Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама Мазмұны



бет2/13
Дата03.07.2016
өлшемі1.48 Mb.
#175597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2. Кіріспе


Сауда басқа салалармен өзара тығыз байланысты және елдің барлық ауқымында және сыртқы экономикалық қызмет шеңберінде тұтынушыларға (ұйымдарға, халыққа) тауарлар мен қызметтерді жылжытуды қамтамасыз ететін экономиканың функционалдық секторы болып табылады. Сауданың жүйе және қазіргі заманғы дамыған бизнес ретіндегі тиімділігі маркетингке, логистикаға шығындарды азайтуға және түптеп келгенде, көтерме және бөлшек сауда бағасын төмендетуге басқа салаларға мүмкіндік бере отырып, барлық экономика үшін мультипликативтік нәтиже береді. Нәтижесінде, ішкі сауданы дамыту тауарлардың ішкі өндірісінің өсуіне жәрдемдеседі.

Бұдан өзге, 2010 жылдан бастап Қазақстан Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен бірге жаңа жағдайларда – оның шеңберінде үшінші елдерге қатысты бірыңғай сыртқы сауда саясаты жүргізілетін Кеден одағының құрамында әрекет етеді. 2012 жылдан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында оның шеңберінде қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін жылжуын да қамтамасыз етуді болжайтын экономикалық ықпалдасудың неғұрлым тереңдетілген нысанын болжайтын Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істей бастауын жоспарлайды.

Елдің экономикалық дамуы үшін сауданың үлкен мәніне қарамастан сауданы дамыту бағдарламасы бұрын әзірленген жоқ және аталған құжат, алғашқы жүйелік құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басты бағыттарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі – ҮИИМДБ) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленген. Бағдарлама ҮИИМДБ функционалдық бөлімін білдіреді.

Қазақстан Республикасының сауда саласын орнықты дамыту мен оның бәсекеге қабілеттігін жоғарылату үшін жүйелік және институционалдық негізін жасау Бағдарламаның негізгі мақсаты болып табылады.

Бағдарламада тұтастай алғанда, сауданы, оның ішінде, бөлшек, көтерме, биржалық, электрондық сауданы және қоғамдық тамақтандыру жүйесін қамтитын сыртқы және ішкі сауданы дамыту мәселелері көрсетілген.

Ішкі сауданы дамыту үшін қазіргі заманғы пішімдердегі сауда алаңдарының санын және бөлшек саудадағы жалпы айналымда олардың үлесін ұлғайтуды ынталандыруды, электрондық сауданы дамытуды, шалғайдағы, әсіресе, ауылдық жерлердегі өндірушілерді тауар қозғалысының негізгі арналарымен жақындастыруды, сауданың ашықтығын арттыруды және нарық қатысушыларын хабарландыруды, сондай-ақ оның қатысушыларының кәсіби деңгейін арттыруды болжайды. Сыртқы сауда саясатында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, саудадағы кедергілерді жою, өндірісті дамытуды және әлемдік сауда кеңістігіне ықпалдасуды ынталандыру үшін рәсімдерді оңтайландыру мақсатымен Кеден одағы елдері шеңберінде саясатты жетілдіру көзделіп отыр.

Қазақстандағы сауда саласын болжамды жаңғырту оны сауданың қазіргі заманғы халықаралық талаптарына сәйкес келтіруге және ең аз транзакциялық шығындармен тауар қозғалысының тиімді үдерісіне жәрдемдесуге бағытталған. Шараларды іске асыру халықтың қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру түрінде (тауарлардың физикалық қолжетімділігі, тауарлардың бағалық қолжетімділігі, тауарлар мен қызметтердің жоғары сапасы) өндірушілер үшін де (ауқымды географиялық қамту, үлкен өткізу қабілеті, жүйенің төмен үлестік шығындары) және тұтынушылар үшін де тиімді дистрибуцияны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 3. Ағымдағы жағдайды талдау

Классикалық нарықтық экономикалық жүйеде сауда қызметі тауарлар мен қызметтерді шығару мен тұтыну арасындағы делдалдық (тарату) функциясын орындайды. Сондықтан, қазіргі заманғы нарық жағдайында сауданы дамыту сұраныс пен ұсыныстың дамуына, тауарлардың ішкі өндірісінің өсуіне және халықтың сатып алу қабілетінің ұлғаюына тікелей тәуелді болады.

ЖІӨ-дегі сауданың үлес салмағы. Сауда секторы көптеген елдерде маңызды экономикалық және әлеуметтік рөлді орындайтын деп танылған.

Әлемде орта есеппен алғанда, сауданың ЖІӨ-дегі үлесі шамамен алғанда, 10%, ал жалпы жұмыспен қамтуда 13% құрайды (Eurostat, US Census деректері). Ресейде сауда үлесі ЖІӨ-нің – 20%, Словенияда – 13%, Нидерландта – 13%, АҚШ-та шамамен 12%, Қытайда 8% құрайды.



Қазақстанда ЖІӨ құрылымында сауда 1998 2009 жылдар кезеңінде 12 13% ЖІӨ құрай отырып, үшінші орын алды.

Дереккөзі.US Census Bureau



Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі

Халықты жұмыспен қамтудағы сауданың үлес салмағы. Саудада елдің барлық жұмыспен қамтылған халқының 14,8% жұмыс істейді. Бұл ретте, Қазақстанның саудасындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жыл сайын орта есеппен алғанда, 33 мың адамға өсу үрдісі бар. Мәселен, егер 2005 жылы саудада жұмыспен қамтылғандардың саны 1 038,5 адамды құраған болса, ол 2009 жылы – 1 170,6 мың адамды құрады, ол бұл сектордағы еңбек өнімділігінің артуын растамайды, өйткені ЖІӨ құрылымындағы сауданың үлесі өзгеріссіз қалды.

Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі

Саудадағы жұмыспен қамту көрсеткіші экономикада жұмыспен қамтылған жалпы халықтың 10% құрайтындығы АҚШ-та (15%), Ұлыбританияда (15%), Францияда (13%), Словакияда (19%), Нидерландта (17%), Польшада (15%) және Ресейде (17%) бар екенін атап өту қажет.

Салық түсімдеріндегі сауда. Соңғы жылдары салық түсімдерінің құрылымында үлкен бөлік тау-кен өндіруші өнеркәсіпке тиесілі, оның үлесі 2009 жылы шамамен 52,6% құрады.



Дереккөзі: ҚР Қаржы министрлігі

Екінші және үшінші орындарда өңдеуші өнеркәсіп және жылжымайтын мүлікпен операциялар нық тұр. 2005 – 2008 жылдар кезеңінде салық төлемдері құрылымында алымдардың көлемдері бойынша 4 орын алды, бірақ 2009 жылы оның үлесі құрылыс (5,9%), көлік және байланыс (5,4%) үлесімен шамамен тең болды және 5,3% құрады.

С
Дереккөзі.US Census Bureau

аудадағы жұмыспен қамтылғандардың үлесін ескере отырып (14,8%), салық түсімдеріндегі 5,3% мөлшеріндегі оның үлесі салаға сәйкес келмейді және әкімшілік ету проблемаларын, көлеңкелі сектордың болуын, салық салудың оңтайландырылған режимі арқылы іске қосылған үлкен үлесін, оның салыстырмалы төмен тиімділігін көрсететіндігін атап өту қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет