КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында қүқықтық реформа қалыптасуының бірінші кезеңі аяқталып келеді; оның екінші кезеңінің бағдарламасы талқылануда. Азаматтар қүқықтарының басымдылығы мен заң жүзіңде қорғалатын мүлделерінің конституциялық жағдайын жүзеге асыру, сөз жоқ, реформада басты орын алуы тиіс. Бү_ған, көбіне садалық заңдарды жэне бір жағынан — "қылмыстық" қү_қықты жетілдіру арқылы қол жетуі мүмкін, Алайда, азаматтық қүқықты жетілдіру жэне оны қолданудың тиімділігін арттыру аталған конституциялық қағиданы жүзеге асыруда негізгі рөл атқаруы тиіс.
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 1 шілдеден бастап күшіне енген Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) қолданылып жүрген заңдардағы көптеген олқылықтардың орнын толтырып, біздің қүқықтық жүйені дамыған елдердің қүқықтық жүйелеріне жақындата түсті. Осыған қарамастан, азаматтык қүқық қатынастарын реттейтін Азаматтық кодекстің жалпы бөлімін жэне басқа нормативтік актілерді қабылдау және кейін қолдану тэжірибесін басшылыққа ала отырып, Азаматтық қодекстің ерекше бөлімі аяқталған түрге жету үшін біраз уақыт жэне қажырлы еңбек ету керек деп сенімділікпен айтуға болады.
Бүл монографияда азаматтық қүқықтың нарықтық қатынастар дами бастаған түста жеткілікті көңіл бөлінбеген бір саласы — азаматтық-қүқыктық жауапкершілік институтына зейін аударылады. Сондықтан адамның және азаматтың қүқықтарын қорғау түрғысынан қарағанда, көрсетілген институттың рөлін анықтау біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаты болды. Қазіргі өмір шындығын ескере отырып, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы қағидаларына да талдау жасалады, мүнда жеке адамға қылмыстық қастандықтың салдары ретінде туындайтын деликт (азаматтық құқық бүзушылық) жауапкершілікті талдауға негізгі көңіл бөлінеді. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуының қазіргі кезеңінде пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстың өсуін ескере отырып, бү_л проблеманың алға қойылуы ерекше маңызды болып көрінеді.
Азаматтық-қүқықтық жауапкершілікті көздейтін нормаларды қолданбайынша, көптеген жағдайлар коммерциялық айналымдарда да ойдағыдай шешілмейді. Азаматтық-қүқықтық жауапкершілік
маңыздылығының өсуі қылмыс пен басқа да қүқық бұзушылық нысаны болып табылатын азаматтардың, заңды түлғалардың қүқықтарын қылмыстық қүқық қолдану субъектілері жеткілікті дәрежеде үғынбай отырғандығына да байланысты. Мүның үстіне, олар азаматтық сот ісін жүргізу тэртібі жағынан да тиісінше қорғалмаған. Қүқық қол-дану субъектілері құқық бүзушылықтың зардаптарына (оның ішінде қылмыстарға) үнемі толық дәрежеде аза-маттық-қүқықтық баға беріп отырмайды.
Заңгер ғалымдардың Қазақстан мемлекеттігінің ерте кезеңіне арналған жұмыстарында шарттық және азаматтық жауапкершілікке негізінен бөлек талдау жүргізіледі, бүл КСРО мен Қазақ КСР-інде қолданылған заңдардың даму деңгейіне сай келетін еді. Бізді Қазақстан Республикасының егемендік алған сэтінен бөліп түрған уақыт аралығы үдайы өсіп келеді. Бүрын "новелла"
("қосымша") мәртебесін алып келген көптеген заң шешімдері қазір қүқықтық материяның үйреншікті қабатына айналды. Оның ішінде меншік қатынастарын реттеуге, кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларына жэне т.с.с. арналған заң актілері де осыларға жатады. Алайда, мүны толық дэрежеде азаматтық-қүқықтық жауапкершілікке арналған нормаларға көшіруге болмайды. Олардың қүрамындағы өзгерістер азаматтық қү_қықтың өзге салаларынан кейінірек енгізіле бастады, мүны нормалары нарықтық қатынастарды жедел қалыптастыруға арналған заңдарға басымдылық берілуімен тусіндіруге болады.
Қазіргі уақытта республикада жоғары теориялық деңгейде жүргізілген бірқатар ғылыми зерттеулер пайда болды. Олар заңды түлғалардың, азаматтық қүқық объектілерінің, меншік қүқығы мен мүліктік құқықтың түрлі мәністерінің кейбір үйымдық-қүқықтық формаларын, міндеттілік қүқықтың, инвестициялық қызметтің, кэсіпкерлік субъектілері мен өзге де келешегі бар бағыттардың арасындағы дауларды шешудің жалпы ережелерін зерттеуге арналған.
Азаматтық-қү_қықтық жауапкершілік проблемалары, оның ішінде моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік проблемалары Ю.Г.Басиннің еңбектерінде сөз болады. Алайда, түтас алғанда, олар "ерсілі-қарсылы" талданбады. Сондықтан авторлар бүл жүмыста алдарына белгілі дэрежеде азаматтық-қүқықтық жауапкершілікке жеткілікті көңіл бөлмеушіліктің орнын толтыру мақсатын қойды. Атап айтқанда, біз азаматтық-қүқықтық жауаіжершілікті, сонымен бірге азаматтық қүқықтың реттеуші нормаларының әрекетін қамтамасыз ете алатын тетік ретінде қарастырдық. Жалпы алғанда, заң алдындағы жауапкершілік, атап айтқанда, азаматтық-қүқықтық жауапкершілік болмайынша, қоғамның қазіргі даму кезеңінде қүқықтық нүсқауларды жүзеге асыру қүрғақ сөз түрінде қалуы мүмкін.
Біз келтірілген жалпы тү_жырымның негізінде бірқатар маңызды заңдылықтарды анықтадық. Азаматтық-қүқықтық жауапкершілік қүқықтың әр түрлі салаларының нормаларына сөйкес пайда болған мүліктік талаптардың әмбебап қүралы ретінде бағаланады. Мүліктік жауапкершіліктің барлық қалған түрлерінің ішінде сол ғана осы қызметті атқарады.
Азаматтақ-құқықтық жауапкершілік дегеніміз - бүл қүқық саласындағы біртүтас қүбылыс. Шарттық жэне азаматтық жауапкершілік қатарласа дами отырып, бір-бірінен көптеген түрлі элементтерді қабылдаған. Жауапкершілік туралы нормалардың жалпы санының шарттық және азаматтық жауапкершілік үшін ортақ маңызы бар. Мүндай мән-жай бірқатар жағдайларда еске алынбайды, ал азаматтық жауапкершілік туралы нормаларды қолданатын қазіргі қағида жэне оларды қолдану сапасы әлі де жетілдіруді қажет етеді. Монографияда осы секілді кемшіліктерді жоюға бағытталған практикалық үсыныстар беріледі.
Монографияның теориялық жэне практикалық бағыты бар. Біздің жүргізген талдауларымыздың азаматтық-қүқықтық жауапкершілік институтын реформалау мен жетілдіруге қомақты үлес қосары сөзсіз.
1 ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАРДЫ
ӨТЕУ
1.1 Іс жүргізу шығындарың өтеу мәселелері және төлеттіру тэртібі
Қоргаушының заң көмегіне ақы төлеу
Қорғаушының заң көмегіне ақы төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргізіледі.
Қылмыстық процесті жүргізетін орган, бү_ған негіз болған жағдайда сезіктіні, айыпталушыны заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға қүқылы. Бүл ретте адвокаттың еңбегіне ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.
Адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар ҚР ҚІЖК 71-бабының үшінші бөлігінде көзделгендей адвокат анықтауға, алдын ала тергеуге немесе сотқа клиентпен келісім жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да республикалық бюджет қаражатының есебіне жатқызылуы мүмкін.
Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жүмысы үшін сыйақы алуы
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде тиісті жу_мысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы:
егер жүмысты қызметтік тапсырма тэртібімен орындаса - жүмыс істеген орнында жалақы;
егер орындалған жүмыс олардың лауазымдық міндеттерінің аясына кірмесе жэне жүмыстан тыс уақытта орындалса - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалардың шегінде республикалық бюджет қаражатының есебінен сыйақы;
егер жүмысты осы тараппен уағдаластық бойынша орындаса тараппен жасалған шартта белгіленген мөлшерде сыйақы алады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 2-тармағында көзделген жағдайда сыйақы қылмыстық процесті жүргізіп отырған органның аудармашы, маман, сарапшы шотты үсынғаннан кейін шығарған қаулысының негізінде төленеді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысқан адамдардың шыққан шығындарын өтеу
Қылмыстық сот ісін жүргізу тэртібімен жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің, олардың заңды өкілдерінің, қорғалушы мен сеніп тапсырушы үшін тегін заң көмегін көрсететін қорғаушы мен жеке айыптаушы өкілінің, куэнің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердің мынадай шығындары республикалық бюджет қаражатының есебінен өтелуге жатады:
қылмыстық істі жүргізу органының шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстар:
- темір жол, су, автомобиль (таксиді қоспағанда) көлігімен және сол жерде бар басқа да көлік түрлерімен жол жүру қү_ны, ал қылмыстық процесті жүргізуші органның келісуімен - эуе көлігімен жол жүру қүны;
- қызметтік іссапарларға ақы төлеу үшін қабылданған норма бойынша бүл шығындарды үйым, жүмыс беруші өтемейтін реттегі түрғын үйді жалдау қүны;
бүл адамдар үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның талап етуі бойынша түрғылықты түратын жерінен тысқары жерде түруы қажет болған кезде және тэуліктік ақыны үйым, жүмыс беруші өтемейтін кездегі - тәуліктік ақы;
олар үшін орташа жалақысын үйым, жү_мыс беруші сақтайтын жағдайлардан басқа, қылмыстық процесті жүргізуші органның талап етуі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысуға кеткен барлық уақыт үшін орташа жалақы;
сол адамның қылмыстық процесті жүргізуші органның талап етуі бойынша тергеу ісіне немесе басқа да іс жүргізу эрекетіне қатысуы нэтижесінде сапасынан айырылған немесе жоғалған мүлікті қалпына келтіруге немесе сатып алуға арналған шығындары.
Мемлекеттік органдар мен үйымдар жэбірленушінің, оның заңды өкілінің, куэнің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердің қылмыстық процесті жүргізуші органның талап етуі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысуға кеткен барлық уақыты ішіндегі орташа жалақысын сақтауға міндетті.
• Маман мен сарапшыға сондай-ақ оларға тиесілі химиялық реактивтер мен тапсырылған жүмысты орындау кезінде жүмсалған басқа да шығыс материалдарының қүны, сондай-ақ жү_мысты орындау үшін олардың қүрал-жабдықтарды пайдаланғаны, коммуналдық қызмет көрсетулер жэне машина уақытын түтынғаны үшін төлеген ақысы өтеледі.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шыққан шығындар осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтініші бойынша, қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысының негізінде, заңдарда белгіленген мөлшерде өтелуге жатады. Аталған шығыстар сонымен қатар осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды тергеу ісіне қатысуға тартқан тараптың есебінен не осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда өтелуі мүмкін. Осы баптың бірінші бөлігінің 1, 2 жэне 4-тармақтарында көзделген шығындар заңдарға сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның өз бастамашылығымен өтелуі мүмкін.
Іс жүргізу шыгындары:
Куэларға, жэбірленушілерге жэне олардың өкілдеріне, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куэгерлерге ҚР ҚІЖК 173, 174-баптары тәртібімен төленетін сомалардан; түрақты жалақысы жоқ куәларға, жэбірленушілерге және олардың өкілдеріне, куэгерлерге оларды қалыпты жүмыстарынан қол үздіргені үшін төленетін сомалардан; жүмыс істейтін және түрақты жалақысы бар куэларға, жэбірленушілерге және олардың заңды
өкілдеріне, куэгерлерге олардың қылмыстық процесті жүргізуші органға шақыртылуына байланысты кеткен барлық уақыты үшін толық алмаған жалақысын өтеу үшін төленетін сомалардан; міндеттер қызметтік тапсырма тэртібімен орындалғаннан басқа жағдайларда сарапшыларға, аудармашыларға, мамандарға олардың анықтау, алдын ала тергеу процесінде немесе сотта өз міндеттерін орындағаны үшін төленетін сыйақыдан; қорғаушының заң көмегін көрсеткені үшін төленетін сомалардан, сезікті, айыпталушы немесе сотталушы адам оны төлеуден босатылған не адвокат анықтауға, алдын-ала тергеуге немесе сотқа клиентпен келісім жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайда; заттай дэлелдемелерді сақтау мен жөнелтуге жүмсалған сомалардан; сот сараптамасы органдарында сараптама жүргізуге жүмсалған сомалардан; тергеуден немесе соттан жасырынған айыпталушыны іздестіруге байланысты жүмсалған сомалардан; айыпталушыны тергеушіге немесе сотқа ол дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда алып келуге байланысты, сондай-ақ сотталушының дэлелсіз себептермен келмеуіне не оның сотқа мас болып келуіне байланысты сот қарауын басқа уақытқа қалдыруға байланысты жүмсалған сомалардан; қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде келтірілген өзге шығындардан қүралады.
Іс жүргізу шыгындарын төлеттіру
Іс жүргізу шығындарын сот сотталушыға жүктеуі мүмкін немесе олар мемлекет есебіне жатқызылады.
Аудармашыға, сондай-ақ осы баптың төртінші жэне бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларда қорғаушыға төленген сомаларды қоспағанда, сот сотталушыдан іс жүргізу шығындарын төлеттіруге қүқылы. Іс жүргізу шығындары жазадан босатылған сотталушыға да жүктелуі мүмкін.
Іске аудармашының қатысуына байланысты іс жүргізу шығындары мемлекет есебіне жатқызылады. Егер аудармашы өз функцияларын қызметтік тапсырма тәртібімен орындаған болса, онда оның еңбегіне ақы төлеуді мемлекет аудармашы жүмыс істейтін үйымға өтейді.
Егер сезікті немесе айыпталушы қорғаушыдан бас тартатынын мэлімдесе, бірақ ол қанағаттандырылмай, қорғаушы іске тағайындау бойынша қатысса, онда адвокаттың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар мемлекет есебіне қабылданады.
Сотталушы ақталған немесе іс ҚР ҚІЖК 37-бабының бірінші бөлігінің 1, 2-тармақтарына жэне 269-бабының екінші бөлігіне сэйкес қысқартылған жағдайда іс жүргізу шығындары мемлекет есебіне жатқызылады. Егер сотталушы ішінара ғана ақталса, сот оны ол кінэлі деп танылған айыппен байланысты іс жүргізу шығындарын төлеуге міндеттейді.
Іс жүргізу шығындары оны төлеуге тиіс адам мүліктік жағынан дәрменсіз болған жағдайда мемлекет есебіне жатқызылады. Егер іс жүргізу шығындарын төлеттіру сотталушының асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай эсер ететін болса, сот сотталушыны іс жүргізу шығындарын төлеуден толық немесе ішінара босатуға қүқылы.
9
Іс бойынша бірнеше сотталушыны кінэлі деп тани отырып, сот іс жүргізу шығындары олардың эрқайсысынан қандай мөлшерде төлеттірілуге тиіс екенін белгілейді. Бүл ретте сот сотталушы кінэсінің сипатын, қылмыс үшін жауапкершілік дэрежесін жэне мүліктік жағдайын есепке алады.
Кэмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша сот іс жүргізу шығындарын кэмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға жүктей алады.
Сотталушы жеке айыптау ісі бойынша ақталған кезде сот іс жүргізу шығындарын шағымы бойынша іс жүргізу басталған адамға толық немесе ішінара төлеттіруге қүқылы. Тараптардың бітімге келуіне байланысты іс қысқартылған кезде іс жүргізу шығындары бір немесе екі тараптан де төлеттіріледі.
Айыпталушы қайтыс болған жағдайда оның мүрагерлері іс жүргізу шығындарына байланысты міндеттемелер бойынша жауап бермейді.
Іс жүргізу шығындарын төлеттіру қүқығы соттың тиісті шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл өткен соң ескіруіне байланысты тоқтатылады.
1.2 Азаматтардың мүлкіне келтірілген зиян үшін жауапкершілік
Мүлікке қылмыспен зиян келтіргені үшін жауапкершілікті қолдану мәселесі сөз болғанда, оның проблемаларын, оның ішінде осындай жауапкершілікті жүзеге асыруға байланысты проблемаларын жан-жақты талдау қажеттігі туатынын ескертеміз. Осыны негізге ала отырып, азаматтық-қүқықтық жауапкершіліктің осы түрі жөніндегі заңдарды, заңгер-ғалымдардың тиісгі теориялық көзқарастарын жэне мүлікке келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі нормаларды қолдану практикасын — қарастыру объектісі етіп алу көзделеді. Бү_л осындай зиянның орнын толтыру практикасында кездесетін кемшіліктер толып жатқан себептердің салдары екеніне байланысты болады. Олардың қатарынан, мысалы, қүқықтық олқылықтардың орын алуын, көрсетілген проблеманың теориялық түрғыдан (бүған дейін атап көрсетілгендей) жеткілікті зерттелмегенін, қүқық қорғау органдарының жүмысындағы кемшіліктерді атауға болады.
Кейбір соттар азаматтық талаптарды қамтамасыз ету шараларын қолданбайтын, тергеу органдарының мүлікке дер кезінде тыйым салмау фактілеріне үнемі тиісінше көңіл бөлмейтін, залалдың сипаты мен көлемі туралы айғақтарды толық зерттемейтін, азаматтық талаптарды жеткілікті негізсіз қараусыз қалдыратын, мүліктің қылмыстық жолмен табылған қаржыға алыну мүмкіндігін анықтамайтын теріс практика қалыптасқан. ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы соттардың қызметінде аталған кемшіліктердің орын алып отырғанын атап көрсетті. Алматы қаласы мен Алматы облысындағы соттарда соңғы жылдары адамның жеқе басына қарсы жасалған қылмыстар бойынша козғалған қылмыстық істерді талдау олардың қазіргі практикада да сакталып отырғанын, ал зиянның орнын толтыру практикасының босандығын көрсетеді.
Мысалы, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 88-бабының 1-бөлігінің "а" тармағында, 134-бабының 2-бөлігінде, 134-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін X. деген азаматты айыптау жөніндегі істе қылмыскер үрлаған мүліктің қү_ны ғана өтелген. Сот жалпылама сипаттағы түжырымдаманы пайдаланған, оның мазмүны — өзінің қорытындыларының неге сүйеніп жасалғанын жэне зиянның нақты көлемі қалайша есептелгенін анықтауға мүмкіндік бермейді. Осы іс жөніндегі сот үкімінде былай деп айтылған: "Г. деген жэбірленуші өкілінің азаматтық талабы орынды жэне толық қанағаттандырылуға жатады".
Мәселен, 1995 жыл ішінде Алматы облыстық сотында адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар бойынша 49 қылмыстық іс қаралған, оның 6 қылмыстық ісі Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыптау жөнінде қозғалған. Бүл қылмыстардың кейбіреуі жәбірленушіні өлтіруге үласқан, ал бір іс — 100-баптың 3-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыптау жөнінде қозғалған, қалған істер — мүлікті иеленіп кетуге бағытталған қылмыстармен бірге жасалған кісі өлтіруге байланысты қаралған. Сот 33 жағдайда қылмыспен келтірілген зиян үшін, оның ішінде мүлікке келтірілген зиян үшін азаматтық-қүқықтық жауапкершілікті қолдану туралы мәселені мүдде қарамаған. Сонымен, жағдайлардың 33 пайызында ғана зиянның орны толтырылған; азаматтық-қүқықтық жауапкершілікті қолдану жөнінде де олқылықтар болған. Атап айтқанда, П. деген азаматты Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 221-бабының 2-бөлігінде, 217-бабының 1-бөлігінде, 765, 88-бабының 1-бөлігінің "а", "г", "е" тармақтарында, 82-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыптау ісінде мүлікті үрлағаны үшін келтірілген зиян ғана өтелген, мұнда сот ешқандай қорытынды жасамаған жэне зиянды өтеу керек пе, жоқ па немесе талап етуді қолдану керек пе еді деген мэселе айқындалмаған.
1996 жылы Алматы облыстық соты адамның жеке басына қарсы жасалған 44 қылмыстық істі қараған, олардың бесеуі Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 101-бабының 4-бөлігінде, екеуі 101-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыптау жөнінде, қалған істер — кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу жөнінде, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстарға үласқан эрекеттер жөнінде қозғалған. 1996 жылы қаралған істер бойынша 31 жағдайда мүлікке келтірілген зиян өтелмеген (жағдайлардың 29 пайызында зиян өтелген).
Бүл арада кейде ойдан шығарылған желеумен зиянды өндіріп алудан бас тартқан. Мысалы, Т. деген азаматты Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 762-бабының 3-бөлігінде, 88-бабының 1-бөлігінің "а" тармағында, 201-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін, Д. деген азаматты Қазак КСР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 1-бөлігінде, 762-бабының 3-бөлігінде, 88-бабының 1-бөлігінің "а" тармағында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыптау жөніндегі қылмыстық істе сот Д.-ның қүны 325 мың теңге түратын ВАЗ-2106 маркалы автомашинаны бөлшектегенін, сондай-ақ С. деген жэбірленушінің 1200 теңге ақшасын иеленіп кеткенін анықтаған. Оқиға
орнынан машинаның үш доңғалағы, аккумуляторы, артқы әйнегі табылған. Сот аталған фактілерді қылмыстық айыптауды дэлелдеу үшін пайдаланған және жэбірленушінің өкілі (ол — азаматтық талапкер де) қойған талаптарын растайтын құжаттар тапсырылады деген желеумен талапты қараусыз қалдырған, ал жэбірленушінің өкіліне азаматтық іс жүргізу тәртібімен талап қою құқығы бар екенін көрсеткен.
Қазақ КСР АІЖК-нің 218-бабы талапты қарамай қалдыруға болатын жағдайлардың толық тізбесін көздеген жэне айғақтарды келтірмеу талапты қараусыз қалдыруға негіз болған жоқ (ҚР АІЖК-нің 249-бабы да талапты қараусыз қалдыруды көздейді). ҚР ҚІЖК-нде талапты қараусыз қалдыру негіздерінің қосымша тізбесі жоқ. Қазақ КСР ҚІЖК-нің 295-бабына (іс осы бап бойынша қаралған) сэйкес, "сот айыптау қорытындысын шығарған кезде азаматтық талапты толығымен немесе ішінара қанағаттандырады немесе оның орындылығына қарай одан бас тартады". Мәселен, 1997 жылы Алматы облысының бірінші сатыдағы сотында адамның жеке басына қарсы қылмыстар жасаған түлғаларға қатысты 37 қылмыстық іс қаралған. Белгілі бір істер бойынша айыпталушылар сотталған қылмыстардың басым көпшілігі қалай болғанда да адамның жеке басына қол сүғушылықпен байланысты болуы да айтарлықтай маңызды мэн-жайлардың қатарына жатады. Көрсетілген кезеңнің қалғандарынан ерекшелігі — 101-бап бойыша сотталғандардың саны болмашы еді. Бір іс 101-баптың 1-бөлігінде көзделген кісі өлтіруге ұласқан қылмысты жасаумен байланысты болса, 101-баптың 3-бөлігі бойынша өтетін келесі іс те кісі өлтірумен байланысты болған және үшінші іс — Қазақ КСР ҚК-нің 101 -бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін айыптау жөнінде қозғалған. Қаралған істердің 40 пайызында келтірілген зиянның орны толтырылған.
Азаматтық заңдар келтірілген бүкіл зиянды өндіріп алу қажеттігін көздесе де, азаматтардың мүлкіне келтірілген зиянды өтеуде сот кейбір жағдайларда оны ішінара өтеу шараларын жүргізген. Мәселен, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 15, 88-баптарының 1-бөлігінің "б", "ж" тармақтарында, 82, 76-баптарының 2-бөлігінің "б", "в" тармақтарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін Ж. деген азаматты айыптау жөніндегі істе жэбірленушінің пайдасына 7360 теңге көлемінде үрланған мүліктің қүны ғана өндіріліп алынған. Жәбірленуші заттарының үрлануымен қатар, сотталушы — өзі мен жәбірленуші түратын үйді екіге бөліп түрған қабырғаны қүлатып, оған залал келтіргенін, бүл қабырғаны қалпына келтіру үшін 60 мың теңге қажет болатынын көрсеткен. Алайда сот жәбірленушінің арызын қанағаттандырмаған. Сотталушының мүліктік жағдайының нашарлығын желеу етіп, ол қылмыскердің мүліктік жағдайы қылмыстық істі қарау барысында анықталған зиянды өтеуден бас тартуға негіз бола алмайтын болса да, келтірілген зиян үшін өтем өндіріп алмаған.
Соттардың зиянды өтеу жөніндегі шешімдерінде оны есептеп шығару және делелдеу жүргізілмеу практика: сын да заң түрғысынан алғанда тиімсіз деп сипаттауға болады. Мәселен, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 88-бабының 1-бөлігінің "б" тармағы бойынша, 200-бабының 2-бөлігі бойынша,
соттың шешімімен ақшалай борышқа ақша міндеттемесін орындамауы нэтижесінде басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін төленетін айып есептелуі мүмкін. 353-баптың 1-тармағы ҚР-ның Үлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негізінде талап қойылатын немесе шешім шығарылатын күні сот арқылы есептелетін осындай айыпақыны қолдану мүмкіндігін көздейді.
Алайда зиянды ақшалай өндіріп алу кезінде іс жүзінде төлейтін күні есептелетін айыпақы ғана қолдануға жарамды болады, өйткені ақша міндеттемесі, тікелей сот шешімінен пайда болатынын атап көрсеткенбіз. Мұндай рұқсат беру кеңінен қолданылуы тиіс, бүл азаматтық-қүқықтық жауапкершіліктің тиімділігін арттыруға септігін тигізетін болады. ҚР АК-нің 353-бабының бүрынғы редакциясында мүндай рүқсат беру пайыздар деп аталатын. Заң эдебиеттерінде ол нормативті белгіленген залал, айынақы ретінде анықталған. Оны коммерциялық айналымдағы негізгі (әмбебап) рүқсаттың (залал мен айыпақыдан кейінгі) үшінші түрі деп есептеу едәуір сәтті болып көрінеді [8. 4 б.].
Қолданылып жүрген заңдардың мағынасы бойынша мүндай рүқсат ету коммерциялық айналымда ғана емес, сондай-ақ басқаның ақшасын заңсыз пайдаланатын барлық жағдайларда, оның ішінде қылмыстармен келтірілетін зиянды өтейтін жағдайларда да қолданылуы мүмкін. Ол өзінің табиғаты жөнінен аралас рү_қсат бола отырып, залалдың анықтығын байқатады, өйткені қаржы рыноғының қазіргі даму кезінде банк салымдарына ақша қаражатын салудан белгілі бір пайда алу мүмкіндігі күмән туғызбайды. Ол осымен бір мезгілде, шынында да, айыпақы қызметін атқара алады, бүл дегеніміз ақшаның иесі оны салымға салу жолымен одан табыс алу шараларын қолданбайтын жағдайларда көрінетін болады. Алайда бүл жағдайда ҚР АК-нің айыпақы төлеу мөлшерін азайту жөніндегі 297-бабы қолданылмауы тиіс.
Соттар қылмыстармен келтірілген зияыды өтеуде көрсетілген рүқсатты қолданбайды. Міне, сондықтан да оны қолданудың қажеттігі Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысында (нормативтік күші бар) көрініе табуы тиіс.
Заңдарда көзделген нысандармен жэне әдістермен төлем жүргізу жолымен жэбірленушінің пайдасына ақша міндеттемесі орындалады. Төлемдер заңды төлем қүралы болып табылатын банкнот және (немесе) теңге түріндегі қолма-қол ақшаны беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Қолма-қол ақшамен төлем жасау — бүл төлеушілердің міндеттеме алған түлғаларға банкноттарды (теңгені) нақты беруі. Орындауды қабылдаған жәбірленуші борышқордың талап етуі бойынша оның толық немесе бір бөлігі орындалғаны жөнінде оған қолхат беруге міндетті (ҚР АК 290-бабының 1-тармағы).
Азаматтық қүқық бүзушылықтан туатын міндеттемелерді орындау үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерін жүргізуде заңның мағынасын негізге ала отырып, мынадай төлем эдістерін қолдануға болады: төлем тапсырмасын. инкассалық екімді көрсету, чек беру. Бүл арада белгілі мақсатқа арналып жазылған чек оны берушінің ақша міндеттемесін орындауы еместігін ескеру қажет. Ол чек бойынша ақша алғанда ғана орындалады. Егер чек бойынша ақша төлеудің кешігуі оны төлеушінің элдебір олқылыктарының салдары
болса, онда оған ақша міндеттемесін орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Чек бойынша төлеудің кешігуі банктің кінәсынан болуы да мүмкін, алайда бү_л зиян келтірушіні ақша міндеттемесін дер кезінде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды (ҚР АК-нің 363-бабы).
Егер жаңасын сатып алу немесе бүлінген заттарды түзету жолымен мүлікті қалпына келтіру мүмкін болса, залалдың орнын толтыру міндеттемесі мүліктің қү_ны түрғысынан баламалы болып табылады. Баламалы азаматтык міндеттемені орындау тэртібі баламалы шартты міндеттемені орындау тәртібінен айтарлықтай өзгеше болады. Зиян келтірілген жағдайда борышқорда да, несие берушіде де оны өтеудің бір түрін екінші түрімен ауыстыруды тандау қүқығы болмайды, ол сотта ғана болады.
Адамның жеке басына қылмыспен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі даудың қылмыстық іспен бірге немесе бөлек қаралатынына қарамастан, сот белгілі бір түлғалардың бүзылған құқықтарын қорғау міндетін жүзеге асыруы тиіс.
Несие берушінің мүдделерін мүмкіндігінше көбірек ескеруді соттар үшін үсыным ретінде енгізу керек. ҚР АК 934-бабының мағынасы бойынша, сот тегі мен сапасы нақ сондай зат беруден немесе оның қүнын өндіріп алудан басқа, зиянды заттай өтеудің өзге әдісін таңдауы мүмкін, мүны, біздіңше міндеттемені орындаудың баламалылығы принципін сақтаған кездегі шүғыл қажеттілік жағдайда ғана істеуге болады. Түтыну қасиеттері өзара үқсас заттар болғанда ғана осындай ауыстыру қолданылуы тиіс. Мысалы, жәбірленуші денесінің зақымдануы салдарынан көлік қүралын пайдалануға өте зөру болып қалды. Сот бағасындағы немесе заттай нысанындағы айырмашылықты өндіріп ала отырып, оған қылмыскердің автомобилінен сыныбы сәл төмен автомобильді кесіп беруді үйғара алады. Жәбірленушіге тиісті заттардан мүлде айрықша заттарды өндіріп алу немесе заттардың орнына мүліктік қүқықтарды беру жолымен зиянды өтеудің өзге түрлеріне жол берілмейді.
Зиянның өтелуін ауыстыруды шектеу тікелей немесе жанама жолмен заңдардан шығуы мүмкін. Шаруа, фермер қожалығына тиісті өндіріс құрал-жабдықтары мүшелерінің біреуі оның қүрамынан шығатын кезде бөлуге жатпайды, өйткені ауылшаруашылық және өзге техникалар мен жабдықтардың, көлік құралдарының, қүралсаймандар мен басқа да фермер қожалығы мүліктерінің ортақ шаруашылық мақсаты жэне оның тіршілік етуі үшін өмірлік маңызы бар. Фермер қожалығының мүшесі келтірген зиянды өтеуде бүл ескерілуі тиіс. Егер келтірілген зиян фермер қожалығының бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікген өндіріп алынатын болса, сот мұндай мүлікті заттай бөлуге қойылатын заңнамалық шектеуді ескеруге міндетті.
Соттар мүлікке келтірілген зиянды өтеуге үкім шығаруда біркатар жағдайларда залалды талапкер мэлімдеген құны бойынша ақшалай бағалайды. бүл үнемі орынды бола бермейді — залалдың мөлшері дэлелденуі тиіс. Мысалы, Қазақ КСР КД-нің 76-бабының 2-бөлігінің 2-тармағының "г", "д" тармақшаларында, 88-бабының 1-бөлігінің "а", "г", "е" тармакшасында, 15-82, 82-баптарыңда көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған Н. деген,
азаматтың ісінде сот одан 850 750 теңге өндіріп алу туралы шешім шығарған, бүл талап арызда қанша сома көрсетілсе, сондай сома болып шыққан. Әрине, ол іс бойынша қылмыскер ретінде өткен, бірақ бүл оны азаматгық құқықтардан айырмайды. Істің материалдарында зиян бәсеке негізінде анықталды деген мағлүматтар жоқ.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде қолданылатын жәбірленуші деп тану туралы қаулының нысаны оның мэртебесінің азаматтық-құқықтық қырларын ескермейді. Қаулы бойынша жэбірленушінің іс бойынша айғақ беру, жеке өзінің немесе өзінің өкілі арқылы дэлелдемелер келтіру, етініш беру, алдын ала тергеу аяқталған сэттен бастап істің материалдарымен танысу, тергеуші мен прокурордың іс-эрекеттеріне қарсылық білдіру, шағым түсіру құқығы бар деп жарияланады. Тиісті түсіндіру жүргізілмейінше, жэбірленушінің бүкіл қүқықтары мен міндеттерін бағалау мүмкіндіктері өте шектеулі болады.
Тергеушілердің жэбірленушілерді азаматтық талапкерлер деп тану туралы қаулы шығармайтын сэттері де кездеседі. Мэселен, атап айтқанда, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 101-бабының 3-бөлігінде, 88-бабының 1-бөлігінің "а", "е", "з" тармақшаларында көзделген қылмысты жасады деп А. жэне Ю. деген азаматтарды айыптайтын қылмыстық істе жәбірленушілерді азаматтық талапкерлер деп тану туралы қаулы шығарылмаған. Қазақ КСР ҚК 88-бабының 1-тармағының "а", "е" тармақшаларында, 134-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасады деп И., К. жене К. деген азаматтарды айыптайтын қылмыстық істе де осындай жағдай орын алған. Екі жағдайда да жәбірленушілер азаматтық талап қойған.
' Жоғарыда атап өтілгеніндей, қылмыспен зиян келтірілген тұлғаның қүқықтық жағдайы шартты міндеттеме бойынша несие берушінің құқықтық жағдайынан өзгеше болады. Ол өзінің қүқықтарын қорғауда шаруақор ойлағыштығын көрсетуге міндетті, тергеу, сот және прокуратура органдары жэбірленушіге жәрдемдесуі тиіс. Алайда, прокурорлар айыпталушылардан сараптама жүргізуге жүмсалған соманы мемлекет кірісі немесе жергілікті бюджет есебіне өндіріп алу жөнінде талаптар қояды және соттар оларды мэлімденген талаптар шегінде қанағаттандырады. Мэселен, Қазақ КСР ҚК-нің 88-бабының 1-бөлігінің "б", "г", 15-тармақшаларында, 88-бабының 1-бөлігінің "б", "г", "з", "и" тармақшаларында, 173-бабының 2-бөлігінде, 173-1-бабының 2-бөлігінде, 171-1-бабының 2-бөлігінде, 172-1-бабында көзделген қылмысты жасады деп айыпталған Т. деген азаматтың қылмыстық ісінде бес жэбірленуші, олардың біреуі — кэмелетке толмаған адам болған. Прокурор олардың қүқықтарын елемей, мемлекет кірісіне 13 022 теңге өндіріп алу туралы талап өтініш қойған. Мү_ндай талап өтінішті берудің өзі заңға негізделмегенін атап көрсетеміз. Азаматтық процесте сот шығындарын бөлу туралы шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық процесте сот шығындарын (жаңа ҚІЖК бойынша іс жүргізу шығындары) да талап қоймайтын тәртіппен сот өндіріп алады.
Бүл істе жэбірленушінің бесеуі де айыпталушыға талап қоюдан бас тартатыны жөнінде арыз жазған. Оның бір үлгідегі мэтіні арыздың тергеушінің, прокурордың немесе судьяның айтуымен жазылғаны туралы жорамал жасауға мүмкіндік береді. Істің шын мәнінде, бұл талаптан заң
түрғысынан сауатсыз ресімделген бас тарту деген сөз, өйткені ол қозғалған азаматтық талап көлемінде сот шешім шығарғанға дейін ғана мүмкін болады. Субъективтік қүқық бүзылған жағдайда талад қоюдан бас тартудың күші болмайды.
Талап қоюдан бас тартудың сауатсыз ресімделуі бүл жағдайда жэбірленушілерге пайдалы болады, өйткені талап қоюдан бас тарту іс жүргізу тэртібімен ресімделетін реттерде талап қою қүқығы жойылады. Қазіргі практикада осындай арыздардың өзі де алдағы уақытта азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен талап қоюға кедергі туғызуы мүмкін. ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының осындай іс бойынша шығарылған үйғарымы әрекеттің қылмыстық-қүқықтық біліктілігі мэселелеріне ғана назар аударады. Қылмыспен келтірілген залал анықталмайды.
Осыған байланысты, сөз жоқ, іс жүргізу қүқығы нормаларының қолданылуына назар аудару қажет. Қылмыспен қүқықтары бүзылған түлғалардың талаптарын қарастыруда қылмыстық іс жүргізу қүқығы нормаларын қолдану жай ғана мойындалады. Қылмыстарды тез эрі толық ашу, оларды жасаған адамдарды эшкерелеу жэне қылмыстық жауапқа тарту, сотта істі әділ қарау жэне қылмыстық заңды дүрыс қолдану — қылмыстық процесс міндеттерінің қатарына жатады.
Бү_л арада қылмыстық іс жүргізу заңдарының шалалығы байқалады, өйткені бірқатар жағдайларда сот қылмыстық процесте азаматтық-қүқықтық жауапкершілікке де тартады. Демек, азаматтық қүқықты дүрыс қолдану да қылмыстық процестің міндеті болуы тиіс. ҚІЖК-нде ісі сотқа жататындық жэне қылмыстық іс бойынша үсынылған азаматтық талапты дэлелдеу осы кодексте белгіленген ережелерге сэйкес жүргізіледі деп айтылған. Қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттелмеген іс жүргізу қатынастарына азаматтық іс жүргізу заңдарының нормалары қолданылады.
Қажет етсек, әрине, қандай жағдайларда қылмыстық іс жүргізу нормалары, ал қандай жағдайларда — азаматтық іс жүргізу нормалары қолданылатынын ажыратуға болады, бірақ мү_нда жалпы алғанда сот ісінің жай ғана реттеушілік сипатын ескеру қажет. Нормативтік базаңың жоқтығынан бүл мәселелер бойынша біркелкі және дүрыс сот практикасының болуы мүмкін емес. Сондықтан соттарға практикалық басшылықта іс жүргізу қүқығы мен тараптардың міндеттерін, оның ішінде ҚР АІЖК-нің 49, 156-баптарында көрсетілген қүқықтарды қорғаудың талап қою қүралдарына билік етуді, сондай-ақ азаматтық процестің қатысушылары туралы нормаларды көздейтін азаматтық іс жүргізу заңдары нормаларының міндетті түрде қолданылуын ескеру қажет.
Оның үстіне, соттар алынбай қалған табысты өндіріп алу шараларын қолданбайды. Зиянның орнын толтыру көбінесе келтірілген залалды емес, мүліктің қүнын ғана өндіріп алумен шектеледі (немесе мүліктің құны дүрыс анықталмайды). Мысалы, Қазақ КСР ҚК-нің 17, 88-баптарының 1-бөлігінің "а" тармағында, 132-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін П. деген азаматты айыптайтын істе шығарылған үкім бойынша К. деген жәбірленушінің. П.-ға қойған талабы нақты келтірілген залалдың шегінде
қанағаттандырылған. Жэбірленушіге қайтарылған 17 кг балды ескере отырып, П. үрлаған фляганың, бал мен шыны ыдыстың жалпы сомасы 100 890 теңге қүны өндіріп алынған. К.-ның жол жүрісіне жүмсаған бензинінің 16 мың теңге құнын өндіріп беру жөніндегі талабы қанағаттандырылмаған, өйткені бү_л секілді залал келтіру П.-ның ниетінде болмаған. Сол шақта, балды жеткізуге жұмсалған шығындар оның қүнына қосылуы тиіс еді. Сонымен қатар, осы азаматтық дауды шешуде сот зиян келтіргені үшін жауапкершілікті, азаматтық қүқық бүзушылық қүрамы элементтерінің ерекшеліктерін көздейтін азаматтық қүқық нормаларының мазмүнын назарға алмаған.
Азаматтық құқық бұзушылықтан туындайтын міндеттемелердің мазмұнына жасалған құрылымдық талдауды зерттеп көретін болсақ, оның қүрамының күрделі екенін атап көрсетуге болады. Мәселен, зиян келтірген түлғада екі міндет болады: ол зиян келтіруші ретінде нақты зиянды, сондай-ақ жэбірленушінің алынбай қалған табыстарын етеуге міндетті. Бү_л бір міндет деп айтып, қарсылық білдіруге болады. Біздің пікірімізше, бүлайша бөлудің қажеттігі азаматтық қү_қық бұзушылық қүрамының өртектілігіне байланысты.
Зиян келтірудің көптеген жағдайларыңда азаматтық құқық бүзушылықтың екі қүрамы қатар байқалады, оның біреуі негізгі, екіншісі — көмекші болады. Нақты залалды өтеу үшін қүқыққа қарсы эрекеттің (немесе эрекетсіздіктің), зиянның бар екенін, зиян мен оның нэтижесі арасындағы себеп байланысын жэне арам ниет немесе абайсыздық түріндегі зиян келтірушінің кінэсын анықтау қажет. Залалды өтеу, сондай-ақ зиян келтірушінің кінэлы мінез-қүлқына негізделеді, алайда мүнда әрекет (эрекетсіздік) пен алынбаған пайда, жүмсалған шығын арасындағы себеп байланысы едэуір зор маңызға ие болады.
Қалыптасқан жағдайда мүліктік зиянның аталған түрін өндіріп алу тетігін жетілдіру талап етіледі. ҚР ҚІЖК-нің 162-бабына сәйкес қылмыстық процесте есі дүрыс емес адамның тікелей қылмысымен немесе қоғамға қауіпті әрекетімен келтірілген моральдық және мүліктік зиянды өтеу туралы талаптары қаралады. Мүндай тұжырымдама жеке жэне заңды түлғалардың материалдық құқықтарын елемеуге алғышарт туғызады.
Тікелей қылмыспен келтірілген зиянды қылмыспен келтірілген зиян үғымымен алмастыра отырып, тікелей қылмыспен келтірілген зиян туралы түжырымдаманы ҚР ҚІЖК-нің 77, 162-баптарының мазмүнынан алын тастау керек деп есептейміз. Мүндай түжырымдама жеке адамның азаматтық-құқықтық мэртебесінің ерекшеліктерін жеткілікті дэрежеде бейнелейтін болады. Сонымен қатар, жеке адамның қылмыспен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі субъективтік қүқықтары қылмыстың жасалуынан элдеқайда кейін пайда болатынын ескеру керек, соттардың барлық залалды толығымен өндіріп алмау себептерінің бірін осыңан көруге болады. Зиян шеккен түлғалар зиян мен қылмыстың арасындағы себеп байланыстарын талап қойылғаннан кейін ғана сезінетін жағдайлар болады, мүны жэбірленушінің ауыр қылмыстан үнжырғасы түскен күйімен түсіндіруге болады.
Ағылшынның азаматтық сот ісінде жауапкер сотқа келмей калғанда шығарылатын мынадай аралық шешімдер бар: "Аныкталуы тиіс соманы
өндіріп алу немесе заттарды табиғи түрінде қайтару туралы талап қойылған бүйрық берілгенде талапкер аралық шешім болып табылатын сырттай шешім алады. Бұл шешім талап бойынша жауапкершілікке қатысты алғанда түпкілікті болып есептеледі, бірақ келтірілген залал мен сот шығындарының көлемі әлі де анықталуы тиіс".
Біздің заң практикамызда қолданылып жүрген мән-жайларды ескере отырып, Қазақстан заңдарына осы секілді қосымшаларды енгізу артық болмайды. Шынында да, егер сот залалды толық анықтаудың мүмкін еместігін ескере келіп, қылмыстық істі қарауда азаматтық талап бойынша аралық шешім шығаратын болса, кейін осы арқылы мүліктік жауапкершілікті толық көлемде жүзеге асыру айтарлықтай жеңіддейді. Мүндай шешімде нақты өмірде болатын, бірақ объективтік себептерге байланысты талапты қылмыстық сот ісінде қарау сәтінде есептеп шығару қиынға соғатын залалдар калькуляциясын жасау мүмкіндігі көрсетілуі тиіс. Әрине, жауапкерге өзінің қарсылығын білдіру мүмкіндігі берілуі тиіс, сот осыларды ескере отырып, залалдар калькуляциясын бекіте алады. Егер мұндай мүмкіндікгер көзделмесе, кейінірек пайда болған залалдарды өндіріп алу бастапқы талаптың жойылу әсері салдарынаи мүмкін болмай қалады. Мәселен, Н. деген азаматтың ісі бойынша үкіммен одан мүліктік залалды өндіріп алумен және моральдық зиянды өтеумен қатар, онын бүкіл мүлкі мемлекет кірісіне тэркіленген. Қазақ КСР ҚК-нің 88-бабының 1-бөлігі, 134-бабының 2-бөлігі бойынша сотталған И.-дің, 134-бабының 2-бөлігі бойынша сотталған К.-ның да мүлкі тэркіленген. Үшеуі де Д. деген азаматтың өліміне әкеп соққан қарақшылық шабуыл фактісі бойынша сотталған. Бүған дейін мысалға келтірілген П. деген азаматтың жағдайында да зиянды өндіріп алумен бір мезгілде осындай жазалау шарасы қолданылған [13.36.].
Мүліктік рұқсат беруді (санкция) бүлайша бэсекелестіре қолдану дұрыс болмайды, бұған ерте кезеңдердегі сот практикасында және саланың теориясында көңіл бөлінген, ал біз ол туралы осы жүмыстың 1-тарауында айтып өттік. Зиянды өтеу жөнінде барынша кепіддік туғызу керек, өйткені бұл жағдайда мемлекет айыпталушыға қатысты несие беруші емес, сондықтан азаматтық талапкердің мүліктік мүдделері басымдық алуы тиіс. Егер тәркілеу сол уақытта немесе келешекте соттың азаматтық талап бойынша шешімдерін орындауға кедергі келтіретін болса, бүл ҚР Жоғарғы Соты Пленумының Сотталушының мүлкін тэркілеуді қолдануға болмайтындығы туралы нормативтік қаулысында көрсетілуі тиіс. Бү_л мэселе осы уақытқа дейін ҚР Жоғарғы Сотының Пленумында қаралған жоқ.
Түтас алғанда, осындай жағдайларда азаматтық-қүқықтық жауапкершілікті қолдану мүліктік жауапкершіліктің өзге түрлері алдында азаматтық-қүқықтық жауапкершіліктің басымдылығын тануды
табандылықпен талап етеді. Сонда ғана азаматтардың қүқықтарының басымдылығы мен заңмен қорғалатын мүдделерін нақты қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады.
Соттар мүліктік зиянды өндіріп алу кезінде қылмыскердің жалпы үлестегі немесе басқа тұлғалармен бірлескен ортақ меншіктегі мүлкін бөліп шығаруға тиісінше назар аудармайды. Азаматтық қүқық бүзушылықтан туатын
жауапкершілікті жүзеге асыру үшін қылмыскердің үлесіне заңды тұлғаның мүлкінен өндіріп алу қажет болуы мүмкін, — бүл жағдайда осындай мүліктің қүқықтық режимін ескеру қажет. Ертерек кезендегі сот практикасына шолуда материалдық зиян келтірген 73 адамға қатысты қылмыстық істер бойынша мүндай зиянның дер кезінде өтелуі қамтамасыз етілмеуі, осының нәтижесінде олардың 68-інің тыйым салынатын мүліктерінің жоқ болып шыққаны туралы мысал келтіріледі.
Қазақ КСР ҚК-нің 88-бабының 1-бөлігінің "а", "е" тармақтарында, 134-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін И., К. жэне К. деген азаматтарды айыптау жөніндегі қылмыстық істе тергеуші айыпталушылардың мүлкіне тыйым салу жөнінде қаулы шығарған. Мүлікке тыйым салу жөніндегі барлық қаулыларда "мүлікті тэркілеу жөніндегі мүмкін болатын үкімді орындау мақсатында" деген біртекті түжырымдама қолданылған. Мэлімденген азаматтық талап қамтамасыз етілмеген. Алматы қаласындағы соттың үкімі шығарылған соң сотталғандардың бірінің экесі мүліктердің тізімдемесінен тыйым салынған пәтерді шығарып тастау жөнінде талап арыз берген. Сот жанама айғақтардың негізінде ғана талапты қанағаттандырады. Сот өзінің шешімін дәлелдейтін айғақтардың бірі ретінде үшінші түлға ретінде жауап алынған салық полициясы өкілінің сотталушының пөтер сатып алуға ата-анасынан ақша алуы мүмкіндігін жоққа шығармайтынына сүйенеді.
Қылмыспен келтірілген зиянды өтеуде азаматтық-қүқықтық жауапкершіліктен қулылып кетудің бүркемеленген түрлерін анықтауға неғүрлым батыл қадам жасау керек деп есептейміз. Ол үшін мүлік сақталуы мүмкін деп танылатын түлғалардың ерік бағыттылығын, олардың кірістері мен шығыстарын, жасалған мәмілелердің мазмүны мен жағдайларын мү_қят талдау қажет. Мүліктің қылмыскерге тиісті екені туралы алғышарттар табылса, бүл фактінің шүбәсыздығын анықтау қажет.
Іс жүргізу түрғысынан қарағанда бүл зиянды өтеу туралы даулар бойынша дэлелдеу қатарына осы санаттағы дауларға тэн емес мэселелерді, атап айтқанда, жорамалданған талап ету нэрселеріне меншік құқығы туралы мәселелерді енгізуді қажет етеді. Мүнда дэлелдеу ауыртпалығы қылмыскерге және үшінші түлға ретінде қатысатын оның отбасы мүшелері мен онымен тығыз байланысы бар өзге де түлғаларға жүктеледі.
Ол жөніндегі меншік қүқығы анықталатын мүлік және ақы үшін жү_мсалатын мүлік түрғын үй болып табылатын жағдайларда белгілі дэрежеде ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі "Түрғын үйге меншік қүқығы туралы заңдарды қолданудың кейбір мэселелері туралы" Қаулысын басшылыққа алуға болады. Онда республиканың түрғын үй заңдарында түрғын үйге қүқықты қорғау жөніндегі шаралар кешені, меншік иелері мен өзге де құқық иелерінің үйін сақтау артықшылығы көзделгені ескерілген. Атап айтқанда, тіпті түрғын үйді жалдау шарты бойынша мемлекеттік түрғын үй қорынан берілген түрғын үй де қамауға алынған немесе бас бостандығынан айыруға сотталған немесе қамауға алынған яки жазасын өтеуге жіберілген уақыт ішінде осы жерде түру мүмкіндігі болмайтын өзге де жазалау шарасы
белгіленген адам үшін сақталады (ҚР-ның "Түрғын үй қатынастары туралы" Заңының 86-бабының 1-тармағының 8-тармақшасы). ҚР Жоғарғы Соты Пленумының осы Қаулысы борышқордың үлесіне ақы үшін түрғын үй жүмсау туралы мэселені шешу тэртібін анықтап берді (практикада осындай жағдайлар да болады). Онда былай деп атап көрсетілген: "Несие берушінің талап етуі бойынша борышқордың үлесіне ақы үшін түрғын үй жүмсалуы мүмкін болатындықтан, сот бүлайша өндіріп алудың мынадай екі жайтпен шектелетінін еекеруі қажет: а) несие берушінің талабын қанағаттандыру үшін борышқордың басқа мүлкі болмауы тиіс; б) ортақ меншіктің қалған қатысушылары бүл үлесті оның нарықтық қүнына шамалас баға бойынша сатып алуға жэне саудадан түскен сома есебінен борышты өтеуге қүқылы. Мүндай жағдайлар болмаса, борышқордың ортақ меншік қүқындағы үлесі жария сауда арқылы сатуға жатады".
Бү_л қағида кейбір жағынан түрғын үй меншік құқығы ретінде борышқордың өзіне ғана тиесілі болатын жағдайларда қолданылады. Меншік бөлек болатын жағдайда мүліктің бүл түрін өндіріп алуға борышқордың өзге мүлкі болмайтын жағдайларда ғана жол беріледі. Түрғын үйдің бір бөлігін өндіріп алуға болатынын да ескеру керек.
Борышқордың отбасы мүшелері түрғын үйге ортақ меншік қүқығының қатысушылары болып табылмайтын жағдайларда да тү_рғын үй құқығына белгілі бір кепілдіктердің болғаны тиімді. Біздіңше, отбасы мүшелерінің ақы үшін жүмсалатын түрғын үйді сатып алу қүқығының заңдастырылуы бүл проблеманың сэтті шешімі болар еді. Оқтын-оқтын төлем жасау туралы эңгіме болғанда — түрғын үйдің қүнын бөліп төлеу мүмкіндігін берген жөн.
Әлбетте, тиісті соманың төленіп отыруы сот орындаушыларының бақылауында болуы тиіс. Мүндай міндеттемені ойдағыдай орындамау немесе орындамау құқық бүзушыға түрғын үйге билік етуіне (оны сатуға) тыйым салуға дейінгі қосымша мүліктік санкцияны қолдануға экеп соқтыруы тиіс. Және, ақырында, белгілі бір жағдайларда, бастапқы борышқордың қүқықтық мүрагерлері міндеттемелердің орындалуын эрескел бүзатын реттерде мүлік жария сатылуға қойылып, жәбірленушінің талаптарын қанағаттандыруға қызмет етуі тиіс.
Заңдар түлғаның шаруашылық серіктестігіндегі, өндірістік кооперативтердегі мүліктік үлесін оның өзіндік борыштары үшін жүмсауға рүқсат етеді. Ақы үшін бұлайша мүлік жүмсау борыштарды өтеуге өзге мүлік болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.
Заңды тұлғалардың заңдардан туындайтын эр түрлі ұйымдық-қүқықтық нысандарының мүлкіндегі үлесінен ақы үшін мүлік жүмсау тәртібінде айырмашылықтар болады. Мысалы, толық серіктестікте үлестің (ақшалай немесе заттай) еншісін бөліп шығару қүқығы одан шығатын қатысушының келісімі бойынша серіктестіктің қатысушыларына тән болады (ҚР Президентінің Заң күші бар "Шаруашылық серіктестіктер туралы" Жарлығының 20-бабының 1-тармағы). Түлғаның сенім серіктестігіндегі мүлкінің үлесін ақы үшін жүмсау тәртібі де осындай.
1- Л
Егер қатысушының жауапкершілігі шектеулі және қосымша шаруашылық серіктестіхтегі үлесі ақы үшін жүмсалатын болса, онда несие берупіі борышқордың үлесін сатудан түскен ақша сомасын ғана ала алады. Бүл арада ол жөнінде кепіл үстаушы қүқығы жоқ, үлестен ақы өндіруші несие беруші серіктестікке борышқордың үлесін (үлестің бөлігін) мэжбүрлеп сатып алу жэне сатып алудан түскен сома есебінен борышты жою жөніндегі талабын мэлімдейді. Заңға сәйкес үлесті (үлестің бөлігін) сатып алуды серіктестіктің өзі немесе оның қатысушылары үлесі сатып алынатын қатысушының келісімімен тараптар анықтайтын баға бойынша жүргізуі тиіс. Мүнда, біздің ойымызша, баға төмендетілмеуі немесе көтерілмеуі тиіс, оның нарықтық көрсеткіштеріне сай болуы тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі (қосымша) серіктестіктің жэне үлесіне ақы үшін мүлік жұмсалатын қатысушының келісімімен үлес (үлестің бөлігі) үшінші түлғаға сатылуы мүмкін.
Несие берушінің талабы мэлімденген күннен кейінгі үш ай ішінде серіктестік немесе оның қатысушылары немесе үшінші тұлға үлесті (оның бөлігін) сатып алмаса жэне талаптарды қанағаттандырмаса, несие беруші оны ҚР-ның азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен жария сауда арқылы сатуды талап етуге қүқылы. Бүл арада серіктестік қатысушыларының (борышқорды есептемегенде) сатып алуда басым қүқығы болады (ҚР-ның "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестікгер туралы" Заңының 37-бабы).
Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады жэне ол акционерлердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді (ҚР Президентінің Заң күші бар "Шаруашылық серіктестіктер туралы" Жарлығының 54-бабы). Сонымен, ақы үшін мүлік жұмсауды акцияларға ғана қолдануға болады. Азаматтық-қүқықтық жауапкершілікті жүзеге асырудың мүндай әдісі эзірше сот практикасында қолданылған жоқ. Оны практикада қолдануда айтарлықтай проблемалар тууы мүмкін. Бұл ақы үшін мүлік жүмсауды акцияларға айналдыру зиянды өтеу проблемасын толық дэрежеде шеше алмайтынына байланысты. Біздің жоғарыда атап өткеніміздей, заң зиянды ақшалай немесе заттай өтеу жөнінде сөз қозғайды. Акциялармен өндіріп алуды өтеудің екі түріне де жатқызуға болмайды.
Заңдарда ақы үшін мүлік өндіріп алуға байланысты сот шешімдерін орындау тетігі көрсетілмеген, тек тыйым салу мүмкіндігі көзделген. Заңға сәйкес, сот орындаушысы бағалы қағаздар мен мүліктік қүқықтарды есептемегенде, тек өзге мүліктерді сатуды жүзеге асырумен айналысады жэне өндіріп алушыға ақша сомасының қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Бұл проблеманы шешу үшін осымен бір мезгілде бағалы қағаздар туралы заңдар мен сот шешімдерінің орындалуы туралы заңдарға өзгертулер енгізе отырып, ең болмағанда облыстық соттарда бағалы қағаздарға байланысты шешімдердің орындалуына маманданған сот орындаушысының лауазымын енгізу талап етіледі.
Осы жүмыстың 1-тарауында айтылғаныңдай, азаматтық қүкықта "мүлік" деген үғыммен қамтылатын алуан түрлі мүліктік қүқықтарға да зиян келтірілуі
мүмкін. Жойылған немесе зақымданған мүліктерге туынды заттай қүқықтардың иелеріне келтірілген залалды осындай зиян санатына жатқызуға болады. Өзге заттай құқықтар үғымының біздің зандарымызда пайда болғанына көп уақыт өткен жоқ. Жер пайдалану құқығы, шаруашылықты жүргізу қүқығы, жедел басқару қүқығы, сондай-ақ басқа да заттай құқықтар тікелей Азаматтық кодексте баянды етілген. Сонымен қатар, заттай құқықтар жер, түрғын үй заңдарының нормаларымен де баянды етілген.
ҚР АК-нің 379-бабында шарттан бір мезгілде міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге қүқықтық қатынастар туындауы мүмкін деп айтылған. Яғни, көптеген жағдайларда қылмыс заттар немесе қолма-қол ақша өзінің нысандары болып табылатын шарттардан туындайтын заттай қүқықтарға зиян келтіре алады. Заң әдебиеттерінде көрсетілгеніндей, заттай қүқықтар абсолюттік қана емес, салыстырмалы сипатта да болуы мүмкін. Талап етуден туындайтын заттай қүқықтар, меншік иелерінің ортақ меншік қүқығындағы қүқықтары жэне басқалары осыларға жатқызылуы мүмкін. Мүндай қүқықтарды заттай қүқықтардың белгілерін сақтай отырып, салыстырмалы азаматтық құқық қатынастары көлемінде ғана жүзеге асыруға болады. Салыстырмалы заттай қүқықтарды қорғау деңгейі заттай абсолюттік қү-қықтарды қорғау деңгейінен төмен болмауы тиіс.
Сонымен, көрсетілген шарттар тобы бойынша несие берушілер қылмыскердің олармен шарттық қатынастарының бар-жоқтығына қарамастан, барлық жағдайларда да қылмыскерден зиянды өтеу жолымен кейбір мүліктік мүдделерді қорғай алады. Алайда, олардың мүдделерін сөзсіз қорғау шектеулі заттай қү-қық шегінде ғана жүргізілетін болады.
Бірнеше түлғаның бірлескен эрекетімен зиян келтірілсе, олар ортақтасқан жауапкершілікті мойындарына алады. Бірлескен әрекетпен зиян келтірілгенде әрбір қылмыскердің эрекеті, эрекетсіздігі мен келтірілген зиян арасында себеп байланысы болады, • сондай-ақ осындай әрекеттерден туындайтын зиянның бөлінбейтіндігі айқын болады. Зиянның бөлінбейтіндігі оның зардаптарын жай қоса салу емес, нэтижесінде зиян келтірушілердің жалпы ерік тэртібінің көрінісі. Сонымен қатар, шарттық міндеттемеден өзгеше, ҚР АК-нің 287-бабы ортақтасқан міндеттеменің пайда болу негіздері ретінде аталатын міндеттеме нысанының бөлінбейтіндігі ортақтасқан зиян келтіру фактісі жоқ реттерде зиян келтірушілерге ортақтасқан жауапкершілік жүктеу үшін негіз болмауы тиіс.
Ортақ қызмет пен үмтылысты жүзеге асыру үшін шарттарда бірнеше қатысушы (тіпті несие берушіге шарттың ортақтасып атқарылатынын айтпастан) бірігеді, олардың ерік-жігері сэйкес келеді. Азаматтық міндеттемеде теріс қылық жасау зиян келтірушілердің үлестік жауапкершілігін туғызуы тиіс. ҚР АК-нің 287-бабы зиян келтіруден туатын міндеттемелерге таралатынын көрсету керек.
ҚР АК-нің ерекше бөлімінде сотқа талапкердің арызы бойынша және оның мүдделері үшін зиян келтірушілерге ортақтас емес, үлестік жауапкершілік жүктеу қүқысын берген 932-бап бар. Оның тұжырымдамасы Қазақ КСР АК-нің 451-бабындағы түжырымдамадан сәтті шыккан деп
есептейміз, сондықтан мүліктік дауларды барынша эділ шешуге жэрдемдесетін болады.
Бүрынырақ, соттың жәбірленушінің мүдделері үшін ортақтас жауаптылықты үлестік жауаптылықпен алмастыра алатыны туралы түсіндірмелер КСРО Жоғарғы Соты, ҚР Жоғарғы Соты Пленумдарының қаулыларында берілген болатын. Осыған қарамастан, соттар ортақтас жауаптылықтың орнына, қылмыспен бірлесін зиян келтірген түлғалардың үлестік жауаптылығын қолданудың орындылығын үнемі ескере бермейді. Барлық біз зерттеген, бірнеше түлға бірлесіп зиян келтірген істерде соттар ортақтас жауаптылықты қолданған. Атап айтқанда, бүл 201-баптың 1-бөлігінде, 15-88-баптың 1-бөлігінің "а", "е", "з" тармақтарында көзделген қылмыстарды жасаған Е., С. жэне Е. деген азаматтарды айыптау жөніндегі қылмысты істе байқалды. Азаматтық талап 853 250 теңге сомаға қанағаттандырылған, бірақ үлестік жауаптынықтың қажеттігі туралы мэселе қаралмаған. Сонымен қатар, сот жәбірленушінің эрқайсысына қандай өтем тиесілі екенін анықтамаған.
КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1979 жылғы 23 наурыздағы "Соттардың қылмыспен келтірілген материалдық залалды өтеу жөніндегі заңдарды қолдану практикасы туралы" №1 Қаулысында негізі қаланған көзқараспен келісуге болмайтыны ешқандай күдік туғызбайды. Азаматтық іс жүргізу кодексі мынадай жағдайды да көздейді: егер бір талапкер бірнеше жауапкерге талап қоятын болса, сот істі неғүрлым тез эрі дүрыс қарау мақсатында мүндай істерді бір өндіріске біріктіруге қүқылы. Көрсетілген қаулыңа қылмыскердің біреуіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылатын жағдайларда оған қойылатын талап азаматтық сот ірін жүргізу тәртібімен бөлек беріледі деп айтылған. Міндеттеменің ортақтас сипаты, сот төрелігінің мүдделері мүндай ала-қүлалықты жоюды талап етеді.
Айыпталушылардың біреуінің іс-эрекетінде қылмыс оқиғалары болмауына немесе сотталушының қылмыстың жасалуына қатысуы дәлелденбеуіне байланысты оны қылмыстық қудалау тоқтатылғаи жағдайларда ғана айыпталушылардың біреуіне қатысты қылмыстық процестегі талап қаралмауы тиіс. Сотталушылардың біреуіне қатысты басқа негіздер бойынша ақтаушы үкім шығару мүндай адамға азаматтық-қүқықтық жауапкершілікті жүктеу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бүл жайт та заңдардан көрініс табуы тиіс.
Көп ретте адамның жеке басына қарсы қылмыс жасау кезінде жэбірленушілер өздерінің қажетті қорғаныс қүқығын жүзеге асырады. Заң әдебиеттерінде қажетті қорғаныс күйінде келтірілген зиян үшін жауапкершіліктен сөзсіз босату қажеттігі атап керсетіледі. Сот практикасы осындай көзқарасты үстанады. Егер қажетті қорғаныс шегінен асып кету үстінде зиян келтірілген болса, сот істің мән-жайына және сотталушы кінәсының дәрежесіне жэне жэбірленушінің заңсыз эрекеттерінің сипатына қарай зиянды өтеу мөлшерін азайтады немесе тіпті оны өтеуден мүлде бас тартады. Зиян келтірген адамды жауапкершіліктен босату мүмкіндігі Қазак КСР АК-нің 453-бабында көзделген. ҚР АК-нің (ерекше бөлімінің) 935-
Достарыңызбен бөлісу: |