Практикалық сабақ – мақсаты студенттің практикалық дағдылары мен іскерлігін қалыптастыру болып табылатын оқу сабағының бір түрі.
Пререквизиттер (Prerequisite) – оқытылатын пәнді және (немесе) модульдерді меңгеру үшін қажетті білімдерді, іскерлікті, дағдылар мен құзыреттерді қамтитын пәндер және (немесе) модульдер және оқу жұмысының басқа түрлері.
Жұмыс оқу бағдарламасы – ТжКББ ұйымы жұмыс оқу жоспарының нақты пән және (немесе) модулі үшін әзірлейтін құжат.
Жұмыс оқу жоспары – ТжКББ ұйымы әзірлейтін, оқу пәндерінің және/немесе модульдердің тізбесін, көлемін, оларды меңгеру реттілігін, сондай-ақ олардың игерілуін бақылау нысандарын регламенттейтін құжат.
Көп деңгейлі тапсырмалар – оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, сараланған оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Рефлексия – өзін-өзі тануға, өз қызметінің нәтижелерін қайта қарауға және талдауға бағытталған ойлау процесі.
Реферат – зерттеу мәселесі бойынша бірнеше дереккөздердің негізгі мазмұнына қысқаша шолу.
Рефлексиялық презентация – тәжірибе ұсынуға арналған және рефлексия, өзін-өзі бақылау және интроспекцияны қамтамасыз ететін құжат немесе құжаттар жиынтығы.
Оқыту нәтижесі – білім алушылардың білім беру бағдарламасын игеру бойынша алған, көрсеткен білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі.
Оқытушының жетекшілігімен білім алушының өзіндік жұмысы - оқытушының өзі айқындайтын жеке кесте бойынша жүргізілетін оқытушының басшылығымен білім алушының жұмысы; білім алушылардың санатына қарай ол: педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ПСӨЖ), студенттердің өздері орындайтын (СӨЖ) болып бөлінеді.
Семинар – практикалық білімді ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі, оның ерекшелігі студенттердің оқытушының басшылығымен өздері жасаған хабарламаларды, баяндамаларды, рефераттарды ұжымдық талқылауынан тұрады. Семинардың мақсаты курстың тақырыбын немесе бөлімін терең зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |