Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»


Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып



бет31/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

«Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша


_________________________________________________________________

(уәкілетті органның толық атауы)

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру

брокерінің толық атауы)

 

Өтініш

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету қажет)

жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері туралы мәліметтер:

1. Атауы, орналасқан жері

________________________________________________________________________________________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)

____________________________________________________________________

(телефон, факс)

2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер

_________________________________________________________________

(мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі анықтаманың күні және нөмірі)

3. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің банктік шоты ашылған банктің атауы және орналасқан жері, бірегейлендіру бизнес нөмірі

_________________________________________________________________

4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру бойынша қызметті, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына

________________________________________________________________________________________________________________________________________

(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толық жауапты болады.__________________________________

____________________________________________________________________

5. Жіберген құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр қайсысы бойынша парақтар саны:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы___________________________________________________________

____________________________________________________________________

«Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

____________

(қолы)
_____________ жылғы «__»_______________

 

Мөрдің орны


________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;

лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.

Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:


  1. аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 30 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

  2. лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;

  3. лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

лицензия алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;

2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері);

4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;

5) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;

6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламентін;

Сақтандыру брокері жұмысының ішкі регламентіне мыналар:

сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметін жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғалардың тізбесі;

сақтандыруға (қайта сақтандыруға) сұрау салулар түскен;

сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын алған;

сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалған;

қолданыстағы сақтандыру өтеуге толықтырулар мен өзгерістер енгізген;

сақтандырудың кейінгі кезеңге сақтандыру өтеуді жаңартқан;

сақтандыру жағдайларына қызмет көрсеткен кезде сақтандыру брокері қызметкерлерінің іс-қимылдарын ашып көрсететін сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметін жүзеге асыру бойынша рәсімдері жатады;



7) құжаттаманы жүргізу тәртібіне және сақтандыру брокерінің клиенттерге қызмет көрсету шарттарына кіреді. Құжаттаманы жүргізу тәртібі және сақтандыру брокерінің клиенттеріне қызмет көрсету шарттары:

сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасаған, сақтандыру төлемін жүзеге асырған, сақтандыру жағдайы болған кезде құжаттарды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуға байланысты басқа да құжаттарды қалыптастыру тізбесі мен дәйектілігі;

клиенттің барлық қаржы және жеке ақпаратының құпиялық режиміне қойылатын негізгі талаптар;

Мыналарды қамтитын қатаң есептегі құжаттарды сақтау жүйесін қамтамасыз ету:

қатаң есептегі бланктерді есепке алу жүйесінің болуы;

қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін ұйымдастыруға жауапты тұлға;

сақтау орны бар (жеке үй-жайлар, шкафтар, сейфтер, оларға кіру тәртібі);

клиентті қамтамасыз етудің толықтығы мен тәртібі:

сақтандыру брокері, оның мәртебесі туралы ақпарат;

қызметі ұсынылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары туралы ақпарат;

төлемдердің және тәуекелдердің көлемі;

жеткізушінің және клиенттің қызмет көрсету міндеттемелері жатады;



8) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының)
құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;


9) тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша соттылығының жоқ екенін куәландыратын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензиядан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күнінен кейін бес жыл бойы қолданылады;

лицензияның телнұсқасын алу үшін:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін.

Порталда:

лицензия алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат
(құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;

лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).



Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:



1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алуға бармағанда;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенде;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптардың орындалмауы;

4) қоғамның сайланбалы органдары қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмегенде;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

6) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

7) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеген;

8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;

9) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.



3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

«Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша
_________________________________________________________________

(уәкілетті органның толық атауы)

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру

брокерінің толық атауы)

 

Өтініш

 _________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету қажет)

жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері туралы мәліметтер:

1. Атауы, орналасқан жері

_____________________________________________________________________________________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)

_________________________________________________________________

(телефон, факс)

2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер

_________________________________________________________________

(мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі анықтаманың күні және нөмірі)

3. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің банктік шоты ашылған банктің атауы және орналасқан жері, бірегейлендіру бизнес нөмірі

_________________________________________________________________

4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру бойынша қызметті, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толық жауапты болады.__________________________________

____________________________________________________________________

5. Жіберген құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр қайсысы бойынша парақтар саны:

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы___________________________________________________________

_________________________________________________________________

«Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

____________

(қолы)
_____________ жылғы «__»_______________

 

Мөрдің орны


________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет