ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
АСТАНА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ
«ИСЛАМТАНУ»
БӨЛІМІ
22-04 тобының
2022-2023 оқу жылындағы
II-жарты жылдық тәрбие жұмыстарының
ЕСЕБІ
Тәрбие бөлімінің меңгерушісі: ___________________ Курбанов Б. О.
Топ жетекшісі: ___________________ Абу Қ
Астана, 2023ж.
«Исламтану» мамандығының І курс 22-04 тобының жетекшісі –
Абу Қазыбек 2022-2023 оқу жылының ІІ жарты жылдығында жүргізілген тәрбие жұмысының қорытынды есебі
І. Топқа сипаттама.
22-02 тобы II семестрдің қорытындысы бойынша. Тобымызда 13 студент. Оның ішінде 13 ұл бала бар. Топтағы студенттердің 11– жатақханада тұрады.
Топ белсенділері :
Топ басшысы: Елусинов Ризабек
Көмекшісі: Елеубаев Мадияр
Спорт секторы: Абылай ДінМұхаммад
ІІ. Топтың оқу үлгерімі:
ІI-семестр бойынша оқу үлгерімі:
Үлгерімі __,
Сапасы __,
Орта балы __.
ІІІ. Тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша ІІ семестр бойы өткізілген тәрбие сағаттары туралы мәлімет.
Тәрбие жұмыстарының ең негізгі міндеті – студенттерді патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды сақтау, білім алу, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік қорғау, құқық бұзушылықтын алдын-алу, қоршаған ортаға пайдалы болу және асыл дініміздің құндылықтарын жеткізу. Осы мақсаттарға жету мақсатында әр аптаның бейсенбі күні топта тәлімгерлік сағат өтіліп отырды. Тәлімгерлік сағатта әр студент берілген тақырып бойынша баяндама дайындады. Апта сайын жоспар бойынша берілген тақырыпты ортаға салып талқылай келе, тақырыпқа байланысты уағыз-насихат айтылып, бейнефильмдер көрсетіліп отырды. Студенттер әр тәрбие сағатына тың дайындықпен келіп, жаңаша мәліметтермен бөлісті. Өзара пікір алмасып, ойларын жеткізе білді. Өздеріне көп пайда алды деп айта аламын. Сонымен қатар студенттердің ата-анасымен тығыз байланыста болдым. Әр ата-анаға уақытылы медресе колледж тынысындағы ақпараттарды, хабарларды жеткізіп отырдым. Студенттерге тәрбие беруде ата-аналармен тығыз жұмыс жасадым. Осы оқу семестрінде студенттерге төмендегідей тәрбие сағаттары өткізілді.
2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығында жасалынған тақырыптық жоспар бойынша әр аптаның жұма күнінде тәлімгерлік сағаттар мына тақырыптарға сай өткізіліп отырды. Атап айтсақ,
Бала құқығы және заң алдындағы жауапкершілік
Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл
Еркін тақырып
Ұл ұлығымен, қыз қылығымен көркем
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл
«Кітаптың беттерінің сиқырлы сыры». Отбасымен қосылып оқу
Еркін тақырып
1 наурыз Алғыс айту күні
8 наурыз Халықаралық қыз келіншектер, аналар күні
Қош келдің Әз-Наурыз. Жастарға әдеп ғұрыпты дәріптеу
Еркін тақырып
12 сәуір. Ғылым қызметкерлер күні
Салауатты өмір – ғұмырымның өзегі
Еркін тақырып
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
7 мамыр «Сегіз қырлы, бір сырлы» Отан қорғаушылар күні
9 мамыр. Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс!
Еркін тақырып
1 маусым балалар күні.
Жазғы сессияға дайындық
ІV. Топта өткізілген тәрбиелік іс-шаралар.
22-02 тобына
10.02.2023 ж күні «Ислам ғалымдарының әлемдік ғылымға қосқан үлестері» тақырыбында шығармашылық жұмыс атқарды.
10.03.2023 ж күні «Пайғамбар өмірі» аты топтық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс үш бағыт, Меккелік кезең және Мединалық кезең болып екі тақырып бойынша өз ара жарысты.
1. Берілген тақырып бойынша өз ойларын жеткізу
2. Сұрақ-жауап
3. Сөзжұмбақ
29.03.2023 ж күні Астана қаласында ұйымдастырылған «Жасыл Астана» бір айлық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке топ суденттері толық қатысты.
V. Топ студенттерінің үйірме жұмыстарына, спорттық т.б. жұмыстарға қатысуы, алған орындары және мақтау қағаздары.
Топ шәкіртті Абылай Дінмұхаммедали Астана қаласында ұйымдастырылған колледждер арасында қалалық «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысып жүлделі бірінші орын алды.
VІ. Топтың тәрбие жұмысындағы сәйкессіздіктер. Топта сәйкессіздіктер жоқ.
VІІ. Тәлімгерлердің және топ студенттерінің ұсыныстары.
Студенттер келесі семестрде араб тілі сабақтары мен қоса қазақ зиялылары және қазақ даласынан шыққан ислам ғұламаларының өмірімен танысу сабақтары болуын ұсынып отыр.
Тәлімгер ретінде ұсынарым : Шәкірттерді Астана қаласында орналасқан тарихымыз бен құндылықтарымызды дәріптейтін жерлерге, қойылымдарға көптеп ауару.
22-04 тобының жетекшісі: ___________ Абу Қазыбек Ануарбекұлы
Достарыңызбен бөлісу: |