1. Алдыңғы тексерулердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді)
|
№
|
Талаптардың атауы
|
Бұзушылық дәрежесі
|
1-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін
|
1.1-бөлім. Жалпы ережелер
|
1.
|
Өндіріс объектісі аумағында бөгде адамдар мен жануарлардың кіруін болдырмайтын қоршаудың болуы
|
Өрескел
|
2.
|
Өндіріс объектісінің аумағына (аумағынан) барлық кіреберістерде (шығаберістерде) автокөліктің қозғалғыш бөлігін зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялық тосқауылдың (бұдан әрі – дезнфекциялық тосқауыл) болуы, тосқауылдың үстіне екі жағынан қабырғалармен жабылған қалқа орнатылады. Дезинфекциялық тосқауыл жыл бойы жұмыстық жай-күйде ұсталады
|
Өрескел
|
3.
|
Ересек жануарларға арналған шетен қораға жануарларға сұрыптама жүргізілгеннен кейін және жаңа жануарларды қояр алдында әр жолы дезинфекция жүргізгендігі жөніндегі актілердің болуы
|
Өрескел
|
4.
|
Ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды жазуға арналған журналдардың болуы
|
Елеулі
|
5.
|
Өндіріс объектісінің аумағы «А», «Б», «В», «Г» және «Д»* аймақтарына бөлінуі
|
Елеулі
|
6.
|
Жануарларды күтіп-бағуға арналған мал шаруашылығы қора-жайларының құрамында мынадай объектілердің болуы:
1) жануарларды (төлді және ересек мал басын) күтіп-бағуға арналған ғимараттар;
2) қалқалары, оттықтары, суаратын астаулары, өткелектері, басқыштары мен таразысы бар жануарларды серуендетуді ұйымдастыруға арналған қашалар;
3) бір кіреберісі және шығаберісі бар, периметр бойынша қоршалған және арық салынған көңді және сұйық көңді сақтауға арналған алаңша
|
Елеулі
|
7.
|
Карантиндік бөлімше және оқшаулағыш бірыңғай блокта орналасқанда, олардың арасында жұмысшылардың арнайы киіміне арналған шкафтар, қолжуғыш, дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтар, аяқкиімді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялық төсеніш орналасқан тамбурдың болуы
|
Елеулі
|
8.
|
Жануарларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлар мен қоршалған ашық қашалар көңнен тазартылуы тиіс
|
Елеулі
|
9.
|
Өндіріс объектісін сумен қамтамасыз ету
|
Елеулі
|
10.
|
Жылытылатын мал шаруашылығы және қосалқы қора-жайлардың (жаңа туылған төл үшін) болуы
|
Елеулі
|
11.
|
Төлдерді бір кезеңде өсіретін қора-жайлармен біріктірілген карантиндік ғимараттың болуы
|
Елеулі
|
12.
|
Дератизация жүргізгендігі туралы актілердің болуы
|
Елеулі
|
13.
|
Жануарлардың қоректендіру заттарына, минералды тұздарға және дәрумендерге қажеттілігін қанағаттандыратын азықтандыру рационның болуы
|
Елеулі
|
14.
|
Иттерді уақтылы құтыруға қарсы вакциналау және диагностикалау, сондай-ақ жылына кемінде 4 рет дегельминтизация жүргізу жөніндегі талаптың сақталуы
|
Елеулі
|
15.
|
Көң сақтайтын орынды өндірістік ғимараттардың желден ық жағында кешен аумағының сыртында кемінде 60 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта орналастыру
|
Болмашы
|
16.
|
Технологиялық үдерісті қамтамасыз ету және өндірістік аймақта қызмет көрсету үшін өндіріс объектісінің ішінде қолданылатын арнайы көліктің болуы
|
Болмашы
|
17.
|
Әрбір мал шаруашылығы қора-жайларының (базаның), жемшөп дайындайтын цехтардың, жемшөп сақтайтын қоймалардың, астық сақтайтын қоймалардың және басқа объектілердің терезелері, есіктері, желдету тесіктерінде жабайы құстардың ұшып кіруіне жол бермейтін торлы рамалардың болуы
|
Болмашы
|
18.
|
Оқшауланған секциялар мен қора-жайларда оңтайлы ауа алмасуды және жануарлар орналасқан барлық аймақ бойынша таза ауаның біркелкі таралуын қамтамасыз ететін желдету жүйесінің болуы
|
Болмашы
|
19.
|
Ауру жануарларды өндірістік үй-жайлардан мал сою пунктіне тасымалдауға арналған арнайы көлік құралының болуы
|
Болмашы
|
20.
|
Жалпы шаруашылық оқшаулағыш болмаған жағдайда, жертөлесі және өзінің ішкі ауласына шығуға арналған құрылысы бар биіктігі 2 м тұтас дуалмен қоршалған оқшаулағыштың болуы
|
Болмашы
|
21.
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені, өлу, бірнеше жануардың бір мезгілде ауыруы жағдайлары туралы хабардар ету
|
Өрескел
|
1.2-бөлім. Шошқа өсіру жөніндегі субъектілер үшін
|
22.
|
Бордақыланатын шошқаларға тамақ қалдықтарын азық ретінде пайдаланар алдында зарарсыздандыру үшін арнайы қазандардың болуы
|
Өрескел
|
23.
|
Шаруашылыққа әкелінген жануарлардың әрбір партиясына ветеринариялық сертификаттардың немесе ветеринариялық анықтамалардың болуы
|
Өрескел
|
24.
|
Мегежіндердің төлдеуіне және торайларды бағып өсіруге, шошқа басын толықтыратын төл өсіруге және жануарларды бордақылауға арналған қора-жайларды (секцияларды) «бәрі бос емес – бәрі бос» қағидаты бойынша пайдалану
|
Елеулі
|
25.
|
Бастапқы қалыптастырылған әрбір торайлар тобының құрамын кейінгі өндіріс сатыларында – шошқа басын толықтыратын төлді бағып өсірде, өсіруде және бордақылауда жеке өндірістік бірлік ретінде сақтап қалуы
|
Елеулі
|
26.
|
Репродукция цехында аналық шошқа торайлаған кезде шуын немесе өлі туған төлді жинау үшін ылғал өткізбейтін ыдыстардың болуы
|
Елеулі
|
27.
|
Асыл тұқымды өндіріс объектілері мен асыл тұқымды репродукторлардағы барлық шошқа басына, сондай-ақ тұқымдық қабандар, буаздығы мен қысырлығы анықталған шошқа басын толықтыратын ұрғашы төлдерді (топпен күтіп-бағу кезінде) тауарлық өндіріс объектілері мен өнеркәсіптік үлгідегі кешендерде серуендету жүйесінің болуы
|
Болмашы
|
1.3-бөлім. Ірі қара малды өсіру жөніндегі субъектілер үшін
|
28.
|
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакциналау және олардың диагностикасын қамтамасыз ету
|
Өрескел
|
29.
|
Шаруашылыққа әкелінген жануарлардың әрбір партиясына ветеринариялық сертификаттардың немесе ветеринариялық анықтамалардың болуы
|
Өрескел
|
30.
|
Өндіріс объектісіне жануарлар келіп түскен кезде эпизоотологиялық зерттеп қарау (карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар) актісінің болуы
|
Өрескел
|
31.
|
«Бәрі бос – бәрі бос емес» технологиялық қағидатын сақтау
|
Елеулі
|
32.
|
Келіп түсу және бір жастық топтан екінші топқа әрбір технологиялық ауыстыру кезінде мал басын диспансеризациялау жүйесін жүргізу
|
Елеулі
|
33.
|
Ірі қара малды жайылу-азықтандыру алаңдарының нормаларын сақтау
|
Болмашы
|
34.
|
Жануарларды терең ауыстырылмайтын төсемдерде күтіп-бағу кезінде жануарларды күтіп-бағу алаңдарында нөсерлік кәріз жүйесінің болуы
|
Болмашы
|
1.4-бөлімі. Ұсақ малды өсіру жөніндегі субъектілер үшін
|
35.
|
Шаруашылыққа әкелінген жануарлардың әрбір партиясына ветеринариялық сертификаттардың немесе ветеринариялық анықтамалардың болуы
|
Өрескел
|
36.
|
Өндіріс объектісіне жануарлар келіп түскен кезде эпизоотологиялық зерттеп қарау (карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар) актісінің болуы
|
Өрескел
|
37.
|
Мал басының 0,5 %-ы есебімен өндіріс объектісінде ауру жануарларды уақытша күтіп-бағуға арналған бөлек секцияның болуы
|
Елеулі
|
38.
|
Жарып-сою бөлмесінде жануарлар өлекселерін, түсіктерді және шуды жинауға арналған су өтпейтін сиымдылықтардың болуы
|
Елеулі
|
39.
|
Қойдың инфекциялық ауруы пайда болған жағдайда ауру толық жойылғанға дейін ауру малды (отарды) басқа отарлардан оқшаулап ұстау үшін жағдайлардың болуы
|
Елеулі
|
1.5-бөлімі. Құс өсіру жөніндегі субъектілер үшін
|
40.
|
Инкубациялық жұмыртқалар мен құстарды қабылдаған кезде шаруашылықтың құстардың инфекциялық аурулары бойынша қолайлы екенін растайтын, құстардың туберкулезге, пуллорозға тексерілген, сондай-ақ Ньюкасл ауруына, шешекке және басқа ауруларға қарсы егілген күні көрсетілген құжаттардың болуы
|
Өрескел
|
41.
|
Инкубациялық жұмыртқаның әр партиясына арналған құстардың жұқпалы аурулары бойынша шаруашылықтың қолайлығын растайтын ветеринариялық сертификат немесе анықтаманың болуы
|
Өрескел
|
42.
|
Ветеринариялық зертхананы, сою пунктін және дезинфекциялық блокты әкімшілік-шаруашылық аймақта («В-аймағы») орналастыру жөніндегі талапты сақтау
|
Елеулі
|
43.
|
Балапанды өсіру кезінде оның ересек құспен (құстардың барлық түрлерінің) қатынас жасауын болдырмау
|
Елеулі
|
44.
|
Жұмыртқаларды пароформалинмен дезинфекциялауға арналған камерада есептік ауа температурасы + 30 0С градусты құрайды
|
Елеулі
|
45.
|
Құс қоралардың ішіндегі аралық қабырғалар мен қоршаулардың жоғарғы жағына құруға арналған және серуендету орындарындағы торлардың мынадай көлемдерден аспайтын ұяшықтары болуы тиіс:
күнтізбелік 60-70 күнге дейінгі жастағы тауық балапандары және күнтізбелік 120 күнге дейінгі жастағы күркетауық балапандары үшін - 30 х 30 мм;
ересек тауықтар және күркетауықтар үшін, сондай-ақ күнтізбелік 60-70 күннен асқан тауық балапандары және күнтізбелік 120 күннен асқан күркетауық балапандары үшін - 50 х 50 мм
|
Елеулі
|
46.
|
Әрбір жұмыртқалар партиясының инкубациясынан кейін инкубациялық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талапты сақтау, оның ішінде өлген, әлсіз, барабар емес балапандарды, қабықты ауызы тығыз жабылатын металл жәшіктерге салады және азық етіп өңдеу үшін кәдеге жарату цехына жібереді немесе өртейді
|
Елеулі
|
47.
|
Инкубация алдында және соңында инкубаторийді және оның ішінде орналасқан жабдықтар мен мүккәммалды, сондай-ақ қоймалық және қосалқы қора-жайларды дезинфекциялау жөніндегі талапты сақтау
|
Елеулі
|
48.
|
Қоймалық үй-жайларды (жемшөптерге арналған, төсемдер, жұмыртқа қоймасы), жұмыртқаларды сұрыптайтын және өңдейтін цехтарды (ыдыстарды дезинфекциялау пунктімен бірге) өндірістік аймақ қоршауының сызығы бойынша орналастыру
|
Болмашы
|
|