Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы



бет1/4
Дата24.02.2016
өлшемі264.5 Kb.
#16291
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 41, 569-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 2 желтоқсан N 270-271

 Президент пен Үкiмет  


актiлерiнiң жинағында 
жариялануға тиiс   

      Қоғам өмiрiнiң барлық салаларында гендерлiк теңдiк қағидаттарын iске асыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясы бекiтiлсiн (бұдан әрi - Стратегия).

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:


      1) өз қызметiнде Стратегияны басшылыққа алсын және оны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2) қабылданатын мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк  бағдарламалардың (жоспарлардың) Стратегиямен келiсiлуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияға Стратегияның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.


       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2006.02.01  N 56 , 2008.05.15  N 593  Жарлықтарымен. 

      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия жыл сайын 15 ақпанға Стратегияның iске асырылу барысы туралы Мемлекет басшысын хабардар етiп отырсын.


       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2008.05.15  N 593  Жарлығымен. 

      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi:


      1)  алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 2008.05.15  N 593  Жарлығымен. 
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2008.05.15  N 593  Жарлығымен. 

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Қазақстан Республикасы  


Президентiнiң      
2005 жылғы 29 қарашадағы
N 1677 Жарлығымен   
БЕКIТIЛГЕН       

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА


2006-2016 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ГЕНДЕРЛIК ТЕҢДIК
СТРАТЕГИЯСЫ

Астана, 2005 жыл



МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

Негiзгi ұғымдар

1-бөлiм.   Ерлер мен әйелдердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң


         нақты теңдiгiн қамтамасыз ету - уақыт талабы

2-бөлiм.   Қоғамдық-саяси өмiрдегi гендерлiк теңдiкке қол


           жеткiзу

3-бөлiм.   Экономикадағы гендерлiк теңдiкке қол жеткiзу

4-бөлiм.   Гендерлiк бiлiм беру. Құқықтық және гендерлiк
           оқу-ағарту

5-бөлiм.   Ерлер мен әйелдердiң ұрпақты болу денсаулығын


           бекемдеу

6-бөлiм.   Қоғамдағы жынысқа байланысты зорлық-зомбылықтың


           алдын алу

7-бөлiм.   Отбасындағы гендерлiк теңдiкке қол жеткiзу. Отбасын


           нығайту және отбасындағы тәрбиенiң рөлiн күшейту

8-бөлiм.   Гендерлiк сезiмтал қоғамдық сананы жетiлдiру

9-бөлiм.   Стратегияны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

  КIРIСПЕ



      Қазақстан дүниежүзiлiк қоғамдастыққа кiрiгудi өзiнiң сыртқы саясат саласындағы басымдығы ретiнде айқындады.
      Әлем елдерiнiң көпшiлiгi қол қойған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық декларациясында (2000 ж.) ерлер мен әйелдердiң теңдiгiн көтермелеу, әйелдердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту үшiншi мыңжылдықтағы адамзат дамуының негiзгi мақсаттары ретiнде айқындалған.
      Қазiргi кезде бүкiл дүние жүзiнде тарихи қалыптасқан ерлердiң әйелдерден басым болу жағдайы өзгерiстерге ұшырауда. Өнеркәсiбi дамыған және әлеуметтiк бағдар алған елдерде әйелдер өз құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң ерлермен тең болуына iс жүзiнде қол жеткiздi.
      Тәуелсiздiк жылдары iшiнде Қазақстан ерлер мен әйелдердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау саласында да белгiлi бiр дәрежеде iлгерiледi.
      1998 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсiтудiң барлық нысандарын жою туралы  конвенциясына  қосылды. БҰҰ-ның "Әйелдердiң  саяси құқықтары  туралы" және "Тұрмыс құрған әйелдiң  азаматтығы туралы " конвенциялары да бекiтiлдi. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық  пакт  пен Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы пактiге және басқаларына қол қойылды. Қазақстан адам құқықтары туралы барлығы 60-тан астам халықаралық шартқа қосылды.
      Үкiметтiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190  қаулысымен  Қазақстан Республикасындағы Гендерлiк саясат тұжырымдамасы мақұлданды. Ол елiмiздегi гендерлiк саясаттың негiзгi бағыттарын - ерлер мен әйелдердiң билiк құрылымдарына теңгерiмдi қатысуына қол жеткiзудi, әйелдердiң экономикалық тәуелсiздiгi, өз бизнесiн дамытуы мен мансап жолында iлгерiлеуi үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз етудi, отбасындағы құқықтар мен мiндеттердiң тең жүзеге асырылуы үшiн жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлық-зомбылықтан азат болуды айқындады.
      2004 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өткiзiлген Қазақстан әйелдерiнiң IҮ Форумында ел Президентi Үкiмет пен Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияға аталған Тұжырымдаманың негiзiнде Қазақстан Республикасында Гендерлiк теңдiк стратегиясын әзiрлеп, онда экономикалық, әлеуметтiк және саяси салаларды қоса алғанда, қызметтiң негiзгi бағыттарын анық белгiлеу, әйелдерге тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету үшiн шаралар жүйесiн мерзiмдерi бойынша әзiрлеу керек екенiн тапсырды.
      Стратегия - мемлекеттiң гендерлiк саясатын iске асыруға бағытталған негiзгi құжат, оны iске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингiн жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты Стратегияның әр бөлiмiне БҰҰ Әйелдер қорының өңiрлiк офисiмен (ЮНИФЕМ) бiрлесiп әзiрленген, саясатта, экономикада, бiлiм беруде, отбасында, денсаулық сақтау және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелерiнде гендерлiк теңдiкке қол жеткiзу жөнiндегi көрсеткiштер енгiзiлген.
      Гендерлiк теңдiк стратегиясы 2006-2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен әйелдердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгiне қол жеткiзу жөнiндегi мiндеттердiң шешiлуiн көздейдi, 9 бөлiмнен тұрады.
      Қазақстан Республикасында Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру әйелдер мен ерлердiң өздерiнiң өмiр сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсiтусiз iске асыруы үшiн жағдай жасауға ықпал ететiн болады.

  НЕГIЗГI ҰҒЫМДАР



       Уақытша арнайы шаралар  - қоғамда гендерлiк теңгерiмге қол жеткiзуге бағытталған шаралар (мысалы, оң дискриминация нысаны ретiнде билiк органдарындағы әйелдер өкiлдiгiнiң квотасы), БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсiтудiң барлық түрлерiн жою туралы  конвенциясына  сәйкес ол кемсiту ретiнде қарастырылмайды.
       Гендер  - бұл ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы.
      "Gender" сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi.
      "Гендер" терминi әлеуметтiк процестердi түсiнуге арналған талдау құралы болып табылады.
       Гендерлiк талдау  - әзiрленiп жатқан және қолданыстағы дамыту жобаларының ерлер мен әйелдерге түрлi әсерiн жүйелi түрде зерттеу. Ол саяси, экономикалық, әлеуметтiк және басқа да факторлардың әйелдер мен еркектерге қалайша әсер ететiнiн көруге және салыстыруға мүмкiндiк бередi.
       Гендерлiк теңгерiм  - ұйымдастырушылық құрылымның барлық деңгейлерiндегi ерлер мен әйелдердiң теңдiгi.
       Гендерлiк бюджет  - барлық салалар мен қызметтердiң түрлерi бойынша мемлекеттiк бюджеттiң ерлер мен әйелдердiң түрлi топтарына ықпал етуiн бағалау құралы. Гендерлiк бағдарланған қаржыландыруды талдауды көздейдi, барлық салалар мен қызметтердiң түрлерi бойынша негiзгi шығыстардың әйелдер мен ерлерге жеке әсерiн қарастырады, мемлекеттiк қызметтер саласындағы мүмкiндiктердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған стратегиялар мен қаржыландыруды талдайды.
       Гендерлiк зерттеулер  - әйелдер мен ерлердiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси және мәдени мәртебесiн, гендерлiк рөлдерi мен гендерлiк қарым-қатынасын зерттеу. Қоғамдағы гендерлiк қатынастарға ықпал ету жөнiндегi саясатты, стратегиялар мен бағдарламаларды әзiрлеу мен жоспарлау үшiн ақпарат беру.
       Гендерлiк-құқықтық   сараптама  - халықаралық стандарттар мен нормалардың ұлттық заңнамада қандай дәрежеде iске асырылатынын айқындау.
      Ерлер мен әйелдер үшiн тек тең құқықтар мен жауапкершiлiктi ғана емес, сонымен қатар тең мүмкiндiктердi де қамтитын гендерлiк әдiлеттi саясатты қалыптастыруға ықпал ететiн, өкiлдi және атқарушы органдардың, әлеуметтiң гендерлiк сезiмталдығының дәрежесiн айқындау.
       Гендерлiк ескi нанымдар  - белгiлi бiр жыныстық тегiмен және "жыныстардың мақсатымен" деп аталатын өзара байланысты артықшылық немесе кембағалдық болуы туралы таптаурындар.
       Гендерлiк саясат  - қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет.
       Гендерлiк теңдiк  - әлеуметтiк функцияларды орындау кезiнде жыныстық тегiне қарамастан әйелдер мен ерлердiң ресурстар мен игiлiктерге тең дәрежеде қол жеткiзуi.
       Гендерлiк тең құқықтылық  - әйелдер мен ерлердiң заң алдындағы тең құқықтығы гендерлiк теңдiкке жету жолдарының бiрi болып табылады.
       Гендерлiк рөлдер  - белгiлi бiр қоғамда және тарихи жағдайда қолданылатын әлеуметтiк және мәдени нормаларға сәйкес ерлер мен әйелдерге берiлетiн әлеуметтiк рөлдер.
       Гендерлiк статистика  - ерлер мен әйелдердiң әлеуметтiк-саяси өмiрдiң барлық салаларындағы тиiстi жағдайын бейнелеу және қоғамдағы гендерлiк проблемаларды көрсетедi.
       Гендерлiк таптаурындар  - лайықты "әйелдiк" және "еркектiк" мiнез-құлық, олардың мақсаты, әлеуметтiк рөлдерi мен қызметi туралы қоғамда жалпыға бiрдей қабылданған орнықты көзқарастар.
      Гендерлiк сезiмталдық  - жыныс нышаны бойынша кемсiтудiң негiзiнде жататын әлеуметтiк жағынан ұштасқан факторларды түсiну және назарға алу.
       Гендерлiк сезiмтал жоспарлау  - әйелдер мен қыздарға даму процесiне қатысуға көбiрек мүмкiндiк беруге арналған және жоспарланған iс-қимылдардың әйелдер мен ерлерге әсерiн өлшеуге арналған арнайы әдiстер мен құралдар.
       Гендерлiк сараптама  - мемлекеттiк бағдарламалар мен өзге де актiлердiң ерлер мен әйелдер теңдiгiнiң конституциялық құқығына сәйкес келуiн айқындау және жыныс нышаны бойынша кемсiтудi болдырмау мақсатында оларды қоғамдық-құқықтық тұрғыдан талдау.
       Жынысы бойынша кемсiту  - жынысы бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын кез келген шектеу немесе қысым көрсету, сондай-ақ оның қадiр-қасиетiн түсiру. Кемсiтудiң ең кең таралған түрi жынысы нышаны бойынша кемсiту болып табылады.
       Жанама түрде кемсiту  - жынысы бойынша жалаң ажыратуға (шектеуге, ерекшелеуге) негiзделмеген, бiрақ жынысы түрлi адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануында оларға әр түрлi әсер ететiн iс-әрекеттер.
       Оң тұрғыда кемсiту  - ерлер мен әйелдердiң арасында iс жүзiндегi теңдiк орнатылуын жеделдетуге бағытталған уақытша арнайы шараларды енгiзу мүмкiндiгi. Жынысы бойынша дәстүрлi түрде кемсiтiлетiн топтардың өкiлдерiне қызмет сатысы бойынша жоғарылату, билiктiң сайланатын органдарына ұсынылу, жұмысқа орналасу, бiлiм алу кезiнде артықшылықтар беру.
       Тiкелей кемсiту  - жыныстық тегiн оны тiкелей көрсете отырып iс-әрекеттерде пайдалану мақсатында кемсiту.
       Астыртын кемсiту  - жыныстық тегiн тiкелей көрсетпейтiн, бiрақ жынысы әр түрлi адамдар үшiн бiрдей нәтиже бермейтiн қасақана кемсiту.
       Үйдегi зорлық-зомбылық  (отбасындағы зорлық-зомбылық) - егер бұл iс-әрекет отбасы мүшесiнiң заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсетсе, оның тәнiн немесе жан дүниесiн қинап, моральдық зиян келтiрсе немесе отбасы мүшесiнiң дене жағынан немесе жеке басының дамуына қатер келтiретiн болса, отбасының бiр мүшесiнiң екiншi мүшесiне қатысты кез келген қасақана iс-әрекетi.
       Үй еңбегi  - әйелдердiң үй шаруашылығын ұстап-күту жөнiндегi ақысы төленбейтiн, сандық баламасы мен әлеуметтiк тұрғыдан мойындалған мәнi жоқ қызметi (үй жинау, кiр жуу, тамақ дайындау және т.б.). Үй iшiлiк мiндеттердiң тең бөлiнбеуi әйелдердi кемсiту нысандарының бiрi болып табылады.
       Көрсеткiштер  - алға қойған мақсаттарға жетудегi iлгерiлеушiлiктi (немесе оның жоқ екенiн); зерделенетiн процестiң жай-күйiн көрсететiн көрсеткiштер; сан, сапа және уақыттық қатынаста жоспарланғанмен салыстырғанда iс жүзiнде ненiң өзгергенiн өлшейтiн құрал.
       Квоталар  - сайлауда үмiткерлердiң тiзiмiн жасаған кезде әйелдер мен ерлер өкiлдiгiнiң, сондай-ақ олардың заңнамалық және атқарушы билiк органдарына қатысуының белгiленген деңгейi. Квоталау қоғамдағы гендерлiк теңгерiмге қол жеткiзуге арналған уақытша шара ретiнде қарастырылады.
       Дағдарыс орталықтары  - зорлық-зомбылықтың немесе зорлық-зомбылық қатерiнiң салдарынан қиын жағдайға тап болған, тәуекел тобындағы адамдарға, көбiнесе әйелдерге қызметтер көрсететiн (консультациялар, уақытша баспана беру, оңалуға көмектесу) ұйымдар.
       Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық  - қоғамдық немесе жеке өмiрде жынысы негiзiнде жасалған, әйелге тәни, жыныстық немесе психологиялық залал немесе азап келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн кез келген зорлық-зомбылық әрекетi, сондай-ақ осындай әрекеттiң жасалу қатерi, бас бостандығынан мәжбүрлеп немесе ерiктi түрде айыру.
       Тең мүмкiндiктер  - құқықтар теңдiгiне iс жүзiнде қол жеткiзу үшiн қажеттi құралдар мен жағдайлардың жүйесi.
       Тең құқықтар  - мемлекет кепiлдiк беретiн, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заңнамалық актiлерiнде бекiтiлген, азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, мәдени және басқа да құқықтарды жүзеге асырудың әйелдер мен ерлер үшiн тең құқығы.
       Ұрпақты болу денсаулығы  - адамның толыққанды ұрпақ әкелу қабiлетiн көрсететiн денсаулығы.
       Ұрпақты болу құқықтары  - азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау, азаматтардың некеде немесе некеден тыс бала тууға немесе бала туудан бас тартуға, бойына бала бiтiру мен оларды туу әдiстерiне, балалардың санына, туатын уақыты мен жерiне, бала туу арасындағы уақыт аралығына қатысты шешiм қабылдау мен оны iске асыру, сондай-ақ осы салада медициналық-әлеуметтiк, ақпараттық және консультациялық көмек алу құқығы.
       Жұмыс орнындағы нәпсiлiк қол сұғу  - нәпсiлiк қол сұғу тәни жанасу мен ұсыныстар, нәпсiлiк реңкi бар сөздер, порнография көрсету және сөзбен немесе iс-әрекетпен нәпсiлiк талаптар қою сияқты жағымсыз нәпсiлiк мiнез-қылықты қамтиды.
       Отбасындағы нәпсiлiк зорлық-зомбылық  - бұл отбасының басқа бiр мүшесiнiң жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық еркiндiгiне қол сұғатын әрекет, сондай-ақ жасы кәмелетке толмаған адамға қатысты нәпсiлiк сипаттағы iс-әрекет.
       Адамдарды саудалау  - адамдарды пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын, күш жұмсау туралы қоқан-лоққы немесе күш қолдану немесе мәжбүрлеудiң басқа нысандарының қолдану, ұрлау, алаяқтық жасау, алдау, билiктi немесе бiреудiң осал жағдайын терiс пайдалану жолымен немесе бiр тұлғаны бақылайтын екiншi тұлғаның келiсiмiн алу үшiн оны төлем жасау немесе пайдалар түрiнде сатып алу жолымен адамдарды үгiттеп тарту, тасымалдау, табыстау, жасыру немесе қабылдап алуды бiлдiредi. Пайдалану ең аз дегенде, үшiншi бiр адамдардың жезөкшелiктi пайдалануын және/немесе нәпсiлiк пайдаланудың басқа нысандарын, мәжбүрлi еңбектi немесе қызметтердi, құлдықты немесе құлдыққа ұқсас салттарды, бас еркi жоқ жағдайды немесе ағзаларын алуын қамтиды.
       SWOT-талдау  - ахуалдың немесе құбылыстың әлсiз және күштi жақтарын, сондай-ақ осы ахуалды немесе құбылысты жақсарту жөнiндегi қатерлер мен мүмкiндiктердi айқындауға мүмкiндiк беретiн талдау әдiстерi.

  1-БӨЛIМ. ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕРДIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮМКIНДIКТЕРIНIҢ


НАҚТЫ ТЕҢДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ

МАҚСАТЫ

      Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен Қазақстан қосылған халықаралық актiлерде жарияланған, ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерiн iске асыру үшiн жағдай жасау, сондай-ақ олардың қоғам өмiрiнiң барлық салаларына тең жағдайда қатысуы.

  ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

      2005 жылдың басына қарай республикадағы халықтың жалпы саны 15074,8 мың адамды құрады, соның iшiнде әйелдер - 7817,9 мың адам (51,9 %), ерлер - 7256,9 мың адам (48,1 %). 1000 ер адамға орта есеппен 1077 әйелден келедi.


      Жасы 24-ке дейiнгi аралықтағы халықтың гендерлiк құрамы ерлердiң сан жағынан артық екенiн көрсетедi, себебi ұл балалардың қыз балаларға қарағанда туылуы көбiрек. 25 жастан бастап ерлердiң үлесi 50 %-дан кеми түседi, одан әрi жас ұлғайған сайын бара-бара азая бередi.
      Қазақстанда адамның орташа өмiр жасы 66,2 жылды, соның iшiнде ерлердiкi - 60,6 жылды, әйелдердiкi - 72,0 жылды құрайды. Әйелдер ерлерден 11,3 жыл артық өмiр сүредi.
      Әлеуметтiк рөлдердi бөлудегi қалыптасқан таптаурындыққа байланысты нақты өмiрде әйелдердiң құқықтары мен мүмкiндiктерi ерлерге қарағанда азырақ болады.
      Қазiргi уақытта төрт әйел ғана министр, 8 әйел - министрдiң орынбасары, 3 әйел - комитет төрайымы, 5 әйел - облыс әкiмдерiнiң орынбасарлары, 1 әйел - аудан әкiмi болып тағайындалған. Аудан әкiмдерi орынбасарларының арасында әйелдер 17 %-ды, ауылдық және кенттiк округтер әкiмдерiнiң арасында - 11 %-ды, олардың орынбасарларының арасында - 18 %-ды құрайды. Облыстар мен қалалар әкiмдерiнiң арасында әйелдер жоқ.
      Мемлекеттiк саяси қызметшiлер арасындағы әйелдер санының 2000 жылғы 9,5 %-дан 2004 жылы 10,3 %-ға дейiн бiршама артуы байқалады.  Бұл орайда билiктегi әйелдердiң саны лауазымдық сатының жоғарылығына қарай кеми бередi.
      Әйелдердiң Парламентте өкiлдiк етуi 1999 жылғы 11,2%-дан 2004 жылы 9,5%-ға дейiн төмендеген. Мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидат әйелдердiң саны 1999 жылмен салыстырғанда 16 %-ға  артып, 2004 жылы 1619 адамды құраса да, жергiлiктi өкiлдi органдардағы әйелдердiң саны 1999 жылғы 19,2%-дан 2004 жылы 17,1%-ға азайған.
      Әйелдер еңбек нарығында азырақ сұранысқа ие. 2004 жылы еңбекпен қамту қызметтерiне жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша келгендердiң iшiнен әрбiр алтыншы әйелге ғана жұмыс берiлген. Жоғары және орта арнайы бiлiмi бар 45 жастағы және одан үлкен әйелдердiң жұмысқа орналасу мүмкiндiгi мүлде аз.
      Қазiргi кезде жалданып жұмыс iстейтiн адамдардың жартысына жуығын әйелдер құрайды. Бiрақ олардың еңбекақысы ерлердiң еңбекақысының 61%-ын ғана құрайды. Мұның себебi, әдетте әйелдер денсаулық сақтау мен бiлiм беру iсi сияқты дәстүрлi "әйелдер" салаларында еңбекақысы азырақ қызметтерде жұмыс iстейдi, 2004 жылы әйелдердiң еңбекақысы тиiсiнше ерлердiң еңбекақысынан 85% және 81%-ын құрады.
      Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен оларды нәпсi үшiн пайдалану фактiлерi әлi жойылған жоқ.
      Гендерлiк аспектiлер шешiмдер қабылдау және мемлекеттiк саясатты қалыптастыру процесiнде жеткiлiктi ескерiлмейдi.
      Ерлер мен әйелдердiң мүмкiндiктерiнiң теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн Мемлекет басшысының  Жарлығымен  1998 жылы Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды. Үкiметтiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi N 999  қаулысымен  Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-қимылдардың ұлттық жоспары бекiтiлдi, оның бүгiнгi күнi 85 %-ы орындалды.
      Әлеуметтiк мәнi бар проблемаларды шешуге отбасының, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау саласында жұмыс iстейтiн 300-ге жуық үкiметтiк емес ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктер белсене қатысады, олардың қатарында 150 әйелдер ұйымы бар.
      Тең құқықтар мен тең мүмкiндiктерге қол жеткiзу мақсатында Мемлекет басшысы мынадай мiндеттер қойды:
      билiк органдарында шешiмдер қабылдау деңгейiнде мүмкiндiгiнше әйелдердiң көп болуына ұмтылу;
      заңнаманы жетiлдiру және гендерлiк теңдiктi қамтамасыз ету институттарын қалыптастыру, "Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануын жеделдету, әйелдердi қорғаудың құқықтық тетiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
      әйелдердiң экономикалық өмiрге белсендi араласуы үшiн жағдайлар жасау;
      әйелдер үшiн экономикалық жеңiлдiктер мен артықшылықтар жасау, ана мен баланың денсаулығын жақсарту жөнiнде шаралар қабылдау, әйелдер үшiн құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктердiң елеулi түрде артуын қамтамасыз ету;
      адамгершiлiк құндылықтарды жаңғырту, отбасы мен некенiң жағымды бейнесiн әспеттеу.

  Күштi жақтары

      Қазақстан адам құқықтары жөнiндегi 60-тан астам халықаралық шарттың қатысушысы болып табылады. Олардың қатарында Әйелдерге қатысты кемсiтудiң барлық нысандарын жою туралы  конвенция  (бұдан әрi - СИДО) бар.
      СИДО-ны орындау жөнiндегi Қазақстанның есебiне БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсiтудi жою жөнiндегi комитетi жоғары баға бердi.
      Әйелдердiң азаматтық белсендiлiгiнiң артуы, әйелдердiң үкiметтiк емес ұйымдары санының ұлғаюы.
      Әйелдер арасындағы кәсiпкерлiктi дамытуға арналған кредиттiк желiнi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қолдауы.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң әйелдердiң мүдделерiн мемлекеттiк саясатқа енгiзуге деген ниеттiлiгi.
      Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның құрылуы, Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-қимылдардың ұлттық жоспарының және Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасының қабылдануы.      
      Қазақстан Республикасының Парламентiнде "Отбасы" депутаттық тобының құрылуы. Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықта әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi сектордың құрылуы.
      Гендерлiк теңдiк мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.
      Ұлттық заңнамаға гендерлiк сараптаманың басталуы.
      "Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерi туралы", "Тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы" Қазақстан Республикасында заңдары жобаларының және Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясының
әзiрленуi.

  Әлсiз жақтары

      Гендерлiк теңдiктiң қажеттiлiгiн қоғамның жеткiлiктi түсiнбеуi. Әйелдiң қоғамдағы рөлi мен орны туралы қалыптасқан дәстүрлi таптаурын болуы.
      Мемлекеттiк органдардың гендерлiк теңдiк саясатын мардымсыз iске асыруы. Заңнамалық базаның жетiлмегендiгi, гендерлiк бағдары бар заңнаманың жоқтығы, ерлер мен әйелдердiң аз жүзiндегi теңдiгi. Ерлер мен әйелдердiң iс жүзiндегi тең құқықтылығына қол жеткiзудiң тетiктерiнiң жетiспеуi.
      Мемлекеттiк мекемелердiң және ерлер мен әйелдердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелерiмен айналысатын үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылының жеткiлiксiздiгi.
      Мемлекеттiк органдарда шешiмдер қабылдау деңгейiнде және экономиканың түрлi салаларындағы еңбекақысы жоғары жұмыстарда әйелдерден өкiлдiк етуi нашар.
      Гендерлiк саясатты iске асырудағы мемлекеттiк мониторинг жүйесiнiң, сондай-ақ гендерлiк талдаудың және гендерлiк көрсеткiштердiң болмауы.
      Статистикалық ақпарат көлемi мен оның пайдаланылуының жеткiлiксiздiгi.

  Мүмкiндiктерi

      БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өз елдерiндегi гендерлiк теңсiздiктi жеңу жөнiнде мiндеттемелер алды.
      Ел басшылығы шынайы гендерлiк теңдiкке қол жеткiзуге белсендi түрде ықпал етуде.
      Экономиканың барған сайын өсе түсуi және халықтың әл-ауқатының артуы ерлер мен әйелдердiң өз құқықтарын iске асырудағы мүмкiндiктерiн ұлғайтады.
      Түрлi елдердiң гендерлiк проблемаларды шешу жөнiндегi тәжiрибесiн зерделеу үшiн жағдайлар жасалуда.
      Үкiметтiк емес ұйымдар өздерiнiң гендерлiк теңдiк проблемаларын шешу мәселелерi жөнiндегi қызметiн жандандыруда.
      Гендерлiк мәселелермен айналысатын ұлттық, өңiрлiк және халықаралық ұйымдармен байланыстар орнатылуда.

  Қатерлер

      Билiктiң шешiмдер қабылдау деңгейiндегi әйелдердiң көрiнеу азшылығы олардың әдiлеттi әлеуметтiк қоғам құруға қатысу мүмкiндiктерiн азайтады.
      Жұмысқа қабылдау, мансап сатысымен көтерiлу, бiлiктiлiктi арттыру, кадрларды қысқарту және т.б. кезiнде әйелдердi кемсiту.
      Халықтың елеулi бөлiгiнiң құқықтық сауатсыздығы және құқықтық көзқамандығы.
      Бiлiмнiң жоғары деңгейi жұмыс iстейтiн маман әйелдерге лауазымдық өсу перспективаларына кепiлдiк бермейдi.
      Халықтың гендерлiк бiлiмi мен танымының жеткiлiксiздiгi, бұл әйелдер мен ерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру мүмкiндiгiн азайтады.
      Жұмыссыздар мен кедейлер арасында әйелдердiң басым болуы.
      БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсiтудiң барлық нысандарын жою туралы конвенциясының соттарда қолдану тетiктерiнiң болмауы олардың құқықтарын қорғауды қиындатады.

  СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕРI

      Мемлекеттiк органдар мен бүкiл қазақстандық қоғамның әлеуметтiк жағынан әдiлеттi гендерлiк саясатты iске асыру жөнiндегi күш-жiгерiн бiрiктiру. Бұл мақсаттарда мыналар қажет:
      азаматтардың өзiн-өзi жан-жақты көрсетуi, сондай-ақ саясатты, әлеуметтiк-еңбек және отбасы қарым-қатынастарын қоса алғанда, өмiрдiң барлық салаларында жыныстық теңдiктi қамтамасыз ету үшiн қоғамның құқықтық және саяси мәдениетi деңгейiн көтеру;
      әлеуметтiк-экономикалық саясатты әзiрлеудiң және шешiмдер қабылдаудың барлық деңгейлерiнде гендерлiк сезiмталдықтың артуына қол жеткiзу;
      өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң тең серiктестiгi қағидатының (қарым-қатынастардағы үйлесiмдiк, тепе-теңдiк пен төзушiлiк) сақталуын қамтамасыз ету;
      қызметтiң қандай бiр саласында мүдделерi бәсең бiлдiрiлетiн жыныстың өкiлдерi үшiн уақытша қосымша артықшылықтар беру;
      ұлттық заңнаманы, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi және мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларды әзiрлеу, iске асыру және орындалуын бақылау iсiне гендерлiк әдiстердi ендiру;
      ерлер мен әйелдердiң құқықтарын қорғаудың құқықтық тетiктерiн iске асыру мақсатында заңнаманы жетiлдiрудi және гендерлiк теңдiк институттарын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
      гендерлiк көрсеткiштердi және гендерлiк статистиканы ендiру, нормативтiк құқықтық актiлерге, мемлекеттiк жоспарлар мен бағдарламаларға, оқулықтар мен оқу құралдарына мiндеттi гендерлiк сараптама жүргiзу.

  IС-ҚИМЫЛДАР СТРАТЕГИЯСЫ

      Мемлекеттiк органдар мемлекеттiк гендерлiк саясаттың iске асырылуына бақылауды күшейтуi қажет:
      барлық мемлекеттiк құрылымдарда мемлекеттiк гендерлiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруға жауапты адамдар тобын айқындау;
      шешiмдер қабылдау деңгейiнде гендерлiк теңгерiмдi сақтау;
      шешiмдер қабылдау және мемлекеттiк саясатты қалыптастыру процесiнде гендерлiк аспектiлердi ескеру;
      әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларын әзiрлеу, iске асыру және бағалау кезiнде мемлекеттiк қызметшiлердi гендерлiк ерекшелiктердi есепке алу жөнiндегi жұмыс тәсiлдерiне үйрету;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне гендерлiк аспектiлердi енгiзу;
      облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссиялардың отбасы және гендерлiк саясат мәселелерiмен айналысатын хатшылары лауазымдарын енгiзу;
      ерлер мен әйелдердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың құқықтық тетiктерiн қамтамасыз ету мақсатында "Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерi туралы" және "Тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының қабылдануын жеделдету;
      гендерлiк ерекшелiктерге немқұрайлы қараумен байланысты әлеуметтiк тәуекелдер мен ықтимал залалды азайту мақсатында барлық қолданыстағы және әзiрленетiн нормативтiк құқықтық актiлерге мiндеттi түрде гендерлiк сараптама жасау туралы норманы енгiзу. Осы мақсатта республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде де, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың осы Стратегияны iске асыру жөнiндегi қызметiн бағалау кезiнде қосымша гендерлiк көрсеткiштердi қолдану мүмкiндiгiн қарау. Гендерлiк статистиканы жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау.
       Ескерту. 1-бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2006.02.01.  N 56  жарлығымен.

  2-БӨЛIМ. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМIРДЕ ГЕНДЕРЛIК ТЕҢДIККЕ ҚОЛ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет