(VFR) көзбен көру ұшулар үшін минималды көрініс
Көрініс, м
|
Жылдамдығы, км/с (kts)
|
800
|
93 (50)
|
1 500
|
185 (100)
|
2 000
|
220 (120)
|
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының
ұшуды жүргізу қағидасына
6-қосымша
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
КҰҚ және түнде КҰҚ ең төменгi шарттары бойынша ұшуға арналған
кедергiлердiң үстiндегi ең төменгi биiктiк қорлары
Орны
|
Кедергiлердiң үстiндегi ең төменгi биiктiк қорлары, м
|
Жер бедерiнiң ең жоғары нүктесi үстiндегi бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi, м
|
Көрiну, м
|
Күндiз
|
Түнде
|
Күндiз
|
Түнде
|
Күндiз
|
Түнде
|
Денсаулық сақтау ұйымдарына қызмет көрсету бойынша шұғыл ұшу, iздестiру-құтқару жұмыстары және жаттығу ұшуы
|
Жазық және қыратты (су)
|
50
|
250
|
100
|
300
|
1000
|
4000
|
Таулы
|
300
|
-
|
400
|
-
|
2000
|
-
|
Аса маңызды ұшу және ӘК озуы бойынша ұшу
|
Жазық және қыратты (судың үстіңгі жағы)
|
-
|
400
|
-
|
450
|
|
4000
|
1. Ұшып шығу (қонуға кiру) схемасынан тыс әуеайлақ ауданында ұшудың қауiпсiз биiктiгiн есептеу кезiнде жергiлiктi жер бедерi асуын және ондағы жасанды кедергiлердi есепке алу жолағы бағыт осiнен екi жақтан күндiз 5 км, түнде - 10 км болып белгiленедi.
2. Ұшып шығу (қонуға кiру) схемасы бойынша ұшу кезiнде кедергiлердi есепке алу жолағы ұшып шығу (қонуға кiру) схемасын жасақтау кезiнде кедергiлердi есепке алу қағидасына сәйкес белгiленедi.
3. Жергiлiктi әуе желiлерi мен ұшудың белгiленген бағыттары бойынша ұшу кезiнде жергiлiктi жер бедерi асуын және ондағы жасанды кедергiлердi есепке алу жолағының енi: күндiз - жергiлiктi әуе желiсi, ұшу бағыты шеңберiнде, түнде - жергiлiктi әуе желiсi, ұшу бағыты осiнен екi жақтан 25 км болады.
4. Авиациялық жұмыстар ауданында ұшу кезiнде - бағыт осiнен екi жақтан 5 км болады.
5. Бұлттардың төменгi шекарасының нақты және болжанып отырған биiктiгi 150 м төмен және аспаптық ұшу жылдамдығы 300 км/сағ аспайтын әуе кемелерi үшiн көрiну 3000 м және одан астам болғанда жазық немесе қыратты жерде күндiзгi ұшу кезiнде жасанды кедергiлердiң биiктiгi ескерiлмейдi.
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуды
жүргізу қағидасына
7-қосымша
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
АҰҚ және КҰҚ бойынша ұшудың белгiленген айқын қауiпсiз биiктiгi
Ұшу жылдамдығы (айқын), км/сағ
|
Қауiпсiз ұшу биiктiгi (айқын), м
|
АҰҚ бойынша
|
КҰҚ бойынша
|
КҰҚ бойынша арнайы ұшулар
|
Ұшып көтерiлу және қону аймағында 300 және төмен (шеңбер бойынша)
|
300
|
100
|
50
|
300-ден жоғары (шеңбер бойынша)
|
300
|
200
|
-
|
Әуе жолдары, ЖӘЖ және белгiленген бағыттар бойынша жақындау ауданында
|
а) жазық және қыратты жерде және су кеңiстiгi үстiнде:
|
|
300 км/сағ және төмен: күндiз күнде
|
600
600
|
100
400
|
50
250
|
301-450 км/сағ аралығында
|
600
|
200
|
-
|
450 км/сағ жоғары
|
600
|
-
|
-
|
б) таулы жерде (биіктігі 2000 м дейін) 450 км/сағ және төмен
|
900
|
300
|
300
|
в) таулы жерде (биіктігі 2000 м дейін және одан жоғары) 450 км/сағ және төмен
|
900
|
600
|
300
|
450 км/сағ жоғары
|
900
|
-
|
-
|
1. Ұшып көтерiлу және қону аймағында ұшудың қауiпсiз биiктiгiн есептеу кезiнде жергiлiктi жер бедерi асуын және ондағы жасанды кедергiлердi есепке алу жолағы АҰҚ бойынша ұшу кезiнде – 10 км, КҰҚ бойынша ұшу кезiнде – ұшу бағыты осiнен екi жақтан 5 км болады. Радиолокациялық бақылау болған кезде 10 км, ал радиолокациялық бақылау жоқ болған кезде бағыт осiнен екi жақтан 25 км; КҰҚ бойынша ұшу кезiнде – дәлiз енi шеңберiнде болады.
Әуе кемелерiнiң барлық үлгiлерi үшiн айқын қауiпсiз биiктiгiнiң көрсетiлген мәндерi 4-бұрылудан шығуға дейiн қонуға кiру схемасы бойынша ұшу кезiнде сақталады. 4-бұрылудан шығу нүктесiнен 1-бұрылуға дейiнгi учаскеде ұшу биiктiгi мен кедергiлердi есепке алу жолағының енi «Әуе кемелерiнiң ұшуын жүргiзу» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшу схемасын жасақтау» деген ИКАО құжатының талаптарына сәйкес белгiленедi және осы әуеайлақта ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта көрсетiледi.
Жергiлiктi жер бедерiнiң шарттары бойынша немесе басқа да себептермен бұл талаптарды орындау мүмкiн емес болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органы бекiтетiн арнайы қонуға кiру схемалары қолданылады.
2. Әуе жолдары, ЖӘЖ және белгiленген бағыттар бойынша қауiпсiз биiктiктi және төменгi қауiпсiз эшелонды есептеу кезiнде жергiлiктi жер бедерi асуын және ондағы жасанды кедергiлердi есепке алу жолағы АҰҚ бойынша ұшу кезiнде - бағыт осiнен екi жақтан 25 км, ал КҰҚ бойынша ұшу кезiнде – жоларна (ЖӘЖ, белгiленген бағыт) енi шеңберiнде болады.
3. Шеңбер бойынша ұшу жылдамдығы 300 км/сағ және төмен әуе кемелерi үшiн жеке жағдайларда таулы әуеайлақтарда КҰҚ бойынша ұшу кезiнде жергiлiктi жер бедерi асуын және ондағы жасанды кедергiлердi есепке алу жолағының енi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган шешiмi бойынша қысқартылады, ол туралы осы әуеайлақта ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта (аэронавигациялық паспортта) көрсетiледi.
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуды
жүргізу қағидасына
8-қосымша
Күту аймағына кіру рәсімдері Кіру секторлары
1-сектор. Қосарлас кіру:
1) күту нүктесіне шыққаннан кейін кіру бағытына кері курсқа бұрылуды орындау және күту аймағы үшін белгіленген уақытқа қарау;
2) күту нүктесіне шығу үшін бұрылуды (солға немесе оңға) орындау;
3) күту нүктесіне екінші рет шыққаннан кейін күту аймағында ұшу үшін бұрылуды орындау керек.
2-сектор. Қайырмалы кіру:
1) күту нүктесіне шыққаннан кейін күту аймағына кері бағыттан 30о-қа ерекшеленетін бағытқа бұрылуды орындау;
2) осы бағытпен ұшуды орындау:
күту аймағы үшін көрсетілген уақыт ішінде;
егер DME пайдаланылса, белгіленген арақашықтыққа дейін бару;
егер аймақ VOR-дан радиалмен және DME бойынша арақашықтықпен шектелсе, дәлме-дәлдігіне қарай көрсетілген шектеулерге дейін бару;
3) күту нүктесіне кіру бағыты жағына бұрылуды орындау;
4) күту нүктесіне екінші рет шыққаннан кейін күту аймағында ұшу үшін бұрылуды орындау керек.
3-сектор. Тура кіру.
Күту нүктесіне шыққаннан кейін ұйғарылған жаққа бұрылуды орындау және күту аймағында ұшуды жалғастыру керек.
Күту аймағынан шығу күту аймағының (күту аймағына кіру нүктесі) бақылау нүктесі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілген уақытта күту аймағын тастап шығуға рұқсат алынған кезде экипаж күту пунктін көрсетілген уақытта тастап шығып, күту аймағында ұшы схемасында белгілеген шектер шеңберінде схеманы түзетуі керек.
Радиолокациялық бақылау болған кезде ӘҚҚ диспетчері схеманың кез келген нүктесінен әуе кемесін күту аймағынан шығаруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуды
жүргізу қағидасына
9-қосымша
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Күту аймағында ұшу қағидасы
Биiктiгi/эшелон, метр
|
Қалыпты жағдайлар
|
Турбуленттiлiк жағдайлары
|
4250 метрге дейiн (FL 140) қоса алғанда
|
А және В санатындағы әуе кемелерi үшiн 320 км/сағ
|
А және В санатындағы әуе кемелерi үшiн 315 км/сағ
|
С және Д санатындағы әуе кемелерi үшiн 430 км/сағ
|
520 км/сағ 1)
|
4250 жоғары (FL 140) - 6100 метрге дейiн (FL 200) қоса алғанда
|
450 км/сағ 2)
|
520 км/сағ немесе 1) төмендiгiне байланысты 0.8 М
|
6100 жоғары (FL 200) - 10350 метрге дейiн (FL 340) қоса алғанда
|
490 км/сағ 2)
|
10350 метрден жоғары (FL 340)
|
0.83 М (МАХ саны)
|
1) турбуленттiлiк жағдайларынан есептелген 520 км/сағ немесе 0.8 М жылдамдық күту аймағында ұшу үшiн тек қана ӘҚҚ органы алдын-ала рұқсат еткеннен кейiн пайдаланылады;
2) бағыттар құрылымымен байланысты күту схемасы үшiн 520 км/сағ ұшу жылдамдығы пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуды
жүргізу қағидасына
10-қосымша
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
АҰҚ бойынша ұшып шығуға және ұшып келуге шешiм қабылдау
Нұсқалары
|
Белгiленген әуеайлақта
|
Есеп бойынша белгiленген әуеайлаққа дейiн ұшу ұзақтығы
|
Оларға дейiн ұшу белгiленген әуеайлақтың шешiм қабылдау биiктiгiнен (ең төменгi құлдилау биiктiгi) қамтамасыз етiлетiн қосалқы әуеайлақтар саны
|
Iс жүзiндегi ауа райы (бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi, ҰҚЖ-дағы көрiну, жел)
|
ұшып келу уақыты қарсаңындағы ауа райы болжамы
|
1
|
Белгiленген ең аз шамадан төмен емес
|
Ең аз шамадан төмен
|
2 сағ дейiн
2-5 сағ аралығында
|
1
2 немесе 1*
|
2
|
Iс жүзiндегi ауа райына байланысты емес
|
Ең аз шамадан төмен
|
1 сағ және одан астам
|
1
|
3
|
Iс жүзiндегi ауа райына байланысты емес
|
Ең аз шамадан төмен
|
5 сағ астам
|
2 немесе 1*
|
* Бұл жағдайда, егер ұшып келу уақыты қарсаңындағы ауа райы болжамында белгiленген минимумнан бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi 100 м және көрiну 1000 м жоғары болатындығы көзделсе, қосалқы әуеайлақ таңдап алынады.
Бұл ретте егер белгiленген (қосалқы) әуеайлаққа ұшып келу уақыты АҰҚ бойынша ұшып шығуға шешiм қабылдау кезiнде болжанып отырған көрiнудiң және (немесе) бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiнiң төмендеу кезеңiмен (BECMG, аббревиатура ағылшын тілінде) сәйкес келсе, олардың ең аз мәнi ескерiледi.
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуды
жүргізу қағидасына
11-қосымша
Көзбен шолып ұшу және АҰҚ/IAP аспаптары бойынша ұшу схемаларын ұшу тексеру актісінің нысаны
_________________________________________________________________________________________________________________________
(ҰРТЖ және байланыстың жерүсті құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйым/әуе қозғалысын басқару үшін ҰРТЖ және байланыс құралдарының дабылдарын пайдаланатын ұйым атауы)
БЕКІТУГЕ ҰСЫНАМЫН
___________________________________________________________
(АҰҚ/IAP аспаптары бойынша ұшу схемасы үшін пайдаланылатын ҰРТЖ құралдарын пайдалануға жауапты тұлға)
___________________________________________________________
(құрылтай құжаттарына сәйкес
__________________________________________________________
ұйым атауы) _______________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
_________ ж. « ____________»
|
БЕКІТЕМІН
____________________________________________________________
(АҰҚ/IAP аспаптары бойынша ұшу схемаларын пайдалануды жүзеге асыратын
____________________________________________________________
ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес ____________________________________________________________
басшы лауазымының атауы) _________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
М.О.
__________ ж. « ____________»
|
Аспаптар бойынша ұшу схемаларын (көзбен шолып ұшу схемалары) ұшу тексеру АКТісі
_____________________________________________________________________
(АҰҚ/IAP схемаларының үлгісі: әуе жолы, әуе жолынан тыс бағыт, қонуға кіру схемасы, әуежайдың (әуе торабының) ұшып келу мен ұшып шығу бағыттарының және т.б. схемасы)
_____________________________________________________________________
(әуежай/әуе торабы атауы)
20__ ж."___"_____ 20__ ж."___"_____аралығындағы кезеңде_ № _ ұшуды бақылау аппаратурасымен жабдықталған борт. № ___,____ ЗӘК экипажы
___________________________________ _____________________________
(АЛК үлгісі) (раст. нөмірі) (ЗӘК пайдаланатын авиакәсіпорын атауы), (ұшу тексеруінің түрі: енгізу, жылдық, арнайы)
______________________________________________________________________
(АҰҚ/IAP схемасының үлгісі:№... әуе жолы, ҚМБ-дан - _______оқонуға кіру схемасы, ұшып келу мен ұшып шығу бағыттарының схемасы, FSM схемасы және т.б.)
АҰҚ/IAP аспаптары бойынша ұшу схемаларының ұшу тексеруін жүргізді.
Ұшу тексеруін мыналар орындады:
Зертхана - әуе кемесініңкомандирі
|
_________________________________________ (тегі, аты-жөні)
|
Борттық инженер – ұшу зертханасының сынаушысы
|
_________________________________________ (тегі, аты-жөні)
|
АҰҚ/IAP схемалары жөніндегі маман(қажеттілігіне қарай)
|
_________________________________________ (тегі, аты-жөні)
|
ӘҚҚ қызметінің өкілі
|
_________________________________________ (тегі, аты-жөні)
|
Объект басшысы __________________________________
(АҰҚ/IAP схемасына арналған құралды пайдалануға жауапты тұлға)
|
_________________________________________ (тегі, аты-жөні)
|
АҰҚ/IAP схемасының ұшу тексеруі__________________________________ (АҰҚ/IAP схемасының үлгісі: № ... әуе жолы,.....ҚМБ-дан қонуға кіру схемасы және т.б.)
№ ________________________________________________________________
параметрлерін өлшеу ҚР Көлік және коммуникация
(раст. нөмірі) (АҰҚ/IAP схемасы бойынша ұшуды қамтамасыз етуге арналған ҰРТЖ құралының үлгісі)
министрлігінің 2011 ж. «_____» «_________» № _____ Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы АА әуеайлақтарында көзбен шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшу схемаларын айналып ұшу жөніндегі бағдарламаға» сәйкес жүргізілді. Тексеру мен өлшеу нәтижелері ұшу тексеруі актісіне қоса берілген кестелерде келтірілген.
ҚОРЫТЫНДЫ
____________________________________ дабылдарын пайдалана отырып
(раст. нөмірі) (АҰҚ/IAP схемасы бойынша ұшуды қамтамасыз етуге арналған ҰРТЖ құралының үлгісі)
___________ әуежайынан (әуе торабынан) АҰҚ/IAP аспаптары бойынша ұшу схемасы
(әуежай/әуе торабы атауы)
_____________________________ИКАО «Әуе кемелерінің ұшуын жүргізу» (№ ... әуе жолы, ҚМБ-дан қонуға кіру схемасы және т.б..)
(Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) құжатының және әуежайдың/әуе торабының қолданыстағы аэронавигациялық паспорты талаптарына сәйкес келеді (сәйкес келмесе себебі көрсетілуі керек) және шектеусіз (шектеулері болса себебі көрсетілуі керек) аспаптар бойынша ӘК ұшуын қамтамасыз ету үшін жарамды.
Қосымша. Схеманы ұшу тексеруінің және ҰРТЖ жерүсті құралының параметрлері мен сипаттамаларын тексеру және өлшеу нәтижелерінің кестесі (лері)
______________________________________________________________ (АҰҚ/IAP схемасы бойынша ұшуды қамтамасыз етуге арналған ҰРТЖ құралының үлгісі
№ _________________________ 2 дана, ________ парақ.
(раст. нөмірі)
Акт 3(5) данада жасалды:
№ 1 дана - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға;
№ 2 дана - аспаптар бойынша ұшу схемаларын пайдалануды жүзеге асыратын ұйымға;
№ 3 дана – ҰРТЖ және байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйымға (аспаптар бойынша ұшу схемасы пайдалануға берілген кезде -2 дана), - КРТЖП қызметіне;
№ 4 дана – аспаптар бойынша ұшу схемаларын әзірлеушіге;
№ 5 дана – пайдалануында зертхана - әуе кемелері бар авиациялық кәсіпорынға
Зертхана - әуе кемесінің командирі
|
______20 ___ ж. «____» ______
(қолы)
|
Борттық инженер – ұшу зертханасының сынаушысы
|
______ 20 ___ ж. «____» ______
(қолы)
|
АҰҚ/IAP схемалары жөніндегі маман (қажеттілігіне қарай)
|
______ 20 ___ ж. «____» ______
(қолы)
|
ӘҚҚ қызметініңөкілі
Объект басшысы_______________________
(АҰҚ/IAP схемасына арналған құралды пайдалануға жауапты тұлға)
|
______ 20 ___ ж. «____» ______
(қолы)
______ 20 ___ ж. «____» ______
(қолы)
|
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясында ұшуды
жүргізу қағидасына
12-қосымша
Ескерту. 12-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Әуе кемелерін және пайдаланушыларды тік эшелондау минимумы 300 м (1000 фут) эшелон 290 (8850 м) мен 410 (12500 м) арасында болған жағдайда ұшуға рұқсат ету талаптары
1. ӘК мен пайдаланушыларды тік эшелондау минимумы 300 м (1000 фут) эшелон 290 (8850 м) мен 410 (12500 м) арасында болған жағдайда ұшуға рұқсат етудің осы талаптары (бұдан әрі – Талаптар) ӘК рұқсаты мен Қазақстан Республикасының әуе кеңісітігінде тік эшелондаудың қысқартылған аралықтары (бұдан әрі – RVSM, ағылшын тіліндегі аббревиатурасы) жағдайларында ұшатын ӘК-ның салыстырмалы биіктікті ұстап тұру сипаттамаларын бақылауды ұйымдастыруды анықтайды.
2. RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде ұшу үшін ӘК-да тік навигациялық сипаттамалары бар жабдық орнатылған, ұшуға жарамдылығын сақтау (техникалық қызмет көрсету және жөндеу) бағдарламалары мен RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде ұшу қағидасы әзірленген болуы тиіс.
3. RVSM қолданып ұшуға рұқсат ету үрдісі мынадай кезеңдерден тұрады:
1) ӘК түрлерінің топтарын анықтау;
2) ӘК мен пайдаланушыны RVSM қолданып ұшуға рұқсат ету;
3) биіктікті ұстап тұру сипаттамасын бақылау;
4) ұшуға жарамдылығын сақтау (әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету тәртібі).
4. Салыстырмалы биіктікті ұстап тұру сипаттамаларына қойылатын техникалық талаптар жеке ӘК салыстырмалы биіктікті ұстап тұру қателерінің жиынтығына қолданылып, мынадай төрт талапқа жауап береді:
1) биіктік бойынша жиынтық қатенің үлесі (бұдан әрі –TVE, ағылшын тіліндегі аббревиатурасы), бұлардың абсолюттік шамасы 90 м (300 фут) жоғары – 2,0 x 10 -3төмен;
2) TVE үлесі, бұлардың абсолюттік шамасы 150 м (500 фут) жоғары –3,5 x 10 -6төмен;
3) TVE үлесі, бұлардың абсолюттік шамасы 200 м (650 фут) жоғары –1,6 x 10 -7 төмен;
4) TVE үлесі, бұлардың абсолюттік шамасы 290 – 320 м (950 – 1050 фут) шегінде –1,7 x 10 -8төмен.
5. Тік эшелондау құралдарының (бұдан әрі – ТЭҚ) техникалық сипаттамаларына қойылатын талаптар төмендегі талаптарды қатар орындайды көздейді:
1) биіктікті өлшеудің жүйелі қатесі (бұдан әрі – ASE, ағылшын тіліндегі аббревиатурасы) - ±25 м (±80 фут) аспайды;
2) ASE-нің ең жоғары абсолюттік мәні 37 м (120 фут) аспайды;
3) ASE-нің абсолюттік мәнінің және биіктікті өлшеудің 3 стандартты ауытқуның жиынтығы –75м (245 фут) аспайды. Сертификаттауға өтінімді 01.01.2000жылдан кейін берген ӘК үшін – RVSM қолданылатын пайдалану режимдерінің толық ауқымында 60м (200 фут) аспайды;
4) белгіленген биіктіктен ауытқу дабылнамасының іске қосылу шегі 60 ± 20 м (200±65 фут);
5) белгіленген ұшу биіктігін ұстап тұру қатесінің орташа текшелік ауытқуы 13,3 м (43,7 фут) аспауы тиіс;
6) биіктік өлшейтін негізгі аспаптардың сигнал берілмейтін ықтимал істен шығуы бір сағаттық ұші кезінде 1х10 -5 аспайды;
7) 2 әуе кемесі кездескен жағдайда тігінен жабу мүмкіндігі 1,7х10-8 аспайды.
6. Әрбір ӘК биіктік өлшейтін тәуелсіз жүйенің кем дегенде үшеуімен жабдықталады, олардың кем дегенде екі жүйесі автоматты бақылау құралдарын қамтамасыз етеді.
7. Биіктік өлшейтін екі негізгі жүйенің әрқайсысының құрамына мынадай құрамдас бөліктер кіреді:
1) мұз қататын жерде орнатылған болса, мұз қатудан қорғалған статикалық қысым қабылдағыш,;
2) экипаждың аспаптар тақтасында ағымдағы биіктікті сәйкестендіруді, сәйкестендірілетін биіктік туралы деректерді жерге автоматты түрде беруге арналған ақпаратты қамтамасыз ететін барометрлік биіктікті өлшеу және сәйкестендіру құралдары;
3) статикалық қысым қабылдағыш қателерінің орнын автоматты түрде толтыру (қажет болған жағдайда).
4) ұшу эшелонының белгіленген биіктігінен ауытқуды бақылау және дабыл беру жүйесі.
5) ӘҚҚ органына абсолюттік барометрлік биіктік туралы деректерді беруді қамтамасыз ететін жабдық;
8. Әрбір ӘК:
1) қайталама шолу радиолокациясының (бұдан әрі – ҚШРЛ) ұшу биіктігі туралы деректер беретін және ұшу биіктігін ұстап тұру үшін қолданылатын биіктік өлшеу жүйесімен бірге жұмыс істейтін қабылдағыш-жауап бергішімен жабдықталады. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ӘК 7,62 м (25 фут) немесе одан да жоғары дәлдікпен барометрлік биіктік туралы ақпарат беретін ҚШРЛ қабылдағыш-жауап бергішімен жабдықталатын болады;
2) ұшу биіктігінің белгіленген биіктігін автоматты түрде ұстап тұру жүйесімен;
3) эшелонның белгіленген биіктігін автоматты түрде ұстап тұру сигналдарын беруді қамтамасыз ететін жүйесімен жабдықталады.
9. Белгіленген биіктікке автоматты түрде шығу функциясын іске асыру кезінде статикалық қысым қабылдағыштың, ол болған жағдайда, аэродинамикалық қатесінің орнын толтыруды есепке ала отырып, ұшудың ағымдағы биіктігі сигналдары қолданылады.
10. ТЭҚ ӘК әрбір түрінде:
1) сертификаттауға өтінімді 01.01.2000 жылдан кейін берген ӘК түрі үшін ±60м (200фут), пайдаланымдағы ӘК үшін ± 75м (245 фут) шегінде биіктік өлшеу қатесін;
2) турбуленттілік пен екпінді жел болмаған жағдайда автоматты басқару жүйесінің биіктікті ±20м (65 фут) шегінде ұстауын, эшелонның белгіленген биіктігіне автоматты түрде шығу мүмкіндігі болған жағдайда негізгі биіктік өлшегішіндегі ӘКК сәйкестендіретін биіктік пен биіктікті ұстап тұру жүйесіндегі шығыс сигналдары арасындағы ±10м (30 фут) аспайтын айырмашылықты;
3) белгіленген эшелон биіктігінен 60 ±20м. (200±65 фут) аспайтын ауытқу дабылнамасын. Эшелонды ауыстырған жағдайда абсолюттік биіктік бойынша 45м аспайтын қысқа уақыттық ауытқуды қамтамасыз етеді.
11. ӘК RVSM-мен ұшуға рұқсат берер алдында пайдаланушы мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) статикалық қысым қабылдағыштардың тақталарының жай-күйін және статикалық қысым қабылдағыштар ауданындағы фюзеляждың бетін тексереді;
2) биіктік өлшегіштердің аспаптық қателерін анықтау бойынша жерден тексеру жүргізеді;
3) Эшелондармен ұшу кезінде негізгі биіктік өлшегіштердегі көрсеткіштер арасындағы айырмашылықтарды анықтайды. ӘК түріне арналған биіктік өлшегіштің жүйелі қатесінің абсолюттік шамасы мен осы түрдегі әрбір ӘК ішінен борттағы биіктік өлшегіштің ең жоғары аспаптық қатесі жиынтығының осы Талаптардың 10-тармағы 1), 2) тармақшаларындағы талаптардан аспайтынын тексереді;
4) осы Талаптардың 1-қосымшасына сәйкес 8850 – 12500 м. (FL 290 – 410) биіктік аралығындағы 3 эшелонда рейстік ұшулар кезінде автоматты басқару жүйесінің биіктікті ұстап тұру қатесін анықтайды. Бұл жағдайда биіктік көрсеткішінің биіктікті автоматты басқарудың тұрақталатын жүйесінен ауытқуы 20м аспайды;
5) белгіленген эшелонға автоматты түрде шығу функциясы бар ӘК үшін барометрлік биіктік пен биіктікті ұстап тұру жүйесіне келіп түсетін сигналдар арасындағы айырмашылықтың ±10м аспайтынын пайдалану құжаттамасын жер үстінде (зертханада) тексеру мен талдау материалдарында растайды;
6) ӘК қақтығысуды ескертудің борттағы жүйесімен жабдықтайды (II ҚЕБЖ);
7) RVSM қолданылатын өңірде пайдаланылуы мүмкін деген ӘК анықтайды;
8) ӘК шығарушыдан RVSM жағдайында ұшу талаптарына сәйкестігін растайтын сертификаттық құжаттар және орындауға қажет пайдалану (сервистік) бюллетеньдерін сұрайды;
9) қажет болған жағдайда, шарт негізінде борттағы жабдықтардың толық жинақталғанын анықтайтын пайдалану бюллетеньдері (қызметтік жазбалар) мен пайдалану құжаттары бойынша сертификаттық құжаттардағы ӘК-ға қойылған талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
10) Ұшуды жүргізу нұсқаулығына, Техникалық қызмет көрсету бағдарламасына және Пайдаланушыға техникалық қызмет көрсетілгенін реттеу нұсқаулығына ұшуларды ұйымдастыру, ӘК және авиация персоналын RVSM жағдайында ұшуға дайындау жағынан толықтырулар әзірлеп, енгізеді;
11) инженерлік-авиациялық қызметтің ТЭҚ қызмет көрсетуге дайындығын және авиация персоналының уәкілетті орган бекіткен үлгілік бағдарламаларға сай білім алуын қамтамасыз етеді;
12) тиісті ұйымдармен шарт жасау негізінде ӘК жарияланған даналарының нормативтік талаптарға сәйкестігін бағалау жұмыстарын ұйымдастырады.
12. Эшелондар бойынша рейстік ұшулар жағдайында эшелонға жақындаған жағдайда эшелонның белгіленген биіктігінен ауытқу дабылнамасының іске қосылғанын және одан әдейі ауытқуын растайды. Бұл жағдайда, дабылнаманың іске қосылу шегі осы Талаптың 11-тармағы 3) тармақшасындағы талаптардан аспайды.
13. ӘК-ның ұшуға жарамдылығын бекітуге қатысты бір топқа жатады деп төмендегі талаптар орындалған жағдайда саналады:
1) ӘК-ның конструкциялық сызбасы атаулы түрде бірдей және олар ӘК түрінің бір сертификатына, сертификатқа жасалған өзгеріске немесе толықтыруға сәйкес бекітіледі;
2) әрбір ӘК-ның статикалық қысым өлшеу жүйелері атаулы түрде бірдей. Статикалық қысым қабылдағыштың (бұдан әрі – SSE, ағылшын тіліндегі аббревиатурасы) қатесіне байланысты түзетулер ӘК-ның барлық топтары үшін бірдей;
3) RVSM-ге байланысты жабдыққа қойылған ең аз талаптарды орындауға арналған әрбір ӘК-да орныталған борт жабдықтарының жиынтығы жасап шығарушының бірдей техникалық талаптарына жауап береді, нөмірлері де бірдей.
14. Осы Талаптың 2-қосымшасында көрсетілген ӘК-ның әрбір түрі уәкілетті органнан RVSM қолданылатын әуе кеңісітігінде ұшуға рұқсат алады.
15. Басқа мемлекетте тіркелген, батыста шығарылған ӘК данасына рұқсат алу үшін пайдаланушы ӘК тіркелген мемлекеттің уәкілетті органына немесе авиация әкімшілігіне осы Талаптың 17-тармағында аталған құжаттарды ұсынады.
16. Батыста шығарылған ӘК-ге RVSM жағдайында ұшуға рұқсат беру жұмыстары сервис хаттарының (бұдан әрі – SL, ағылшын тіліндегі аббревиатурасы), сервис бюллетеньдерінің (бұдан әрі – SB, ағылшын тіліндегі аббревиатурасы), инженерлік нұсқаулардың (бұдан әрі – EO, ағылшын тіліндегі аббревиатурасы) талаптары, RVSM-ге қатысты басқа да құжаттамалар мен пайдаланушылардың RVSM қолданып ұшуға арналған ТЭҚ жұмыстарын орындауға құқы бар сертификатталған техникалық орталықтармен жасаған шарттары негізінде жүргізіледі.
17. RVSM жағдайында ұшуға рұқсат алу үшін пайдаланушы уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) еркін нысанда жазылған өтініш;
2) ӘК жасап шығарушының немесе дайындаушы-зауыттың, я болмаса шетел мемлекетінің ӘК-не қойылған талаптарға, RVSM жағдайында ұшу үшін ӘК түріне қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы (ҰПН-дағы немесе пайдалану құжаттарындағы ӘК-ға RVSM жағдайында ұшуға рұқсат беру туралы жазбалардың көшірмелері немесе орнатылған жабдықтардың тізбесі жазылған ӘК түріне берілген рұқсат ету туралы сертификаттың көшірмесі);
3) рұқсат етілген тізбеден, ӘК-ның RVSM жағдайында ұшуына қойылатын талаптардан өзгеше биіктік өлшегіш жабдықтың сәйкестігі туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда);
4) пайдалану бюллетеньдерінің орындалғаны және ӘК-ға ТЭҚ орнату жөнінде орындалған жұмыстар туралы акт (қажет болған жағдайда);
5) Ұшуды жүргізу нұсқаулығына, Техникалық қызмет көрсету бағдарламасына және пайдаланушыға техникалық қызмет көрсетілуін реттеу бағдарламасына жасалған толықтырулар;
6) жабдықтардың негізгі ең аз тізбесі (MMEL) және RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде ұшуға байланысты борт жүйелері қамтылған тиісті пайдалану талаптары негізінде жасалған жабдықтардың ең аз тізбесі (MEL);
7) ұшу және инженерлік-техникалық персоналдың дайындықтан өткені және рұқсаты туралы мәліметтер;
8) пайдаланушы бекіткен, инженерлік-авиациялық қызметтің дайындығы туралы акт;
9) RVSM жағдайында ұшатын пайдаланушы туралы осы Талаптың 3-қосымшасында келтірілген нысандағы деректер;
10) RVSM жағдайында ұшатын ӘК туралы осы Талаптың 3-қосымшасында келтірілген нысандағы деректер;
11) уәкілетті орган немесе уәкілетті органға қарасты ұйым берген, RVSM жағдайында ұшуға арналған ТЭҚ орнатылғанын растайтын ӘК-ның ұшуға жарамдылығын сертификаттаудың немесе ӘК инспекторлық тексерудің үлгілік бағдарламасының көшірмесі.
18. ӘК сәйкес, уәкілетті орган RVSM жағдайларында пайдаланушы мен ӘК ұшуға рұқсат рәсімдейді және кейін ұшу биіктігін ұстап тұру дәлдігін бақылаудан өтеді деген шартпен пайдаланушының сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелер мен осы Талаптардың 4 қосымшасында берілген нысан бойынша рұқсат беру туралы тиісті жазбаларды жасайды.
RVSM-мен ӘК үшін ұшуға рұқсат пайдаланушыға 2 жылдық мерзімге беріледі.
19. бұрын жіберілген ӘК RVSM жағдайларында ұшуға берілген рұқсатты ұзарту үшін пайдаланушы уәкілетті органға төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) еркін үлгіде жазылған өтініш;
2) ӘК-де техникалық қызмет көрсету бойынша сервистік жұмыстардың жүргізілуі жөнінде технологиялық карталарға сәйкес, орныққан қысым қабылдағыштарының жай-күйін тексеру актісі;
3) Осы Талаптардың 1 қосымшасының үлгісі бойынша ұшуда биіктікті өлшейтін аспап көрсеткіштерін салыстыру арқылы биіктікті өлшеудің негізгі арналарының дұрыс жұмыс істейтіндігіне әлсін-әлсін бақылау жүргізу туралы ақпарат;
4) салыстырмалы биіктікті ұстап тұру сипаты өткендігін растайтын ақпарат;
5) RVSM жағдайларында ӘК ұшуға жіберілген рұқсатының көшірмесі;
6) осы Талаптардың 3 қосымшасында берілген үлгі бойынша RVSM жағдайларында ұшуды орындап жүрген пайдаланушы туралы мәліметтер;
7) осы Талаптардың 5 қосымшасында берілген үлгі бойынша RVSM жағдайларында ұшуды орындап жүрген ӘК туралы мәліметтер;
8) Ұшуды жүргізу жөніндегі басшылыққа, техникалық қамтамасыз ету бағдарламасына және MEL мен пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуін реттеу жөніндегі басшылыққа толықтырулар:
20. тігінен эшелондау құралдарының ұшуға жарамдылығын қолдау үшін техникалық қызмет көрсетуге төмендегілер кіреді:
1) ӘК-де техникалық қызмет көрсету бойынша сервистік жұмыстарды жүргізу жөніндегі технологиялық карталарға сәйкес орныққан қысым қабылдағыштарының жай-күйін тексеру;
2) күн қысымына сәйкес келетін бақылау нүктесінде ӘК тігінен эшелондау жүйелерінің көрсеткіштерін тексеру;
3) параметрлерді есепке алу журналдарына тексеру нәтижесін жаза отырып, ұшу эшелонына сәйкес келетін бақылау нүктелерінде зертханада ӘК тігінен эшелондау жүйелерін тексеру;
4) ТОРЖ жауап бергішінің барометрлік биіктікті өлшейтін аспаптармен байланыстылығын тексеру, бұл жағдайда көрсеткіш бойынша және ұшақ жауап бергішінің кодында биіктік маңыздылығының әртүрлілігі немесе неғұрлым жоғары дәлдігі 30 м. (100 фут) (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7,62 м. (25 фут) аспайды.
5) ӘК сервистік қызмет көрсету және жөндеуден кейін биіктікті өлшеудің жиынтық қателігіне бағалау жүргізу;
6) ұшуда биіктікті өлшейтін аспап көрсеткіштерін салыстыру арқылы биіктікті өлшеудің негізгі арналарының дұрыс жұмыс істейтіндігіне әлсін-әлсін бақылау жүргізу, бұл жағдайда көрсеткіш айырмашылығы 60 м. артық емес (200 фут ).
21. RVSM-мен кеңістікте ұшуға рұқсаты бар ӘК, салыстырмалы биіктікті ұстап тұру сипатын бақылау бағдарламасына қатысады.
22. 290 және 410 эшелондар арасында 300 м. (1000 фут) эшелондау нормалары қоса қолданылатын, әуе кеңістігіндегі ұшуларды орындау үшін ӘК осы Талаптың 10-тармағының талаптарына сәйкес келетін биіктікке қатысты ұстап тұру дәлдігінің сипатына ие болады.
23. RVSM әуе кеңістігіндегі ұшуларды орындауға қажетті жабдығы бар ӘК егер, биіктікке қатысты бақылау нәтижесі бойынша оның биіктігі (TVE) бойынша жиынтық қателігі немесе берілген абсолюттік биіктігінен (ADD) ауытқуы 90 м (300 фут) тең немесе одан жоғары болса, немесе биіктікті өлшеу жүйесінің (ASE) қателігі 75 м. (245 фут) тең немесе одан жоғары болған жағдайда талапқа сәйкес келмейді деп есептеледі.
24. Жеке ӘК өлшеу жүйесінің қателігі егер, биіктікті өлшеу жүйесінің қателігін статистикалық бөлу ЭП 290 және ЭП 410 қоса алғандағы аралықта 300 м (1000 фут) тігінен эшелондау минимумын қолдануға қатысты өңірлік бақылау агенттіктері үшін пайдаланушы ережелер мен тәжірибелері» ИКАО (бұдан әрі – ИКАО Doc. 9937 AN/477) құжатының талаптарына сәйкес келісілген уақыт кезеңі ішінде тұрақты болып есептеледі.
25. Егер биіктікті ұстап тұру сипатының дәлдігіне әсер етуі мүмкін барлық элементтерінің құрылымы мен номиналды түрде бірдей сұлбаға ие және бір дайындаушы жобалап, жинақтаған жағдайда ӘК бір типті топқа тиесілі болады.
26. Бір типті топқа жататын және бірде-бір топқа жатпайтын ӘК Аэронавигациялық жоспарлаудың Еуропалық тобы бекітетін (EANPG) (осы Талаптың 2-қосымшасы) талаптарға (мониторинг бойынша минималды талаптары) сәйкес бақылаудан өткізіледі, бірақ бұл екі жылда бір рет жүргізілуі тиіс.
27. Еуразия өңіріндегі ӘК биіктігіне қатысты ұстап тұру сипатын бақылау бағдарламасы Doc. 9574 AN/944 және Doc. 9937 AN/477 ИКАО құжаттарында келтірілген, нұсқаулық материалдарға сәйкес жасалған.
28. Әрбір өңірлік мониторингілік агенттік (бұдан әрі – RMA) RVSM кеңістігіндегі ұшуларға бекітілгендер (рұқсат) туралы өз деректерін жасап, жүргізеді. РМА өз араларында әуе кемелеріне берілген рұқсат және оның жауапкершілік өңірінде орындалған ӘК ұшуының биіктігіне қатысты ұстап тұру сипатын бақылау нәтижелерімен алмасып тұрады.
29. Кез келген РМА орындаған ӘК ұшуының биіктігіне қатысты ұстап тұру сипатын бақылау нәтижелері Еуразия РМА қоса алғанда басқа өңірлік мониторингілік агенттік танитын болады.
30. Уәкілетті орган өкілетті өкілді тағайындайды, ол тұрақты негізде Еуразия РМА-мен өзара әрекет етіп, ӘК берілген (қайтарылып алынған) бекітулер (рұқсаттары) және RVSM кеңістігіндегі ұшуларды пайдаланушылардың бекітулері (рұқсаттары), сол сияқты биіктікті ұстап тұру дәлдігінің сипатын бақылау нәтижелері мен бақылау бағдарламсына қатысу талаптарын пайдаланушылардың орындамау жағдайларын қарау туралы деректермен алмасуды ұйымдастырады. Уәкілетті органның өкілетті органынан алынған ақпарат осы Талаптың 6-қосымшасында келтірілген, RMA F1 нысанында Еуразия РМА-ға жіберілетін болады. Сол сияқты мемлекеттің аэронавигациялық қызметінің провайдері бақылау бағдарламасының талаптарын орындау мәселесі бойынша РМА-мен өзара әрекет ететін уәкілетті өкілді тағайындайды.
RMA F1, RMA F2, RMA F3 үлгілерін толтыру жөніндегі нұсқаулық осы талаптың 7-қосымшасында келтірілген.
31. Еуразия РМА Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сәйкес пайдаланушылар үшін ӘК ұшуының биіктігіне қатысты ұстап тұру сипатын бақылауды орындауға өтінім беру тәртібін белгілейді, өтінімдерді қабылдайды, қабылданған өтінімдер негізінде бақылау жүргізілуін ұйымдастырып, бақылау жүргізген кезде деректер жинау тәртібін орындайды.
32. Еуразия РМА берілген ұш эшелонының үлкен ауытқулары туралы деректер жинау тәртібін белгілейді. Сондай-ақ, Евразия РМА ИКАО ұсыныстарына сәйкес үлкен ауытқулар туралы хабарламаларды қарайды.
33. Еуразия РМА ӘК бақылау жүргізу нәтижесінде осы Талаптың 26-тармағының талабына сәйкес келмейтін жағдайларды анықтаған кезде қорытынды дайындап, оны уәкілетті органға ұсынады. Қорытындыны қарау нәтижесі бойынша осы ӘК-нен RVSM кеңістігіндегі ұшуларға бекітуді (рұқсаттарды) кері тартып алуға дейінгі шаралар қабылданады. RVSM жағдайында ӘК ұшуын берілген рұқсат алынған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы осы Талаптың 8-қосымшасына сәйкес RMA F3 нысанын толтырып Еуразия РМА-ға хабарлайды.
34. Осы Талаптың 26-тармағында белгіленгендей, пайдаланушы бақылау бағдарламасына қатыспаған жағдайда, Еуразия РМА уәкілетті органға тиісті қорытынды жібереді. Қорытындыны қарау нәтижесі бойынша осы пайдаланушының RVSM кеңістігіндегі ұшуларға бекітулерін (рұқсат) алып алғанға дейінгі шралар қабылданады. ӘК немесе пайдаланушыдан әуе кеңістігінде ұшуға берілген рұқсаттары алынған жағдайда уәкілетті орган RMA F3 нысанын толтырып, бұл туралы Еурзия РМА-ға хабарлайды.
35. Еуразия РМА Еуразия өңірінің әуе кеңістігін пайдаланушыларды ӘК ұшуының биіктікке қатыстылығын ұстап тұру сипатын бақылау бағдарламасын ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді және биіктікке қатысты бақылау құралдарымен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қосқанда, оның әуе кеңістігін пайдаланушыларға арналған тиісті ақпарат жарияланатын өзінің сайты бар.
36. RVSM кеңістігінде ұшуларды орындайтын ӘК-нің RVSM кеңістігіндегі ұшуларға бекітуі (рұқсаты бар). RVSM кеңістігіндегі ұшуларға бекітуі (рұқсаты) жоқ ӘК (мемлекеттіктен өзге) Еуразия өңіріндегі әуе кеңістігіне енуге рұқсат етілмеген. RVSM кеңістігіндегі ұшуларға бекітуі (рұқсаты) жоқ әуе кемелерінде ұшулардың орындалуы анықталған жағдайда, Евразия РМА бұл туралы осы ӘК пайдаланушыларға пайдаланушы сертификатын алып алғанға дейінгі тиісті шара қабылдайтын уәкілетті органға хабарлайды.
ӘК немесе пайдаланушылардан RVSM әуе кеңістігіндегі ұшуларға рұқсаты алынған жағдайда уәкілетті орган RMA F3 нысанын толтырып, бұл туралы Еуразия РМА-ға хабарлайды.
37. Пайдаланушылар Еуразия РМА-мен биіктікті ұстап тұру сипатын (мерзімі, тәсілі және мониторинг орны) бақылау бағдарламасына өзінің қатысатындығын келіседі.
38. Биіктікті ұстап тұру сипатын бақылау бағдарламасына қатысу үшін пайдаланушының ӘК берілген даналарының бекітуі (рұқсаты) болады. Осының негізінде Еуразия РМА пайдаланушыға құқық беріп, бақылаудың өту бағдарламасын келіседі. Пайдаланушыда RVSM кеңістігінде ұшуларды орындауға уәкілетті органның бекітуі (рұқсаты) және басқа РМА-ның жауапкершілік өңірінде бақылауды орындауға ниеті болмаса, Еуразия РМА бақылау жүргізу үшін РМА-ның жауапкершілік өңірінің әуе кеңістігінде ӘК біржолғы ұшуын ұйымдастыруға көмек көрсетеді.
39. Пайдаланушылар осы Қағиданың 26-тармағының талаптарын сақтау шегінде қатысты биіктігін ұстап қалуды бақылаудың RVSM кеңістігіндегі ұшуларға бекітуі (рұқсаты) бар ӘК-нің жүйелі түрде өтуін қамтамасыз етеді.
40. ӘК ұшу биіктігін ұстап қалу дәлдігінің сипатына қайтадан бақылау жүргізу қажет болған кезде немесе бақылау нәтижелері қанғаттанарлықсыз болған кезде Евразия РМА пайдаланушыға хабарлама жібереді. Пайдаланушы хабарламаны алған кезде РМА-мен бірге қайталап бақылау жүргізу мерзімін, әдісін және орнын келіседі. Егер пайдаланушы хабарламаны алғаннан кейін 1 ай ішінде келісуді орындамаса, Евразия РМА уәкілетті органға Қорытынды жібереді, ол осы ӘК-нен RVSM кеңістігінде ұшуға берілген бекітуді (рұқсатты) алуға негіз болады. ӘК немесе пайдаланушыдан RVSM әуе кеңістігінде ұшуға рұқсаты алынған жағдайда уәкілетті орган RMA F3 нысанын толтырып, бұл туралы Евразия РМА-ға хабарлайды.
41. Пайдаланушы Евразия РМА-ға RVSM әуе кеңістігінде ұшуларды орындау үшін жоспарланған ӘК және пайдалануын тоқтатуды көздеп отырған, RVSM кеңістігіндегі ұшуларға жіберілген ӘК туралы хабарлайды.
42. RVSM әуе кеңістігіндегі ұшуларға рұқсат алған, ӘК биіктігін ұстап қалу сипатын бақылау нәтижелері туралы деректер Еуропалық мониторинг агенттігінде (EUR RMA), Солтүстік атлантикалық Орталық бақылаушы органның (NAT СМА), Азия және Тынық мұхиты өңірлеріндегі ұшуларға әуе кемелерінің бекітілуін тіркеу және бақылау ұйымы (APARMO), сол сияқты басқа да Өңірлік мониторингілік агенттіктердің үйлестіруінде мұқият талданатын болады.
43. Евразия РМА ӘК пайдаланушылар үшін ИКАО Шығыс-Еуропа өңіріндегі бақылау бағдарламасын орындау мәселелері бойынша өзара әрекет ететін уәкілетті орган болып табылады. Евразия РМА RVSM әуе кеңістігіндегі ұшуларға берілген бекітулерді (рұқсаттар) көкейкесті етуге байланысты мәселелер бойынша пайдаланушылармен (және ұшуларды бекітуге жауапты Еуразия өңірінің өкілетті органдарымен) жұмыс істеуге өкілетті.
44. Пайдаланушылар Еуразия РМА-ға бақылау бағдарламасына қатысатын, ӘК туралы ақпарат ұсынады.
45. Пайдаланушылар осы қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ӘК түрi, сериясы, тiркеу нөмiрi және сериялық нөмiрi, сол сияқты олардың RVSM әуе кеңiстiгiндегi ұшуды орындауға жоспарланған барлық ӘК "S" режимiндегi (он алтылық кодтағы алты белгi) жауап берушiнiң коды туралы мәлiмет бередi. Пайдаланушы Еуразия РМА-ға биiктiктi ұстап қалу дәлдiгiн бақылауды орындау кезiнде тууы мүмкiн кез келген мәселе бойынша кеңес беру үшiн байланыс мекенжайлары мен телефон нөмiрлерi туралы дәл мәлiмет бередi. Осы үшiн ол осы Қағидалардың 9-қосымшасында келтiрiлген тиiстi нысан жолағын толтырады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
46. Пайдаланушы Евразия РМА-ға электрондық поштаның мекенжайы бойынша осы Қағиданың 10-қосымшасында келтірілген, RMA F2 нысанын жібере отырып, ұшу жарамдылығының талаптарына сәйкес модификацияға ұшыраған, сол сияқты бекіту (рұқсат) алған немесе ұзартқан барлық ӘК туралы хабар береді.
47 Уәкілетті орган РМА Евразия RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде ұшу үшін берілген бекітулер (рұқсаттар) туралы RMA F2 нысанын ұсынады.
48. Пайдаланушы, жер бетіндегі тірек етіп алатын бақылау стансаларының (бұдан әрі HMU) біреуінің үстінен ұшу рейстерін орындау арқылы жеке ӘК–ін бақылауды дұрыс көретін болса, ол туралы электронды почта арқылы осы Талаптың 9-шы қосымшасында көрсетілген үлгіні пайдалана отырып, ондай ӘК-лер туралы ақпаратты ұсыну арқылы Еуразия РМА –ға хабарлайды. Егер HMU стансаларының біруінің үстінен ӘК-лердің рейстік ұшулары болжалмаса, ал пайдаланушы электрондық пошта арқылы Еуразия РМА-ға бақылауды HMU-ды пайдалану арқылы жасауды дұрыс көретіні туралы хабарлайтын болса, Еуразия РМА пайдаланушымен байланысқа шығып, HMU стансаларының біруінің үстінен бақылау ұшуларын орындау мүмкіндігі жөнінде өзара келіседі.
49. Пайдаланушы жеке ӘК-лер үшін борттық тірек ету блогін (бұдан әрі GMU) пайдалану арқылы бақылау жасау тәсілін таңдайтын болса, немесе ӘК –дегі құрал-жабдықтар HMU-ды пайдалану арқылы бақылау жасау мүмкіндігіне жауап бермесе, ол осы Талаптың 9-шы қосымшасында көрсетілген үлгіні пайдалана отырып, ондай ӘК-лер туралы электрондық почта арқылы Еуразия РМА –ға ақпарат жібереді. Алдын ала келісіп алғаннан кейін, Еуразия РМА GMU блоктарының операторларымен байланысқа шығып, талап етілген мәліметтерді жинауды қамтамасыз етуге ыңғайлы әуе кеңістігіндегі рейсте ондай блокты пайдалану арқылы бақылау жасау мүмкіндігі жөнінде өзара келіседі. GMU операторы, GMU блогімен бақылаудағы ұшуды орындау шарттарын келісу үшін және өлшеу жүргізу уақытын анықтау үшін, Еуразия РМА атынан пайдаланушымен байланысқа шығады. GMU операторы ӘК экипажының кабинасында блоктың орнатылуына жауап береді. GMU операторы өкілінің блокпен бірге болу қажеттілігі пайдаланушы мен GMU блогінің операторы арасында келісіледі. Еуразия РМА GMU –ды пайдалану арқылы бақылау жасау процедурасын анықтап, ол туралы ақпаратты өз сайтында жариялайды. Аталған блокты пайдалану арқылы бақылаудағы ұшуларды орындау алдында (24 сағат ішінде) және одан кейін пайдаланушы тез арада (6 сағат ішінде) осы Талаптың 11-ші қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес электрондық почта арқылы Еуразия РМА-ға ақпарат ұсынады.
50. Еуразия РМА өз сайтында пайдаланушыларға әлемнің әр өңіріндегі қолданыстағы бақылау құралдары туралы ақпаратты және бақылау бағдарламасының нақтыланып ұйымдастырылуын ұсынады.
51. Бақылау бағдарламасының талаптарын орындау үшін, мемлекеттің аэронавигациялық қызметтер Провайдері Еуразия РМА-ға бағыт берілген эшелоннан үлкен ауытқулар туралы, әуе қозғалысының фрагменттері туралы ақпаратты және ӘК қозғалысының траекториялық параметрлері туралы координаттық ақпаратты ұсынады.
52. ИКАО Doc 9937 талаптары негізінде, бағыт берілген эшелоннан үлкен ауытқулар туралы ақпарат осы Талаптың 12 және 13-қосымшаларында көрсетілген RMA F5 және RMA F6 үлгілеріне сәйкес ай сайын ұсынылады.
53. Әр пайдаланушы жіберілген қателердің себептерін жою бойынша жедел шаралар қолданады.
72 сағат ішінде пайдаланушы уәкілетті органға, қате туғызған факторларға және олардың қайталанбауына бағытталған шараларға жасалған бастапқы қорытындыны ұсыну арқылы жіберілген қателер туралы мәлімет береді. Келесі мәлімдеуді ұсыну қажеттілігін уәкілетті орган анықтайды.
54. Мәлімдеме жіберуді және тергеу жүргізуді талап ететін қателерге мыналар жатады:
1) биіктігі бойынша (ТVE) 90м.(300 фут) тең немесе одан асатын жиынтық қате;
2) 75 м. (245 фут) тең немесе одан асатын биіктікті өлшеу жүйесінің (ASE) қателігі;
3) 90 м. (300 фут) тең немесе одан асатын бағыт берілген абсолютті биіктіктен (AAD) ауытқу;
4) Техникалық және пайдалану себептері бойынша биіктікті ұстауда үнемі қате жіберетін пайдаланушылардың RVSM – ды қолдану арқылы ұшуларды жүзеге асыруға берілген құқығы жойылады. Нақты бір ӘК түрімен байланысты проблема анықталғанда, уәкілетті орган пайдаланушыға сол нақты ӘК түріне RVSM – ды қолдану арқылы ұшуларды жүзеге асыруға берілген рұқсатын жояды. Егер пайдаланушы абсолютты биіктікті ұстау бойынша жіберген қатесін түзетуге байланысты шараларды уақытында немесе тиімді түрде қолданбаса, уәкілетті орган іс-әрекетті тоқтату және RVSM –ды қолдану арқылы ұшуларды орындау рұқсатын алып тастау туралы мәселені қарастырады.
56. Әуе кеңістігінде RVSM –ды қолдану арқылы ұшуларды орындау үшін, ұшқыштар экипажында сол ұшуларға жарамды белгілер (критериялар) туралы ақпараттар болады және олар тиісті дайындықтан өтеді. Әуе кеңістігінде RVSM –ды қолдану арқылы ұшуларды орындау үшін, пайдаланушылардың ұшқыштар экипажын дайындау бағдарламалары мына мүмкіндіктерді алдын ала ескереді:
1) әуе кеңістігінде RVSM – ды қолдану арқылы ұшуларды жоспарлау;
2) радиотелефонды байланыс фразеологиялары мен ережелері;
3) әр ұшу алдында ӘК бортында ВЭҚ-ты ұшу алдындағы дайындықтан өткізу;
4) диспетчерлік рұқсаттарды жылдам және дұрыс орындау мақсатында, ұшқыштар экипажы мүшелерінің негізгі биіктікті өлшейтін аспаптың көрсеткішін екі жақты бақылауы;
5) RVSM – ды қолдану арқылы әуе кеңістігіне шығу алдындағы дайындық;
6) RVSM – ды қолдану арқылы әуе кеңістігінде ұшу кезіндегі ұшқыштар экипажының іс-әрекеттерінің тәртібі;
7) төтенше жағдайлардағы әс-әрекеттер тәртібі;
8) ұшуды аяқтағаннан кейінгі әс-әрекеттер тәртібі;
57. Сондай-ақ, ұшқыштар экипажын дайындау бағдарламасы келесі мәселелерді де қарастырады:
1) дәлдік жағынан алғанда, төтенше жағдайларда резервтегі биіктікті өлшейтін аспапты пайдалану және оны пайдалануға шек қою тәртібі. Төтенше жағдайларда, ұшқыш түзетулер енгізілген кестелерді қолдана отырып (түзетулер бойынша мәліметтер экипаж кабинасында болуға тиіс), ВЭҚ-ты пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады.
2) түнгі уақытта, жоспарланған 300 м. (1000 фут) тігінен эшелондап орналастырылған ұшуды орындап жүрген басқа ӘК-лерді көзбен көріп қабылдау, солтүстікке шұғыла ұшу, қарама-қарсы ұшулар, бір бағыттағы ұшулар және бұрылыстарды орындау проблемалары;
3) бағыт берілген биіктікті өту мүмкіндігі көзқарасынан алғанда, бағыт берілген биіктікке ӘК-ні келтіру жүйелерінің сипаттамалары;
4) биіктікті өлшеу жүйелері, биіктіктің автоматты түрде ұсталуы және қалыпты және қалыптан тыс жағдайлардағы жауапкер араларындағы өзара байланыс;
5) RVSM – ды қолдану арқылы ұшуларға ұшу дайындығын бекітумен байланысты ӘК-ні пайдалануға қойылған шектеулер (нақты ӘК топтарына талап етілетін болса).
58. Ұшуларды жоспарлау кезінде ұшу экипажы RVSM-мен әуе кеңістігіндегі ұшуға әсер ететін жағдайларға, оның ішінде:
1) ӘК-де RVSM-мен әуе кеңістігінде ұшуларға рұқсат беретін белгілі құрылымдардың болуын тексеруге;
2) бағыт бойынша метеорологиялық жағдайлардың мәліметі мен болжамдарына;
3) ұшудың абсолютті биіктігін ұстау жүйелерінің және берілген биіктіктен ауытқу туралы ескерту жүйелерінің минималды талаптарына;
4) RVSM-мен ұшуларға бекіту кезінде пайдалану шектеулерін есепке алуға немесе ӘК құрылымына байланысты шектеулерге назар аударады.
59. Ұшу алдындағы даярлық барысында келесі іс-әрекет орындалады:
1) RVSM-мен кеңістікте ӘК-де ұшу үшін қажетті жабдықтардың жағдайын тексеру мақсатында техникалық қызмет көрсету журналдары мен нысандарын қарау. Бұл кезде экипаж инженерлік-техникалық қызметтің қажетті жабдықтың ақауларын жою бойынша шара қолданғанына көз жеткізеді;
2) ӘК сырттай қарау кезінде статистикалық қысым қабылдағыштарының және әр қабылдағыш жанындағы фюзеляж қаптамасының жағдайына, сонымен қатар биіктікті өлшеу жүйесінің дәлдігіне әсер ететін жабдықтың басқа да элементіне назар аударылады. Бұл қарауды ұшу экипажы немесе инженерлік-техникалық қызметтің білікті персоналы жүзеге асырады;
3) ұшу алдында ӘК экипажы биіктік өлшегіште әуеайлақтың қысымын (теңіздің орташа деңгейіне келтірілген қысым) белгілейді және «0» белгісімен биіктік өлшегіштер көрсеткішін биіктік өлшегішпен және (немесе) әуеайлақтың салыстырмалы биіктігінің мәнін салыстырады.
Биіктікті көрсету жүйелерінің жұмыс жасауының барлық қажетті тексерістері орындалады, бұл жерде биіктікті көрсету көрсеткіштеріндегі айырмашылық 23 м аспайды (75 фут).
Ұшу алдында RVSM-мен кеңістікте ұшу үшін қажетті жабдықтар жұмыс жағдайында болады, ал барлық анықталған ақаулар жойылған.
60. RVSM-мен әуе кеңістігіне кіру алдында келесі жабдықтардың жұмысқа жарамдығы талап етіледі:
1) екі негізгі биіктікті өлшеу жүйелері;
2) абсолютті биіктікті сақтаудың бір автоматты жүйесі;
3) берілген абсолютті биіктіктен ауытқу туралы ескертудің бір құрылғысы;
4) екінші радиолокацияның жұмыс істейтін қабылдағышы;
RVSM-мен әуе кеңістігіне кіру алдында талап етілген жабдықтардың кез-келген біреуі жарамсыз болған жағдайда пилот бұл әуе кеңістігін айналып өтуді орындайтын жаңа диспетчерлік рұқсат сұрайды.
61. Ұшулар экипажы ӘК нақты тобына RVSM-мен ұшуға ұшулар жарамдылығын бекітумен байланысты қойылатын барлық пайдалану шектеулерін сақтайды (мысалы, Маха көрсетілген санының шектеулері).
62. Қысым шкаласының ауыстыру биіктігіне өту кезіндегі сынап бағанының 1013,2 гПа/29,92 дюйм үлкендігінде барлық негізгі және резервті биітік өлшегіштердегі көмекші шкаланың дұрыс орнатылу мәселесіне ерекше назар аударылады және ұшудың бірінші рұқсат етілген эшелонына шығу кезінде биіктік өлшегіштің дұрыс орнатылуы қайтадан тексеріледі;
63. Көлденең крейсерлік ұшуда бастысы, ӘК ұшуды рұқсат етілген ұшу эшелонында орындағаны маңызды, бұл үшін ӘҚҰ органдары беретін рұқсатты дұрыс түсіну мен орындауға ерекше назар аударылады. ӘК рұқсат етілген эшелоннан сәйкес диспетчерлік рұқсатсыз төтенше немесе апатты жағдайлардан басқа кезде кетпейді;
64. Бір эшелоннан екінші эшелонға ауысуға рұқсат кезінде ӘК ӘҚҰорганы рұқсат еткен ұшу эшелонына биіктік бойынша 45 м (150 фут)артық емес биіктікте ғана ауытқуға шығады. Ұшудың рұқсат етілген эшелонына дәл шығу үшін ұшудың берілген биіктігіне әкелетін биіктікті сақтаудың автоматты жүйесінің бар болған жағдайда, оның қызметі пайдаланылады.
65. Көлденең крейсерлік ұшу кезінде биіктікті сақтаудың автоматты жүйесі ӘК қайта теңгерімдеуді орындау немесе турбулент бұл жүйені ұшуды басқару жүйесінен ажыратуды қажет еткен жағдайлардан басқа кезде әрдайым жұмыс режимінде қосылулы болады. Қай кезде де крейсерлік биіктікті сақтау негізгі биіктікті өлшегіштердің екеуінің біреуінің көрсеткіштері негізінде жүзеге асады. Биіктікті автоматты түрде сақтау қызметі жоғалса нақты жағдай міндеттейтін барлық шектеулерді сақтау қажет.
66. Ұшудың берілген биіктігіннен ауытқу туралы ескерту жүйесі жұмыс режиміне қосылулы.
67. Негізгі биіктікті өлшегіштердің көрсеткішін екі жақты бақылау шамамен бір сағат сайын орындалады. Кемінде екі негізгі биіктік өлшегіштердің көрсеткіштеріндегі айырмашылық 60 м (200 фут) көп болмауы керек.
Егер бұл шартты орындау мүмкін болмаса, экипаж ӘҚҰ органына биіктікті өлшеу жүйесінің ақауы туралы баяндайды.
68. Егер ӘҚҰ органы пилотқа оның ӘК ААD үлкендігі ± 90 м-ге тең немесе асатыны туралы хабарлайтын болса, ол ұшудың рұқсат етілген эшелонына неғұрлым жылдам қайту үшін шараларды қолданады.
69. Пилот RVSM-мен әуе кеңістігіне кіргеннен кейін ӘҚҰ органын өзінің ӘК ұшудың рұқсат етілген эшелонын сақтау қабілетіне әсер ететін төтенше жағдайлар (жабдықтың істен шығуы, метеорологиялық жағдайлар) туралы хабарлайды және әрекет ету жоспарын жасайды. RVSM-мен әуе кеңістігіндегі төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету тәртібін ҰӨБ пайдаланушы баяндайды.
70. ӘҚҰ органына хабарлауға жататын жабдықтардың істен шығуы:
1) абсолютті биіктікті сақтаудың борттағы барлық автоматты жүйесінің істен шығуы;
2) биктікті өлшеудің барлық резервті жүйесінің істен шығуы;
3) төмендеуді қажет ететін қозғалтқыштардың біреуінде тарту күшінің жоғалуы;
4) әуе кемесінің ұшудың рұқсат етілген эшелонын сақтау қабілетіне әсер ететін басқа да жабдықтардың істен шығуы;
5) пилот ӘҚҰ органына турбулент аймағындағы ұшудың барлық қалыптан тыс жағдайы туралы хабарлайды.
71. Ұшу аяқталғаннан кейін пилот техникалық қызмет көрсету журналына биіктікті сақтау жүйесінің істен шығулары туралы барлық толық мәліметті енгізеді, бұл инженерлі-авиациялық қызметтің персоналына тиімді түрде бұл ақауларды табуға және жоюға септігін тигізеді. Бұл үшін пилот нақты ақауды және экипаждың ақауды табу және жоюына бағытталған іс-қимылын егжей-тегжейлі сипаттайды.
72. Келесі сәйкесті мәліметтер тіркеледі:
1) негізгі және резервтегі биіктік өлшегіштердің көрсеткіштері;
2) ұшу биіктігін белгілегіштің жағдайы;
3) биіктік өлшегіштің көмекші шкаласын орнату;
4) ӘК басқару үшін пайдаланылған автопилот және қосалқы жүйеге қосылу кезіндегі барлық айырмашылықтар;
5) статикалық қысымды іріктеу үшін резервті тесікке қосылу кезіндегі биіктік өлшегіштер көрсеткіштеріндегі айырмашылықтар;
6) ақауларды анықтау тәртібіне сәйкес әуе мәліметтерін есептегіште қайта қосуды пайдалану;
7) ӘҚҰ органына ұшу биіктігі туралы ақпаратты беру үшін пайдаланылған жауап бергіш және резервті жауап бергішке қосылу кезіндегі айырмашылықтар.
Талапқа
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |