Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет1/5
Дата08.11.2022
өлшемі356.5 Kb.
#464239
  1   2   3   4   5
2-дәріс Анықтауыштар эконом.мат


2-дәріс. сызықтық алгебра эдементтері
Анықтауыштар және оның қасиеттері
Кері матрица


https://www.youtube.com/watch?v=VWLbyZGIxYI

n- ші ретті анықтауыш деп n2 сандардан құралған n жолдан және n бағаннан тұратын квадраттық кесте түрінде берілген санды айтады және ол былай белгіленеді



мұндағы анықтауыштың элементтері және ол - жол мен - бағанының қиылысуында орналасқан, ал бірінші индексі жолдың, ал екінші индексі бағанның нөмірін көрсетеді.

Егер болса, онда екінші ретті анықтауыш былай белгіленеді
.
1.1-мысал. анықтауышын есептеу керек.
Шешуі:

Егер болса, онда үшінші ретті анықтауыш былай белгіленеді





Үшінші ретті анықтауыштың мәні Саррюс (немесе үшбұрыштар) ережесі деп аталатын келесі сұлба бойынша былай есептелінеді:





мұнда алғашқы үш қосылғыш өз таңбасымен, соңғы үш қосылғыш қарама-қарсы таңбасымен алынады.


1.2-мысал. анықтауышын есептеу керек.
Шешуі: Саррюс ережесі бойынша



Төртінші және одан да жоғарғы ретті анықтауыштарды есептеу үшін анықтауыштың қасиеттерін білу қажет.

А н ы қ т а у ы ш қ а с и е т т е рі.


10. Анықтауыштың жолын (не бағанын) сәйкес бағанымен (не жолымен) орын алмастырсақ (транспонирлесек), онда анықтауыштың мәні өзгермейді:





20. Анықтауыштың екі жолының (бағанының) орнын алмастырсақ, онда анықтауыш таңбасы қарама-қарсыға өзгереді.




30. Анықтауыштың қандай да бір жолының (бағанының) барлық элементтерін санына көбейтсек, онда анықтауыш мәні есе артады.




40. Анықтауыштың қандай да бір жолының (бағанының) барлық элементтері нөлге тең болса, онда анықтауыш нөлге тең болады.
50. Анықтауыштың екі жолының (бағанының) сәйкес элементтері тең болса, онда анықтауыш нөлге тең болады.
60. Анықтауыштың екі жолының (бағанының) сәйкес элементтері пропорционал болса, онда анықтауыш нөлге тең болады.
70. Анықтауыштың қандай да бір жолының (бағанының) элементтері екі қосылғыштан тұрса, онда ол анықтауыш мәні екі анықтауыштың мәндерінің қосындысына тең болады:


.
80. Анықтауыштың қандай да бір жолының (бағанының) барлық элементтерін санына көбейтіп, екінші бір жолының (бағанының) сәйкес элементтеріне қоссақ, онда анықтауыш мәні өзгермейді.
.


Минор. n-ші ретті анықтауыштың элементінің миноры деп, осы анықтауыштың -ші жолы мен -ші бағанын сызып тастағанда пайда болған (n-1)-ші ретті анықтауышты айтады.
Мысалы, егер

төртінші ретті анықтауыш берілсе, онда элементінің миноры үшінші ретті анықтауыш болады және





деп жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет