Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі



Pdf көрінісі
бет107/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
166-бап. Еңбек төрелігі 


1. Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауының тараптары татуластыру комиссиясының 
жұмысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құрады. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

2. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қарау тәртібі 
тараптардың келісімімен тепе-теңдік негізде айқындалады. Еңбек төрелігі кемінде бес 
адамнан тұруға тиіс. Еңбек төрелігінің құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы кіреді. 
Татуластыру комиссиясының мүшелері жұмыскерлердің қаралып отырған талаптары 
бойынша еңбек төрелігінің құрамына кіре алмайды. 
3. Еңбек төрелігінің төрағасын төрелік мүшелері өздерінің арасынан сайлайды. 
4. Еңбек төрелігі ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауының тараптары 
өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған кезде басқа да мүдделі адамдар 
өкілдерінің қатысуымен де қарайды. 
5. Дауды қарау рәсімін еңбек төрелігі айқындайды және ол ұжымдық еңбек дауы 
тараптарының назарына жеткізіледі. 
6. Еңбек төрелігінің шешімі ол құрылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен 
кешіктірілмей төрелік мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек 
төрелігі мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып 
табылады. Шешім уәжді болуға, жазбаша нысанда жазылуға және оған төрелік 
мүшелерінің барлығы қол қоюға тиіс. 
7. Татуластыру комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптары келісімге қол 
жеткізбеген кезде, Қазақстан Республикасының заңдарымен ереуілдер өткізу тыйым 
салынған немесе шектелген ұйымдарда еңбек төрелігінің құрылуы міндетті. 
8. Еңбек төрелігінің шешімі ұжымдық еңбек дауы тараптарының орындауы үшін 
міндетті болады. 
9. Еңбек төрелігінің шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда
тараптардың дауды шешуді сот тәртібімен жүзеге асыруға құқығы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет