Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 308 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама 1. Паспорты
Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 866 Қаулысымен.
Атауы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
2011 - 2015 жылдарға арналған салалық
бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама)
Әзірлеу «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
үшін негіздеме жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18
маусымдағы Жарлығы;
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейінгі Стратегиялық даму жоспары
туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №
922 Жарлығы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Экономикалық
әзірлеуге және іске қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
асыруға жауапты күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан
мемлекеттік орган әрі - Агенттік)
Мақсаты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың
тиімділігін арттыру
Міндеттері Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы
жетілдіру;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,
сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін
азайту жөніндегі мемлекеттік органдар
қызметінің тиімділігін арттыру; Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату;
Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
Осы міндеттер негізінде әзірленген
шаралар талдауда көрсетілген
кемшіліктерді барынша азайту және
қауіптерді жою үшін бар күшті жақтарды
пайдалануға мүмкіндік береді
Іске асыру Бағдарламаны іске асыру 2011-2015 жылдар
мерзімдері (кезеңдері) аралығындағы кезеңде жүзеге асырылатын
болады
Нысаналы Қазақстан 2015 жылға қарай «Транспаренси
индикаторлары Интернэшнл» рейтингінде сыбайлас
жемқорлықты түйсіну индексі бойынша 180
елдің арасында 90 орынды иеленеді
Қаржыландыру көздері Бағдарламаны іске асыруға жалпы сомасы
және көлемі 362523,5 мың теңге қаражат бөлу
көзделуде:
оның ішінде, республикалық бюджеттен -
362523,5 мың теңге, оның ішінде:
2011 жылы - 27915,5 мың теңге;
2012 жылы - 243523,5 мың теңге;
2013 жылы - 30361,5 мың теңге;
2014 жылы - 30361,5 мың теңге;
2015 жылы - 30361,5 мың теңге.
Шығын сомалары толық емес және тиісті
қаржы жылына арналған республикалық
бюджет жобасын қалыптастыру кезінде
Республикалық бюджет комиссиясы
нақтылайтын болады.
Жергілікті бюджет есебінен
қаржыландырылатын іс-шараларды іске
асыру бөлінген қаражат шегінде
көзделеді.
2. Кіріспе
Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның, қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды.
Сыбайлас жемқорлық сыбайлас жемқор және адал (жергілікті немесе шетелдік) кәсіпкерлерді алдын ала теңсіздік жағдайына қоя отырып, сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекелестікке нұсқан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз әсер етеді. Сыбайлас жемқорлық жөніндегі тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының бағалауы бойынша ол Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің құнын 50%-га дерлік көтереді, бұдан елдің барлық халқы зиян шегеді.
Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргізудің экономикалық және қаржылық ортасын бұрмалайды, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін, инвестицияларға ынталарын төмендетеді, экономикалық және саяси дамуды тежейді, әлеуметтік теңсіздікті туындатады, сондай-ақ саяси үдеріске белгілі бір тұрақсыздықты енгізеді.
Мысалы, өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында экономиканы епсіз басқарумен ұштасқан сыбайлас жемқорлық Венесуэла сияқты мұнайға бай елді төлем қабілетсіздігіне әкелді. Демократиялық және демократиялық емес институттары бар бай елдер де, кедей елдер де сыбайлас жемқорлыққа бейім болады. Сыбайлас жемқорлықтың Жапония үкіметінде болған өзгерістерде, Италияның саяси жүйесін қайта ұйымдастыруда, Заирдағы үкіметтік биліктің, заңның және тәртіптің коллапсында түйінді рөл атқарғаны белгілі.
Осылайша, сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қоғамға әсері экономикалық шектен шығады. Сыбайлас жемқорлық экономика мен қоғамның әртүрлі салаларына ене отырып, елдің тұрақты саяси-экономикалық дамуына ыдыратушы әсер етеді, сондықтан оның ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қауіп болып қала береді.
Мәселен, 2005 - 2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында 10929 сыбайлас жемқорлық қылмыс анықталды.
Бұл ретте, осы көрсеткіштің жыл сайынғы өсу үдерісі байқалады, егер 2005 жылы осындай қылмыстар саны 1505 болса, 2010 жылдың нәтижелері бойынша - 1911, яғни 27 %-ға өскен.
Осыған байланысты елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ел алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың белсенді саясатын жалғастыру міндеті тұр.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен ғана қарсы тұру сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша төмендетуге мүмкіндік бермейтіндіктен, бұл жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік даму бойынша елде жүргізіліп жатқан қайта құруларды тежейді.
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның және Президент Н. Назарбаевтың мемлекеттік саясатының аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты күшейтуге, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін жалпы қылмыстық көріністерден қорғау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Бұрын іске асырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламаларының нәтижелері сыбайлас жемқорлықтың одан әрі дамуына кедергі жасайтын пәрменді жағдайларды қалыптастыру бойынша барлық мемлекет пен қоғамның дәйекті жүйелі жұмысын одан әрі жүргізудің мақсаттылығы мен қажеттілігін көрсетті.
Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам іске асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған өзара байланысты іс-шаралардың кешенін әзірлеу мақсатында осы Бағдарлама әзірленді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |