Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан, 2014 ж., 17 қаңтар
*****
...Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан, 2014 жылғы 17 қаңтар
*****
...Сонымен экстремистер әрекетінің белсенділігі де, қазіргі саяси режимдерді күштеп өзгерту идеясын ту етушілер мен аймақта күш қөрсетпеу принципін, конфессияаралық келісімді және саяси тұрақтылықты қолдайтындар арасындағы сан сапалақ қарулы қақтығыстар да, бұл өңірде қоғамның жалпы тұрақсыздауына ұласып кететін ішкі де, сыртқы да алғышарттардың бар екенін айқын айғақтай түседі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабынан (95 бет)
*****
...Сондықтан бұл тұрғыдан келгенде, шырық бұзар идеяларды импорттамайтын, айтарлықтай орнықты Қазақстан үшін, елдегі конфессияаралық келісімге аздап көлеңке түсер болса, оның өзі, ең алдымен діни экстремизмнің экспортынан болмақ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабынан (97 бет)
*****
...діни экстремизімге қарсы әрекетке, әрі осы құбылыспен ашық күреске тікелей қатысы бар шаралардың жүйесі ретінде қарау керек, әрі конфессиаралық келісім мен ұлтаралық орнықтылық режимін ширату жолындағы тікелей емес, жанама шаралар ретінде қараған жөн.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабынан (101 бет)
*****
...Елде бүгінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы қызу жүзеге асырылуда.
Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, татулық, бірлік тұрақтылық оның негізгі басымдықтары болып саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың XII Еуразиялық Медиа Форум қатысушыларына құттықтау сөзінен, 2014 ж., сәуір
* * * * *
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ
...Қазақстаннның тек көп ұлтты ғана емес, сонымен бірге көп дінді мемлекет екенінін де елеулі маңызы бар.
Мұсылмандармен қатар, ал еліміздегі халықтардың 60 проценті өздерінің соған қосады, мұнда православиеліктер, протестанттар, буддашылар, католиктер, дүниежүзілік басқа да діндердің өкілдері өмір сүреді.
Бұл қоғамдық-саяси тұрақты жағдайды сақтауға көмектесетін елеулі фактор. Өйткені, барлық діндердің негізінде шын мәнінде бірдей имандылық принциптері адамдарға деген сүйіспеншіліктері қылықтарды айыптап, жолдан тайғандарға кешірім жасау, басқа ой-пікірлерге шыдамдылықпен қарау жатыр.
Басқаша айтқанда, ұстанған дініне қарамастан республикадағы барлық дінге сенушілер бірдей тең, иманды және бейбітшілік сүйгіш жандар.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының I сессиясындағы баяндамасынан,
1995 ж., 24 наурыз
*****
...Осы жылдардың ішінде діндердің бейбіт үйдесуі тұрғысында жинақтаған тәжірибеміз – Казақстанда құндылықтар мен низамдардың біртұтас жүйесін қалыптастырудың берік негізі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассмблеясының VII сессиясындағы баяндамасынан,
2000 ж., 15 желтоқсан
*****
...Менің пікірімше, біздің бәріміздің ассамблея жанынан дін басыларының кеңесін ұйымдастыру мәселесін ойластыруымыздың артықтығы жоқ.
Оның басты нысанасы діндарлардың бойында заңға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу, діни қауымдастықтар арасындағы үндесу мен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмысты күшейту, татулық пен келісімге қол жеткізуге, қоғамдағы азаматтық бітімшілікті нығайтуға белсене қатысу болуы керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассмблеясының VII сессиясындағы баяндамасынан,
2000 ж., 15 желтоқсан
*****
...Қазақстаннның үлгісі конфессиялардың өз арасындағы мемлекет тарапынан бастамашылыққа ие болып, қолдау тауып отыратын ұдайы үн қатысудың негізінде ың-шыңсыз, қатар өмір сүрудің мүмкін екенін айқын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының X сессиясындағы баяндамасынан,
2003 ж., 23 желтоқсан
*****
...Христос дініндегі шіркеулердің сан түрлілігі Қазақстанға тән конфессияаралық толеранттықты ашып көрсетіп тұр.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының X сессиясындағы баяндамасынан,
2003 ж., 23 желтоқсан.
*****
...Осы заманғы дүниеде өмір сүру дегеніміз – ашық болу және басқа халықтарға, мәдениеттер мен діндерге төзімді болу.
Ата-аналар кішкентай кезден-ақ балаларды адамға деген сүйіспеншілікке баулуы керек.
Бұл көзқарас Қазақстанның саясатына толық сай келеді.
Біздің балаларымыз жаһандық дүниеде өмір сүретін болады, олар кейін түрлі елдерде болғанда ол қандай күйде болса, сол күйінде көреді. Олар оны ұлттар мен нәсілдерге, дінге бөліп жатпайды.
Міне, сондықтан да балаларды интернационализм рухында тәрбиелеу қажет. Мен мұғалімдер мен тәрбиешілерді, барша қазақстандықтарды осыған шақырамын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының X сессиясындағы баяндамасынан,
2003 ж., 23 желтоқсан
*****
...Діни төзімділік, келісім мен ынтымақтастық принциптерін біз өзіміздің сыртқы саяси қызметімізде де ұстанамыз.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезінде сөйлеген сөзінен,
2003 ж., 25 қыркүйек
*****
...Бiз, сондай-ақ дiни төзiмдiлiк хартиясын әзiрлеуге алғашқы қадам жасай аламыз.
Бүгiнгi таңда дiндердiң бейбiт қатар өмiр сүруi қағидаттарын жай ғана жазып қоятын емес, сондай-ақ олардың арасында сындарлы үнқатысудың қажеттiлiгiн дәлелдейтiн құжат аса қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезінде сөйлеген сөзінен,
2003 ж., 25 қыркүйек
*****
...Бiз барлық конфессиялар дiн арқылы бейбiтшiлiктi, төзiмдiлiктi, шыдамдылықты, келiсiм мен адам сүйгiштiктi уағыздайтынына тағы да бiр рет айқын көз жеткiздiк.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезінде сөйлеген сөзінен,
2003 ж., 25 қыркүйек
*****
...Біз əркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мəртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,
2005 ж., 16 ақпан
*****
...Халықаралық қоғамдастықта біздің елімізді мекен ететін және біртұтас Қазақстан халқын құрайтын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған дәйекті саясатымыз қазірдің өзінде кеңінен танылып отыр.
Халқымыз осы заманғы және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсене орнатып жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,
2006 ж., 1 наурыз
*****
...Біздің шекара мәселесін оң шешкеніміз көп нәрсенің түйінін тарқатты. Көршілерімізбен қарым-қатынасымыз дұрыс жолға қойылған.
Осының барлығы бүгінгі Қазақстанның жолы.
Демек, тұрақтылықсыз жөнді даму жоқ. Қазақстан халқы бүгінгідей күрделі кезеңде бұған дейінгі сияқты ішкі татулықты сақтауға үлес қоса берулері керек.
Ұлтаралық келісім, дінаралық төзімділік - біздің басты байлығымыз.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың республикалық телеарналардың басшыларына берген сұхбатынан,
2008 ж., 17 қазан
*****
...Осы заманғы әлемде ұлттық бірлік ортақ мемлекетті бірлесіп құру, толеранттылық, азаматтық және осы елдің мемлекеттік тілін міндетті түрде білу секілді шарттармен анықталады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының
XV сессиясында сөйлеген сөзінен, 2009 ж., 27 қазан
*****
...Тереңге тамыр тартқан толеранттылық дәстүрлерінің арқасында еліміз жаһандық діндер ұнқатысуы ұйымдастырылатын орынға айналды.
Үстіміздегі жылдың шілдесінде Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті үшінші съезі өтеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Пасха мерекесімен құттықтау сөзінен, 2009 ж., 18 сәуір
*****
...Сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген Қазақстанның біртұтас халқы өз бойына толеранттылық, діни төзімділік және жаңа атаулыны қабылдауға деген ашықтық секілді қасиеттерді қалыптастырған.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезінде сөйлеген сөзінен, 2009 ж., 2 шілде
*****
...Біз үшін біздің қоғамымыздың – толеранттылық, дәстүрлерді құрметтеу, сенім мен өзара түсіністік тәрізді басты құндылықтарын паш етудің таңғажайып мүмкіндігі тұр.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың ЕҚЫҰ Саммитін 2010 жылдың 1-2 желтоқсаны күндері Астанада өткізу туралы шешімнің қабылдануына байланысты мәлімдемесінен,
2010 ж., 5 тамыз
*****
...Қазақстандықтар елдегі тыныштық пен толеранттылықты бағалауы тиіс. Елдегі толеранттылық пен тұрақтылықтың арқасында Қазақстан көп табыстарға қол жеткізді, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуда, экономиканы дамытып, барша әлемге танылып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Ақордада саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен болған кездесудегі сөзінен,
2010 ж., 27 мамырдағы
*****
...Біз барлық мұсылмандардың бір-біріне және өзге діннің барлығына деген төзімділігі, байыптылығы және танымдылығы негізінде бірігуін жақтаймыз.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлігі кеңесінің 38-ші сессиясының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінен,
2011 ж., 28 маусым
*****
...Қазақстанда мұсылмандар мешіті, христиандар шіркеулері мен иудейлер синагогы бейбіт көршілестік қатынаста, сіздердің барып, көрулеріңізге де болады.
Сонымен қатар 130-дан астам эностар тату-тәтті өмір сүруде. Бұл біздің еліміздің бейбітшілік пен толеранттықты насихаттауға іс жүзінде қосқан үлесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлігі кеңесінің 38-ші сессиясының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінен,
2011 ж., 28 маусым
*****
...Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі ұстанымдарын қастер тұтуымыз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» «Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауынан, 2012 ж., 14 желтоқсан
*****
...Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» «Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауынан, 2012 ж., 14 желтоқсан
*****
...Толеранттылық - ұран емес, ол біздің өмір салтымыз!
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,
2012 ж., 14 желтоқсан
*****
...Патриотизм, адамгершілік нормалары, өнегелік, ұлтаралық келісім, толеранттылық, дене және рухани саулық, заңға мойынсұнушылық – осы құндылықтарға барлық білім беру мекемелері баулуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,
2012 ж., 14 желтоқсан
*****
...Жиырма бірінші ғасырда толеранттылық дамудың, өсімнің және инновациялық экономиканың негізгі факторы болып келеді. Соңғы отыз жылда этно-мәдени алуантүрлілігімен ерекшеленетін елдер барынша табысқа қол жеткізді. Бүгінгі әлем осындай тәжірибені байыту мен дамытуды қажеттілік етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезіндегі сөйлеген сөзінен,
2012 ж., 30 мамыр
*****
...Діндер диалогы – бүкіл әлемде және әрбір қоғамда толеранттылыққа қол жеткізудегі жалғыз ғана жол.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезіндегі сөйлеген сөзінен,
2012 ж., 30 мамыр
*****
...Ең алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы, БАҚ-тарда этносаралық қарым-қатынастар тақырыбын әдепті жазу арқылы, қазақстандықтардың құқықтық мәдениетін арттыру арқылы азаматтық біртектілікті, қазақстандық қоғамдағы толеранттылықты дамыту қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының
XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір
*****
...Қазақстанның этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім моделі оның таяу және алыс шетелдердегі брендіне айналды.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір
*****
...Толеранттылық ұлттық құндылық және Қазақстан халқының игілігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір
*****
...Сондықтан қазақтардың толеранттылықты қалыптастыратын өзіне тән әлеуметтік-мәдени ережелерін, салттары мен дәстүрлерін жалпыадамзаттық мақсаттағы материалдық емес мәдени мұралардың белгі-нышаны ретінде қарастыру қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір
*****
...Бүгінде біз бірлік пен толеранттылық біздің активіміз, елді жаңғыртуға салған біздің экономикадан тыс инвестицияларымыз деп сеніммен айта аламыз!
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір
*****
...Біздің Ұлы Дала мыңдаған жылдар бойы толерантты, яғни тағатты болды.
Сонымен бірге мен толеранттылықтың, кейбіреулер ойлайтындай, ойыңа келгенді істеу емес екенін де атап көрсеткім келеді.
Толеранттылық – өзіміз нығайтып, сақтайтын және бүкіл ұрпақты тәрбиелейтін біздің қоғамымыздың парасаттылық қалыбы.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір
*****
...Қазіргі заманғы қазақтар ата-баба дәстүрлерін ұстана отырып, бірліктің, толеранттылық пен патриотизмнің, мемлекет пен қоғамға қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір
*****
...Біз өзіміздің жиырма жылдық тәуелсіздігімізде бірлігімізге сызат түсірмей, ымыра-бірлікте өмір сүрдік.
Алдағы уақытта да осы бетімізден қайтпайтын боламыз.
Біз көпұлтты халықпыз және осыны мақтан етеміз. Осы уақыт аралығында 130 ұлт өкілдері діни қақтығыстар, ұлттық және өзге де шиеленіскен себептер кезінде бейбіт ғұмыр кешуде.
Біздің қазақтың толеранттығы, түсіністікпен шыдамдылығы – бірліктің бастауы.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында
сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 29 қараша
*****
...Біз теңдестірілген және қауіпсіз, көпполярлы және толерантты әлемді қолдаймыз.
Бұл құндылықтарды партия өзге елдердің рухы мен көзқарастары бойынша жақын саяси партияларымен байланыстарды кеңейте отырып, парламентаралық және халықаралық қызметінде алға бастыратын болады.
«Нұр Отанның» ХХІ ғасырдағы ұзақ мерзімді көшбасшылығының міндеттері осындай.
Қазақстан Республикасының Президенті,
«Нұр Отан» партиясының Төрағасы
Н.Ә. Назарбаевтың партияның XV Съезінде
сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 18 қазан
*****
...Қазақстанда дін өкілдерінің өзара құрметі мен түсіністігінің игі дәстүрі қалыптасты, ал бұл – ұлы игілік.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»
атты кітабынан, (186 бет)
*****
...ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі.
Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз!
Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,
2014 ж., 17 қаңтар
*****
...Бұл қасиетті даталар бәріміз үшін адамға деген ұлы сүйіспеншіліктің тағлымы болып табылады. Олар біздің өмірімізді, жүрегімізді рухани күшке, сенім мен үмітке, қайырымдылық пен төзімділікке толтырады.
Барлық әлемдік діндер бейбітшілдікке, жанашырлыққа және толеранттыққа үндейді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтау сөзінен, 2014 ж., 14 сәуір
*****
...Мемлекеттің зайырлылығы Қазақстанда бар барлық діндердің ұлы рухани мұраларына құрмет көрсетуден, әркімнің таңдау еркіндігінен арқаулық табады.
Конфессияаралық толеранттылықтың мұндай ахуалы, сірә, әлемде еш жерде жоқ. Сонымен бірге, біздің еліміз зайырлы және дін мемлекеттен бөлінген.
Біз сондай-ақ діни ұрандар ұстанған экстремизмді, діни ілімдерді сырттан саясиландыруға деген талпыныстарды, біздің халқымызға біз үшін бөгде діни көзқарастар мен идеяларды күштеп таңуды барынша теріске шығарамыз.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінен, 2014 ж., 18 сәуір
*****
...Үшінші – Ассамблеяның өңірлік деңгейдегі құрылымдарын күшейту. Менің тапсырмам бойынша барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында кіші ассамблеяларды дамыту тұжырымдамасын қабылдау керек.
Ассамблея Хатшылығына Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында Достық үйлерін салудың барлық мәселелерін бақылауда ұстауды тапсырамын.
Елордамыз Астанаға қатысты айтатын болсам, ол толерантты этносаралық қатынастардың лайықты үлгісі болуы
керек. Мұнда Тілдер туралы заңның барлық талаптары үлгілі орындалуы тиіс.
Атап айтқанда, жол инфрақұрылымы, қала көлігі, көшелер, даңғылдар мен өзге де қала нысандары толықтай заңнама талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде нұсқаулануы шарт.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінен, 2014 ж., 18 сәуір
*****
...Біздің дініміз керемет, басқа діндердің керегі жоқ демеген жөн.
Біздің дініміз – өзіміздің дініміз. Бірақ басқаны да үйренуіміз, білуіміз, сыйлауымыз, құрметтеуіміз қажет. Сонда мұсылманның діні де құрметтелетін болады. Дінге бас ұрып жүріп, біз оның теріс жағына түсіп кетпеуіміз керек.
Бізге зиян келтіретін дін ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен, дінмен мемлекет орнатып, мемлекеттік дін жасаймыз деп жүргендер бар. Баяғы Мұхаммед пайғамбардың сахабалары тұсындағы, Әбубәкір, Омар, Осман, Әлидің кезіндегі халифатты қайтадан орнатамыз деген ұмтылыс жаулап алу ниетінен туған болатын.
Біз бұдан ажырап, дінді шынайы имандылыққа жақындатып, оның жақсы жағын алуымыз керек. Құранның қасиетті үкімдерін орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендеткен жөн.
Сонда діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау жеріндегі берген сұхбатынан, 2014 ж., 25 тамыз
* * * * *
ДІН
...Рухани әмбебаптықпен қоса, дін, сонымен бірге, халықаралық ынтымақтастықтың жұмыс істейтін институты болып табылады. Ал, бұл – жер-жердегі және аймақтық қақтығыстар саны артып, олардың біразы этнодіндік мазмұнға ие болып отырған қазіргі кезеңде ерекше маңызға ие.
Саяси үйлестіру әдістері іске аспай отырғанда, Құдай сөзі бітімгершілік пен үміттің жалғыз ғана құралы болып қалады...
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І Съезінде сөйлеген сөзінен,
2003 ж., 23 қыркүйек
*****
...Қазақстан үшін исламның рөлі недәуір және мұны түсіну ұлттық санамыздың маңызды мінездемесіне айналғалы тұр. Бұл әсіресе осынау ұлы дала гуманистік дінінің рөлі мен мәні ұзақ жылдар бойы бұрмаланып келгеннен кейінгі жерде өте маңызды...
Қазір Ислам әлемнің ең көп таралған діні. Онда да іргелі қағидаларды сақтай отырып, күделі реформалау үрдісі жүріп жатыр. Бұл ахуалдың ислам терең тамыр жайған елдердің ұлттық өркендеу үрдісінде зор рөлінің бар екендігін бағаламасқа болмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабынан, Алматы, 2003 ж
*****
...Қазақ топырағы арқылы барлық әлемдік діндер өткен, сондықтан да жатырқаушылық немесе діни фанатизм сезімі бізге жат.
Осынау рухани дәстүр, Жаратушының қандай жолмен болса да түскен сөзіне жүрегіміздің ашықтығы – Қазақстандағы конфессиялар аралық татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі.
Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этностар аралық,
конфессиялар аралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз.
Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамытыла береді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,
2005 ж., 16 ақпан
*****
...Менің ұсынысым бойынша Рождество, сондай-ақ мұсылмандардың құрбан айт мерекесінің бірінші күні демалыс күндері деп жарияланғанын Сіз білесіз.
Мемлекеттің өз адамдарының діни сезімдеріне деген сый-құрмет сезімі – біздің еліміздегі конфессияаралық келісімнің аса маңызды негіздерінің бірі.
Біз адамгершіліктің мәңгілік ақиқатына сүйене отырып, бір-бірімізді өзара құрметтей және қолдай отыра, ортақ үйімізде татулық пен келісімді сақтап қалдық.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә Назарбаевтың православиелік Рождествомен құттықтау сөзінен, 2006 ж., 7 қаңтар
*****
...Сонымен бірге қоғамның да тұтастай алғанда кәдуілгі жайлардың өзіне діни сипат беретін кездері көп. Діндер арасындағы жанжалдар мен қарама-қайшылықгар делініп жүргендердің көбі мемлекет арасындағы, экономикалық топтар арасындағы, нақты саясаткерлер арасындағы жанжалдар болып келеді.
Дін – адамның ішкі жан-дүниесіндегі тылсым сөз, ал оны адамдар арасындағы қоғамдық келісім деп атап жатады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезінде сөйлеген сөзінен,
2006 жылғы 12 қыркүйек
*****
…Біз Қазақстан халқының діни және этносаралық татулықты ту еткен асыл қасиеттерін әрдайым мақтан тұтамыз. Бұл жетістігімізді әлем жұртшылығына үлгі етуге ұмтыламыз.
Біз жаңа мыңжылдықта да толастамай отырған әлемнің әр бұрышындағы діни текетірестер мен ұлттық қақтығыстардың алдын алуға ықпал етіп келеміз.
Астанадағы бүгінгі басқосу да біздің осындай табанды ұстанымымыздың бір көрінісі.
Сондықтан, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі дүние жүзінде дінаралық келісімнің өркен жайып, өркениеттердің өзара үндестік табу ісінде айтарлықтай рөл атқарады деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезінде сөйлеген сөзінен,
2009 ж., 1 шілде
*****
...Осыдан төрт жыл бұрын біз Құрбан айтты арнайы мереке ретінде жарияладық, сол уақыттан бастап бұл күн бүкіл мұсылман жамағаты үшін ресми мейрам ретінде тойлана бастады.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан жетекші мұсылман елдерімен дипломатиялық байланыс орнатты. Олардың басшылары да әлемдік мұсылман қауымдастығына тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қосылғанына ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетіп келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауда сөйлеген сөзінен, 2009 ж., 27 қараша
*****
...Қазақстанда қоғам діннен бөлектенбегенін, сондықтан мемлекет осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуден қалыс қала алмайтынын атап өтті.
Осы ретте, діни сенім қоғамның рухани құндылығын дамыту, қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизмнің алдын алу үшін пайдалануға қажетті орасан гуманитарлық әлеуетке ие және адамгершілік бастауларға негізделетінін ескеру маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |