр жабдық корпустарының қорғаушы орындаулары және жерлендіру
4264. Осы тарау мыналарды қамтиды:
1) доктың батуы мен қалқып шығуын қамтамасыз ететін электр жетектер, олардың басқару жүйелері, бақылау жүйесі, сигнал беруі;
2) докталатын кемені жерлендіру құрылғысы.
4265. Электр жабдық корпустарының қорғаушы орындауыштары док мұнараларының құрғақ бөліктері ылғалдылығы жоғары IP44 бөлмелерге, ал понтондардың құрғақ бөліктері, понтондардағы тунельдер және сол сияқты басқа бөлмелер - аса ылғал IP55, бөлмелерге жатуын ескере отырып осы Қағиданың 385-қосымшасына сәйкес болуы тиіс.
4266. Әрбір докталатын кеменің док корпусына жерленуі әр қималары кемінде 702 мм кемінде екі арнайы иілімді кабельдерімен орындалуы, ал докта оларды док корпусына қосуға арналған құрылғы қарастырылуы тиіс.
4267. Док корпусын жағалауда жерлендіру құрылғысымен жалғау кезінде осы кемінде екі иілімді кабельдердің әрбір қимасы кемінде 70 мм2 және осы кабельдерді док корпусына жалғауға арналған құрылғылар қарастырылуы тиіс.
4268. Доктың барлық корпусты секциялар, понтондар, мұнаралар және сол сияқты конструкциялары өздері арасынан мықты электрлі жалғаулары болуы тиіс.
§ 2. Электр энергия көзінің саны мен қуаты
4269. Доктар үшін электр энергияның негізгі көзі ретінде қолдану қажет:
1) генераторлар;
2) жағалау электрлі энерго жүйені.
4270. Автономды доктарда электр энергияның негізгі көзі ретінде кемінде екі генераторларды және оларға қосымша қажет болғанда жағалау электрлі энерго жүйені көлденең қажет.
Автономды емес доктар үшін тек жағалау электрлі энерго жүйені қолдану рұқсат етіледі.
4271. Автономды док генераторларының негізгі қуаты немесе жағалау электрлі энерго жүйесінен түсетін қуаты доктың мынадай жұмыс режимдері үшін жеткілікті болуы тиіс:
1) тиеу;
2) кемені докқа кіргізу кезінде;
3) қалқып шығуы;
4) авариялық режим;
5) доктың тағайымы бойынша басқа режимдерге сәйкес.
4272. Автономды тоқтың негізгі генераторларының қуаты генераторлардың кез-келгені істен шыққан кезінде қалғаны доктың қауіпсіз сүңгуі мен қалқып шығуы, кемелердің кіруі мен шығуын қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.
§ 3. Электр энергияны тарату
4273. Осы Қағиданың 3755-тармағында көрсетілгеннен басқа, док корпусын тек пісіру желісі үшін, сондай-ақ оқшаулаудың қарсыласуын бақылау және өлшеу үшін ғана кері өткізгіш ретінде қолданылатын тұрақты немесе ауыспалы тоқта бір өткізгішті жүйеде қолданылуы мүмкін.
4274. Басты таратқыш қалқандарының шиналарынан қоректі осы Қағиданың 3762-тармағына қосымша бөлек жолақтар бойынша мынадай тұтынушылар алуы тиіс:
1) доктың сүңгуі мен қалқып шығу процесстерін бақылау, сигнал беру және басқару жүйесі;
2) балластты жүйенің клинкеттерінің электр жетектерінің қалқандары;
3) пісіру агрегаттарының қоректендіру қалқандары;
4) докталатын кемелердің қоректендіру қалқандары.
4275. Энергия көзі орнатылмаған мұнарада орналасқан жауапты құрылғылар мен электр жетектер механизмдерді қоректендіру осы мұнарада орнатылған таратқыш қалқаннан жүзеге асырылуы тиіс. Осындай қалқан басты таратқыш қалқанның шығарылған бөлігі ретінде қарастырылуы және қоректі басты таратқыш қалқаннан екі долақтар бойынша алуы тиіс. Әрбір қорек жолақты қоректендіретін қима олардың бірі істен шыққан кезінде мұнара жауапты тұтынушыларында қоректендіру үшін жеткілікті болуы тиіс. Мұнаралар арасындағы қоректендіретін жолақтарды салатын трассалар егер оны док конструкциясы бойынша мүмкін болса бөлек бөлікдер бойынша өтуі тиіс.
Екі жолақты бір күйде салу Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша рұқсат етілуі мүмкін.
4276. Сигналы ерекшеленетін фонарьларды жарықтандыру қалқанынан қоректендіру рұқсат етіледі.
4277. Автономды емес докты 1 кв жоғары кернеумен жағалау электр энерго жүйеден қоректендіру кезінде 1 кВ жоғары жолаққа қосымша қоректенудің аз вольтты жолақтарын қосу құрылғысы қарастырылуы тиіс. Осы құрылғы докты жөндеу жұмыстарсыз тұрақтау кезінде қажет электр энергияны ұзақ уақыт бойы беруіне есептелінуі тиіс. Сонымен бірге, минимум толық жүктемеде қалғандарымен салыстырғанда едәуір аса қуатты өрт сорғысының бір электр жетегін, негізгі бөлімдердің клинкеттер мен жарықтандыру жетектерінің барлық қозғалтқыштарын ұзақ уақыты бойы қоректендіру мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
Автономды емес докты 1 кв жоғары кернеумен екі тәуелсіз жолақтар бойынша қоректендіру кезінде қоректенудің аз вольтты қорек жолағын қарастырмауға болады.
4278. Докты кернеуі төмен жағалау электрлі энерго жүйеден докты қоректендіру кезінде бірі осы Қағиданың 4274-тармақта көрсетілген тұтынушылардың қоректенуін, ал екіншісі кемінде осы Қағиданың 4277-тармақта көрсетілген тұтынушылардың қоректенуін қамтамасыз ететін электр энергияны қабылдау үшін екі жолақтар және екі құрылғылар қарастырылуы тиіс.
4279. Жағалау электрлі энерго жүйеден қоректендіретін кабельдерді қосу үшін құрылғылардың орналасуы мен конструкциясы:
1) кабельдерді 1 кВ жоғары және аз вольтты сызықты кернеумен бір уақытта зақымдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында кабельдерді бір-бірінен жеткілікті едәуір аса арақашықтықта салуды қамтамасыз ету;
2) доктың сүңгуі және қалқып шығуы кезінде кабельдерде механикалық кернеудің пайда болуын болдырмау;
3) механикалық үлесті кабельдер немесе сымдарға жалғанатын клеммаларға берілу мүмкіндігін болдырмау. Жағалау энерго жүйеден қорек алатын құрылғыларды док мұнараларында орналастыру ұсынылады.
4280. Корпустың көрінетін орнында немесе электр энергияның ішкі көзінен қоректенетін қалқан есіктерінде кернеу мәнін көрсететін сақтандырғыш жазулары болуы тиіс.
4281. Жағалау энерго жүйесінен қорек алуы мүмкін әрбір док үшін қысқа матасудың едәуір аса рұқсат етілген қуаттылық деңгейі анықталуы тиіс. Бұл деңгей ішкі көзден қоректендіру қалқанының тақтасында көрсетілуі тиіс.
4282. Докталудан өтетін кемелерде қоректену докта стационарлы орналасқан қоректену қалқандарынан берілуі тиіс.
4283. Докталатын кемені қоректендіретін иілімді кабельде докталған кемеден өтетін қоректену қалқандарының шығатын сызықтарында қорғауды тіреудің номиналды тоғына есептелінген қимасы болуы тиіс.
§ 4. Тасымалданатын электр жарық желісі, қызметтік телефон байланысы
4284. Тасымалданатын жарықтандыру үшін штепсельді розеткалар сондай-ақ мына жерлерде орнатылуы тиіс:
1) доктың бату және қалқып шығу жүйесінің арматурасы және жабдықтары орналасқан мұнаралардың құрғақ бөліктерінде;
2) доктың бату және қалқып шығу жүйесінің жабдығы орналасқан қауіпсіздік палубасындағы бөлмеде;
3) доктың бату және қалқып шығу процесстерін басқару орталығындағы бөлмеде;
4) арқандап байлау механизмдердің лектржетектері орналасқан аудандарда.
4285. Тілдесу байланысының басқа түрлері болмаған кезде орталық посты мен мынадай объектілер арасында нақты екі жақты байланысты қамтамасыз ететін басқару тобының телефондары қарастырылуы тиіс:
1) швартовты сүмбілермен басқару орны;
2) авариялық дизель-генератор бөлмесі;
3) басты таратқыш қалқанның бөлмелері;
4) негізгі дизель-генераторлар бөлмелері;
5) трансформаторлы станция астындағы бөлме;
6) бату жүйелері мен доктың қалқып шығу клинкеттердің қол жетектерінде орнатылған бөлмелер;
7) өрт сөндіру станциясы. Сонымен қатар, басқарудың орталық посты мен машиналық бөлімі арасындағы паралық тілдесу байланысы қарастырылуы тиіс.
4286. Докта телефон аппаратын жағалық телефон желісіне қосу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
§ 5. Авралды сигнал бергіш, кабельдерді салу
4287. Авралды сигнал бергіш әрекеті орталық басқару посты бөлімі мен егер ол қарастырылса, кезекші қызметкерлерге арналған бөлімнен қосылуы тиіс.
4288. Егер стапель-палуба суға сүңгу орындау шамдарымен жарықтандырылса және оларды қоректендіру үшін герметикаланбаған кабельдер қолданылса, онда осы кабельдер болатты су газ өткізбейтін түтіктерді салынуы тиіс.
Түтіктер және олардың нығайтулар су сүңгу шамдарына рұқсат етілетін кем қысымы кезіндегі қысымды ескере отырып таңдалуы тиіс.
4289. Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша тікелей док қаптамасына пісірілетін көпірлер (кассеталар) бойынша кабельдерді салу рұқсат етіледі.
§ 6. Электр энергия канализациясы және таратудың бір өткізгішті жүйесінде кабель желісін монтаждау
4290. Өткізгіштерді доктың болатты корпустарына қосу нүктелері байланысы жалғауларын бақылау мен қадағалау үшін бос қол жеткізу қамтамасыз етілуі тиіс орындарда орналастырылуы тиіс.
Осы нүктелер док корпусымен мықты пісіру жалғаулары бар конструкцияларда орналасуы тиіс.
4291. Пісіру жүйесі үшін пайдаланылатын электр энергияның канализация жүйесіне қарамастан докталатын кемедегі пісіру посты доктың пісіру желісінен екі өткізгішті жүйесі бойынша қоректенуі тиіс.
Кері жетек ретінде докталатын кеменің корпусын қолдану рұқсат етілмейді.
4292. Докталатын кеменің пісіру жұмыстарын жүргізу кезінде электр жетекке қарсы потенциалды кабель корпусқа мүмкіндігінше пісіру орнына жақын қосылуы тиіс.
§ 7. Авариялық электр қондырғылар
4293. Әрбір докта барлық қажетті тұтынушылардың кемінде 3 сағ, ал автономды емес - 1 с бойы қоректендіруді қамтамасыз ететін электр энергияның авариялық көзі орнатылуы тиіс.
4294. Электр энергияның авариялық көздері докта, сондай-ақ мыналарда орнатылған осы Қағиданың 3751-тармағына сәйкес тех. тұтынушылардың қоректенуін қамтамасыз етуі тиіс:
1) доктың сүңгуі мен қалқып шығу жүйелерінің жауапты клинкеттерінің электр жетектері (клинкеттердің кемінде екі еселенген жабулар мен ашулары);
2) доктың сүңгуі мен қалқып шығу жүйесін басқару және бақылау тізбектерін;
3) қызметтік командалық байланыстарды.
4295. Электр энергияның авариялық көзі ретінде автоматты іске қосылатын дизель-генераторды қолдану кезінде, сондай-ақ жергілікті іске қосу қарастырылуы тиіс.
4296. Барлық авариялық тұтынушылар қоректі авариялық таратқыш қалқаннан алуы тиіс.
Негізделген жағдайларда авариялық дизель-генератор және авариялық таратқыш қалқанды түрлі бөлмелерде орнату рұқсат етіледі. Сондай-ақ, авариялық таратқыш қалқан ретінде соңғысы доктың сүңгу жолағының шегінен жоғары орналасу шартымен басты таратқыш қалқанның бір секциясын қолдану рұқсат етіледі.
§ 8. Доктың батуы және қалқып шығу жүйелерінің электр жетектері
4297. Бату мен қалқып шығу жүйесінің клинкеттерінің электр жетектері олардың қолмен жабылуы мен ашылуына кедергі болмауы тиіс. Сонымен бірге, клинкетті қолмен басқаруға ауыстыру кезінде электр жетек жұмысын болдырмайтын оқшаулау құрылғысы қарастырылуы тиіс.
4298. Клинкет электр жетегінде клинкеттің соңғы күйін жергілікті және қашықтықтан көрсету (басқарудың орталық постында және с.с.) көрсеткіші болуы тиіс. Сонымен бірге, понтондар бөліктері бойынша суды тарататын клинкеттер жетектері үшін клинкеттердің ашылу деңгейі бақыланатын құрылғы қарастырылуы тиіс.
4299. Понтондардың бөліктері бойынша суды тарататын клинкеттердің жетектерін басқару кезінде әрбір клинкетті бөлек басқару және оң және сол жақты борттардың клинкеттерін топтық басқаруды көлденең ұсынылады.
4300. Су құйғыш сорғының электр қозғалтқыштарын басқару тізбектерінде электр қозғалтқыштың жұмысы жайлы сигнал бергіші бар орталық орнынан жергілікті және қашықтан басқару, ал номиналды тоғы 20 А және одан аса (осы Қағиданың 3815-тармағына сәйкес) қозғалтқыштар үшін жүктемесін амперметр бойынша бақылау қарастырылуы тиіс.
§ 9. 1 Кв жоғары кернеумен орнату
4301. 1 Кв жоғары кернеумен орнату осы Қағиданың 62-бөлім және электр орнату қондырғылары қағидасы (ЭҚҚ) талаптарына сәйкес болуы тиіс.
4302. Кернеуі 1 Кв жоғары электр жабдық арнайы электр бөлімдерде орналасуы тиіс.
65-бөлім. Еспелі электр қондырғылары.
Қамсыздандырудың қордағы бөлшектері және заттары
448. Жалпы талаптар
4303. Еспелі электр қондырғылардың генераторларын барлық режимдерде, соның ішінде маневрлі режимдерде осы Қағиданың 3632-тармақтың талаптарына сәйкес қалыпты кернеу мен жиілігін қамтамасыз ету шартымен қосымша электр машиналар мен құрылғыларды қоректендіру үшін қолданылуы тиіс.
4304. Еспелі қондырғылардың электр қозғалтқыштары мен басты генераторлар астында стационарлы жарықтандыруы болуы тиіс.
4305. Төсеніш алдында орналасқан еспелі электр машиналардың бөлігінде (қозғалтқыштар мен генераторларды) кемінде IPX6 қорғау деңгейі болуы тиіс.
Егер құрғақ бөлікте орнатылса немесе су өткізбейтін іргетаспен су тиюден қорғалған және егер сондай-ақ осы бөлікке су тиюі кезінде іске қосылатын сигнал бергіші болса, онда IPX3 қорғау деңгейі рұқсат етілуі мүмкін.
4306. Тоқ арқылы жүру жүйесінің бақылау, қорғаушы және сигналды қоректендіру тоқ арқылы жүретін басты машиналардың қоздырғыштарынан рұқсат етіледі.
4307. Ауыспалы тоқтың еспелі электр қондырғыларынан тұратын барлық элементтер еспелі электр қозғалтқыштардың тоқ астында 1 мин бойы тұру режимінде жұмыс істеуге есептелінуі тиіс.
449. Қорек кернеуі. Электр машиналар
4308. Еспелі электр қондырғы жүйесіндегі кернеу осы Қағиданың 415-қосымшасында көрсетілген мәндерден аспауы тиіс. Аса жоғары кернеулерді қолдану әрбір бөлек жағдайларда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
4309. Желдетудің тұйықталған жүйесі бар басты электр машиналар шығатын ауа мен суды бақылау үшін термометрлермен жабдықталуы тиіс.
4310. Түсті және дыбысты сигнал бергіш қамтамасыз етілуі тиіс. Техникалық құжаттамалармен орнатылған басты таратқыш машиналардың мәндерінен жоғарлауы кезінде түсті және дыбысты сигнал бергіш іске қосылуы тиіс.
4311. Ауамен салқындатылатын еспелі электр қозғалтқыштардың әрқайсысында электр қозғалтқыштың қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз етуі үшін жеткілікті жасанды желдететін екі желдеткішпен жабдықталуы тиіс.
Жұмыс туралы түсті сигнал бергішті және желдеткіштердің тоқтауы жөніндегі дыбысты сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.
4312. Сумен айдалатын әрбір электр машинаның ауа салқындатқышында айдағыш және құйынды вентильдері және ауа салқындатқышты құрғатуға арналған құрылғысы болуы тиіс.
4313. Қуаты 250 кВт жоғары генератордың желдеткіш ауа өткізгіштер мен еспелі электр қозғалтқыштары машинаның шығысында ауа температурасын бақылауға арналған құрылғымен жабдықталуы тиіс. Құрылғылар ауа температурасының рұқсат етілген мәннен жоғарлауы кезінде орталық басқару постына дыбысты және түсті сигналдарды беруді қамтамасыз етуі тиіс. Ауа ылғалдығын бақылауға арналған құрылғыны көлденең ұсынылады.
4314. Желдетудің алшақ тұрған жүйесінде машинаға келетін ауа су, май және шаңнан тазартылуы тиіс.
4315. Еспелі электр қондырғылар генераторлары және еспелі электр қозғалтқыштарда машина ішінде қоршаған ауа температурасынан кемінде 3 оС жоғары температурасын ұстау үшін қыздырғышы қарастырылуы тиіс.
4316. Еспелі қондырғылардың жетектеріне арналған тұрақты тоқты электр машиналарда қақпақтардың жөндеусіз коллектор мен щеткалардың күйін қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін маңдай терезелері болуы тиіс.
4317. Салмағы 1000 кг зәкірлер үшін машинадан зәкірді алусыз коллектордың өңдеу мүмкіндігін көлденең қажет.
4318. Еспелі электр қондырғылары машиналарының білтіректері қысым астында майланатын боласа майлау жүйесін резервті сорғылармен жабдықтау қажет.
4319. Еспелі қондырғының электр қозғалтқыштарын майлау жүйесі біліктіректерге, егер кеме инерция бойынша жылжуы кезінде біліктіректерді қалыпты майлау қарастырылмаса, сорғы өшірілген күйде 15 мин бойы жұмыс істеу кезінде майдың гидростатикалық қысым астында біліктіректерге беруді қамтамасыз ететін сүзгімен және шығын цистерналарымен жабдықталуы тиіс.
4320. Электр машиналарды майлау жүйесінде май өткізгішінде қысым төмендеуі мен машинадан шығуы кезінде температура жоғарлауы кезінде сигналды басқару посттарына беруді қамтамасыз ететін сигнал бергіші болуы тиіс.
4321. Генераторлардың және еспелі қондырғылардың электр қозғалтқыштарының сырғанау біліктіректері ішпек температурасы рұқсат етілген мәннен жоғары асуы жайлы сигнал бергіш құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
4322. Еспелі электр қондырғы машиналарының қозу жүйесі қоректі кемінде екі электр энергия түрлендіргіштен алуы тиіс, соның ішінде олардың бірі зақымдануы кезінде қалғандары машиналарды маневрлер кезінде қажет көбейтілген жүктемеде де қозуы үшін электр энергияның толық қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес кез-келген жағдайларды қоректі қамтамасыз еті шартымен басты таратқыш қалқан шиналарынан еспелі электр қондырғылардың қозу жүйесінен қоректендіру рұқсат етіледі.
4323. Тұрақты тоқтың тоқ арқылы жүру жүйелерінде еспелі қондырғының электр қозғалтқыштарының қозу орауыштарының өшірілуі немесе ыдырауы орауыштан зәкірдің кернеуін алумен қоса жүруі тиіс.
4324. Қозу тізбектері қозу орауыштарының аяқ астынан ажырауы жағдайында магнит алаңының энергиясын өшіру құрылғысымен жабдықталуы тиіс.
4325. Қозу жүйелері мен басқару автоматикасы еспелі қондырғылардың электр қозғалтқыштары еспелі бұранданың бұзылуы немесе жалаңдануы кезінде айналу жиілігінің шамадан аса артудан қорғалып орындалуы тиіс.
450. Басты тізбектер мен қозу тізбектеріндегі ажыратқыштар
4326. Қозу тізбектерінде басты тоқ тізбектерінде қысқа матасу немесе зақымдану кезінде машиналардан қозуды алу үшін әрекеттенетіндерден басқа, автоматты ажыратқыштар орнатылуы тиіс.
4327. Егер коммутация бойынша белгіленген ретті қамтамасыз ету қажет болса, онда дұрыс емес ауысу мүмкіндігін алдын-алатын мықты оқшаулау қарастырыулы тиіс.
4328. Кернеуі алынып тасталған күйде еспелі электр қондырғыларының тізбектерінде оперативті айырып-қосуға арналған айырып-қосқыштарда оларды тоқ астында ажырауын немесе жаңсақ қосылуын болдырмайтыны оқшаулау құрылғысы болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |