Базиликсимаб. Моноклоналдық қарсы дене. Рекомбинантты ДНК көмегімен алынады. Суда ериді. Әсері – иммунодепрессант. Интерлейкинмен байланысады. Иммундық жүйенің антигенге жауабын бүлдіреді. Иммуносупрессивті терапияны қолданғанда залалды аурулардың пайда болу мүмкіншілігін естен шығармау керек. Шу барьері арқылы өтетін қасиеті бар. Дәрілік заттың көп әсерлері әлі толық зерттелмеген.
Батриден. Суда және спиртте ерімейтін қызыл түсті, гигроскопты қасиетті, аморфты ұнтақ. Лимфотоксикалық әсерлі иммунодепрессор. Ұзақ уақыт қолданғанда бүйректердің аллотрансплантаттарының өмірін ұзартады. Таблетка түрінде шығарылады.
Зенапакс. Трансплантаттардың бөлінуін сақтандыру үшін қолданылатын иммунодепрессант. Б тізімі бойынша қараңғы жерде сақталады. Дайындалған ерітінді 2-8ºС температурада 24 сағат, ал үй температурасында 4 сағат аралығында қолданылады.
Имуран. Таблетка түрінде шығарылатын дәрілік зат. Сіңуі әртүрлі. Жылдам 6-меркапттопуринге айналады. Бауыр, ішек ұлпаларындағы концентрациясы жоғары болады.
Иммунокомпотентті торшалардың өсіп дамуын тежейді, кооперативті иммунды жауапқа әсер етеді. Бағана торшаларының миграциясын нашарлатады. Үлкен дозасы сүйек кемігінің функциясын нашарлатады, гранулоциттердің пролиферациясын басады, лейкопения пайда болады.
Буаз малдарға, лактация кезінде қолдануға болмайды.
Рапамун. Құрамында сиролимус, азот, аскорбилпальмитат, май қышқылдары, моноглицеридтер, полисорбат, пропиленгликоль, фосфатидилхолин, этанол бар иммунодепрессант.
Тимодепрессин. Ампулада, қапшықта, ампулды кескішімен бірге шығарылады. Глутамин қышқылы мен триптофанның Д-аминқышқылдық қалдықтарынан тұратын синтетикалық пептид. Әсері иммунодепрессивтік. Гуморалды және торшалық иммунитет реакцияларын әлсіретеді. Шеткергі қандағы лимфоциттерді азайтады, ал бағана торшаларының сақталуына әсер етеді. Цитостатиктердің әсерінен кейін гемопоэздің полипотентті популяциясының қалпына келуін жылдамдатады. Улылық, мутагендік, тератогендік әсерлері жоқ.
Циклорал. Капсулада, флаконда шығарылады. Ауыз қуысы арқылы қолданылады. Антигенин өнімдерге қарсы әсер ететін иммунодепрессант.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
-
Иммунодепрессанттарға жалпы сипаттама беріңіз.
-
Азатиоприн, базиликсимаб, батриден, зенапакс, имуран, рапамун, тимодепрессин және циклорал препараттарының әрқайсысына сипаттама беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер: интернет.
2.Тәжірибе сабақтары
№1 Зертханалык жұмыс
Тақырыбы: «Ветом 1.1» пробиотигін диарея белгісімен өтетін асқазан-ішек ауруларында қолдану.
Мақсаты: «Ветом 1.1» пробиотигінің асқазан-ішек ауруларын алдын алу және емдеу кезіндегі әсерімен , басты әсер танысу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977
2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер.
Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж
2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж
3. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991.
Тексеруге арналған сұрақтар.
-
Иммунитеттегі процесстерді модульдеуші дәрілік заттар .
-
Жұмыртқалайтын тауықтардың организмінің резистентілігіне табиғи минеральдардың әсері ( цеолит туралы айту).
-
Анафилакциялық шокпен сипатталатын аллерциялық реакциялардың көріністерін жоятын заттар.
Методикалық ұсыныстар:
Пробиотик «Ветом». Кольцов ғылыми орталығында ашылған және өнделетін Bacillis Subtilis және Licheniformsis бактериалар штаммы Ветом препараты белсенді затты реттінде тік ішек пен тоқ ішектің көптеген қауіпті микроорганизмдерін ығыстырады және өте төзімді болып келеді.Асқазан арқылы ішектерге түсіп , олар онда бір ай шамасында әсер етеді. Бактериялар «биореактор» сияқты жұмыс істеп , онда ферментер , аминқышқылдар , витаминдер және бактериоциндер синтездейді , олар антибиотиктар сияқты ауру тудыратын микроорганизмдерді бейтараптайды.Бірақта онда химиялық антибиотикті қолданған кезде пайда болатын бейімдеушілік , жағымсыз әсер туындамайды. Керісінше, олар қалыптасқан резистентілікті алып тастауға ,ішектің қабырғаларын тазалайтын , олардың қоректік заттарды сіңірілуін жоғарлататын , ішек микрофлорасының биологиялық балансын қалпына келтіретін қасиеттері бар , осы арқылы барлық иммундық жүйені қуаттандырады. Bacillis Subtilis бактериясы негізінде пробиотикті шығаруға көптеген талпыныстар жасалды , алайда тек қана Ветом жоғары емдік титрге ие (10/9) , тек қана Ветом интерферон өндірісін белсендендіретін қасиеті бар , интерферон вирустардың көбеюін алдын алып , организмдегі зақымданған торшаларды белгілейді.
Ветом сериясының препараттары көптеген вирустық және бактериалық аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылады , жеке алғанда боррелиоз , гепатит , герпес , тұмау , вирустық энтерит ( ішек тұмауы) , гастроэнтерит ( асқазан мен тік ішектің кілегей қабығының қабынуы), сальмонолез тудыратын энтеритте (тік ішектің инфекциясы) , колит ( тоқ ішектің кілегей қабатының жіті немесе созылмалы қабынуы ) , дизентерия (тоқ ішектің қабынуымен өтетін ауру) және трахеит ( трахеяның қабынуы) . Онкологиялық ауруларды емдеу кезінде Ветом қалпына келтіруші және қосымша ем ретінде жақсы жағынан көрсетті; сонымен аллергия , астма , бауыр циррозы және көптеген аутоиммунды ауруларда , жеке алғанда Crohn және Colitis Ulcerosa .
Ветом 1.1 препаратын малдәрігерлік тәжірибеде қолдануға ұсыныстар.
Жалпы сипаттамасы және әсер ету механизмі.
Ветом 1.1 ұсақ кристалл тәріздес өнім , құрамында Bacillis Subtilis 7092 рекомбинаты штаммының антогонистік активті торшалары бар микробтық масса , ол альфа-2 интерфероны өндеп шығарады. Препараттың дәмә тәттә , иісі жоқ , суда тез ериді.Сақтау мерзімі 12 ай бүтін сауытта.
Сумен немесе азықпен ішке қабылдаған кезде Bacillis Subtilis асқазан-ішек түтігінде көбейіп , белгілі бір уақыттан кейін толығымен сыртқа шығарылады. Ветом 1.1 басқа препарат-аналогтармен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтары бар:
-
жануарлар мен құстардың организміне созылмалы әсер етуі.
-
патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің кең спектрлі жоғары антогонистік белсенділігі , антивирустық белсенділігі;
-
иммунитеттің торшалық және гуморальдық факторларын қуаттандырады.
-
организмнің арнайы емес резистентілігін жоғарлатады.
-
организмнің аллергиялық төзімділігін қалыпқа келтіреді.
-
организмдегі регенеративті процестерді қуаттандырады.
-
жануардың барлық екпелерімен (прививка) үйлесіп , олардың тиімділігін жоғарлатады.
ПРЕПАРАТТЫ ҚОЛДАНУ:
Ветом 1.1 бұзауларға , торайларға ішке жекелей немесе топтастыру арқылы алдын алу немесе емдік мақсатта жұқпалы емес жіті асқазан-ішек аурулары және инфекциялар ( колибактериоз , паратиф , сальмонеллез , дизентерия ) тудыратын ауруларда , сонымен қатар иммунитетті қуаттандыру және сау ұрпақ алу мақсатында қолданылады.
Алдын алу мақсатында:
-
бұзауларға – 10 мг /кг тірі салмағы есебі дозасында ішке , жеке 10 күн 48 сағат сайын ;
-
жаңа туған торайларға –жекелей немесе топтап 50 мг/кг тірі салмағы дозасы есебінде 5 күн бойы 24 сағаттық немесе 10 күн бойы 48 интервалмен беруге болады;
-
буаз мегежіндерге жекелеп 300 мг/кг тірі салмағы дозасында төлдеуге 20 күн қалғанда 48 сағаттық интервалмен береді;
Емдік мақсатта:
-
торайларға – 50 мг/кг тірі салмағы дозасында күніне 3 рет , келеп 4-6 күн бойы береді.
-
сүт ішіп жүрген бұзауларға – 50 мг/кг тірі салмағы дозасында күніне
2 рет 5-7 күн бойы береді.
Жаңа туған төлдердің қанныңда иммуноглобулиндердің аз болуы салдарынан жұқпалы емес ауруларға , сонымен қоса вирустық және бактериологиялық этиология ауруларға бейім екендігі аңғарылған.Аурудың дамуына буаз сиырларды , мегежіндерді дұрыс азықтандырмау , олар өз кезегінде төлдің құрсақ ішіндегі дамуының бұзылуына , сонымен қоса жас төлдердің күтіп-бағу талаптарының сақталмауы ықпал етеді.
Ветом 1.1 пробиотигі қолданылған шаруашылықтардағы алынған нәтижелерді саралап , мынандай қорытындылар шығаруға болады:
-
Ветом 1.1 буаз мегежіндерге төлдеуге дейін 20 күн бұрын беру жаңа туған төлдердің сақталуына жоғары ықпал етеді. Енесінен бөлгеннен соң тірі салмағының өсімі 23.9% , тірі қалуы 32.4% жоғары Ветом 1.1 берілмеген мегежіндердің торайларымен салыстырғанда.
-
Жаңа туған төлдерге Ветом 1.1 пробиотигін алдын алу мақсатымен беру асқазан-ішек ауруларына төзімділігін жоғарлатады.Тәжірибелік топтарда ауру торайлардың саны 2 есе аз , ауру жеңіл түрде және ұзақ емес.Тірі салмақтың өсімі 19.5% жоғары , тәжірибелік топтағы торайлар енесінен бөлгенге дейін сақталуы орташа есеппен : 91.2% , бақылау – 51.3% құрады. Төлдердің сақталуы препаратты жекелеп берген кезде жоғары.
Ветом 1.1 емдік әсерін колиинфекция , дизентерия кезінде зерттелген.
Колиинфекцияны емдеген кезде Ветом 1.1 Тиланнан кем түспейді , сақталуы 92 және 91.9% препаратты 3 рет берген кезде тиімділігі жоғарылайды .
Дизентерия кезінде Ветом 1.1 жоғарғы тиімділігін көрсетті . 50 мг/кг тірі салмаққа дозасы есебінде күніне 2 рет берген кезде 100% сақталу тіркелген.
Ветом 1.1 пробиотигін бұзауларға асқазан-ішек ауруларын алдын алу мақсатында қолдану ауруға шалдығуды 2 есе азайтып , ал емдік мақстта қолдану емдеу уақытын 48 сағатқа азайтып , организмнің табиғи резистентілігін жоғарлады және зат алмасуды жақсартады.
Ветом 1.1 пробиотигінің қолдануы оңай , мал организміне теріс әсері жоқ.
Осылай келе, жүргізген сынаулар барысында Ветом 1.1 жаңа туған төлдердің иммунологиялық статусын жоғарлатып , асқазан-ішек ауруларының алдын алады және емдік қасиеттері бар.
Шығарылу формасы және құрамы:
Интерферон өндіретін Bacillus sublilits бактериясының ВКМП В-7092 штамының кептілілген , иммобилизацияланған споралардың биомассасынан құралған препарат.
Фармокологиялық қасиеттері
Ветом 1.1 патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің кең спектріне жоғары антогонистік белсенділік қасиетті бар және Bacillus sublilits рекомбинанты қасиеттеріне байналанысты антивирустық әсерге ие.Препарат дисбактериоздардың дамуын алдын алып , иммунитеттің клеткалық және гуморальдық факторларын қуаттануына ықпал етеді, арнайы емес резистентілікті жоғарлатады , аллергиялық төзімділікті қалыпқа келтіріп ,регенерациялық процесстерді қуаттандырады , зат алмасуды ретке келтіреді.
Дозасы мен қолдану әдістері.
Құстар мен жануарларға препаратты ішке енгізеді. Жекелеп немесе азық арқылы топтастырып (сүтпен , уызбен , суытылған қайнаған сумен және т.б.) береді. Иттерге тазартқыш клизмадан кейін ректальды жолмен беруге болады. Ерітінділерді қолданар алдында дайындайды. Емдік мақсатпен препаратты тәулігіне екі реттен 12 сағаттық интервалмен 1кг тірі салмағына 50 мг немесе тәулігіне 1 рет 1 кг тірі салмағына 75 мг дозасында жануардың жазылғанына дейін береді. Иммунодефициттік жағдайды түзету үшін препаратты тәулігіне 1-2 рет 5 күн бойы 60 мг жануардың 1 кг тірі салмағы дозасында береді. Жаңа туған төлдерге алдын алу мақсатында 50 мг 1 кг тірі салмағына есебінде 2 тәулікте 1 реттен 10 күн бойы береді.
Жағымсыз әсерлері:
Дозасын және қолдану ережелірін сақтаған жағдайда жағымсыз әсерлері байқалмайды.
Кері көрсетулер
Препаратқа жоғары сезімталдық.
Ерекше көрсетілімдер
Жануар және құстардан алынған өнімдер препаратты қолданғаннан кейін азықтық мақсатта шексіз қолданылады
Сақтау ережелері
Температурасы 20 С жоғары емес құрғақ жерде сақталынады. Сақтау мерзімі – 2 жыл.
№2 Зертханалык жұмыс
Тақырыбы: Ауылшаруашылық малының ауруларын емдеуде қолданылатын қазіргі кездегі әдістер және препараттар.
Мақсаты:Ірі қараның акушерлік-гинекологиялық ауруларын диспансеризация кезінде қолданылатын препараттардың әсерімен танысу , олар «Баймек» , «Байтрил» , «Кетазол» , «Байоколокс Д. С.»
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977
2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер.
Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж
2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж
3. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991
Тексеруге арналған сұрақтар.
-
Иммунологиялық процесстерді ынталандыратын препараттарды атаңыз , левализолдың механизмі.
-
Асқазан-ішек ауруларын емдеуде «Ветом-1» пробиотигін қолдану.
-
Ұлпалардың зақымдануын азайтатын препараттарды атаңыз (кортикостероидтер және т.б. ,қабынуға қарсы заттар) .
Методикалық ұсыныстар:
Буаздықтың соңғы мерзіміндегі малдәрігерлік қызмет көрсету , сонымен қатар азықтандыру мен күтіп-бағу , төлдің өмір сүру қабілеті мен енесінің төлдегеннен кейінгі жағдайына әсер етеді.
Аналықтарға төлдеуге дейінгі мерзімде малдәрігерлік көмек жұқпалы және жұқпалы емес этиологиялы акушерлік-гинекологиялық аурулардың кешенді алдын алу , енесі мен төлдің зат алмасуын ынталандыру және қалыпқа келтіруге бағытында жүргізіледі.
Басқа жағынан қарағанда қазіргі кездегі малдәрігерлік препараттар буаздық мерзімінде болашақтағы өнімділік пен төлдегеннен кейінгі малдәрігерлік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді; төлдеуге дейінгі малдәрігерлік шаралардың тиімділігі төлдеуден кейінгімен салыстырғанда оншақты есе тиімді. Сонымен қатар төлдеу бөлмесінде жеке ұсталынып , малдәрігеріне әр жануарға жекелеп көңіл аударуына мүмкіндік береді.
«Байер» компаниясы мал және шошқа төлдеу бөлмелерінде жүргізілетін өндеклердің регламентін ұсынады:
-
Жануарлар тұрған кезде немесе бос болған кезде бөлмелерді тиімді , қауіпсіз және арзан санация жасау.
-
Эндо- және эктопаразиттерге қатынасты амандықтың жоғары болуын қамтамассыз ету.
-
Дәрілік жолмен әртүрлі патологиялы акушерлік-гинекологиялық аурулардың аалын алу.
-
Жас төлдердің бактериал тудыратын және зат алмасу салдарынан пайда болатын аурулардың алдын алу.
Дезинфекция.
Малддәрігерлік шаралардың ең маңыздысы болып табылады.Өкінішке орай көптеген шаруашылықтарда «ескі» әдістер қолданылады . Бірақта микробтардың дезинфектантарға төзімділігінің пайда болуы , малдәрігерлік мамандарды жаңа әдістерді ізденуіне мәжбүр етеді.
ДЕЛЕГОЛЬ-жуы қасиеті бар кең спектрлі, активті дезинфектант.Препараттың өзіне ғана тәң қасиеттерінің болуы , кез-келген шаруашылықта орын таптырмас дезинфектант.
-
8 активті компонент – кепілді түрде жануарларды кез келген вирустардан , бактериалардан және санырауқұлақтардан сақтайды. Шетел ғалымдарының мәліметтеріне қарағанда препарат кокцидиялармен де күресе алады.
-
1 литр 0.25-1% жұмыс ерітіндісін кез-келген кермектіктегі суда сұйылтқан кезде 100 ден 400 л дезинфекциялық ерітіндіні қосымша күш жұмсаусыз алуға болады.
-
1л/5м2 – жұмыс ерітіндісінің үнемді таралуы арқылы бөлменің минималды ылғануында стерилділікке жету;1 л препарат 500 ден 2000 м2 аумақты өңдеуге жетеді.
-
t – от 0 ден 20 С аралығында суық ерітіндімен барлығын өндеуге болады
-
қауіпсіз - құрамындағы арнайы қосымшалар кез-келген материалдан жасалған құрал-жабдықпен жарақталған бөлмелерде қолдануға мүмкіндік береді.
-
Жануарлар тұрған бөлмелерде қолдануға мүмкіндік бар .
2.Баймек 1% -тоғышарларға қарсы ивермектин тобының препараты.Өндірісінің бірден-бір және тазалауы жоғары болуы препаратты буаз малдарда қолдануға мүмкіндік береді.Баймекті буаз малдарда қолданудың келесідей артықшылықтары бар:
- сүттің шығынының болмауы;
- шошка және малшаруашылығындағы экономикалық маңызды экто- және эндопаразиттердің алдын алу.
- тоғышарлар себеп болатын бактериологиялық этиологиялық гинекологиялық аурулардың алдын алу
- тоғышарлық иммуносупресиссияны төмендету.
3.БАЙОКЛОКС Д С. – сиырларды бірден су алдыруға арналған препарат.Сүт шаруашылықтар үшін таптырмас нәрсе , өйкені жалпы шаруашылық , малдәрігерлік сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді:
- препарат кепілді түрде маститің алдын алады , суалғаннан кейінде , сонымен қатар төлдегеннен соң да.
- сауу стереотипін сақтай отырып , сиырлар суалғанша иелері жылдық сүттен 12 %-ға көп алады.
- жаңа туған төлдер емдік уызбен қамтылған.
4.Байтрил 10% және Байтрил 5 % - энрофлоксациннің субстанциясын қолдану арқылы жасалған , инъекцияға арналған препарат.Жоғары сапалығына байланысты күретамырға қолдануға болады.Қасиеттері:
- организмде бактериалдық инфекцияның дамуына кедергі жасайды (жыныс мүшелері мен желінде де);
- организмді патогенді микроорганизмдер кең спектрінен жүйелі түрде сақтайды;
- арнайы емес иммунитетті жоғарлатады.
5. Катазал 10% - зат алмасудың қуатты стимуляторы.Қасиеттері:
- көмірсулардың , ақуыздардың , майлардың алмасуын оптимизациялайды- аналықтың организміндегі буаздықтың аяғында шоғырланатын токсиндерді жояды.
- жатырдың бұлшықетіндегі гликогеннің қорын 77% жоғарлатып, тууды жеңілдетеді , өлі төлділік пен шудың кірілуінің алдын алады;
- туғаннан кейінгі гормондардың оптимальды балансы- буаздық сары денесінің инволюциясының тездетуі , жыныстық циклдың белсендету , мегежіндерде көптөлділікті ынталандыру.
- жас төлдердің сақтануын жақсартады , асқорыту ферментерінің өндірісін жақсарту және табиғи иммунитет факторларын ( альбумин , глобулин ) жоғарлату арқылы .
№3 Зертханалык жұмыс
Тақырыбы: Cүттілікті жоғарлататын және сүттің сапасын жақсартатын жаңа препараттар.
Мақсаты:Сауылатын табындағы сиырлардың сүт безінің жасырын патологиясын анықтау , емдеу және алдын алу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977
2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер.
Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж
2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж
3. внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991
Тексеруге арналған сұрақтар.
-
Иммуностимулятор-тиламин , әсер ету механизмі , дозасы
-
Адоптогендер – осы топқа кіретін заттар , әсер ету механизмі
-
Пробиотиктер- малды ұтымды азықтандырудың ажыратпас бөлігі.
Қазіргі кезде сүт шаруашылығы қарқынды дамып келе жатыр.Осымен қатар сүт безінің патологиясы кеңінен тарылып келе жатыр. Кейбір зерттеулерге сүйеніп , қазіргі кездегі байлаусыз ұстайтын кешендерде желіннің жасырын патологиясы (субклиникалық мастит , асептикалық қабыну , тітіркену ) 52% , клиникалық мастит ( серозды , ірінді-катаральды және катаральды-ірінді) 21% , желін бөліктерінің атрофиясы 16% , жиынтық шығын жылдық сауын сүттің 20% теңеледі.Бұл жаңа технологияның экономикалық тиімділігін күт төмендетеді.Оған мынандай факторлар әсер етеді:
-
Генетикалық өнімділік пен маститің арасында тікелей арақатынас бар екендігі дәлелденген.
-
Сауу залдары топтап сауу негізге алады , әр сиырдың ерекшеліктерін ескермей
-
Қолданылатын маститке қарсы бағдарламалар өнімділігі 3-3,5 мын сүт беретін байлаулы ұсталатын сиырларға ғана есептелген
Бірінші екі факторды өзгермейтін техникалық константа деп алсақ , ал мадәрігерлік маститке қарсы шараларды әр шаруашылықтың қажеттілігіне сай бейімдеу керек.
Толықтай маститке қарсы бағдарлама үнемі орындалатын келедідей шаралардан тұру керек:
-
Сауылатын табындағы сүт безінің жасырын патологиясын (СБЖП) бақылау
Бұл маститтің алдын алудың ең басты бөлімі, өйткені 66% жағдайда СБЖП клиникалық маститпен аяқталады. Олар байлаусыз ұстау технологиясының түзелмейтін ньюанстарының салдарынан болса ,сәйкесінше оларды жоюға болмайды , 4-6% ұстап тұруға болады.
Егер шаруашылықта СБЖП сауылатын табынның 10% -нан көп болса , патологиялық ошоаққа әсер ететін диагностикалық шараларды айына екі рет , ал 10%-дан төмен болса бір рет.Осы мақсатта жедел маститті анықтайтын диагностикумдар қажет. Диагностикумға мынадай талаптар қойылады:
-
Тест-реакцияның бірінші бағасы тек қана бір белгі бойынша-гелтүзгіштік
-
Реакцияны қою мен бағалау 15 сек көп емес.
-
1 мл сүтте 400 мың соматикалық торша бар сүтпен араластырғанда тестің нақты көрсетуі
-
Сақталу мерзімінің ұзақ болуы.
Диагнозды қойғаннан кейін тез арада патологиялық ошаққа әсер ету керек.Соматикалық клеткалардың мөлшері жоғары бөліктерге цистерне ішіне маститке қарсы препараттарды тағайындайды.Алғашқы кезенде СБЖП сиырлардың саны көп болуына байланысты емдеу жаппай сипатта болады . Сондықтан цистерна ішілік затты тандағанда келесідей белгілер ескеру қажет:
-
Сүттің емдеу және емдеуден шығынға шығаруы уақытының минимальды болуы
-
СБЖП-ның әр кезеңнің патогенезіне кешенді әсері (микробка қарсы , жансыздандыру , детоксиндеу)
-
Дәрінің гидрофилдік негізі (сүт безінің шығару жүйесі бойынша максимальды тез таралу үшін)
-
Құрамында сульфаниламидтер , антибиотиктер және нитрофуран болмауы керек.
Жүйелі түрде тек қана малдәрігерлік шараларды орындап отыру , 3 айдан кейін 4-6% денгейінде ұстап отыруына мүмкіндік береді.
Сүттенетін сиырлардың клиникалық маститін (КМ) алдын алу және емдеу.
КМ- полиэтиологиялық ауру.Оның пайда болуына бірнеше себеп әсер етеді:
-
Биологиялық-бактерия , вирус , саңырауқұлақтар , қарапайымдылар.
-
Физикалық – механикалық жарақат , үсік , күйік
-
Химиялық – эндо- және экзотоксиндер
Км-ның бақылауының негізі – желіннің жағдайын уақыт сайын анықтау , алынған мәліметтерді дұрыс талдау және патологиялық ошаққа уақытылы әсер ету.
Әр сауған сайын оператор желінді (қарау , массаж , сипалау ) және сүттің бірінші бөлігін (түсі , консистенциясы , иісі) визуальды бағалайды.Алынан мәліметтерге сай , келесідей алгоритм бойынша жұмыс істейді:
Егер барлық көрсеткіштер қалыпты болса , сиырды сауады .
Егер қандайда біаһр визуальды көрсеткіштердің біреуі КМ-тың бір формасына сәйкес келетін болса , сиырды жүйелі түрде емдеуді.
Сиырларды бос ұстау және мал басының жоғары концентрациясы КМ-ты емдеудің жүйесіне өз ерекшеліктерін енгізеді.
Осыған қойылатын негізгі талаптар:
-
Максимальды терапевтік әсер және сүт берудің толықтай қалыпқа келуі.
-
Сиырға жақындаудың (подход) және емдеу процедурасының аз болуы .
-
Емдеу 2 тәуліктен көп болмау керек.
Серозды мастит.
Белгілері:патология бірнеше сағат ішінде дамиды ; жануар қажыған ; желіннің көлемі ұлғайған және сипалаған кезде қатты ауырсынады;серпімді консистенция ( барабан) ; секрету су тәрізді ; түсі сұр , сүт беруі 20-50 мл-ге төмендеген.Патология сүттілігі жоғалуымен қарқынды дамуымен сипатталатын және мал өміріне қауіп төңгізуімен ерекшеленеді.
Емдеу: малға диагноз қойғаннан соң оңы бірден малдәрігерлік маманға береді , сиырды жекелей боксқа қойып , рационнан ылғалды азықтар мен лактогенді азықтарды алып тастайды ; қозғалу , пішен , сабан , су еркінше. Жануарды 2 тәулік бойы күніне кемдегенде 4-5 рет 5-6 сағаттық интервалмен қолмен сауу қажет.
Медикаментозды ем келесідей үлгі бойынша:
1-ші тәулік:
Байтрил 10% 20 мл көктамырға
Катозал 10% 15 мл бұлшықетке
Байоклав 10% зақымдалған бөлікке 1 шприц-туб екі рет 12 сағаттық интервалмен
100 мл 10% CaCl ері-сі+ 500 мл 40% глюкоза ері-сі көк тамырға бір рет.
Катальды-іріңді мастит.
Белгілері: организмнің жалпы жағдайы қалыпты , терең сипалаған кезде ұлпаның тығыздалған бөліктерін анықтауға болады; зақымдалған бөліктің сүт беруі айтарлықтай азаймаған (10-20%) , сүттің алғашқы сауындысында сулы консистенциялы , сұр түсті , ірінді қосылыстар бар.
Емдеу: сиырды ережелерге сай сауып , дизинфекциялап , Байоклав LC препаратын 2 рет 12 сағаттық аралықта 1 шприц-туб дозасында береді.
Іріңді-катаральды мастит.
Белгілері: организмнің жалпы жағдайы қалыпты , терең сипалаған кезде ұлпаның тығыздалған бөліктерін анықтауға болады; зақымдалған бөліктің сүт беруі айтарлықтай азайған (20-50%) , сүттің алғашқы сауындысы ботқа тәрізді , крем тәріздес , шіріген иісі бар.
№
Достарыңызбен бөлісу: |