Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
операциялық жоспарын іске асыру туралы
2012 жылғы есепке
талдамалық жазба
Ұлттық Банк 2012 жыл ішінде ҚРҰБ стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің мынадай бағыттардағы мақсаттарына сәйкес келуі ескеріле отырып жасалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асырудағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылға арналған операциялық жоспарын іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізді.
1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іс-шаралары
1-стратегиялық бағыт.
Мемлекеттің ақша–кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.1-мақсат. Қазақстан Республикасында бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету
1.1.1-міндет. Экономикадағы ақша ұсынысын реттеу
1.1.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Экономиканы монеталандыру деңгейі (М3 ақша массасының номиналды ЖІӨ-ге қатынасы)( 33 % төмен емес)
1-іс-шара. Депозиттер тарту
2012 жылы банктерден 5,0 трлн. теңге сомаға депозиттер тартылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2,6 есе аз. Банктердің Ұлттық Банктегі депозиттері бойынша қалдықтар 2012 жылғы желтоқсанның аяғындағы жағдай бойынша 58,9 млрд. теңгені құрады.
2-іс-шара. Қысқа мерзімді ноттар шығар
2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда шығарылған қысқа мерзімді ноттардың көлемі 3,5 есе төмендеп, 857,2 млрд. теңге болды. 2012 жылғы желтоқсанда айналыстағы ноттардың көлемі 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 186,1 млрд. теңгеге дейін 63,5% азайды. Ноттар бойынша орташа алынған кірістілік 2011 жылғы желтоқсандағы 1,27%-дан 2012 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша 1,61%-ға дейін өсті.
3-іс-шара. Қайта қаржыландыру қарыздарын беру
2012 жылы қайта қаржыландыру қарыздарының көлемі 6,0 трлн. теңге болды. 2012 жылғы желтоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қайта қаржыландыру қарыздары бойынша өтелмеген берешек 457,0 млрд. теңгені құрады.
1.1.1.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің көлемі (ЖІӨ-нің 30% төмен емес)
1-іс-шара. Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің көлемін талдау
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2012 жылғы қаңтар-қарашада 9085,5 млрд. теңгеге дейін 8,3% көтерілді. Заңды тұлғалардың депозиттері 5874,4млрд. теңгеге дейін 3,7%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 3211,1 млрд. теңгеге дейін 17,9% өсті.
2012 жылғы қаңтар-қарашада ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 6252,1 млрд. теңгеге дейін 8,6% ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2833,4 млрд. теңгеге дейін 7,7% өсті. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, 2012 жылғы қарашада 68,6%-дан 68,8%-ға дейін өсті.
Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары 2012 жылғы қаңтар-қарашада 3245,2 млрд. теңгеге дейін 17,6%-ға көтерілді. Халықтың салымдары құрылымындағы теңгедегі депозиттер 1922,9 млрд. теңгеге дейін 20,3%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 1322,3 млрд. теңгеге дейін 13,9%-ға көтерілді. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсандағы 57,9%-дан 2012 жылғы қарашада 59,3%-ға дейін көтерілді.
2012 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2,1% (2011 жылғы желтоқсанда 2,7%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,3% (8,4%) құрады.
1.1.1.3-тікелей нәтиже көрсеткіші. Банктердің экономикаға берген кредиттерінің көлемі (ЖІӨ-нің 30 % төмен емес)
1-іс-шара. Банктердің экономикаға берген кредиттерінің көлемін талдау
Банктердің экономикаға берген кредиттерінің жалпы көлемі 2012 жылғы қаңтар-қарашада 9737,5 млрд. теңгені құрай отырып, 10,5%-ға өсті.
Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 6811,5 млрд. теңгеге дейін 19%-ға көтерілді, шетел валютасындағы кредиттердің көлемі 2926,0 млрд. теңгеге дейін 6,5%-ға төмендеді. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, 2012 жылғы қарашада 64,5%-дан 70,0%-ға дейін көтерілді.
2012 жылғы қаңтар-қарашада ұзақ мерзімді кредиттеу 7844,2 млрд. теңгеге дейін 10,2% көтерілді, қысқа мерзімді кредиттеу 1893,4 млрд. теңгеге дейін 11,7% өсті. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2012 жылғы қарашада 80,8%-дан 80,6%-ға дейін төмендеді.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2012 жылғы қаңтар-қарашада 6939,1 млрд. теңгені құрай отырып, 7,3% көтерілді, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2798,4 млрд. теңгеге дейін 19,3% ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2012 жылғы қарашада 26,6%-дан 28,7%-ға дейін көтерілді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2012 жылғы қаңтар-қарашада 1390,5 млрд. теңгеге дейін 3,6%-ға көтерілді, бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 14,3% құрайды (2011 жылғы желтоқсанда – 15,2%).
Салалар бойынша алғанда банктердің экономикаға берген кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы саудаға 20% (2011 жылғы желтоқсанда – 20,8%), құрылысқа 14,2% (15,1%), өнеркәсіпке 12,0% (12,0%), ауыл шаруашылығына 3,0% (3,9%) тиесілі болды.
2012 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,7% (2011 жылғы желтоқсанда – 10,8%), жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 21,4% (20,4%) болды.
1.1.2-міндет. Инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін Ұлттық Банктің мөлшерлемелер дәлізінде нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді қолдау
1.1.2.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Ақша нарығындағы жағдайға және инфляция деңгейіне байланысты ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу (6-8 %)
1-іс-шара. Ұлттық Банк Басқармасының қаулысын дайындау
2012 жылы ҚРҰБ Басқармасының мынадай 4 қаулысы қабылданды:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №24;
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 29 наурыздағы №112;
3) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы №184;
4) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі №232.
1.1.3-міндет. Ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылдаудың транспаренттілігін арттыру
1.1.3.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Ақша-кредит саясатының мәселелері бойынша баспасөз-релиздерін шығару (12 баспасөз-релизі шығарылымы)
1-іс-шара. Ақпарат дайындау және баспасөз-релиздерін жариялау
2012 жылы мынадай 14 баспасөз-релизі шығарылды:
1) «2011 жылдың алдын ала қорытындысы. Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 3 баспасөз-релизі;
2) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы. 2011 жылдың қорытындысы» 2012 жылғы 14 ақпандағы № 7 баспасөз-релизі;
3) «Қаржы нарығының ағымдағы ахуалы туралы» 2012 жылғы 6 наурыздағы № 9 баспасөз-релизі;
4) «Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 29 наурыздағы № 12 баспасөз-релизі;
5) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 13 баспасөз-релизі;
6) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 10 мамырдағы № 18 баспасөз-релизі;
7) «Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 1 маусымдағы № 24 баспасөз-релизі;
8) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 6 маусымдағы № 25 баспасөз-релизі;
9) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 27 баспасөз-релизі;
10) «Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 2 тамыздағы № 29 баспасөз-релизі;
11) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 35 баспасөз-релизі»;
12) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 10 қазандағы № 38 баспасөз-релизі»;
13) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 42 баспасөз-релизі»;
14) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 8 желтоқсандағы № 48 баспасөз-релизі.
1.1.3.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. «Инфляцияға шолуды» шығару «Инфляцияға шолу» 4 шығарылымы)
1-іс-шара. Ақпарат дайындау және «Инфляцияға шолуды» жариялау
2012 жылы 2011 жылғы 4-тоқсанның және 2012 жылғы 1, 2, 3-тоқсандардың «Инфляцияға шолуы» Ұлттық Банктің ресми Интернет-ресурсында орналастырылды.
1.2-мақсат. Ақша-кредит және өзге де мемлекеттік саясат саласында негізделген шешімдерді қабылдау үшін статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету
1.2.1-міндет. Сыртқы экономикалық статистикасының халықаралық стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету.
1.2.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Төлем балансы, халықаралық статистика және сыртқы борыш бойынша ҚР Ұлттық Банкінің веб-сайтында жарияланатын ақпараттық материалдардың саны (Ұлттық Банктің Интернет-ресурсында тоқсан сайын жарияланатын 29 талдамалық және стандартты кесте).
1-іс-шара. Сыртқы экономикалық шоттар бойынша қаржылық және нақты секторлары субъектілеріне ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу.
Төлем балансын жасау мақсатында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын республика кәсіпорындары Ұлттық Банкке резидент еместерге қаржылық талаптар туралы және олардың алдындағы міндеттемелер туралы тиісті есептерді, резидент еместерден алынған және резидент еместерге көрсетілген қызметтер туралы, резидент еместермен жасалған бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы есептерді береді. Сондай-ақ кәсіпорындар кәсіпорындарды тауарлардың экспорты мен импорты кезінде тасымалдау және сақтандыру шығыстары туралы зерттеу сауалнамасын және кәсіпорындарды төлем балансы бойынша зерттеу сауалнамасын толтырады.
Банктер: 1) резидент еместерге қаржылық талаптардың және олардың алдындағы міндеттемелердің жай-күйі туралы; 2) резидент еместерден тартылған қаржылық қарыздарды және коммерциялық кредиттерді пайдалану және өтелуі туралы; 3) резидент еместерге берілген кредиттер туралы; 4) резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы; 5) үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілдігіне берілген қарыздарды игеру және өтеу туралы; 6) қолма-қол шетел валютасының қозғалысы туралы есептерді береді.
Ұлттық Банкке есептілік Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын бекітетін Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ұсынылады. Ұлттық Банк Басқармасының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1610 қаулысымен бекітілген 2012 жылға арналған Статистикалық жоспарына сәйкес Ұлттық Банк сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру шеңберінде 2012 жылы 17 зерттеу (ведомстволық статистикалық байқау) жүргізді, оның ішінде 1 – 16-ТБ нысаны бойынша ай сайынғы статистикалық байқау, 14 – 1-7 ТБ, 9-11 ТБ, 14-15 ТБ, 17ТБ, 11ОБ нысандары бойынша тоқсан сайынғы статистикалық байқаулар, сондай-ақ жылдық «Кәсіпорындарды тауарлар импорты мен экспорты кезінде тасымалдау және сақтандыру шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» біржолғы «Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы».
Зерттеулердің нәтижелері Қазақстан Республикасының төлем балансында 2011 жылғы 4-тоқсанның және 2012 жылғы 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасының халықаралық инвестициялық позициясында және жалпы сыртқы борышында 2011 жылғы 31 желтоқсандағы, 2012 жылғы 31 наурыздағы, 2012 жылғы 30 маусымдағы және 2012 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша көрсетілді.
Ұлттық Банктің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес төлем балансы төлем балансы (ТБ) бойынша, сыртқы борыш (СБ) және халықаралық инвестициялық позиция (ХИП) 28 талдамалық кестені тоқсан сайын және шетел валютасындағы халықаралық резервтер мен өтімділік бойынша 1-кестені ай сайынғы негізде орналастыру жоспарланып отыр.
2012 жылы іс жүзінде 31 талдамалық кесте орналастырылды:
ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі 30-шы күні халықаралық резервтер мен шетел валютасындағы өтімділік бойынша – 1 кесте;
тоқсан сайын:
есепті кезеңнен кейінгі 35-ші күні Төлем балансының алдын ала қорытындысы – 1 кесте;
есепті кезеңнен кейінгі 35-ші күні: ТБ бойынша – 3 кесте; ХИП бойынша – 2 кесте;
СБ бойынша – 3 кесте;
есепті кезеңнен кейінгі 100-ші күні: СБ бойынша – 8 кесте; ХИП бойынша – 12 кесте;
есепті кезеңнен кейінгі 120-шы күні: СБ бойынша – 1 кесте.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №62-7.58 тапсырмасын орындау үшін Ұлттық Банктің веб-сайтында «Сыртқы сектордың статистикасы/Төлем балансының статистикасы» бөлімінде 2011 жылғы 9 айдың есебінен бастап Жеке сектордың капиталды таза әкелуін/әкетуін бағалау орналастырылады.
2-іс-шара. Сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру жөнінде статистикалық әдіснама әзірлеу.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңының 8-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 7 және 22-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 408 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыртқы экономикалық қызмет шоттарын (сыртқы сектор статистикасын) қалыптастыру әдістемесі әзірленді.
3-іс-шара. Жаңа әдіснамаға сәйкес сыртқы экономикалық шоттар бойынша статистикалық нысандарды қайта қарау.
Жаңа әдіснамаға (ХВҚ-ның төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқаулығының 6-шығарылымы (ТБН6)) сәйкес сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыруға көшу шеңберінде сыртқы экономикалық шоттар бойынша статистикалық нысандар қайта қаралды, соның нәтижесінде жаңа нысандар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Статистика агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы № 325 бұйрығымен бекітілді.
1.2.1.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметіне жіберілетін сыртқы сектордың жекелеген факторлары және көрсеткіштері бойынша ақпараттық материалдардың саны (4 ақпараттық материалдан кем емес).
1-іс-шара. Мемлекеттік емес сыртқы қарыздар жөніндегі шарттарға мониторинг жүргізу және борыштық міндеттемелері неғұрлым маңызды болып табылатын ұйымдардың сыртқы борышының жай-күйін бағалау.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығымен мақұлданған Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдаманы орындау шеңберінде Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, борыштық міндеттемелері 2011ж.30.09., 2011ж. 31.12., 2012ж. 31.03. және 2012ж. 30.06. жағдай бойынша барынша маңызды болып табылатын қаржылық және корпоративтік секторлардың ұйымдары туралы ақпаратты ұсынды.
Таңдау есепті күнге сыртқы борышы 100 млн. АҚШ долларынан астам (кепілдік берілген сыртқы борышты ескере отырып) қаржылық емес сектордың кәсіпорындарына және банктік емес қаржы ұйымдарына және 300 млн. АҚШ долларынан астам сыртқы берешегі бар банктерге жасалды. Бұл ретте, егер 2011ж.30.09. көрсетілген тізбеге 78 кәсіпорын кірсе, онда 2012ж.30.06. жағдай бойынша олардың саны 87 жетті, ал банктердің саны (7 банк) өзгерген жоқ.
Осылайша, 2012ж.30.06. жағдай бойынша іріктелген кәсіпорындардың, ұйымдардың және банктердің сыртық міндеттемелері 108,3 млрд. АҚШ долл. болды, бұл жалпы сыртқы борыштың 82% құрайды.
2-іс-шара. Мемлекеттік сектордың сыртқы борышын кеңейтілген анықтамада бағалау.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығымен мақұлданған Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдаманы (бұдан әрі – Тұжырымдама) орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 2011ж.30.09., 2011ж. 31.12., 2012ж. 31.03. және 2012ж. 30.06. жағдай бойынша мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, оның ішінде мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың, атап айтқанда олардың тәуелді және бірлесіп бақылайтын еншілес ұйымдарының борышы және жеке сектордың сыртқы борышы туралы ақпарат ұсынды.
Ақпаратта мемлекеттің қатысуы бар кәсіпорындардың сыртқы борышының жай-күйі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шартты міндеттемелері және Тұжырымдаманың 4.1-тармағына сәйкес келетін құрылымда жеке сектордың борышы туралы жиынтық ақпарат берілді. Есеп айырысулар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес қалыптастырылған кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың тізбесін ескере отырып жүргізілді.
Осылайша, 2012ж.30.06. жағдай бойынша мемлекеттік сектордың, ҚР Үкіметі, Ұлттық Банк, мемлекеттің басым (50% астам) қатысуы бар ұйымдар) борышы және ҚР Үкіметінің шартты міндеттемелері 29,3 млрд. АҚШ долл. болды, жалпы сыртқы борыштың 22% құрады.
3-іс-шара. Төлем балансының, халықаралық инвестициялық позицияның және сыртқы борыштың жекелеген көрсеткіштерін халықаралық әдіснамаға және басқа елдермен салыстыра отырып бағалау
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысумен өткен мәжілістің 2009 жылғы 16 қарашадағы №01-7.15 хаттамасының 1.2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне төлем балансының нашарлау тәуекелдерінің мониторингін қамтамасыз ету тапсырылды және тоқсан сайынғы негізде Президент Әкімшілігіне хабарлап отыру тапсырылды.
Аталған тапсырма шеңберінде елдің төлем балансының нашарлау тәуекелдерінің жүйелі мониторингі жүргізіледі, сондай-ақ төлем балансындағы ағымдағы ахуал және тәуекел факторлары (әлемдік экономика, мұнайдың әлемдік бағалары, Ресей рублі бағамының ауытқуы сияқты факторлар және басқалар) туралы ақпарат ұсынылады.
4-іс-шара. Жарғылық капиталында Ұлттық Банктің қатысуы бар компаниялар борышының жай-күйін бағалау
2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №234 Жарлығымен мақұлданған Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 2011ж.30.09., 2011ж. 31.12., 2012ж. 31.03. және 2012ж. 30.06. Ұлттық Банктің еншілес ұйымдарының ішкі және сыртқы міндеттемелерінің жай-күйі туралы ақпаратты ұсынды.
2012 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Ұлттық Банктің құрылымына 8 еншілес ұйым кіріп, олардың саны 2012ж. 30.06. жағдай бойынша 10-ға жетті: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «ҚРҰБ «Q-BRO» резервтік орталығы» АҚ, «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «ҚРҰБ қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «ҚРҰБ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар РМК, «ҚРҰБ Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар РМК, «ҚРҰБ Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар РМК және «ҚРҰБ Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар РМК. Тиісінше, Ұлттық Банктің еншілес ұйымдарының жиынтық міндеттемелері 2012ж. 30.06. 12,4 млрд. теңгені құрай отырып, 2012ж. 30.09. 6,3 млрд. теңгеге ұлғайды.
5-іс-шара. Нақты тиімді айырбастау бағамының мониторингі
1. ҚР Ұлттық Банкінің Интернет-ресурсында орналастырылатын нақты тиімді айырбастау бағамының индекстері туралы ақпарат
Отандық тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі ұлттық валютаның Нақты тиімді айырбастау бағамының индексі болып табылады. Индекстің көтерілуі/төмендеуі бәсекеге қабілеттіліктің ықтимал нашарлауы/жақсаруы туралы айтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ай сайынғы негізде теңгенің нақты тиімді айырбастау бағамын есептейді. Нақты тиімді айырбастау бағамдары бойынша жиынтық кестелер ай сайын (есепті кезеңнен кейінгі 50-ші күні) ҚРҰБ Интернет-ресурсында орналастырылды
.3-мақсат. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру
1.3.1-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін қамтамасыз ету
1.3.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің көлеміне қатынасы (кемінде 1 бірлік)
1-іс-шара. Өтімділік портфелі ақша-кредит саясатын іске асыру, жоғары өтімділік деңгейін ұстап тұру, валютаға қысқа мерзімді сұранысты қанағаттандыру және сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мақсатында операциялар жүргізуге арналған.
Өтімділік портфелі ақша-кредиттік саясатты іске асыру, өтімділікті жоғарғы деңгейін ұстап тұру, валютаға қысқа мерзімді сұранысты қанағаттандыру және сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет ету мақсатында операцияларды жүргізуге арналған. Мақсатты көрсеткіш кем дегенде 1 болған кезде арақатынас 22,95-ке жуық болды.
1.3.1.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігі портфелінің көлемі (кем дегенде 1 млрд. АҚШ доллары)
Өтімділік портфелінің көлемі 1 млрд. АҚШ долл. кем емес мақсаттық көрсеткіш болған кезде 4,89 млрд. АҚШ долларына жуық болды.
1.3.2-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің сақталуын қамтамасыз ету
1.3.2.2-тікелей нәтиже көрсеткіші Сыртқы алтынның тұрақты көлемі (кемінде 1,5 млн. трой унциясы)
1-іс-шара. Тікелей нәтиже көрсеткішін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін активтермен операциялар жасау
Сыртқы алтын портфелінің көлемі мақсатты көрсеткіш кемінде 1,5 млн. трой унциясы болған кезде шамамен 2,32 млн. трой унциясын құрады.
1.3.2.3-тікелей нәтиже көрсеткіші. Эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) және агенттік борыштық міндеттемелерінің, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелерінің, Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің инвестициялық портфеліндегі қолма-қол ақшаның үлесі (кемінде 70%)
1-іс-шара. Тікелей нәтиженің көрсеткішін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін активтермен операциялар жасау
АВА сақталуын қамтамасыз ету үшін инвестициялық портфельдің активтері негізінен эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік, агенттік борыштық бағалы қағаздары түрінде берілген. Мәселен, олардың үлесі мақсатты көрсеткіш кемінде 70% болған кезде 90%-дан астамын құрады.
1.3.3-міндет. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру
1.3.3.1-тікелей нәтиже көрсеткіші Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық қоры активтерінің оң кумулятивтік кірістілігін қамтамасыз ету (>0)
1-іс-шара. ҚР Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың қорытындысы бойынша соңғы жылдардың қорытындысы бойынша алдын ала деректерге сәйкес шамамен 8,21% мөлшердегі оң кірістілікке қол жеткізілді.
1.3.3.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. ҚР Ұлттық қорының тұрақтандыру портфелінің мөлшері
1-іс-шара. Тікелей нәтиженің көрсеткішін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін активтермен операциялар жасау
Өтімділіктің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға және кепілдік берілген трансфертті бөлу бойынша міндеттемелерді орындауға арналған ҚР ҰҚ тұрақтандыру портфелінің мөлшері алдын ала деректер бойынша шамамен 20 млрд. АҚШ доллары болды.
2-стратегиялық бағыт.
Тиімді валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру
Осы функцияны іске асыру мақсатында Ұлттық Банк есепті кезең ішінде мыналарды орындады:
- валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, оның ішінде жаңа жағдайларға бейімделу мақсатында – Еуразия Экономикалық қоғамдастығының Кеден одағын құру;
- мемлекеттік органдар, уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысушылар үшін бір мезгілде әкімшілік рәсімдерді төмендету кезінде валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша толық және дәйекті ақпарат алуды сақтау мақсатында валюталық бақылау рәсімдерін жетілдіру;
- халықтың және бизнес-қоғамдастықтың Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды жүргізу тәртібі туралы хабардар болуын ода әрі арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізу.
2.1-мақсат. Ырықтандырылған валюталық режим және Кеден одағының жұмыс істеуі жағдайларындағы валюталық реттеу және бақылау жүйесін жетілдіру
2.1.1-міндет. Валюталық реттеудің нормативтік құқықтық базасын, оның ішінде Кеден одағының жұмыс істеуі жағдайында жетілдіру
2.1.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Нормативтік құқықтық және/немесе заңнамалық актілердің саны (2 акт)
1-іс-шара. Валюталық құндылықтардың айналыс тәртібін реттеуді жетілдіру
Осы іс-шара 2 айдың қорытындысы бойынша орындалды. 2012 жылғы 13 ақпанда ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» № 23 қаулысы қабылданды. Әділет министрлігіне аталған қаулыны қабылдау туралы 20.02.2012 жылғы №25108/386 хатпен хабар берілді. 2012 жылғы 24 ақпанда ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының бекіту туралы» № 42 қаулысы қабылданды. Осы қаулы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 16 сәуірде №7584 тіркелді.
ҚРҰБ Басқармасының мына қаулылары қосымша қабылданды:
1) ҚРҰБ Басқармасының «Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 6 маусымда №7701 тіркелген);
2) ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 202 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 17 тамызда №7852 тіркелген).
2.1.2-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша толық және дәйекті ақпарат алу мақсатында валюталық бақылау рәсімдерін жетілдіру
2.1.2.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті банктердің саны (тексеру объектілерінің жалпы санының кемінде 10%)
1-іс-шара. Уәкілетті банктерді тексеруді ұйымдастыру (тексерулерді селективтік жоспарлау, жүргізу, нәтижелері бойынша актілер ресімдеу (жыл сайын)
2012 жылдың қорытындылары бойынша қызметтері Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес келу мәнін инспекциялау 10 уәкілетті банкті қамтыды (тексерілген объектілердің жалпы санының 25%).
2.1.2.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті ұйымдардың саны (тексеру объектілерінің жалпы санының кемінде 30%)
1-іс-шара. Уәкілетті банктерді тексеруді (тексерулерді селективтік жоспарлау, жүргізу, нәтижелері бойынша актілер ресімдеу) ұйымдастыру (жыл сайын)
2012 жылдың қорытындылары бойынша қызметтері Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес келу мәнін инспекциялау Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын 240 уәкілетті ұйымды қамтыды (тексерілген объектілердің жалпы санының 39%).
2.1.3-міндет. Валюталық заңнаманы бұзушылықтарды болдырмау мақсатында халықтың және бизнес-қоғамдастықтың Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібі туралы хабардар болуын одан әрі арттыру, оның ішінде ҚРҰБ-тың аумақтық филиалдары арқылы арттыру
2.1.3.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және сөз сөйлеу – БАҚ-та 5 жарияланым және сөз сөйлеу
1-іс-шара. БАҚ-та жарияланымдар және сөз сөйлеу үшін ақпарат дайындау
2012 жылғы ақпанда «Деловой Казахстан» журналында және «Казахстанская правда» газетінде «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер тақырыбына 2 мақала жарияланды. 2012 жылғы 5 маусымда «Казахстанская правда» газетінде «В русле политики сокращения административных барьеров» атты мақала жарияланды. 6 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде «Әкімшілік кедергілерді қысқарту саясатының шегінде» атты мақала мемлекеттік тілде жарияланды. 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Деловой Казахстан» гезетінде «Нарық сұраныс пен ұсыныс заңына бағынады» тақырыбына мақала жарияланды.
2012 жылы БАҚ-та 5 жарияланым және сөз сөйлеу болды.
2.1.3.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. Валюталық заңнаманың мәселелері бойынша семинарлардың саны (2 семинар)
1-іс-шара. Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары, жүзеге асыру жөніндегі шаралар және талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілік туралы ақпараттық-түсіндірме науқанын жүргізу шеңберінде семинарлар ұйымдастыру
Жоспарланған 2 семинар жүргізілді:
1) 2012 жылғы 24-25 мамырда ТБВРД қызметкерлері екінші деңгейдегі банктердің өкілдеріне арналған «Жаңа жағдайдағы экспорттық-импорттық валюталық бақылау» тақырыбына семинар өткізілді;
2) 2012 жылғы 31 мамырда «Экспорттық-импорттық валюталық бақылаудың жекелеген мәселелері: өзгерістерге қысқаша шолу, келісімшартты есептік тіркеу тәртібі» тақырыбында ҚР ҰБ аумақтық филиалдарының валюталық операцияларын бақылау бөлімдерінің қызметкерлеріне арналып қашықтықтан семинар өткізілді.
Қосымша 3 семинар және 1 вебинар өткізілді:
1) 2012 жылғы 18 маусымда ТБВРД қызметкерлері «Жаңа жағдайдағы экспорттық-импорттық валюталық бақылау» тақырыбына «Ситибанк Қазақстан» АҚ клиенттері үшін семинар өткізді;
2) 2012 жылғы 27 шілдеде «Кеден Одағы аясында СЭҚ кедендік реттеу ерекшеліктері» семинары аясында Қазақстан компанияларына экспорттық-импорттық валюталық бақылау тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді;
3) 2012 жылғы 2 тамызда ТБВРД қызметкерлері заңнамаға қабылданған түзетулерді ескере отырып, экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібі бойынша ҚРҰБ аумақтық филиалдары үшін вебинар өткізді;
4) 2012 жылғы 17-19 қазан аралығында «Валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері: 2012 жылы қабылданған өзгерістер» тақырыбында ҚРҰБ аумақтық филиалдары үшін семинар өткізілді.
3-стратегиялық бағыт.
Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру
3.1-мақсат. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету
3.1.1-міндет. Операторы «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК болып табылатын ұлттық төлем жүйелерінің (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клирингі жүйесі) тиімді, сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
3.1.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Төлем жүйелерінің бір жылдағы жұмыс қабілеттілігінің коэффиценті2,(кемінде 90%)
1-іс-шара. ҚБЕО төлем жүйелерінің (БААЖ және Банкаралық клирингі жүйесі) үздіксіз жұмыс істеуінің мониторингі және бақылау, іркілістер мен тұрып қалулар болған кезде жылдам ден қою және техникалық проблемаларды жою.
Төлем жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті коэффициенттерінің 90%-дан кем емес белгіленген мәнге сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық кешенінің, операциялық және техникалық тәуекелдерді басқаруының мониторингін тұрақты негізде жүргізіп отырды.
2012 жылы БААЖ және БКЖ-да мынадай іркілістер байқалды:
1) 2012 жылғы 18 қаңтарда сағат 9:00-де технологиялық пайдаланушылар парольдерінің қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты БААЖ-ға келіп түсетін хабарламаларды жаңарту тоқтап қалды, жүйенің жұмысы сағат 9:11-де жаңартылды, БААЖ тоқтау уақыты 11 минутты құрады.
2) 2012 жылғы 2 шілдеде сағат 10:30-да пайдаланушылардың шлюздік терминалдарының қайталанатын хабарлама пакеттерін жіберу жағдайлары тіркелді. Жағымсыз салдарларды болдырмау үшін сағат 10:49-дан 10:54-ке дейін және 10:56-дан 10:59-ға дейін құжаттарды өңдеу тоқтатылды. БААЖ және БКЖ тоқтап тұру уақыты 8 минутты құрады.
2012 жылы БААЖ іркілісінің жалпы уақыты 19 минутты құрады, бұл жүйенің жалпы жұмыс уақытының 0,01%-ын алады, БКЖ 8 минутты құрайды, бұл жұмыстың жалпы жұмыс уақытының 0,002% болады. Тиісті рәсімдер жүргізілгеннен кейін барлық іркіліс оқиғалары бойынша БААЖ мен БКЖ жұмысы уақтылы қалпына келтірілді.
Төлем жүйелері жұмыс істеуінің мониторингі бойынша 20102 жылы жүргізілген жұмыс туралы ақпарат ТЖД 2012 жылғы I, II, III, ІV тоқсандардағы Жұмыс жоспарының орындалуы туралы есептерінде көрсетілді (12.04.2012ж. №29003/852Н, 16.07.2012ж. №29003/1602Н; 11.10.2012ж. №29003/2388Н, 14.01.2013 жылғы №29209/60Н хаттармен ҚРҰБ басшылығына хабар берілді).
2-іс-шара. Төлем жүйелеріне қатысушылардан және операторлардан төлем жүйелерінің жұмыс істеуі туралы ақпарат жинау және талдау
Төлем жүйелерінің жұмыс істеуі туралы ақпарат жинау және талдау бойынша 2012 жылы жүргізілген жұмыс туралы ақпарат ТЖД 2012 жылғы I, II, III, ІV тоқсандардағы жұмыс жоспарының орындалуы туралы есептерінде көрсетіледі.
Мәселен, 2012 жылы күн сайынғы негізде 108 Ережеге3 сәйкес БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі арқылы төлемдердің ағындары бойынша ақпаратты, ай сайынғы негізде 16 Ережеге4 сәйкес электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйесі арқылы жүзеге асырылған ақша төлемі мен аударымы жөніндегі мәліметтерді және 388 Ережеге5 сәйкес төлемдер мақсатының бірыңғай жіктеушінің кодтары бойынша төлемдер жөніндегі мәліметтерді жинау және өңдеу жүзеге асырылды.
3-іс-шара. Төлем жүйелерінің жұмыс қабілеттілігінің коэффициенттерін ай сайынғы, жыл сайынғы негізде есептеу.
Төлем жүйелерінің жұмыс істеуі коэффициенттерінің мәні ай сайын есептелді. 2012 жылы БААЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 99,989%, БКЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті - 99,998% болды, бұл Қазақстанның төлем жүйелерінің аса тиімді жұмыс істейтіндігін көрсетеді.
2012 жылы төлем жүйелерінің жұмыс істеуге қабілеттілігі коэффициенттерінің
өзгеру динамикасы
БААЖ және БКЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенттерін ай сайынғы негізде есептеу бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат ТЖД 2012 жылғы I, II, III, ІV тоқсандардағы жұмыс жоспарының орындалуы туралы есептерінде көрсетіледі.
4-іс-шара. Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт)
Төлем жүйелерін қадағалау шеңберінде мыналар жүзеге асырылды:
1) күн сайынғы негізде ҚБЕО алған төлемдер бойынша ақпаратты жинау және өндеу арқылы төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің мониторингі, талдауы жүзеге асырылды;
2) төлем жүйелерінде тәуекелдерді басқару мақсатында, күн сайынғы негізде БААЖ өтімділігі мен айналымдылығы коэффициенттерінің, Банкаралық клиринг жүйесінің айналымдылығы коэффициенттерінің есебі жүргізілді;
3) ҚРҰБ басшылығына «Ақша аударымдарының банкаралық жүйесіндегі және банкаралық клирингтегі айналымдар бойынша есептілік» MIS-12 ақпараты ұсынылды (2011 жылғы желтоқсан үшін 06.01.2012ж. № 29308/36Н, 2012 жылғы қаңтар үшін 08.02.2012ж. № 29307/322Н, 2012 жылғы ақпан үшін 06.03.2012ж. № 29307/603Н, 2012 жылғы наурыз үшін № 09.04.2012ж. 29307/822Н, 2012 жылғы сәуір үшін 10.05.2012ж. № 29307/1097Н, 2012 жылғы мамыр үшін 11.06.2012ж. № 29307/1372Н, 2012 жылғы маусым үшін 11.07.2012ж. № 29307/1598Н, 2012 жылғы шілде үшін 14.08.2012ж. № 29307/1933Н, 2012 жылғы тамыз үшін 10.09.2012ж. №29307/2152, 2012 жылғы қыркү-йек үшін 08.10.2012ж. №29307/2376Н, 2012 жылғы қазан үшін 09.11.2012ж. №29307/2647Н, 2012 жылғы қараша үшін 10.12.2012ж. №29307/2917Н хаттары).
Аталған жұмыстар шеңберінде МОЕД нақты уақыт режиміндегі төлем жүйелерін пайдаланушылардың позицияларына тұрақты негізде мониторинг пен бақылау жүргізді. ТЖД операциялық күн ішінде кезекте болған, пайдаланушы кері қайтарған, операциялық күн ішінде БААЖ-да орындалмаған төлемдер және олар болған кезде БКЖ-да жойылған төлем құжаттары бойынша ақпаратқа күн сайынғы негізде талдау жасады.
2012 жылы БААЖ-да 2 төлем құжаттарын тарату немесе кері қайтарып алудың жеткіліксіздігі себептері бойынша орындамаудың мынадай фактілері анықталды:
- 2012 жылғы 4 қаңтарда 1 төлем құжаты орындалмады;
- 2012 жылғы 18 қаңтарда 44 төлем құжаты орындалмады;
- 2012 жылғы 23 ақпанда 1 төлем құжаты қайтарып алынды;
- 2012 жылғы 15 мамырда төлем құжатын қате жіберуге байланысты 1 төлем құжаты қайтарып алынды;
- 2012 жылғы 23 мамырда 1 төлем құжаты қайтарып алынды;
- 2012 жылғы 10 тамызда 44 төлем құжаты орындалмады;
- 2012 жылғы 28 қарашада 1 төлем құжаты қайтарып алынды;
- 2012 жылғы 10 желтоқсанда 2 төлем құжаты қайтарып алынды;
- 2012 жылғы 13 желтоқсанда 1 төлем құжаты орындалмады;
- 2012 жылғы 20 желтоқсанда 1 төлем құжаты орындалмады.
Банкаралық клиринг жүйесінде 2012 жылы төлем құжаттарының күшін жоюдың мынадай фактілері анықталды:
- 2012 жылғы 22 қазанда 168 құжаттың күші жойылды.
БААЖ-ға орындалмаған және кері қайтарылған барлық төлем құжаттары (15.05.2012 жылғы қате жасалған төлемді қоспағанда), сондай-ақ БКЖ-де күші жойылған құжаттар қайтадан ойдағыдай жүргізіліп, есептелді.
5-іс-шара. Төлем жүйелеріне қатысушылардың қызметін тексеру
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2011 жылғы 24 қарашада бекіткен «ҚБЕО» РМК төлем жүйесін пайдаланушылардың жұмыс орнына қойылатын талаптарды екінші деңгейдегі банктердің сақтау мәселелері бойынша тексеруді өткізу жоспарының негізінде пайдаланушыларға мынадай тексерулер жүргізілді:
1) «Еуразиялық даму банкі» АҚ-ға 2012 жылғы 12-25 қаңтар аралығында (ДК 2012 жылғы 9 қаңтардағы №4 қаулысымен Тексеру тағайындау туралы акті, 2012 жылғы 25 қаңтардағы Тексеру нәтижелері туралы акті);
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға 2012 жылғы 6-24 ақпан аралығында (ДК 2012 жылғы 27 қаңтардағы №9 қаулысымен Тексеру тағайындау туралы акті, 2012 жылғы 24 ақпандағы Тексеру нәтижелері туралы акті);
3) «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ға 2012 жылғы 6-27 наурыз аралығында (ДК 2012 жылғы 28 ақпандағы №13 қаулысымен Тексеру тағайындау туралы акті, 2012 жылғы 27 наурыздағы Тексеру нәтижелері туралы акті).
2012 жылы ҚРҰБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау комитетінің тексеруші тобының құрамында «ҚБЕО» РМК төлем жүйелеріне қолжетімділікті ұйымдастыру бөлігінде мына банктерге тексеру жүргізуге қатысты:
1) «АТФ Банк» АҚ-ға 04.04.2012 жылдан бастап 08.06.2012 жылға дейінгі кезеңде (тексеру жүргізуге арналған 04.04.2012ж. №665/101/22 Тапсырма негізінде);
2) «Punjab National»-Казахстан» Еншілес Банкі» АҚ-ға 04.04.2012 жылдан бастап 11.05.2012 жылға дейінгі кезеңде (тексеру жүргізуге арналған 04.04.2012ж. №665/101/23 Тапсырма негізінде);
3) «Kaspi Bank» АҚ-ға 14.05.2012 жылдан бастап 12.06.2012 жылға дейінгі кезеңде (тексеру жүргізуге арналған 14.05.2012ж. № 665/101/39 Тапсырма негізінде);
4) «Цеснабанк» АҚ-ға 18.06.2012 жылдан бастап 22.06.2012 жылға дейінгі кезеңде (тексеру жүргізуге арналған 15.06.12ж. № 665/201/48 Тапсырма негізінде);
5) «Темiрбанк» АҚ-ға 10.09.2012 жылдан бастап 08.11.2012 жылға дейінгі кезеңде (тексеру жүргізуге арналған 10.09.2012ж. № 665/101/73 Тапсырма негізінде).
Сондай-ақ, «ҚБЕО» РМК төлем жүйелеріне қолжетімділікті ұйымдастыру бөлігінде мынадай жоспардан тыс тексерулер жүргізілді:
- «Kaspi Bank» АҚ 23.10.2012 жылдан бастап 23.11.2012 жылға дейінгі кезеңде (ДК 2012 жылғы 23 қазандағы №46 қаулысымен Тексеру тағайындау туралы акті, 2012 жылғы 23 қарашадағы Тексеру нәтижелері туралы акті);
- «Сенімбанк» АҚ 26.11.2012 жылдан бастап 25.12.2012 жылға дейінгі кезеңде (ДК 2012 жылғы 20 қарашадағы №47 қаулысымен Тексеру тағайындау туралы акті, 2012 жылғы 25 желтоқсандағы Тексеру нәтижелері туралы акті).
6-іс-шара. Ақша төлемі мен аударымдары саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
2012 жылы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулылары әзірленді және қабылданды:
-
«Жаппай электрондық төлемдер жүйесінің жұмыс істеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 4;
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк заемдарын беру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 25 маусымдағы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 5;
-
«Промсвязьбанк» ашық акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ұлттық валютада корреспонденттік шот ашу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 6;
-
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 28 қазандағы № 162 қаулысының күшін жою туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 7;
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 108;
-
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Жаппай электрондық төлемдер жүйесінің жұмыс істеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 4 қаулысының күшін жою туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі №155;
-
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшуге байланысты дайындық іс-шараларын өткізу туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы № 101 қаулысының күшін жою туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі №156;
-
2012 жылғы 28 сәуірдегі №157 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «2013 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу бойынша дайындық іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және төлем жүйелері операторларының жұмысын ұйымдастыру туралы» 2012 жылғы 31 мамырдағы №272 бұйрығы;
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 222;
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №265;
-
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №266;
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану және төлемдер бойынша төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi бөлігінде мәліметтер беру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 267;
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту жөнінде» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №268;
-
«Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 269.
Сондай-ақ, ҚРҰБ Директорлар кеңесінің мынадай қаулылары қабылданды:
1) «Жаппай электрондық төлемдер жүйесі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсететін қызметке тарифтерді бекіту туралы» 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 29 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 1 наурыздағы № 43;
2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төлем жүйелері департаментінің 2011 жылы істелген жұмысы туралы есебі жөнінде» 2012 жылғы 15 наурыздағы №66»;
3) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің кейбір қаулыларына сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 13 маусымдағы №133.
3.1.1.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. Қазақстанның төлем жүйелерін Резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру (2 іс шара)
1-іс-шара. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК-мен бірлесіп төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру бойынша іс-шаралар жүргізу
Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру жұмысы мына уақытта жүзеге асырылды:
1) 2012 жылғы 26 наурызда сағат 21:21-де, резервтік серверлердегі төлем жүйелерінің жұмысы 2012 жылғы 30 наурызға дейін, негізгі серверге қайтадан кері көшіру 2012 жылғы 30 наурызда сағат 21:28-де жүргізілді;
2) 2012 жылғы 11 шілдеде сағат 20:57-де резервтік серверлердегі төлем жүйелерінің жұмысы 2012 жылғы 18 шілдеге дейін, негізгі серверге қайтадан кері көшіру 2012 жылғы 18 шілдеде сағат 20:30-да жүргізілді.
Көшу кезінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтың жұмысында проблемалар болған жоқ.
4-стратегиялық бағыт.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
4.1-мақсат. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру
4.1.1-міндет. Қаржы делдалдығы деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сеніміне қолдау көрсету
4.1.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Кредит нарығының өлшемдерін зерттеуді жариялау (4 зерттеу жарияланымы)
1-іс-шара. Кредит нарығының өлшемдерін зерттеуді жүргізу және жариялау үшін ақпарат дайындау
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» бойынша банктерді зерттеу сауалнама алу және банктердің жауапты қызметкерлерінен жеке сұқбат алу нысанында, банктер берген ақпаратты талқылай отырып жүргізіледі. 2012 жылдың қорытындылары бойынша 4 зерттеу жүргізілді, олардың нәтижелері ҚРҰБ басшылығына ұсынылып, ҚРҰБ интернет-ресурсында жарияланды (2012 жылғы қаңтар, сәуір, шілде, қазан). Осылайша, тоқсан сайынғы зерттеу жүргізу міндеті орындау мерзімдеріне сәйкес атқарылды.
Банктердің кредит нарығының сапалы өлшемдері туралы тексеруге сәйкес 2012 жыл ішінде корпоративтік сектор мен жеке тұлғалардың тарапынан кредит ресурстарына деген сұраныс жоғары деңгейде сақталды. Бұл ретте корпоративтік сектор тарапынан сұраныс көбіне жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдауға бағытталған. Қаржы емес ұйымдар тарапынан анағұрлым көп сұраныс экономиканың мына салаларында байқалды: сауда және жөндеу, құрылыс, өңдеуші өнеркәсіп, өндіріс және электроэнергияны, газды және суды бөлу. Жеке тұлғалар тарапынан тұтыну кредиттеріне сұраныстың өсуі экономикалық жағдайдың жақсаруы, кредит алуға өтінімді қарау мерзімінің қысқаруы және банктердің кредит саясатын кейбір жұмсартуы нәтижесінде халықтың төлем қабілеттілігінің қалпына келуімен түсіндіріледі. Оған қоса, несие портфелінің сапасы бұрынғысынша банктердің оны жақсарту жөнінде қабылдаған шараларына қарамастан төмен деңгейде қалып отыр.
Банктердің бағалауы бойынша кредиттеу саласындағы 2012 жылдың басты оң оқиғасы болып банктер арасында бәсекелестіктің елеулі өсуін атап өтуге болады, оның нәтижесінде кейбір құнның төмендеуі және кредитке қолжетімділіктің өсуі байқалды. Жалпы алғанда, банк секторында кредиттеудің өсуі нарықта қолжетімді өтімділіктің көлеміне, сондай-ақ оны қалыптастырудың болуы мүмкін көздеріне байланысты болады.
4.1.1.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. Қаржылық тұрақтылық туралы есепті жариялау (Есептің 1 жарияланымы)
1-іс-шара. Қаржылық тұрақтылық туралы есепті дайындау
Қаржылық тұрақтылық туралы есеп ресми жариялатын құжат болып табылады, онда Қазақстан қаржы жүйесінің барлық тәуекелдері (әлеуметті және сол сияқты басталған), сондай-ақ мемлекеттің елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралары толық көлемде ашылған. Есепті жариялау Қазақстан экономикасы мен қаржы жағдайы туралы ақпаратқа еркін кіруді болжайды, бұл қоғамның (о.і. халықаралық) Қазақстанның қаржы өкіметінің қызметіне деген сенімін арттыруға жәрдемдеседі.
2011 жылғы Қаржылық тұрақтылық туралы есеп ҚРҰБ сайтында 2012 жылғы қаңтарда жарияланды. Ақпаратты жария ету және қаржылық тұрақтылық-тың тәуекелдерін бағалау бойынша қосымша жұмыстарды жүргізуге байланысты. Жарияланым-ды кешіктірудің маңызды сипаты жоқ.
4.1.1.3-тікелей нәтиже көрсеткіші. Сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа жол берген жүйе құраушы қаржы институттарының саны (саны -0)
1-іс-шара. Екінші деңгейдегі банктердің активтері мен шартты міндеттемелері сапасының мониторингі
2012 жылы:
мәртебе – репорттерлер:
- 38 екінші деңгейдегі банктер;
- 4 ипотекалық ұйымдар;
- 6 банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
- 12 банк конгломераттары;
- 2 заңды тұлғалардың қаржы топтары.
мәртебе –шолулар:
- 38 екінші деңгейдегі банктер;
- 4 ипотекалық ұйымдар бойынша жүргізілді.
4.1.1.4- тікелей нәтиженің көрсеткіші. Банк секторын стресс-тестілеу (кемінде 1)
1-іс-шара Банк секторын стресс-тестілеуді жүргізу
2012 жылғы ақпанда 01.01.2012ж. жағдай бойынша ҚР банк жүйесі бойынша сезімталдықты талдау көмегімен стресс-тестілеу өткізілді (сценарийлер – валютаның айырбастау бағамын төмендету, жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі, Қазақстан экономикасының негізгі салалары бойынша несие портфелі сапасының нашарлауы).
2012 жылғы наурызда ХВҚ кеңесшілермен бірлесіп Қазақстан банк секторының кредиттік тәуекелін әртүрлі стресстік сценарийлерді пайдалана отырып стресс тестілеу үлгісін есептеу жүргізілді.
2012 жылғы сәуірде 01.03.2012ж. жағдай бойынша ҚР банк жүйесі бойынша сезімталдықты талдау көмегімен стресс-тестілеу өткізілді (сценарий – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) зейнетақы активтерін басқарушыны құру).
2012 жылғы қыркүйекте 01.08.2012ж. жағдай бойынша ҚР банк жүйесі бойынша сезімталдықты талдау көмегімен стресс-тестілеу өткізілді (сценарий – банктердің левереджін шектеу мақсатында меншік капиталының жеткіліктігі (1-1 коэффициентіне) есебіне шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелерді енгізу болжанады; шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің бас ұйымдарға, банк холдингіне ықпалы; тәуекелдің ең көп мөлшерінің бір қарыз алушыға (к3, к3") коэффицентін есептеу, мұнда тәуекелдің мөлшерінен ашық корреспонденттік шоттар түрінде бас банктерге, банк холдингіне, сондай-ақ банкпен үлестес заңды тұлғаларға қойылатын талаптар сомасынан 70% (болған кезде) мөлшерінде қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасы шегеріледі).
2012 жылғы желтоқсанда 01.11.2012ж. жағдай бойынша ҚР банк жүйесі бойынша сезімталдықты талдау көмегімен стресс-тестілеу өткізілді (сценарий – есепте ХҚЕС бойынша көрсеткіштерді пайдалан отырып меншік капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін есептеу).
4.1.1.5-тікелей нәтиже көрсеткіші. Аймақтар бөлігін қоса алғанда, елдің кредит нарығының жай-күйі туралы мынадай бағыттар бойынша статистикалық ақпарат жариялау (24 жарияланым):
- кредиттеу объектілері
- қызмет түрлері
- халыққа ипотекалық кредит беру
- тұтынушылық кредиттеу
- шағын бизнес
1-іс-шара. Елдің кредит нарығының жай-күйі туралы статистикалық ақпарат жасау
Ақпарат «Ұлттық Банктің статистикалық бюллетенінде» жарияланды. 2012 жылы әр бағыт бойынша 24 жарияланым болды.
4.1.1.6-тікелей нәтиже көрсеткіші. ҚРПӘ-ге екінші деңгейдегі банктердің стресс активтерді басқару жөніндегі ұйымға өткізген проблемалық активтерінің көлемі туралы ақпарат беру (ПКҚ және КАБҰ) (1)
1-іс-шара. Стресс активтерді басқару жөніндегі ұйымдарға (ПКҚ және КАБҰ) берілген екінші деңгейдегі банктердің проблемалық активтеріне мониторинг
ПКҚ-мен жұмыс
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі - ПКҚ) өзінің жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде банктермен ынтымақтаса отырып пилоттық жобаны іске асырады, оның шеңберінде проблемалық кредиттерді беру (сатып алу) механизмін әзірлеу жүзеге асырылады.
Банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу жөніндегі пилоттық жоспар шеңберінде 2012 жылғы тамыз-қарашада ҚРҰБ ПКҚ-мен, екінші деңгейдегі банктермен және тәуелсіз бағалау ұйымдарының біреуімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің сатып алынатын проблемалық активтерін бағалау бойынша консультациялық қызметтерді сатып алу жөнінде шарт жасасқан болатын.
Қазіргі кезде тиісті шарттар екінші деңгейдегі үш банкпен жасалды және банктердің жекелеген проблемалық қарыздары бойынша талаптар құқығы сатып алынды. Бұл ретте, банктердің пікіртерімі бойынша белгіленген талаптарға6 сәйкес келетін, ПКҚ-ға тапсыруға барынша жақындастырылған проблемалық қарыздардың портфелі 49 млрд. теңгені құрайды.
КАБҰ құру
Активтерді ПКҚ-ға берумен қатар, банктер бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін (бұдан әрі - КАБҰ) құру мүмкіндігін алды. Осы механизмнің портфельді тазарту үшін ең жоғары әлеуеті бар, өйткені берілетін активтердің көлемі банктің меншікті капиталының 3 еселік мөлшеріне жетуі мүмкін.
Қазіргі кезде КАБҰ құруға 4 банк – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Цесна банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ рұқсат алды.
2013 жыл ішінде банктер 108 млрд. теңге сомасына проблемалық қарыздар бойынша («БТА банк» АҚ қоспағанда) талап ету құқықтарын КАБҰ-ға беруді жоспарлап отыр.
Басқа механизмдер
2012 жылдың аяғына дейін банктердің баланстарын тазарту опцияларының бірі ретінде үмітсіз берешекті кешіру тәртібін жеңілдететін арнайы механизмі ендірілді. Осы механизм шеңберінде кредиттер бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке ара қатынасының ең жоғары мөлшері және үмітсіз берешекті кешіру талаптары белгіленді. Бұл ретте кредит бойынша үмітсіз берешекті кешіру нәтижесінде бұрын шегеруге жатқызылған провизиялар салық кезеңінде провизиялар мөлшерлерін төмендетуден алынған кіріс деп танылмайды. Салық салудан босатқан кезде кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының ең жоғары мөлшері банктің несиелік портфелінің 10% аспауы тиіс.
Оған қоса, жақында Қазақстан Республикасының Парламенті 2013 жылдың соңына дейін үмітсіз берешекті кешіру бойынша нормалардың қолданысын ұзарту бөлігінде түзетулерді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады. Бұл Заң Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға жіберілді.
Банктердің бағалауы бойынша келесі жыл ішінде кешірудің жалпы көлемі 35,3 млрд. теңге болуы мүмкін.
Сонымен қатар, банктердің баланстарын проблемалық кредиттерден тазарту және олардың ағымдағы қызметінің тиімділігін арттыратын факторларды ынталандыру арқылы отандық банктердің бәсекелестікке қабілеттілігі потенциалын күшейту мақсатында, ҚРҰБ әкімшілік сипаттағы тиісті шараларды қабылдауда.
Ертерек ден қою шаралары шегінде7 жұмыс істемейтін активтер үлесінің тікелей таргеттелетін деңгейін белгілеу (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап – несие портфелінің 20% астам емес және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап – 15% астам емес) ҚРҰБ Басқармасы 2012 жылғы желтоқсанда қабылдаған осындай шаралардың бірі болып табылады. Осындай шара банктерді баланстарын жұмыс істемейтін активтерден тазарту бойынша белсенді іс-қимылдарға, оның ішінде жұмыс істемейтін активтерді ПКҚ және КАБҰ өткізу арқылы ынталандыруға бағытталған. Бұл отандық банктердің банк қызметі нарығындағы позицияларын нығайту үшін жағдайларды жасауға ықпал етуі тиіс.
2-іс-шара. Екінші деңгейдегі банктердің активтері мен шартты міндеттемелері сапасының мониторингі
01.01.2013ж.8 жағдай бойынша банк жүйесі бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі (5-санаттағы күмәнді қарыздар және үмітсіз) «БТА Банкі» АҚ-ын есептемегенде 24,9% құрады, 01.01.2012ж.9 бастап 1,9 тармаққа азайды («БТА Банкі» АҚ-ын есептегенде жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі 2012 жылдың қорытындысы бойынша 35,7%-ды құрады). Бұл ретте жұмыс істемейтін қарыздар үлесінің төмендеуі банктердің несие портфелінің үдемелі өсуіне байланысты. Мәселен, 2012 жылы банктердің несие портфелі («БТА Банкі» АҚ-ын есептемегенде) 14,5%-ға өсті, ал жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі осындай кезеңде 6,4%-ға өсті. Банктер анағұрлым кредиттік белсенділікті бөлшек кредиттеу секторында көрсетті – 2012 жылы тұтыну қарыздарының көлемі 45,8% -ға өсті. Оған қоса, заңды тұлғаларға барлығы 7,9%-ға берілген қарыздардың ұлғаюына қарамастан олардың банк жүйесінің жиынтық несие портфелінің жалпы өсуіне үлесі («БТА Банкі» АҚ-ын қоспағанда) тиісінше тұтыну қарыздарының үлесімен тең келеді – 4,7% және 5,0% (1-кесте).
1-кесте
Кредиттеу субъектілері бойынша бөлінуде несие портфелі мен жұмыс істемейтін қарыздардың 2012 жылы пайыздық өзгеруі
( «БТА Банкі»АҚ есептемегенде), %
|
НП өсімі
|
НП өсіміне үлес
|
NPL өсімі
|
NPL өсіміне үлес
|
Банкаралық қарыздар
|
-7,5
|
-0,1
|
-73,2
|
-1,2
|
Заңды тұлғаларға берілген қарыздар
|
7,9
|
4,7
|
9,8
|
6,0
|
Жеке тұлғаларға берілген қарыздар, оның ішінде
|
26,8
|
5,9
|
-3,0
|
-0,6
|
Тұтыну қарыздары
|
45,8
|
5,0
|
-11,2
|
-0,9
|
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар
|
23,6
|
3,9
|
11,4
|
2,2
|
ЖИЫНТЫҒЫ
|
14,5
|
14,5
|
6,4
|
6,4
|
Достарыңызбен бөлісу: |