Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 Қаулысы (2015. 17. 09. берілген өзгерістермен) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»


Репатриациялау талабының орындалуын бақылау мақсаттары үшін келісімшарттар бойынша ақпарат алмасу



бет3/5
Дата08.07.2016
өлшемі430 Kb.
#185785
1   2   3   4   5

6. Репатриациялау талабының орындалуын бақылау мақсаттары үшін келісімшарттар бойынша ақпарат алмасу

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



45. Осы Қағидалардың осы тармағына және 46, 47, 48, 49, 51 және 52-тармақтарына сәйкес ақпарат алмасу уәкілетті банктер, Ұлттық Банк және мемлекеттік кірістер органы арасында электрондық түрде жүзеге асырылады.

Уәкілетті банк осы Қағидалардың 46 және 47-тармақтарына сәйкес Ұлттық Банкке бұрын жіберілген ақпаратқа ақпарат жіберілген күннен кейін алты айдың ішінде электрондық түрде түзетулер енгізеді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 46-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

46. Уәкілетті банк келісімшартқа есептік нөмір берген немесе келісімшартты есептік тіркеуден алған күннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банкке жібереді.

Уәкілетті банк осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша бұрын жіберген келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты өзгертетін келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, уәкілетті банк келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді растайтын құжаттарды қабылдаған күннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банкке жібереді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 47-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

47. Уәкілетті банк осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалғандығы туралы ақпаратты Ұлттық Банкке мынадай мерзімдерде жібереді:

төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын төлем карточкаларын пайдаланбай экспортердің немесе импортердің уәкілетті банктегі банк шоттары арқылы жүзеге асыру жолымен есепті айда келісімшарт бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда - есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде;

төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын төлем карточкаларын пайдаланып және (немесе) өзге тәсілмен жүзеге асыру арқылы келісімшарт бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда - экспортердің немесе импортердің не келісімшартты есептік тіркеу банкі болып табылмайтын банктің растау ақпаратын және (немесе) құжаттарды ұсынған айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде.

Импорт бойынша келісімшарт бойынша есеп айырысулардың аккредитивтік нысаны не банк кепілдігі орындалған жағдайда деректер шетелдік жеткізушінің пайдасына төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде көрсетіледі.

Егер аккредитив немесе кепілдік беру келісімшартты есептік тіркеу банкінде ресімделмесе, аккредитивті немесе кепілдік беруді ресімдеген уәкілетті банк:

егер орындаушы банк болып табылса, төлем және (немесе) ақша аударымы күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде;

егер орындаушы банк шетелдік банк болып табылса, төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мәліметтер алынған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде келісімшартты есептік тіркеу банкіне төлемнің және (немесе) ақша аударымының жүзеге асырылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін жібереді.

Уәкілетті банк есеп айырысулардың вексельді нысанын көздейтін келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты осы Қағидалардың 37-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардың бірі басталған кезде жібереді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 48-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

48. Ұлттық Банк уәкілетті банктерден осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша алынған ақпаратты күн сайын мемлекеттік кірістер органына жібереді.

Мемлекеттік кірістер органы күн сайын өзінің аумақтық бөлімшелеріне Ұлттық Банктен алынған келісімшарттардың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша ақпаратты тауарларға арналған декларацияда көрсетілген нөмірлердің келісімшарттардың есептік нөмірлеріне сәйкестігін тексеру үшін жібереді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 49-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

49. Мемлекеттік кірістер органы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейінгі мерзімде, Ұлттық Банкке осы Қағидаларға қосымшада белгіленген нысан бойынша келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты жібереді.

Ұлттық Банк мемлекеттік кірістер органынан келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы ақпаратты уәкілетті банктерге жібереді.

50. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен алып тасталды(бұр.ред.қара)

51. Резидент емес келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімінде экспортердің немесе импортердің алдындағы есепті айдың соңғы күнгі жағдайы бойынша баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомадағы міндеттемелерді орындамаған кезде уәкілетті банк есептік айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын Ұлттық Банкке жібереді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 52-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

52. Уәкілетті банк он мың АҚШ долларынан бастап елу мың АҚШ долларына дейінгі (қоса алғанда) сомаға жасалған және Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы экспорт немесе импорт үшін тауар өткізуді (осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) көздейтін келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылатын төлемдер мен (немесе) ақша аударымдарының мониторингін жүзеге асырады. Егер осындай келісімшарттар бойынша экспортер алған немесе импортер жіберген ақшаның жалпы сомасының баламасы есепті кезеңде жүз мың АҚШ долларынан асып кетсе, уәкілетті банк Ұлттық Банкке есептік айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейін осы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген нысан бойынша баламасы бір жүз мың АҚШ долларынан астам сомаға төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған экспортер немесе импортер туралы ақпаратты жібереді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 53-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53. Осы Қағидаларға 6-қосымшаның 4, 7-9, 15, 18-бағандарында көрсетілген деректерді қоспағанда, келісімшарт бойынша тауарлардың қозғалысы жөніндегі қолдағы бар ақпаратта мемлекеттік кірістер органы ұсынған ақпаратпен айырмашылықтар анықталған кезде, келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банк немесе Ұлттық Банктің филиалы кедендік декларациялауды жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесіне келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ресімделген тауарларға арналған декларациялар бойынша ақпарат ұсыну туралы сұрату жібереді. Сұратуда экспортердің немесе импортердің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі — ЖСН), келісімшарттың деректемелері және келісімшарттың есептік нөмірі, айырмашылықтар анықталған тауарларға арналған декларациялардың нөмірлері көрсетіледі.

Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банк филиалының сұратуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе тиісті өкілеттігі бар өзге тұлға қол қойған, сұратылған тауарларға арналған декларацияларға қатысты ақпаратты тауарларға арналған декларацияның нөмірін, онда көрсетілген кедендік рәсімді, тауар шығарылған күнді, түзетулер жасалған күндерді, жеткізу валютасын, тауардың фактуралық құнын, келісімшарттың деректемелерін және келісімшарттың есептік нөмірін көрсете отырып жібереді.

 

 



7. Өтпелі ережелер

 

54. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін мәміле паспортын ресімдеген келісімшарт есептік тіркеуге қабылданған деп саналады. Келісімшартқа есептік нөмірді тағайындау экспортердің немесе импортердің уәкілетті банкке өтініш беруіне орай не келісімшарт бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізу кезінде осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш бермей-ақ осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген тәртіппен бұрын ресімделген мәміле паспортының нөмірі мен күнін келісімшартқа ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Келісімшарт есептік тіркеу рәсімінен өткеннен кейін мәміле паспорты бес күнтізбелік жыл бойы мұрағатта сақталады.



55. Мәміле паспорты 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін ресімделген және резиденттің резидент емеске 180 күннен астам мерзімге коммерциялық кредит беруге арналған лицензиясы бар келісімшарттар бойынша репатриациялау мерзімін экспортер немесе импортер есептейді және лицензияда белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімінің күнінен бастап 180 күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті банкке ұсынады.

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)


Қазақстан Республикасында

экспорттық-импорттық валюталық бақылауды

жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және

импорт бойынша келісімшарттардың есептік

нөмірлерін алу қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан


 

 

Келісімшарттың есептік нөмірін алуға

 өтініш

 

______________________



(банктің атауы)

 

Жалпы құны (болжамды құны)__________________(келісімшарттың валютасы көрсетіледі) экспортты немесе импортты (керегінің асты сызылады) көздейтін_______________№________________келісімшартқа есептік нөмір беруді сұраймын.



 

Экспортер/импортер бойынша ақпарат:

атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты

(ол болған кезде) _________________________

БСН/ЖСН            _________________________

 

Шетелдік сатып алушы (экспорт бойынша)



немесе жеткізуші (импорт бойынша) туралы

ақпарат:


атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты

(ол болған кезде) _________________________

елі                         _________________________

 

Репатриациялау мерзімі:



 

Мен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7584 тіркелген, «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларының 10-тармағында көрсетілген мерзімде ақпараттарды және (немесе) құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардармын.

 

Экспортер/импортер ______________________________________



басшысының қолы    ______________________________________

 (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Мөр орны (ол болған кезде)

 

Өтініш қабылдаған күн



_____________________

 

Келісімшартты есептік тіркеу банкінің белгілері



_______________________________________________

_______________________________________________

 

1-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

 

1. «Банктің атауы» бағаны мыналарды ескере отырып, толтырылады:



егер келісімшартты есептік тіркеу банкі ретінде уәкілетті банк болса, онда уәкілетті банктің толық атауы көрсетіледі;

егер келісімшартты есептік тіркеу банкі ретінде уәкілетті банктің филиалы немесе Ұлттық Банктің филиалы болса, филиалдың толық атауы көрсетіледі.

2. «Елі» бағанында шетелдік сатып алушының немесе жеткізушінің тұрған елінің коды ҚР МЖ 06 ИСО 3166,1-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеуішке сәйкес көрсетіледі.

3. «Репатриациялау мерзімі» бағаны нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады:

бірінші бөлікте репатриациялау мерзімінің күн саны көрсетіледі;

екінші бөлікте репатриациялау мерзімінің толық жыл саны көрсетіледі.

4. «Келісімшартты есептік тіркеу банкінің белгілері» бағаны келісімшартты есептік тіркеу банкінің қызметтік ақпаратына арналған.

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



 

Қазақстан Республикасында

экспорттық-импорттық валюталық бақылауды

жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және

импорт бойынша келісімшарттардың есептік

нөмірлерін алу қағидаларына

2-қосымша

 

 



1. Репатриациялау мерзімін есептеу тәртібі

 

1. Репатриациялау мерзімін есептеу мақсаты үшін күнтізбелік күн пайдаланылады, бұл ретте 30 күн мерзімі бір ай болып, 360 күн бір жыл болып қолданылады.



2. Репатриациялау мерзімі резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзімі ретінде есептеледі және нүктемен бөлінген екі бөліктен тұратын цифрлық код түрінде көрсетіледі:

бірінші бөлікте үш цифр егер репатриациялау мерзімі 360 күннен аз болса немесе асып кетсе, толық емес жыл бойынша күндер санын көрсетеді;

екінші бөлікте екі цифр репатриациялау мерзімінің толық жыл санын көрсетеді.

3. Экспорт бойынша репатриациялау мерзімі мынадай тәртіппен есептеледі:

егер келісімшарт бойынша тауарларды Одақтың кеден шекарасынан өткізу көзделсе және экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін тауарды тапсыру болып табылса, экспортер репатриациялау мерзімін келісімшарт бойынша резидент еместің тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындауының ең ұзақ мерзіміне тауарды мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі шығарған соң тауарды тапсыру орнына дейін жеткізу үшін қажетті, бір жылдан аспауы тиіс мерзімді қоса отырып есептейді;

егер келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасы мен Одаққа мүше басқа мемлекеттің арасында тауарларды өткізу көзделсе және экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасы шекарасынан өткеннен кейін тауарды тапсыру болып табылса, экспортер репатриациялау мерзімін келісімшарт бойынша резидент еместің тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындауының ең ұзақ мерзіміне тапсыру орнына дейін тауарды жеткізу үшін қажетті, бір жылдан аспауы тиіс мерзімді қоса отырып есептейді;

егер экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Қазақстан Республикасы шекарасынан өткенге дейін тапсыру болып табылса, экспортер репатриациялау мерзімі ретінде келісімшарт бойынша резидент еместің тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындауының ең ұзақ мерзімін көрсетеді;

егер келісімшартта резидент еместің тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауының әртүрлі талаптары (тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ақыны экспортердің тауарларды тиегенге, жұмыстарды орындағанға немесе қызметтерді көрсеткенге дейін төлеуі не тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ақыны экспортердің тауарларды тиегеннен, жұмыстарды орындағаннан немесе қызметтерді көрсеткеннен кейін төлеуі) көзделсе, экспортер репатриациялау мерзімін экспортердің тауарларды тиегеннен, жұмыстарды орындағаннан немесе қызметтерді көрсеткеннен кейін резидент еместің тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауының келісімшартта белгіленген мерзімін ескере отырып есептейді;

егер келісімшартта экспорт бойынша валюта түсімінің экспорт күні басталғанға дейін (резидент еместің алдын ала ақы төлеуі) не 180 күннен аспайтын мерзімде түсуі көзделсе, мерзім 180 күн деп көрсетіледі.

4. Импорт бойынша репатриациялау мерзімі мынадай тәртіппен есептеледі:

егер резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізгеннен кейін тауарды тапсыру болып табылса, импортер репатриациялау мерзімін шетелдік жеткізушінің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауының ең ұзақ мерзіміне пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімін (ол келісімшартта болған кезде) қосу арқылы есептейді;

егер келісімшарт бойынша тауарды Одақтың кеден шекарасы арқылы өткізу және резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін тауарды тапсыру болып табылса, импортер репатриациялау мерзімін резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауының келісімшарт бойынша ең ұзақ мерзіміне тауарды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу және мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің тауарды шығару үшін қажетті мерзімін (бір жылдан аспауы тиіс), пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімін (ол келісімшартта болған кезде) қосу арқылы есептейді;

егер келісімшарт бойынша тауарды Қазақстан Республикасы мен Одаққа мүше басқа мемлекеттің арасында өткізу және резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізгенге дейін тауарды тапсыру болып табылса, импортер репатриациялау мерзімін резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерді

орындауының келісімшарт бойынша ең ұзақ мерзіміне тауарды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізуге қажетті мерзімді, пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімін (ол келісімшартта бар болған кезде) қосу арқылы есептейді;

егер келісімшартта резидент еместің тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерді орындаудың әртүрлі талаптары (тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету тауарлар, жұмыстар немесе керсетілетін қызметтер үшін төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғанға дейін не тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғаннан кейін) көзделсе, импортер репатриациялау мерзімін келісімшартта белгіленген тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейін резидент еместің тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету бойынша міндеттемесін орындау мерзімін ескере отырып, есептейді;

егер келісімшартта тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлемді жүргізгенге дейін және (немесе) ақша аударғанға дейін (резидент еместің тауарларды алдын ала жеткізуі, алдын ала жұмысты орындауы немесе қызметтерді көрсетуі) не төлем жүргізген және (немесе) ақша аударған күннен бастап 180 күннен аспайтын мерзімде көзделсе, репатриациялау мерзімі 180 күнге тең деп көрсетіледі;

егер келісімшартта тауарларды импорт үшін Одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізу көзделсе, импортер есептеген репатриациялау мерзіміне тауарларды әкелу және мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшелерінің белгісімен жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті не жанама салықтардың төлену фактісін растау және салықтық есептілікті қабылдау туралы хабарлама алу үшін қажетті 180 күннен тұратын уақыт кезеңі қосылады.

  

2. Экспорт бойынша репатриациялау мерзімін есептеу мысалдары

 

1) келісімшартқа сәйкес экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан қалада тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарға ақы төлеуі: ішінара — алдын-ала ақы төлеу, ішінара — экспортер тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу арқылы. Резидент еместің тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі - 210 күн. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі тауарды шығарған күні мен резидент емеске тауарды Одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан қалада тапсыру күні арасындағы экспортер болжайтын мерзім - 30 күн.



Есеп: 210 күн + 30 күн = 240 күн, яғни 240 күн, 00 жыл.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 240.00 деп көрсетеді;

2) келісімшартқа сәйкес экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Одаққа мүше басқа мемлекетінің аумағында орналасқан қалада тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарға ақы төлеуі: ішінара - алдын-ала ақы төлеу, ішінара - экспортер тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу арқылы. Резидент еместің тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі - 210 күн. Қазақстан Республикасы шекарасынан тауарды өткізу күні мен тауарды Одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада резидент емеске тапсыру күні арасындағы экспортер болжайтын мерзімі - 10 күн.

Есеп: 210 күн +10 күн = 220 күн, яғни 220 күн, 00 жыл.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 220.00 деп көрсетеді;

3) келісімшартқа сәйкес экспортердің тауарды жеткізу жөніндегі міндеттемесі тауарды Алматы-1 станциясында тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент емес тауарға ақы төлеуді экспортер тауарды тиегеннен кейін жүзеге асырады. Тауарға ақы төлеудің ең ұзақ мерзімі - 210 күн.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 210.00 деп көрсетеді;

4) келісімшартқа сәйкес резидент емес тауарға, жұмысқа немесе көрсетілетін қызметке алдын ала ақы төлеуді толық көлемде жүзеге асырады.

5) Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді;

6) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарға, жұмысқа немесе көрсетілетін қызметке ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі - 160 күн.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді.

 

3. Импорт бойынша репатриациялау мерзімін есептеу мысалдары

 

1) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан қалада тауарды тапсырғаннан кейін орындалды деп есептеледі. Резидент еместің тауарды жеткізуі: ішінара — алдын ала жеткізу арқылы, ішінара — тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударылғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 800 күн. Резидент еместің тауарды Одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан қалада тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің тауарды шығару күнінің арасындағы импортер болжайтын мерзім - 70 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі Одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан қалада тауарды тапсыруды болжамдалған күнінен бастап - 100 күн.



Есеп: 800 күн + 70 күн + 100 күн - 970 күн, яғни 250 күн, 02 жыл.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 250.02 деп көрсетеді;

2) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада тауарды тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарды жеткізуі, ішінара - алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударылғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 800 күн. Резидент еместің тауарды Одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада тапсыру күні мен тауарды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу күнінің арасында импортер болжайтын мерзім - 30 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі тауарды Одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада тапсыру болжанған күннен бастап - 100 күн. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алудың мерзімі - 180 күн.

Есеп: 800 күн + 30 күн + 100 күн + 180 күн =1110 күн, яғни 030 күн, 03 жыл.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 030.03 деп көрсетеді;

3) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Одақтың аумағынан тыс орналасқан қалада тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарды жеткізуі: ішінара - алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударылғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 210 күн. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің тауарды шығару күні мен резидент емес тауарды Одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан қалада тапсырған күні арасындағы импортер болжайтын мерзім - 70 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі келісімшартта анықталмаған.

Есеп: 210 күн + 70 күн = 280 күн, яғни 280 күн, 00 жыл.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 280.00 деп көрсетеді;

4) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Алматы-1 станциясында тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарды жеткізуі: ішінара алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі - 100 күн.

Есеп: 100 күн + 100 күн = 200 күн, яғни 200 күн, 00 жыл.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 200.00 деп көрсетеді;

5) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Алматы-1 станциясында тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарды жеткізуі: ішінара - алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі келісімшартта анықталмаған.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді;

6) келісімшартқа сәйкес резидент емес тауарды алдын ала жеткізуді немесе жұмысты алдын ала орындауды, алдын ала қызмет көрсетуді толық көлемде жүзеге асырады.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді;

7) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізуінің немесе жұмысты орындауының, қызмет көрсетуінің ең ұзақ мерзімі - 160 күн.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді.

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)



Қазақстан Республикасында

экспорттық-импорттық валюталық бақылауды

жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және

импорт бойынша келісімшарттардың есептік

нөмірлерін алу қағидаларына

3-қосымша

 

 

Нысан



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет