77-бап. Республикалық бюджеттің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау
Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында қарауға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамалары кіреді.
Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмыс топтары мен тұрақты комитеттерінің отырыстарында қарау стратегиялық жоспарлардың жоспарланған нысаналы индикаторлары және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері туралы орталық мемлекеттік органдар басшыларының баяндамаларын қамтиды.
78-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау
1. Жергілікті бюджеттің жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.
2. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
3. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті мәслихат айқындаған тұрақты бас комиссияға жібереді.
4. Тұрақты бас комиссия тұрақты комиссиялардың ұсыныстарын жинақтауды жүзеге асырады, ол мәслихаттың сессиясына шығарылады. Бұл ретте жинақтауға тиісті негіздемелері мен есеп-қисаптары бар ұсыныстар ғана енгізіледі.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдардың баяндамаларын, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысын қоса, қамтиды.
Тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында жергілікті бюджет жобасын талқылау жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелері туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының баяндамасын қамтиды.
245-бапқа сәйкес 79-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
79-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы қаулылары
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданады.
Жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысы мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік он төрт күн ішінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулылары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттің уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнінде, жергілікті атқарушы органдарға жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен кредиттерді пайдалану бөлігінде тапсырмаларды көздейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына:
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің жалпы сомасын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен резерв түрлері бойынша бөлу;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) объектілер бойынша бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 153 және 154-баптарында белгіленген жоспарлау сатыларынан өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар объектілер бойынша жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі қоса беріледі.
Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайларда бюджеттік инвестициялар республикалық бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде одан алып тасталады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн, іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесi;
4) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалар көрсетілген мемлекеттік тапсырмалар тізбесі;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне айқындау жүктелген, республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі.
Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысына:
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы сомасын резерв түрлері бойынша бөлу;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) объектілер бойынша инвестициялық жобаларды, сондай-ақ аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн, іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесi;
4) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жергілікті атқарушы органға айқындау жүктелген, мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі.
2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен 5-1)-тармақшамен толықтырылды
5-1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері көрсетіле отырып, шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тiзбесі;
3. Республикалық бюджет нақтыланған жағдайда, Қазақстан Республикасы Yкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойған күннен бастап он күн ішінде бекітіледі.
Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда, мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімі бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бекітіледі.
14-тарау. Төтенше Мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату
80-бап. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу немесе оның күшін толық немесе ішінара жою туралы жарлықтары төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында бір мезгілде төтенше жағдайды енгізу төтенше жағдайдың салдары республиканың ұлттық мүддесі мен экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болған жағдайда ғана төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу үшін негіз болып табылуы мүмкін.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі.
81-бап. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу
1. 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын енгізген кезде тиісті мемлекеттік органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдерін жасайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Республикалық бюджет комиссиясы осы баптың 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тізбелері мен көлемдерін мақұлдағаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасын жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасына:
1) осы Кодексте белгіленген құрылым бойынша жасалатын төтенше мемлекеттік бюджет;
2) төтенше мемлекеттік бюджеттің құрамына енгізілген және төтенше немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған қажеттілікті ескере отырып түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштері қоса беріледі.
5. Төтенше мемлекеттік бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президенті жарлығының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі, егер Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді.
4-бөлім. Бюджеттің атқарылуы
15-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер
82-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер
1. Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етеді.
3. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және оның іске асырылуын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.
5. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.
6. Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде жүзеге асырылады.
Бюджеттің атқарылуы кезінде жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші қаржы жылдарында көзделген бюджет қаражатын ағымдағы қаржы жылында пайдалануға жол берілмейді.
7. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттің атқарылуы
Осы Кодекстің бюджеттің атқарылуын реттейтін ережелері мемлекеттік құпиялар, Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, елдің сыртқы саяси қызметін, қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
16-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі
245-бапқа сәйкес 84-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
84-бап. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар
Мыналар:
1) осы Кодекс;
2) республикалық бюджет туралы заң және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі;
3) республикалық қаржы жоспары туралы жарлық және жергілікті атқарушы органның кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулысы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Yкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық немесе жергілікті бюджеттерді атқару барысында қабылдайтын шешімі;
6) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) бюджеттік бағдарламалар;
7) 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;
9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары;
10) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары;
11) осы Кодекске сәйкес бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер бюджеттің атқарылу негізі болып табылады.
245-бапқа сәйкес 85-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
Достарыңызбен бөлісу: |