Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010



бет1/8
Дата05.03.2016
өлшемі0.49 Mb.
#42450
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы « »

қаулысымен



БЕКІТІЛГЕН


Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 20102014 жылдарға арналған бағдарлама

Астана, 2010 жыл

Бағдарламаның паспорты

Атауы

Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі Бағдарлама)




Әзірлеуге негіздеме


Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама

Салалық бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган





Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

Мақсаттары


Қазақстан Республикасының ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын мынадай мақсатта дамытуға жағдай және тетіктер жасау:

Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуі;

ақпараттық-коммуникациялық техноло-гиялардың бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған ұлттық секторын қалыптастыру.

Міндеттер


Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұ-рылымды жаңғырту және дамыту;

цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамыту;
Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту;

бағдарламалық қамтамасыз етуді (бұдан әрі – БҚ) әзірлеу және ақпараттық-технологиялық қызметтер секторын дамыту;

жоғары технологиялық жабдықтың отандық өндірісін дамыту;

ақпараттық-коммуникациялар саласын-да білім беруді дамыту;

электрондық қызметтерді және электрондық үкіметті дамыту.

Іске асыру мерзімдері (кезеңдері)


Нысаналы индикаторлар


Бағдарламаны іске асыру 2010–2014 жылдарға мынадай кезеңдер бойынша жоспарланды:

20102011: АКТ-саласын институттан-дыру және ұзақ мерзімді дамуға ресурстар жасау;

2012–2014: АКТ әлеуетін бизнестің, мемлекеттің және қоғамның тиімді пайдалануы.


«Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуі» мақсаты бойынша:

АКТ секторының ЖІӨ-дегі үлесі 2014 жылы – 3,8%;

телекоммуникациялардың жергілікті желілерін цифрландыру деңгейі - 100%;

Интернеттің кеңжолақты желісі абоненттерінің тығыздығы– 100 адамға 22;

ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы – 100 адамға 135;

халқының саны 1 000 және одан көп адамы бар барлық елді мекендерді ұтқыр байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

халықтың компьютерлік сауаттылығын 40%-ға дейін арттыру;

әлеуметтік мәні бар мемлекеттік қызметтердің кемінде 50 %-ын электрондық нысанға көшіруді қамтамасыз ету;

Қазақстанның аумағын эфирлік цифрлық телехабарлармен қамту – 95 %;

Қазақстанның аумағын спутниктік цифрлық телехабарлармен қамту – 100 %;

пошта байланысының 560 ауылдық бөлімшелерін құру және жаңғырту;

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған ұлттық секторын қалыптастыру» мақсаты бойынша:

ақпараттық технологиялар нарығының құрылымы: ақпараттық-технологиялық қызметтер үлесі – қызметтер – 30 %, БҚ үлесі – 15 % және ақпараттық-технологиялық жабдықтың үлесі – 55 %;

ақпараттық технологиялар нарығының жалпы көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі – кемінде 32 %;

ақпараттық-технологиялық қызметтер-дегі қазақстандық қамтудың үлесі – 80 %.




Қаржыландыру көздері мен Бағдарламаны 2010 – 2012 жылдары іске

көлемдері асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығындар мынаны құрайды:

2010 жыл –15 343 838 мың теңге

2011 жыл –24 532 181 мың теңге

2012 жыл – 20,893,445 мың теңге

2013 жыл – 5,182,136 мың теңге

Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен қажетті қосымша қаражат:

2014 жыл – 4,491,972 мың теңге

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіткен кезде нақтыланатын болады.



Негізгі ұғымдар:


  1. базистік телекоммуникациялар – ақпаратты шынайы уақытта тарататын коммуникациялық құралдарды қамтитын негізгі телекоммуникациялар (Basic Telecommunication) деп аталатындар;

  2. бизнес-процесс [ISO-15704] – кәсіпорынның осы мақсатына немесе қалаған түпкілікті нәтижені алуды қамтамасыз ететін кәсіпорынның бір бөлігіне қол жеткізу үшін орындалуы мүмкін кәсіпорын қызметінің ішінара реттелген көптігі.

  3. «электрондық үкіметтің» веб-порталы – «электрондық үкіметтің» барлық электрондық қызметтеріне және электрондық ақпараттық ресурстарына қол жетімділіктің бірыңғай нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйе;

  4. веб-сервис – құрылым жарияланымдар мүмкіндігінің серверлік құрауыштары мен іздеу мүмкіндігінің клиенттік қосымшаларына, осы сервистік құрауыштарды анықтауға арналған тетіктерді білдіреді. Бұл XML көмегімен жазылған технологиялар өзіне веб сервистердің сипаттау тілін (WSDL), әмбебап сипаттау, іздеу мен біріктіру (UDDI) және объектілерге қолжетімділіктің жай хаттамасы (SOAP) кіреді;

  5. мемлекеттік қызмет – азаматтар мен ұйымдарға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік рәсімдерді орындауға бағытталған мемлекеттік органдар көрсететін қызмет;

  6. домен – Интернет желісінің сатылық аттар кеңістігі саласы. Домен доменнің атымен теңестіріледі. Аймақтар аттарын шартты түрде «ұйымдық» (COM – commercial (коммерциялық), ORG – organization (ұйым) және «географиялық» (RU – Интернет желісінің ресейлік кеңістікке тиесілілігі, KZ - Интернет желісінің қазақстандық кеңістікке тиесілілігі) деп бөлуге болады;

  7. домендік есім (domain name) – мекенжай иесін сәйкестендіретін желілік қосылымның мекен-жайы;

  8. интернеттің ғаламдық желісінің қазақстандық сегментінің бірыңғай ақпараттық кеңістігі (Қазнет) – бұл ашық технологиялар негізінде жұмыс істейтін ақпараттық ресурстар, оларды енгізу және пайдалану технологиялары, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелері мен желілерінің, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтардың ақпараттық өзара іс-қимылын және Интернеттің ғаламдық желісіне олардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдар жиынтығы;

  9. е-әкімдік – ақпараттық коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсету ұсынуға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың жұмыс істеу тетігі;

  10. е-қызметтер – ақпаратты беру мен ұсынуды ақпараттық коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып нақты уақыт режимінде оны сұраған адамға (ұйымға) көрсетілетін қызметтер;

  11. е-үкімет (электрондық үкімет) – азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндігін қамтамасыз ету, үкіметтің халыққа көрсететін қызметтерінің сапасын жақсарту және мемлекеттік басқару тиімділігі арттыру мақсатында, заманауи ақпараттық-коммуникациялық құралдардың көмегімен іске асырылатын қоғамдық үдерістерді басқарудың негізгі субъектілерінің арасындағы жаңа өзара қатынастардың, тікелей және кері өзара байланыстардың жүйесі;

  12. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) – ақпаратты оны пайдаланушының мүддесінде жинау, өңдеу, сақтау, тарату, айқындау және пайдалану мақсатында интеграцияланған әдістердің, өндірістік үдерістердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;

  13. АКТ-сала, ақпараттық-коммуникациялық сала – АКТ негізінде өнімдер мен қызметтер өндірісімен байланысты қызмет түрлерімен кәсіпорындарды шартты біріктіру;

  14. инвестициялау – табыс алу мақсатында капиталдың ұзақ мерзімді салымдары;

  15. «электрондық үкіметтің» дайындық индексі – БҰҰ жүйесіндегі «электрондық үкіметтің» даму көрсеткіші және оның өзі дамудың үш көрсеткішінің жиынтығын білдіреді: көрсетілетін веб-қызметтер (the web measure index), телекоммуникациялық инфрақұрылымдар (the telecommunication infrastructure index), адами капитал (the human capital index);

  16. жүйені дамыту көрсеткіштері – пайдаланушылар тұрғысынан ақпаратты алудың қазіргі заманғы әдістері, ақпараттық ресурстардың жай-күйі, олардың қолжетімділігі, пайдалану, тиімділігіне қатысты инфрақұрылым мен қоғамның дайындығын сипаттайтын жүйенің даму көрсеткіштері;

  17. интернет – оның элементтері TCP/IP хаттамасында негізделген біріңғай мекенжайлық кеңістік арқылы бір-бірімен өзара байланысты көптеген ақпараттық және бизнес ресурстарға және электрондық поштаға қол жеткізу мүмкіндігін пайдаланушыларға ұсынатын ғаламдық ақпараттық жүйе;

  18. интернет-қор – электрондық ақпараттық ресурс, ашық технологиялар негізінде жұмыс істейтін ақпараттық-телекоммуникациялық желі, оны жүргізу және/немесе пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;

  19. интранет – қызметкерлердің корпоративтік ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін ұйымдастырудың жергілікті желі немесе ғаламдық желі бойынша қорғалған байланыстар арқылы қамтамасыз етуге және ішкі корпаративтік ақпараттарды жүйелеуге, сақтауға әрі өңдеуге арналған және Интернет бағдарламалық өнімдері мен технологиясын пайдаланатын таратылған корпоративтік есептеу желісі;

  20. ақпарат – адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және оларды беру нысанына қарамастан, үдерістер туралы мәлімет;

  21. ақпараттық коммуникациялар – АКТ негізінде компьютерлік және телекоммуникациялық желілерді өзара өту (жуықтау) үдерісінде айналымға енгізілген және ақпаратты жасау мен оны кейіннен алмастыру үдерісіндегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың тығыз байланысын білдіретін термин;

  22. ақпараттық толтыру (контент) – ақпараттық толтыру - мәтіндер, кестелер, мультимедиалар және өзге ақпараттық жүйені маңызды толтыруы. Ақпараттық толтырудың маңызды параметрлері оның көлемі, өзектілігі мен релеванттылығы болып табылады. Интернет желісіндегі ақпараттық толтыру гипермәтіндік белгі тілінің құралдарында веб-беттер түрінде ұйымдастырылады;

  23. ақпараттық жүйе (АЖ) – ақпараттық үдерістерді іске асыруға арналған ақпараттық технологиялар, ақпараттық желілер және оларды бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралдары жиынтығы;

  24. зияткерлік меншік – адамға уақытша берілген эксклюзивті материалдық емес құқықтардың барлығын білдіретін маркетингілік термин. Авторлық және аралас құқықтарға уақытша ие болу, тауарлық белгілерге арналған қолданыстағы куәліктерге және қолданыстағы патенттерге иелік ету;

  25. ақпараттық технологиялар (IT) – ақпаратты өңдеумен және сақтаумен айналысатын адамдардың еңбегін тиімді ұйымдастыру әдістерін, есептегіш техниканы және адамдар мен өндірістік жабдықты, оның тәжірибелік қосымшаларын ұйымдастыру және олардың өзара әрекеттесу әдістерін зерттейтін өзара байланысты, ғылыми, технологиялық, инженерлік пәндер кешені, сондай-ақ осының бәрімен байланысты әлеуметтік, экономикалық және мәдени проблемалар;

  26. ақпараттық инфрақұрылым – бұл ұйымдық құрылым және жиынтықтағы ақпараттық өзара іс-қимылдың құралы;

  27. IT-инфрақұрылым – серверлік құрал-жабдық, желілік құрал-жабдық, ақпараттық жүйелер, бағдарламалар, желілік және жүйелік қызметтер кешенінен тұратын инфрақұрылым;

  28. консалтинг – өз бизнесін оңтайландыруға мүдделі корпоративтік клиенттерге ұсынылатын кәсіптік қызметтер түрі (әдеттегідей, ақылы);

  29. мониторинг – оларды бағалау, бақылау, болжау мақсатында объектілерді, құбылыстарды, үдерістердің жай-күйін арнайы ұйымдасқан жүйелі түрде қадағалау;

  30. мораторий – белгілі мерзімге не тиісті талап түскенге дейін борыштық міндеттемелер бойынша төлемдердің мерзімін ұзарту;

  31. ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) – зерттелетін объектілерге, құбылыстарға (үрдістерге) тән ерекшеліктерді, заңдылықтар мен заңдарды анықтау мақсатында қоршаған нақтылықты зерттеумен және алынған білімді тәжірибеде қолданумен байланысты қызмет;

  32. кері байланыс – кем дегенде екі адам қатысатын нақты іс-әрекеттер, жағдайлар, даулы мәселелер туралы түсініктемелерді алу үдерісі;

  33. он-лайн – «қосылған күйде тұрған» дегенді білдіретін ұғым. Ең алдымен байланыс режимінде көрсету үшін коммуникациялық жабдық қатынасында ғана пайдаланылды. Сондай-ақ - «Интернетте өтіп жатқан», «Интернетте қолданылатын»;

  34. төлем шлюзі – транзакциялық қызметтерді ұсынғанда төлемдерді жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе;

  35. резидент – толық көлемде ұлттық заңнамада таратылатын осы елде тіркелген заңды немесе жеке тұлға;

  36. әлеуметтік желі – ұқсас мүдделері және/немесе қызметі бар адамдардан тұратын Интернетте қауымдастықтарды құруға бағытталған. Байланыс ішкі поштаның сервисі немесе хабарламалармен лездік алмасу арқылы жүзеге асырылады;

  37. стандарттау – нақты қолданылып жүрген және әлеуетті міндеттер қатынасында жалпыға ортақ, қайта-қайта өздігінен қолдануға арналған өнімге деген талаптарды ұтымды деңгейде реттеуге ережелер мен сипаттамаларды белгілеу жөніндегі қызмет түрлерінің бірі;

  38. кедендік баж – кедендік тарифте көзделген ставкалар бойынша ұлттық шекара арқылы әкелінетін тауарлардан мемлекеттің өндіріп алатын салығы;

  39. тренинг – қысқа мерзімді іс-шара немесе білім алуға, дағдыларды алуға, сондай-ақ осындай іс-шаралар қатысушыларын тәрбиелеуге бағытталған бірнеше іс-шаралар;

  40. хостинг – Интернет желісінде тұрақты орналасқан серверде ақпаратты физикалық орналастыруға арналған қызметтерді көрсету жөніндегі қызмет. Физикалық хостингті мынадай түрде тануға болады – хостинг-провайдердің телекоммуникациялық торап аумағына компьютерді физикалық орналастыру және Интернет желісіне компьютерді қосу және виртуалды түрде құрылған серверлерде компьютерді орналастыруды қамтамасыз ететін виртуалды хостинг;

  41. мақсатты аудитория – мақсатты пайдаланушылар, келушілер, мамандар немесе кең ауқымдағы тұтынушылар тобы;

  42. электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметтерді жүзеге асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;

  43. эквивалент – тең бағалы, тең мәнді немесе басқаларына қандай да бір қатынаста сәйкес келетін және оларға мәнер немесе алмасу қызметін атқара алатын зат немесе сан;

  44. экстранет (Extranet) – компанияның қызметкерлері тәрізді, сол сияқты басқа компаниялардың уәкілетті пайдаланушыларымен жұмыс істейтіндердің корпоративтік порталдарын өрістетуде қолданылатын корпоративтік желі;

  45. электрондық құжат айналымы – стандартталған нысанда компьютерлік бағдарламалар арасында құжаттарды электронды алмастыру;

  46. электрондық коммерция – коммуникацияның электрондық құралдар көмегімен қолданыстағы байланыстар негізінде тауарлармен және (немесе) қызметтермен алмасуы. «Электрондық коммерция» ұғымы «электрондық сауда» ұғымына балама;

  47. электрондық пошта – компьютерлік желілерде (деректерді беру желілерінде) ақпаратты беру тәсілі;

  48. мемлекеттік қызмет көрсету стандарты – мемлекеттік қызметтің саны, сапасы және қол жетімділігі, жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекеттесу тәртібі көрсеткіштерінің нормативті мәнін және орындауға міндетті, саны мен сапасы белгіленген мемлекеттік қызметтерді алуға жеке және заңды тұлғалардың құқығын қамтамасыз ететін өзге нормаларды белгілейтін нормативтік-құқықтық акт;

  49. электрондық сандық қолтаңба, ЭСҚ – ЭСҚ жабық кілтін пайдалана отырып электрондық деректерді криптографиялық жасау нәтижесінде алынған белгілер тізбегі ретінде ұсынған, пайдаланушыға осы ақпараттың тұтастығы мен өзгермейтін ашық кілтті орнатуға мүмкіндік беретін жеке тұлғаның өз қолына ұқсас қолтаңба;

  50. 3G – 3-ші ұрпақтың ұтқыр байланыс технологиясы;

  51. 4G – 4-ші ұрпақтың ұтқыр байланыс технологиясы;

  52. Advanced Television Systems Committee (ағылш. ATSC) – цифрлық теледидардың американдық стандарты;

  53. Business to Business (ағылш. B2B) – заңды тұлғалардың бір біріне қызмет көрсетуі;

  54. Business to city (ағылш. B2С) – заңды тұлғалардың азаматтарға қызмет көрсетуі;

  55. CDMA (ағылш. Code Division Multiple Access) – кодтық бөлінісі бар көптік қолжетімділік технологиясы;

  56. CDMA 1X EV-DO – CDMA2000 1x. EV-DO ұтқыр байланысы стандартын дамыту фазасы – EVolution Data Only-дан қысқарту. EV-DV (EVolution Data/Voice) эволюциясына қарағанда деректерді беру интерфейсіне ғана ұшырады, ал дауысты беру CDMA2000 1x пен CDMA One (IS-95a/b) толығымен ұқсас күйінде қалды. EV-DO-дегі деректерді беру жылдамдығы (Rev.0) секундына 2,4 Мбит және (Rev.A) секундына 3,1 Мбитке жетеді;

  57. Digital Video Broadcasting (ағылш. DVB) – DVB консорциумымен әзірленген және Телекоммуникациялық стандарттардың еуропалық институтымен стандартталған сандық теледидар стандарттарының отбасы;

  58. Ethernet – физикалық деңгейде өткізу қосылымдары мен электрлік дабылдарын, кадрлар пішімі мен OSI моделінің арналық деңгейінде – ортаға қолжетімділікті басқару хаттамаларын анықтайтын стандарт;

  59. High Speed Packet Access (ағылш. HSPA) – деректерді пакеттік беруде пайдаланылатын және WCDMA/UMTS ұтқыр желілеріне қондырма болып табылатын сымсыз кең жолақты радиобайланыс технологиясы;

  60. Next Generation Network (ағылш. NGN) – сөйлеу, деректер мен мультимедиаларды беру қызметтерін толық немесе ішінара біріктіруді қолдайтын оның өзегі тіректі IP-желісі болып табылатын байланыстың мультисервистік желісі;


  61. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет