7. Ұшып көтерілу жылдамдықтары
42. Екпіннің Vmin ЭB ең аз эволютивтік жылдамдығы қауіпті қозғалтқыш кенеттен істен шыққан кезде ӘК тік сызықтық жүрісін ұстау үшін басқарудың аэродинамалық органдары арқылы ӘК басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс жылдамдық.
Көрсетілген ӘК тік сызықтық жүрісі қалыпты жұмыс істейтін қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) кемітпей екпіннің бастапқы бағытына қосарлас бағытында жүргізілуге тиіс.
Қауіпті қозғалтқыш істен шыққан сәтінен бастап осы АКҰН 121-тармағында белгіленгеннен аспайтын басқыштарға күш түсірген кезде ұшудың ерекше әдістерін қолданудың қажеттілігісіз 10м асатын ӘК бүйірлі ығысуын болдырмау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс, сондай-ақ ұшқыштың бағалауы бойынша орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларында рұқсат етілмейтін өзгерістер туындауға тиіс емес.
Осылайша айқындалған Vmіn эе мәні неғұрлым қолайсыз жағынан ұшу жолағының осіне 5 м/с бүйірден соққан жел кезінде 900 бұрышымен ұшып көтерілу жағдайларына сәйкес келуге тиіс.
Алдыңғы арбамен басқарылатын басқарудың аэродинамалық органдарының ауытқуымен байланысты ӘК не ажыратылған байланыс кезінде, не көтерілген тұмсықтық арбасымен Vmin эр айқындау қажет.
Vmin ЭB айқындау ұшу салмағының және ӘК орталықтаудың неғұрлым қолайсыз тіркесімдері кезінде ұшу басталған үшін белгіленген қозғалтқыштар мен басқа да режимдер жұмысының максимальды режимдері үшін жүргізілуге тиіс. ӘК Vmin ЭB эұ көрсетімі кезінде ТВҚ-дан (турболы-винтолы қозғаушы) ауалық бұрамасының басқаруға экипаждың араласуына жол берілмейді.
43. Ұшып көтерілудың Vmin ЭB ең аз эволютивтік жылдамдығы дағдарысты қозғалтқыш кенеттен істен шыққан қезде ӘК тіксызықтық жүрісін ұстау үшін басқарудың аэродинамикалық органдары арқылы ӘК басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс жылдамдық. Көрсетілген ӘК тік сызықтық ұшуы қалыпты жұмыс істейтін қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) кемітпей жұмыс істейтін қозғалтқыштардың жағына 50 аспайтын қисаю кезінде жұмыс істемейтін сындарлы қозғалтқышпен жүргізіледі.
Қауіпті қозғалтқыштың істен шығу сәтінен бастап ұшудың бастапқы белгіленген режиміндегі сияқты сондай жылдамдықпен белгіленген тік сызықтық ұшудың режимі қалпына келгенге дейін бағытының өзгерілуі 200 және қисаю бұрышы абсолютті шамасы бойынша 150 асуын болдырмайтын мүмкіндік қамтамасыз етілуге тиіс.
Осының барлығы үшін ұшқыштың бағалауы бойынша орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларында рұқсат етілмейтін өзгерістер туындамайтын және ұшудың ерекше әдістерін қолданудың қажеттілігісіз қол жеткізілуі тиіс.
Ұшудың тік сызықтық белгіленген режимі қалпына келгеннен кейін басқару иінтіректеріндегі күштер (күштері бойынша ӘК теңгерусіз) осы Норманың 121-тармағында көрсетілген олардың мәндерінен аспауға тиіс, қисаю бұрышы абсолютті шама бойынша 50 аспауға тиіс.
Vmin ЭB мәнін айқындау қозғалтқыштар жұмысының ең жоғары режимі үшін, сондай-ақ басқа режимдер мен ұшу салмағының, пайдалану орталықтау неғұрлым қолайсыз үйлесімдері кезінде симметриялық тартымымен ұшуға сәйкес келетін және жердің әсерін ескермей ұшып көтерілуге белгіленген ӘК конфигурацияларының барлық нұсқалары үшін жүргізілуге тиіс.
ӘК Vmin ЭB үлгілеме көрсету кезінде турбо-винттік қозғалтқышпен әуе винтін басқаруға экипаждың араласуына жол берілмейді.
44. Көтерілудің минимальды жылдамдығы Vmin отр Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген орталықтау диапозонында ұшып көтерілу үшін ӘК барлық қабылданған конфигурацияларында белгіленеді.
Vmin отр үлгілеме көрсету процесінде әсер етудің бұрышы ақосым (3.2.44) аспауға тиіс, ал шарықтау ара қашықтығы - осы Норманың 54-тармағына сәйкес айқындалған шарықтаудың қажетті дистанциясынан аспауға тиіс.
Vmin отр жылдамдығында барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштармен Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген центрлеу диапозонында шарықтау кезінде ӘК көтерілісінің және ұшудың ерекше әдістерін қолданбай, осы Норманың 87-тармағында көрсетілген күштерді асырмай және орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларында ойдағыдай емес өзгертулерді туындатпай шарықтауды жалғастыруға болады.
45. Шассидің алдыңғы тірегін Vп ст Vал т көтеру жылдамдығы Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген және шарықтаудың конфигурациясы не тангаждың неғұрлым жоғары нақты жететін бұрыштық жылдамдығы бар алдыңғы тіректі көтеріп, барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген кезде 1,10 Vmin отр және бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде 1,05 Vmin отр кем емес жылдамдықта ӘК үзілісі болатын ол үшін көрсетілген жылдамдығы:
1) 1,05 Vmin ЭР;
2) 1,05 Vmin ЭB;
3) 1,05 VСl;
4) 1,05 Vmin отр кем болмауға тиіс.
Ескертпе. ақосым кем ӘК шектелген геометриясымен әсер етудің бұрышы немесе Vmin жету бойлық басқару органдарының шекті ауытқуымен шарттасуы көрсетілген ӘК қолданбалы Vmin отр кезінде жоғарыда көрсетілген сандық мәндердің коэффициенттері тиісінше 1,05 және 1,0 дейін кемітілуі мүмкін.
Ұшу салмағының және атмосфералық жағдайлардың тіркелген мәндері кезінде қалыпты да, жалғастырылған шарықтауға да Vал т бір мәнін белгілеу қажет.
46. V1 шешім қабылдау жылдамдығы Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген және мынадай шарттарды:
1) V1 > Vmіn ЭР
2) V1 < Vn ст қанағаттандыруы тиіс.
47. V2 шарықтаудың қауіпсіз жылдамдығы Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген және:
1) ұшып көтерілу конфигурациясы кезінде 1,20 Vс кем болмауға тиіс; Қозғалтқыштар жұмысының шарықтау режимін пайдалану істен шыққан қозғалқышпен құлау жылдамдығын 5% артық кемуіне әкелетін ӘК үшін Vсl кезінде коэффициентті 1,15 дейін темендетуге рұқсат етіледі;
2) ұшып көтерілу конфигурациясы кезінде 1,20 Vmіn эұ кем болмауға тиіс.
Vал т жылдамдықта шассидің алдыңғы тірегін көтерген кезде жалғастырылған шарықтау кезінде шарықтаудың қауіпсіз жылдамдығы V2 көтерілу нүктесінде ШҚЖ-ның деңгейінде 10,7 м артық емес биіктікте қол жеткізіледі;
3) ұшып көтерілу конфигурациясы кезінде 1,08 V ақосым кем болмауға тиіс.
48. Барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштармен бастапқы биіктікті алудың жылдамдығы Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген және:
1) V2;
2) ұшып көтерілу конфигурациясы кезінде 1,3 Vсl;
3) ұшып көтерілу конфигурациясы кезінде 1,2 Vmіn эұ;
Бастапқы биіктікті алу жылдамдығы 120 м биіктікке дейін жетуге тиіс.
49. Механизацияны жинауды бастау сәтіне ӘК жылдамдығы V3:
1) қалыпты шарықтау үшін V2n және жалғастырмалы үшін V2;
2) Механизацияның өзгерген жағдайы кезінде 1.20 Vс.
Қозғалтқыштар жұмысының ұшып көтерілу режимін пайдалану істен шыққан қозғалтқышпен шығарып тастау жылдамдығын 5% артық кемуіне әкелетін ӘК үшін Vсl кезінде коэффициентті 1,15 дейін төмендетуге рұқсат етіледі;
3) ол үшін Vmіn эұ көп қаралып отырған конфигурациялардың сол біреуі кезінде 1,10 Vmіn Эұ кем болмауға тиіс.
50. Ұшу конфигурациясы кезінде ӘК жылдамдығы V4;
1) ӘК ұшу конфигурациясы кезінде 1,3 Vсl;
2) ӘК ұшу конфигурациясы кезінде 1,2 Vmіn эұ.
8. Екпіннің ұзындықтары мен ұшып көтерілу арақашықтығы
51. Екпіннің ұзындықтары мен ұшып көтерілу арақашықтығы мынадай жағдайларда расталуға тиіс:
1) барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген кезінде:
қозғалтқыштар жұмысының режимдері күштік қондырғының агрегаттары және ұшып көтерілу кезінде іске қосылатын ӘК жүйелері жұмыс істеген кезде ұшу үшін Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген режимдерге сәйкес келуге тиіс;
алдыңғы тіректің көтерілуі Vn ст жылдамдығында жүргізілуі тиіс;
V2 қауіпсіз ұшу жылдамдығы ӘК көтерілу нүктесінде ШҚЖ деңгейінен 10,7 м биіктікке дейін жетуі тиіс;
шассиді жинауды бастау ӘК көтерілу нүктесінде ШҚЖ деңгейінен кемінде 3-5 м биіктікте жетуі тиіс;
ӘК конфигурациясы (шассиді жинаған басқа) өзгеріссіз қалуы тиіс;
2) бір қозғалтқыш істен шыққан кезде мыналар орындалуы тиіс:
Vотк істен шыққан қозғалтқыштың жылдамдығында қозғалтқыш ажыратылуы тиіс.
Ескертпе. Vотк үлгілеме көрсету кезде, егер ұшқыштың оң бағасын алған қозғалтқыштың істен шығуы туралы сигнал берудің арнайы құралдары қолданылса, қозғалтқыштың істен шығу имитациясынан кейін кемінде 3 с немесе одан аз уақытта V1 жылдамдығы жететіндей таңдалуы тиіс;
Турбобұрамалық қозғалтқыштары бар ӘК экипаждың әуе бұрамасын басқаруға араласуына жол берілмейді;
қозғалтқыштардың тартымын (қуатын) көбейту құралдары оларды іске қосуға арналған автоматты құрылғылары болмаған жағдайда экипаж V1 жылдамдығына жеткен соң ғана қолдануы тиіс;
ұшқыштың командасы бойынша экипаж мүшелері орындайтын операциялар үшін команда берген сәттен бастап оны орындауды бастағанға дейін 1 секунд уақыт аралығы енгізіледі;
сол бір экипаж мүшесі орындайтын және басқару тетіктерінің ауысуымен байланысты емес операциялар үшін алдыңғы операция аяқталған сәттен бастап келесі операция басталғанға дейін 1 секунд уақыт аралығы енгізіледі.
52. Ұшып көтерілудің үзілу арақашықтығы мынадай үш шаманың жиынтығын көрсетеді:
1) бастау сәтінен бастап Vотк жылдамдықта қозғалтқыш істен шыққан сәтіне дейін барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар екпін учаскесінің ұзындығы;
2) Vотк жылдамдығына жеткенге дейін істен шыққан бір қозғалтқышпен (қауіпті) және қалған қозғалтқыштардың қалыпты жұмыс істеу кезінде екпін учаскесінің ұзындығы;
3) V1 жылдамдықтан ӘК толық тоқтағанға дейін жұмыс істемейтін қозғалтқышпен тежеу учаскесінің ұзындығы. ШҚЖ үстінің жай-күйілеріне ПКЖ-да белгілеген ұшып көтерілудің үзілген арақашықтығы осы Норманың 51-тармағына қосымша жағдайларда айқындалады:
автоматты емес іске қосылатын жылдамдықты басу құралдары (қалыпты жұмыс істейтін қозғалтқыштардың тартымын немесе қуатын төмендету, шасси доңғалақтарының тежеу, тартым кері қимылының іске қосылуы, тежеудің аэродинамикалық құралдарын шығару және т.б.) V1 жылдамдыққа жету бойынша одан ерте емес және оларды қауіпсіз қолданылуы қамтамасыз етілетін жылдамдықтардың диапазонында ғана қолданылуы тиіс;
тежеудің қосымша құралдарының іс-қимылдарымен тиімділікті (шасси дөңгелектерінің тежеуінен басқа), егер қаралып отырған пайдалану жағдайларында осы тежеу құралдарын пайдаланған кезде тұрақты нәтижелерді алу мүмкіндігі көрсетілген жағдайларда ғана есепке алуға рұқсат беріледі.
53. Екпіннің қажетті ұзындығы:
1) екпін ұзындығының 1,15 жиынтығынан және барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен ұшуды бастаған қезде 10,7 м биіктікте (ӘК көтерілу нүктесінде ШҚЖ-ның деңгейінде) болған ӘК көтерілу нүктесінен траектория нүктесіне дейін, көлбеу бойынша 1/2 қашықтығынан;
2) екпін ұзындығының жиынтығы мен бір қозғалтқыш істен шыққан кезде ұшуды бастаған кезде 10,7 м биіктікте (ӘК көтерілу нүктесінде ШҚЖ-ның деңгейінде) болған көтерілу нүктесінен траектория нүктесіне дейін, көлбеу бойынша V2 қашықтығынан кем болмауға тиіс.
54. Ұшып көтерілуге қажетті арақашықтық:
1) қалыпты ұшып көтерілудің 1,15 арақашықтығынан;
2) бір қозғалтқыш істен шығуымен жалғаспалы ұшып көтерілудің арақашықтығынан кем болмауға тиіс.
55. Үзілген ұшып көтерілудің қажетті арақашықтығы осы Норманың 52-тармағына сәйкес айқындалған үзілген ұшып көтерілудің арақашықтығынан кем болмауы тиіс.
9. Биіктікті алудың траекториялары мен градиенттері
56. 10,7 м биіктікке келтірген бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде ӘК тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті:
1) екі қозғалтқышы бар ӘК үшін оң;
2) үш қозғалтқышы бар ӘК үшін - 0,3% кем болмауы;
3) төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ӘК мынадай:
ӘК конфигурациясы шарықтау жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V2 тең;
қозғалтқыштар шарықтау үшін белгіленген режимде жұмыс істеген жағдайларда 0,5% кем болмауы тиіс.
57. 120 м биіктікке келтірген бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде ӘК тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті:
1) екі қозғалтқышы бар ӘК үшін - 2,4%;
2) үш қозғалтқышы бар ӘК үшін - 2,7%;
3) төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ӘК үшін мынадай:
ӘК конфигурациясы шарықтау жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V2 тең;
шарықтау үшін белгіленген режимде қозғалтқыштар жұмыс істеген жағдайларда 0,5% кем болмауға тиіс.
58. 400 м биіктікке келтірген бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде ӘК тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті:
1) екі қозғалтқышы бар ӘК үшін - 1,2%;
2) үш қозғалтқышы бар ӘК үшін - 1,5%;
3) төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ӘК үшін мынадай:
ӘК конфигурациясы ұшу жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V4 тең;
қозғалтқыштар бағыт бойынша биіктікті алу үшін белгіленген режимде жұмыс істеген жағдайларда 1,7% кем болмауға тиіс.
59. 120 м биіктікке келтірген барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген кезде ӘК тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті мынадай жағдайларда:
ӘК конфигурациясы ұшып көтерілу жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V2n тең;
шарықтау үшін белгіленген режимде қозғалтқыштар жұмыс істеген жағдайларда 5% кем болмауға тиіс.
60. 400 м биіктікке келтірілген барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген кезде ӘК тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті мынадай жағдайларда:
ӘК конфигурациясы ұшып көтерілу жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V4 тең;
қозғалтқыштар бағыт бойынша биіктікті алу үшін белгіленген режимде жұмыс істеген жағдайларда 3 % кем болмауға тиіс.
61. Бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде Н=10,7 м бастап биіктікті алудың таза траекториясы:
1) шассидің жиналуы аяқталған биіктікке дейін:
екі қозғалтқышы бар ӘК үшін - 0,5%;
үш қозғалтқышы бар ӘК үшін - 0,9%;
төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ӘК үшін 1,0%;
2) шассидің жиналуы аяқталған биіктіктен бастап:
екі қозғалтқышы бар ӘК үшін - 0,8%;
үш қозғалтқышы бар ӘК үшін - 0,9%;
төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ӘК үшін - 1,0% кем емес градиентті азайтуға баламалы толық траекторияға түзетулерді енгізумен айқындалады.
Ұшып көтерілу таза траекториясының еңісі оның әрбір нүктесінде теріс болмауға тиіс. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұшып көтерілудің таза траекториясы кедергілерден кемінде 10,7 м кем емес биіктікте өтуі тексерілуі тиіс.
Ескертпе 1: механизацияны жинау кемінде 120 м кем емес биіктікте жүргізілуі тиіс.
Ескертпе 2: 120 м биіктікке дейін ауалық бұраманы қолмен басқаруға араласуға жол берілмейді.
10. Бағыт бойынша ұшудың сипаттамасы
62. Бағыт бойынша жылдамдық кемінде 1,30 Vсl және Vmах э артық болмауға тиіс, бұл ретте, бір немесе екі істен шыққан қауіпті қозғалтқышпен (екіден көп қозғалтқыштары бар ӘК үшін) ұшудағы бұл жылдамдық бағыт бойынша ұшу кезінде траекторияға қойылатын талаптарды орындауды қамтамасыз ететін жылдамдықтан (осы Норманың 96, 97-тт.) кем болмауға тиіс. Бұл ретте осы Норманың 63 және 66-тармақтарының талаптары ескерілуі тиіс.
63. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған бір істен шыққан дағдарысты қозғалтқышпен көлбей ұшудағы биіктікте қозғалтқыштар жұмысының биіктікті алу үшін ең жоғары рұқсат берілген режимінде биіктікті алудың таза градиенті оң болуға тиіс. Бұл ретте, таза градиент толық градиентті:
екі қозғалтқыштары бар ӘК үшін 1,1%;
үш қозғалтқыштары бар ӘК үшін 1,3%;
үш санынан асатын қозғалтқыштары бар ӘК үшін 1,4% кеміту жолымен анықталады.
Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұйғарылған бір істен шыққан қозғалтқышпен ұшудың белгіленген биіктіктегі бағытын пайдалану үшін таңдалған әрбір нүктесінде жердің деңгейінің ең жоғары биіктігінен кем дегенде 400 м асуға тиіс.
64. Ең жоғары рұқсат етілетін қону салмағы үшін пайдаланудың күтілетін жағдайларының барлық диапозонында әуеайлағын ең жоғары биіктігінен 400 м асатын биіктікте екі қозғалтқыштары істен шыққан кезде (екеуден асатын қозғалтқыштарға ие болған ӘК үшін) белгіленген көлбеу ұшуды орындау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Екі қозғалтқышы істен шыққан ӘК сипаттамалары толық градиент бойынша анықталады.
65. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген қисаюлық ұшудың биіктіктерінде ұсынылған жылдамдықта биіктікті алуға арналған барлық қозғалтқыштар жұмысының рұқсат берілген режимін пайдаланған кезде биіктікті алудың толық градиенті 1% кем болмауға тиіс.
Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштарымен биіктікті алу сипаттамалары толық градиент бойынша ұсынылуға тиіс.
66. Ең жоғары крейсерлік биіктігі 4000 м асатын ӘК үшін Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген пайдалану шектеулерін асырмай 3,5 мин. көп емес уақыт ішінде 4000 м биіктікке дейін максимальді қисаюлық биіктіктен ӘК шұғыл төмендеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. ҰПБ шұғыл төмендеу режимді орындау жөнінде нұсқауларды қамтуға тиіс.
Ескертпе. Шұғыл төмендеудің уақыты экипаждың шұғыл төмендеуге дайындығына арналған үшін іс-қимылының басталу сәтінің және ӘК 4000 м биіктікке жеткен сәтінің арасындағы аралық ретінде айқындалады.
11. Ұшуға арналған отын қоры
67. ӘК осы үлгісін пайдаланудан күтілетін жағдайлардың шегінде отынның негізгі қорын айқындау үшін қажетті отын шығыстарының сипаттамалары келтірілуге тиіс. Өтемдік отын қоры (бұдан әрі - ӨОҚ) барлық құрауышын ескере отырып, белгіленуге тиіс. ӨОҚ-ны құрайтын сандық сипаттамаларын негіздеу бойынша ақиқат деректер болмаған жағдайда белгіленетін өтемдік отын қорының салмағы негізгі отын қорының салмағынан 3% болмауы тиіс.
Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ӨОҚ-ның шамасын айқындауға мүмкіндік беретін материалдар келтірілуі тиіс.
68. Резервтік отын қоры (бұдан әрі - РОҚ) құрауыштар жиынтығы ретінде белгіленуі тиіс. Қосалқы әуеайлаққа ұшу орындалатын есептік нүкте ретінде межеленген әуеайлаққа қонуға кіру кезіндегі шешім қабылдау биіктік белгіленеді. Әуеайлақтардың алыстығынан, 400 м биіктікте күтудің ұзақтығынан және ӘК қону салмағынан РОҚ-ның есептік тәуелділігі ҰТТБ-да келтірілген.
69. Талап етілетін отын қоры отын шығыстарының сипаттамаларының нашарлауына немесе ұшу жоспарын мәжбүрлі өзгертуге тікелей әкелетін бағыттың кез келген нүктесінде ӘК функционалдық жүйелерінің істен шығуы туындаған жағдайда ұшуды жалғастыру мүмкіндігін және не ұшқан әуеайлаққа, не межеленген әуеайлаққа, не ең жақын орналасқан қосалқы әуеайлаққа не межеленген әуеайлағына, не ең жақын орналасқан қосалқы әуеайлаққа қонуды қамтамасыз етуге тиіс.
1-ескертпе. Істен шығу жай-күйлерінде ұшуды жалғастыру мен аяқтау мүмкіндігін талдау 19-23-тармақтың талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс.
2-ескертпе. Екеуден көп қозғалтқыштары бар ӘК үшін оның туындауының есептік мүмкіндігіне қарамастан екі қозғалтқышы жүйелі істен шыққан жағдайда 69-тармақтың талаптары орындалуы тиіс.
70. Аэронавигациялық отын минималды қорлары ұшуларды жүргізу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.
12. Қону және екінші айналымға кету жылдамдықтары
71. Барлық жұмыс істеген козғалтқыштарымен қонуға кіру кезіндегі Vmin эп ең аз эволютивтік жылдамдық қауіпті қозғалтқыш кенеттен істен шыққан кезде ӘК тік сызықтық қозғалысын ұстау үшін басқарудың аэродинамалық органдары арқылы ғана ӘК басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс жылдамдық болады және бұл ретте:
қисаюсыз 5% аспайтын төмендеу градиентімен төмендеу режимін сақтау үшін жұмыс істеген қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) ұлғайту кезінде қонуға кіруді жалғастыру;
жұмыс істеген қозғалтқыштарға қарай 50 аспайтын қисаю бұрышымен екінші айналымға кету үшін белгілеген оның ең жоғарғы мәніне дейін жұмыс істеген қозғалтқыштардың тартымын көтерген кезде қонуға (екінші айналымға кету) кіруді үзу мүмкін болады.
Басқару иінтіректеріндегі күш (күштер бойынша ӘК қайта теңгерусіз) осы Норманың 87-тармағында көрсетілген олардың мәндерінен аспауға тиіс.
Vmin эп анықтамалығы ұшу салмағының және пайдалану орталықтандыруының неғұрлым қолайсыз үйлесімімен барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен қонуға кіру мен қону кезінде барлық мүмкін ӘК конфигурациясы нұсқаларының жағдайында жүргізілуге тиіс. ӘК көрсетуі кезінде ТВҚ-тан(турбовинтті қозғалтқыш) әуе винтін басқаруға экипаждың араласуына жол берілмейді.
72. Тиісті конфигурацияларда бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен Vmin эп-1 немесе екі жұмыс істемейтін қозғалтқышпен Vmin эп-2 басталған қонуға кіру кезінде ең төменгі эволютивтік жылдамдықтар ӘК тік сызықтық қозғалысын ұстау үшін басқарудың аэродинамикалық органдары арқылы ғана ӘК басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс жылдамдық болады және бұл ретте:
қисаюсыз (оның ішінде жұмыс істеген қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) ұлғайтумен) 5%-дан аспайтын темендеу градиентімен қонуға кіруді орындау;
жұмыс істеген қозғалтқыштарға қарай 5о аспайтын қисаю бұрышымен біреуі немесе екеуі (төрт және одан да көп қозғалтқыштарға ие ӘК үшін) жұмыс істемейтен қозғалтқыштарымен екінші айналымға кету үшін белгіленген оның ең жоғарғы мәніне дейін жұмыс істеген қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) көтерген кезде қонуға (екінші айналымға кету) кіруді үзу мүмкін болады. Басқару иінтіректеріндегі (күштер бойынша ӘК қайта теңгерусіз) 87-көрсетілген олардың мәндерінен аспауға тиіс Vmin эп-1 және Vmin эп-2.анықтамалығы бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен немесе екі жұмыс істемейтін қозғалтқышпен ӘК конфигурациялардың нұсқаларында және ұшу салмағының және пайдалану орталықтандырудың неғұрлым қолайсыз үйлесімімен қону мен қонуға кіруге арналған барлық белгіленген жағдайларда жүргізілуі тиіс.
73. Қонуға кірудің минималды көрсету жылдамдығы Vзпд_min қонуға арналған Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұйғарылған ӘК конфигурациясының әрбір нұсқасы үшін Дайындаушы белгілейді. Vзпд_min ретінде ұшу сынақтардың нәтижелері бойынша қандай да болса ойдағыдай емес құбылыстар әлі туындамайтын және қиын жағдайлар туындамай, тыныш ауада ұшу кезінде қонуды қауіпсіз аяқтауға және екінші айналымға кету мүмкін болатынын болжау кезінде минималды жылдамдық таңдалуы тиіс.
Бұл ретте ұшқыштың керемет шеберлігі мен шектен тыс зейінділігі талап етілуі тиіс емес. Қонуға кіруді, қонуға және екінші айналымға кетуге көрсету процесінде әсер етудің бұрышы ақосым аспауға тиіс, ал басқару иінтірегіндегі күштер - осы Норманың 87-тармағында белгіленген мәндерден аспауға тиіс. Қозғалтқыштар жұмысының режимі ӘК осы үлгісі үшін Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген ең толық төмендеудің nтөм төмендеуіне, бірақ барлық жағдайларда кемінде 5%-ға сәйкес келуі тиіс. 60 м биіктіктен бастап қозғалтқыштардың жұмыс режимінің ұлғаюы, жылдамдық пен төмендеу траекториясын дәл ұстауды қамтамасыз ету үшін қажетті сол бір шамалы өзгерістерден басқа, жүргізілуге тиіс. Қону аса тік жылдамдықсыз, оғаш болуға тиіс емес, қайтадан ұшып көтерілу, қонудағы тұмсықпен тірелу, жалтаруына және басқа да қалаусыз салдарлар үрдісін туындатпай жүргізілуі тиіс.
74. Қонуға кіру үшін белгіленген ӘК барлық конфигурацияларына арналған барлық жұмыс істеген қозғалтқыштар жағдайында қонуға кірудің жылдамдығы Vкк:
1) 1,3 V с1
2) 1,05Vmin эп;
3) Vзпд_min > 200 км/с ӘК үшін Vзпд_min + 15 км/ч және ӘК үшін Vзп < 200 км/с Vзп + 10 км/с;
4) 1,17 V ақосым кем болмауға тиіс.
Ескертпе: ықтималдарға қарағанда жиіден көп емес оқиғаларға қатысты қозғалтқыштың істен шығуынан басқа істен шығу жай-күйлері туындаған кезде қонуға кіру және қону жағдайлары үшін Vзп=1,25 V с1 мәнін белгілеуге рұқсат етіледі.
75. Бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен қонуға кіруге және қонуға белгіленген ӘК конфигурациясының барлық нұсқаларында бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы V зп-1:
1) 1,3 Vcl;
2) 1,05Vmin эп-1;
3) 1,17V ақосым кем болмауға тиіс.
Ескертпе. Ықтималдарға қарағанда жиіден көп емес оқиғаларға қатысты және басқа жүйелердің істен шығуынан үйлесімде қозғалтқыштың істен шығуымен байланысты қонуға кіру және қону жағдайлары үшін Vқк =1,25 Vсl мәнін белгілеуге рұқсат етіледі.
76. Жұмыс істемейтін екі қозғалтқышпен қонуға кіруге және қонуға белгіленген ӘК конфигурациясының барлық нұсқаларында екі жұмыс істемейтін қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы V зп-2:
1) 1,25 Vcl;
2) 1,05V minЭП-2.
77. Қонуға кірудің максималдьді көрсету жылдамдығы Vзп max қонуға арналған Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқама берілген ӘК конфигурациясының әрбір нұсқасы үшін дайындаушы белгілейді. Қалыпты қонуға арналған белгіленген ұшу әдістемесіне сәйкес осы жылдамдықта қонуға кіру және қонуды орындау кезінде алдыңғы тіректің бірінші жанасу қаупімен, «қозғалып тұруы», қонудағы алдымен тірелу және басқа қалаусыз құбылыстарға ұмтылысымен байланысты ерекше жағдайлар туындамайтыны көрсетілуі тиіс. Vзп mах mах барлық жағдайларда V зп +25км/с кем болмауға тиіс және ӘК қаралып отырған конфигурациялары үшін, оның ішінде шассидің дөңгелектерін пайдалану жөнінде белгіленген шектеулерден аспауы тиіс.
78. Екінші айналымға кеткен кезде механизацияны жинау сәтінде ӘК жылдамдығы 1,2 Vcl немесе қозғалтқыштар жұмысының ұшып көтерілу режимін пайдалану істен шыққан қозғалтқышпен шығарып тастау жылдамдығын 5%-дан артық кемуге әкелетін, мұнда Vcl өзгерілген конфигурацияға жататын ӘК үшін 1,15 Vcl кем болмауы тиіс.
79. Екінші айналымға кету үдерісінде ӘК жылдамдығы:
1) 1,2 Vcl кем болмауға тиіс, мұндағы екінші айналымға кетудің кез келген нүктесінде ағымды конфигурациясына сәйкес келеді. Vcl кезінде коэффициентті ұшып көтерілу режимін пайдалану істен шыққан қозғалтқышпен шығарып тастау жылдамдығын 5% -дан артық кемуге әкелетін ӘК үшін 1,15 дейін төмендетуге рұқсат етіледі;
2) барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен қонуға кіру кезінде VсlminЭП +10км/с немесе бір жұмыс істемеген қозғалтқышпен VmахЭП-1 +10км/с кем болмауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |