Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


параграф. Iздестiру және апаттық-құтқару жұмыстары



бет15/25
Дата08.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#185573
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

142 параграф. Iздестiру және апаттық-құтқару жұмыстары

      918. Iздестiру және апаттық-құтқару жұмыстары апатқа ұшырау үстiндегi немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң жолаушылары мен экипажын құтқару мақсатында ұйымдастырылады.


      919. Iздестiру және апаттық-құтқару жұмыстарын өткiзу тәртiбi ұшудың негiзгi ережесiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

143 параграф. Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етудiң, авиациялық радиобайланыстың жер үстi құралдарын және әуеайлақтық сұлбаларды ұшып тексеру.

      920 Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етудiң, авиациялық радиобайланыстың жер үстi құралдарын (бұдан әрi – ҰРТҚ және байланыс құралдары) ұшып тексеруi нормативтiк-пайдалану құжаттамасыныңталаптарына тактикалық сипаттамасы және ҰРТҚ, байланыс құралдары пайдалануға жарамдылық бағасы сәйкес келетiнiн растау үшiн жүргiзiледi.


      ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшып тексеруi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 Қаулысымен бекiтiлген Азаматтық авиациясындағы ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыс ережелерiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      921. ӘК әуеайлағы ауданынан шығу және қонуға бет алуды орындағанда iске асырылатын әзiрленген әуеайлақтық сұлбалардың ұшып тексеруi өкiлеттi органдармен келiсiлген бағдарламалар бойынша жүргiзiледi.

12. Ауа-райының барлық жағдайындағы ұшулар

      922. Пайдаланушы ұшуларды орындау болжанатын әуеайлақтар (тiкұшақ айлағы) үшiн әуе кемелерiнiң пайдалануға берiлетiн үлгiлерiне арналған минимумдары белгiленедi. Бұл минимумдар осы Қағиданың 4-қосымшасының талаптарына сәйкестенiп есептеледi.


      Минимумдарды айқындау әдiсi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi. Бұл минимумдар осы мемлекеттiң әрбiр нақты жағдайда арнайы рұқсатын қоспағанда, әуеайлақ орналасқан мемлекеттiң авиациялық әкiмшiлiгi белгiлеген минимумдардан төмен болмауы тиiс.
      Ұшуда жоспарланбаған қосымша әуеайлақтарына арналған минимумдардың бекiтiлген әдiсi бойынша есептеуге рұқсат етiледi.
      923. Кез келген нақты ұшып көтерiлуге/қонуға арналған әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) минимумдарын айқындау кезiнде пайдаланушы мынадай факторларды ескередi:
      1) әуе кемелерiнiң үлгiлерi мен ұшу сипаттамалары;
      2) ұшу экипажының құрамы, оның дайындығы және ұшу тәжiрибесi;
      3) пайдаланылатын ҰҚЖ өлшемдерi мен сипаттамасы;
      4) көзге көрiнетiн және көзге көрiнбейтiн жердегi құралдардың сәйкестiгi және сипаттамасы;
      5) навигация, ұшып көтерiлу кезiнде ұшуды бақылау және басқару,қонуға бет алу, теңестiру, қонғаннан кейiн ҰЖҚ бойынша жылдамдық алу және екiншi айналымға кету мақсаттары үшiн пайдаланылатын әуе кемелерiнiң борттық жабдықтары;
      6) қажеттi рұқсаттарды және штаттан тыс рәсiмдердi талап ететiн ұшып көтерiлу аймағындағы және ұшып шығу кезiнде биiктiктi алудағы, қонуға бет алу және екiншi айналымға кетудегi кедергiлер;
      7) АҰҚ бойынша кiру рәсiмдерi үшiн абсолюттiк/салыстырмалы ұшу кедергiлерiнiң биiктiгi;
      8) айқындау құралы және әуайлақтағы метеожағдай туралы ақпартты ұсыну рәсiмi.
      924. Осы тарауында қарастырылған әуе кемелерiнiң үлгiлерi Қағиданың 4-қосымшасында келтiрiлген әдiс бойынша айқындалады.
      925. Пайдаланушы мынадай жағдайларды сақтау кезiнде II және III санаты бойынша қонуға бет алуды орындайды:
      1) мұндай бет алуларды орындауын болжайтын әрбiр әуе кемесi шешiмдi қабылдау биiктiгiмен (ШҚБ, DH) кемiнде 60м (200 фут) немесе ШҚБ-cыз қонуға бет алуды орындауы сертификатталған;
      2) автоматты бет алуларды және/немесе қонуларды тiркеу (жазу) жүйесi белгiлендi, мұндай ұшуларды қауiпсiз орындау бақылау мақсатында олардың мағынасын ашу және талдау жүргiзiледi;
      3) пайдаланушы мұндай ұшуларды (қонуға бет алуды) орындау азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты болуы керек;
      4) экипаж ең аз дегенде 2 ұшқыштан тұрады;
      5) ШҚБ (DH) радио биiк өлшегiшi бойынша айқындалады.
      926. Пайдаланушы ҰҚЖ кемiнде 150 м (А, В және С ұшақтың санаты) немесе кемiнде 200 м (D ұшақ санаты) көзбен көру кезiнде әрбiр нақты жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның арнайы рұқсатынсыз ұшып көтерiлудi орындамады.

144 параграф. Шектеулi көзбен көру жағдайындағы ұшулар – әуеайлақтарға қойылатын талаптар

      927. Пайдаланушы егер ол тiркелген мемлекеттiң авиациялық әкiмшiлiгi мұндай ұшуларға әуеайлаққа (тiкұшақ айлағына) рұқсат етiлмесе (сертификатталмаса), II және III санаттары бойынша қонуға бет алуды орындамауы тиiс.


      928. Пайдаланушы әуеайлақта (тiкұшақ айлағында) көрiнудiң төмендеуi кезiнде (LVP) ұшу рәсiмдерiнiң iс-әрекетi белгiленгенiне және енгiзiлгенiне көз жеткiзедi.

145 параграф. Шектелген көзбен көру жағдайындағы ұшулар – ұшу экипажы мүшелерiн даярлау және бiлiктiлiгi

      929. Пайдаланушы II және III санаттары бойынша шектеулi көрiну (LVTO) және/немесе қонуға бет алған жағдайда ұшып көтерiлудi орындау алдында мыналарды:


      1) ұшу экипажының әрбiр мүшесi II немесе III санаттарына рұқсат етуге байланысты ҰҚЖ (RVR) және ШҚБ (DH) көрiнудiң әртүрлi мәнi кезiндегi iс-әрекеттер бойынша тренажерда дайындалуды қамтитын дайындықтан және тексеруден өтуiн; және
      2) дайындық пен тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен және пайдаланушының ҰЖН енгiзiлген бағдарламаларға сәйкес жүргiзiлуiн;
      3) ұшу экипажының әрбiр мүшесi ұшақтың осы түрiнде тиiстi минимум бойынша ұшулар үшiн қажеттi арнайы дайындықтың болуын қамтамасыз етедi.
      930. Пайдаланушы шектеулi көрiну жағдайында ұшуға дайындық бағдарламасы ұшу экипажының жердегi жаттығу құрылғысында және/немесе ұшуға дайындалуды құрылымдық қамтуын қамтамасыз етедi. Пайдаланушы егер қысқа курстiң мазмұнын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган мақұлдаса 939 және 940-тармақшаларында көрсетiлген сияқты қысқартылған бағдарлама бойынша жаттығулар жүргiзедi.
      931. II немесе III санаттары бойынша бұрын ұшуларды орындамаған ұшу экипажының мүшелерi 146, 147 және 148 параграфтарына сәйкес дайындықтың толық бағдарламасын аяқтайды.
      932. II немесе III санаттары бойынша бұрын ұшуларды орындаған ұшу экипажының мүшелерi қысқартылған бағдарлама бойынша жерде дайындық жүргiзедi.
      933. II немесе III санаттары бойынша бұрын ұшуларды орындаған ұшу экипажының мүшелерi мазмұны 947-тармақтың 1) тармақшасының немесе 948-тармақтың, 950-тармақтың 2) тармақшасының талаптарын қамтитын қысқартылған бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi мүмкiн.
      934. Пайдаланушы шектеулi көрiну жағдайында (LVP) бастапқы жердегi дайындықтар мынадай тақырыптарды қамтуын қамтамасыз етедi:
      1) ILS және/немесе MLS сипаттамалар мен шектеулер;
      2) жарық және басқа көзбен көру жабдықтарының сипаттамасы;
      3) тұман сипаттамасы;
      4) қонуға бет алу кезiнде нақты жүйелердiң қолданыстағы мүмкiндiктерi мен шектеулерi;
      5) жауын-шашын, мұздану, төмен биiктiкте желдiң жылдамдығы мен тынымсыз ұшу жағдайында кiруге бет алу;
      6) ұшақ жүйесi мен жабдықтары жұмысының iстен шығуы;
      7) ҰҚЖ (RVR) көрiнуi және метеорологиялық көрiну мәндерiн бағалау;
      8) қауiпсiз биiктiктi айқындау қағидалары;
      9) жердегi жабдық iстен шыққан жағдайдағы iс-әрекет;
      10) 400м және одан кем көру жағдайлары ұшақтың жердегi қозғалысы кезiндегi қажеттi алдын алудың рәсiмдерi мен шаралары және 150 м (D санаттағы ұшақтар үшiн 200 м) төмен жағдайда ұшып көтерiлу кезiндегi қосымша талаптар;
      11) олардың көрсеткiштерiне, сондай-ақ қонуға бет алу және қонудың автоматты жүйесiнiң жұмысына жақындау аймағының жер үстi бейiнiнiң ықпалын есепке ала отырып, радио биiк өлшегiштер дабылы бойынша ҰЖҚ (DH) айқындау әдiстемесi;
      12) Радио биiк өлшегiштi баға қоюшының қоятын ескерту биiктiгiнiң (Alert Heigt) маңыздылығы мен мәнi және қол жеткiзу бойынша және осы биiктiктен төмен қандай да бiр ақаулы жағдайдағы iс-қимыл тәртiбi;
      935. Жердегi дайындыққа, сондай-ақ ұшып көтерiлу (LVTO) мен қонудың (CAT II/CAT III) төменгi көру жағдайындағы ұшуларды орындауға рұқсат алу және растау кезiнде ұшқыштар арналған бiлiктiлiк талаптарын бiлуi және ұшқыш орындығында дұрыс қону мәнi мен көру бұрышын қамтиды.

146 параграф. Тренажер және/немесе ұшу дайындығы

      936. Шектеулi көру жағдайында ұшуға тренажнер және/немесе ұшуға дайындалуда Пайдаланушы мыналарды қамтиды:


      1) жердегi және ұшудағы жабдықтардың жұмыс iстеу қабiлетiн тексеру;
      2) белгiленген жердегi жабдықтардың мәртебесiне байланысты минимумды пайдаланудың дұрыстығы;
      3) қонуға бет алудың автоматты жүйесiнiң және осы жүйенiң жұмысындағы iстен шығу және ауытқу жағдайлары бойынша автоматты қону жүйесiнiң жұмысын талдау;
      4) қозғалтқыштардың, электр жүйелерi, гидравлика немесе автоматты басқару жүйелерiнiң iстен шығуы және түрлi ақаулар кезiндегi iс-әрекет;
      5) жабдықтардың ықтимал ақауларымен және жабдықтардың (MEL) ең аз тiзбесiн пайдалана отырып, ұшулар;
      6) ұшуларға дайындығы туралы Куәлiкте көрсетiлген пайдалануға беру шектеулерiн қолдану;
      7) ШҚБ (DH) көзбен көруге арналған ҰҚЖ және аспаптар бойынша және қонуға бет алу және қонуды жалғастыру туралы шешiм қабылдауғақатысты ұшақтың ауытқуларын айқындау;
      8) Радио биiк өлшегiштi бағалаушының қоятын қол жеткiзу бойынша және ескерту биiктiгiнен (Alert Heigt) төмен қандай да бiр ақаулы жағдайдағы iс-қимыл тәртiбi;
      937. Пайдаланушы ұшу экипажының әрбiр мүшесi жұмыс технологиясын зерделеуiне және экипаж құрамында жаттырғудан өтуiне көз жеткiзедi. Жаттығудың осы түрi үшiн барынша тренажер пайдаланылады.
      938. Дайындық кезең кезеңмен жүргiзiледi. Бiрiншi кезең күтiлетiн ауа-райы жағдайына ұқсатып, бiрақ жабдықтар мен жүйелердiң iстен шығуына ұқсамайтын жаттығуларды қамтиды. Екiншi кезең, сондай жағдайларда II / III санаттары бойынша қонуға бет алуды қамтамасыз ететiн жабдықтардың iстен шығуының имитациясын қамтиды. Егер ұшақ жабдықтары қосымша жүйелердi пайдалануды көздесе, тренажердi дайындау кезiнде аталған жүйенi пайдалану қажет.
      939. Жаттығу кезiнде II / III санаттары бойынша шектеулi көрiнулер (LVTO) және қонуға бет алу жағдайында ұшып көтерiлудi орындау үшiн қажеттi дағдылар iс жүзiнде өңделуi тиiс.
      940. II санатының минимумы бойынша қонуға бет алудың көзбен көру фазасын өңдеу үшiн тренажерi жоқ ұшақтарға арналған жаттығулар азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы мақсат үшiн мақұлданған тренажерде жүргiзiледi. Мұндай жаттығулар 4 қонуға бет алу минимумын қамтиды. Ұшудың осы түрiне сәйкес келетiн жұмыстардыңтехнологиясын және басқа да рәсiмдерiн өңдеу ұшақта жүргiзiледi.
      941. II/III санаттары бойынша ұшуға дайындықтың бастапқы бағдарламасы қалай болғанда да мынадай жаттығуларды қамтиды:
      1) ШҚБ дейiн ұшақта орнатылған тиiстi басқарушы, автоматты және бақылаушы жүйелерiн, көзбен көрiп ұшу және қонуға ауысуды пайдалана отырып, қонуға бет алу;
      2) екiншi айналымға кетумен шешiм қабылдау биiктiгiне дейiн тиiстi басқарушы, автоматты және бақылаушы жүйелерiн пайдалана отырып, барлық жұмыс iстейтiн қозғалтқыштармен қонуға бет алу; барлығы сыртқы көзбен көру байланысынсыз;
      3) мүмкiндiгiне қарай, автоматты теңесу, қону және рульдеудi қамтамасыз ететiн қонудың автоматты жүйесiн пайдалана отырып, қонуға бет алу; және
      4) көзбен көру контактiсiнiң болуы және жоғалуы кезiнде ШҚБ жүйесi бойынша қонуға бет алу кезiндегi қарапайым iс-қимыл.
      942. Кейiнгi дайындық фазалары, қалай болғанда да мыналарды қамтиды:
      1) қонуға бет алудың түрлi кезеңдерiнде қозғалтқыш iстен шыққан ұшулар;
      2) ең қажеттi жабдықтың iстен шығумен қонумен бет алу (электр жүйесi, автоматты басқару, жердегi және/немесе борттық жабдықтар сияқты жүйелер, аспаптық жабдықтар және дисплейлер үшiн пайдаланылады);
      3) өңдеу үшiн кiшкене биiктiктегi ұшуды автоматты басқару жүйесi жабдығының iстен шығуымен қонуға бет алу:
      теңесу, қону және рульдеу, сондай-ақ екiншi айналымға кету үшiн ұшудың қолмен басқаруға ауысу;
      ШҚБ (DH) екiншi айналымға кетудi немесе төмен биiктiкте, сондай-ақ ШҚБ жанасқаннан кейiн екiншi айналымға кетудi орындау үшiн ұшуды қолмен, немесе толық емес автоматты басқаруға ауысу;
      4) ұшудың санаттары бойынша ең аз рұқсат етiлген көзбен көру жағдайлары кезiнде ШҚБ дейiн немесе төмен, курс және/немесе глиссада бойынша айтарлықтай iстен шығуларға әкелуi мүмкiн жүйелердiң ақаулығы; және
      5) қателiк сипаттамасы және оларды ұшақтың үлгiсi немесе нұсқасы бойынша түзету iс-әрекетi.
      943. Жаттығу бағдарламасы оларды жасау кезiнде көтерiлу тарапына қайта қарау минимумы жүргiзiлетiн қателiктердi талдау тәжiрибесi қарастырылады.
      944. Бағдарлама III санат бойынша автоматты қонудың пассивтi жүйесiн пайдалану кезiнде, автопилоттың өздiгiнен немесе қателесiп ажырату немесе ШҚБ төмен кезiнде, 300м және одан аз (RVR) жолағында көрiну кезiнде ұшақты қолмен басқару бойынша жаттығуларды қамтиды.
      945. 400м және одан төмен (RVR) көрiну жағдайында көтерiлiп ұшу бойынша жаттығу бағдарламасы қозғалтқыш пен жүйе iстен шыққан кезде ұшып көтерiлудi тоқтату және жалғастыру бойынша дайындықты қамтиды.

147 параграф. ӘК басқа да үлгiсiнде осы жағдайларда ұшуға бұрыннан рұқсаты бар ұшу құрамына арналған (LVР, CAT II/III) шектеулi көрiну жағдайындағы дайындықтарға қойылатын талаптар.

      946. Пайдаланушы, ӘК басқа үлгiсiне ауысуы кезiнде (LVР, CAT II/III) шектеулi көрiну жағдайындағы ұшуларды орындауға рұқсаты бар ұшу экипажының мүшелерiнiң қысқартылған бағдарлама бойынша дайындықтан өтуiн қамтамасыз етедi.


      947. Жердегi дайындық. Тиiстi талаптар 147 параграфте көрсетiлген, бұл ретте ұшулардың II/III санаты бойынша ұшу экипажының дайындығы мен тәжiрибесiн ескеру қажет.
      948. Тренажерде және/немесе ұшу дайындығы мыналарды қамтиды:
      1) Тренажер 8 қонуға бет алу және/немесе қону минимумы.
      2) қандай да болмасын, екiншi айналымға 1 кетудi қоса алғанда, әуе кемесiнде 3 қонуға бет алу минимумының тренажерi болмаған кезде.
      3) Тиiстi қосымша дайындық, егер әуе кемесiнде арнайы жабдық орнатылса.
      949. Ұшу экипажы мүшелерiнiң бiлiктiлiгi. Пайдаланушы ұшу экипажы мүшелерiнiң бiлiктiлiгiне қойылатын арттыру талаптары орындалатын ұшу ерекшелiгi мен қиындығын айқындайды.
      950. Пайдаланушы ұшу экипажының әрбiр мүшесi II / III санаты бойынша ұшуларды орындағанға дейiн тиiстi тексеруден өтуiне кепiлдiк бередi.
      951. 950-тармағында көрсетiлген тексеру ретiнде, артықшылық түрiнде тренажерде және/немесе ұшу дайындығы табысты аяқталды деп есептеледi.
      952. Рейстiк дайындық бақыланады. Пайдаланушы, экипаждың барлық мүшелерi рейстiк дайындық бақылауынан өтуiне кепiлдiк бередi:
      1) II санат үшiн қажет болған жағдайда автопилотты ажырата отырып, 3 минимум қолмен ұшуды басқару режимiнде қону;
      2) III санат үшiн ұшу дайындығын талап етпейтiн тренажерда 939-тармаққа сәйкес дайындықтан өткен жағдайда 3 автоматты қону немесе 1 қону минимумы.
      953. Санат бойынша ұшуларды орындауды бастағанға дейiн (ӘК-ны басқару берiлген командирлер мен ұшқыштар) ұшақ үлгiсiндегi мынадай бастапқы тәжiрибе қажеттi шарт– бақыланатын ұшуларды қоса алғанда, ӘК үлгiсiндегi 50 сағат ұшу немесе 20 қону.
      954. Бақыланатын рейстiк дайындықты қоса алғанда, осы минимум бойынша бұрын ұшуларды орындамаған ұшу экипажы мүшелерi үшiн ШҚБ (RVR) көрiнуi бойынша, ӘК осы үлгiдегi 100 с ұшу немесе 40 қонуға қол жеткiзу бойынша II/III санатының жарияланған минимумына 100 метрдi қосуы қажет.

148 параграф. Көрiну жағдайында (RVR) кемiнде 150/200 м ұшып көтерiлу

      955. Пайдаланушы көрiну жағдайында (RVR) кемiнде 150/200 м (D санатты ұшақтарға арналған 200 м төмен) ұшып көтерiлудi орындауға рұқсат алғанға дейiн мынадай дайындықтың орындауға кепiлдiк бередi:


      1) ШҚБ (RVR) ең аз рұқсат етiлген көрiну жағдайындағы қалыпты ұшып көтерiлу;
      2) қауiпсiз жағдайларға сүйене отырып, V1….V2 диапазон жылдамдығында немесе осы диапазонға жақын қозғалтқыштың iстен шығумен ҰҚЖ (RVR) ең аз рұқсат етiлген көрiну жағдайындағы ұшып көтерiлу;
      3) V1жылдамдығына дейiн iстен шығумен және ұшып көтерiлудi тоқтатумен ШҚБ (RVR) ең аз рұқсат етiлген көрiну жағдайындағы ұшып көтерiлу.
      956. Пайдаланушы 955-тармағының талаптарына сәйкес дайындықтыңтренажерда орындалуын тексередi. Осы дайындық кез келген арнайы рәсiмдер мен жабдықтарды пайдалануды қамтиды. Тренажер болмаған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган, артықшылық түрiнде ШҚБ (RVR) ең аз рұқсат етiлген көрiну жағдайындағы ұшып көтерiлу бойынша талаптарына сәйкес тренажерда дайындықсыз әуе кемесiнде дайындықты орындауға рұқсат етедi.
      957. Пайдаланушы, ұшу экипажы мүшесiнiң кемiнде 150 м (D санатты ұшақтарға арналған 200 м төмен) (RVR) көрiну жағдайында ұшып көтерiлуге рұқсат алғанға дейiн қажеттi тексерудi орындағанына көз жеткiзедi. Тексеру ретiнде ӘК басқа үлгiсiн қайта дайындау кезiнде 930-тармағының талаптарына сәйкес тренажерда және/немесе ұшу дайындығында дайындықты табысты аяқталды деп есептеледi.

149 параграф. Мерзiмдiк дайындық және шектеулi көрiну жағдайындағы (LVР – ағылшын тiлiндегi аббревиатура) ұшуларды тексеру.

      958. Пайдаланушы қолданыстағы рұқсат етулердi сәйкес ұшулардың нақты санатына байланысты тапсырмаларды орындау үшiн қажеттi мерзiмдi дайындықтар мен тексерулердiң негiзгi түрлерiн, бiлiм мен ептiлiктi тексерудi орындауды қамтамасыз етедi. Рұқсат етудiң қолданысы кезеңiнде кемiнде 3 тексерудiң қонуға бет алуын орындайды, олардыңiшiнде II немесе III санаттары бойынша әуе кемесiнде қонуға бет алу және қону орындалады. Осы қонуға бет алудың бiрi екiншi айналымға кетумен орындалады. Егер Пайдаланушы кемiнде 150/200 м ШҚБ (RVR) көрiнуi кезiнде ұшып көтерiлудi орындауға рұқсаты бар болса, белгiленген кезеңде кәсiби тексерулердi орындау кезiнде, қалай болғанда да ең аз рұқсат етiлген көрiну (RVR) жағдайы кезiнде бiр ұшып көтерiлудi (LVTO) орындайды.


      959. III санат бойынша кәсiби дағдыларды, тексерулердi және жаттығуларды қолдау үшiн Пайдаланушы тренажерды пайдаланады.
      960. Пассивтi автоматты басқару жүйесiмен әуе кемесiндегi III санаты ұшуларды орындау үшiн пайдаланушы ШҚБ (DH) тең және төмен биiктiкте автопилотты ажырата отырып, әрбiр үш жүйелi тексеру кезеңiнде ШҚБ (RVR) 300м және одан кем көрiну кезiнде, екiншi айналымға кетумен бiр қонуға бет алуды орындауды қамтамасыз етедi.
      961. Аталған ӘК үшiн тренажер жоқ болған кезде, азаматтықавиация саласындағы уәкiлеттi орган II санат және ұшақта төменгi көрiну (LVTO) жағдайындағы ұшып көтерiлу бойынша ұшуларға мерзiмдiк дайындықтар мен тексерiлудi орындауға рұқсат беруi мүмкiн.
      962.Төменгi көрiну (LVTO) жағдайында және II/III санаттары ұшуға рұқсат беру ұзартуды осы параграфтың талаптарына сәйкес мерзiмдiк тексерулер мен дайындықтарды орындау кезiнде жүзеге асырады.

150 параграф. Шектеулi көрiну жағдайындағы ұшулар – орындау тәртiбi

      963. Пайдаланушы төмен көрiну (ВНВ, LVTO) кезiнде ұшып көтерiлу, II және III санаты қонуға бет алу және қонулар үшiн оларды орындау бойынша рәсiмдер мен нұсқаулықтарды белгiленедi.


      Бұл рәсiмдер пайдаланушының ҰЖН қамтылған және ұшып көтерiлудi рульдеу, қонуға бет алу, теңесу, қону, қонудан кейiнгi жүрiсi және 2 айналымға кетуi кезiндегi ұшу экипажы мүшелерiнiң мiндеттерiн қамтиды.
      964. Мұндай рәсiмдердi орындау алдында ӘК командирi мыналарға көз жеткiзедi:
      1) жердегi көзбен көру және радиотехникалық құралдарының жай-күйi төмен көрiну, қонуға бет алу мен II және III санаты бойынша қону кезiнде ұшып көтерiлу қамтамасыз етедi;
      2) әуеайлақтақ (тiкұшақ айлағында) ТКР (LVP) (ӘҚҰ органының ақпараты бойынша) қамтамасыз ететiн құралдар қолданысқа енгiзiлдi және жұмыс iстейдi; және
      3) ұшу экипаж мүшелерi кемiнде 150м (А, В, С санаттары бойынша ӘК үшiн) немесе 200м (D санатты ӘК үшiн) ҰҚЖ (RVR) көрiну жағдайлары және II немесе III санаттары бойынша қонуға бет алу кезiндегi ұшып көтерiлудi орындау үшiн тиiстi дайындығы бар.
      965. Төмен көрiну кезiндегi ұшулар мынадай операцияларды қамтиды:
      1) штурвал режимiндегi ұшып көтерiлу (дәлдеудiң электрондық жүйелерiн пайдалану немесе пайдаланбау).
      2) ШҚБ-ға дейiн және одан төмен автоматты режимде қонуға бет алу, теңесу, қону және штурвал режимiндегi жүрiсi.
      3) автоматты режимде қонуға бет алу, автоматты теңесу және қону, штурвал режимiндегi жүрiстi басқару.
      4) қонуға бет алу, теңесу, қону және автоматты режимдегi қонудан кейiнгi жүрiсi, ондағы ҰҚЖ (RVR) көрiнуi бойынша жарияланған минимум кемiнде 400 м.

151 параграф. Шектеулi көрiну жағдайындағы ұшулар – әуе кемелерiнiң жабдықтарына қойылатын талаптар

      966. Пайдаланушы ҰЖН ең аз жабдықтар тiзбесiн қамтиды, олар төмен көрiну (LVTO), қонуға бет алу және ҰПН-ға не басқа да мақұлданған құжатқа сәйкес II және III санаттары бойынша қону кезiнде ұшып көтерiлудi орындау үшiн пайдалануға жарамды.


      967. ӘК командирi әуе кемесiнiң жабдықтары мен жүйелерiнiң мәртебесi төмен көрiну кезiндегi алдағы ұшу түрлерiне сәйкестiгiне көз жеткiзедi. Бұл ретте әуе кемесiнiң ҰПН және пайдаланушының ҰЖН пайдаланылады, онда тиiстi нұқсаулықтар бар.

152 параграф. Шектеулi көрiну жағдайындағы ұшулар – пайдаланушының борттық жүйесiн көрсету.

      968. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органнан II және III санаттары бойынша ұшуға рұқсат алу үшiн пайдаланушы әуе кемесiнiң борттық жүйесiнiң жұмыс қабiлеттiлiгiн көрсетедi.


      969. Пайдаланушы II және III санаттары бойынша ұшақтың жаңа түрлерiн ұшуға дайындау кезiнде 948-тармағында көрсетiлген талаптарды орындайды.
      970. II және III санаттары бойынша әлдеқашан пайдалануға берiлген әуе кемелерiнiң барлық түрлерi үшiн 936-тармағында көрсетiлген пайдалануға беру бағдарламасы қолданылады.
      971. II және III санаттары бойынша ұшулардың табыстылықтың талап етiлетiн деңгейi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган белгiленген талаптарынан жаман болмауы тиiс.
      972. Қонуға бет алу мынадай жағдайда сәттi болып есептеледi, егер:
      1) Ұшу жарамдылығы бойынша басшылығымен (ИКАО 9760, АN/967) белгiленген шектеулi көрiнiс кездегi қонуға бет алудың сәттiлiк өлшемдерi қолданылады;
      2) қонуға бет алуды қамтамасыз ететiн борттық жүйе iстен шыққан жоқ.

153 параграф. Борттық жүйесiнiң жұмыс қабiлеттiлiгi туралы деректер жинағы.

      973. Пайдаланушы II және III санаттары бойынша ұшуларды орындауға рұқсат алу үшiн белгiленген кезең iшiнде борттық жүйе жұмысының қабiлеттiлiгi туралы ақпаратты тiркеу, жинау және мерзiмдiлiк талдау жүйесiн белгiлейдi.


      974. Бұл жүйе қонудың барлық сәттi және сәтсiз бет алуларын, қонуға арналған сәтсiз қонуға бет алудың себептерiн (егер бар болса), төмен көрiну кезiнде ұшуларды орындау кезiнде пайдаланатын борттықжабдықтардың iстен шығу жағдайларын тiркеудi қамтиды.
      975. Деректердi жинау жүйесi ұшу экипажы мүшелерiнiң баяндамасына және борттық өздiгiнен жазатындардың жазбаларын ашып жазу нәтижелерiне негiзделедi.
      976. Пайдаланушы орындайтын рейстiк ұшулар және/немесе кез келген басқа да ұшулар кезiнде өздiгiнен жазатындарға жазба жазуға рұқсат етiледi.

154 параграф. Борттық жүйе жұмысы туралы дректер жинау – кемiнде 15 м (50 фут) ШҚБ ұшулары.

      977. Кемiнде 15 м (50 фут) ШҚБ ұшулар үшiн пайдаланушының, ал қажет болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның өкiлдерi борттық жүйе жұмысы туралы деректер өңделедi.


      978. Ұшу экипажы мүшелерiмен мынадай дұрыс мәлiметтер жазылады:
      1) әуеайлақ және пайдаланылатын ҰҚЖ;
      2) ауа-райы жағдайы;
      3) уақыты;
      4) сәтсiз (штаттан тыс) қонудың немесе екiншi айналымға кетудiң (егер орны болса) себептерi;
      5) күш тарту автоматы арқылы жылдамдықты басқарудың тиiмдiлiгi;
      6) автоматты қону жүйесiнiң (АҚЖ) ажырау сәтiндегi ұшақтың жағдайы;
      7) автоматтық жүйе жұмысының аспаптар көрсеткiштерiне және басқару командасына сәйкестiгi (барабарлығы);
      8) 30м биiктiктi қиып өту кезiнде ILS курстық желiлерiне қатысты ұшақ жағдайының көрсеткiшiне индикацияланатын;
      9) жерге қону орны.
      979. II және III санаттары бойынша ұшуларды орындауда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның рұқсатын алу үшiн жұмыстыңсенiмдiлiгiн 90%-ға және қонуға бет алудың 95% сәттi болу мүмкiндiгiн дәлелдеу үшiн бiрiншi сатыда орындалған қонуға бет алулардыңжеткiлiктi саны қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет