Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет37/60
Дата03.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479683
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
МК-Лекция

Қолданылған әдебиеттер:
[1], [3], [15], [34], [22], [23]
Бақылау сұрақтары:
1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?
2. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
3. мәліметтер қорын басқару жүйесі
4. MS Access-тің негізгі қызметі
5. MS Access-тің объектілері қандай?


Глоссарий
Мәліметтер базасы – мәліметтерді сақтау мен оларды жан-жақты қолдануға арналған ақпараттардың жиыны.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі – жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс араларына жөнелтуге арналған бағдарламалық құралдар кешені.
Сұраныс – мәліметтер базасынан немесе ақпараттық іздестіру жүйесінен керекті ақпарат беруді талап ету.


Дәріс №17-18. Есептердің алгоритмдік шешімдері
Дәріс мақсаты: Алгоритм және оның негізгі қасиеттерін анықтау, оның берілу тәсілдері мен жазылу әдістерін қарастыру. Алгоритмдік тілде қолданылатын қызметші сөздерге тоқталу.
Кілттік сөздер: Алгоритм, алгоритмдеу, блок, сызықты, тармақталушы және қайталану (циклдік) алгоритмдер.


Жоспары
1. Алгоритм және оның негізгі қасиеттері.
2. Алгоритмнің берілу әдістері, жазылу тәсілдері.
3. Алгоритмдік тіл.
4. Алгоритмнің негізгі құрылымдары
1. Алгоритм және оның негізгі қасиеттері
Информациялық құрамдас бөліктің материалдық өндірістен бөлініп шығу процесі адам қызметінің барлық дерлік түрінде жүріп жатыр. ЭЕМ– информацияны өңдеуге арналған әмбебап машина. Бір ЭЕМ-нің өзі әр түрлі программаларды орындай отырып, әр түрлі станоктарды және технологиялық желілерді, роботтар мен құрылғыларды басқара алады. Сондықтан, программа құру, ЭЕМ-ді пайдалану қызметі қандай да бір салаға тиесілі емес, ол бүкіл қазіргі заман өндірісін қамтиды.
ЭЕМ машиналық команда түрінде жазылған тек бір қарапайым арифметикалық не бір логикалық амалды ғана орындай алатын етіп құрылған. ЭЕМ арқылы информацияны өңдеу нәтижесін табу үшін біртіндеп орындалатын амалдар, нұсқаулар тізбегін алдын ала дайындап алу керек, оны есептің алгоритмі деп атаймыз.
Алгоритм ұғымы қазіргі кезеңде информатиканың негізгі түсініктерінің бірі. Ол ІХ ғасырда өмір сүріп, арифметикалық амалдарды орындау ережесін тұжырымдаған ұлы математик Әл-Хорезмидің аты латын тілінде algorihmi болып жазылуынан шыққан. Кейінірек бұл ұғым алға қойылған мақсатқа жету үшін орындалатын әрекеттер тізбегін жалпы түрде белгілеу үшін пайдаланыла бастады. Сонымен, алгоритм деп алға қойылған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті түрде әрі дәл көрсететін нұсқау түсініледі.
Алгоритмнің негізгі қасиеттеріне тоқталайық.
1. Алгоритмнің дискреттілігі. Бұл қасиет алгоритм түрінде жазылған есеп шешімі жеке жай командаларға бөлініп орындалу ретіне қарай орналасқанын көрсетеді.
2. Алгоритмнің дәлдігі. Бұл қасиет алгоритмнің әр командасы орындаушыға түсінікті болуын және мәнсіз орындалмауы керектігін көрсетеді.
3. Алгоритмнің түсініктілігі. Бұл қасиет алгоритмнің әр ұйғарымы немесе командасы арналу мақсатына қарай дәлме-дәл атқара алатын нақты орындаушыға бейімделіп жасалуын көрсетеді.
4. Алгоритмнің нәтижелігі. Бұл қасиет алгоритмнің ақырлы қадам санынан кейін нәтиже алатынын көрсетеді.
5. Алгоритмнің жалпылығы. Бұл қасиет есепті шешуге арналған алгоритмнің осы типтес есептердің барлық мүмкін мәндері үшін орындалатынын көрсетеді.
Жалпы, ЭЕМ-де информацияны өңдеу процесінде тек алгоритм құруды ғана емес, информацияның мазмұнын зерттеуден бастап, оны өңдеу қорытындысын тапқанға дейін өтетін барлық кезеңдерді барынша қадағалап, бір кезеңде қате кетсе, оны дұрыстап отыру керек.
Бұл кезеңдер:
1. Информацияның мазмұнын зерттеу;
2. Информацияны өңдеудің математикалық үлгісін жасау;
3. Өңдеу алгоритмін дайындау;
4. Программа құру;
5. ЭЕМ-де программаны орындау;
6. Нәтижені талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет