Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және



бет1/5
Дата09.06.2016
өлшемі299 Kb.
#123247
  1   2   3   4   5
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 13:46:39
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 18 желтоқсандағы № 486 қаулысы

(2010.03.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)



 

Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР ҚҚА  Басқармасының 2010.29.03. № 50 қаулысын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

Бағалы қағаздар рыногы қызметiнiң айқындылық дәрежесiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:



1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттық ұйымдастырушысына және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын, сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелерi болып табылмайтын ұйымдарға жiберсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.



Ұлттық Банк

Төрағасы

Г. Марченко

«Қазақстан Республикасының бағалы

қағаздар рыногында брокерлiк және

дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға

лицензиялары бар ұйымдардың есеп

беру ережесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының

2002 жылғы 18 желтоқсандағы

486 қаулысымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi

жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру

ережесi

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар мынаны бiлдiредi:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.30.03. № 76 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 6 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1) тармақща өзгертілді

1) басшы - бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның алқалы атқарушы органының басшысы болып табылатын тұлға; немесе

бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылатын және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның iшкi ережелерiне сәйкес брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға жетекшiлiк жасау жүктелген тұлға;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.28.05. № 164 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



2) уәкілетті орган - бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган;

 

2-тарау. Есептi жасау және ұсыну тәртібі

2. Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым есептi уәкiлеттi органға тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың соңғы күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде ұсынады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.28.05. № 164 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.30.03. № 76 (бұр.ред.қара); 2007.25.06. № 173 (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 122 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді



3. Есеп уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдаушыларда беріледі.

Электронды нысанда жасалған есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.

Қағаз тасымалдаушыда жасалған есепке басшы (ол болмаған кезде - оның орнындағы тұлға) және  бас бухгалтер қол қояды және еркін нысанда жасалған ілеспе хатпен жіберіледі.

Есептің барлық парақтары нөмірленеді, олардың жалпы саны уәкілетті органға есепті жіберген кезде ілеспе хатта көрсетіледі.

Қағаз тасымалдаушыда берілген есептегі мәліметтер электрондық тасымалдаушыда берілген есептегі мәліметтерге сәйкес болуы тиіс.

Қағаз тасымалдаушыдағы есеп екі данада жасалады, есептің бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдарда қалады.

Бірінші басшы (ол болмаған кезде - оның орнындағы тұлға) және  бас бухгалтер электрондық тасымалдаушыда берілген мәліметтердің қағаз тасымалдаушыда берілген мәліметтерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған кезде бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш жібереді.

Брокер және дилер берген есептен толық емес және (немесе) шынайы емес ақпарат анықталғанда, уәкілетті орган бұл туралы брокер және дилерге хабарлайды. Уәкілетті  органның ескертулерін ескере отырып жетілдірілген есепті брокер және дилер уәкілетті орган хабарлағаннан кейін екі жұмыс күннен кешіктірмей береді.

ҚР ҰБ Басқармасының 12.04.04 ж. № 55, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау ж/гі агенттігінің 12.04.04 ж. № 116 бірлескен қаулысымен 4-тармақ өзгертілді; ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.28.05. № 164 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.25.06. № 173 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.26.01. № 6 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.26.05. № 101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.01.02. № 9 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 60 қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Есепке осы Ереженің 1-9-қосымшаларына сәйкес жасалған нысан кіреді.

Осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес жасалған есепті номиналды ұстаушы ретінде шоттарды жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиялары бар ұйымдар береді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.25.06. № 173 қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.02.11. № 230 қаулысымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.30.04. № 60 қаулысымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс  күні Астана қаласының уақытымен сағат 10.00 кешіктірмей осы Ереженің 3-тармағында белгіленген тәртіпте осы Ереженің 4-1-қосымшасына сәйкес электрондық тасымалдағышта бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жасасқан Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен орындалмаған мәмілелер туралы есепті, осы Ереженің 4-2-қосымшасына сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағышта кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған меншікті активтері бойынша есепті (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды және зейнетақы активтерін басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) осы Ереженiң 7-қосымшасына сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағышта тапсырмасы бойынша қор биржасының сауда жүйесінде «РЕПОны» «тікелей әдіспен» ашу операциясы жүргізілген брокердің шоттарындағы клиенттердің активтер қалдықтарының құны туралы есептi уәкілетті органға береді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.10. № 166 қаулысымен 4-2-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.02.11. № 230 қаулысымен 4-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-2. Акционерлік қоғамнан басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар есептік тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмейтін мерзімде әр тоқсан сайын уәкілетті органға осы Ереженің 3-тармағының үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарында белгіленген тәртіпте қағаз тасымалдағышта осы Ереженің 4-3-қосымшасына сәйкес мына тұлғалар туралы мәліметтерді береді:



1) қатысушылар;

2) қатысушы не бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, ұлы, қызы), некеде тұрған, сондай-ақ жекжаттары болатын (ерінің (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, ата-анасы, ұлы немесе қызы) жеке тұлғалар;

3) атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшелері;

4) осы тармақтың 1), 5)-9) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының, бақылау кеңесінің мүшелері;

5) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлғалар;

6) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғалар,

7) оларға қатысты бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғалар,

8) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйыммен бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлғалар;

9) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйыммен шартпен байланысты тұлғалар туралы, шартқа сәйкес олар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқықтары бар;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 6 қаулысымен мазмұн 10) тармақшамен толықтырылды



10) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның жарғылық капиталында қатысу үлесінің он және одан астам пайызына иелік ететін қатысушылармен шартпен байланысты тұлғалар туралы, шартқа сәйкес олар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның қызметіне қатысты осы қатысушы қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқықтары бар.

 

 



3-тарау. Уәкiлеттi органның есептi қарау тәртібі

5. ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.28.05. № 164 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

6. ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.28.05. № 164 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

7. Есеп бойынша ескертулер бар болса, уәкiлетті орган уәкiлетті орган бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымға олар жөнiнде жазбаша хабарлайды және анықталған кемшiлiктердi жою қажеттiлiгiн және/немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еместiгiн көрсетедi. Уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып түзетiлген есеп ескертулердiң бар екендiгi туралы хабарламаны тiркеушi алған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмей уәкiлеттi органға қайтадан ұсынылады.

8. Уәкiлеттi орган есептi қарау барысында есепте көрсетiлген ақпаратты тексеру үшiн бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымнан қажеттi мәлiметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.

9. Есептi бермегенi, есеп бойынша жасалған ескертулердi жоймағаны үшiн немесе уәкiлеттi орган есептi қарау барысында нақты емес мәлiметтер анықтаса, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым және оның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.28.05. № 164 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.30.03. № 76 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 6 қаулысымен 1-қосымша редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.05. № 101 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 122 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді

 

Қазақстан Республикасының бағалы

қағаздар нарығында брокерлік және

дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы

бар ұйымдардың есеп беру ережесінің

1-қосымшасы

 

«___» _________________ жағдай бойынша



бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік

қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым туралы мәліметтер

 

(брокердің және дилердің атауы)

 

1

Орналасқан орны (тіркелген)

 

2

Орналасқан орны (нақты)

 

3

Байланыс құралдары туралы мәліметтер (телефон, факс, электронды почта, Интернет торабындағы сайттың адресі):

 

4

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктің акцияларын иеленетін тұлғаларды қоспағанда, ұйымның акцияларымен (жарғы капиталында қатысу үлесімен)

иелік ететін тұлғалар туралы мәліметтер:

 1) резиденттер:

заңды тұлға үшін:

заңды тұлғаның атауы;

заңды тұлғаның мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы мәліметтер;

салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

заңды тұлғаға тиесілі акциялардың саны ұйымның орналастырылған

акцияларының жалпы

санына немесе ұйымның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне

(пайызбен) арақатынасы;

жеке тұлға үшін:

тегі, аты, бар болса әкесінің аты;

туған күні;

жеке тұлғаға тиесілі акциялардың саны ұйымның орналастырылған

акцияларының жалпы

санына немесе ұйымның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне

(пайызбен) арақатынасы;

2) резидент еместер:

заңды тұлға үшін:

заңды тұлғаның атауы;

заңды тұлғаның тіркелген және

орналасқан орны (егер заңды тұлға оффшорлық аймақтың аумағында тіркелген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5371 тіркелген) бекітілген Оффшорлық аймақтардың тізбесіне сәйкес осы  оффшорлық аймақты көрсету қажет);

заңды тұлғаға тиесілі акциялардың саны ұйымның орналастырылған

акцияларының жалпы санына немесе ұйымның жарғылық

капиталындағы қатысу үлесіне (пайызбен) арақатынасы;

жеке тұлға үшін:

тегі, аты, бар болса әкесінің аты;

азаматтық;

тұрғылықты мекені;

жеке тұлғаға тиесілі акциялардың саны ұйымның орналастырылған акцияларының жалпы санына немесе ұйымның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне (пайызбен) арақатынасы

 

5

Ұйым акцияның жиырма бес және одан астам пайызына иелік ететін (жарғылық капиталында қатысу үлесіне) акционер (қатысушы) болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтер

 

6

Ұйымның басшы қызметкерлері туралы мәліметтер (тегі, аты, бар болса әкесінің аты, атқаратын лауазымы, жұмысқа қабылданған күні, уәкілетті органмен басшы қызметкерді келісілу күні)

 

7

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру бойынша қызметті жүзеге асыруға қатысатын қызметкерлер туралы мәліметтер (тегі, аты, бар болса әкесінің аты, атқаратын лауазымы, жұмысқа қабылданған күні)

 

8

Клиенттермен жасалған брокерлік қызметті көрсету жөнінде шарттардың саны туралы мәліметтер:

брокерлік шарттардың саны;

ең төменгі ұстау бойынша қызмет көрсетудің шартын мен тәртібін қоса брокерлік шарттардың саны

 

 

Басшы (ол болмаған кезде - оның орнындағы тұлға) ___________________________________________________________________________

                                                                                                              (Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

Бас бухгалтер___________________________________________________________________

                                                                (Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

 

Орындаушы____________________________________________________________________

                                             (лауазымы, тегі мен аты)       (қолы)        (телефон нөмірі)

 

Есепке қол қойылған күні     20_____  «______»  ________________



Мөр қойылатын орын

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.28.05. № 164 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.30.03. № 76 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.25.06. № 173 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 122 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының

бағалы қағаздар рыногында

брокерлік және дилерлік қызметті

жүзеге асыруға лицензиялары бар

ұйымдардың есеп беру ережесіне

2-қосымша

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет