108. Реактивтік шүмек
692. Шүмектің қосу элементтері есептік мәннен асатын газдың шығуына жол бермеуге тиіс.
693. Егер оның жылжымалы элементтерін басқару жүйесімен реттелген шүмек қолданылса, онда:
1) қозғалтқыштың әрбір режиміндегі берілген ереженің жылжымалы элементтерді сенімді тіркеу қамтамасыз етілуге тиіс;
2) шүмектің жылжымалы элементтерінің жағдайын көрсеткіш оның соңғы жағдайларында орнатылуға тиіс;
3) жылжымалы элементтерінің немесе оларды басқару жүйесінің істен шығуы қауіпті зардаптарымен істен шығуға алып келуге тиіс емес;
4) тексерулер үшін шүмектің қозғалтқышты қоспастан жылжымалы элементтерді алып келу үшін құрылғы көзделуге тиіс.
Ескертпе: талаптар «ӘК орнатқанға дейін» сертификаттау кезінде, егер реактивті шүмек немесе оның бөлігі қозғалтқыштың конструкциясына кірген жағдайда, қозғалтқышқа беріледі.
109. Кері қимылдайтын құрылғы
694. Кері қимылдайтын құрылғының конструкциясы, ең жоғары кері қимылдайтын тартым шамасы мен оған кіру, оған жету уақыты мен үздіксіз пайдалану, сондай-ақ кері қимылдайтын құрылғыдан шыққан ағыс бағыты мен құрылғының жұмысын сипаттайтын басқа өлшемдер кері қимылдайтын құрылғыны қолданудың күтілетін жағдайларына сүйене отырып таңдалуға және қозғалтқышқа арналған техникалық құжаттамада көрсетілуге тиіс.
Ескертпе: талаптар «ӘК орнатқанға дейін» сертификаттау кезінде, егер реактивті шүмек немесе оның бөлігі қозғалтқыштың конструкциясына кірген жағдайда, қозғалтқышқа беріледі.
695. Кері қимылдайтын құрылғы тікелей тартым режиміндегі оның жұмысы кезінде қозғалтқыш сипатына жол берілмейтін әсер етуге тиіс емес.
696. Кері қимылдайтын құрылғымен қосылған қозғалтқыштың жұмыс режимін өзгерту кезінде кері қимылдайтын құрылғыны көбейту мен азайту техникалық құжаттамада белгіленген шектен тыс шығатын қалқымалы, серкімесіз және сәтсіз болуы мүмкін.
697. Кері қимылдайтын құрылғыны басқару жүйесі:
1) қозғалтқыш жұмысының кез келген режимімен кері қимылдайтын құрылғыны қосуды және ажыратуды;
2) белгіленген режимдердегі кері қимылдайтын құрылғысы қосылған қозғалтқыштың тұрақты жұмысы және ауыспалы үрдістер кезінде, оның ішінде қозғалтқыштың тартымын әртүрлі тікелей мәндерден ең көп кері қимылдайтын тартымға дейін өзгерту барысында;
3) кері қимылдайтын құрылғыны өздігінен қосылған жағдайда техникалық құжаттамада көрсетілген шамадан қозғалтқыштың жұмыс режимін автоматты түрде ажыратуды немесе төмендетуді;
4) кері қимылдайтын құрылғы қосылмаған жағдайда техникалық құжаттамада көрсетілген деңгейге дейін қозғалтқыштың жұмыс режимін автоматты түрде шектеуді;
5) кері қимылдайтын құрылғының жердегі (текшедегі) жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта барлық кері қимылдайтын құрылғыны және оның басқару жүйесін суыту жөнінде қосымша құралдар қолданбастан жұмысын тексеру мүмкіндігін;
6) жұмыс істемейтін қозғалтқыштағы кері қимылдайтын құрылғының іс-әрекетін сынауды тиісті әуеайлақтық қоректендіру көздерінен қамтамасыз етуге тиіс.
698. Кері қимылдайтын тартым режиміндегі жұмыс кезінде:
1) қозғалтқыштың жол берілмейтін тербелісі;
2) қозғалтқышта теңгерілмеген тіке немесе бүйірлік жүктемелер;
3) компрессордың (компрессорлардың) газдинамикалық тұрақтылық қорларын ұйғарымсыз кеміту болмауға тиіс.
699. Кері қимылдайтын құрылғыға жататын басқару жүйесінің элементтері талаптарға жауап беруге тиіс.
110. Қозғалтқыштың гидрожетектері
700. Гидрожетектердің конструкциясында труба құбырларын, агрегаттарын және басқа элементтерді пайдаланудың күтілетін жағдайларында оларға қолданылатын ең жоғары механикалық және жылулық жүктемелерді арттыратын жүктемелерден қорғау көзделуге тиіс.
701. Сүзгіштер сүзгіш элементтер бітеліп қалған жағдайда гидрожетектердің жұмысын қамтамасыз ететін өткізетін авариялық клапандары болуы қажет. Сүзгіштер олардың қарауына ыңғайлы жерде орналастырылуға тиіс.
702. Гидроаккумулятор болған жағдайда оның газ қуысында газдың қысымын ауық-ауық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
703. Қысқа мерзімді кезеңдік қолданылу жүйелерінде автомат істен шыққан жағдайда авариялық өткізу клапанымен жұмыс гидросорапты босату автоматы көзделуге тиіс.
704. Гидрожетектерде ажыратылған қозғалтқыш кезінде гидрожетектерді тексеру және реттеу үшін жоғары қысымды сұйықтықтың әуеайлақтық көзін қосу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
111. Агрегаттар және олардың жетектері
705. Агрегаттарды жетектер мен оларды бекіту тораптар қозғалтқыштың оған орнатылған жабдықпен сенімді жұмысын қамтамасыз ететіндей етіп жобалануға және орындалуға тиіс. Жетектер істен шыққан жағдайда қозғалтқыштың басқа агрегаттары мен элементтерінде қауіпті зақымданулар болады.
706. Қозғалтқышқа орнатылған әрбір агрегаттың тәртібі бойынша, қозғалтқыш бөліктерінің шамадан тыс айналу сәттерінің әсерінен қорғауға арналған «әлсіз буыны» болуға тиіс. «Әлсіз буын» оның сынықтары қозғалтқыштың басқа бөліктеріне түспейтіндей етіп орындалуға тиіс.
Егер «әлсіз буынның» кейбір агрегаттары қозғалтқышты қорғауға жеткіліксіз болса, онда олардың ақаулығы жұмыс істеп тұрған ротордан болған жағдайда мұндай агрегаттардың жетегін ажыратып тастау мүмкіндігі көзделуге тиіс.
707. Агрегаттардың конструкциясы мен олар сынған жағдайда оларды қозғалтқышқа қосу орындары сынықтардың немесе агрегаттарда қолданылатын жұмыс сұйықтықтарының қозғалтқыштың май жүйесіне түсу мүмкіндігін болдырмауға тиіс.
708. Қозғалтқыштағы әуе бұрамасы реттеуішінің орналасуы оған кіреберісінде бөгде заттардың немесе майдың құрамындағы тұнбалардың түсуін болдырмайтындай болуға тиіс.
709. Қозғалтқыштың ротордың (роторлардың) баяу бұрылуға арналған құрылғысы болуға тиіс.
710. Егер қозғалтқышқа орнатылған агрегаттарда қозғалтқыштан жұмыс сұйықтығы немесе май түссе, онда осы агрегаттарда қажетті жұқа сүзгіш пен сүзгіш элементтерін орнатқан жөн.
112. Бақылау және сигнал беру аппаратурасы
711. Қозғалтқышта қолданыстағы Нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес қозғалтқыштың ақаусыздығын тексеру мен қозғалтқыштың техникалық жай-күйін, оның ішінде борттық құрылғының көмегімен өлшемдерді тіркеуді болжамдауды қамтамасыз ететін бақылау аппаратурасы орнатылуға тиіс.
712. Қозғалтқыш оларды дамытудың бұрынғы кезеңдеріндегі істен шығуды анықтау және қозғалтқыштың пайдаланудағы техникалық жай-күйін анықтау үшін механикалық зақымдарды табатын құралдармен жарақтандырылуға тиіс. Мұндай құралдар мыналарды:
1) май жүйесіндегі магнитті тығын мен ыңғайлы орналасқан ондағы темір мен басқа металдың құрамына талдау жасау үшін майды мерзімді іріктеп алудың құю кранын;
2) газды әуе жолдарының бөлшектерін оптикалық, ультрадыбыстық, құйынтоктық және басқа шатыр үлгісіндегі құралдардың көмегімен кезеңдік қарауға арналған құрылғыны (терезені, люктерді) қамтуға тиіс.
Ескертпе: терезелер мен люктердің саны мен оларды орналастыру техникалық пайдалану жөніндегі басшылығында көрсетілген тізбе бойынша компрессорлардың барлық баспалдақтарындағы жұмыс қалақтарының, турбиналардың, жану камерасының ішкі бетінің және конструкциялардың басқа элементтерінің жай-күйін бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей іріктеп алынуға тиіс;
3) қозғалтқыштың техникалық жай-күйін бақылау және істен шығу мүмкіндігін табуға арналған датчиктерді қамтуға тиіс.
Ескертпе: датчиктердің тиісті тізбесі техникалық пайдалану басшылығында көрсетілуге тиіс.
713. Қозғалтқышта мынадай өлшемдерді өлшеу датчиктері орнатылуға тиіс:
1) қозғалтқыштың кіреберісіндегі тежелген ауа ағысының қысымы;
2) қозғалтқыштың кіреберісіндегі тежелген ауа ағысының температурасы;
3) роторлардың айналу жиілігі;
4) қозғалтқыштағы басқару рычагтарының күйі;
5) газдың температурасы.
Ескертпе: турбинаның суытылған жұмыс қалақтары бар қозғалтқышта фотоэлектрлік пирометр орнатылуға немесе оны орнату мен турбинаның бірінші баспалдағындағы жұмыс қалақтары материалдарының температурасын өлшеу үшін қолдану мүмкіндігі көзделуге тиіс;
6) турбинадан тыс толық қысымның (екі контурлық қозғалтқыштар үшін - толық қысымға баламалы) қозғалтқыштың кіре берісіндегі толық қысымға немесе тартымды немесе қуатты (ТВҚ үшін - айналу сәті) сипаттайтын басқа өлшемдерге қатынастары;
7) отынның жаппай сағаттық шығысының бір сәттік мәні;
8) май жүйесіндегі майдың қысымы;
9) қозғалтқыштың кіреберісіндегі (немесе шыға берісіндегі) май магистралінің температурасы;
10) қозғалтқыштың май багындағы майдың саны.
11) ротордың айналу жиілігінің барлық диапазонындағы тербеліс деңгейі.
1-ескертпе: қозғалтқышта қажетті деп танылған қосымша өлшемдер жүзеге асырылуы мүмкін.
2-ескертпе: ауаның тежелген ағысының қысымы мен температурасын өлшеуге арналған датчиктер, сондай-ақ отынның жаппай сағаттық шығысы ӘК орнатылуы мүмкін.
3-ескертпе: жергілікті әуе желілерінің ӘК-ң қозғалтқыштары үшін қажетті өлшемдер тізбесі қысқартылуы мүмкін.
4-ескертпе: әрбір ротормен қоздырылған тербеліс деңгейін жекелей өлшеу үшін аппаратурамен жарақтандыру қажеттігі нақты қозғалтқыштың ерекшелігін ескеріп орнатылуға тиіс.
714. Датчиктер қозғалтқышқа:
1) қысымды іріктеп алу нүктесі сүзгіштен кейін магистралдың арын учаскесінде болатындай етіп орналастырылуға тиіс, егер соңғысы жүйеде қарастырылған болса.
Ескертпе: егер қозғалтқышта бастысына тәуелсіз қосалқы май жүйесі бар болса, онда майланатын бөлшектер нүктесіне жақын тұруы мүмкін майды қысымын өлшеу үшін қосымша датчик орнату мүмкіндігі көзделуі тиіс;
2) өлшемнің іріктеп алу нүктесінің оны өлшеу үшін және реттеуші құрылғыға тигізетін әсері өлшейтін және реттейтін құрылғыға біркелкі әсерін қамтамасыз ететін жол учаскесінде болуы;
3) датчиктердің электр сымдары мүмкін болатын зақымдардан сенімді қорғалған және қозғалтқыштағы зақымдану орындарынан қауіпсіз орналастырылған.
715. Магистралдың әрбір тармақтануының бақылау-өлшеу құралдарына жақындығы труба құбырлары бүлінген жағдайда сұйықтықтың ағуын шектейтін құрылғыны қарау ұсынылады.
716. Қозғалтқышты бақылауға, реттеу мен басқаруға қажетті аппаратуралар мен аспаптардың тізбесі ұсынылуға тиіс. Сондай-ақ осы аппаратуралар мен аспаптарды өлшеу дәлдігінің талап етілетін шегі көрсетілуге тиіс. Тиісті дәрежеде аппаратуралар мен аспаптардың олардың көлемдеріне және өзгелерге байланысты шешуші қабілеті ескерілуге тиіс.
717. Қозғалтқышта істелген жұмысты объективті есепке алу үшін қажетті құрылғы қарауға тиіс.
718. Қозғалтқыш сигнал беру үшін қажетті құрылғылармен жабдықталуға тиіс:
1) қозғалтқыштың кіреберісіндегі отынның ең аз қысымы;
2) майдың ең аз қысымы;
3) тербеліс деңгейін ұйғарынды арттыру;
4) газдың ең жоғары температурасын арттыру;
5) ұсақ қоқымдардың пайда болуы;
6) помпаждың туындауы;
7) қозғалтқыштың мұздануы;
8) май багындағы майдың ең аз қалдығы;
9) май багындағы майдың ең көп қалдығы;
10) отын сүзгішіндегі қысымдардың ең жоғары ұйғарынды түсіп кетуі, егер соңғысы қозғалтқышқа жатқызылған болса;
11) қозғалтқыш роторлары айналымының ұйғарынды жиілігін арттыру.
1-ескертпе: қозғалтқышта дабыл қағу үшін басқа да құрылғы орнатылуы мүмкін, егер бұл қажет деп танылса.
2-ескертпе: жергілікті әуе желілерінің ӘК-ң қозғалтқыштарында дабыл қағуға арналған құрылғының тізбесі қысқартылуы мүмкін.
719. Қозғалтқыштарда өрт тудыруға қабілетті қатты қызу мүмкіндігінің ақаулылығы жағдайында ішкі май немесе суфлирленген қуыстарда қатты қызу (өрт) туралы сигнал беру жүйесі қолданылуға тиіс.
Қатты қызу (өрт) туралы сигнал беру жүйесі талаптарды қанағаттандыруға тиіс.
720. Қозғалтқыштың құрылғысы мен жүйесі, ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін уақтылы қосу немесе ажырату сигнал беру датчиктерімен жарақтандырылуға тиіс:
1) қозғалтқыштың өзгертіліп отырған элементтерінің жайы (мысалы, компрессордың қайталама бағыттаушы қалақтары, реактивтік шүмектің жармалары, кері қимылдайтын құрылғы және т.б.);
2) әуе бұрамасының флюгирленген жүйесін және әуе винтінің кері қимылдайтын құрылғысын автоматты қосу;
3) сұйықтықты компрессорға бүріккішті қосу және ажырату.
Ескертпе: қозғалтқышқа сигнал беру үшін басқа құрылғы орнатылуы мүмкін, егер бұл қажет деп танылса.
721. Қозғалтқышқа орнатылған сигнал құралдары жұмыс істеген кезде экипаждың іс-әрекеттері бойынша техникалық пайдалану басшылығына ұсыным енгізілуге тиіс.
113. Труба құбырлары, ажырамалар, қосынды
722. Отын, май, іске қосу, жағу, ауаны (газды) келтіру мен іріктеп алу, басқару және реттеу, гидравликалық, электрлік және басқа жүйелерде барлық ажырамалар мен қосулар техникалық қызмет көрсетуге қол жетімді орындарға орналастырылуға тиіс.
Труба құбырларын қосу пайдаланудағы оларды тартпастан техникалық пайдалану басшылығы мен техникалық қызмет көрсету регламентінде қозғалған жағдайларды қоспағанда, герметикалылығын қамтамасыз етуге тиіс.
723. Қозғалтқыштың барлық жүйелерінің труба құбырлары мен оларды бекіту элементтері пайдалануда оларға қолданылатын механикалық және жылу жүктемелеріне шыдауға тиіс. Труба құбырларының ауыспалы кернеуі ұйғарынды мәндерді арттыруға тиіс емес. Труба құбырларын зақымдауды болдырмау үшін оларға конструкцияның басқа элементтерінің жанасу орындарында кепілді саңылаулары (люфтері) болуға тиіс.
724. Салыстырмалы ауыстырылуы мүмкін қозғалтқыш конструкциясының орындарында салынған труба құбырлары болуы мүмкін труба құбырларының деформациясын толықтыратын элементтер болуға тиіс. Икемді шлангілерді қолданған жағдайда соңғысының бекітілген үлгілері болуға тиіс немесе олардың қозғалтқыштың осы жүйесіне қолдануға жарамды екені расталуға тиіс.
725. Қозғалтқыштағы труба құбырларының конфигурациясы оларда ауаның, булардың немесе тиісті жүйеде жұмыстардың бұзылуын тудыратын сандағы тұнбаның жинақталу мүмкіндігін болдырмауға тиіс.
726. Қозғалтқыштың труба құбырлары мен оларды бекіту элементтері талаптарды қанағаттандыруға тиіс.
727. Қозғалтқыштағы қысымның ұйғарынды деңгейден, мысалы, температураның әсерінен жоғары көтерілуі мүмкін жұмыс сұйықтықтары немесе газдары бар тұйықталған көлемдердегі труба құбырларында қысымды шамадан тыс арттыруды болдырмайтын құрылғы қаралуға тиіс.
728. Труба құбырлары мен олардың элементтерінің конструкциясы оларды қателесіп монтаждау мүмкіндігін болдырмауға тиіс.
729. Олар дұрыс жұмыс істемеген жағдайда кері клапандар мен басқа құрылғыларды орнату мүмкіндігі болмауға тиіс.
730. Клапандар мен басқа агрегаттарды қозғалтқышқа орнату және бекіту осы құрылғылардан оларға қосылған труба құбырларына ұйғарылмаған жүктемелерді беруді болдырмауға тиіс.
731. Қабылданған құралдарды таңбалау жолымен қозғалтқышқа монтаждалған әрбір жүйенің сенімді индикацияланған труба құбырларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Ескертпе: осы талап қозғалтқышта орналастырылған (электр сымдары мен өзгелер) басқа коммуникацияға қолданылады.
114. Қозғалтқышты сертификаттау кезінде «ӘК орнатқанға дейін» сынау
732. «ӘК орнатқанға дейін» сертификаттау кезінде қозғалтқыш пен оның бөлшектері мынадай текшелік сынақтардан қанағаттанғандықпен өтуге тиіс:
1) арнайы сынақ;
2) 150 сағаттық сынақ;
3) ресурстарды белгілеу жөніндегі сынақ.
733. Қозғалтқышты сертификаттау кезінде барлық текшелік сынақтардың нәтижелерді бағалау үшін қозғалтқышты жеткізу тарихын ескерген жөн.
734. Қажетті үйлесімдердегі сынақтар кезінде мынадай өлшемдер өлшенуге тиіс:
1) барометрлік қысым, атмосфералық ауаның температурасы мен ылғалдылығы;
2) қозғалтқыштың кіреберісінде ауаның тежелген ағысының қысымы;
3) қозғалтқыштың кіреберісінде ауаның тежелген ағысының температурасы;
4) бокстағы ауаның қысымы;
5) роторлардың айналу жиілігі;
6) РУД-тың жағдайы;
7) компрессордың реттелетін элементтерінің жағдайы;
8) реактивтік шүмектің реттелетін элементтерінің жағдайы;
9) компрессордан шығардағы ауаның тежелген ағысының қысымы;
10) компрессордан шығардағы ауаның тежелген ағысының температурасы;
11) турбинадан тыс газдың тежелген ағысының қысымы;
12) турбинадан тыс газдың тежелген ағысының температурасы;
13) тартым және қуат (ТВҚ үшін - айналдыру сәті);
14) отынның шығысы;
15) қозғалтқыштың кіреберісіндегі отынның қысымы;
16) бүріккіш алдындағы отынның қысымы;
17) қозғалтқыштың кіреберісіндегі отынның температурасы;
18) май жүйесіндегі майдың қысымы;
19) қозғалтқыштың кіреберісіндегі майдың температурасы;
20) қозғалтқыштың шығаберісіндегі майдың температурасы;
21) майды айдау;
22) майдың шығысы;
23) қозғалтқыш корпустарының тербелісі.
Ескертпе: қозғалтқыштың, оның жүйелерінің немесе өлшемдер тізбесінде көрсетілген сынақтар түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін.
735. Қозғалтқыштың 150-сағаттық текшелік сынақтарға және ресурстық сынақтарға арналған тұтастыру мемлекеттік сынақтарға арналған қозғалтқыштың тұтастыруына толық сәйкес келуге тиіс. Арнайы және мемлекеттік сынақтарға арналған қозғалтқыштың сәйкес орналасуының ұқсастығы, ең болмағанда, тексеріліп отырған сипаттамаға немесе қозғалтқыштың және оның элементтерінің қасиетіне әсер ете алатын конструкция элементтері бойынша шыдауға тиіс. 150-сағаттық текшелік сынақ текшелік ауажинағышпен өткізілуге тиіс.
Ауажинағыштың қозғалтқыштың өлшеміне әсері, компрессор жұмысының тұрақтылығы мен қалақтардың тербелісі тексерілетін арнайы сынақтар компрессорға кірер алдындағы ауаның күтілетін ұшудың қарқынды ағысын қайта өндіріп жүргізілуге тиіс. Сынақтар штаттағы реактивті шүмекпен және кері қимылдайтын құрылғымен жүргізілуге тиіс. Осылайша қажет болған жағдайларда өзге конструкцияның реактивті шүмегін қолдануға рұқсат етіледі.
736. Қозғалтқыштың компрессорға түсетін атмосфералық ауаны ылғалдандырудың жасанды құралдары арнайы келісілген жағдайларды қоспастан қолдануға тиіс емес.
737. Осы қозғалтқыш үшін техникалық құжаттамада көрсетілген отын мен май көрсетілген сынақтарда қолданылуға тиіс. Қозғалтқыштың отынмен және маймен қоректенуінің текшелік жүйесі қозғалтқышқа арналған штаттық құралдарды көзделген отын мен майды тазалау амалымен қамтамасыз ететін сүзгіштермен жабдықталуға тиіс.
738. Қозғалтқыштың көрсетілген сынақтары кезінде осы қозғалтқыш үшін арналған барлық реттегіштер, егер нақты сынақтарға қойылған талаптарда өзгедей сөз болмаса, орнатылуға тиіс. Қозғалтқыштың сипатын анықтау үшін қозғалтқышқа тікелей қызмет көрсетуге арналмаған барлық агрегаттар ажыратылып тасталуға тиіс және ӘК мұқтаждарды қанағаттандыру үшін компрессордан ауаны іріктеп алуды жүргізуге тиіс.
739. Қозғалтқышты сынаған кезде барлық текшелік жүйелерді тұтастыру (труба құбырларының көлемі мен конфигурациясы, электр сымдарының сипаты, сүзу схемалары, сыйымдылықтар және басқалар) қозғалтқыштың күтілетін пайдалану жағдайларын осы элементтерге байланысты жаңғыртуды қамтамасыз етуге тиіс.
Реттегіштерді іске келтіру элементтері әрбір сынақ алдында реттелуге тиіс. Реттеу осы сынақ аяқталғанға және барлық тексерулерді орындағанға дейін өзгеруге тиіс емес. Қозғалтқыштың негізгі деректері мен өлшемдерін айқындау мақсаты жоқ қозғалтқышты сынау оған орнатылған сынақтар бағдарламасына сәйкес аса жүктемеленген ӘК агрегаттарымен жүргізілуге тиіс; сондай-ақ агрегаттарды әкелуге және ауаны іріктеп алуға қуаттың бір бөлігін шығындауға душар ететін ысырап анықталуға тиіс.
740. 150-сағаттық сынақтар барысында, техникалық пайдалану жөніндегі басшылығына сәйкес сай қозғалтқышқа қызмет көрсетуге және оны жөндеуге ғана рұқсат беріледі. Егер ерекшелік түрде едәуір жөндеуге немесе бөлшектерді айырбастауға ұмтылу ұйғарынды деп танылса, онда қосымша сынақтар жүргізілуге тиіс. Осы қосымша сынақтардың мазмұны мен жағдайлары жүргізілген жөндеудің немесе бөлшектерді айырбастаудың сипаты мен көлеміне байланысты белгіленеді.
Ескертпе: қозғалтқыштың ішіне шеңберлі сынаушы текше ортасынан шаң мен кір жинақталған жағдайда, 150-сағаттық сынақтың кейбір кезеңдеріндегі ішкі жолды жууға, бірақ қозғалтқышты бөлшектеместен, жол берілуі мүмкін.
741. Сынақтар кезінде қозғалтқыштың өлшенген (оның ішінде өлшенген күш текшенің ішкі аэродинамикасының әсеріне енгізілген түзету ескерілген) өлшемдері, маңызы атмосфералық шарттарға байланысты, мәлімделген деректермен салыстыру үшін СА-да келтірілуге тиіс.
742. Қозғалтқыштың сынақтары кезінде өлшенген өлшемдер мынадай формулалар бойынша СА-да келтірілгені жөн.
статикалық тартым:
101,3
Rio = ReciRPAORTAORd------;
PAO
айналу жиілігі:
nio = necindV 288,15;
T*AO
отынның сағаттық шығысы:
Go.io = Go.eciGoPAOGoTAOGod101,3V 288,15;
PAO T*AO
ауаның шығысы:
Ga.io = Ga.eciGaPAOGaTAOGad 101,3V T*AO;
PAO 288,15
температура:
288,15
T*io = T*eciT*PAOT*TAOT*d-------;
T*AO
қысым:
101,3
Pio = P*eciP*PAOP*TAOP*d-------.
P*AO
Мұндағы индекстердің мынадай мәні бар:
«пр» - келтірілген шама;
«изм» - өлшенген шама;
«вх» - қозғалтқышқа кіре берістегі өлшемдер (кіру құрылғысындағы өлшемдер);
"*" - тежелген ағыс өлшемдері.
_ _ __ __ __ __ __
әсер коэффициент R, n, Go, Ga, T* e P* және Р*AO, T*AO және d тиісті индекстерімен эксперименталдық-есеп айырысу тәсілімен анықталады.
Ескертпе: әуе кемелерінің ауажинағышпен сынақтар кезінде немесе оның имитаторымен өлшенген шама ауажинағышқа кіре берістегі өлшемдер бойынша СА-да келтіріледі.
743. Турбо винттік қозғалтқыш сынақтары кезінде өлшенген шама стандартты атмосфералық жағдайы шарттарында келтіріледі. Әуе бұрамасы қуатының шамасы мынадай формула бойынша стандартты атмосфералық
жағдайына келтірген жөн:
Na.io = Na.eciNaPAONaTAONad101,3V 288,15,
PAO T*AO
Келтірілген баламалы қуат турбовинттік қозғалтқыш мынадай формула бойынша анықталғаны жөн:
Nэкв.пр = Nв.пр + kRпр,
мұндағы k - 68,2 тең шарықтау қуаты үшін қабылданып отырған қуаттағы тартымды қайта есептеу коэффициенті;
Rпр - келтірілген тартым (кН);
N - қуат (кВт).
744. Қозғалтқыштардың үлгілерінде, оларды реттеу жүйелерінде және текшелер конструкцияларында өлшенген шамаларды стандартты атмосфера жағдайларына келтіру әдістемесіне түзету енгізілуі мүмкін.
Сәйкес келтіру үшін қозғалтқыштардың үлгілерін, оларды реттеу жүйелері мен текшелердің конструкцияларын ескеріп есептелген және құрылған номограммалар немесе келтіру кестесі пайдаланылуы мүмкін.
745. Егер кез келген сынақтардың нәтижесіне немесе конструкцияға жүргізілген түрөзгертушіліктің нәтижесіне қандай да бір өзгеріс енгізілсе, онда енгізілген өзгеріске әсер етуі мүмкін барлық аяқталған сынақтар қайталануға тиіс.
746. Осы Норманың 747-тармағында регламенттеліп отырған сынақтар аяқталғаннан кейін олар жүргізілген, осы сынақтарға жататын қозғалтқыштар мен олардың агрегаттары сынақтардың бағдарламасында немесе әдістемесінде көрсетілген көлемде ақаулыққа ұшырауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |