Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы



бет3/3
Дата20.06.2016
өлшемі190.5 Kb.
#150600
1   2   3

12-параграф. Жұмыстың басталуы
284-174. Жұмыс басталар алдында жұмысты қауіпсіз жүргізуге жауапты:

рұқсат-тапсырысқа сәйкес жұмысшылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, әрбір жұмысшыны оның бір күндік өндірістік тапсырмаларымен таныстырады;

қауіпті аймақтың қоршалуын және оның жағдайын тексереді;

сақтандыру схемасы мен сақтандыру арқандарының бекіту нүктелерін, арқандардың қысылып қалудан, бүктелген жерден немесе конструкцияның ұшты элементтеріне қажалып зақымданудан қорғау әдістерін анықтайды. Бір жұмысшыға арналған сақтандыру арқандарының бекіту нүктелері 1000 кгс аз болмайтын жүкті көтеруге тиіс.

284-175. Сақтандыру схемасын таңдау жұмысшының түсіп кетуі кезінде тіке және маятникті (жанына) құлауының, барлық жағдайларда құлап кеткен жұмысшының денесіне түсетін күш ауырлығы 600 кгс аспайды, аз болуын қамтамасыз ету талаптарымен анықталады.

284-176. Таңдалған сақтандыру схемасы мен жұмыс тәртібі жұмыс үдерісі мен жұмыс орнына жақындау кезінде жұмысшылардың бір бірінің үстінде жұмыс істеуін болғызбайды.

284-177. Жұмысшылармен бірге жұмысқа қатысушы бригадир (звено басшысы) жұмыс өндірісі жобасында көрсетілген жұмысты ұйымдастыру схемасына сәйкес қажетті жабдықтар мен қорғау құралдарын алады, олардың жағдайын тексереді; жоғарғы жұмыс орнын биіктіктен түсіп кетуі мүмкін артық заттардан тазартады. Алып тастау мүмкін емес заттар бекітіледі; құралдарды, аспаптар мен материалдарды жұмысқа дайындайды.

284-178. Жұмысшыны сақтандыру әдістері объект ерекшеліктерімен және атқарылатын жұмыс сипаттарымен анықталады.



13-параграф. Авариялық жағдайда әрекет ету
284-179. өнеркәсіптік альпинизм әдісімен биіктікке өрлеу жұмыстары өндірісімен тікелей байланысты авариялық жағдайларға төмендегілер жатады:

ауа – райы жағдайының кенеттен төмендеуі;

жұмысшының ұстап тұрушы торапта немесе түсіру құрылғысында кідіріп қалуы;

сақтандыру жіптерінің зақымдануы;

жұмысшының сақтандыру жібінде (жіптерінде) кідіріп қалуымен байланысты кедергілер,

жұмысшының денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін технологиялық сипаттағы авариялар.

284-180. Найзағай, жаңбыр, қар, желдің 15 м/с жылдамдыққа дейін күшейуі кезінде:

жұмыс өндірісі аймағындағы жабдықтар мен материалдарды бекіту;

жұмысшыларға жерге немесе қауіпсіз жерге түсу, жіптің бос ұштарын бекіту немесе оларды таңдап және шығанақтарға орау;

284-181. Оның шектен тыс тартылуы жағдайында немесе түсіру құрылғысын сыналау кезіндегі жұмысшының ұстағыш торапта кідірісі кезінде жұмысшы созылған торапты немесе сыналанған құрылғыны түсіреді. Осы үшін жүктелген жіпке екінші ұстағыш торапты жалғауға арналған резервтегі ілмекті пайдаланады, ілмекті аяққа арналған бекіткіш ретінде пайдаланады. Жұмысшыда кішкене басқыш қысқыштар болған жағдайда, оны ұқсас мақсатта пайдалану керек. Аяқты бекітуге арналған ілмекті жүктелген жіптің төмен орналасқан бос ұштарына байлау қажет. Жылдам эвакуациялау қажет болған жағдайда резервтегі ілмектің көмегімен өзін өзі сақтандыруға арналған жаңа ұстағыш торап байланады, ал созылған тораптың стропын пышақпен кесіп тастайды.

284-182. Сақтандырғыш жіп зақымдалған кезде жұмысшының әрекеті зақымданған жер мен оның сипаттамасымен айқындалады.

284-183. Жүктелген жіп ажыраған және жұмысшы екінші сақтандырғыш жіпте ілініп қалған кезде, ол екінші жіппен қауіпсіз жерге түседі немесе объекті құрылысына өзін өзі сақтауды ұйымдастырып, өзге жұмысшыдан авариялық жағдайдан шығу үшін артық жіпті алады.

Тікелей объектіде, жоғарғы жұмыс аймағында жұмыс істеп жатқан бригадада (звено) авариялық құрал – жабдықтар кешені бар, олар:

бригадалық дәріханашық;

ұзындығы жерге немесе жақын алаңға дейін жететін 2 жіп;

2 өзін өзі сақтандыру ілгегі;

4 карабин;

пышақ;


блок – ролик;

зақымдану орнына бекітілетін қосымша жіп.

284-184.Жұмысшының жоғарғы жағындағы сақтандыру жібі ішінара зақымдалған жағдайда, объекті құрылысына арналған қосымша өзін өзі сақтандыруды ұйымдастыру қажет, содан соң өзге жұмысшылардың көмегімен зақымдалған жіпті ауыстыру қажет.

284-185. Жұмысшының төменгі жағындағы сақтандыру жібі ішінара зақымдалған жағдайда зақымдалған учаскені «жолсерік» немесе «көбелек» тораптарының көмегімен жұмыстан алып тастау қажет, сосын ол арқылы ұстағыш торапты немесе өзін өзі сақтандырғыш қысқыштарын өткізу қажет, ал жерге немесе қауіпсіз жерге түскен соң зақымдалған жіпті ауыстыру қажет.

284-186. Жұмысшының сақтандыру жібінде (жіптерінде) ілініп қалып, кедергіге кезігуі кезінде, ол, нақты жағдайға байланысты, объекті құрылысына шығу орнына дейін түседу, немесе ұстағыш торапқа немесе кішкене басқышты қысқышқа арналған бөлу ілмектерінің көмегімен кедергі орнынан көтеріледі, немесе егер қол жету шегіндеге сол секілді деңгейде ұқсастықтар болса ыңғайлы алаңға дейін маятникпен ауытқиды.

284-187. Жұмысшы жарақат алған жағдайда алғашқы медициналық көмекті жарақаттың ауырлығы немесе нақты жағдайға байланысты олардың өзі немесе өзге жұмысшылар көрсетеді.

284-188. Жеңіл жарақат алған жағдайда, жұмысшы қауіпсіз жерге дейін түседі, ол жерде ол өзі немесе өзге жұмысшылардың қатысуымен қажет көмек ала алады.

284-189. Зардап шегушінің өз еркімен төмен түсу мүмкіндігін болдырмайтын жарақат кезінде, өзге жұмысшылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетеді және оған дәрігердің көмегін көрсетуге, «жедел жәрдем» шақыруға мүмкіндік бар орынға түсіруді (тасымалдауды) ұйымдастырады және болған оқиға туралы қауіпсіз жұмыс өндірісіне жауаптыларға тез арада хабарлау.




13-параграф. Жұмыстардың аяқталуы
284-190. Электр жүйесінен электрленген құралдарды және жабдықтарды ажырату, жабдықпен қызмет көрсету бойынша регламенттік талаптарды орындау.

284-191. Жұмыс аймағында қалған жабдықтарды, құралдарды және материалдарды бекіту және оларды атмосфералық әсерлерден сақтау.

284-192. Құрылыстарға бекітілген жіптерді жұмыс аймағына көтеру немесе алып тастау. Пайдаланылған жіптерді шығанақтарға орау. Жұмыс технологиясы келесі ауысымға дейін объектіде қалатын барлық сақтандыру жіптерін, жіптердің төменгі ұштарын алып тастауға мүмкіндік бермеген жағдайда мықтап бекітіледі.

284-193. Құралдар мен сақтандыру жабдықтарын тазалап, тексеріп және штаттық ыдыстар мен сақтандыру орындарына апарып салу қажет.

284-194. Наряд – рұқсатта көрсетілген жұмыстың аяқталуы бойынша қосымша іс шараларды орындау.

284-195. Жауапты тұлғаға жұмыстың аяқталғандығы туралы баяндау.



284-196. Қауіпсіз жұмыс жүргізілуіне жауапты тұлға жұмыстың аяқталуы бойынша наряд – рұқсатпен айқындалған іс шаралардың орындалуына бақылау жүргізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет