Қазақстан Республикасында қүқықтық реформа қалыптасуының бірінші кезеңі аяқталып келеді; оның екінші кезеңінің бағдарламасы талқылануда


ТАРАУ. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ МОРАЛЬДЫҚ ЗАЛАЛ ШЕГУІ -ОҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАУДЫҢ САЛДАРЫ ЖӘНЕ ЗАЛАЛДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУДЫҢ ТҮСШІГІ



бет4/5
Дата14.06.2016
өлшемі398.5 Kb.
#136082
1   2   3   4   5

2 ТАРАУ. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ МОРАЛЬДЫҚ ЗАЛАЛ ШЕГУІ -ОҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАУДЫҢ САЛДАРЫ ЖӘНЕ ЗАЛАЛДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУДЫҢ ТҮСШІГІ

2.1 Жеке адамға қылмыспен келтірілген моральдық зиян ұғымы

және түсінігі

Азаматтық құқық теориясында моральдық зиянға жэбірленушіге жан азабын немесе тән азабын келтірген, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітетін мүліктік емес зиян ретінде анықтама беріледі.

Моральдық зиянның алғашқы жария анықтамасы іс жүзінде келтірілген анықтамадан өзгеше болған жоқ, — азаматқа заңсыз әрекетпен келтірілген жан азабы мен тэн азабы моральдық зиян ретінде түсінілді. ҚР-ның АК-нде мұндай азаптар жәбірленушінің басынан кешірген қорлануы, ызалануы, ашулануы, ұялуы, түңілуі, тэн қиналуы, залал шегуі, қолайсыз жағдайда қалуы және т.б. ретінде нақтыланады.

Бүл анықтамалар бірізді үстірт болып келді де, одан эрі нақтылауды талап етті. Олар бойынша моральдық зиянды біз бүрынырақ түжырымдаған зиянның ортақ анықтамасына бағындыру қиын болатынын айрықша қиындықсыз-ақ түсінуге болады. Қүқықтық мағынада алғанда, белгілі бір зиян — бүл қашан да өтеуге қүқық беретін белгілі бір формадағы нақты игіліктің кемсітілуі. Қазіргі уақытта моральдық зиянды заңмен қорғалатын мүліктік жэне мүліктік емес сипаттағы кез келген игіліктер мен құқықтарға кол сүғушылықтың нэтижесі ретінде түсінеді. Жария түрде қолданылып жүрген анықтамаға сәйкес моральдық зиян дегеніміз — бүл жеке және заңды түлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен қүқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы, оның ішінде жэбірленушінің өзіне карсы қүқық бүзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, үялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу жэне т.б.) (ҚР АК-нің 951-бабының 1-тармағы).

Моральдық зиянды барлық жағдайда оларға қарсы қүқық бүзушылык жасалатын игіліктер мен қүқықтарды тікелей кемсітумен байланыстыруға болмайды. Заң шығарушылар моральдық зиян өтелуге тиіс мүліктік зиянға қарамастан өтелетінін көрсете отырып, мүны ішінара көздеген (ҚР АК-нің 952-бабының 3-тармағы). Сірә, бүл баптың түжырымдамасын "Моральдық зиян мүліктік зиянға қарамастан өтеледі" деп өзгерту керек болар. Сонда ол моральдық зиян азаматтың қүқық бүзушылықтан туатын міндеттеменің бірден-бір негізі болатын жағдайларды да қамтиды.

1994 жылдан бастап моральдық зиянды өтеу жөніндегі талаптар кейбір жағдайларда қылмыстан жэбір керушілердің талаптарына енгізілді. Қазіргі уақытта олардың саны өсті, сот практикасында бүл проблемаға көзқарас та өзгерді. Мәселен, 1996-1997 жылдары Алматы облысы мен Алматы қаласындағы соттардың практикасыңда моральдық зиянды өтеуге уәждемесіз

немесе ойдан шығарылған уэждемемен бас тартатын жағдайлар орын алған. Алматы облысыньщ соты 1997 жылы қараған 37 қылмыстык істің нәтижесінде 4 жағдайда моральдық зиян етелген. Бір мезгілде мүліктік залалды өтеу туралы талапты қараусыз қалдыра отырып, моральдық зиянды өтеуді ең жақсы нұхқа деуге бола қояр ма екен? Алайда, бүрынырақтағы практикада белгілі бір зиянды өтеуден толық бас тарту жағдайлары болған.

Қылмыстық істердегі моральдық зиянды өтеу практикасы судьялардың басшыдыққа алған өлшемдері туралы пікір айтуға мүмкіндік бермейді, өйткені үкімдерде өтелетін моральдық зиянның тікелей көлемінен басқа еш нәрсе көрсетілмеген. Берілген өтемдердің көлемі 1 мың теңгеден 3 миллион теңгеге дейін болған.

Мұндай өлшемдер туралы барынша толық түсінік алу үшін Алматы облыстық сотының 1995-1997 жылдардағы азаматтық істер бойынша қадағалау және наразылық шағым практикасы зерттелді. Мәселен, 1995 жылы осы сот наразылық шағым тэртібімен 95 істі, 1996 жылы — 116 істі қараған. 1997 жылы Алматы облыстық сотының қадағалау өндірісінде 204 іс болған. Олардың біреуі — басып кету нэтижесінде асыраушысының өлімімен келтірілген зиянды өтеу туралы жесір И.-дің К.-ге қойған талабы жөніңдегі іске қатысты (моральдық зиян туралы мәселе қойылмаған). 1995 жылы В.-ның өз ү_лын Д., В., Я., Ш.-ның үрып-соғуымен келтірілген зиян ушін жауапкершіліктен босату туралы наразылық шағымы қаралды. Шабуыл жасаушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. 1996 жылы наразылық шағым беру тэртібімен И.-дің 1995 жылдың 26 мамырында оның үлы Б.-ны үрып-соғу арқылы келтірген материалдық және моральдық залалды өндіріп алу туралы Т. мен Т.-ға қойған талабы бойынша іс қаралды. Қүқық бұзушылар қылмыстық жауаптылық басталатыи жасқа жетпегендіктен, іс қозғалған жоқ. Қадағалаудағы және наразылық шағым өндірісіндегі 415 істе адамның жеке басына қылмыспен келтірілген зиянға бірде-біреуінің тікелей қатысы болмаған бүл үш жағдайдың өте төмен көрсеткіш екені даусыз.

Бүл арада істердің көрсетілген санатын қайта қарау көрсеткішінің төмен болуы оның моральдық зиянды өтеу практикасында кемшіліктердің жоқтығына емес, зиянның басқа түрлері секілді, оған да барлық деңгейдегі соттардың практикасында жеткілікті көңіл бөлінбейтініне байланысты.

Зиянды өтеу жөніндегі қадағалау және наразылық шағым өндірісінің негізгі бөлігі қызметкерлердің қызмет (еңбек) міндеттерін атқару кезінде, сондай-ақ аса қауііггі көздердің ерекетінен келтірілген зиянға қатысты болады. (Біз бүдан былай мүндай мысалдарды моральдық зиян үшін жауапкершіліктің шегін қарастыруда пайдаланатын боламыз.)

Азаматтық құқық бүзушылықтың салдары ретінде моральдық (мүліктік емес) зиянның пайда болу мүмкіндігі азаматтық қүқық теориясында әлденеше рет атап өтілді [29. 89 б].

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік проблемаларына арналған көптеғен жүмыстардың авторлары әр түрлі игіліктер мен қүқықтарға қол сүғатын азаматтық құқық бүзушылықтың моральдық зиян келтіру мүмкіндігін атап

көрсете отырып, оны қолданудың дұрыстығы мен орындылығын теріске шығарды.

Моральдық зиянды ақшалай өтеуге жол беріл-мейтіндігі Ресейдің 1917 жылға дейінгі азаматтық қүқық теориясында да атап көрсетілген. Г.Ф. Шершеневич пен П.Н. Гусаковский осы мағынада ой білдірді. Социализмнің идеологиясы орнығып жатқан 20-30-жылдары моральдық зиянды өтеу туралы жекелеген көзқарастар болса да, оны өтеуді теріске шығару үзілді-кесілді сипат ала бастады. Мүндай үрдіс 60-жылдарға дейін сақталды, ал 70-жылдардың шебінде заңгер ғалымдардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі пікірлері екіге бөлінді. Моральдык зиян үшін өтем алуға болатыны туралы Н.С. Малеин, Л.А. Майданик, Н.Ю.Сергеева, Ю.Х. Калмықов, М.Я. Шиминова және В.А. Тархов жазды.

Бұл идея біртіндеп кең таныла бастады. Мысалы, бұрынырақта моральдық зиянды азаматтық-құқықтық жауапкершілік көлемінде өтеу туралы мәселені шешу мүмкіндігін теріске шығарған А.М. Белякова кейін бүл мәселе жөніндегі пікірін өзгертті. В.А. Тархов түтас алғанда моральдық зиянды ақшалай өтеу мүмкіндігін теріске шығара отырып, "нақтылы шығындарды" өндіріп алу керектігін баса көрсетті. Мүнда ол өркімнің мүны "үялтумен пара-пар жазғыру түрі деп көрсетті. Моральдык зиянды өтеу мүмкіндігін теріске шығарған авторлар бірқатар жағдайларда бүған заңдар жол бермейді деген пікірді ұстанды. Алайда мүндай тыйым салу болған емес, оны сот практикасы белгілеген, кейін мүндай көзқарас сала теориясында да орнықты.

Моральдық зиянды өтеу туралы мәселе жөніндегі көзқарастардың даму үрдісін алдын ала талдау оны қүқықтық тұрғыдан дүрыс сипаттау, оның жалпы үғымы мен ерекшеліктерін айқындау үшін беріледі. Сонымен, бүрын моральдық зиянды өтеу теріске шығарылатын, ал оны қолдануды жақтайтын авторлар мүны тек мүліктік зиянды өтеуге қосымша ретінде қолдануға болады деп есептеді.

Азаматтық күқық соңғы уақытқа дейін ақшалай өтемді теріске шығара отырып, өзіндік мүліктік емес қүқықтарды мүліктік бағалауды мойындамау бағытында тұрды. Өзіндік мүліктік емес қүқықтарды қорғаудың азаматтық-қүқықтық эдістерінде (қылмыстық қүқықтардан өзгеше) бұзылған қүқықтарды қалпына келтіру бағыты байқалды, ол жебірленушінің белгілі бір өзіндік құқықтарын (өзіндік қүқыктарды біреу бүзса немесе олар даулы болса), сондай-ақ белгілі бір күқыққа қайшы эрекеттерді тоқтату туралы немесе бүзылған өзіндік қүқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін белгілі бір оң іс-әрекеттерді жасау туралы талаптарын қанағаттандыру жолымен іске асырылады.

Моральдық зиянды өндіріп алу мүмкіндігі түңғыш рет КСРО-ның "Баспасөз және басқа бүқаралық ақпарат құралдары туралы" заңында көзделген болатын. Республикалық заңдарда да осындай мүмкіндік қарастырылды. Сол кезендегі моральдық зиян үшін жауапкершіліктің ерекшелігі — оның шектеулі қолданылуында еді. Көптеген жағдайларда моральдық зиян үшін жауапкершілікті жүктеуге заңның үқсастығын қолдану жеткілікті еді.

Қүқық бұзушылықпек келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы кейбір талаптар Азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нүқсан келтіретін мэліметтерді таратумен қатар, сондай-ақ түтынушыға қызмет көрсету жөніндегі шартты тиісінше орындамау аркылы келтірілген зиянды өтеу туралы кейбір талаптар мэлімденгеніне қарамастан, практика жоғарыда көрсетілген бағытпен жүре берді. Мэселен, ҚР Жоғарғы Кеңесінің "Экономикалық реформаны жүргізу кезеңіңдегі азаматтық құқық қатынастарын реттеу туралы" Қаулысы КСР Одағы мен республикалардың Азаматтық заң негіздерін күшіне енгізді, ол бойынша моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік жан-жақты баянды етілді. ҚР-ның "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мэртебесі және элеуметтік қорғалуы туралы" заңында моральдық зиян үшін жауапкершілік одан әрі дамытылды.

КСР Одағы мен республикалардың Азаматтық заң негіздері коммерциялық емес сипаттағы және кәсіпкерлер несие берушілер болып табылатын шарттар бүзылатын жағдайлардағы моральдық зиян үшін жауапкершілікті жоққа шығарды. Мэселен, моральдық зиян оның өтелу қүқығын көздейтін заң актісі күшіне енгенге дейін келтірілген болса, ол өтеуге жатпайды. Алайда, жэбірленушіге моральдық зиян келтіретін заңға қайшы эрекет моральдық зиян үшін жауапкершілікті көздейтін заң күшіне енгенге дейін басталса және осы заң күшіне енгеннен кейін де жалғаса беретін болса, ол сөзсіз, өтелуі тиіс.

Моральдық зиянның негізгі белгілеріне тоқталайық. Ең алдымен, ол мүліктік емес зиян ретінде көрінеді және көптеген жағдайларда туынды (кейінгі) зиян болады. Қүқыққа қайшы зиян келтірудің бүған дейін қарастырылған барлық жағдайлары моральдық зиянның пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Оның пайда болу себептеріне (мүліктік игіліктерді немесе адамның өмірін, денсаулығын кеміту) карай ол түрліше байқалуы мүмкін.

Біз бүған дейін айтып өткен моральдық зиян келтіруді жеке қүқық бүзушылық деп есептеу жөніндегі үсыныс заң-техникалық түрғыдан қарағанда орынды болады. Моральдық зиянды өтеу өзге зиянды етеу жүргізілетін ережелерден өзгеше ережелер бойынша жүзеге асырылады. Моральдық зиян қылмыспен келтірілетін реттерде көптеген жағдайларда зиян келтірушінің кінэлылығы оны өтеудің міндетті негізі болады. (Біз залалды алынбаған табыстар түрінде өндіріп алу кезінде кейбір жағдайларда кінә принципінен ауытқушылық болатынын атап еткенбіз).

Ең соңында, моральдық зиян қалған зиянды өтеумен аяқталмайды. Яғни, зиянды өтеу жөніндегі азаматтық міндеттеменің мазмүны біздің дэстүрлі түсінігімізде мүлікті, адамның өмірі мен денсаулығын зақымдану немесе бүлдіру арқылы келтірілген мүліктік зиянды өтеу жәніндегі міндетпен аяқталады. Сондықтан моральдық зиянды өтеуді арнайы азаматтық және қорғау міндеттемесінің орындалуы ретінде түсіну керек. Оның ерекшеліктерінің бірі мынада: оның көлеміңде жүзеге асырылатын жауапкершілік азаматтық-қүқықтық жауапкершілік бола отырып, өзінің атқаратын қызметі жөнінен мүліктік зиянды өтеу жөніндегі міндеттемеден біраз өзгеше болады. Оның айырмашылығы мынада: моральдық зиян үшін

жауапкершілік бүзылған игілікті қалпына келтіруді мақсат етпейді, бүл осы жағдайда оның жазалау қызметін күшейтумен қатар, залалдың орнын толтыру қызметін біршама төмендетеді.

Айтылғандарды жинақтай келе, заң шығарушылар моральдық зиянға анықтама бергенде эдетте тез өте шығатын сипаты бар және "тэн азабы немесе жан азабы" үғымдары айтарлықтай дәл қамти алмайтын психикалық процестерді жэне моральдық зиянның көрінісі ретінде бағалауға болатын қүбылыстарды араластырып жіберген. Ашулану мен қолайсыз жағдайды моральдық зиянның көрінісі деп есептеуге бола ма? Егер бүл сұрақка мақүлдаған жауап беретін болсақ, онда ол үшін жауапкершілікті көздейтін нормалардың эрекет етуі арқылы іс жүзінде адамдардың келеңсіз сезімдері көтеріліп кететін кез келген қатынастарын қамтуға болады. Бүл өз кезегінде өмірде моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілікті көздейтін қүқықтық нормалардың әсерін жоққа шығаруы мүмкін.

А.М. Эрделевский Англия мен АҚШ-тың заңдары мен сот практикасын талдай келе, "жан азабы" үғымымен шамалас "сезімдік мазасыздық" үшін жауапкершіліктің түрлі қырларын қарастырады, бүл үғымға кейбір жағдайларда мазасыздық та, толқу да, ашулану да кіреді. Бүл жағдайда жауапкершіліктің белгілі бір қүқық бүзушылық фактісінің езіне тэуелділікке қойылатынын атап көрсету керек. Мысалы, Англияда Қылмыспен келтірілген моральдық зиянды өтеу мәселелері жөніндегі комиссия қүрылған, ол осындай жағдайлар үшін жасалған арнайы схемамен жүмыс істейді. Егер қылмыстық іс-эрекет дене зақымын түсіруге үласса, онда психикалық зиян үшін өтем, эдетте, негізінен даусыз төленетін еді.

Біз "тэн азабы" және "жан азабы" тіркестері сэтсіз алынған үғымдар деп ойлаймыз, өйткені төн азабы мен жан азабын тартқызу дегеніміз — бұл мүліктік емес зиян пайда болды деген сөз. "Денеге зақым түсірілгенде тэн азабын тарту емдеудің қалай аяқталатынына үрейлену мен мазасыздану, мамандығы бойынша жү_мыс істей алмайтыны себепті өз болашағы үшін толқу, әлеуметтік қүлдырау қаупі, залал шегу сезімі және т.с.с. әр түрлі мән-жайларға байланысты уайымға салынуға үласуы мүмкін",

Адамның тэн азабын немесе жан азабын тартуының салдары болып табылатын психикалық күйін моральдық зиян деп түсіну керек. Осы жағдайда ғана эрбір адамның басына түскен мүліктік емес зиянды бағалауды саралап қарауды қамтамасыз етуғе болады.

Моральдық зиянның анықтамасында көрсетілген жеке элементтер оның көрінісі ретінде (мысалы, қайғы-қасірет, залал шегу) қарастырылуы мүмкін, алайда оларды тұрмыстық терминологиямен емес, медициналық эдістермен анықталатын тән азабы секілді медициналық терминологиямен белгілеу керек. Бүл ауырлық дәрежесіне карай мүндай зиянды сатыларға бөлуге мүмкіндік береді. Англия мен АҚШ-тың құқығында моральдық зиянды бағалауға осындай көзқарас орныққан, мүнда оны анықтаудың психиатриялық, психикалық зиян, жүйке күйзелісі, жүйке шайқалысы, естен тану, есеңгіреу секілді түрлі нүсқалары бар. Бүлайша саралау моральдық зиянды ауырлык дәрежесіне қарай анықтауға мүмкіндік береді; ал оның ауырлық дэрежесі жан

күйзелісінің үзақтығына, сондай-ақ оның жеке адамның жүйкесіне әсер ету дәрежесіне байланысты.

Егер қорқыту, адамды ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, психиатрия мекемесіне заңсыз орналастыру, пайдалану ушін адамдарды азғырып көндіру, жала жабу, тіл тигізу арқылы моральдық зиян келтірілсе, мүндай зиян бастапқы зиян ретінде байқалады (ҚР ҚК-нің 112, 125-130-баптары). Адамның жеке басына қарсы жасалған аталған қылмыс құрамының кейбіреулері біздің республиканың заңдары үшін жаңалық болып табылады. Қорқыту, тіл тигізу, жала жабу секілді қылмыс қүрамдары бүрынғы қылмыстық заңдарда да көзделген болатын.

Көрсетілген құқық бүзушылықтар сонымен бірге екі саланы — қылмыстық және азаматтық қүқық саласын бағалау саласына кіреді. Азаматтық қү_қық мағынасы жөнінен жала жабу ұғымы — бұл жалған, адамды даттайтын мағлұматтар тарату арқылы оның ар-намысы мен қадір-қасиетін кеміту. Практикада моральдық зиян көбіне осындай құқық бұзушылықпен, сондай-ақ тіл тигізумен байланыстырылады. Азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін кеміту эдетте осының салдары болады. Осы екі игілік — әлеуметтік-психологиялық қатардағы қүбылыстың мәні. Ар-намыс дегеніміз — бұл адамның қоғамдық бағасы, оның рухани жэне әлеуметтік қасиеттерінің өлшемі. Адамның іскерлік беделі — қоғамдық пікір арқылы оның іскерлік (өндірістік, кэсіби) қадір-қасиеттерінің түрақты оң бағалануы адамның ар-намысының қүрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі заңдарда іскерлік бедел жеке қорғау объектісіне бөлінген; бүл адамның жеке басының мүліктік қүқығына ықпал ететін жэне ерекше субъектілерге — кәсіпкерлерге тэн фактор ретінде айрықша бағаланатынына байланысты. Мұндай жағдайларда ізгілік-этикалық маңызы бар (яғни қоғамдағы моральдық нормаларды реттейтін) объектілерге зиян келтіріледі.

Кісіні даттайтын жалған мағлүмат таратқан адамның оны бекерге шығаруы өзіндік мүліктік емес қүқықтарды қорғаудың негізгі әдісі болып табылады, бүл іс жүзінде тіл тигізу немесе жала жабу секілді қүқық бүзушылықтың қоғамға зиян келтіретінін жоққа шығарады. Заң шығарушылар осыған қарамастан, моральдық зиян үшін жауапкершіліктің болуын да естен шығармастан, адамның ар-намысына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне қол сүғушылық үшін жауапкершілікті көздейтін нормалардың жазалау әрекетін күшейте түсті. Мү_ндай жағдайларда моральдық зиянды өтеу жәбірленушінің реніші үшін бейнелік өтем және қүқық бұзушы үшін айыппүл болуы тиіс.

Сот практикасы "таралатын мағлұматтардың сипатына (қылмыстық әрекет жасады деп айыптау, әкімшілік-қүқықтық жэне азаматтық-қүқықтық қүқық бұзушылық, әдепсіз қылық жэне т.б.), олардын таралу шегіне, жауапкер кінэсының түріне, оның материалдық жағдайына және басқа да назар аударуға түратындай мен-жайларға қарай" адамның ар-намысы мен қадір-қасиетше келтірілген моральдық зиянды өтеу көлемін анықтайды.

Ту_тас алғанда, мұндай көзқарас қарсылық туғызбайды, бірақ солай болса да кейбір анықтаулар қажет болады. Ең алдымен, моральдық зиян үшін төленетін өтемнің көлемі оның ауырлық дәрежесіне тәуелділікте болуы тиіс.

Адамды масқаралайтын жалған мағлүматтарды оларды таратушылар бекерге шығаратын реттерде моральдық зиянның теріс эсері кемиді, ал соттар көбіне бүл мән-жайды ескермей, келтірілген реніші үшін әлдеқайда көтеріңкі өтем талап ететін көптеген миллиондаған талаптарды қарайды.

Адамды масқаралайтын жалған мағлүматтарды тарату жан күйзелісін туғызатын мүліктік емес зиян шектіруі мүмкін. Мүндай жағдайларда қүқық бүзушыға оны өтеу міндеті жүктелуі тиіс. Адамды масқаралайтын жалған мағлүматтарды тарату мүліктік залал шектіруі де мүмкін, сондықтан бұл оны мүліктік емес залалдан ажыратуды талап етеді [19. 158 б].

Іс жүзінде бүл, ең алдымен жэбірленушінің іскерлік беделіне нүқсан келуінен байқалады. Ол бүрынғы контрагенттердің жәбірленушімен нақты, ол үшін тиімді мэмілелер жасасудан бас тартуына байланысты табыстан айырылуынан да көрінеді. Жәбірленушінің іскер серіктері ол туралы жалған мағлүматтардың таралуына жауап ретінде шүғыл әрекеттер қолдана отырып, мысалы, беретін тауарлары ушін ақы төлеу тәртібін, жеткізетін жері мен жеңілдік беру шарттарын өзгертуінен оған залал келуі мүмкін, ал бүл, өз кезегінде айналым қаражатын, оның салдары ретінде табыстың азаюына әкеп соқтырады. Аталған жағдайлар моральдық қана емес, сондай-ақ мүліктік зиян келтіру ретінде бағалануы тиіс. Мүндай саралаудың мерзімінің ескіруі туралы ережені дұрыс қолдану үшін зор маңызы бар. Мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою мерзімінің ескіруі үш жылды қүрайтыны белгілі. Сонымен қатар, мүліктік деп танылған талаптарға мемлекеттік баж төленуі тиіс.

Моральдық зиян өзінің көлемі жэне жэбірленушіге әсері жөнінен түрліше болып келеді. Адамның өмірі мен денсаулығына қастандық жасалатын жағдайларда оны психикалық зиян ретінде саралау дэлірек болады, өйткені адамның өмірі мен денсаулығына келтірілетін зиян, ең алдымен, оның жан саулығына нүқсан келтіреді. Психикалық зиян, өз кезегінде, түрліше дәрежеде көрінетіндіктен, оны өтем мөлшерін анықтауда ескеру керек.

Адамның ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін кемітетін мағлүматтар тарату арқылы мүліктік емес зиян келтірілетін жағдайларда "моральдық зиян" үғымын қолданған жөн. Сонымен, психикалық және моральдық зиян — адамның жеке басына келтірілетін мүліктік емес зиян түрлерінің мәні деген қорытынды өзінен-өзі туындайды.

Біз адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге байланысты азаматтық міндеттемелерді қарастыруда моральдық зиянның да пайда болатынын атап керсеткенбіз, өйткені ол айқын кәрінеді. Сонымен бірге, ол қүқықтық бағалау факторларына қамтылмағандыктан, оны талдауға терендеп барудың қажеті болған жоқ. Сондықтан моральдық жэне психикалық зиян барабар үғымдар болып қала берді.

Сонымен, мүліктік емес зиян адамның психикалық саулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі секілді заңмен қорғалатын бірқатар мүліктік емес игіліктерді кемеіту ретінде байқалуы мүмкін. Белгілі бір мүліктік емес зиян үшін жауапкершілікті анықтауда қүқық бүзушылықтың ауырлығымен қатар, белгілі бір игіліктің маңыздылығын да ескеру керек. Заң ең алдымен адам

денсаулығының бір бөлігі — оның психикалық саулығын қорғаудың басымдығын қамтамасыз етуі тиіс.

Көрсетілген игіліктерді кеміту мүліктік залал келтіруі мүмкін екенін есте үстау керек, ал ол мүліктік емес зияннан айқын ажыратылуы тиіс. Бұл медициналық қызметті пайдалану дэрежесіне де байланысты. Енді психикалық саулыққа келтірілген зиян медициналық емдеудің ауырлығы мен мазмүнына қарай жақсы анықталады. Мысалы, Е.А. Флейшиц француз заңгерлері Мазоларды сынға алады. Олар былай деп атап көрсеткен болатын: "Ақша кей кезде моральдық саладағы зиянды да өтей алатындай қүдіретті... Адам көп ретте барабар нәрсемен қанағаттануға мэжбүр болады. Ақша ең жақсы барабар нэрсе болып табылады, өйткені ақшасы бар жәбірленуші шектеусіз дерлік мүмкіндіктерді иеленеді". Сол уақыт үшін бұл дұрыс еді, өйткені медицина психикалық саулықты қалпына келтіруді қамтамасыз ете алмады, сондықтан қүқық психикалық зиянды мүліктік емес зиянға жатқызуға мәжбүр болды.

Психикалық зиянның бүкіл өтемін медициналық қалпына келтірудің қүнына ғана әкеп тіреудің жаңсақтық болатынын атап өтеміз. Адамның рухани құрылымы өте күрделі. Адам өзінің осы саладағы мұқтаждарын медицинаның көмегінсіз-ақ дербес қанағаттандыруды артық санайтын жағдайлар да болуы мүмкін. Мүның да жөні бар. Сонымен, өтем мүліктік емес зиян үшін жүзеге асырылғандай болады.

Моральдық зиян үшін жауапкершілік бүзылған игіліктің өтемін ғана қамтамасыз етпестен, қүқық бүзушыға жаза да болатынын және қүкык бүзушылықтың ауырлық дәрежесіне шамалас болуы таістігін де есте ұстау керек.

Мұның үстіне, қылмыстық қүқықтың нормалары барлық жағдайларда осылайша саралай бермейтін болса да, моральдық зиян үшін жауапкершілік қылмыс-кердің жэбірленуші мен оның жақындарына ауыр жан күйзелісін келтіру ниеті мен оның жүзеге асуына қарай жіктелуі мүмкін.

Сонымен, мүліктік зиянды өтеуден өзгеше, моральдық зиянды өтеу іс жүзінде келтірілген зиянға ү_дайы тәуелділікте болмауы тиіс, алайда оның көлемі ол үшін жауапкершілікті анықтауда шешуші фактор болуға тиіс. Жасалған қылмыстық эрекеттің ауырлық дэрежесі белгілі бір жағдайдағы мэселенің қандай шешімі әділетті болатынына қарай жауапкершіліктің көлемін азайтуы немесе арттыруы тиіс.

Адамның өліміне, оған ауыр дене зақымын түсіруге экеп соқтыратын және басқа қауіпті қылмыстар жасағаны үшін көтеріңкі жауапкершілік тууы тиіс. Басқаша айтқанда, мүліктік емес зиян, өзінің салдары секілді, едәуір мәнді болып танылуға тиіс. Сонымен, адамның жеке басына қылмыспен келтірілген мүліктік емес зиянның ерекшелігі - оның көлемі болып табылады, өйткені мүндай қүқық бүзушылықтар тікелей зиян келтіруге бағытталған. Кейбір қылмыстармен (мысалы, дене жарақатын түсіру, бас бостандығына қол сүғу, нәпсіқүмарлық қылмыстар) келтірілетін зиян біртекті болмайтындықтан, осымен бір мезгілде адамның ар-намысын, қадір-қасиетін, жан саулығын кемітуі мүмкін. Сонымен, бүл қылмыстардың кейбіреулері кісі өлтіру, ауыр дене жарақатын түсіру секілді қылмыстар сияқты қоғамға өте қауіпті болмаса

да, олардың мүліктік емес зияны әлдеқайда көп болуы ғажап емес. Бүл жағдай олардың зиянын өтеу әдістемесінде сөзсіз ескерілуі тиіс деп есептейміз. Айтылғандарды жинақтай келе, мыналарды атап көрсету керек:

— заңдарда моральдық зиян үғымы оның ауырлық дэрежесіне қарай жіктеу арқылы ашып көрсетілмегендіктен, бүл жағдай сот практикасында ол үшін белгілі мөлшерде жауапкершілікті жүктеудің айқын бағдарын нүскай алмайтын себептердің бірі болып отыр;

— зиянның жалпы қүқықтық анықтамасын негізге ала отырып, "моральдық зиян" үғымының өзін нақтылау қажет. Біздіңше, мүліктік емес зиянның екі түрі бар: адамның ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін кемітетін моральдық зиянның өзі жэне оның қүрамдас бөлігі — психикалық зиян. Моральдық зиянның өзі бойынша жауапкершілік тек бейнелік сипатта болуы мүмкін, өйткені мұндай игіліктерді қорғау мен қалпына келтірудің негізгі эдісі адамның ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін түсіретін мағлүматтарды бекерге шығару болып табылады. Психикалық зиян — зиянның неғүрлым ауыр дәрежесінің көрінісі болып есептеледі. Ол, негізінен алғанда, — қоғамға аса қауіпті және адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін қылмыстың зардабы. Алайда, кейбір жағдайларда адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін кеміту психикалық зиян туғызуы да мүмкін, мүліктік емес зиян келтіргені үшін жауапкершілік белгілеуде мұны ескеру керек;

— мүліктік емес игіліктерге қастандық жасау арқылы келтірілген мүліктік жэне мүліктік емес зиянды осының салдарынан туған теріс зардаптардың нақты көрінісіне сүйене отырып ажырату керек;

' — мүліктік емес зиян келтіргені үшін төленетін өтемді белгілеу әдістемесін жасауда біздің баяндаған топшы-лауымызды пайдалану қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет