Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі482.18 Kb.
#7714
  1   2   3
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271 Жарлығы


(Соңғы редакциядағы күні: 2008.20.08)


      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған:


      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымы бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң штат саны 3580 адам болып белгiленсiн. 


      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495 Жарлығымен.

      3. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының


      Президенті

Қазақстан Республикасы   


Президентiнiң       
2003 жылғы 31 желтоқсандағы 
N 1271 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН        

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы


ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер тиiсiнше "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган", "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның", "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен", "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2006.09.11. N 177 Жарлығымен.

 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Қазақстанның Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады, Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шекте Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi, өз қызметiнде Конституцияны, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық және заңнама актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

      2. Қазақстанның Ұлттық Банкi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң дербес балансы бар, өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрлесiп тiкелей бағыну схемасындағы бiртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өздерi болатын елдiң заңдарын ескере отырып филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.

      3. Қазақстанның Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiредi және онымен тұрақты консультациялар өткiзiп отырады.


      Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және егер ол өзiнiң негiзгi функцияларын орындауы мен ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтiн болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiк атқармайды, сол сияқты Қазақстанның Ұлттық Банкi де мұндай жауапкершiлiк алған кезде болмаса, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiк атқармайды.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк билiк органдары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң, оның филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының заңнамамен бекiтiлген өкiлеттiктерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқылы емес.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

      4. Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң, басқа да заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.


      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi оның "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланып отырады.

      5. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы жазылған мөрi, сондай-ақ өзiнiң эмблемасы болады.


      Қазақстанның Ұлттық Банкi филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының өз мөрi бар.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй. Орталық аппараттың жекелеген бөлiмшелерiнiң бiр бөлiгi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Орталық филиалының мына мекенжайдағы үйiне орналасқан: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 21-үй.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

 2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты,


мiндеттерi, функциялары, өкiлеттiктерi және құқықтары

      6. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгі мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      Қазақстанның Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
      1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

      2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

      3) валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

      4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

      7. Қазақстанның Ұлттық Банкi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды атқарады:
      1) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асыру;

      3) банктердiң банк функциясын жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң банк, қаржы жөнiндегi кеңесшiсi және агентi функцияларын және Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдарға, олармен келiсе отырып өзге де қызмет көрсетудi жүзеге асыру;

      5) төлем жүйелерiнiң жұмысын ұйымдастыру;

      6) Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

      7) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiн басқару;

      8) қаржы ұйымдарының қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша олардың қызметiн реттеу.

      8. Қазақстанның Ұлттық Банкi мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында:
      1) ақша нарығының жалпы жай-күйiне, заемдар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық күтулерге байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгiлейдi;

      2) қаржы нарығындағы сыйақының нарықтық ставкаларына жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде ықпал ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейiн белгiлейдi;

      3) ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      4) ерекше жағдайларда, инфляция процестерiн ақша-кредитпен реттеудiң жанама әдiстерiмен тоқтату мүмкiн болмаған кезде Қазақстанның Ұлттық Банкi операциялардың жекелеген түрлерi бойынша кредиттеу лимиттерiн белгiлеу, олар бойынша сыйақы ставкаларын доғару, операциялардың жекелеген түрлерi мен мәмiлелер бойынша ставкалардың ең жоғарғы деңгейлерiн белгiлеу және жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе ұстап тұру мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу жолымен операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейiне және көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзуге құқылы;

      5) ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң Ұлттық Банктен қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi, сондай-ақ банктерге берiлетiн заемдарды тарту және өтеу тәртiбiн, шарттарын, мерзiмдерi мен лимиттерiн айқындайды;

      6) депозиттер қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банктегi депозиттердi беру және өтеу тәртiбiн, шарттарын, түрлерiн, мерзiмдерi мен лимиттерiн айқындайды;

      7) валюталық интервенцияны жүзеге асырады;

      8) өзiнiң бағалы қағаздарын - мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығаруды жүзеге асырады, сондай-ақ қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбiн, шарттарын айқындайды;

      9) жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде мемлекеттiк және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

      10) ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртiбiн және коммерциялық вексельдердi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қайта есепке алуға қабылдауына қойылатын шарттарды белгiлейдi.


      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.01.30. N 527 Жарлықтарымен.

      9. Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың эмитентi функциясын іске асыру мақсатында:


      1) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталар номиналдарының құрылымын, дизайнын, сондай-ақ банкноттар мен монеталардың қажеттi санын айқындайды және олардың дайындалуын қамтамасыз етедi;

      2) банкноттар мен монеталар шығарудың, Қазақстан Республикасының аумағында олардың айналысын ұйымдастырудың және айналыстан алудың ерекше құқығына ие болады.


      Айналысқа банкноттар мен монеталар шығаруды жеке және заңды тұлғаларға оларды сату арқылы Қазақстанның Ұлттық Банкi жүзеге асырады;

      2-1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға оларды сату бағасын белгілейдi;

      3) бұрын қолданыста болған банкноттар мен монеталардың төлемге жарамдылығын және айырбасталуын айқындау, оларды айналыстан алу, сақтау және жою тәртiбiн белгiлейдi;

      4) қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау ережесiн белгiлейдi, банкноттар мен монеталарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады.


      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

      10. Қазақстанның Ұлттық Банкi банктердiң банк функциясын жүзеге асыру мақсатында:


      1) Қазақстан Республикасында қайта қаржыландыру жүйесiн ұйымдастырады;

      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстанның Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелеріне бiр жылдан аспайтын мерзiмге өтiмдiлiгi жоғары, тәуекелсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;

      3) екiншi деңгейдегі банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады, соған байланысты оларға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгілеген тәртiппен және мерзiмге қамтамасыз етiлген, сол сияқты қамтамасыз етiлмеген кредиттердi ұлттық және шетел валютасымен беруге құқылы;

      4) ақшаның қате аударылу фактiсi анықталған жағдайда оны клиенттiң банк шотынан алуға құқығы бар, клиенттiң ақшаны банк шотынан акцептемей алуға берген келiсiмiн растайтын құжаттар болған жағдайда, оның банк шотын дебеттеуге құқылы;

      5) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын тәртiппен және шарттармен банктерге және басқа ұйымдарға берiлген кредиттер бойынша олардың Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы берешектерiнiң қайта құрылымдауға құқылы.

      11. Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң банк, қаржы жөнiндегi кеңесшiсi, агентi функцияларын жүзеге асыру және Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдарға, олармен келiсе отырып өзге де қызмет көрсету мақсатында:

      1) өзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаражатын орналастырады, Yкiметтiң шоттары бойынша төлемдер жасайды және өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiн тiкелей қаржыландыруына болмайды;

      2) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазынашылық комитетiнiң және Астана, Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттерiнiң бiрыңғай қазынашылық шотына, шетел валютасындағы шоттарына қызмет көрсетедi;

      3) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң мемлекеттiк қарыз алу саясатын әзiрлеу және iске асыру, мемлекеттiң ақша-кредит саясатына байланысты мәселелерi бойынша бюджет саясатын қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарын қарайды;

      4) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, оның мемлекеттiк борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк борышына қызмет көрсетедi;

      5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.

      Қазақстанның Ұлттық Банкi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның мемлекеттiк бағалы қағаздары бастапқы нарыққа орналастырылған кезде оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ;

      6) мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарудың және Үкiметтiң мемлекеттiк борышын өтеудiң ай сайынғы көлемiн, олардың банк жүйесiнiң өтiмдiлiгiне ықпалын және ақша-кредит саясатының басымдықтарын есепке ала отырып, Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарын жiберу шарттарын келiседi;

      7) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады;


      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотта және басқа ұйымдарда сенiмхат бойынша қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады;

      9) заемшыларға кредиттер жiберудi жүзеге асырады;

      10) басқа да қызметтер көрсетедi.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

      12. Қазақстанның Ұлттық Банкi төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырy жөнiндегi функцияны жүзеге асыру мақсатында:

      1) төлем жүйелерiн ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуiн қадағалауды жүзеге асырады;

      2) төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерiн, төлемдердi және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен ерекшелiктерiн, төлем нұсқауларының мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды белгiлейдi;

      3) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып төлемдердi жүзеге асыру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi;

      4) банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелердiң сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгiн және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарды белгiлейдi;

      5) өз құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы;

      6) банк шоттарының түрлерiн және құқықтық режимiн, шоттарды ашу, пайдалану (жүргiзу) және жабу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi;

      7) банк операцияларын жүргiзген кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережесiн белгілейдi;

      8) төлем жүйелерiнiң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн және сенiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.

      12-1. Төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкi:

      1) төлем жүйелерiн ұйымдастыруға және жұмыс iстеу шарттары мен тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актілер қабылдауға;

      2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеу мониторингiн жүзеге асыруға және оны жүргiзудiң тәртiбiн белгілеуге;

      3) төлем жүйелерiнiң ұйымдастырылуын және жұмыс iстеуiн тексеруге;

      4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгiлейдi;

      5) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес төлем жүйелері қатысушыларының қызметiн тексеруді жүзеге асыруға құқылы.


      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.09.11. N 177 Жарлықтарымен.

      13. Валюталық реттеу және бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкi:

      1) Қазақстан Республикасында шетел валютасы және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының саласын және тәртiбiн айқындайды, резиденттер мен резидент еместердiң Қазақстан Республикасының аумағында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн белгiлейдi; V032436

      2) валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды, сондай-ақ басқа мемлекеттiк органдар әзiрлеген валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi келiседi; V021922

      3) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгілейдi;

      4) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөніндегі мәміле паспорттарын ресімдеудің бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді; V011561 

      5) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар береді және берудің, беруден бас тартудың, қолданылуын тоқтатудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;

      5-1) валюталық операцияларды тіркеу, валюталық операциялар туралы хабарлау және шетелдік банктерде шоттар ашу тәртібін белгілейді, тіркеу куәліктерін және хабарлау куәліктерін береді;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң валюталық операцияларының мониторингiн (валюталық мониторинг) жүзеге асыру тәртiбiн белгілейдi және валюталық мониторинг жүргізеді;

      6-1) сұраныс пен ұсыныс көздерiнiң, сондай-ақ шетел валютасын iшкi валюта нарығында пайдалану бағыттары мониторингiн жүзеге асырады;

      7) айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пункттерiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес олардың қолданылуын тоқтатады;

      8) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындаған тiзбеге сәйкес шетел валюталарына қатысты Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ресми бағамын белгілейдi;

      9) мемлекеттiк органдардың құзыретiне сәйкес олардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместердiң орындауы мiндеттi валюта операциялары бойынша есепке алу мен есептiлiктiң тәртiбiн және нысандарын белгілейдi;

      10) валюта заңнамасын сақтау мәселелерi бойынша тексерулерді жүзеге асырады, сондай-ақ валюта заңнамасы бұзылған жағдайда өз құзыретi шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртiпте санкциялар қолданады;

      11) алып тасталды

      12) алтынвалюта активтерiмен операцияларды қалыптастырады және жасайды;

      13) халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шет елдермен валюталық-қаржылық және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;

      14) жасалған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдардан шетел валютасын тартады;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.09.11. N 177, 2008.01.30. N 527 Жарлықтарымен. 

      14. Қазақстанның Ұлттық Банкi валюта құндылықтарымен және қымбат металдармен мынадай операцияларды жүзеге асырады:

      1) шетел валютасын сатып алады және сатады;

      2) Қазақстан Республикасының Yкiметi шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген шетел валютасындағы бағалы қағаздарды, оның iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiнде көзделген жағдайларда, несие нысанындағы бағалы қағаздарды сатып алады, сатады немесе операциялар жүргiзедi;

      3) банктерде, шетелдiк орталық банктерде және олардың тiркелген мемлекеттерiнiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар банктерде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

      4) шетелдiк орталық банктер, олардың тiркелген мемлекеттерiнiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар банктер және басқа қаржы институттары, шетел үкiметтерi мен олардың агенттерi үшiн, сондай-ақ халықаралық ұйымдар үшiн шоттар ашады және жүргiзедi, өкiл немесе корреспондент ретiнде iс-әрекет жасайды;

      5) тазартылған алтынды, қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы нарықта тазартылған алтынды және басқа қымбат металдарды сатып алу және сату бойынша операциялар жасайды;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен валюта құндылықтары мен қымбат металдарды Қазақстан Республикасына әкеледi, сондай-ақ оларды шетел банктерi мен мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өзiнiң шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге әкетеді;

      8) кредиттiк рейтингiнiң ең төменгi деңгейiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алады, сатады немесе олармен операциялар жүргiзедi;

      9) банкаралық депозиттер, репо мен керi репо, депозиттiк сертификаттар, коммерциялық қағаздар және кредиттiк рейтингiнiң ең төменгi деңгейiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын эмитенттер шығарған басқа да борыштық мiндеттемелерi сияқты ақша нарығының құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

      10) кредиттiк рейтингтерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындаған деңгейден төмен емес қарсы әрiптестермен форвард операциялары, своп операциялары және опцион операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

      11) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операцияларды жүзеге асырады.

      15. Қазақстанның Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiн басқару мақсатында:


      1) Қазақстан Республикасының қымбат металдармен және асыл тастармен байланысты қатынастарды реттейтiн заңнамасына сәйкес, аталған металды қазақстандық және өзге өндiрушiлерден (сатушылардан) тазартылған алтынды сатып алады;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттерінен және резидент еместерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiнен шетел валютасын Қазақстан теңгесiне (ескерткiш және кәдесый монеталарын қоса алғанда) және шетел валютасын сатып алады;

      3) депозиттерді (салымдарды) орналастырады, шетел валютасымен дилинг операцияларын және шетел валютасында деноминацияланған бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ шетел валютасымен кредиттер бередi;

      4) тазартылған алтынмен, күмiспен, платинамен және платина тобындағы басқа металдармен сату, орналастыру және басқа операцияларды жүзеге асырады;

      5) халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан кредиттер алады;

      6) шетел валютасымен ақы төленетiн консультациялық, ақпараттық-баспа және басқа қызметтер көрсетедi;

      7) ақша-кредит саясатын және айырбас бағамы саясатын жүргiзу мақсатында, оның iшiнде iшкi валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстардың ауытқуларын баяулату мақсатында, iшкi валюта нарығында валюта сатып алады және сатады;

      8) өнiм (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) импортына, оған қоса шет елдердегi дипломатиялық және өзге де өкiлдiктердi ұстау және iссапар шығыстарына төлеу үшiн, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы борышына қызмет көрсету үшiн теңгенi шетел валютасына айырбастауды жүзеге асырады;

      9) басқа шетел валютасын сатып алу үшiн шетел валютасын сатады;

      10) алынған кредиттер бойынша негiзгi борыш сомасын және сыйақы сомасын қайтарады, сондай-ақ комиссиялық және олардың басқа да iлеспе шығыстарын төлейдi;

      11) қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебiнен шығынды алтын-валюта активтерiн есептен шығарады;

      12) алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгiн және сақталуын, сондай-ақ бiрқалыпты тәуекел деңгейi кезiнде ұзақ мерзiмдi болашақта кiрiстiлiгiн қамтамасыз ете отырып олармен операциялар жүргiзедi.


      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.09.11. N 177 Жарлықтарымен.

      16. Қаржы ұйымдарының қызметiн лицензиялау, бақылау және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметiн реттеудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкi:

      1) қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi; V991010 (N 5 қосымша) 

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия бередi;

      3) инкассация бойынша операцияларды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптасу тәртiбiн белгiлейдi;

      4) қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;

      5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген жағдайда, уәкiлеттi органға уәкiлеттi органның банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша лицензия беру мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi, сондай-ақ осындай қорытындыны беру талаптарын және тәртiбiн айқындайды;

      6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен көзделген жағдайда мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзінiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер алады;

      7) басқа мемлекеттердiң уәкiлеттi органдарымен, орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастықта болады және өздерi бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпаратпен алмасуға құқылы;

      8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде айқындалған өкiлеттiгі шегiнде банк қызметi, ақша төлемдерi және аударымы, валюталық операцияларды жүзеге асыру және өзге де мәселелер бойынша барлық банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

      9) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      9-1) арнайы қаржы компаниялары орындауға міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      10) бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру жүйелерiне қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның ішiнде уәкiлеттi органдардың қызметкерлерiн тарта отырып жүргiзілген тексерулер арқылы жүзеге асырады;

      11) мынадай банк операцияларын жүргізу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргізу; жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi тазартылған қымбат металдардың және қымбат металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетiлетiн осы тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу; кассалық операциялар; аударым операциялары; есепке алу операциялары; банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасында айырбастау операцияларын ұйымдастыру; аккредитивті ашу (қою) және растау және ол бойынша мiндеттердi орындау, сондай-ақ банкаралық клирингті жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару мен пайдалану тәртібін айқындайды;;

      12) банктерде операциялар жасауға сенімхат беру тәртiбiн белгiлейдi;

      13) тиiстi уәкiлеттi органдардың келiсiмi бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету және құрылысын ұйымдастыру жөнiндегі орындалуы мiндетті талаптарды белгілейдi;

      14) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесiн реттеу жөнiндегі уәкілетті органмен келiсе отырып қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша қаржылық есептіліктің стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

      15) уәкiлеттi органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарының және олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық есептiлiктерiнiң халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесiн және нысанын, сондай-ақ ұсыну мерзімдері мен тәртібiн белгілейдi;

      16) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерiн және аударымдарын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметінiң келісiмi бойынша банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және барлық шаруашылық субъектiлерi жүзеге асыратын банк шоттары бойынша төлем жасау кезектілігін белгiлеуге құқылы;

      17) банктердің операциялары мен мәмілелерінің жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулерді белгiлейдi;

      18) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға олар банк қызметi, есепке алу, ақша төлемдерi мен аударымдары, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілердi бұзған жағдайда өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және банктік және валюталық заңнамада көзделген санкцияларды  қолдану тәртiбiн айқындайды және қолданады. Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өз құзыретi шегiнде санкциялар қолданған кезде Ұлттық Банк бұл жөнiнде уәкілеттi органға хабарлайды;

      19) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңнамасын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;

      20) бағалы қағаздар нарығында тиiстi лицензиялар алмай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде айқындалған банк қызметiн және кәсiби қызметтi жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.09.11. N 177, 2008.01.30. N 527 Жарлықтарымен. 

      16-1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеу функциялары Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасауға бағытталады.


      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

      16-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi:

      1) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады;

      2) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау тәртiбiн айқындайды;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайды.


      Ескерту. 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2006.09.11. N 177 Жарлығымен.

      17. Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:

      1) Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға жағдай жасайтын және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және оның қызметiне қатысады;

      2) Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансын және өз балансын жасайды және тұрақты түрде жариялайды;

      3) елдiң есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық позицияны және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзімді, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамдық бағалауын әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi, мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;

      4) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;

      5) статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша оның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегi статистикалық есептiлiк тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмiн белгiлейдi және оны жинауды жүзеге асырады;

      6) мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;

      7) мемлекеттiк органдардан, қаржылық және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) өз функцияларын орындау үшiн статистикалық есеп және қажет болған жағдайда өзге де қосымша ақпарат сұратуға және алуға құқылы;
      8) алынып тасталды

      9) Қазақстан Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе басқа да заңды тұлғалар арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттар ресми баспасөз басылымдарында жарияланады;

      10) вексельдердiң бiрiншi сыныпты эмитенттерiнiң өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын коммерциялық вексельдерiн қайта есепке алады;

      11) депозиттер қабылдайды, ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

      12) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

      13) сыртқы борышты басқарудың мемлекеттiк саясатына сәйкес банктер үшiн сыртқы заемдарды тарту көлемiне шектеулер енгiзедi;

      13-1) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын ескере отырып Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есеп саясатын және әдiстерiн айқындайды;

      14) банктердi, заңды және жеке тұлғаларды шарт жасау жағдайында қажеттi талдау, баспа және ақпарат материалдарымен қамтамасыз етедi, банк iсiн ұйымдастыруға консультациялық және iс жүзiнде көмек бередi және басқа да қызметтер көрсетедi;

      15) ақылы негiзде банк операцияларын жүргiзедi және басқа да қызметтер көрсетедi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөнiнде қызметтер көрсетедi.
      бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға көрсетiлетiн банк және өзге де қызмет көрсету үшiн ақы алмайды;

      16) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп санайтын депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

      17) туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

      18) чектер жазады және вексельдер бередi;

      19) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағаздарына техникалық талаптарды бекiтедi;

      20) егер бұған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен тiкелей тыйым салынбаса, өз мiндеттерiне сәйкес өз атынан басқа да банк операцияларын, сондай-ақ мәмiлелердi жүзеге асырады;

      21) оларды қарау Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес қарайды;

      22) Ұлттық Банк қызметкерлерiн даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2006.09.11. N 177, 2008.01.30. N 527 Жарлықтарымен. 

 3. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң капиталы және резервтерi

      18. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң капиталы және резервтері жарғылық және резервтiк капиталдардан, қайта бағалау шоттарынан, арнайы провизиялардан (резервтерден), сондай-ақ жалпы провизиялардан (резервтерден) тұрады.

      19. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылындағы бөлiнбеген таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстерi мен шығыстары (алтынвалюта активтерiн қайта бағалау шоттарына жатқызылған, пайда болған iске асырылмаған кiрiс сомасын қоспағанда) арасындағы айырма ретінде айқындалады.


      Банктiк активтер бойынша жасалған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына және алтынвалюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылған кiрiс сомасына азайтылған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылындағы бөлiнбеген таза кiрiсi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды ұлғайтуға жiберiледi.
      Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiткеннен кейiн бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi бiр қаржы жылына мәулетпен мемлекеттiк бюджетке аударылады.
      Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда барлық бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқаруында қалады және жарғылық капитал мөлшерiне жеткенге дейiн резервтiк капиталды толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылындағы шығындарды өтеу үшiн резервтiк капитал қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны жабылмаған шығын Қазақстан Ұлттық Банкiне бiр қаржы жылына мәулетпен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен толық көлемде өтеледi.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

      20. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi және бөлiнбеген таза кiрiстен шегерiмдер арқылы кемiнде 20 миллиард қазақстандық теңге мөлшерiнде түзiледi.


      Қазақстанның Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi айқындаған тәртiппен иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын дербес жүзеге асырады.
      Резервтік капитал жарғылық капиталдан кем емес мөлшерде қалыптасады, бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен толықтырылады және Қазақстан Ұлттық Банкiнің Басқармасы белгілеген тәртiппен жүргiзiлетiн операциялар бойынша шығасыны өтеу мен шығындардың орнын толтыруға ғана арналады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi шығыстары есебiнен кредиттердi, депозиттердi, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезiндегi шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және басқа да активтердi қоса алғанда, оның iшiнде аяқталмаған құрылыс көлемi, күмәндi және үмiтсiз талаптар, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң монетарлық емес қызметi бойынша басқа да талаптар және әлеуметтiк сипаттағы төлемдер бойынша арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен - банк активтерi бойынша жалпы провизиялар (резервтер) түзiледi.
      Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан жұмсалмаған кiрiстi есепке алуға арналған. Негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi құрал-жабдықтарын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi қазақстандық теңгенiң iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жасалған және пайдаланылады әрi мыналардан тұрады:

      1) тазартылған алтын;

      2) Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақталатын валюта құндылықтары;

      3) шетел валютасындағы жай және аударым вексельдерi;

      4) шетел үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген бағалы қағаздар;

      5) осындай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз еткен жағдайда шетел валютасымен деноминацияланған басқа да сыртқы активтер.


      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалатын мақсаттарға пайдаланылады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және оларды орналастыруды айқындайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалаудағы өзгерiстердiң салдары болып табылатын алтынвалюта активтерi бойынша бағамдық айырма олар пайда болған есептiк кезеңдегi iске асырылмаған кiрiстердiң немесе шығыстардың есебiне жатқызылады. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес есептелген iске асырылған кiрiс немесе шығыс сомасы есептiк кезеңдегi кiрiстер мен шығыстардың тиiстi шоттарына жiберiледi. Қаржы жылын аяқтау нәтижелерi бойынша iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстар қайта бағалаудың тиiстi шоттарына жатқызылады. Алтынвалюта активтерiнiң түрлерi бойынша қайта бағалау шоттарында қалдық болмаған жағдайда пайда болған терiс бағамдық айырма есептi кезеңнiң шығыстарына жатқызылады. Алтынвалюта активтерiн қайта бағалаудан түскен iске асырылған кiрістер толық көлемде резервтiк қорды ұлғайтуға жiберiледi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi алтынвалюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталымдылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажетті деңгейде ұстап тұруға тиiс.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2006.09.11. N 177 Жарлықтарымен.

 4. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы және органдары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет