Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы



бет1/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
#8742
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2014 жылғы 5 желтоқсан №129 Астана қаласы
Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық

ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14-тармағына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес бұйырамын:


1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидалары бекітілсін.

2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н.А. Аязбаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Министр Е. ДОСАЕВ.
«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

____________ Б. Сұлтанов

2014 жылғы 5 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы 5 желтоқсандағы 129 бұйрығымен бекітілген


Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық

ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу,

сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу және түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14-тармағына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес әзірленді.



2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

  1. бағалау (экономикалық сараптама барысында) – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде не бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінде көрсетілген ақпаратты сипаттайтын тұжырымдар;

  2. бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – ББӘ) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

  3. бюджеттік инвестициялар – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;

  4. бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері – бюджеттік инвестицияларды іске асыруға бағытталған республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде қарыз қаражаты;

  5. бюджеттік инвестициялардың нәтижелiлiгі – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық және қаржылық тиімділігінің, сондай-ақ тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігінің есептеулерімен расталған дәлелдемелердің, сондай-ақ тиімділік пен сапа көрсеткіштерінің болуы;

  6. бюджеттік инвестициялардың орындылығы – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық орындылығының, олардың ел экономикасына әсерінің негiздемесi және жобаның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес келуі;

  7. бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;

  8. бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның елдің экономикасына әсер етуі және стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындалған қорытындысы;

  9. бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу – жаңа объектілер құру (салу) және қолда бар объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға берілген кезге дейін ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту барысы туралы тұрақты және жүйелі түрде ақпарат жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

10) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау – объектіні пайдалануға беру не ақпараттық жүйелерді енгізу мен пайдалану сәтінен бастап жобаның мақсатына қол жеткізу дәрежесін және нақты алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;

11) бюджеттік инвестициялық жобаны әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырма – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды, оның әлеуетті әзірлеушісіне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жөніндегі жұмыстардың мерзімдері мен көлемін регламенттейтін құжат;

12) бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығы – жоба нәтижелерінің (тікелей және түпкі) көрсеткіштеріне қолжетімділік;

13) бюджеттік инвестициялық жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі – жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу қажеттілігінің жоспарланған және қол жеткізілген деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер;

14) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін жобаның жүзеге асырыла алатындығы мен тиімділігін айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;

15) бюджеттік инвестициялық жобаның тиімділігі – бюджет қаражатының сұралатын көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу немесе жобаның мақсаттарына бюджет қаражатының ең аз көлемін пайдалана отырып қол жеткізу немесе жобаны іске асырудан оң экономикалық нәтиже алу;

16) Гант диаграммасы – жобаның жоспары мен уақыт бойынша жұмыс кестесінің дәйектілігі мен ұзақтылығын графикалық көрсетуді бейнелеу үшін бюджеттік инвестициялардың электрондық порталында пайдаланылатын диаграмма;

17) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды мониторингілеу – тұрақты және жүйелi түрде ақпарат жинау, көрсетілген іс-шаралар түпкілікті іске асырылған кезге дейін заңды тұлғалардың акциялар пакетін (қатысу үлестерін) бастапқы жарғылық капиталды қалыптастыру, сатып алу арқылы республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды есепке алу мен олардың іске асырылуын талдау іс-шараларының жиынтығы;

18) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды бағалау – іс-шаралар түпкілікті іске асырылған сәттен бастап мақсаттарға қол жеткiзу дәрежесi мен іс жүзінде алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;

19) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін, іс-шаралардың негізділік пен нәтижелілік критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;

20) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, оның елдің экономикасына әсер етуі мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындалған қорытындысы;

21) заңды тұлғалардың стратегиялық даму құжаттары – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарлары, сондай-ақ өзге квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын әзірлеу және бекіту заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарлары;

22) заңды тұлғаның даму мақсаты – ағымдағы шығыстарды қаржыландыруды және ағымдағы шаруашылық қызмет шығыстарын жабуды көздемейтін, саланы дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру, саладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту;

23) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар (бұдан әрі – Инвестициялар) – заңды тұлғаның жарғылық капиталын республикалық немесе жергілікті бюджеттен қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы оны дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;

24) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алушы (бұдан әрі – Алушы) – жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшiн қаражаттың түпкiлiктi алушысы болып табылатын, iс-шараларды бюджеттік инвестициялар есебiнен iске асыратын заңды тұлға;

25) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың негiздiлiгі – iс-шараларды iске асыруға арналған қаржыландыру көлемiнiң, сондай-ақ iс-шараларды меншікті және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырудың мүмкiн болмауының құжаттармен және есептеулермен расталған дәлелдемелерінің болуы;

26) инвестициялық ұсыныс – тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, оған қол жеткізу жолдарын және ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс;

27) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы – мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша негізгі ақпаратты қамтитын, оны іске асыру орындылығын ашып көрсететін құжат;

28) инвестициялық ұсыныстың экономикалық қорытындысы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалар қорытындыларының негiзінде жүргiзiлетiн, пайдалар мен шығындардың талдауын пайдалана отырып, инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;

29) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;

30) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

31) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудан алынатын нәтиженің орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және оның бағасын қамтитын құжат;

32) қаржы-экономикалық негіздемені түзету – iс-шараларды, техникалық-технологиялық шешiмдердi толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекiтiлген iс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың белгiленген қаржы-экономикалық параметрлерiнің өзгеруі;

33) қатысушылар (бұдан әрі – Қатысушылар) – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;

34) құрамдауыш – iс-шараның аяқталған сипаты бар құрамдас бөлiгi;

35) маркетингтiк орта – белсенді субъектілер мен іс-шараларды бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыратын, нысаналы клиенттермен табысты ынтымақтастық қатынастарын орнату және қолдау мүмкіндіктеріне ықпал ететін, жарғылық капиталды құру немесе ұлғайту үшін қаражаттың түпкілікті алушысы болып табылатын заңды тұлғаның қызметі жүзеге асырылатын жағдайлар жиынтығы;

36) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның электрондық порталы бюджеттік инвестициялар мониторингінің модулі (бұдан әрі – электрондық портал) – жоспарланған және іске асырылып жатқан бюджеттік инвестицияларды есепке алу мен мониторингілеуді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

37) мемлекеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – МИЖ) – бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру және концессиялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;

38) өнiм – материалдық-заттай (материалдық өнiм) немесе материалдық емес (зияткерлiк өнiм) нысанында немесе жұмыстар және (немесе) қызметтер, оның iшiнде қаржылық көрсетілетін қызметтер түрiнде берiлген шаруашылық қызметiнiң нәтижесi;

39) салалық сараптаманың қорытындысы – мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын немесе бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін немесе бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін салалық дамудың басымдықтарына сәйкес келуі тұрғысынан бағалау;

40) сметалық құн – құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын объект (кешен) құрылысының құны;

41) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге шешімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындай отырып, пайдалар мен шығындарды экономикалық талдаудың негізінде жүргізілетін, бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын құжат;

42) техникалық-экономикалық негіздемені түзету – техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерінің өзгеруі;

43) техникалық-экономикалық параметрлер – техникалық- экономикалық негіздемеде көзделген, сондай-ақ ақпараттық жүйе параметрлерін ескеретін негізгі көрсеткіштер;

44) түпкілікті нәтиже – белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізуіне негізделетін, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, әлеуметтік саланың, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздіктің және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйі (жай-күйінің өзгерісі);

45) тікелей нәтиже – қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне толықтай тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;

46) іс-шара – бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру шеңберінде орындалатын міндеттерді атқаруға бағытталған өзара байланысты құрамдауыш (тар) кешені.
2. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету тәртібі

3. МИЖ инвестициялық ұсыныстарын әзірлеу, түзету және қарау процесі мынадай негізгі кезеңдерді:

1) ББӘ-нің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық немесе жергілікті органға инвестициялық ұсыныстарды ұсынуын;

2) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытындыны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық немесе жергілікті органның қарауын және әзірлеуін қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.

4. МИЖ инвестициялық ұсыныстарын әзірлеуді ББӘ жүзеге асырады.

Біртекті (біртипті) МИЖ бойынша ББӘ-ге бір инвестициялық ұсынысты әзірлеуге рұқсат етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет