4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
1) Министрліктің - www.eco.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің - www.ecokloh@eco.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының құралдары арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.eco.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
«Сирек кездесетін және құрып
кету қаупі төнген санатына
жатқызылған өсімдіктер түрлерін
Қазақстан Республикасына әкелуге
және одан тысқары жерлерге
әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға ӨТІНІМ Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына
жатқызылған өсімдіктер түрлерін (қажеттісінің астын сызу) Қазақстан
Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат
беруіңізді сұраймын _______________________________________________
___________________________________________________________________
(cирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына
___________________________________________________________________
жатқызылған өсімдіктер түрлерінің атауы)
Үлгілерді әкелетін және/немесе әкететін адамның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Әкелу және/немесе әкету мақсаты
___________________________________________________________________
Түрі ______________________________________________________________
Саны немесе салмағы _______________________________________________
Бөліктері мен дериваттарының саны немесе салмағы __________________,
Әкелудің (немесе әкетудің) жоспарланған мерзімі және оны кедендік
ресімдеу бекеті ___________________________________________________
Көлік құралдары мен маршрут сызбасы _______________________________
Экспорттаушы мен импорттаушының заңды мекенжайы ___________________
___________________________________________________________________
(орыс және ағылшын тілдерінде, олардың телефондары немесе факстары)
20__ жыл «__» ____________
(өтінім берілген күн)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен
бекітілген
«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Министрліктің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
2) www.е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіштегі немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат).
7. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы немесе аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі;
3) интродукциялауды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе сауда чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырмасы);
4) жануарлардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;
5) биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру немесе аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі электрондық көшірмесі түрінде;
3) интродукциялауды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе сауда чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырмасы) электрондық көшірмелері түрінде;
4) мәліметтер нысаны түріндегі жануарлардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;
5) биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы электрондық құжат түрінде.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
1) жеке тұлға - оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
1) Министрліктің: www.eco.gov.kz;
2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.fhc.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының құралдары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
«Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
____________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________
(заңды тұлғаның атауы не
____________________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (толық)
____________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге өтінім Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге (қажеттісінің астын сызу) рұқсат беруді
сұраймын.
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізудің мақсаты ___________________________________
Жануар түрі ___________________________________________________
Жануардың саны мен салмағы ____________________________________
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізудің мерзімі ___________________________________
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізу ауданы _______________________________________
20___ жылғы _________
______________________ __________________
(өтінім берілген күн) (қолы, Т.A.Ә.)
МО (заңды тұлға үшін)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен
бекітілген
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер беру 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - облыс әкімдігінің қағаз жеткізгіштегі жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулысы (бұдан әрі - қаулы).
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қаулы беруге өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушыны аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың жеңімпазы деп тану туралы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті аумақтық бөлімшесінің біліктілік талаптарына сәйкестігі және (немесе) шарт міндеттемелерін орындауы туралы ұсынымы (көрсетілетін қызметті алушының жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде);
4) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті аумақтық бөлімшесінің біліктілік талаптарына сәйкестігі және (немесе) шарт міндеттемелерін орындауы туралы ұсынымы (көрсетілетін қызметті алушының жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде).
10. Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қажетті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, онда мыналар көрсетіледі:
1) сұрау салудың қабылданған нөмірі мен күні;
2) сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты.
Көрсетілетін қызметті беруші 3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді және қандай да бір құжат жетіспеген жағдайда өтініш берушіні хабардар етеді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
1) жеке тұлға - оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
1) Министрліктің: www.eco.gov.kz;
2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.fhc.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының
жануарлар дүниесін пайдаланушыларға
аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы
су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін
сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер
қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке
тұлғаның Т.A.Ә.)