Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту



бет1/5
Дата19.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#208966
  1   2   3   4   5



Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы








«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






жоба

РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

_________________

Алматы қаласы




№ __________

город Алматы


«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7584 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда қолданылған ұғымдар Заңда көрсетілген мағыналарда пайдаланылады.

Осы Қағидалардың мақсаттары үшін сондай-ақ мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:



  1. келісімшарт – тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспортын немесе импортын көздейтін валюталық шарт;

2) келісімшарт бойынша салыстырып тексеру акті – келісімшарт бойынша тауарлардың қозғалысын салыстырып тексеру нәтижелері бойынша келісімшартты есептік тіркеу банкі мен мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі жасаған акт;

3) келісімшарттарды тіркеу журналы – келісімшарттардың есептік нөмірі берілген келісімшарттарды тіркеу үшін келісімшартты есептік тіркеу банкі жүргізетін журнал;

4) келісімшартты есептік тіркеу – келісімшарттың түпнұсқасына немесе көшірмесіне тиісті белгі қоя отырып, келісімшартқа келісімшарттың есептік нөмірін беру, сондай-ақ келісімшарт шеңберінде есеп жүргізу және міндеттемелердің орындалуы бойынша есептілік беру;

5) келісімшартты есептік тіркеу банкі – келісімшарт шеңберінде репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау мақсатында келісімшартты есептік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық Банктің аумақтық филиалы (бұдан әрі – филиал);

6) келісімшарттың есептік нөмірі – келісімшартты есептік тіркеу банкі беретін, валюталық операциялар бойынша есепті және есептілікті қамтамасыз етуге арналған тіркеу нөмірі немесе осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін келісімшарт бойынша ресімделген мәміле паспортының нөмірі;

7) лицензия – резиденттің бейрезидентке коммерциялық кредит беруі үшін Ұлттық Банк 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін берген лицензия;

8) мәміле паспорты – репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау мақсаттары үшін осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін келісімшарт бойынша ресімделген құжат;

9) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

10) репатриациялау мерзімі – экспорт датасы мен экспортты төлеуге валюта келіп түскен күн арасындағы не импорт бойынша ақша төленген және (немесе) аударылған күн мен бейрезидент міндеттемелерін орындамаған және (немесе) толық орындамаған жағдайда импорт бойынша пайдаланылмаған аванс қайтарылған күн арасындағы, не импорт бойынша ақша төленген және (немесе) аударылған күн мен келісімшартта пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі болмаған жағдайда импорт күні арасындағы уақыт кезеңі;

11) экспортер немесе импортер – келісімшарт жасаған не келісімшарт бойынша бейрезидентке талап қою құқығы өткен Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, сондай-ақ дара кәсіпкер).».

5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Репатриациялау мерзімі еркін нысандағы өтініште мынадай жағдайларда жаңа репатриациялау мерзімін көрсету арқылы өзгертіледі:



1) егер бұған дейін экспортер немесе импортер көрсеткен репатриациялау мерзімі келісімшарттың талаптарына сәйкес келмесе және (немесе) осы Қағидалардың нормалары ескерілмей есептелсе;

2) келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдеріне және талаптарына әсер ететін жағдайлардың басталуын растайтын мынадай құжаттар болса:

келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар;

соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімі;

шет мемлекеттің уәкілетті органының бейрезиденттің таратылу кезеңінде тұрғанын немесе банкроттық рәсімінен өтіп жатқанын растайтын құжаты;

3) келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдерін және талаптарын өзгертуге әсер ететін дүлей күш жағдайларының туындауы.

Дүлей күш жағдайлары туындаған, соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімінде келісімшарт бойынша бейрезиденттің міндеттемелерін орындау мерзімдері болмаған не шет мемлекеттің уәкілетті органының құжатында бейрезидентті тарату немесе бейрезидентті банкрот деп тану процесінің аяқталу мерзімдері болмаған кезде репатриациялау мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.



6. Репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау мақсаттары үшін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспортының немесе импортының күні болып:

1) тауарларды Еуразиалық экономикалық одаққа (әрі қарай - Одақ) мүше мемлекеттердің кеден шекарасы арқылы өткізген кезде – сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсім ретінде тауардың орналастырылуын растайтын тауарлар декларациясында көрсетілген, тауарлардың шығарылған күні;

2) тауарларды Одақтың кеден аумағының ішінде импорт үшін өткізген кезде, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ресімдеу көзделген жағдайда – мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу жөніндегі өтініш қағаз жеткізгішпен ұсынылған жағдайда оны қабылдағаны туралы белгі қойған күні не мемлекеттік кірістер органының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу жөніндегі өтініш электрондық түрде ұсынылған жағдайда оны қабылдағаны туралы хабарлаған күні;

3) қалған жағдайларда:

өзара сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсім ретінде тауардың орналастырылуын растайтын тауарлар декларациясында көрсетілген, тауарлардың шығарылған күні (тауарлар декларациясын ресімдеу көзделген кезде);

тауарлар беруді, жұмыстар орындауды (қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттарға қол қойылған (қабылданған) күн;

нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактураның, инвойстың берілген күні;

жұмыстар орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) растайтын құжаттарға қол қоюды (қабылдауды) және нақты орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактура, инвойс беруді көздемейтін келісімшарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындаудың басталған күні;

аумағына тауарлар импортталған Одаққа мүше мемлекеттің салық органының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қағаз жеткізгішпен ұсынылған жағдайда оны тіркегені туралы белгі қойған күні не аумағына тауарлар импортталған Одаққа мүше мемлекеттің салық органының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу жөніндегі өтініш электрондық түрде ұсынылған жағдайда оны қабылдағаны туралы хабарлаған күні саналады.

7. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін валютаны репатриациялау жөніндегі талаптың орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің филиалына электронды және қағаз түрінде келіп түсетін құжаттар валюталық бақылау құжаттары болып табылады. Мұндай құжаттар мыналар жатады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша немесе келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап етпейтін келісімшарттар бойынша еркін нысандағы келісімшарттың есептік нөмірін алуға өтініш;

2) есептік тіркеуден өтуі тиіс келісімшарттар үшін есептік нөмірдің берілгені туралы белгісі бар келісімшарт (түпнұсқасы немесе оның көшірмесі);

3) мыналарды:

келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерінің және талаптарының немесе тараптарының өзгергенін;

келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалғанын (тауарлар декларациясын, жұмыстардың орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) немесе тауарлардың Одақтың кеден аумағының ішінде экспорт немесе импорт үшін өткізілуін растайтын құжаттарды қоса алғанда);

экспортердің немесе импортердің шетел банкіндегі банк шотының Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шоттарға сәйкес келуін растайтын құжаттар;

4) шетел банктеріндегі банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірмелер, төлем және шетел банктеріндегі банк шоттарынан төлемдер мен (немесе) аударымдарды растайтын және сәйкестендіретін өзге құжаттар;

5) лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік, мәміле паспорты;

6) келісімшарт бойынша салыстырып тексеру актісі;

7) осы қағидалардың 49 және 53 тармақтарында қарастырылған тәртіпте ұсынылатын есептік тіркеу нөмірі бар келісімшарттар бойынша тауарлар қозғалысы жөніндегі ақпараттар.

Егер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште экспортталған немесе импортталған тауарлар бойынша жиынтық сома болмаса, экспортер немесе импортер бұл жиынтық соманы келісімшартты есептік тіркеу банкіне валюталық бақылау құжаты ретінде ұсынылатын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесінде көрсетеді.

Экспортер немесе импортер уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша ұсынатын валюталық бақылау құжаттарының көшірмелері экспортердің немесе импортердің уәкілетті тұлғасының мөрімен (бар болған кезде) және (немесе) қолымен расталады. Электрондық құжат айналымы болған кезде экспортер немесе импортер ұсынатын құжаттардың электрондық көшірмелері экспортердің немесе импортердің цифрлық қолтаңбасымен расталады.

Шет тілдегі валюталық бақылау құжаттарының көшірмелері уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша экспортердің немесе импортердің уәкілетті тұлғасының мөрімен (бар болған кезде) және (немесе) қолымен расталып, мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады.

Шет мемлекеттің ұйымдарынан және мекемелерінен шығатын, экспортерлер немесе импортерлер ұсынатын құжаттар мен актілер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қатысушысы Қазақстан Республикасы және ұйымдары мен мекемелерінен құжаттар мен актілер шығатын мемлекет болып табылатын халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, консулдық жариялау болған жағдайда қарау үшін қабылданады.



Экспортерлер мен импортерлер келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің филиалына ұсынатын валюталық бақылау құжаттары уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банк филиалының іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ішкі актілерде көзделген тәртіпте тіркелуі тиіс.

8. Тауарларды экспорт немесе импорт үшін Одақтың кедендік аумағы ішінде алып өтуді растайтын құжаттары мыналар болып табылады:

1) тауарларды импорт үшін Одақтың кедендік аумағы ішінде алып өткен кезде, Салық кодексінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті ресімдеу көзделген кезде – тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің өтініш қағаз жеткізгішпен ұсынылған жағдайда жанама салықтардың төленгені туралы қойылған белгісімен не тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу жөніндегі өтініш электрондық түрде ұсынылған жағдайда жанама салықтардың төленгені және салықтық есептіліктің қабылдағаны фактісі растайтын хабарламасымен);

2) қалған жағдайларда:

тауарды өзара сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсім арқылы алып өтуді растайтын, тауарларға арналған декларация;

тауарлардың өткізілуін және (немесе) жұмыстардың орындалуын (қызметтердің көрсетілуін) растайтын акт;

нақты өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактуралар, инвойстар;

Қазақстан Республикасының аумағынан Одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлар экспортын растау үшін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (аумағына тауарлар импортталған Одаққа мүше мемлекеттің салық органының өтініш қағаз жеткізгішпен ұсынылған жағдайда жанама салықтардың төленгені туралы қойылған белгісімен не тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу жөніндегі өтініш электрондық түрде ұсынылған жағдайда жанама салықтардың төленгені және салықтық есептіліктің қабылдағаны фактісі растайтын хабарламасымен).

9. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарларды экспорт немесе импорт үшін алып өту ретінде:

экспорт немесе импорт кезінде өзара сауда статистикасында есепке алынатын Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) Одаққа мүше басқа елдердің аумағына (аумағынан) тауарлардың өтуі;

сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын бір кедендік процедураға қойылған тауарлардың Одақтың кедендік шекарасынан өтуі.

10. Экспортер немесе импортер тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына әсер ететін жағдайлар туындаған жағдайда, растайтын құжаттарды уәкілетті банкке немесе келісімшарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің филиалына ұсынады.

Құжаттар олар бар болған кезде резидент еместің экспортер немесе импортер алдындағы орындалмаған міндеттемелерінің сомасы баламасы елу мың АҚШ долларынан асқан репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күнінен кешіктірмей ұсынылады.

Вексель бойынша төлем алған кезде немесе вексель бойынша талаптар құқықтарын үшінші тұлғаға өткізу кезінде экспортер немесе импортер растау құжаттарын келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің филиалына вексель бойынша төлем немесе вексель бойынша талаптар құқықтарын өткізу күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынады.

Келісімшарт бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын резидент емес үшінші тұлға жүзеге асырған кезде импортер келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің филиалына резидент емес үшінші тұлғаның атауын немесе аты-жөнін, тұратын елін, төлемнің күнін, сомасы мен валютасын көрсете отырып, осы ақша төлемдері және (немесе) аударымдары бойынша ақпаратты төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізілген күннен кейін бастап күнтізбелік 180 күннен кешіктірмей ұсынады.

Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы экспорт үшін тауарларды өткізген кезде немесе жұмыстар (қызметтер) экспорты кезінде экспортер келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің филиалына тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттарды тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты күнінен бастап күнтізбелік 90 күннен кейін кешіктірмей ұсынады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Тауарларды кедендік тазалау кезінде мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің уәкілетті лауазымды тұлғасы осы Қағидаларға сәйкес есептік тіркеу нөмірін беру талап етілетін келісімшарттар бойынша келісімшарттың тауарларға арналған декларацияда мәлімделген есептік нөмірін келісімшартта келісімшартты есептік тіркеуге алған банк көрсеткен есептік нөмірмен салыстырып тексереді.»;

25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Келісімшартты есептік тіркеу банкінің қызметкері экспортер немесе импортер осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттарды берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде келісімшартты осы Қағидалардың
3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша келісімшарттарды журналына тіркейді және келісімшарттың түпнұсқасының немесе көшірмесінің бірінші немесе соңғы парағында келісімшарттың есептік нөмірін және оны берген күнді көрсетеді, өз қолымен және келісімшарттың есептік тіркеу банкінің мөрімен (бар болса) растайды.»;

26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) экспортердің немесе импортердің осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша келісімшарттың есептік нөмірін алу үшін берілген өтініштегі қолдарының және (немесе) мөрлерінің (бар болса) экспортердің немесе импортердің банк шоты бойынша қолдарының және мөрінің бедерінің үлгісі бар құжаттағы қол қою және мөр (бар болса) үлгісіне сәйкес келмеген жағдайларда келісімшарттың есептік нөмірін беруден бас тартады.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Келісімшартты есептік тіркеу банкі есеп айырысулардың вексельді нысанын көздейтін келісімшарт бойынша бақылауды вексель ұстаушылар болып табылатын экспортерден немесе импортерден мынадай құжаттарды:

1) төлеуші не вексель бойынша міндетті өзге тұлға вексельді өтеген кезде ол бойынша төлемақы келіп түскен жағдайда, осы төлемді растайтын құжаттарды (акцептелген вексельдің көшірмесін және төлем құжатын);

2) экспортер немесе импортер есепке алу үшін есеп кеңсесіне вексель ұсынған жағдайда, вексельдің жүргізілген есебін, яғни дисконтты шегере отырып немесе дисконтсыз экспортерге немесе импортерге вексель сомасын төлегенін растайтын құжаттарды (есеп кеңсесінің пайдасына индоссирленген вексельдің көшірмесін және төлем құжатын);

3) вексельді төлем құралы ретінде пайдаланған жағдайда, вексель бойынша құқық берілген тұлғамен жасалған келісімшартты, тиісті ауыспалы жазуы (индоссаменті) бар осы вексельдің көшірмесін, осы операцияның жүргізілгенін растайтын өзге де құжаттарды (есептік нөмірі бар келісімшартты, тауар декларациясын және басқаларын) алғанға дейін (экспортердің немесе импортердің вексельді пайдалануына байланысты) жүзеге асырады.

Вексель бойынша ақша басқа уәкілетті банкке түскен кезде вексель ұстаушы болып табылатын экспортер немесе импортер басқа уәкілетті банкке ақшаны келісімшартты есептік тіркеу банкіне аударуды тапсырады.

Егер вексель беруші импортер болып табылса және импорт жөніндегі келісімшарт бойынша тауарлар вексель бойынша төлем мерзімі басталғанға дейін жеткізілген болса, онда келісімшарт осы вексель үшін ақы төлеуге ұсынылған күнге дейін бақылануы тиіс, бұл ретте вексель сомасы келісімшарттың жалпы сомасынан аспауы керек. Есеп айырысулардың вексельді нысанындағы импорт жөніндегі келісімшарт бойынша вексель эмитенті үшінші тұлға болып табылса, онда келісімшарт импортерге тауарларды жеткізген күнге дейін есептік тіркеуден алынбайды.»;

43-тармақтың бірінші бөлігінде:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде тараптар міндеттемелерді балама орындаған немесе резидент еместің не резиденттің елу мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын қалдық берешегі болған жағдайда келісімшарт бойынша ақша және тауар қозғалысының болмауы;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) экспортерді немесе импортерді банкрот деп тану туралы не экспортерді немесе импортерді тарату туралы (құқықтық мирасқоры болмаған жағдайда) сот шешімінің не Қазақстан Республикасы өзге уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;»;

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:



«15) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің қайтыс болғандығы, қайтыс болған деп жариялануы, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуы туралы мемлекеттік органның немесе өзге уәкілетті органның құжатының болуы;»;

44 тамақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Ұлттық Банктің филиалы жекелеген есепке жатқызылған келісімшарттар бойынша экспортерден немесе импортерден жыл сайын репатриациялау талаптарын орындау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат сұратады. Егер экспортердің немесе импортердің орналасқан жері анықталмаса, Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті банктерге, мемлекеттік кірістер органынының аумақтық бөлімшесіне және өзге де мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне қарай экспортердің немесе импортердің қызметі және (немесе) оның орналасқан жері туралы сұрату жібереді.»;



45, 46, 47, 48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Осы тармаққа және осы Қағидалардың 46, 47, 48, 49, 51 және 52-тармақтарына сәйкес ақпарат алмасу уәкілетті банктер, Ұлттық Банк және мемлекеттік кірістер органы арасында электрондық түрде жүзеге асырылады.

Ұлттық Банк ақпарат алмасу форматтарын мемлекеттік кірістер органымен, сондай-ақ уәкілетті банктермен келіседі.

Уәкілетті банк Ұлттық Банкке бұрын осы Қағидалардың 46 және 47-тармақтарына сәйкес жіберілген ақпаратқа Ұлттық Банк уәкілетті банктермен келіскен форматтарға сәйкес ақпарат жіберілген күннен кейін бастап алты айдың ішінде электрондық түрде түзетулер енгізеді.



46. Уәкілетті банк келісімшартқа есептік нөмір тағайындау, келісімшартқа есептік нөмір тағайындалған немесе келісімшартты есептік нөмірден шығарған күннен кейін бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты осы Қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банкке жібереді.

Уәкілетті банктің осы Қағидалардың 5-қосымшасының нысаны бойынша бұрын жіберген келісімшарт бойынша ақпаратты өзгертетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, уәкілетті банк келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді растайтын құжаттар қабылданған күннен кейін бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банкке жібереді.

47. Уәкілетті банк осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалғандығы туралы ақпаратты Ұлттық Банкке мынадай мерзімдерде жібереді:

ақша төлемін және (немесе) аударымын төлем карточкаларын пайдаланбай-ақ экспортердің немесе импортердің уәкілетті банктегі банк шоттары арқылы жүзеге асыру арқылы есептік айдағы келісімшарттар бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда – есептік айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде;

ақша төлемін және (немесе) аударымын төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асыру және (немесе) келісімшарттар бойынша міндеттемелерді өзге тәсілмен орындау арқылы келісімшарттар бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда – экспортердің немесе импортердің не келісімшартты келісімшартты есептік тіркеу банкі болып табылмайтын банктің растау ақпараттарын және (немесе) құжаттарын ұсынған айдағы келесі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде.

Келісімшарттар бойынша есеп айырысулардың аккредитивтік нысаны не банк кепілдігін орындау жағдайында импорт бойынша деректер шетелдік жеткізушінің пайдасына ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асыру кезінде көрсетіледі.

Егер аккредитив немесе кепілдік беру келісімшартты есептік тіркеу банкінде ресімделмеген жағдайда, аккредитивті немесе кепілдік беруді ресімдеген уәкілетті банк:

егер орындаушы банк болып табылса, ақша төлемі және (немесе) аударымы күнінен кейін бастап үш жұмыс күні ішінде;

егер орындаушы банк шетелдік банк болып табылса, ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы мәліметтер алынған күннен кейін бастап үш жұмыс күні ішінде келісімшартты есептік тіркеу банкіне ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін жібереді.

Уәкілетті банк есеп айырысулардың вексельді нысанын көздейтін келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты осы Қағидалардың 37-тармағының бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардың бірі басталған кезде жібереді.

48. Ұлттық Банк уәкілетті банктерден осы Қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша алынған ақпаратты күн сайын мемлекеттік кірістер органына жібереді.



Мемлекеттік кірістер органы Ұлттық Банктен келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша алынған ақпаратты келісімшарттың есептік нөмірлерінің тауар декларациясында көрсетілген нөмірлерге сәйкестігін тексеру үшін күн сайын өзінің аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

49. Мемлекеттік кірістер органы ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың он бірінші күніне дейінгі мерзімде, Ұлттық Банкке осы Қағидалардың


6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша алынған тауар қозғалысы туралы ақпаратты жібереді.

Ұлттық Банк мемлекеттік кірістер органынан келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша тауар қозғалысы туралы ақпаратты алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы ақпаратты уәкілетті банкке жібереді.»;



50-тармақ алынып тасталсын;

53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Егер келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банк немесе Ұлттық Банктің филиалы келісімшарттар бойынша тауар қозғалысы жөніндегі қолдағы бар ақпаратта мемлекеттік кірістер органы ұсынған ақпаратпен айырмашылықтар анықтаған жағдайда, келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банк немесе Ұлттық Банктің филиалы кедендік ресімдеуді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесіне келісімшарттың есептік нөмірін және оның берілген күнін, экспортердің немесе импортердің бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН) көрсете отырып, келісімшарт бойынша тауарлар қозғалысы туралы ақпарат беру туралы сұрау жібереді.

Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшелері келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банк филиалының сұрауын алған күннен он жұмыс күні ішінде есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша тауарлар қозғалысы туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімше басшысының немесе тиісті құзыреті бар өзге тұлғаның қолы қойылған осы Қағидалардың 6-қосымшасымен бекітілген нысанда жібереді.»;

1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

2-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын; 3-қосымшаны толтыру бойынша нұсқаудың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) екінші бөлігінде келісімшартты есептік тіркеу банкінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7960 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және күшін жоюы, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және күшін жою, олардың құрылымдары, Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және күшін жоюы, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және күшін жою, олардың құрылымдары, Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулыққа сәйкес Ұлттық Банк берген үш мәнді коды көрсетіледі;»;

4-қосымша осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

5-қосымша осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

6-қосымша осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

7-қосымша осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

8-қосымша осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

2015 жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі


2015 жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Басқармасының

2015 жылғы___ _______

№ ___ қаулысына

1-қосымша
Қазақстан Республикасында

экспорттық-импорттық валюталық бақылауды

жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және

импорт бойынша келісімшарттардың есептік

нөмірлерін алу қағидаларына

1-қосымша


Нысан

Келісімшарттың есептік нөмірін алуға өтініш

___________________________

анктің атауы)
Жалпы құны (болжамды құны) _______________ (келісімшарттың валютасы көрсетіледі) экспортты немесе импортты (керегінің асты сызылады) көздейтін _______________ № ________________ келісімшартқа есептік нөмір беруді сұраймын.


Экспортер/импортер бойынша ақпарат:

 

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 _______________________

БСН/ЖСН

_______________________

 

 

Шетелдік сатып алушы (экспорт бойынша) немесе жеткізуші (импорт бойынша) туралы ақпарат:

 

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Елі


 

_______________________

_______________________

 

Репатриациялау мерзімі:


 

_______________________ 

Мен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7584 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларының 10 тармағында көрсетілген мерзімде ақпараттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардармын.







Экспортер/импортер басшысының қолы

_______________________





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет