Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының



Дата14.11.2019
өлшемі41.71 Kb.
#447469
оқу бағд. аймақтану


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ТК ОБ

ТК ОБ

042-34-9. 1.07/01-2019



Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



№2басылым 21.06.2018 ж.





Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


САЯСИ АЙМАҚТАНУ

Семей 2019



Алғы сөз
«Саяси аймақтану» пәні бойынша оқу бағдарламасы студенттерді атаулы курстың негізгі талаптары мен мазмұнымен, олардың мақсаттары мен міндеттерімен таныстырады, сондай-ақ, оқыту барысында білім алушыларға қажетті білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Сайранбекова Ұ.С., педагогика ғылымдарының магистрі, философия және саясаттану кафедрасының оқытушысы __________ «___» __ 2019 ж.


2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 «Философия және саясаттану» кафедра отырысында

Хаттама № 10, «20» маусым 2019 жыл


Кафедра меңгерушісі ______________ А.А. Мұқатаева

қолы
2.2 Тарих - педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында Хаттама №6, «21» маусым 2019 жыл
Төрайым ______________ Ш.Ш. Абишева

қолы
3 БЕКІТІЛДІ

Факультет деканы ________________ Б.Ш. Тұрғанбаева



Қолы

АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ (№____басылымның орнына «__»____20___ж.)




МАЗМҰНЫ
1. Түсіндірме хат

2. Кіріспе

3. Пәннің негізгі бөлімдері

4. Зертханалық (тәжірибелік) сабақтардың тақырыптары

5. Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі

6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі








1. Түсіндірме хат



«Саяси аймақтану» курсы түрлі бағыттар бойынша болашақ мамандар үшін маңызды курс болып табылады. Университеттің «саясаттану» мамандықтарының 3-4 курстарының оқу топтарына арналған. Оқу-әдістемелік кешенде аймақтардың саяси-әлеуметтік маңызы оның ілім саласы ретінде қалыптасуы қызметі мен әдіс-тәсілдері, аймақтың саяси территориялық бөлінулері әлемдік және отандық аймақ, елтану, география, геосаясат т.б. маңызды мәселелер мәліметтері қамтылған. Ол көптеген арнайы курстар мен әлеуметтік- экономикалық және гуманитарлық циклдағы пәндерді– құқықтану, экономика, тарих, психология, әлеуметтану, этика, философия, және т.б. пәндерді бір-бірімен тығыз байланыстырады. Бұл пән практикалық бағытта жүргізіледі. «Саяси аймақтану» пәні 5В050200 «Саясаттану»мамандығына арналған және оқу жоспарында таңдау компоненті болып табылады.

«Саяси аймақтану» пәні бойынша атаулы оқу бағарламасы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі тәртібін белгілейді, осы пән келесідей құжаттардың ұсынымдары мен талаптарына сәйкес:

- Мемлекеттік жалпыміндетті білім беру стандарты. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген ҚР ЖББМ негізінде және 2-қосымшасында (ҚҒМ 16.08.2012 ж. 2013, №343), 2 (ҚР БҒМ 2016 жылғы 5 шілдедегі №425 бұйрығы) бойынша құрастырылған

- ҚР 042-1.09-2017 Құжаттарндырылған рәсім «Пәннің оқу бағдарламасы (силлабусы) таңдау компоненті бойынша оқу бағдарламасын рәсімдеу үшін құрылымдары мен талаптары» .



    1. Пәнді оқыту мақсаты.

Студенттер саяси аймақтану пәні арқылы саясат ғылымындағы аймақтың саясаттағы мәні мен мазмұнын және уақыт кезеңіндегі территориялық басқарудың ерекшеліктерімен танысады. «Саяси аймақтану» курсы арқылы студент аймақтың саяси, экономикалық –әлеуметтік мәселелері және оның саясаттағы дамуы факторына анализ жасап бере алуға үйрету болып табылады.


    1. Пәнді оқытудың міндеттері

  • саяси аймақтану пәні арқылы студенттердің саясаттану мамандығының біліктілігін қалыптастыруға даярлау;

  • болашақ мамандардың саяси тұрғыда кешенді анализ-синтез жасай алу дағдыларын қалыптастыру, азаматтық ой-өрісін дамыту ;

  • қоғамның саяси-әлеуметтік мәселелер мәнін дұрыс түсінуге және дұрыс шешудің жолдарын таба білуді қалыптастыру;



    1. Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:

білу:

саяси аймақтану пәні арқылы аймақ және аймақтық бөліну белгілері мен саяси даму заңдылықтарын білу; аймақтардың саяси территориялық бөлінулері:мемлекеттік (унитарлы, федерация оның белгілері мен ерекшеліктері), аймақтық (штат, облыс, провенция, аудан, автономия және олардың белгілері мен ерекшеліктері) құбылыстардыталдай білу.

орындай алу:

бұқаралық ақпарат құралдарымен, ақпараттық, жарнамалық, консалтингтік агенттіктермен, қоғаммен байланысты агенттіктер, баспалар, мүдделі фирмалармен, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен, партиялармен және қозғалыстармен қажетті байланыс орнатуға және ұдайы ұстауға;

дағдысының болуы:

қоғамдық байланыс орталықтары, қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім, баспа бөлімі, пресс-қызмет, пресс-орталықты басқару және ұйымдастыру

құзіретті болу

меншікті публицистикалық туындаларды құру кезінде қоғамдық көзқарас сауалнамаларын жүргізу техникасы мен әдістемесін қолдану



  1. Кіріспе

Саяси аймақтану – зерттеу нысаны аймақ немесе территория, аудан т.б. болып табылатын жаңа пән және пәнаралық ілім саласы. Нақты елдің территорияларын, аудандарын сипаттайтын елтанудың бөлігі. Сондай-ақ саяси аймақаралық қатынас. Аймақтың экономикалық – әлеуметтік және ішінара мәдени мәселелерін зерттейді. Сонымен бірге саяси аймақтану экономика, аймақтық әлеуметтану, аймақтық халықтану, геосаясат т.б. жатады. Ол көптеген арнайы курстар мен әлеуметтік- экономикалық және гуманитарлық циклдағы пәндерді– құқықтану, экономика, тарих, психология, әлеуметтану, этика, философия, және т.б. пәндерді бір-бірімен тығыз байланыстырады. «Саяси маркетинг» пәні 5В050200 «Саясаттану» мамандығына арналған және жұмыс оқу жоспарында таңдаудың компоненті болып табылады.


3. Пәннің негізгі бөлімдері

Дәрістің мазмұны.
Модуль 1. Саяси аймақтану аймақтық басқарудың құралы ретінде
Тақырып 1. Саяси аймақтану пәні мен зерттеу объектісі.

Саяси аймақтану пәні мен зерттеу обьектісі. Саяси аймақтану пәні ұғымы. Мемлекет пен қоғамның аймақтық құрылымы, аймақ дамуы, аймақаралық қатынас.


Тақырып 2. Саяси аймақтану пәні қызметі мен әдіс тәсілдері, басқа ілім салаларымен байланысы.

Саяси аймақтану пәні қызметі. Саяси аймақтану пәні әдіс-тәсілдері. Саяси аймақтану пәнінің басқа ілім салаларымен байланысы. Ғылым ретінде саяси аймақтанудың көп жылдық тарихы бар кейде ғалымдар аймақтық-жас ғылым ретінде санайды, оның аймақтық мәселелерді шешудегі шешіміне арқа сүйемеген жөн. Біріншіден, бұл ғылым әлдеқайда дамыған; екіншіден, мемлекеттер үшін маңызды саяси бағыт; үшіншіден, ғылыми зерттеудің жаңа нысаны. Х.Ричардсон өзінің еңбектерінің бірінде, аймақтық ғылым«эмбриональды жағдайда, оның теориялық шекарасы әлі күнге дейін анықталмаған», ал В.Томпсон айтты, «орналастыру теориясы және аймақтық экономика – экономикалық ғылымдағы бөлік»десе. Қазақстандық ғалым М.Машан «аймақты жүйелендіру мамандандырылған ғылымның тәртібі» деп келтіреді. Анологиялық тұжырымдар саяси әдебиеттерде әлі де кездеседі.


Тақырып 3. Саяси аймақтанудағы мемлекеттердің территориялық құрылыс пен әкімшілік басқару ерекшеліктері.

Аймақтық саясаттың реттеушілік жүйесі мен басқару әдістері: бюджет жүйесі деңгейлерінің өзара әрекеттесу механизмі, экономикалық механизмдер, жергілікті бюджеттің қалыптасу механизмі, әлеуметтік саясат механизмі, ұйымдастырушылық құқықтық, аймақтың өнеркәсіптік саясат механизмі, саяси яғни, жергілікті өзін-өзі басқару. Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен-өзі жеке дами алмайды өйткені басқа аймақтардың даму барысында зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс. Мемлекет әрбір аймағы үшін бағдарлама жасап, сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жүзеге асырады.


Модуль 2. Саяси аймақтануды зерттеу.
Тақырып 4. Аймақ әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде

Сайлау үрдісіндегі зерттеулер. Сайлау науқаны басталатын аумақты (ауданды) зерттеу. Электоратты зерттеу. Қатысушылардың, қарсыластардың, олардың командалары мен демеушілерін зерттеу. Өз кандидатураңызды және партия/команданы зерттеу. БАҚ байланысын зерттеу. Алдыңғы сайлауды зерттеу.


Тақырып 5. Мемлекет пен қоғам

Мемлекет оның белгілері мен функциялары. Мемлекеттің пайда болу туралы теориялар. «Қоғам» ұғымы, олардың мемлекеттегі маңызы. Мемлекет- белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұғымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.


Тақырып 6. Билік және оның әдіс-тәсілдері

Халықаралық жағдайды және түрлі салалардағы елдердің қарым-қатынасын зерттеу: экономикалық, саяси, мәдени, әскери және т.б. әртүрлі халықаралық топтардың өкілдерінен, сондай-ақ жергілікті (мемлекеттік) тұрғындардан құндылықтарды, стереотиптерді, көңіл-күйді, үміттерді және т.б. қоса алғанда, ерекшеліктерін зерттеу; халықаралық және отандық қоғамның мемлекет, оның мекемелері мен басшыларына, сондай-ақ халықаралық қатынастардың түрлі салаларындағы қазіргі қызметіне көзқарасын зерттеу; халықаралық және отандық қоғамның әр түрлі сегменттері арқылы таңдаған байланыс арналарын зерттеу.


Модуль 3. Саяси аймақтанудың құрылымы
Тақырып 7. Аймақтық саясат және аймақтық даму

Аймақтық даму. Аймақтық саясат: негізгі ұғымдар, мақсат-міндеттер. Аймақтық саясаттың түрлері. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу әр елде қолданылды. Осы тарауда аймақтардың орнықты дамуын басқару жөнінегі мемлекеттікөкімет органдары мақсаттарының міндеттерінің және іс-әрекеттерінің жүйесі ретіндегіаймақтық саясаттың негіздеріне шолу жасалады.
Тақырып 8. ҚР аймақтардың саяси процестегі тарихи және қазіргі субъектілері мен факторы

Аймақтың әлеуметтік – экономикалық кешені. Қазақстандық аймақтардың экономикалық дамуы. Аймақтық дамудың жалпы мақсаттары. Стратегиялық жоспарлау тек қана аймақтың әлеуметтік – экономикалық кешенді даму бағдарламаларын дайындауда ғана емес, сондай-ақ аймақтар мен қалаларда бейдағдарыстық шараларды жүзеге асыруда, масштабтық инфрақұрылымдық жобаларды басқаруда және аймақтардың басқа да даму бағыттарында қолданылады. Сөйтіп орындалмаған аймақтық артықшылық қалыптасады. Негізгі күш жаңа жергілікті басымдылыққа, яғни нарықтық инфрақұрылымның дамуы және қатынас жолы; қауіпсіздік (жеке және бизнестік); институттар, бизнесті қолдаушылар және маман кадрлар; инвестицияға жағымды жағдай жасауға жұмсалады.


Тақырып 9. Елтану, аймақ әлеуметтануы.

Елтану әлем мемлекеттері, халықтану. Аймақ әлеуметтану: урбанизация, мегаполис, агломерация. Елтану – белгілі бір елдердің, сондай-ақ ірі аумақтар мен құрлықтардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті, әлеуметтік құрылымы, т.б. туралы мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, кешенді түрде зерттейтін географиялық пән. Ғылым ретінде 20 ғ.дың басында қалыптасты. Оның негізін Н.Н. Баранский қалаған. Ол Елтануды жеке географиялық пән ретінде қарастырды және географиялық ғылымдар арасындағы орнын, интеграциялық мүмкіншіліктерін тұжырымдады. Ауқымы жағынан жан-жақты саналатын дәстүрлі елтанушылық жұмыстармен бірге, зерттелетін елдің маңызды проблемаларына географиялық талдау жасау кеңінен дами түсті.


Тақырып 10. Жергілікті саясат және субмәдениет

Жергілікті саясат оның аймақ мәселесіндегі маңызы. Субмәдениет оның аймақ мәселесіндегі көрінісі. Жергілікті атқарушы билік органдары. ҚР-ның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.


Тақырып 11. Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару. ҚР жергілікті өзін-өзін басқару

Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару. ҚР жергіліктіөзін-өзі басқару оның ерекшеліктері мен белгілері. Жергілікті өзін-өзі басқару – мемлекеттік белгілі бір әкімшілік- аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, «Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық жәнеқалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.



Модуль 4. Саяси аймақтанудың негізгі факторлары

Тақырып 12. ҚР аймақтық әкімшілік бөліністер: аймақ, облыс, аудан

ҚР аймақтық әкімшілік бөліністер: Орталық Қазақстан. ҚР аймақтық әкімшілік бөліністер: Шығыс Қазақстан. ҚР аймақтық әкімшілік бөліністер: Батыс Қазақстан. ҚР аймақтық әкімшілік бөліністер: Оңтүстік Қазақстан. ҚР аймақтық әкімшілік бөліністер: Солтүстік Қазақстан
Тақырып 13. Аудан, аудантану

Аудан — қандай да бір өзара байланысты белгілерінің немесе құбылыстарының жиынтығы бойынша ерекшеленетін аумақ; Әдетте генезистің ортақтығымен және географиялық қабықтың құрамбөліктерімен, сондай-ақ ландшафт немесе қоғамдық өндіріс элементтерінің өзара байланыстылығымен сипатталатын тұтас аумақ. Бұл сипаттары оны көрші аумақтан ерекшелеп тұрады. "Аудан" ұғымы — географиядағы ең негізгі ұғым, ол кейбір әдістемелік және әдіснамалық әдістердің (Аудандау), ғылыми бағыттардың (Аудантану) бастауы болып табылады және барлық географиялық пәндерде, сондай-ақ аудан тусінігі косымша сипат алатын басқа да ғылымдарда пайдаланылады. Экономикалық аудан.
Тақырып 14. Аймақтың этникалық, демографиялық факторлары

Аймақтың этникалық даму факторлары. Аймақтың демографиялық факторлары. Демография және оның Қазақстандағы жағдайы.

Этнос, этникалық қауымдастық – (грек.ethnos – тайпа, халық) – бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. «Этнос» ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, «этнос» ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан.

Тақырып 15. Халықаралық қатынас: әлемдік саясат

Халықаралық қатынас, оның қалыптасу эволюциясы мен даму тенденциясы. Сыртқы саясат: мәні мен қызметі. Саясат – бүкіләлемдік құбылыс. Ол дүние жүзіндегі барлық адамдардың, ұлттар мен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың, ұйымдар мен мемлекеттердің өмір тіршілігінің ажырамас саласы, қоғамдық болмыстың айқындаушы факторларының бірі Бұл заманда әлемдік саяси үрдістің ағымдарынан тысқары оқшау қалып отырған ешқандай мемлекет те, халық та жоқ.



4. Зертханалық (тәжірибелік) сабақтардың тақырыптары

1. Саяси аймақтану пәні мен зерттеу обьектісі.

2. Саяси аймақтану пәні қызметі мен әдіс-тәсілдері, басқа ілім салаларымен байланысы

3.Саяси аймақтанудағы мемлекеттердің территориялық құрылыс пен әкімшілік басқару ерекшеліктері

4. Аймақ әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде

5. Мемлекет пен қоғам

6. ҚР аймақтар даму саяси процесс ретінде

7. Елтану, аймақ әлеуметтануы

8. Жергілікті саясат және субмәдениет

9. Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару.

10.ҚР жергілікті өзін-өзі басқару

11. ҚР аймақтық әкімшілік бөліністер

12. Аймақ, облыс, аудан

13.ҚР аймақтық әкімшілік бөліністер: Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақ

14.ҚР аймақтық әкімшілік бөліністер: Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан

15. Аймақтың этникалық, демографиялық факторлары


5. Студенттің өздік жұмысына арналған тақырыптар тізімі

1. Саяси аймақтану пәнінің қызметтері.

2. Мемлекеттердің территориялық құрылыс

3. Аймақ әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде

4. Мемлекет пен қоғам

5. Елтану, аймақ әлеуметтануы

6. Жергілікті саясат және өзін-өзі басқару

7. ҚР аймақтар: Оңтүстік, Шығыс, Батыс, Солтүстік, Орталық.

8. ҚР облыстар оның маңызы

9. ҚР аймақтық аудан аудандар

10. Аймақтың этникалық факторлары

11. Аймақтың демографиялық факторлары

12. Әлем мемлекеттері

13. Геосаясат оның саяси аймақтанумен байланысы

14. Әлемдік саясат:халықаралық ұйымдардың аймақ қауіпсіздігін тұрақтандырудағы маңызы

15. ҚР сыртқы саясаты



6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі
6.1. Негізгі әдебиет

6.1.1. Туровский Р.Ф. Политическая регионалистика. М., 2006

6.1.2. Жангелдина, Д.І. Елтану: оқулық/Алматы: МV-PRINT, 2012.-269 б.

6.1.3. Черникова В.В. Политическая регионалистика



6.2 Қосымша әдебиет

6.2.1. ҚР Конституциясы Қ., 1993.

6.2.2. Государственное управление. Основы теории и организации Под.ред.М.Н.Анохина, Н.Высоцкой и др. М., 2002.

6.2.3. Государственное и муниципальное управление: Учебное пособие/Под ред. Е.Г.Коваленко. М.,2006

6.2.4. Зотова З.М. Власть и общество: проблемы взаимодействия. М.,2001.

6.2.5. Медведев Н.П. Политическая регионалистика. М.2002.

6.2.6. Медведев Н.П. Политическая регионалистика. М.2005.

6.2.7. Система муниципальное управления:: Учебник для вузов / Под ред. В.Б. Зотова. М., 2006. 2-е изд., доп. И перер.



6.3. Интернет ресурстары

6.3.1. http://auditorium.ru Портал политической информации и литературы по политическим наукам

6.3.2. http://forum.politikaonline.ru Политический форум «Политика On-line».

6.3.3. www.inosmi.ru Сайт «Иностранные СМИ»

6.3.4. www.intertrends.ru Сайт журнала «Международные процессы»

6.3.5. www.obraforum.ru Научно-образовательный форум по международным отношениям

6.3.6. www.politnauka.org Сайт «Политическая наука»

6.3.7. www.politstudies.ru Сайт журнала «Полис»



6.3.8. www.w-w1.ru/witrina/ Портал печатных СМИ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет