4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының сауда саласын тұрақты дамыту үшін жүйелік және институттық негіз жасау мен оның бәсекеге қабілеттігін арттыру болып табылады.
Ішкі сауда бөліміне нысаналы индикаторлар:
бөлшек тауар айналымының жыл сайынғы өсу қарқынын алдыңғы жылғы (ағымдағы бағада) %-ға шаққанда 2014 жылдан бастап кемінде 106%, оның үстіне 2010 жылы – 100%-ға, 2011 жылы – 102%-ға, 2012 жылы – 103%-ға, 2013 – 104%-ға қол жеткізу;
сауданың физикалық көлемі индексінің жыл сайынғы өсу қарқынын алдыңғы жылғы %-ға шаққанда 2010 жылы 108%-ға, 2011 жылы – 104%-ға, 2012 жылы – 104,1%-ға, 2013 жылы – 104,5 %-ға, 2014 – 105,3%-ға қол жеткізу;
2014 жылға қарай бөлшек сауда алаңының жалпы көлеміндегі сауда кәсіпорындары алаңының үлесін 30 %-ға ұлғайту;
2014 жылға қарай 1000 адамға сауда алаңдарымен қамтамасыз етушілік үлесін 30 %-ға ұлғайту;
бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің қазіргі заманғы сауда пішімдерінің үлесін 50% дейін жеткізу;
сауда алаңының 1 шаршы метрге сату көлемдерін 40%-ға ұлғайту;
бөлшек нарықтың шоғырланушылық деңгейін 7 %-ға дейін ұлғайту;
баға құрылымының ашықтығын ұлғайту мақсатында биржа арқылы сауда операциялары көлемі үлесін жалпы тауар айналымы көлемінде 2010 жылы – 0,8%-ға, 2011 жылы – 0,9%-ға, 2012 жылы – 1,0%-ға, 2013 жылы – 1,1 %-ға және 2014 – 1,2%-ға көтеру;
Негізгі міндет:
ішкі сауданың тиімділігін арттыру, сауда инфрақұрылымын жетілдіру арқылы сауда саласындағы еңбек өнімділігін ұлғайту, атап айтқанда:
ішкі сауданы мемлекеттік қолдау жүйесін қалыптастыру;
биржалық және электрондық сауданы жедел дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
сауда қызметі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына сәйкес келтіру;
көтерме сауда жүйесін халықаралық транзит желісімен ықпалдастыру;
ішкі сауда қатысушыларына сервистік қолдау (ақпараттық, талдамалық, және басқа) ұйымдастыру;
Көрсеткіштер:
Көрсеткіш
|
2010 жылдың басында
|
Жоспар
|
Дереккөзі
|
2011 жыл
|
2012
жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Алдыңғы жылға қарағанда бөлшек сауда тауар айналымының %-бен өсу қарқыны
|
100
|
102
|
103
|
104
|
106
|
Cтатистикалық мәлiметтер
|
Алдыңғы жылға қарағанда физикалық көлем индексінің %-бен өсу қарқыны
|
108
|
104
|
104,1
|
104,4
|
105,3
|
Cтатистикалық мәлiметтер
|
Сауда кәсіпорындарының жалпы алаңы, мың м2
|
3 075
|
3 260
|
3 488
|
3 767
|
4 068
|
Cтатистикалық мәлiметтер
|
1000 адамға шаққанда сауда алаңымен қамтамасыз етілушілік
|
176*
|
187
|
200
|
216
|
233
|
Cтатистикалық мәлiметтер
|
1000 адамға шаққанда «А» санатты сауда алаңымен қамтамасыз ету етілушілік
|
58
|
67
|
81
|
97
|
116
|
«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ есебі
|
Сауда алаңының 1 шаршы метріне (мың теңге) сату көлемі (базалық жыл бағасымен)
|
830
|
913
|
1 004
|
1 105
|
1 215
|
«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ есебі
|
Бөлшек сауда нарығының шоғырлану дәрежесі
|
5,0%
|
5,5%
|
6,0%
|
6,6%
|
7,3%
|
«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ есебі
|
Биржа арқылы тауар айналымының жалпы көлеміндегі сауда операцияларының көлемі, %
|
0,8
|
0,9
|
1,0
|
1,1
|
1,2
|
«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ есебі
|
*- 2009 жылдың басына
Сыртқы сауда бөліміне нысаналы индикаторлар:
сыртқы сауда айналымының жыл сайынғы өсу қарқынына қол жеткізу алдыңғы жылға % -ға шаққанда 2010 жылы – 110 %-ға; 2011 жылы – 106,2 %-ға; 2012 жылы – 105,0 %; 2013 – 103,7 %-ға; 2014 жылы – 104,1 %-ға жеткізу;
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағын қалыптастыруды аяқтау;
Кеден одағына мүше елдерінің (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы) импорттық кедендік баж ставкаларын 2010 жылы – 96%; 2011 жылы – 96%; 2012 жылы – 97%; 2013 – 99%; 2014 жылы 99% деңгейінде бірегейлендіру;
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономиканың кеңістігін қалыптастыруды аяқтау;
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру;
әлемдік сауда жүйесіне тартылу бойынша ДЭФ рейтингін 80 орынға дейін көтеру;
Негізгі міндет:
Әлемдік сауда жүйесіне кірігу жолымен республиканың экономикалық мүдделерін ілгері жылжыту және қорғаудың тиімді және оперативті жүйесін құру, атап айтқанда:
Қазақстанның аумағында осы заманғы бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, жаңа экспортқа бағдарланған өндірістер құру және жоғары технологиялық секторға шетел капиталын тарту;
қазақстандық өнімдерді сыртқы нарықтарға жылжыту үшін қолайлы жағдай жасау.
Көрсеткіштер:
Көрсеткіш
|
2010 жылдың басында
|
Жоспар
|
Дереккөзі
|
2011 жылы
|
2012 жылы
|
2013 жылы
|
2014 жылы
|
Алдыңғы жылға пайызбен сыртқы сауда айналымының өсім қарқыны
|
110
|
106,2
|
105
|
103,7
|
104,1
|
Cтатистикалық мәлiметтер
|
Әлемдік сауда жүйесіне тартылу бойынша ДЭФ рейтингі
|
93
|
88*
|
87
|
84
|
80
|
ДЭФ рейтингі
|
*-2011 жылдың басына
Жауапты орындаушылар:
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі.
Достарыңызбен бөлісу: |