Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы


Шебер-жоспарлар және агроөнеркәсіптік кешенді өңірлік деңгейде дамыту бағдарламасы нақтылау



бет7/9
Дата22.02.2016
өлшемі0.81 Mb.
#2041
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5.8. Шебер-жоспарлар және агроөнеркәсіптік кешенді өңірлік деңгейде дамыту бағдарламасы нақтылау

      Ескерту. 5.8-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 749 Қаулысымен.



      АӨК басым бағыттарын жедел дамыту мақсатында осы бағдарлама шеңберінде келесі бағыттар бойынша 8 шебер-жоспар әзірленді:
      астықты өндіруді, тереңнен қайта өңдеуді және экспорттауды дамыту;
      майлы дақылдарды өндіруді және қайта өңдеуді дамыту;
      жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруді және қайта өңдеуді дамыту;
      қант қызылшасынан ақ қант жасауды дамыту;
      ет және ет өнімдерін өндіруді және экспорттауды дамыту;
      жүнді және оның тереңнен қайта өңделген өнімдерін өндіруді, экспорттауды дамыту;
      сүт және сүт өнімдерінің өндірісін дамыту;
      құс шаруашылығын дамыту (құс еті).
      Әрбір шебер-жоспар қажетті өндірістік көрсеткіштер туралы толық ақпараты бар өндірістік бағдарламалардан және онда облыстар бөлінісінде нәтижелерге барынша жылдам қол жеткізуге арналған іс-шаралар бойынша жауапкершілік деңгейі бөлінген және инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде кәсіпкерлік құрылымдар үшін бағдарлаушы қызметін атқаратын ұйымдастыру жоспарынан тұрады.
      Осы Бағдарламада АӨК салаларын дамытудың негізгі жалпы республикалық параметрлері көрсетілген. Олар шынайы мүмкіндіктерге негізделген және тиісті өңірлік бағдарламаларда көрініс тапқан нақты өңірлік параметрлермен бекітілуі тиіс.
      Осыған байланысты, АӨК-ні дамытудың өңірлік бағдарламаларын барынша нақтылы нысанда әзірлеу болжанып отыр, атап айтқанда, өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың басымды бағыттарының барынша тиімді даму нұсқаларының техникалық негіздемесі түрінде әзірленуі керек, яғни, олар саланың басымды бағыттары бойынша болашақ бизнес-жоспарлардың техникалық негіздемелерінің нақты жинағы болуы тиіс.
      Бұл ретте, әрбір басым бағыт бірыңғай міндетті шешу - аталған бағытты жедел және тиімді дамыту және алға қойған нәтижелерге қол жеткізу үшін кооперация немесе кластер арқылы өзара экономикалық байланысқан әлеуетті серіктестердің нақты тізімі бар жеке АӨК нысанына ие болуы тиіс.
      Әрбір облыстың өңірлік мамандануын айқындау кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері бойынша өндірістік көрсеткіштерге талдау жасалды және өнім өндірудің жалпы көлемінде облыстардың үлесі анықталды. Мысалы, 2009 жылы бидай өндірісінің жалпы көлемінде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының үлесі 81,4 % (тиісінше 25,9 %, 27,1 %, 28,4 %) құрады, ет өндірісінде көшбасшылар Алматы облысы - 16,8 %, Қостанай облысы — 16,5 %, Шығыс Қазақстан облысы - 12,6 % болып табылды, сүт өндірісінің негізгі көлемі Шығыс Қазақстан облысына - 13,2 %, Алматы облысына - 12,6 %, Қостанай облысына - 12,0 %, Оңтүстік Қазақстан облысына - 11,6 %, Солтүстік Қазақстан облысына - 10,8 %-дан келеді, негізгі жүн өндірушілері Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары болып табылады, олардың үлесіне жалпы өндірістің 68 % (облыстар бойынша тиісінше 21,6 %, 19,0 %, 15,0 %, 12,4 %) келеді.
      Көрсетілген бағыттарды және іс-шараларды іске асыру өңірлердің ерекшелігін есепке ала отырып олардың кешенді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл ретте кәсіпкерлік құрылымдары және қаржы институттары өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің басымды бағыттарын дамытудың және инвестиция тартудың оңтайлы нұсқалары туралы жан-жақты ақпарат алады.
      Басым бағыттар бойынша нақты агроөнеркәсіптік кешеннің сұлбасы көрсетілген АӨК-ні дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленетін болады.

8-кесте


Өңірлік агрокешендерді қалыптастыруға арналған басым бағыттар тізбесі 

Алматы облысы

Ақмола облысы

Атырау облысы

Ақтөбе облысы

ет
құс шаруашылығы
сүт
жеміс және көкөніс
майлы дақылдар
қант қызылшасы
жемшөп дақылдары
балық
жүн

құс шаруашылығы
ет
сүт
көкөніс, картоп
астық
майлы дақылдар

ет
түйе шаруашылығы
балық
жүн

ет
сүт өнімді
жылқы шаруашылығы
майлы дақылдар
жемшөп дақылдары
құс шаруашылығы
жүн

Жамбыл облысы

Батыс Қазақстан облысы

Қарағанды облысы

Қызылорда облысы

ет
құс шаруашылығы
жеміс-жидек
майлы дақылдар
қант қызылшасы
жемшөп дақылдары
жүн

ет
құс шаруашылығы
жүн
өнімді жылқы
шаруашылығы
майлы дақылдар
жемшөп дақылдары

ет
сүт
көкөніс,
картоп
астық
картоп өнімді
жылқы шаруашылығы
құс шаруашылығы

ет
қаракөл елтірісі (терілер)
түйе шаруашылығы
көкөніс, бақша дақылдары жемшөп дақылдары күріш балық

Қостанай облысы

Маңғыстау облысы

Павлодар облысы

ет
құс шаруашылығы
сүт
астық
майлы дақылдар
картоп

ет
түйе шаруашылығы
балық
жүн

ет
сүт өнімді
жылқы шаруашылығы
майлы дақылдар
жемшөп дақылдары
картоп

Шығыс Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

ет
құс шаруашылығы
сүт көкөніс, картоп
майлы дақылдар
жемшөп дақылдары
жүн
ара шаруашылығы
мүйізді марал шаруашылығы

ет сүт көкөніс, картоп
астық
майлы дақылдар
құс шаруашылығы

ет
құс шаруашылығы
сүт
көкөніс, бақша дақылдары
мақта
жеміс-жидек, жүзім
ара шаруашылығы
майлы дақылдар
жемшөп дақылдары
жүн
қаракөл елтірісі (терілер)

5.9. АӨК салаларын ғылыми, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету

      Экономиканы инновациялық дамыту үшін АӨК технологиялық дамыту саласындағы мемлекеттің барлық мүмкіндіктері мен ресурстарын пайдалану қажет. Осыған байланысты, аграрлық зерттеулердің Қазақстан-Израиль қорын құру, сондай-ақ, Қазақстанның Австралия, Бразилия, Канада, Аргентина және т.б. сияқты дамыған аграрлық елдермен бірлескен халықаралық ғылыми-зерттеулер жобаларына қатысуы бойынша шаралар қабылдау жоспарланып отыр.


      АӨК дамуының басымдығына және қажеттілігіне сәйкес АӨК саласындағы ғылыми зерттеулер жалғаса береді. Зерттеулер аясы шетелдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен зерттеулер жүргізу тәжірибесін дамыту, ғылыми топтардың құрамына шетел ғалымдарын тарту, табысты қолданылған шетелдік технологияларды Қазақстан Республикасында қолдану шарттарына бейімдеу есебінен кеңейтілетін болады.
      Бәсекеге қабілетті білімді генерациялауға және тәжірибеге енгізуге бағытталған АӨК-нің тиімді салалық инновациялық жүйесін қалыптастыру АӨК-дегі инновациялық саясаттың басым бағыты болып қала береді.
      Ақмола облысы «Ғылыми» кентінде түрлі бейіндегі отандық ғылыми-зерттеу ұйымдарының ресурстарын тарта отырып, ең үздік әлемдік стандарттарға сай келетін халықаралық деңгейдегі ғылыми-білім беру кешенін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
      Генетикалық қорларды ғылыми мақсатта зерттеуге, сақтауға және пайдалануға жағдай жасау мақсатында Ұлттық генетикалық қорды сақтау қоймасын құру жоспарланып отыр.
      Бұдан басқа, мал шаруашылығы инновациялық инфрақұрылымының жаңа объектілерін салу, дәнді дақылдар генетикасын зерттейтін Австралия-Қазақстан зертханасын құру, сондай-ақ, АӨК саласында 11 жоғары технологиялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
      Білім тарату жүйесі одан әрі дамиды. Құрылған орталықтарда АӨК субъектілерін жоғары тиімді технологияларын тәжірибеде қолдану, оның негізінде бәсекеге қабілетті инжинирингтік қызмет сызбасының дамуы бойынша тікелей кеңес беру функционалы дамитын болады.
      Аграрлық ғылымның кәсіпкерлік сектор субъектілерімен өзара іс-қимылы ең озық әлемдік тәжірибені Қазақстан Республикасы экономикалық жағдайларында бейімдеуге негізделген жаңа құрал арқылы дамитын болады.
      Трансферттер және агротехнологияны коммерцияландыру саласындағы құрал мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі қағидаттарын қолдана отырып келесі бағыттарға негізделетін болады:
      технологияларды оқшаулау;
      инновациялық компанияларды құру;
      зияткерлік меншікті басқару;
      келісім шартты зерттеу және индустрия үшін қызмет көрсету.
      Жас мамандарды аграрлық ғылымға тарту үшін сыйақы беру және еңбекке ынталандыру, сондай-ақ ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жүйесі күшейтілетін болады.
      Нарықтық ақпарат құрылымның басым рөлі бағалық, маркетингтік, биржалық және анықтама ақпаратына беріледі, ол АӨК субъектілеріне тиімді нарықтық ағымды жолға қоюға, операциялық шығындарды қысқартуға және агробизнесте ең жақсы өтімді саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан, мониторинг және нарықтық жағдайды жедел зерделеу, сондай-ақ АӨК салаларының дамуын талдау жүйесін одан әрі жетілдіру жоспарлануда.
      2010 — 2011 жылдар аралығында АӨК субъектілерін өндіріс құрылымын оңтайландыру және қайта өндіріс қатерін азайту үшін әлемдік және отандық нарықтар конъюнктурасын дамытудың ықтимал нұсқалары туралы болжамды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығының дамуын болжамдау жүйесін құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап саланың ерекшелігін есепке алатын және өндірістік күштерінің аумақтық орналасуы мен жаңа өндірістерді құру немесе барларын жаңарту туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасындағы өндірістік қуаттардың жай-күйі туралы қажетті ақпаратты беретін АӨК-ні индустрияландыру картасын жасау жоспарлануда.
      2011 жылдан бастап «ҚазАгроМаркетинг» АҚ ақпараттық-логистикалық орталықтарының қызметін қамтамасыз ету және одан әрі дамыту жоспарланып отыр, бұл АӨК субъектілерін жеміс-көкөніс өнімдерінің көтерме бағасы және жеткізу көлемі туралы маңызды ақпаратпен жедел қамтамасыз етуге және ел өңірлерінің көтерме сауда нарықтарына жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
      Бұдан басқа, тәжірибе көрсеткендей, АШТӨ арасында өткізілген кеңестік жұмыс шаруашылық қызметтің бағытын таңдау және өндірісті ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдармен сүйемелденуі тиіс. Сондықтан «арнайы қызмет көрсету» қызметін пайдаланушылар аясы кеңейтілетін болады.
      АШТӨ арасында өңірлік, өңіраралық және сыртқы экономикалық іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында форумдар, көрмелер және жәрмеңкелер өткізу бойынша жұмыстар жалғаса беретін болады.
      2014 жылға «е-Agriculture» АӨК біріккен автоматтандырылған басқару жүйесін барлық аудан орталықтарында енгізу аяқталады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынатын «электрондық үкімет» порталы арқылы кеңейтілген электрондық қызмет тізбесі бойынша жұмыстары жалғаса береді.
      Кадрмен қамсыздандыру саласы бойынша бұдан әрі кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, сонымен бірге жас білікті мамандарды ауылдық өңірлерге ынталандыру және тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
      Атап айтқанда, қолданыстағы заңнамаға мынадай тиісті өзгерістер мең толықтырулар енгізу қарастырылуда:
      ветеринар мамандығы бойынша, мемлекеттік тапсырыс квотасымен білім алған ауыл жастары арасынан азаматтар оқу орнының бітіргеннен кейін ауылдық аумақта кемінде үш жыл міндетті түрде жұмыс істеуі енгізіледі;
      ауылға келген ауыл шаруашылығындағы жас маманға, қосымша әлеуметтік көмек ретінде:
      бірреттік көтерме жәрдемақы (ветеринария саласындағы бюджет ұйымдарындағы және жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік қызметкерлер мамандарына):
      тұрғын үй алуға бюджеттік кредит беру;
      үй шаруашылығын жүргізу үшін жеңілдетілген кредит беру.
      Аграрлық сектордың қажеттілігіне байланысты жоғары білімді және жоғарғы білімнен кейінгі білімді кадрлар даярлау, сонымен қатар техникалық, ауыл шаруашылығындағы кәсіптік білім және ветеринария мамандықтарына мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғаяды.
      Аудандардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жергілікті бюджет есебінен ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту болжанады. Бұдан басқа, 2014 жылдың соңына қарай кәсіптік лицейлердің құрылысы ауылдық аумақтарда, олардың жоқ жерлерде аяқталатын болады.
      Техникалық және кәсіптік білімі бар (бұдан әрі - ТжКБ) мамандарын даярлау сапасы ауыл шаруашылығы басымды мамандықтар бойынша кәсіби стандарттарды әзірлеуде жұмыс берушілердің және АӨК қауымдастықтарының қатысуы, сондай-ақ аграрлық сектор мамандықтары бойынша ТжКБ бітірушілердің біліктілігін тәуелсіз сертификаттау салалық жүйесін енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.

9-кесте


АӨК салаларын ғылыми, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету көрсеткіштерінің болжамы     

Іс-шаралар

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

А/ш және басқа да дақылдардың жаңа сорттары мен гибридтерін құру, бірлік.

36

20

30

25

28

33

Отандық селекция сорттары егілген астық дақылдарын егіс алаңдарының астық дақылдарын жалпы егіс алаңдарынан үлесі, %

47

50

55

57

57

58

Генетикалық, биотехнологиялық, биохимиялық, физиологиялық және басқа да әдістерді қолдана отырып, тұқымдардың, типтердің  және а/ш жануарларының, құстардың, балықтардың, аралардың, микроорганизмдер штаммдарының тұқымдарын, түрлерін және жүйесін құру, бірлік.

2

4

7

2

4

5

АӨК-ге ресурс- және энергия үнемдеуші экологиялық қауіпсіз агротехнологияларды енгізу, млн. га

7,5

8,0

8,5

8,8

9,0

10

Зертханаларды құру, бірлік.

-

-

2

-

-

-

Селекциялық жылыжайлар құру, бірлік.

1

1

1

-

5

-

Мал шаруашылығында инновациялық-инфрақұрылымдар объектілерін құру, ед.




8

4










Аграрлық салада білімді өндіріске жеткізу жүйесі арқылы мамандар мен фермерлерді оқыту, адам.

1350

1300

2000

2375

2675

3000

Жоғарғы технологиялық инновациялық компанияларды және жобаларды дайындау, бірлік.

2

3

2

2

3

1

Шетелдік генетикалық материалдардың трансферті, бірлік.

-

-

1000

1000

1000

1000

Халықаралық ауыл шаруашылығы зерттеулерін консультациялық тобы (бұдан әрі - ХАШЗКТ) шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық Жұмыстардың (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) халықаралық жобалары, бірлік

 
 


 

 
 


 

1

1

2

4

Білім тарату орталықтарын құру, бірлік.

2

3

3

3

1

-

Ақпараттық-кеңестік қызметті ұсыну

45 000

45 000

55 000

60 000

65 000

65 000

оның ішінде «жеке қызмет көрсету» қызметі

-

5 000

10 000

15 000

20 000

25 000

Жыл сайынғы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде АӨК, су, балық, орман және аңшылық шаруашылығы салаларының қажеттілігі үшін мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына талапкерлердің түсуі:

2260

2480

3036

3460

3945

4480

докторантурада (РҺD):
ауыл шаруашылығы ғылымы
ветеринария

-
-

30
10

50
20

60
30

70
40

80
50

магистратурада:
ауыл шаруашылығы ғылымы
ветеринария

95
35

110
50

150
80

170
100

195
120

220
140

бакалаврда:
ауыл шаруашылығы ғылымы
ветеринария

1600
530

1730 550

2116 620

2430 670

2790 730

3210
780

      Күтілетін нәтижелер:
      1) жетекші шетел ғалымдарын ҒЗТКЖ іске асыруға, оларды халықаралық басылымдарда жариялауға тарту;
      2) Қазақстан-Израиль бірлескен аграрлық зерттеу қорын құру;
      3) Австралия-Қазақстан дәнді дақылдар генетикасы зертханасын құру;
      4) АӨК саласындағы 11 жоғары технологиялық компанияларды және жобаларды іске асыру;
      5) аграрлық ғылымның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құру (зертханалар - 2 бірлік, селекциялық жылы жайлар - 7 бірлік, қызметтік жатақханалар - 2 бірлік);
      6) 10 білім тарату орталықтарын құру және онда 11,3 мың адамды оқыту;
      7) өтусіз ақпаратпен 65 000 АӨК субъектілерін қамту, оның ішінде «жеке қызмет көрсету» қызметін қолданатын АӨК субъектілерінің санын 25 000 дейін жеткізу;
      8) облыс орталықтары мен үлкен қалалардың көтерме нарықтарында ақпараттық-логистикалық орталықтарды ашу;
      9) 2014 жылға қарай жоғарғы білімді кадрлармен қамтамасыз етуді 91 %-ға дейін, техникалық және кәсіптік білімі бар: орта буынды мамандарды (техник-механик, техник-технолог және т.б.) 87 %-ға дейін, техникалық және қызмет көрсететін білікті жұмыскерлерді (тракторшы-машинист, техникалық жабдықтардың бастығы және т.б.) 82 %-ға дейін жеткізу;
      10) ауыл шаруашылығы қайта өңдеу бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі аймақаралық орталығын құру;
      11) облыстар бойынша 22 кәсіптік лицейлердің құрылысы: Ақмола - 2, Алматы - 3, Ақтөбе - 3, Атырау - 1, Жамбыл - 1, Батыс Қазақстан - 2, Қарағанды - 2, Қостанай - 3, Маңғыстау - 1, Павлодар - 1, Солтүстік Қазақстан - 1, Оңтүстік Қазақстан - 2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет