«Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдікті жетілдіру шараларын қамтамасыз етудегі Ұлттық комиссияның қолдауы»



Дата25.02.2016
өлшемі187.97 Kb.
#20595


Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бірлесіп жүзеге асырған ортақ жобаның қорытындылары туралы есеп беру

«Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдікті жетілдіру шараларын қамтамасыз етудегі Ұлттық комиссияның қолдауы»

Есеп беру кезеңі: қаңтар – желтоқсан 2011 жыл

Жобаның негізгі серіктесі: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия (әрі қарай – Ұлттық Комиссия)

2011 жылдың бюджеті: 148 761,09 АҚШ доллары, Ұлттық комиссияның үлесімен қоса: 101 238,04 АҚШ доллары

Жобаның мақсаты: Жоба отбасы институтын нығайтуға арналған шаралар жиынтығын, әйелдердің экономикалық және саяси құқықтарын мадақтау, кәсіптік білім мен жұмыс бастылыққа мүмкіндік, гендерлік теңдік мәселесінің жүзеге асуында оқыту бастамаларының өткізілуін қарастырады. Әйел өкілдіктерінің шешім қабылдау, Қазақстандағы гендер-мэйнстриминг пен гендерлік саясаттың жүзеге асу мақсатындағы арнайыландырылған әйел институттарының зерттеушілік және сараптамалық жәрдемі, семинарлар, конференциялар және басқа да оқыту шаралары жобаның құралы болып келеді.

Есеп беруді жоба менеджері Еспенова М. даярлады

Астана, 21 желтоқсан 2011 жыл

Кіріспе:

Гендерлік теңдікке бағытталған жоба ҚР-да 1999 жылы БҰҰ Даму Бағдарламасымен қатар жүзеге аса бастады. ҚР-да БҰҰ-ңың басқа агенттіктерімен қоса БҰҰДБ да 2016 жылға дейін жасалған гендерлік теңдік стратегиясының әзірленуіне жәрдемдесті. Соған қоса, Қазақстан Республикасында 2006-2016 жыл аралығында гендерлік теңдік Стратегиясын жүзеге асыру мақсатымен 2006-2008 және 2009-2011 жылдарға арналған шаралар Жобасы даярланды. Соңғы жетістіктердің бірі болып ҚР-мен 2009 жылдың желтоқсанында «еркектер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктер мен құқықтар берілуіне мемлекеттің кепілдіктік ету» заңының қабылдануы болып келеді. Бұл заңның негізгі бағыты жыныстық нышанына байланысты кемсітудің алдын алу және барлық мемлекеттік және қоғамдық өмір саласында гендерлік теңдіктің шарттарының құрылуы, сондай-ақ 2009 жылы қабылданған «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресу туралы» ҚР заңы болып саналады.

Жоба жоғары деңгейдегі конференциялардың өтуіне ықпалын тигізді, сонымен қатар Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ), Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ету кезінде гендерлік аспектке тоқталып, Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына арналды. Конференцияның аяқталуы бойынша шешім қабылдайтын тұлғаларға байланысты негізгі ұсыныстар әзірленді.

Жоба шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік мәселесі бойынша негізгі зерттеу»(2009 жылы), экономикалық құқық шеңберінде әйелдер жағдайын жақсарту бойынша шаралар жобасы, сондай-ақ әрекеттегі Қазақстан Республикасының заңнамасының «еркектер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктер мен құқықтар берілуіне мемлекеттің кепілдіктік ету» ҚР заңына сәйкестігін талдау сияқты біршама зерттеулер жиынтығы жүргізілді. Соңғысы «еркектер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктер мен құқықтар берілуіне мемлекеттің кепілдіктік ету» ҚР Заңының жүзеге асу құрылымдары тақырыбына аудандарда төрт аудандық дөңгелек үстел барысында таныстырылып талқыланды.



Жоба Ұлттық директоры Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Әбдіқалықова Г.Н.-мен мақұлданған жұмыс жоспары сәйкестігінде 2011 жылы келесі бағыттағы шаралар жүзеге асты:

  • Қызылорда облысы халқы үшін Отбасылық бизнес пен түрлі үй шаруашылығын жүргізуге арналған «Ертең үшін аянба» Пилоттық бағдарламасының аяқталуы

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның әлеуетін арттыру – Братиславадағы гендерлік теңдік мәселесіне арналған семинар, маусым 2011 жыл

  • БҰҰДБ әкімшісі Х.Кларк ханымның қатысуымен өткен «Әйелдер лидерлер» панельді дискуссиясы 19 мамыр 2011 жыл

  • «Еркектер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктер мен құқықтар берілуіне мемлекеттің кепілдік ету» Қазақстан Республикасы Заңының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету ұлттық құрылымдарын жетілдіру

  • БҰҰ Конвенциясына сәйкес Қазақстандағы әйелдерге қатысты барлық кемсіту түрлерін жою туралы баяндаманың әзірленуіне жәрдемдесу

  • Республиканың төрт аймағында «Отбасы – қоғам негізі» атты отбасылық құндылықтарға қатысты семинарлар топтамасының өткізілуі

  • Гендерлік мәселені айқындаудағы журналисттермен тренинг және ұлттық журналистік желінің қалыптасуы

  • «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының атқарылуына бақылау өткізу

  • «Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу тетіктерін жетілдіру: мәселелер мен келешектер» атты халықаралық конференцияның өткізілуі

  • «Әйелдердің саяси лидерлігін арттыру мақсатында кіші гранттар бағдарламасы»

  • Қазақстандағы гендерлік теңдікті жету құралы болып келетін Ұлттық комиссияның ресми вэб-порталын қолдау (www.ncgp.kz)



  1. ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның әлеуетін арттыру (қысқаша атауы «Әлеуетін арттыру»)

Сайт әкімшілігі. Берілген құрамдас бөлік бойынша Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы Қазақстандағы гендерлік теңдікті жету құралының бірі болып келетін Ұлттық комиссияның ресми вэб-порталына қолдау көрсетуде (www.ncgp.kz). Ағымдағы жылдың сәуірінде орыс және ағылшын тілдерінде таныстыру ролигі даярланды, оның көрсетілімі адамзат өлшеміне байланысты өткен кеңесте Венада 6-7 мамыр күндері өтті. Сайттағы жаңартулар тұрақты түрде үш тіл негізінде жүргізіледі.
Ұлттық Комиссияның әлеуетін арттыру. 2011 жылдың 29-шы маусысынан 1-ші шілдесіне дейін БҰҰДБ-ның аймақтық орталығы Словакияда, Братислава гендерлік мәселеге байланысты мамандар мен сарапшылардың жыл сайынғы кездесуі өтті. Кездесуде аймақтық маңыздылығы бар гендерлік бағдарламаларға, гендерлік-сезгіш бағыттағы жаңа серіктестік салаларына қатысты жаңа инновациялық тұрғылар талқыланды. Кездесудің негізгі мақсаты гендерлік мейнстриминг арқылы серіктердің әлеуеттік желісін арттыру болды. Аталмыш кездесуге Қазақстаннан Ұлттық комиссия Хатшысы Р.Наубетова ханым, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰДБ-ның Мемлекеттік кеңсесінің өкілі қатысты.

Сайтты әкімшіліктендіруді үйрету. 2011 жылдың қараша айында Ұлттық Комиссия қызметкерлері үшін электронды порталды алдағы уақытта өз бетімен әкімшіліктендіру үшін тренинг өткізілді.

  1. Отбасы институты мен отбасы беделін көтеру (қысқаша атуы «Гендер және отбасы»). Отбасы құндылықтарының қайта өркендеуін насихаттауға байланысты мемлекетіміздің 4 аймағында өткен семинар.

Отбасы құндылықтарын насихаттау семинарлары. Қазақстанда басқа да дүние жүзіне сай қазіргі кезде отбасы институты дағдарысты кезеңді өткізуде, көптеген әлеуметтік, экономикалық және саяси шақырулардың ықпалына түсуде. Отбасы мәселесімен түрлі әлеуметтік мәселелер байланысты: соған қоса толық емес отбасылар мен некеден тыс туылған балалар, жетімдік, қылмыс деңгейінің өсуі мен тұрмыстық зорлық-зомбылық және т.б. Осыған байланысты жобаның құрамдас бөлігі шеңберінде отбасы институтының күшеюі және отбасы беделін арттыруға бағытталып кейбір Қазақстан аймақтарында қазіргі қоғамдағы отбасы құндылықтарына, еркектер мен әйелдерге байланысты тең құқық пен мүмкіндіктерге жету, сондай-ақ гендерлік теңдік пен отбасы құндылықтары мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өркендеуіне және жастардың тәрбиесіне арналып семинарлар өткізілді. Іс-шаралар Ақтау қ. – 7 қазан, Тараз қ. – 21 қазан, Петропавловск қ. – 28 қазан және Көкшетау қ. – 4 қараша 2011 жылы өткізілді. Семинарлардың жұмысында мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми орта, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен этно-мәдени орталық өкілдері қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар отбасы дәрежесінің артуы мен Қазақстандағы гендерлік саясаттық пайдалы жүзеге асуына байланысты өз ұсыныстарын жасап, отбасы мен некені сақтау жолдары, халық арасында насихаттау, және алғашқы кезекте жастар арасында, ұлттық отбасылық құндылықтарды зерттеу керектігін атап өтті. Сондай-ақ талдауда қоғамдағы адамгершілікті сақтау мен жандандыру, мәдени және тарихи дәстүрді сақтау, қоғамдық құндылықтарды бағдарлау керек деген қорытындыға келді. Семинарға қатысушылар отбасылық құндылықтардың жандануы кезінде отбасы құндылықтары мен дәстүрге негізделе отырып, бала мен жастарды тәрбиелеу мәселесіне ғылыми қоғамдастықтарды тарту және оларды басқа құжаттық бағдарламалармен үйлестіру маңызды болып келетіндігін айтты. Қатысушылар отбасылық, гендерлік мәселеге қазіргі заманғы зерттеушілерді белсенді шақыру керектігі туралы қорытты.




  1. Шешім қабылдау барысындағы әйел өкілдіктерінің артуы (қысқаша атауы «Гендер және саясат»)

БҰҰДБ әкімшісі Кларк ханымның сапары. 2011 жылдың 19 мамырында БҰҰ Даму Бағдарламасының әкімшісі Хелен Кларк ханымның Қазақстанға іс-сапары жүзеге асты. Кларк ханым Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова ханымның төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында өткен «қазіргі әлем мен Қазақстанда әйелдер лидерлер» атты пікірталастқа қатысты. Қатысушылар гендерлік теңдік және Қазақстан мен әлемдегі әйелдер арасындағы лидерлік мәселесін талқылады. Хелен Кларк ханым аудитория алдында сөйлеген сөзінде әйелдер мен кыздарға инвестициялау – мультикативті нәтиже беретіндіктен, өз алдына Мыңжылдықтың Даму Мақсаттарына жетудің бір стратегиясы болып кететіндігін айтты. Әйел желілерін құру және әйелдер арасындағы тәжірибемен бөлісу, әйел дауысының артуы мен алға бастауында маңызды шарттардың бірі болып келеді. Пікірсайыстың қорытындылары баспасөзде кең көрсетілді.

«Еркектер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктер мен құқықтар берілуіне мемлекеттің кепілдіктік ету» Заңы Ұлттық құрылымының жүзеге асырылуындағы жетілдірілу. 2009 ж. соңында Қазақстанда ұлттық заң шығаруға тең мүмкіндіктер мен құқықтарды енгізетін «Еркектер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктер мен құқықтар берілуіне мемлекеттің кепілдік ету» негізін құраушы Заң қабылданды. Осыған байланысты жоба шеңберінде нормативті құқықтық акттерге қажет өзгертулер мен қосымшалармен қатар, оның жүзеге асырылу құрылымдары даярланды. Соның нәтижесінде ұлттық сарапшы «Еркектер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктер мен құқықтар берілуіне мемлекеттің кепілдік ету» Заңына сәйкес жүзеге асыру құрылымдар негізінде ұсыныстар әзірледі, сонымен қоса ұйымдар, мекемелер және орталық және жергілікті билеу органдарының құзыреттері шамасында гендерлік жағдайға бақылау жүргізді. Гендерлік аспект пәндерінің қосылуына байланысты жоспардың даму стратегиясы, министерстволар мен ведомстволардың жағдайы, тұлғалардың атқаратын міндеттері, гендерлік саясаттың енгізілуі мен қалыптасуына жауапты адамдар зерттелді.



Кіші гранттар бағдарламасы. Жоба шеңберінде 2011 жылдың қазан айында әйелдердің саяси өркендеуіне ықпал ететін кіші гранттар бағдарламасы жарияланды. Кіші гранттар бағдарламасының мақсаты - лидерлік машықтарын жетілдіру негізінде оқыту бастамаларын жүзеге асыру, бәсекеге қабілеттілік пен «менеджмент» қабілетін туғызу, сондай-ақ қалада ғана емес ауылды жерлерде де кең жас топтамаларын шақыру арқылы әйелдердің саяси лидерлігін қолдау. Бағдарламаның басты мақсаты – жеке ұйымдардың жұмысын қолдап қана қоймай, гендерлік теңдік ойларын қоғамдық ойға енгізу мен мемлекеттік, аймақтық, жергілікті дәрежеде саясатты жүргізу, әйелдердің саяси өркендеуі саласында түрлі ұлттық сарапшылардың тәжірибемен бөлісу мен әрекеттесуіне жағдай құру. Кіші гранттар бағдарламасы бойынша мәлімдеме қабылдануы «Казахстанская правда» республикалық газетінде жарияланды, ҮЕҰ үшін арнайы жолмен таратылып, сонымен қоса БҰҰДБ-ның веб-сайтында жарияланды.

Жүргізілген техникалық бағалау қорытындылары, сондай-ақ гранттық комитеттің отырысы бойынша үш кіші грант мәлімдеме-жеңімпазы іріктеп алынды: 1) ОО «Үміт» Орал әйелдер одағы», 2) ПОФ «Серіктестік орталығы», 3) Талдықорған аймақтық әйелдер қолдау орталығы. Аталмыш ҮЕҰ-дың жобалары әйелдердің қалалық, аудандық, облыстық дәрежедегі саяси өркендеуіне инновациялық тұрғыдан келгенін көрсетті. Іс-шаралардың нәтижелеріне сай әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының әрекеттесуін арттыруға, саяси партиялар мен мемлекеттік органдар, облыстарда жұмыс істейтін әйелдердің өркендеуіне байланысты құрылымдар мен ұсыныстар әзірленеді деп күтілуде.

Сонымен қоса, іс-шаралар ықпалын тигізуі тиіс:


  • Әрекеттегі әйел-саясаткерлер мен гендерлік саясат негізінде табысты әйел серіктестігін құру мақсатымен өкілетті органдарға сайланғандарды тарту;

  • Саяси әйел лидерлігі мектептер санының күшеюіне әсер ету;

  • Саяси әйел лидерлігі мектептер санының институционалды дамуына әсер ету, кандидат-әйелдерді шешім қабылдау деңгейіндегі тұрақты қолдау мақсатымен мектептер жұмысын жүйелендіру;

  • Әйелдердің саяси өркендеу саласындағы сарапшылардың арасында тәжірибемен алмасу және әрекеттесуді күшейту.



  1. «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат пен гендер-мэйнстримингтің дамуы» (қысқаша атауы «Гендерлік және саясат»).

Бұл құрамдас бөліктің шеңберінде жоба БҰҰ Конвенциясының мерзімдік мәлімдемесін дайындауда, әйелдерге қатысты барлық кемсіту түрлерін жоюда техникалық қолдауын көрсетті (СИДО бойынша БҰҰ Конвенциясы). Біріктірілген үшінші және төртінші ұлттық баяндамаларда 2004 жылдан 2010 жыл аралығында болған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сондай-ақ берілген уақыт аралығындағы Конвенцияның жүзеге асу жетістіктері бойынша мәлеметтер келтірілді. Баяндама министерстволар мен ведомстволармен және 2007 жылы қаңтарда екінші баяндамамен таныстырудан кейін, әйелдерге қатысты кемсітуді жою Комитетінің ұсыныстары мен қорытынды түсініктерін ескергендегі, Астана және Алматы қалаларының облыс Әкімдерінің жаныныдағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері комиссиясымен (СИДО бойынша БҰҰ Комитеті) берілген үлкен аналитикалық мәліметтің негізінде дайындалды. Баяндаманың әзірленуіне көптеген ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Баяндаманың жобасы мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі өкілдерінің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысында талқыланды. Барлық ескертулер мен ұсыныстар баяндаманың ақтық нұсқасын түзетуінде ескерілді.

Баяндаманың I бөлімінде Қазақстан Республикасы туралы, халқы, саяси негізі, адам құқықтарын қорғау заң шығарушы жүйесі мен республиканың облыстарында адам құқықтары жайлы ақпараттың тарауына байланысты қолға алынып жатқан істер туралы жалпы мағлұмат беріледі. II бөлімінде СИДО Конвенциясына сәйкес есеп беру уақыты барысында, болған кедергілер мен белгіленген қадамдарды жүзеге асырудағы жеткен жетістіктер және Қазақстанмен қабылданған заң шығарушы, әкімшілік және басқа да міндеттерді атқаратын шамаларда болған өзгерістер туралы тармақталып мағлұмат берілген.

ИКҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуіне байланысты 2011 жылдың басында «Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалық етуі: гендерлік аспект» конференциясының қорытынды мәліметтері бойынша үш тілде қазақша, орысша, ағылшынша қосымша басылым тиражы шағарылды.



Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуына байланысты конференция. «Қазақстан Республикасындағы гендер-мэйнстриминиг пен гендерлік саясаттың өрлеуі» құраушы бөлігінің шеңберінде 2011 жылдың 25 қарашасында «Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу тетіктерін жетілдіру: мәселелер мен келешектер» атты халықаралық конференция өткізілді. Конференция әйелдерге қатысты кемсітуді жоюмен күресу Халықаралық күні мен 2009 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңның бақылау қорытындыларын ұсынумен орайластырылды. Заңның екі жыл бойы жүзеге асуы аралығында заң шығару мен практикадағы біраз әрі қарай жақсарту мен жетілдіруді қажет ететін, белгілі практикалық тәжірибе жиналды.

Конференцияның мақсаты Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою мен оның алдын алу саласындағы құқық қолдану практикасын талқылау, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жәбірленушілерін оңалту жүйесі болып қалыптасты. Конференция шеңберінде мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары мен азаматтық қоғам сарапшылары Заңның жүзеге асуы бойынша түрлі зерттеу мен бақылау қорытындыларын ұсынды. Ұлттық комиссия жобасы тарапынан ортақ «Құқық даму орталығы» АҚ сарапшыларымен орындалған Заңның жүзеге асу бақылауын саралау берілді. Бақылау шеңберінде жиналған мәлімет пен жүргізілген саралауға негізделе отырып, берілген заңның пайдалы жүзеге асуына бағытталған практикалық ұсыныстар жиынтығы жасалды. Уәкілетті орталық және жергілікті органдармен Заңның пайдалы жүзеге асу қиындықтары мен айқын құрылымдар мен ұсыныстар негізінде оларды жою мүмкіндіктері белгіленді.

Конференцияның жұмысында әлеуметтік қызметті ұсыну мен аталмыш мәселенің қиындықтарына мол көңіл бөлінді. Конференцияның негізгі қорытындысы болып қатысушылармен Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуына байланысты мемлекеттік органдарға жасалған ұсыныстары болды. Конференцияның қатысушылары Заңның кешенді сипатын ескере отырып, жүзеге асырудың айқын құрылымдарын белгілеу маңыздылығын атап өтті. Конференцияның негізгі мәліметтері, сондай-ақ оның ұсыныстары Жинақ түрінде басып шығарылды.

Конференцияның жұмысна Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар өкілдері, облыстар мен қалалар әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың аймақтық хатшылары, сондай-ақ қазақстандық бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Конференция БҰҰ Әйелдер, Қазақстан мен Қырғызстандағы Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен ортақ өткізілді.



Журналисттер үшін тренинг. Еркектер мен әйелдер арасындағы теңдікке жету үдерісі созылмалы және қоғам тарапынан көмек қажет етеді. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық, ағартушылық және үгіттемелік рөлі басты орынға ие болды. Гендерлік теңдіктің өрлеуі мақсатымен елде 2011 жылдың 27-28 қыркүйек күндері аралығында «Қазақстан Республикасындағы гендер-мэйнстриминг және гендерлік саясаттың өрлеуі» құраушы бөлігінің аясында, баспазөз бен теледидардық БАҚ журналистері үшін гендерлік теңдік мәселесінің өрлеуі негізінде оқыту тренингтері өтті.

Тренингтің нәтижесі болып гендерлік тақырыптамаға назар салатын журналисттер қоғамын, желісін құру болып келді. Семинардың тренинг бағдарламасында көрсетілген негізгі мақсаттары болып: гендерлік теңдік пен кемсітуді жою мәселелеріндегі журналисттердің білім дәрежесінің артуы; БАҚ мағлұматтарындағы гендерлік факторға көңіл бөлудің түсінігі; журналисттермен Қазақстандағы еркектер мен әйелдер арасындағы ағымдағы теңдік жағдайы мен осы саладағы туындаған негізгі мәселелер туралы ақпарат беру; гендерлік ақпаратпен журналисттердің жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастыру, этика, дәлдік пен шынайылық негіздерін сақтау; мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, сондай-ақ қызығушылық білдірген тұлғалармен жұмыс істеу жолдары мен ерекшеліктерін пайымдау; негізін құраушы халықаралық құжаттар мен сондай-ақ БАҚ қатысуымен өткен гендерлік теңдік жайындағы әлемдік практика құжаттарымен таныстыру; гендер және басқа мәселелердегі БАҚ-ты бірінші және екінші ақпарат көзі ретінде талқылау.

Жаттықтырушылар ретінде журналистикада,сондай-ақ гендерлік теңдік мәселесі жайлы мол тәжірибесі бар ұлттық сарапшылар шақырылды. Семинардың қорытындысы бойынша журналисттер жаңалықтар жиынтығы мен аналитикалық мақалалар құрудағы гендерлік аспекттерді ескеру әдістемелері жайлы негізгі түсінік алды. Аталмыш тренинг журналисттер арасындағы гендерлік тақырыптамаға байланысты жаттықтырушыларды дайындауға негізін болды.

Жоба бақылауы. Жоба құжатына сәйкес жүзеге асу бақылау құралдарының бірі жобаны басқару Комитеті болып келеді (әрі қарай - ЖБК ). ЖБК жобаны басқару бойынша шешімдердің қабылдануына жауапты. ЖБК рөлі мен міндетіне жобаны жалпы басқару мен нұсқауды беру, жоба менеджерімен көтерілген жобалық мәселелер бойынша шешім қабылдау, қауіп-қатер төнген жағдайда басқару істері бойынша шешімдер мен бағыт-бағдарды беру, жобаның жетістіктеріне сай есеп беру құжаттарын қадағалау және ұсыныстар дайындау, жылдық есептік шолуды бағалау мен жылдық жұмыс жоспары бойынша ұсыныстар жасау және т.б.

Соның нәтижесінде, 2011 жылдың 30 қарашасында ЖБК отырысы өтті, оның мақсаты жоба қорытындысын талқылау, сондай-ақ 2012 жылдық жобаның жұмыс жоспарын қарастыру болды. Отырыс жұмысына қатысқандар: 1) Ұлттық комиссия жағынан: Ұлттық Комиссия Хатшылығының басшысы Нубетова Р.А.; 2) БҰҰДБ жағынан: Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты Өкілінің орынбасары Паниклова Е..; Пайдалы басқару мен территориальді даму департаментінің басшысы Баймырза А.; Пайдалы басқару мен территориальді даму департаментінің үйлестірушісі Бакиева М., Жоба менеджері Еспенова М.

Отырыста кіші гранттар конкурсы бойынша жоба мәлімдемелерінің қорытындылары талқыланып, 2011 жылғы жобаның нәтижелері қарастырылды, сондай-ақ 2012 жылғы жоба Жұмыс жоспары таныстырылды. Нәтижесінде кіші гранттар мәлімдеме-жеңімпаздарының тізімі бекітіліп, есеп беру уақытына сай жобаның жұмысы мақұлданды және келер жылдың негізгі жұмыс бағдары қабылданды.

Қаржылық есеп беру: Жобаның серіктестермен ресми келісушілік бойынша 2011 жылы 2 несие көздері жасалды Ұлттық комиссия жағынан: 1) 4 163 000 теңге, 2) 10 162 000 теңге. 2011 жылдың мамыр және желтоқсан айларында Қазақстандағы БҰҰДБ ұсынып, Ұлттық комиссия жалпы 14 325 000 теңге сомаға тең қаржылық есеп беруді бекітті. Сонымен, нәтижесінде 2011 жылы жоба 148 761,09 АҚШ долларын игерді.

Одан басқа, 2011 жылдың басында Жоба «Фейбл Вернер Шнитке GmbH» (Fabel, Werner & Schnitkke GmbH.) атты халықаралық аудит компаниясымен ұйымдастырылған тәуелсіз тексеруден өтті. Өткізілген тексерістің нәтижелері Ұлттық комиссияның Хатшылығына берілді. 2011 жылдың тамыз айында тәуелсіз тексерістің нәтижелері Ұлттық комиссияның Хатшылығымен кездесуде, сондай-ақ тексеріс нәтижелерін талқылау мен тексеріс ұсыныстарының бағытындағы жоба жұмысының әрі қарай өркендеуі БҰҰДБ басшылығына тартылды.



2012 жылғы әрекеттің басым бағыттары:

2011 жылы 30 қарашада ЖБК соңғы отырысының шешімімен жобаның мерзімі 2012 жылдың сәуіріне дейін созылып, алдағы уақытқа келесі іс-шаралардың өткізілуі белгіленді:



  • Кіші гранттар бағдарламасының жүзеге асуы (желтоқсан 2011 – ақпан 2012 ж.ж.)

  • Мемлекеттің екі ауданында әйелдердің экономикалық өркендеуіне байланысты 2 семинардың өткізілуі

  • Халықаралық әйелдер күніне байланысты Астанада жобаның қорытынды Конференциясының өткізілуі

  • Нормативті-құқықтық акттер ұсыныстарының әзірленуімен үй еңбегінің ІЖӨ-нің құрамына қосылу зерттеуінің өткізілуі

Жобаның тұрақтылығы: аталмыш жобаның сәтті жүзеге асырылуына негізделіп, Жоба тобы Ұлттық комиссия Хатшылығының қолдауымен 2011 жылдың шілде айында 2012-2014 жж. гендерлік теңдік саласындағы жұмыстың өркендеуіне бағытталған жаңа жобалық ұсынысты даярлады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет