Баяндаманы қалың бұқара арасында тарату
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Комитет жыл сайын Мемлекет басшысына республикадағы балалардың жағдайы туралы баяндама дайындайды, ол Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына орналастырылып, жұртшылықты хабарда ету үшін бөлек кітапша ретінде шығарылады.
45-ші сессияда Қазақстанға берілген ұсынымдарды іске асыру мақсатында Бала құқықтары жөніндегі комитеттің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, 2007 жылғы 7 қарашада Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 5-ші отырысында бекітілді. Бұл Жоспар және Бала құқықтары жөніндегі комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдары Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында орналастырылған.
Бала құқықтары жөніндегі комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Астана қаласында 2009 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы БҒМ «Балалық шақты қорғаудың қазақстандық жүйесі: түйінді проблемалар, тәжірибе, перспективалар» тақырыбына республикалық дөңгелек үстел отырысын өткізді. «Дөңгелек үстел» жұмысына республиканың мемлекеттік органдарының, БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ), ғылыми қоғамдастықтар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Азаматтық қоғам ұйымдарымен ынтымақтастық
Балалық шақ мәселелерімен 221 үкіметтік емес қоғамдық ұйым (бұдан әрі – ҮЕҰ) айналысады. 40-тан астам ҮЕҰ-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға, келісімдерге және шарттарға қол қойылды.
Біріккен жобалар іске асырылып, халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен балалық шақ проблемаларын шешу жөнінде әлеуметтану зерттеулері, форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқу семинарлары, тренингтер, кеңестер жүргізіледі.
2011 жылғы маусымда омбудсмен, БҰҰ Қазақстандағы Балалар қоры мен Орталық Азиядағы «Халықаралық түрме реформасы» өкілдігі арасында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды, оның мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін балалар мекемелерінде бала құқықтарын сақтау бөлігінде мониторинг өткізуге үйрету болып табылады.
2007 – 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) бірлесіп, 24 әлеуметтану зерттеуін жүргізді, 80 мыңнан астам жинақтар мен оқу құралдарын әзірлеп, басып шығарды. Балалар мен ересектерге мағлұмат беру үшін бала құқықтары туралы 4 фильм, 14 бейнеролик, «Что мне надо знать?», «Не білуім керек?» атты 2 мультипликациялық фильм шығарылды.
Республиканың 10 өңірінде жетім балаларды өз отбасына алғысы келетін азаматтарды даярлау үшін 14 Өкіл ата-аналар мектебі ашылды. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қызақстан облыстарында және Астана қаласында 7 отбасын қолдау орталықтары мен қызметі жұмыс істейді.
2009 жылғы қазанда Астана қаласында IV-ші Азаматтық форум өтті. Форум нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен бизнес өкілдерінің біріккен күш-жігерімен Азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының II-ші кезеңін іске асыру бойынша тиімді жұмысты одан әрі жалғастыру үшін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.
2011 жылғы наурызда Астана қаласында Қазақстан әйелдерінің V-ші Форумы өткізілді. Форумда Қазақстан этностарының рухани мәдениетін дамытуға баса көңіл бөлу, отбасы құндылығын насихаттау, жанжалдардың алдын алу үшін күш-жігерді біріктіруде әйелдер ұйымдарына қолдау көрсету, бітімгершілік жобаларына қатысу аясын ұлғайту, гендерлік теңдік саясатын жалғастыру жөнінде шешім қабылданды.
II. «Бала» ұғымының анықтамасы
(1-бап)
Қазақстандық заңнамадағы «бала» ұғымының анықтамасы Бала құқықтары туралы конвенцияның 1-бабына сәйкес келеді.
III. Жалпы принциптер
а) Кемсітпеушілік
(2-бап)
Конвенцияның жоғарыда көрсетілген бабын жүзеге асыру жөніндегі шаралар бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші жиынтық мерзімді баяндаманың 64 – 89-тармақтарында баяндалған.
Қазақстан Республикасының Конституциясында заң мен сот алдында баршаның теңдігі көзделген. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген басқа да жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Мемлекет өз заңнамасында да, сондай-ақ практикада да мемлекеттік органдар тарапынан болсын немесе жеке тұлға тарапынан болсын, кез келген кемсітуді болдырмауды өз міндетіне алады.
Елде Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен бекiтiлген, жыныстық тиесілілігіне қарамастан, қоғамның барлық мүшелерiнiң тең құқықтары мен мүмкiндiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасындағы гендерлiк теңдiктің 2006 – 2016 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан жалпы орта бiлiм беруде гендерлiк паритетке қол жеткiзді.
Барлық оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу материалдары мазмұны жағынан барлық оқушылар үшін бірдей.
2009 – 2010 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 246 790 қыз бала оқыды, бұл оқушылардың жалпы санының 50 %-ынан астамын құрайды.
Республикада қыздардың мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатысуы жандана бастады, бүгінгі күні олардың көбі балалар мен жастар ұйымдарының көшбасшысы, спорттық жарыстардың, пәндік олимпиадалардың, мәдени іс-шаралардың жеңімпаздары.
Оқып жатқандардың ішінен:
Сыныптар
|
2005 – 2 006
оқу жылы
|
2009 – 2 010
оқу жылы
|
қыздар
|
ұлдар
|
қыздар
|
ұлдар
|
1 – 4
|
48,9%
|
51,1%
|
49%
|
51%
|
5 – 9
|
49,05 %
|
50,95%
|
49,1%
|
50,9
|
10 – 11 (12)
|
52%
|
48 %
|
53%
|
47%
|
Республиканың кәсіптік білім беру саласында барлық санаттағы білім алушылар үшін тең жағдайлар жасалған және оқу орындарының білім алушылары мен қызметкерлері арасында әйелдер санының басым екенін атап өткен жөн.
Жоғары оқу орындарындағы студенттер контингенті шамамен 600 мың адамды құрайды, оның ішінде қыздар – 361 446 (58,3%) адам. Мемлекеттік білім гранты есебінен 140 533 адам білім алады, оның ішінде қыздар – 73 092 (61,6%).
Кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындарында білім алушылардың жалпы санынан (603 831) қыздар 275 474 (45,6%) адамды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында (Жол картасы бойынша) қыздар мен әйелдерді қоса алғанда 2009 жылы 95,6 мың адам, 2010 жылы – 71,1 мың адам республикалық бюджет есебінен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде, оқу орталықтарында қайта оқытылды.
Облыстық, Алматы, Астана қалаларының білім басқармаларының деректері бойынша 2009 жылы 23 102 әйел қайта оқытудан өткізілсе, оның ішінде 9 206 әйел жұмысқа орналастырылған, 2010 жылы 12 076 әйел оқытылып, оның ішінде 6 302 әйел жұмысқа орналастырылған.
Репатрианттар (оралмандар) мен мәжбүрлі түрде қоныс аударғандардың құқықтары
Оралман балалар саны 19 мыңнан астам баланы құрайды, оның ішінде мектепке дейінгі жастағы 4 824 бала және мектеп жасындағы 14 201 бала бар.
Облыстық білім басқармаларының деректері бойынша мектеп жасындағы репатрианттардың балаларының бала кезінен мүгедек 18 баладан өзгелерінің барлығы оқумен қамтылып, тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген.
2009 – 2010 оқу жылында кәсіптік және техникалық білім ұйымдарында 2299, оның ішінде кәсіптік лицейлерде 1062, колледждерде 1237 оралман оқыды.
Республиканың жалпы орта бiлiм беретін ұйымдарында таяу және алыс шетелдерден: Өзбекстаннан, Түркiменстаннан, Тәжiкстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден, Украинадан, Грузиядан, Иран Республикасынан, Қытайдан, Монғолиядан, Түркиядан, Пәкстаннан, Сауд Арабиясынан, Ауғаныстаннан келген оралман оқушылар үшiн олардың бiлiмiндегi кемшіліктерді жою және бiлiм бағдарламаларына бейiмдеу мақсатында қосымша сабақтар, консультациялар өткiзiледi, арнайы көшу бағдарламалары көзделген.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу мекемелеріне оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес «Кәсіптік және техникалық, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берулің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін кезде қабылдау квотасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне 2 % квота көзделген.
Білім алушы оралмандарға міндетті түрде білім беру ұйымдарының жатақханасынан орын бөлінеді, олар стипендиямен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Оқытушылар, бөлім меңгерушілері, өндірістік оқыту шеберлері оқитын оралмандарға оқу жағдайы мен өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуға көмектеседі.
Тілді үздік меңгеру үшін мектептерде «Тіл дамыту», «Тіл мәдениеті», «Сөз өнері» арнайы қосымша курстары енгізілген. Қызығушылықтарына қарай үйірмелер, қазақ және орыс тілдері бойынша факультативтік сабақтар ұйымдастырылады.
Арнайы қажеттіліктері бар балаларға және некесіз туылған балаларға қатысты кемсітпеу
Арнайы қажеттіліктері бар балаларға қатысты «даму мүмкіндіктері шектелген балалар» термині пайдаланылады.
Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық органдарына 2007 жылдан бері 11 мыңнан астам жазбаша өтініш түсті. 2006 – 2010 жылдары Бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті өкілге жүгінген азаматтар мен мекемелер саны 427-ні құрады. Алайда, некесіз туылған балаларға қатысты кемсіту туралы арыз-шағымдар тіркелмеген.
Сондай-ақ балалар мен ересектерге қатысты ксенофобия фактілері туралы да өтініштер түскен жоқ. Қазақстан – көп ұлтты ел, онда 140 ұлт пен ұлыс өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп жатыр.
Оның ішінде көп ұлтты халықтың атап өтерлік басты айырмашылық белгісі сыйластық, төзімділік, ашықтық пен тілектестік болып табылады.
Денеге жарақат келтіру
Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабына сәйкес ешкiмдi адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай зәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында жәбір көрсету, денеге жарақат келтіру мәселелері «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы ҚР Заңында айтылған.
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
64-бабына, «Білім туралы» Заңға сәйкес ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
Осындай талаптар ата-аналарды алмастыратын адамдарға да, яғни қорғаншыларға және патронат тәрбиешілерге қойылады.
Облыстық Астана және Алматы қалалары білім беру басқармаларының ақпараты бойынша 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өздерінің ата-ана міндеттерін орындамаған, балаларға дене жарақатын түсірген 825 ата-ана ата-ана құқығынан айырылды. Жоғарыда аталған ата-ананың 1072 баласы жітім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар мекемелеріне бөлінді немесе отбасыларға (қамқоршы, патронат, асырап алуға) берілді.
Бас прокуратураның 2005 жылғы 31 наурыздағы № 10 бұйрығына сәйкес прокуратура органдары денеге жарақат келтірудің алдын алу мақсатында кемінде жарты жылды бір рет балалар үйлерінің қызметіне тексеру жүргізіп отырады.
2010 жылы Қазақстан Республикасының прокуратура органдары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 3240 тексеру жүргізді, олардың нәтижесінде 41 046 заңдылықты бұзу анықталды және тұтастай алғанда 135 675 баланың құқығы қорғалды.
Тексеру қорытындылары бойынша заңдылықтың бұзылуын жою туралы 2806 ұсыным қаралды, ден қою шаралары бойынша 542 заңсыз акт жойылды және өзгертілді. Барлығы 7196 адам – тәртіптік, 2 141 адам – әкімшілік, 227 адам материалдық жауапқа тартылды. 18 қылмыстық іс қозғалып, олар бойынша 9 адам сотталды.
Тәрбиеленушілердің құқықтарын бұзудың барлық дерлік жағдайлары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Бұдан басқа, балалар үйлерінде тәрбиеленуші балалар өздерінің құқықтары туралы, егер олардың құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуі керектігі туралы өте жақсы хабарландырылған.
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қатал қараған әрбір факті бойынша әкімшілік және тәртіптік жазалау шаралары қолданылады.
Білім беру ұйымдарында денеге жарақат түсіруге тыйым салынады.
Білім беру мекемелерінде міндеттері мен этика нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
2011 жылы ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясының бас басқармасы «Жас ұлан» республикалық мектебі мен Ш. Уалиханов атындағы Кадет корпусына тексеру жүргізді. Ұландар мен кадеттерге дене жарақатын салу фактілері анықталған жоқ.
Балалардың құқықтарын қорғау үшін республиканың барлық өңірінде балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің жанынан сенім телефондары, балаларға арналған қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді, «Дағдарыс орталықтары одағы» үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар «Бота» қоғамдық қорымен бірлесіп, бүкіл республика бойынша «150» ұлттық тегін телефон желісінің жұмысын ұйымдастырды, оған зардап шеккен бала хабарласа алады.
b) Баланың мүдделерін ең үздік қамтамасыз ету
(3-бап)
Баланың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 98 – 121-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 90 – 95-тармақтарында көрсетілген.
Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету қағидаты, оны балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте есепке алу қажеттігі «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының кодталған және басқа Заңдарында, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде бекітіліп берілді, оларда мемлекеттік саясат балалар мүддесінде мемлекеттік билік органдары қызметінің басым саласы болып танылады.
Баланың денсаулық сақтау саласындағы мүдделерін ең үздік қамтамасыз ету мақсатында балаларға тегін медициналық қызмет көрсету, педиатриялық қызмет жүйесі сақталып, жетілдірілуде. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 445 бұйрығымен Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балалар мен емдік тағамның мамандандырылған өнімдері рецептімен тегін берілетін аурулардың түрлерінің және тұрғындардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді.
Баланың мүдделерін ең үздік қамтамасыз ету қағидаты ата-аналары ажырасқан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала орналасқан кезде, бюджеттік қаржы бөлінген кезде, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде, бала өзіне күтім жасау бойынша әр түрлі мекемелерге орналастырылған кезде бірінші кезектегі тәртіппен ескеріледі.
Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету үшін 2010 жылы республиканың 5 777 (77 %) мектебінде 1 741 822 немесе барлық оқушылардың 70 %-ына ыстық тамақ ұйымдастырылды. Олардың ішінде 590 795 (34 %) оқушы, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 204 875 (80 %) оқушы және бастауыш сыныптардың 421 353 (45 %) оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Ыстық тамақпен тегін тамақтандыру Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының барлық бастауыш сыныптарының оқушыларына ұйымдастырылған.
2005 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың оқушылары үшін тамақтануды ұйымдастыруға бөлінетін шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес бес есеге ұлғайтылды. 2010 жылы оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға жаппай оқу қорынан 2,9 млрд. теңге (2005 жылы – 518,5 млн. теңге) бөлінді.
Білім беруге арналған құқықты қамтамасыз ету үшін мектеп жоқ елді мекендерде тұратын 28 314 (2009 жылы – 26 458, яғни 71,6%) оқушыны немесе оқушылардың 76 % мектепте тасу ұйымдастырылды.
Мектепте тамақ беруді жаңғырту және балаларды мектепке дейін жеткізіп салуды ұйымдастыру мәселелері
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына және аумақтарды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасына енгізілді.
Балаларды ең үздік қамтамасыз ету үшін республикада аз қамтылған отбасылардың балаларына тұрақты көмек көрсетілуде.
2010 жылыаз қамтылған отбасылар білім беру ұйымдарының деректері бойынша бір жүз елу мыңға жуық, оларда үш мыңнан астам бала бар.
2010 жылы «Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларының барысында әлеуметтік қорғалмаған санатқа жататын 374 655 балаға 1,7 млрд. теңге
сомаға көмек көрсетілді (2009 жылы – 439 мың балаға жуық 1 ,6 млрд. теңге сомаға).
Жаппай оқу қорына әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек көрсетуге аударымдардың сомасы 5,5 млрд. теңгені құрады немесе мектепті күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,7 % (2009 жылы – 4,6 млрд. теңге немесе 1,6 %).
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының
4-тармағына сәйкес мемлекет Қазақстан Республикасының әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарын білім алу кезеңінде ұстауға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтейді.
2008 – 2009 оқу жылында 510 жетім балаға білім беру гранттары бөлінді, 2009 – 2010 оқу жылы – 463, 2010 – 2011 оқу жылы – 444.
Бұдан басқа, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтамасыз ету үшін:
1) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 18 жасқа дейін жәрдемақы тағайындалады (1 асыраушыдан айырылған кезде – 9 869 теңге, тұлдыр жетім – 13 457 теңге), 18 жастан асқан оқитын азаматтар орта білім беру жүйесіндегі оқу орнын аяқтағанға дейін, жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанында оқитындар 23 жасқа дейін осы көмек түрін алады;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарын толығымен мемлекеттік қамтамасыз ету (балалар үйіндегі бір баланы ұстау жылына 1 млн. теңгеден астамды құрайды және оқу кезеңінде тегін оқулықпен қамтамасыз ету көзделген;
3) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінің 1 пайызы мөлшерінде қабылдауға квота бөлінеді;
4) мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша оқитын, отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарындағы студенттерге мемлекеттік стипендия бастапқы мөлшерге (15 235 теңге) қарағанда 50 %-ға ұлғайды.
c) Өмір сүруге, тіршілік етуге және дамуға арналған құқық
(6-бап)
Баланың өмір сүруге, тіршілік етуге және дамуға арналған құқығы Конвенцияны 2003 жылы орындау туралы бастапқы баяндаманың 122 – 128-тармақтарында және Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының 2007 жылы іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 97 – 102-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасында өлім жазасына кесілген кәмелетке толмаған бала жоқ. Өлім жазасына мораторий өлім жазасын болдырмау туралы мәселені шешкенге дейін жұмыс істеуін жалғастыруда.
Қазақстан Республикасында балалардың өмірге құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге және баланың өмір сүруін және дамуын барынша ықтимал дәрежеде қамтамасыз етуге бағытталған жүйе қалыптасты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1113 Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламада бастапқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру мен оның қолжетімділігі, ана мен сәбидік, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау мәселелеріне басым көңіл бөлінді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне жұмсалатын қаражат ұлғайтылды.
Балаларға тегін медициналық қызмет көрсету «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 637 «Амбулаториялық емдеген кезде дәрілік заттар мен балаларға арналған және емдік тамақтанудың мамандандырылған өнімдері рецепттер бойынша тегін берілетін аурулардың түрлері мен жекелеген тұрғындар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» және 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Балалардың ауруларын уақтылы анықтау және оларды сауықтыру үшін республикада жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. 2010 жылдың қорытындылары бойынша қаралуға тиесілі балалардың 98,6 % профилактикалық медициналық тексерумен қамтылды. Балалардың 26 %-ынан ауытқу анықталды, олардың ішінде 68 % науқас сауықты, балалардың 15 % диспансерлік есепке алынды.
Балаларды профилактикалық тексеру нәтижелерін талдау 2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда көзінің көруі нашарлаған балалардың деңгейінің сақталып отырғандығына қарамастан, құлақ естуі төмендеген балалардың үлестік салмағының (18 %-ға азаю), сөйлеуінде ақауы барлардың (24 %-ға), сколиозы барлардың (24 %-ға), мүсінінің бұзылуының (2 есеге) азаю үрдісі байқалғандығын көрсетті.
Балалардың ауруы қарқын алуда, әсіресе, жаңадан пайда болулар (1,8 есеге), дамуында туа біткен ақауы барлар (18 %-ға), жұқпалы аурулармен ауру салдарынан (20 %-ға), жүйке жүйесінің аурулары (14 %-ға), сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары (16 %-ға) өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |